» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Тілі байдың ойы да бай» (5 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Тілі байдың ойы да бай» (5 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары:   «Тілі байдың ойы да бай» (5 сынып, I тоқсан ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары:   «Тілі байдың ойы да бай» (5 сынып, I тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Бөлімнің атауы: Мәдениет: тіл және қарым - қатынас
Сабақтың тақырыбы: «Тілі байдың ойы да бай»
Оқу мақсаты: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.2.1.1 Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау
5.3.1.1 Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру
Сабақтың мақсаты:
 Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, дәлелдейді
 Мәтінге сәйкес қарапайым, күрделі жоспар құрастырады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру:
Топқа бөлу әдісі: конфет
I Білгірлер
II Тапқырлар
ІІІ Алғырлар
Қызығушылықты ояту
Оқылым алды тапсырма
Сынып қабырғасына түрлі суреттер ілінеді.
- Суреттер қандай тақырыпқа арналған?
- Суреттерде адамдардың қандай әрекеттері байқалады?
- Осы суреттер арқылы – сөйлеу, сөйлесу мәдениеті туралы не айтасыз?
Мағынаны тану
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, жинақы мәтін құрастырыңыз.
Мәтін Жинақы мәтін
Қымбат қазына
Ертеде бір тілге жүйрік, шешен қария көз жұмарында ұлына: «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет», - депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып- ашып жүріп, ауылдағы абыз ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
-Е, балам, әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ па, сірә! – деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
Өзара бағалау. «Бас бармақ әдісі» арқылы
2-тапсырма
Топтық жұмыс
1-топ
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.
1. Жылқының 4 аяғына мәтіндегі негізгі тірек сөздерді жазады.
Ықтимал жауап: қария, қазына, әке, бала.
2. Жылқының басына мәтіндегі маңызды ақпартты қысқаша жазады.
Ықтимал жауап: Оның саған қалдырған мол мұрасы – қасиетті тіл.
3. Жылқының ішкі құрылысына мәтіндегі қосымша ақпаратты жазады.
Ықтимал жауап: Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік.
4. Жылқының құйрығына мәтін бойынша қорытынды жазады.
Ықтимал жауап: Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ па, сірә! – деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
2-топ
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.
Орындалу барысы: басы – тақырыбы, үстіңгі сүйектері – тақырып бойынша басты мәселе, астыңғы сүйектері - себептері, факт, құйрығы - мәселенің шешімі. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек.
Ықтимал жауап: Балықтың басы – әке өсиеті, үстіңгі сүйектері – қазына, мол мұра, астыңғы сүйектері - ақиқат, құйрығы - сөздің дәмін келтіретін тілдің қымбаттығы.
3-топ Өз ойыңызды «ПОПС» формуласы бойынша білдіріңіз.
«ПОПС» формуласы
1. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
2. Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
3. Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»
Дескриптор:
 Мәтін мазмұнын талдайды.
 Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;
 Түйінді ой-пікірін білдіреді.
Өзін-өзі бағалау. «Бағдаршам» әдісі
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
3-тапсырма
Оқылым мәтінінің негізінде кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімді анықтай отырып, қарапайым (күрделі) жоспар құрыңыз.
Ықтимал жауап:
I Кіріспе: Қарияның баласына қалдырған мұрасы.
II Негізгі: Баланың іс – әрекеті, абыз бен бала
III Қорытынды: Аталы сөздің шешімі
Өзара бағалау. «Екі жұлдыз,бір тілек».....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: Umit | 521 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жазудың маңызы мен қызметі (8 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жазудың маңызы мен қызметі (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жаңа заманның байланыс құралдары (6 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жаңа заманның байланыс құралдары (6 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауыр атлетиканың аңызы (6 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауыр атлетиканың аңызы (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Вел Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ (6 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Вел Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ (6 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қаныш Сәтпаев (6 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қаныш Сәтпаев (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бату хан  (6 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бату хан (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Хан Кене (6 сынып, II тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Хан Кене (6 сынып, II тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәрбие – тал бесіктен  (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәрбие – тал бесіктен (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы  көрікті жерлер (Бекет Ата жерасты мешіті Ақмешіт үңгірі) (6 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Бекет Ата жерасты мешіті Ақмешіт үңгірі) (6 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көліктердің дамуы (5 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көліктердің дамуы (5 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлы адамдар өмірінен А.Эйнштейн (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұлы адамдар өмірінен А.Эйнштейн (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күндері туралы оқу (3-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күндері туралы оқу (3-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауруханаға бару (2-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауруханаға бару (2-сабақ) (1 сынып, 8 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер елінде «Бауырсақ» ертегісі (6-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер елінде «Бауырсақ» ертегісі (6-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлардың мекені 9-сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлардың мекені 9-сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғатты қорғау (3 сынып, I тоқсан, 12 сабақ)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғатты қорғау (3 сынып, I тоқсан, 12 сабақ)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары «Тілі байдың ойы да бай» 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, «Тілі байдың ойы да бай», сабақ жоспары «Тілі байдың ойы да бай» 5 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары «Тілі байдың ойы да бай», Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Тілі байдың ойы да бай» (5 сынып, I тоқсан )