ОСПАН БАТЫР ИСЛАМҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ


ОСПАН БАТЫР ИСЛАМҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ

(«Азаттықтың өшпес рухы» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясы)

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының

«Атажұрт» баспасы Алматы, 2010

Құрметті ұйымдастырушылар мен қонақтар!

 Бүгінгі «Азаттықтың өшпес рухы» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның ашылуы еліміздің тари- хи өміріндегі айрықша оқиға болатыны сөзсіз.

 Халқымыздың ірі тұлғаларының бірі, Қытай еліндегі Шынжаң өңірінен шыққан ұлт-азаттық қозғалысының басшы-

сы, халық батыры Оспан Исламұлының туғанына 110 жыл то- луына арналған мерейтойын атап өту, оның ерлігін насихаттау ел болашағы үшін маңызы зор.

 Егеменді ел болып, еңсемізді тіктеген заманда, өзге елде жүріп, халық үшін жан беріп, жан алысқан батыр бабалары- мызды ұлықтау шаралары – ұлттың тарихи-интеллектуалдық деңгейін көтеруге, келер ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке тəрбиелеуде маңызы зор деп білеміз.

 Мен барша көпшілікке, қонақтарға шынайы сəлем жол- дай отырып, конференцияны ұйымдастырушыларға ыстық ықыласымды білдіремін жəне конференцияның жұмысы жемісті өтетініне сенімдімін.

 Өзімнің игі тілектерімді жолдай отырып, барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілеймін!

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Мəдениет жəне ақпарат министріМ. Құл-Мұхаммед

АЛҒЫ СӨЗ

 Əлем қазақтарының қамын ойлап, олармен рухани байла- ныстар жасап, алыста жүрген ағайынның Отанға деген отты сезімін тудыратын іс-шараларды Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырып жатады. Іздеушісі жоқ болса, із жоғалады. Сырттағы қандастарымыздың өнерін, ата-бабадан қалған тарихи құнды мұраларын зерттеп, барын бағамдап, елге алып келіп, халықпен қауыштыру ісін де Қауымдастық өз мойнына алғандай. Сондай-ақ, Қауымдастық мемлекеттік ор- гандармен, қоғамдық бірлестіктермен, мəдени жəне ғылыми- зерттеу орталықтарымен бірлесе отырып, шетелдегі қазақ ұлтын жан-жақты дамытудың пəрменді жолдарын іздестіріп, олардың бүгіні мен болашағын болжау ісіне де мəн беріп, көңіл бөледі. Сонымен қатар, шетелде жүрген қазақтардың қолынан жасалған немесе Қазақстаннан əкетілген өнер туындыларының қорғалуын, олардың тарихи, мəдени жəне этнографиялық көзқарас тұрғысынан айрықша маңыздыларын Қазақстанға қайтарылуын да Қауымдастық назарда, бақылауда ұстайды.

 Қауымдастықтың атқарып жатқан шараларын мəдени- рухани жəне экономикалық салаларға топтастыруға болады. Ал оларды жүзеге асыру барысында қолданылатын жұмыс əдістері əр алуан. Оған бүгінгі күннің өзекті мəселелері бой- ынша ұйымдастырылатын ғылыми-тəжірибелік конференци- ялар, халықаралық жиындар, «дөңгелек үстел» мəжілістері, əдеби кештер, соңғы жылдары дəстүрге енген шетелдерде жыл сайын өткізіліп келе жатқан кіші құрылтайлар, қолөнер, сурет, кітап көрмелері, мерейтойлық басқосулар, өнер жəне спорт фестивальдері сияқты сан-салалы түрлерін жатқызуға болады. Мысалы: Қазақстанда өткен Дүниежүзі қазақтарының I-III құрылтайын айтпағанда, Таңжарық Жолдыұлы, Тауданбек Қабанұлы, Дəуітбай Тауданбекұлы, Ақыт қажы Үлімжіұлы, Бейсенбі Дөненбайұлы, Халифа Алтай, Қалибек Манап, Омарғазы Айтан, Қалибек Хакім, Қажығұмар Шабданұлы т.т. көптеген белгілі адамдарды еске алу шаралары өткізілді.

 2009 жылғы 17 қараша күні Алматы қаласында Қазақстан ЖазушылародағыныңƏдебиетшілерүйіндеДүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, Қазақстан Жазушылар Одағы мен Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің Тіл комитеті бірлесіп, Оспан батыр Исламұлының туғанына 110 жыл то- луына арналған «Азаттықтың өшпес рухы» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияны ұйымдастырып өткізді.

 Конференцияға Қазақстан, Түркия, Монғолия, Қытай елдерінен белгілі ғалым, жазушылар келіп қатынасты. Кон- ференция жұмысын Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төралқа Төрағасының бірінші орынбасары Мамашев Талғат асылұлы ашты. Азаттықты аңсаған Оспан батыр Исламұлының тарихтағы орнын, ел жадында қалған ерлік істерін айта келіп, туғанына 110 жыл толған Оспан батырдың рухын қадірлеп, қазақ елі болып еске қалдыруды мақсат ету барысында

«Азаттықтың өшпес рухы» атты іс-шараның ұйымдастырылып отырғанын айтты.

 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жолдаған құттықтау сөзі де конференцияның маңыздылығын айғақтай түсті.

 Негізгі баяндаманы Шығыс Қазақстан университетінің про- фессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зəкен, қосымша баяндаманы Түркия елінің Ыстамбұл қаласындағы Мимар Синан Өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Əбдіуақап Қара, қосымша баян- даманы тарих ғылымдарының докторы Зардыхан Қинаят пен ғылым кандидаты Ақеділ Тойшан жасады. Жарыссөзге филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Тұрсынбек Кəкіш, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділов, белгілі жазушы, ау- дармашы Уақап Қыдырхан, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай, философия ғылымдарының док- торы, халықаралық журналист Досан Баймолда, педагог-жазушы Ғазез Райыс, Монғолия Жазушылар Одағының Баян-Өлгий аймағындағы басқарма бастығы, ақын Сұраған Рахмет, жазушы Жəди Шəкен, ақын Бекен Қайрат өз ойларын ортаға салса,

«Алаш» сыйлығының иегері, талантты ақын Жəркен Бөдешұлы мен ақын Бақытбек Бəміш батырға арнап өлең оқыды.

 Сөз арасында аталмыш конференцияға келіп түскен құттықтау хаттарды Талғат Асылұлы оқып отырды. Сондай- ақ, жуықта Монғолиялық қандасымыз Ноғай Шымшырұлына

«Монғолия халық батыры» атағы берілгенін жариялай оты- рып, конференцияға қатысушыларды құттықтады. Сонымен қатар Оспан батырдың немересі Өркенбек Нəбиұлы, Қытайдан келген шөберелері Салтанат Мақанқызы, Сəмия Мақатқызы, Ұқидатбек Мақатұлы, Яхупбек Мақатұлы, Панарбек Əсетұлы, батырдың жиені Жайнар Қабылжапарқызы, Монғолиядан келген аталас туыстары Əбдікерім Құрманханұлы, Татья- на Рустемқызы, Мағзат Мұхамедиұлы, Мəрияш Ноғайқызы жəне Съезд Сейтұлының қатысып отырғанын көрерменге таныстырды. Конференция соңында Өркенбек Нəбиұлы ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының Төрағасы, ақын Нұрлан Оразалин кон- ференцияны қорытындылады.

 Оспан батырдың рухына арналған конференцияның соңы қазақтың əн өнерімен асқақтады. Конференцияға қатысуға кел- ген күллі қазақ жұртының туған жерге деген сағыныш сезімдерін тербеткен əн-күйлер əуелеп аспанға ұшып жатқандай, алыстағы ағайын жүрегіне жеткендей сезім тудырды. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық əртісі Мақпал Жүнісованың орындауындағы «Оспан батырдың өсиеттері» атты бейнебаянның тұсаукесері жұртшылық көңілінен шықты. Кеште ақын Ғалым Қалибек, күйші Еркін Ерген, Қазақстанның халық əртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Монғолияның халық əртісі Хавлаш Əбікейұлы, Қазақстанның халық əртісі Сара Тыныштығұлова, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Майра Ілиясова, ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің Мəдениет қайраткерлері Тілеубек Қожан, Ермұрат Зейіпхан, сыбызғышы Талғат Мұқышев, белгілі айты- скер ақын Дəулеткерей Кəп, халықаралық жəне республикалық конкурстардың жеңімпазы, жас əнші Дəурен Жанарбек жəне де «DeNar», «Гүлдəриға» мен «Серілер» тобы əн шырқап, күй шертті. Зуқа батырдың немересі Арыстан əулеті «Қаражорға» биін биледі. Қытай Халық Республикасының еңбек сіңірген əртістері Құрманбек Əлімғазы мен Риза Қайырбайдың орын- дауында Алмасбек Ахметбектің сөзіне, Ермұрат Зейіпханның

əніне жазылған «Көк тудың желбірегені» əні шырқалды. Осы- лай Оспан батыр тойы Сағыныш тойына ұласты. Кешкісін Оспан батырдың рухына құран бағышталып, ас берілді.

 Оспан батырды жарты ғасырдан астам уақыт бойы на- сихаттап, халыққа танытуда «Азат Еуропа жəне Азаттық» радиосының қазақ бөлімін көп жылдары басқарған Хасан Оралтай, Түркиядағы қандастарымыз Қызырбек Ғайратолла, Ахмет Түркөз, Əли Енгин, Мерием Хакім, Əбдіуақап Қара т.б. ғалым-жазушылардың еңбектерінің зор екенін айта кеткен жөн. Конференцияға келіп түскен баяндамаларды, жарыссөзде сөйлеген ғалымдардың сөздерін жинаққа ешбір өзгеріссіз беруді мақсат еттік. Тек кейбір, мысалы, Ислам, Шыңжан, Монғолия, Гоминдаң, Шың Шысай, Үш Аймақ, Зуқа, Ғайратолла, Жиаң Кайши, Мао Цзе Дун т.б. сөздер əр мақалада түрлі-түрлі

жазылғандықтан, соларды бір ізге түсірдік.

Оспан батырдың 110 жылдық мерейтойына арналған

«Азаттықтың өшпес рухы» атты халықаралық ғылыми- тəжірибелік конференция материалдары Оспан батырды зерттеуші ғалымдар үшін, тарихына үңілген үлгілі жандар үшін құнды болары сөзсіз.

 Ботагөз УАТҚАН, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі

Талғат МАМАШЕВ,

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төралқа Төрағасының бірінші орынбасары. Алматы

ҚАЗАҚ ДЕГЕН ҰЛТ ҮШІН БОЛҒАН КӨТЕРІЛІСТЕРГЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ӨЛШЕММЕН ҚАРАУҒА БОЛМАЙДЫ

Ардақты ағайын!

Конференцияға қатысушы қадірлі қонақтар!

 Бүгін біз үлкен, алқалы жиында бас қосып отырмыз. Бұл шара –тамырында қазақтың қаны тулай ағып, көкірегінде ұлттық намысы лаулай жалындаған, Алаштың арда туған ұлы

– Оспан батырдың азаматтық болмысын ашатын, оның ұлт- азаттық күресіне арнаған бірегей ғұмырын сараптауға арналып отырғаны баршамызға мəлім.

 Оспан батырдың туғанына биыл 110 жыл толды. Оспан Исламұлының өмірі мен бастаған көтерілісі жайлы ақпарат бұрынғы кеңестік Қазақстанға толықтай жетпей жатты. Еліміз тəуелсіздігін алып, жаңа егемен мемлекет құрып, шекара- сын бүтіндеп, əлемде өз орнын анықтап, экономикасын өрлете бастаған кезде ғана қазақ елі бұл кісінің ғұмырбаяны жөнінде біршама мағлұмат алып, əділ бағасын бере бастады.

 Дегенмен, алпауыт Қытай елінде қоныс тепкен қандастарымыздың азаттығы мен ұлт ретінде сақталып қалу үшін басын бəйге тіккен Оспанның ерлігі мен саяси қызметі əлі де болса зерттеліп, зерделеніп жатыр. Батырдың бастауымен жүргізілген көтеріліс туралы тарихи құнды деректер Құдайға

шүкір баршылық. Америка, Түркия, Жапон, Қытай жəне Монғолиядағы қазақ ғалымдарының зерттеу жұмыстары, қағаз бетіне түскен бірқатар көркем шығармалар – Оспан батырдың ХХ ғасырдағы елеулі тұлғалардың бірі екендігін көрсетеді.

 Əйтсе де, екі үлкен империяның ортасында өз халқын ат үстінде жүріп қорғаған Оспанның əлі де саяси психологиялық портреті толық ашылды деп айта алмаймыз. Бүгінгі конферен- циямыз осы мəселеге байланысты жаңа пікір, тың деректермен таныстыратынына сенімім кəміл.

 Түркілердің бір тармағы ретінде белгілі территорияда қоныс теуіп, ғұмыр кешкен біздің халықтың басынан небір зобалаңдар өтті. Ұлтының дербестігі үшін жанын пида еткен сонау Кенесарыдан бастап, өткен ғасырдағы алашордалықтар мен кешегі Желтоқсан оқиғасына қатысқан қыз-жігіттеріміздің ерлігін тарихтың бетіне қашап, келешек ұрпаққа қалдыру біздің қасиетті парызымыз.

 Қазақтың егемендігі мен елдігі үшін күрескен əр көсем, əрбір тұлға ұлттың тарихында өз орнын айқындап алуы тиіс. Қазақ деген ұлт үшін болған көтерілістерге, географиялық өлшеммен қарауға болмайды. Ол мейлі, қазақтың байырғы жері – Қазақстан болсын, 2 млн-ға жуық қандастарымыз тұрып жатқан Қытай немесе басқа бір ел болсын, ұлттық сипатты сақтауға бағытталған күрестер біздің тарапымыз- дан саралануға, зерттеліп, өз бағасын алуы қажет.

 Біз егемен ел ретінде Оспан батырдың көтерілісіне дер- бес баға беруге міндеттіміз. Оспанның тұлғалық сипа- тын бір рудың шеңберінде емес, жалпы ұлттық деңгейде қарастыруымыз қажет деп есептеймін.

 Бүгінгі конференциямыз Қытай жерінде дербес Шығыс Түркістан атты саяси құрылым құруды аңсаған алаштың жанкешті ұлдарының бірі – Оспан батырдың тарихи бол- мысын, ұлттық тарихымыздағы рөлін анықтауы керек. Оған қоса, Оспанның бастамасымен жүргізілген көтеріліс пен оның жанындағы күрескер азаматтардың да ғұмырнамасын, жасаған қызметін де безбендеуіміз қажет.

 Енді сөз болып отырған көтерілістің кейбір тұстары туралы біраз ойды ортаға салуды жөн санап отырмыз.

Оспан батыр бастаған қарулы қарсылық кезінде Шығыс

Түркістан жұртшылығының қолдауы мен қостауының арқасында ұзаққа созылып, Алтай аймағына кең таралды. Алғашында Қытай үкіметіне қарсы жасалған көтерілісті Кеңес Одағы басшылығы қолдағанмен, бұл күрестің басында тұрған қандастарымыз белгілі оқиғалардың соңына қарай екі алып империяның саяси ойындарының құрбанына айналды. Əрине, бұл жерде Кеңес үкіметін де, Қытайдағы орнаған жаңа билікті де қазақтың мəселелесі алаңдатқан жоқ. Осы көтерілісті қолдаған Мəскеу де, оны басып-жаныштауға күш салған Бейжиңнің де іс-қимылының астарында халықтың мұң-мұқтажынан гөрі терең саяси себептер жатты. Екінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан кез. Шығыс Түркістан Кеңес Одағы үшін əскери жəне территориялық плацдарм ретінде қажет болған. Бұл əрине, Қытай үкіметі үшін саяси тұрғыдан «ыңғайсыздық» туғызған жағдай болғаны түсінікті. Мəскеу алдына қойған мақсаттарына жете алмаған соң, өзі қолдаған, қару беріп пайдаланған Оспан- нан құтылу əрекетіне көшті. Кеңестік барлау ұйымдары Оспан- ды өлтіру мəселесін монғолдарға тапсырғанмен, көтеріліс көсемін қазақтың өз қолымен өлтіргісі келді.

 Осы жерден бастап, Оспан батырдың саяси тұлға ретінде қарама-қайшылыққа толы адамға айналып, сол кезеңдегі оқиғалар белгілі дүниелерге қарағанда, құпиялы тұстары көп тарихқа айнала бастайды. Қазақты қазаққа айдап салу əрекеті арқылы Бейжиң де, Мəскеу де таза күйінде қалғысы келді. Оспанның Үш Аймақ үкіметі əскеріне қарсы соғысқан кезінде қытай немесе орыстың қаны емес, қазақтың қаны төгілді. Бұл көтеріліс қорытындысы Қытай қазақтарының қайғысына ай- налды деуге толық негіз бар. Қазақ үшін күрескен Оспан ақыры өзін қудалаған қазақтармен соғысуға мəжбүр болды.

 Екі биліктің ойыншығына айналған Оспан 1951 жылдың сəуір айында Үрімжі қаласында өлім жазасына кесілді. Ендігі мəселе Оспан бастаған көтеріліс баянды болды ма, жоқ əлде баянсыз болды ма деген сұрақтың төңірегіндегі жауапты қажет етеді. Əлбетте, қазақтың еркіндігі мен ұлт ретінде азат өмір сүруін мұрат тұтқан кез келген күрес баянды болмақ. Бұл қашанда баянды, қажет күрес. Саяси тұрғыдан қарағанда ба- янсыз секілді көрінуі мүмкін. Себебі, Қытай секілді қуатты мемлекетке қазақтың дербестігін мойындату, Ресей тарапы-

нан берілген аздаған қару жəне саптағы азын-аулақ сарбаздар- мен жеңіске жету тіпті мүмкін емес. Дегенмен, бұл көтеріліс қазақтың ұлттық намысы мен қайсарлығын көрсеткен қозғалыс болды. Бұл сол аймақта мекен еткен, өмір сүріп жатқан қазақтармен санасып, Қытай үкіметіне сол өңірге жүргізетін саясатын мұқият қарап енгізуіне үлкен септігін тигізді. Яғни бұл – Оспан батыр бастаған көтерілістің баянды болғанында.

 Алайда, Оспан батыр да адам болғаннан соң, пендешіліктен таза бола алған жоқ шығар. «Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ», – демекші, қателесу тірі адамға тəн дүние. Оспанға қарсы болған өз қандастарымыздың іс-əрекеттерін біз сол кездегі уақыттың шеңберінде қарастырып, тиісті бағасын беруіміз керек. Рушылдықтан, жік-жікке бөлінушіліктен бой- ымызды аулақ ұстасақ, елдігімізге де, тарихты тануға да оң əсерін тигізер еді. Сондықтан Оспан батырдың тұлғасын ұлттық деңгейге шығаратын уақыт жетті деп ойлаймын. Біз осыған күш салайық, ағайын!

 Оспан батырдың көтерілісі – қазақ елдігі тарихының құрамдас бөлігі, сондықтан оны ұмытуға болмайды. Ең ал- дымен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихы, оны жасаған тұлғалардың өмірі жас жəне келер ұрпақ үшін тəрбиелік мəні жоғары. Тəуелсіз ел болған соң, əлемнің түкпір-түкпірінде қазақты қазақ ретінде сақтап қалу үшін жүргізілген жəне жүргізіліп жатқан жұмыстарды біз əрқашан назарда ұстауымыз керек.

 Осы орайда, мына залда өтіп жатқан халықаралық ғылыми- тəжірибелік конференциямыз бүгін осы үддеден шығып, бізді толғандырған сұрақтарға жауап береді деген ойдамыз.

 Конференция жұмысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Назарларыңызға рахмет!

Нұрлан ОРАЗАЛИН, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының Төрағасы, Мемлекеттік сыйлығының иегері

ЕЛІМ ДЕП ЕҢІРЕП, АЛАШЫМ ДЕП АҢЫРАҒАН!

(Оспан батырдың 100 жылдығына арналған ғылыми- теориялық конференцияда сөйлеген сөзі)

Қадірлі ағайын!

 Біз бүгін Қазақ дейтін халықтың ұлттық тұтастығын, бірлігін көрсететін, əділетсіздіктің құрбаны болған батыры- на тарихи баға беретін атулы жиынның куəсі болдық. Мəселе ғылыми конференцияның қандай залда өткенінде емес, мəселе мазмұнда, əруақты батырды лайықты ұлықтауда. Үш мың адам жинап Республика сарайында өткізуге болады, Құдай қаласа өтеді де. Басқа да үлкен-үлкен салтанатты залдар- да өткізуге болады. Бірақ сіздер жиналып отырған бұл төр – Азаттықтың, Тəуелсіздіктің таңын бүкіл болмысымен, жараты- лысымен аңсаған, сол үшін күрескен Алаштың арыстары мен алыптарының рухы кезіп жүрген қара шаңырақ – Қазақстан Жазушылар одағының киелі төрі.

 Сонау Алтайда елім деп еңіреп, Алашым деп аңыраған, күндіз-түні ат үстінде жүріп күресін тоқтатпаған əруағынан ай- налайын Оспан батыр басы жадыға түсіп, қолына кісен кигізіліп айдалып бара жатқан кезде шаhид кешіп бара жатқанын сезінгені анық. Шынында да ол кісі шаhид кетті. Халық үшін басын бəйгеге тікті. Бодан халыққа бостан рух əпермекке ұран тастады.

 Мен Оспан батырдың ату жазасына айдалып бара жатқан сəттегі фотосуретті көргенде тұлабойым теңселіп кетті. Ешқандайиілужоқ,бүгілужоқ,омырауынжапқанқарасақалымен қайыспастан, қалың жендеттерге илікпестен, бүгілместен тік тұрып ажалды қарсы алу – ол шын мағынасындағы хас мінезді, тұлғалы батырдың ғана қолынан келетін ерлік. Мен 1986 жылы Желтоқсан оқиғасынан кейін жазықсыз жапа шеккен, соттың үкімін қас қақпастан қасқая қарап тұрған Қайрат бастаған төрт жігіттің суретінен сол рухқа толы кескінді көріп едім. Олар да Оспан батыр сияқты бүгілмей, жығылмай тұрып еді. Мұны неге айтып отырмын? Қазақ дейтін халықтың өткен өміріне көз жүгіртсеңіздер – қазақтың бүкіл тағдыр-талайына ықпал етуші сыртқы күштер бізді саналы түрде ыдыратуға, ұлт ретінде əлсіретуге, тіпті жойып жіберуге күш салғанын анық аңғаруға болады. Алайда осынау ұлы даланы уысында ұстап қалған қазақ жұртының діңгегі, тірегі, тегі, ішкі алтын қазығы мықты екен. Қанша ғасырлар бойы Батыс пен Шығысымыз небір сұрапыл іс-қимылдар, геноцидтер жасағанымен, қазақтың не тілін, не рухын, не дінін бұза алған жоқ. Күшпен де қазақ өзін алғызған жоқ. Анау Қырымнан бастап Сары өзен, Қара теңізге дейінгі кеңістіктегі ұлы көшпенділер өркениетінің атажұртын ұстап қалған осы біздің ұлы Дала. Соның бір пұшпағы Оспан батырдың қорғаған мекені – тоқымдай ғана жер. Ол сол жер үшін күресті, намыс үшін, бүкіл қазағының атажұртының бесігі болған Алтай үшін күресті.

 Шынында да қазақ бақытты халық, Құдайдың өзі көмекке келетін халық. Жерінің үсті де, асты да қазақты осы күнге дейін сақтап келеді. Бүкіл Шығыс Алтайды қарасаңыз, Кеңес Одағы кезіндегі бар байлығы сақталған жер емес пе? Ал Көктоғай сол жердің пұшпағы. Көктоғайдан шыққан Оспан батыр жалғыз Көктоғайдың намысын іздеген жоқ жəне жалғыз рудың намы- сын жыртқан жоқ, екі алып елдің арасында қазақтың намысы үшін жанын пида етті.

 Мен алғаш бала кезімде Оспан батыр туралы əнгімелелерді аңыз іспетті түсінгенмін. Сонау 50-ші жылдардың ортасын- да Еренқабырға өңірінен көшіп келген ағайындар батыр жай- лы жырдан қызық қып айтатын. Ол кез біздің бірінші сыныпқа барып қалған кезіміз еді. «Тың игеру» дейтін науқан келіп

қазақтың мыңдаған жылдар бойғы соқа тимеген тың жерін қақыратып тіліп жатқан шақ болатын. Сол кезде Шығыс Түркістаннан кезінде түрлі жағдайлармен шекара асып кеткен қандастарымыздың елге оралуға мүмкіндік алған. Шекара деген қазақ үшін шартты ұғым. Мына шекара бүтін қазақтың жеріне біткен жара, тыртық. Мына жағы кешегі Ресей империясының орнында қалған Кеңестер одағы, тоталитарлық жүйе, арғы жағы болашақ Мао Цзе Дунның басқарайын деп отырған мемлекеті. Ол да арғы дəуірлерден жалғасып жатқан үлкен им- перия. Шекараның арғы беті мен бергі бетіндегі қазақтардың мінездерінде өзгерістер пайда бола бастаған кез еді. Сол кезде Оспанның бейнесі мектепке жаңа барған баланың көкірегінде аңыздағыдай ақбоз атқа мініп алмас қылышымен ағызып келе жатқан Қобыланды батыр сияқты елестейтін. Біз солай деп қабылдап едік. Шынында да аңыз бен ақиқаттың арасында байланыс бар. Ал Оспан батыр фəни дүниемен қош айтысып, ақтық демін алған шақта ғарышпен арада бір байланыс бола- тынына сенді ғой деп ойлаймын. Хас тұлғалы қайталанбайтын батырлардың,қайталанбайтынақындардың,бірсөзбен айтқанда біртуар ұлылардың ғарышпен байланысы болады. Сондай тылсымның құдіретімен өзінің арман-мұратына алдағы дəуірлерде ұрпағы, елі-жұрты жететінін түйсігімен сезіп кет- кен Алаштекті арыстардың бел ортасында Оспан батыр да бар. Өзінің елі, өзінің жұрты, атажұрты Қазақстанда 100 жылдығының өтетінін де білді ол кісі. Құдайға шүкір дейік. Сондықтан бүгінгі жиын біздің тағы да жұлым-жұлым болған тарихымызды түгендеп беретін үлкен оқиға деп есептеуіміз керек. Мəжіліс өзінің межесіне жетті, мақсатын орындады. Біз үшін үлкен қазына – конференция. Бəріміз осындай жиы- нан Оспан туралы ақпарамызды байыттық, көзқарасымызды толықтырдық. Оспан батыр жөнінде бізді жаңа кеңістікке, жаңаайдынғаалыпшыққанбаяндамалардың бəріне ұйымдастырушының бірі ретінде шын жүректен алғыс айта- мын. Біз бəріміз Оспан батырдың рухы болып сөйлеп отырмыз.

Оспан батырдың əруағы халқын жебеп жүрсін!

 Тұрсынхан ЗƏКЕН, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының

докторы. Өскемен

ҚАЗАҚ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАБАНДЫ КҮРЕСКЕРІ

 Тарих түрік баласына қуатты мемлекет құруды ертеден-ақ нəсіп еткен. Бірақ мемлекетті құру мен оны сақтап тұрудың жолы қашанда өр болған. Өйткені айналасындағы жауы көп еді. VІІІ ғасырда өмір сүрген дана Тоныкөк айтқандай, түрік халқының жауы жем торыған тазқара жыртқыш құстардай ай- налып ұшып жүруші еді. Құба қалмақ заманында қазақ:

Батыс барсаң орыс бар, Балаңды берсең қоныс бар. Шығыс барсаң қалмақ бар, Мал-жаныңды алмақ бар. Оңтүстік барсаң Қоқан бар, Қоқаңдаған акаң бар,

 – десе, кейін қалмақ қырылған соң іргеден қызыл шашақты манжу қытай қаптады. Қытай мен орыс бір қазақтан сұрамай қазақ жерін екіге бөлді. Осыдан барып жасанды түрде Ресей қазағы, Қытай қазағы деген пайда болды. Қазақтың басы содан бастап ноқтаға кірді. Қазақтар орысты темір ноқта, қытайды қайыс ноқта деп атады. Бірақ бəрібір ноқта еді. Алғашында

шылғи қайыс болғанымен, су тиіп, күн қақтағанда темірден бе- тер қатайып, барған сайын бүре түсетін. Осыдан бастап ары көшкен, бері көшкен елдің аламан айқас тарихы басталды.

 Ең алдымен Текес маңын мекендеген қазақтар көтерілді. Бұл тура- лы Ш.Уалиханов 1864 жылы 20 қарашада Жетісу аймағының əскери губернаторы, генерал-лейтенант Г.А.Колпаковскийге мəлімдегені бар. Тарбағатайда Қаракерей Қабанбай батырдың шөбересі Əділбек мырза жəне Отыншы, Тоқырлардың басшылығындағы қазақтар басқыншы жаумен айқасты. Тарбағатай тауының күнгейінде соғыс болған сол жер көпке дейін «кəпір қашқан» деп аталды. Керейден шыққан халық қамқоры Көпеш, Дəркен, Шылғаубай, Тергембай ба- тырлар мен Далай мерген ата дəстүрді ұстап, жаумен аянбай айқасты. Қызыл аяқ қырғыншылығына қарсы соғыста жəдік Далай мергеннің

«атым Далай, атуым қалай?!» деген сөзі күні бүгінге дейін халық ау- зында аңыз болып келеді. Сол жылдары керейдің жəнтекей руынан шыққан Ізғұтты батыр қызыл аяқтар үшін қазақтан салық жинаған Алтай керейінің төресі Ажы гүңді атынан аударып, сақалын кесіп алған болатын. Бұдан соң Шəуешектегі манжу төрелері қазақтың сөзін сөйлегені үшін Демежанды дарға асты. «Сарноқтаның салығын» төлемедің деп қара Оспанды ноқталап, абақтыда ұстады. Зуқаның басын алды. Жантайлақты өлтірді. Қомдағы қаратайлар қырылды. Баркөлдегі Əліптің де басы алынып, бала-шағасын айуандықпен қырып-жойды. Елдегі өңі түзу əйелдер мен қыздарды қытай төрелері, дүңген шаңялары алып кетіп əйелдікке, күңдікке пайдаланды. Айта берсек, мұндай зорлық-зомбылықтың есебіне сан жетпейді. Өгей үкіметтің қаталдығынан Шыңжан қазақтары 1930 жылдардың өзінде үш дүркін шет жұрттарға — Ганьсу, Шаңхайға жəне Тибетке көшті. Олар осы күні бəрімізге белгілі «Ағажай Алтай», «Көзіңнің қарасын- ай» əндерін айта:

Алтай, Сауыр, Майлыны мекен еткен, Текес, Тянь-Шань, ол шеті Күнес жеткен. Тарбағатай, Барлықта ата-баба,

Кіндік кесіп, кір жуып, терін төккен, Көргенше қош аман бол, қайран мекен,–

 деп екі етегін көл қылып, құлақ естіп, көз көрмеген жаққа кете барды. Осы кезде халыққа қорған болған Шəріпхан

Көгедаев жəне Ақыт қажы секілді ел ардақтылары лек-легімен түрмеге тығылды. Олардың қатарында 30-жылдардағы қуғын- сүргін кезінде шекараның арғы бетіне өтіп, ондағы қазағына қараңғыда жол нұсқаған Алаш қайраткерлері де бар еді. Жау қолында тұншыққан, азаттық жолында арпалысқан ондай ерлердің ұзын саны өте көп. Олардың бəрі де ұлт бостандығын, бітім-болмысын, тілі мен салт-дəстүрін сақтап қалу үшін күресті. Жəйі келсе қазақтың дербестігін, тəуелсіздігін мұрат тұтты. Мұндай күрестер сан-санақсыз. Сондай күрестің бірі де, бірегейі Алашқа аты мəлім «Оспан төңкерісі» болды.

 Қытайға қараған Өр Алтай тарихта бірнеше Оспандармен аты шыққан. Олар төре Оспан, қара Оспан, зəңгі Оспан жəне Оспан батырлар. Солардың ішінде қарадан шығып хан болған, өле-өлгенше алған бетінен қайтпаған Алтай көкжалы Оспан ба- тыр еді. Ол жас кезінен алып күштің иесі, алымды да қарымды, жүректі жігіт болған. Қазақ күшке де, сөзге де тоқтаған, баты- рын сыйлаған халық. Ол қара күшке ғана емес, ақыл-айлаға да ке- мел еді. Кезінде Молқының Құли тəйжісі оған «Қара күші ғана бар алкеуде, есерсоқ екен десем, сөзің текті екен. Алған бетіңнен қайтпайтын түрің бар» деп бекер айтпаса керек. Осы сөзді оған Зуқа да айтып, батасын берген болатын. Басы Сарсүмбедегі қара көпірге ілінген Зуқа ол кезде тұтас Өр Алтайдың айбары еді. Де- мек, боз бала жігіт Зуқаның алдына бекер бармаған.

 Сөйтіп күндердің күнінде елім деп еңіреген азамат ереуіл атқа ер салды. Есімхан, Рысхан, Оспан, Нұрғожай бастаған жүз адам ел ішіне келіп, халықты қорқытып қару жинап, ойы- на келгенін істеп жүрген Көктоғай шəнін 36 нөкерімен өлтіріп, қарулы күрестің алауын жақты. Бұл жайлар туралы Нұрғожай ба- тыр өз естелігінде: «Біз туып, ойламаған істерді істеуге жолығып қалдық. Біз қарулы орыспен де, Шың Шысай бандиттерімен де майданға түсіп алысатын болып қалдық. Бізде күш жоқ. Тіпті жəрдем қылатын орын да жоқ. Оның үстіне орыс пен қытай бізді алғанда, қазақпен алып жатыр. Өзіңді өзіңе салады екен. Ең қорлығы, ең ауыр іс осы болды. Сол заман, сол жылы, сол ай, сол күні біздің қызыл қолымызды еріксіз түрде өз жауымызға қарсы тұруға итермелеп, сағым қуғандай апарып, осы қанды оқиғаға енгізіп жіберді. Бұрын тышқан өлтіруден қорқатын қазақ, бандыларды өлтіргенде лақтан бетер əрі оңай, тіспен де,

тырнақпен де бауыздай салатын болып алдық», – деп жазады. 1940 жылғы наурыздың 19-ы күні көтерілісшілер 700 əскер

болды. Қапсамет молда мен Малгаждар молданы шақырып бүкіл əскердің жаназасын оқытып, соғысқа аттанды. Қосын бара-бара ұлғайды. Ұлт-азаттық күрес алдымен бүкіл Алтайға, одан соң Іле мен Тарбағатайға қанат жайды. Аттың жалы, түйенің қомында жүріп жаудың тіс тырнағына дейін қаруланған неше ондаған мың əскерін күйрете жойды. Іле, Алтай, Тарбағатай азат етілді. 1945 жылы жазда ұлттық армияның 30 мың сарбазы болды. Оның 70 пайызы қазақтардан жасақталды. Бірақ келесі 1946 жылы ұлт- азаттық қозғалысының бағыты ойламаған жерден екіге жарылды. Кеңес одағы, коминтерин 1943-44 жж. Оспанға берген уəдесінде тұрмай, Шығыс Түркістанның басшылық сапына коммунистік тəрбие алған кеңесшіл азаматтарды, атап айтқанда Ахметжан Қасыми, Ысқақбек Мононов жəне Дəлелхан Сүкірбаевтарды шығарды. Бұдан да маңыздысы жаңа басшылық жас мемлекетті түрікшіл, исламшыл бағыттан аулақ, Кеңес одағының ықпалындағы социалистік ел ретінде құруды көкседі. Бірақ бұл кезде бұдан бір жыл бұрын Мəскеуде өткен Жиаң Кайши өкілі мен Сталиннің кездесуінде Шығыс Түркістанның тағдыры кездесудің мүлде құпия қосымша хаттамасы арқылы шешіліп қойған бола- тын. Жиаң Кайши үкіметі Жапонға қарсы екінші майданда Кеңес одағына зор күшпен көмектесетін, Лусюн кемежайлы айлағын Кеңес əскерінің тұруына беретін жəне сыртқы Монғолияның дербестігін мойындайтын болды. Бұл кезде Сыртқы Монғолия Кеңес одағының екінші фронт ашуы үшін өте қажет болып тұрған- ды. Бұл Манжурия мен Шығыс теңіз айлағына шығатын тіке дəліз болатын. Оның үстіне Кеңес одағы АҚШ-тың Жапонға атом бом- басын тастауынан қатты үрейленіп отырған-ды. Кеңес одағы Монғолия арқылы АҚШ-тың өзіне шабуылдауының алдын алмақ болды. Мұндай жағдайда Сталин Жиаң Кайшидің талабына көніп, Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысты қолдаудан бас тартты. Сол себепті, Оспан батыр Сарсүмбені қоршап жатқан 1945 жылдың 4 қыркүйегі күні Монғолиялық əскери ақылшылар май- данды тастап кетіп қалды. Үрімжіге небары 130 шақырым қалған жерден Манас шебіндегі жорық тоқтатылып, Кеңес одағының əскери офицерлері де сол күні үн-түнсіз еліне қайтып кетті. Тари- хи фактілер 1941–1943 жылдары Кеңес одағының Шыңжандағы

ұлт-азаттық қозғалысты тек фашистік Германияның қаупінен қорқып, өзіне мықты артқы шеп, тыл дайындау үшін қолдағанын дəлелдеді. Бұл Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының ең аянышты, дəрменсіз, қорғансыз қалған күндері еді. Осыдан соң одан да өкінішті оқиғалар туды. Яғни Оспан батыр мен Дəлелхан Сүкірбаевтің жолы екіге айырылды. Оспан Шығыс Түркістанның кеңестік қызыл апаттың ықпалына түсуінен қорықты. Комму- низм жолына үзілді-кесілді қарсы болды. Дəлелхан Сүкірбаев Ахметжан Қасымимен бірге кеңестік үлгіде болса да Шығыс Түркістанды мемлекет ретінде сақтап қалуға тырысты. Кеңес одағының қысымымен Гоминдаң үкіметімен келіссөзге барғанда да өздерін тəуелсіз елдің өкілдері ретінде көрсетті. Олар Оспанды сан мəрте өз жақтарына тартып баққанымен, батыр бұл талаптан бас тартты. Күш бытырады. Халық олардың қайсысын қолдауды білмей əуре-сарсаң күй кешті. Олар үшін істіктің екі басы бірдей ыстық еді.

 Тарихтың осы тұсы жөнінде бүгінгі ұрпақ мына мəселелерге айқын көз жеткізуі керек деп ойлаймын. Мəселе көптен ай- тылып жүрген Оспан мен Дəлелханның майданы туралы. Ол екеуінің қайсысының ұстанған бағыты дұрыс дегенге келсек, Дəлелхан ұлт-азаттық қозғалысының жеңісіне тактикалық жол- мен жетуді, ең қиын-қыстау кезде бірлесіп, күш біріктіруді ой- лады. Оспан батыр батырлығына басты. Ол түбі қазаққа жат коммунистік идеяға құл болғанша, дін еркіндігі мен демокра- тия жағындағы күштерге жақындасуды ойлады. Үрімжіге өкіл жіберіп, Гоминдаң үкіметімен жəне АҚШ консулымен байла- ныс жасады. Мұны кейінгі Үш Аймақшылар мен коммунистік үгіт-насихат «сатқындық» деп айыптады. Шын мəнінде осы кездегі Оспан батыр күресі негізінен коммунизмге қарсы майданға шыққан еді. Оспан үшін ең керегі ұлт бостандығы мен дін еркіндігі болатын. Ал бұл құндылықтар коммунистік режимде іске асуы мүмкін бе?! Оспанды алаңдатқан жағдай 30-жылдары Кеңес одағында болған асыра сілтеушілік. Ұлттық еркіндікке, дінге қарсы саясат. Сол үшін мүйіз сұраймын деп құлақтан айырылғысы келмеді. Сөйте жүріп, орайы келсе тағы да арадан жол табуды ойлады. Белгілі мағынадан алғанда оның гоминдаңшылармен істес болуы түпкі мақсаты емес, мақсатқа жетудің амалы, аз уақыттық стратегиялық шегініс еді. Демек,

Оспанның да, Дəлелханның да ұлт-азаттық күрестегі мақсаты бір, бірақ тактикасы басқа болды. Бұған бола ол екеуін біріне бірін қарсы қоюға, немесе бірін жақтап бірін қаралауға бол- майды. Олар ұлт-азаттық қозғалысындағы өзінше дара, қайталанбайтын тұлғалар. Екеуінің де ажалы 1949 жылдың алды-артында болды. Оспанның өзінше суреттеп айтсақ, Оспанға оқ алдынан, ал Дəлелханға артынан тиді. Былайша айтқанда, Оспан алған бетінен қайтпай батырларша қасқайып өлді, ал Дəлелхан сол кездегі геосаясаттың құрбаны болды.

 Оспанға «батыр» атағын туған халқы берді. Ол Ахметжан Қасыми бастаған Шығыс Түркістан үкіметінің батыр атағын керек те қылған жоқ. «Мынауың қатындардың омырауы- на тағатын сөлкебайы секілді екен, мə, сен тағып алшы!» деп əйеліне бере салған. Əркім əр саққа жүгіртіп келгенімен, бұл шындық. Демек, Ошың жасанды ат-атаққа қызықпаған. Алда өмір мен өлім арпалысып тұрғанда оған атақ не керек. Оған керегі қара басының қамынан гөрі халқының бостандығы, еркіндігі, ата-баба мұратын орындау болды. Сондықтан ол ақиқат пен əділдікті тек мылтықтың оқпанынан іздеді. Халықтың қарулы күші болмай теңдігі болмайтындығын, оны- мен ешкім санаспайтындығын таныды. Кімде кімнің қолында қару болса ол күшті жəне соның сөзі сөз. Оның осы сөзін Қытай басшысы Мао Цзе Дун да өз еліндегі қарулы төңкеріс кезінде айтқан болатын. Мылтықтан əкімият (билік) туады де- ген еді ол.

 Оспан қаруды біреуге қарсы тұру үшін емес қазақ халқының бостандығы, қара қазан, сар баланың қамы үшін көтерді. Тарихқа жүгінсек, тегіннен Алаш ұлтшылдығы — қорғаныс ұлтшылдығы, яғни, өзін өзі сақтауға бағытталған ұлтшылдық. Ол ешқашан агрессиялық ұлтшылдық болмаған. Қазақ күрессе өз бостандығы мен еркін, ұлттық болмысын, діни сенімін сақтап қалу үшін күрескен. Тарих бойы біреудің несібесіне, сүйемдей жеріне көз алартқан, əлімжеттілік істеген емес. Мысалы, 1917 жылы 5 желтоқсандағы ІІ жалпы Қазақ съезінде Алаш əскерін жасақтау күн тəртібіне қойылды. Бірақ қазақ ол əскерді «сақшы» деп ата- ды. Атынан шығып тұрғандай-ақ, əскердің басты қызметі соғысқа бару емес, елінің тыныштығын сақтау, ал міндеті – сырттан кел- ген жауға қарсы тұрып, еліне қорған болу еді. Сол съезден соң

А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Салық Аманжолов, Райымжан Мəрсеков келесі 1918 жылы көктемде Семейден Шəуешекке бар- ды. Мақсаттары Қытай қазақтарының арасында Алаш идеясын насихаттау жəне қазақтың қарулы қосынын құруға көмек алу еді. Ахаңдар ол мақсатына да жетті. Кезінде Құнанбай қажы айтқан Қазақтың бір жұртын көзбен көріп қайтты. Шама-шарқынша адам, ат-көлік жəне жылу жинады.

 Бұл кезде жалпы азаттық, ел теңдігі мəселесінде Ахаң иде- ясы, Алаш пікірі ондағы қазақ жұртына үміт сəулесіндей жарқ етіп, ауыздан ауызға тарап кеткен болатын. Орыс жерінде қазақтың Алаш үкіметі барлық қазақ туысқандарды еркіндік, теңдікке жеткізу үшін ата-бабалар жолымен жаңаша мемлекет құруға атсалысып жатыпты деген хабар ел ішіне сүйіншілене жеткен-ді. Кейін 30-жылдардың соңы мен 40-жылдардың ба- сында бұл үміт су сепкендей басылды. 37-нің қанды қырғынын, Ахаңдардың мерт болғанын естіген Ақыт ақын:

Батысты қамап Орыс тұр, Сыртыңда Қалқа - тор басы. Жығыла ма осымен, Алаштың тіккен Ордасы ?! –

 деп күңіренді. Алаш идеясы Оспанның жəне оның қандыкөйлек серіктерінің де жүрегінде маздап, олардың ру- хын алыстағы ата жұрттың, қара орман қазағының тағдырына деген ашынған, ызалы көңіл-күймен қаруландырған еді. Сөйтіп қытаймен де, орыстармен де жəне орыс ықпалындағы монғолдармен де соғысты. Сол себепті, көтерілісшілер орыстар өз адамдарын сұрап келгенде, сендер 1937 жылы Мəскеуге апа- рып өлтірген Əлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынның ба- сын əкеліп беріңдер дейді. Бұл көтерілісшілер арасында «жауға біткен көзі бар, дауға біткен сөзі бар» делінетін атақты Рысхан батырдың сөзі еді. Нұрғожай батыр оны «қазақтың ең соңғы бастығы Бөкейханның басын сұрады» деп жазады. «Қазақтың ең соңғы бастығы!» деп бұл сөзді Біз əлі коммунистік тəтті ұйқыда жатқан 1984 жылы Нұрғожай батыр өз естелігінде Алихан Бөкейхановты меңзеп жазған екен. Көтерілісшілердің сөз лəмінен белгілі болғандай, осы кезде олар орыс пен қытай

əміріне бірдей қарсы шыққан. Олар 1745 жылы Абылай хан

«санжақ» деп атап Жəнібекке берген Ақ тудың астына жиналып өзіміздің ақырғы демімізге дейін ұлт үшін күресеміз деп серт берген. Нұрғожай батыр: «Бұл жолы ұлт-азаттық қозғалысты мəңгі-бақи жүргізуге бекем бел байладық. Бұлт ала, жер шола. Солай болса да тəуекел дедік. Ел іші ала. Біреуі орысшыл, біреуі қытайшыл, біреуі монғолшыл. Түрік ағайын алыста еді. Бұл шерміштер орыстың жемі болып, қайта келіп өзіңді алатын бол- ды. Өз жөнімізден алғанда қолда қорымыз жоқ. Қару-жарағымыз да аз. Осы заманғы тəртіпті қарулы армиямыз да жоқ. Біздің ар- миямыз халықтың өзін ру-руға бөліп, тізімдеп қойған адамдар ғана. Азығы да, соғысқа мінетін аттары да жеке адамның өзінен болды», – дейді.

 Оспан батыр өмірінде талай-талай балаққа оралған кедергілерді жеңді. Тіпті болашақтан үміт қалмай, тарих дөңгелегі кері айналған кезде де басын имеді. Ағынға қарсы жүзді. Мұны шынымен жанкештілік деуге болады. Құдды монғол ақыны Сумъяагийн Амартайван айтқандай:

Қызыл қырғын, шерлі азап, Қыр соңынан шүйлікті.

Қырғи көзді ер қазақ, Серік етті жүйрікті.

 Бір кезде де Алаш көсемдерінің «Арғы атам ер Түрік, Біз қазақ баласы» деп басталатын гимні көне Түркі дəуірінің кемеңгер, ержүрек батырларын пір тұтып тұтас қазаққа «Оян!» деп ұран тастаған еді. Қазақ оянды, бірақ кеш оянды. Ке- несарыдан соң есеңгіреп, отаршылдық ұйқыда көп жатты. Отаршылдық мүшкіл халді көрсетіп Абай да аh ұрды. Мыңмен жалғыз алысты. Ақыры ол да ажалынан ерте өлді.

Кезінде Кенекеңнің:

Қош аман бол Сарыарқа өскен жерім, Қайтқан қаздай қалың ел көшкен жерім. Тізе қосып бар қазақ ел бола алмай,

Ит пен құсқа жем болып өшкен жерім. Сен де аман бол Көкшетау, Қаратауым,

Жеңе алмадым орысты, кетті дауым. Қорқыт көрі алдымда қазулы екен, Ақырында мінеки жеңді жауым, –

 дегеніндей болды. Оспан да дəл солай жеңілді. Басы жаттың қанжығасында кетті. Бірақ ерлер осылай болады. Кенесарының інісі Наурызбай ағамды тастап қайда барамын деп, ол да өзі барып қырғызға қолға түссе, Оспанның ұлы Шердиман да əке мұратын жалғап, жаумен жалғасты шайқасып, ақыры ба- рар жер, басар тауы қалмады. Қолға түсті. Құдды Насыбай жыраудың Кенесары мен Наурызбай өлгенде:

Екі бірдей қанатым, Топшысынан қайрылып. Балдағы алтын ақ берен Кемшілік түсті басыма, Көрінгеннен қамығып,–

 дегеніндей алмағайып, бұралаң, сұрқай күн туды. Қара тұяқтан хал кетті. Құдды ақын айтқандай:

Шашым кетті ұстаған уысында, Басым кетті сілтеген қылышында. Тектілердің тұқымы құрып бітті, Абақты мен көшенің бұрышында.

Жерім байтақ болғанда, қайғым шексіз, Əзірейіл батыс пен шығысымда.

 Сөйтіп əзірейіл бүріп кете ме деп жез киіктің жаңа туған лағындай өмір бойы құлағымыз елеңдеумен күй кештік. Енді ғана тəуелсіздікке жеттік. Бірақ уақыт көрсеткендей тəуелсіздікті нығайтудың машақаты көп болып шықты. Қазақ халқын бақытқа жеткізудің жолы əлі де өр болып тұр. Мұндайда ұлттың ұлы мұраты, тіл мəртебесі, қазақ мүддесі үшін əлі де «ақырып теңдік сұрайтын», саясатқа салынбайтын Оспан батырлар керек-ақ. Бізде ел басына қидалы күн туғанда қазақтан да осындай нағыз ер, та- банды күрескер шыққаны тарих беттеріне алтын əріптермен жа- зылуы керек. Мұндай ерлік Қазақстан тарихына жазылмаса да, тұтас қазақ тарихына жазылады деп сенемін.

 Əбдіуақап ҚАРА, тарих ғылымдарының докторы, Түркия Мимар Синан Көркем Өнер университетінің профессоры, Ыстамбұл

ОСПАН БАТЫР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖƏНЕ ШЕТЕЛ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ПІКІРЛЕРІ

 Оспан батыр жəне Іле көтерілісі жайында зерттеулер мен ма- териалдар шетелдерде айтарлықтай баршылық. Оларсыз Оспан батыр мен оның күресін толық танып білу мүмкін емес. Ол ту- ралы шетел ғалымдарының маңызды зерттеулерін атап өтпес бұрын, шетелдерде Оспан батырға қатысты дерек материалдар- дан қысқаша сөз қозғап өткен жөн.

 Бұл материалдардың бастысы Қытай Халық Республикасын- да болғанымен, 1949 жылы Кытай Компартиясы Шыңжандағы билікті қолға алған уақытта Гоминдаңның көптеген əскери жəне саяси қызметкерлері Тайванға қашқанда өздерімен бірге Шыңжан үкіметінің мұрағаттағы көптеген құжаттарын да ала кетті. Қазір бұлар Тайван мемлекеттік мұрағатының негізі бо- лып есептелуде.

 Осы материалдар негізінде тайвандық ғалымдар көптеген зерттеу еңбектер жариялаған. Олардың ішіндегі ең танымал болғаны Жаң Дажұнның қытай тіліндегі 1980 жылы 12 томдық еңбегінің соңғы екі томы 1940 жылдардағы Шыңжанның сая- си, шаруашылық, əскери, мəдени жəне ұлтаралық қатынастарға арналған.

 Екіншіден Шыңжандағы 1943-1949 жылдардағы уақиғаларға қатысты ағылшын жəне американ дипломатиялық қағаздары осы орайда маңызды деректер болып табылады. Ағылшын

дипломатиялық құжаттары Лондонда Үндістан Бюросы мен Халықтық Тіркеу Бюросында1, ал американ құжаттары Ва- шингтонда Сыртқы істер министрлігі мұрағатында сақтаулы2.

 Батыстық елдерде уақиғалардан кейін арадан 30 жылдық мезгіл өткеннен соң мемлекеттік құжаттар зерттеулерге ашы- лады. Сондықтан бүгінгі таңда АҚШ пен Ұлы Британиядағы оқиғаларға қатысты аталған материалдарды көруге болады.

 Енді шетелдегі зерттеулерге келер болсақ, Оспан батырға ең алғашқы қызығушылық ағылшын жəне америкалық ғалымдар арасында болды. Өйткені Оспан батыр көтерілісінің соңғы жылдары халықаралық көлемде таныла бастаған еді. Əсіресе 1947 жылғы Бəйтік Боғда уақиғасынан кейін Қытайдағы аме- рикан жəне ағылшын дипломатиялық баяндамаларында оның аты атала бастады. Үш Аймақшылардан ат құйрығын кесіскен Оспан батыр 1946 жылы көкек айында Бəйтікке барып орнала- сты. Осы жерде Монғол əскерлерімен шайқасты. Бұл шайқастар да кейде табысты, кейде табыссыз болды. Бірақ бұл жағдай Монғолия мен Кеңес одағының мазасын алды. 1947 жылы 5 маусымда Кеңес одағының қолдауында 4-5 аэроплан жəне 500 əскер Оспанға шабуыл жасады. Қытай бұған ресми түрде наразылық білдірді. Бұл мəселе халықаралық дауға айналды.

 Осы уақиғадан бастап шетелдердің назарының Оспан батырға ауа бастағанын көреміз. «Чикаго Дейли Ньюстің» тілшісі Доак Барнетт сол оқиғадан кейін Оспан батырды тау- ып кездескен. Ол 1947-1949 жылдары арасында Қытайда көріп білгендерін «Коммунистік төңкерістің қарсаңында Қытай» атты жəне 1963 жылы жарық көрген кітабында3 əнгімелейді. Барнетт Тянь-Шань тауындағы бекіністе Оспан батырмен кездескенін айта келіп оның аса тартымды көрнекті тұлға екенін, адам айт- са сенгісіз үлкен ерліктер істегенін көрсетеді. Соңғы он жыл- да Шыңжандағы күресті күрделілендіріп жіберген барлық маңызды топтардың жағында оның соғысқанын айтады4.

1 Indian Office and Public Record Office

 2 Бұл туралы қараңыз: Камалов А. К. Британский дипломат о Восточно- Туркестанской Республике (1944-1949)

 3 Barnett A. Doak. China on the eve of communist takeovar. New York – London, 1963.

4 Барнетт, 275-бет.

 Сол кезде Тянь-Шань тауларының оңтүстігінде Читай де- ген жерде тұрған Оспан батыр Барнеттке қасында 4000 үй жəне 15000 қазақ бар екенін айтқан. Оның бірге қолбасшы Қапас ба- тыр, Нұрға, Ласихан жəне Орынхан сияқты əскери басшылар болған5.

 Барнетт Оспан батырдың 1940 жылдан бері жүргізген күрестері туралы айта келіп оның жеке тұлғасын былай деп суреттейді:

«Зор денелі үлкен адам, үлкен саусақтары жəне өте күшті его- сы бар. 49 жаста, бірақ аса зор энергиясы бар. Салқын шегір көзі, қалың ерні сондай-ақ, қара сақалымен дастандардағы батырлар сияқты көрінді. Жəне ол менің есіме ғасырлар бұрын Еуразия құрылығында үрей туғызған ғұн жауынгерлерін салды»6.

 Сол жылдары Оспан батырмен кездескен тағы бір журналист Ян Моррисон. Оның бұл туралы мақаласы 1949 жылы «Journal of the Royal Central Asia» атты жұрналда “Шыңжан қазақтары” деген атпен жарық көрді. Онда Оспан батыр өзінің күресі жəне Үш Аймақшылардан неге бөлініп кеткенін əңгімелейді7.

 Оспан Батыр шəйіт етілгеннен кейін ол туралы мəліметтер Түркияға қоныс аударған қазақтар арқылы əлемге тарай ба- стайды. Мұнда сол қазақтардың əсіресе, Үрімжідегі американ консулы Даглс Маккирнан мен жолдастарын Оспан батырдың нұсқауымен Тибет шекарасына дейін өткізіп жіберуі маңызды рөл ойнаған болуы керек. Өйткені бұл қазақтар 1951 жылы Үндістан шекарасынан өтіп, Кəшмірге барғаннан кейін Мил- тон Кларк деген журналист барып сұхбат алады. Олардың суреттері мен бірге 1954 жылы «National Geogphrapic Magazin» атты журналда “Қазақтар еркіндікке қалай шықты?” деген ат- пен жариялайды.

 Бұл журналдың мақаласынан кейін бірқатар зерттеушілер түркиялық қазақтардың тарихына үңіле бастайды. Бұлардың ең маңыздысы Годфрей Лайас атты ағылшын дипломаты жəне журналисті. Ол “Kazakh Exodus” яғни «Қазақтардың босуы» деген атпен 1956 жылы Лондонда басылып шықты.

6 Барнетт, 276-бет.

6 Барнетт, 274-275.

 7 Morrison, I. The Kazakhs of Sinkiang // JRCAS. Vol 36, № 1, 1949, 241- 254-бет.

 Кітапта Оспан батыр туралы жан-жақты мəлімет беріледі. Бұл кітапты Оспан батыр туралы көлемді мəлімет берген алғашқы еңбек деп айтуға болады. Онда сонымен қатар, түркиялық көш жетекшілері Қалибек əкім, Хамза Шөмішбайұлы, Сұлтан Шəріп Тəйжі, Құсайын Тəйжі туралы көптеген мəліметтер келтіріледі. Годфрей Оспан батырдың есімін алғаш рет осындағы қазақтардан естіп білгенін айтады. Ол Оспан батырдың Түркияның Қайсар қаласына орналасқан Құсайын Тəйжі ау- лына барғанда ақын Қарамолла Сейітханұлының əңгімелеп бергенін мəлімдейді. Қарамолланың осы кездесуден алдын- да ғана Оспан батыр жайында бір дастан жазып шыққанын атап өтеді. Осы дастанды магнитофонға да жазып алған автор Оспан батыр өлгелі жаңа ғана бес жыл толса да ол туралы аңыз- əңгіме шежірелердің бұл қазақтар арасында айтыла бастағанын

келтіреді.

 1987 жылы Түркияның Ыстамбұл қаласында қайтыс болған Қарамолланың отбасына хабарласып, осы дастанды сұрадық. Өкінішке орай, Қарамолланың үлкен ұлы Сұлтан ол кітаптың болғанын, бірақ 1990 жылы Баркөлден келген нағашысы Ма- нат Көңбайұлының қадала сұрап, оны кітап қып Шыңжанда шығаратынын айтып алып кеткенін жеткізді.

 Негізінде қазақтардың Шыңжаннан Түркияға көшін өлең түрінде баяндаған бұл кітап 2001 жылы «Мұра» журналының 4-ші санында басылып шыққан. Бірақ сол басылымда аталған дастанның Оспан батыр туралы зерттеулерге қойған қытайдың тиым шектері салдарынан қаншалықты толық орын алғаны беймəлім.

 Годфрей 1956 жылы басылып шыққан еңбегінде Оспан батырдың балалық шағынан тұтқынға түскен 1951 ақпан айына дейінгі өмірі мен күресін жан жақты баяндайды. Əрине кітап ол кездің, яғни бұдан 50 жылдан аса уақыт алдыңғы мəліметтері тұрғысынан алып қарағанда құнды кітап. Ал бұгінгі мəліметтер тұрғысынан онда бір қатар кемшіліктер мен қателіктердің болғаны байқалады.

 Мəселен автор, Оспан батырды жастайынан соғыс өнері мен тактикасына Бөке батырдың баулығанын келтіреді. Бұл кітап 1960 жылдары түрік тіліне аударылып басылады. Осыдан болса керек түрік зерттеушілеріне Оспан батырдың соғыс өнерін Бөке батыр-

дан үйренгені жайында ұғым қалыптасқан. Біздіңше бұл мүмкін емес, өйткені Бөке батыр Тибетте 1903 жылы ыстан қайтыс болғанда Оспан батыр небары төрт-ақ жаста еді. Бұл жастағы баланың соғыс өнерін үйрене алмасы анық. Сондықтан қазақ тілін білмейтін автор Бөке батыр мен Зуқа батырды шатастырған болуы керек. Өйткені екі есім айтылу тұрғысынан ұқсас келеді. Екі ба- тыр арасындағы байланыстарды қарастырғанымызда, ойымыздың негізсіз емес екенін байқадық.

 Қолда бар мəліметтер Оспан батырды соғысқа үйреткен, немесе батырлық тұлғасына елігіп өскен көтерілісшінің Зуқа батыр болуының əбден ықтимал екенін көрсетеді. Өйткені олар 1930 жылы қытайлар айлакерлікпен қолға түсіріп өлтірген Зуқа батыр мен Оспан батыр арасында байланыс болғанын айғақтайды. Бай-манаптар мен өктем əкімдерден алып, кедейлер мен жетім-жесірлерге үлестіріп берген, сондықтан қазақтың Робин Гуды деп атауға болатын Зуқа батырдың жас кезінен Оспанның тегін жігіт емес, кейін үлкен батыр болатынын болжағаны жөнінде де деректер баршылық.

 Сонымен бірге Зуқа батыр Оспан батыр ауылымен құдандалы болып келеді. Зуқа батыр ауылы Оспан батырдың руы молқыдан бес келін түсірген. Тіпті біреуі, атап айтқанда төртінші ұлы жəне бүгіндері Алматы облысының Райымбек ауылында тұратын Арыстан Тосын ағамыздың əкесі Шəдетке құда түскен келіні Салиха Оспан батырға немерелес болып келеді. Сондықтан Оспан батыр Салиха апайына барып-келіп Зуқа ауылымен араласып жүреді екен. Əсіресе, Оспанды бал- дызым деп əзілдесіп күресіп жүреді екен Шəдет8.

 Бір күні Зуқа батыр Көктоғай Күреде тары дорбалап жатқанда жас Оспанды көреді. Оның мықтылығын ұлы Шəдеттен естіп жүрген Зуқа батыр оны сынау мақсатында бір дорба тарыны арқасына салуды сұрайды. Сонда 100 кг тары- ны Оспан батыр көтерген екен. Мұны көрген Зуқа бұл жігіт тегін емес, кейін үлкен батыр болады деген. Осыдан кейін арада бірнеше жыл өткеннен кейін Зуқаның жігіттері Оспан

8 Зуқа немересі Пазила Жаналтаймен əңгімелесу, Алматы, 8 қараша

ауылының жылқыларын алып кетеді. Оспан арттарынан қуып- жетіп, Зуқанын үш-төрт жігітін жығып жылқыларды алып қалады. Мұны естіген Зуқа батыр бұрынғы айтқан сөзін еске алып «Мен сіздерге баяғыда айтқан едім, бұл мықты жігіт бола- ды деп. Оны шақырыңдар» деп шақыртып шай береді. Шайдан соң Оспанға батасын берген Зуқа ауыл адамдарына «Бұл жігітті құрметтеп жүріңдер» депті.

 Зуқа 1930 жылы ұсталып өлтірілгеннен кейін Сұлтаншəріп бастаған Зуқа ұрпақтары Шанхай жаққа кетіп қалады. Ара- да он бес жылдай уақыт өткеннен кейін, атап айтқанда 1946 жылы Оспан батыр Алтайға уəли болғанда оларға хат жіберіп

«Қайтыңдар ел тынышталды» деп Алтайға шақырады. Сұлтаншəріп хабарды алады, бірақ өздерін шақырған Оспанның қай Оспан екенін білмейді. Сонда жездесі Шəдет

«Бұл тақ менің балдызым Оспан болу керек» деп қасына үш жігіт ертіп Алтайға аттанады. Бұлар Оспан ауылына жақындағанда, Оспан бір төбеде отыр екен. Алыстан үш- төрт атты кісінің қарасы көрінгенде «Алдында келе жатқан Зуқаның төртінші ұлы Шəдет болуы керек» дейді. Адам жақындағанда расында алдағы кісі Шəдет болып шығады. Сонда қасындағылар «Оның Шəдет екенін сонау алыстан қайтып біліп қойдыңыз?» деп сұрағанда Оспан: «Өйткені ол менің жақын жездем, атқа мінгенде бір аяғын алдына салып отырады» деген. Сөйтіп 15 жылдан кейін жездесін қарасынан танып қойған екен. Оспан оларға бес атар мылтық, ат беріп еліне қайтарады9.

 Оспан батыр мен Зуқа батыр арасында осындай етене жақын байланыстар болуы бізге қазақ көтерілістерінің жалғастылығы мен сабақтастылығы турасында пікір береді.

 1986 жылы шетелде жарық көрген жəне Ендру Форбестің қаламынан шыққан маңызды бір енбек «Кытай Орталық Азиясындағы Сардарлар жəне Мұсылмандар: Республикашыл Шыңжанның саяси тарихы 1911-1949» деп аталады. Форбестің пікірінше Кеңес одағы Оспан батырға қолдау көрсету арқылы көп жылдан бері өзінің ықпалы астында болып келген Іле, Шəуешек жəне Алтайды қайта бақылауға алды. Өйткені аталған

2009.9 Арслан Шəдетұлы Тосұнмен əңгімелесу, Алматы. 8 қараша 2009.

аймақта орасан зор жер асты байлықтары бар еді. Бұл тек мұнай, вольфрам, қалайы ғана емес, сонымен қатар 1945 жылы тамыз айында Хиросима мен Нагасакиге тасталған атом бом- басынан кейін стратегиялық маңызға ие болған уран кендері еді10. Форбес Оспан батырдың бастапқыда қытайлардың қазақ ауылдарына жасаған езгісіне жəне орталықтың саяси озбырлық əрекетіне қарсы шыққанын, кейін саяси сипат алғанын айта- ды11. Форбес Оспан батырдың Үш Аймақ үкіметінен бөлініп кетуін Кеңестік жəне Кеңеске бейім бұлақтардың мəнсіз уақиға ретінде көрсетуге тырысуының дұрыс емес екендігін көрсетуде. Оның айтуынша, шындығында ол үкімет үшін орны толмас үлкен олқылық болды. Негізінде, – дейді Форбес жаңа билік орнатылып, Үш Аймақта құрылып жатқан Кеңестік Халықшыл демократиялық басқаруда Оспан батыр сынды ер тұлғаларға орын жоқ еді12.

1990 жылы маңызды бір зерттеу Линда Бенсонның

«Іле көтерілісі: Шыңжандағы қытай əкімшілігіне қарсы мұсылмандық қарсылық 1944-1949» деп аталады. Осы автор мұның алдында атап айтқанда, 1988 жылы «Қытай қазақтары. Бір этникалық азшылық туралы зерттеулер» атты еңбекте

«Оспан батыр қазақтардың алтын аңызы» деген тарауын жазып шыққан13.

 Бенсон Оспан батырдың дəстүрлі қазақ қоғамын сақтау үшін қарулы көтеріліске барғанын мына сөздермен ортаға са- лады: Шыңжанда 1940 жылдары 5 пайыз болған қытайлардың үстемдігін орнатуға күш жұмсаған Шың Шысай қазақтың дəстүрлі қоғамына қауіп төндіріп отырды. Осыған қарсылық көрсету қазақ батырларының еншісінде еді. Олар қытайдың алым салықтарына, қазақтардың мол өрістерін тарылтып ала- стату шараларына қарсы қарулы күш ұйымдастырып оған жетекшілік жасады. Мұндайларға бандит деп ат-айдар тағу

 10 Forbes A. Warlords and Muslims in Chinese Central Asia: A Political History of Rebuplican Sinkiang 1911 – 1949. Cambridge, 1986, 353-354-бет.

11 Форбес, 311-312.

12 Форбес, 371-бет.

 13 Benson L. Osman Batur: The Kazak’s Golden Legen // The Kazaks of China: Essays on an Ethnic Minority, co-editor with Ingvar Svanberg Uppsala, Sweden: Acta Universitatis Upsaliensis, 1998, 141 – 187.

қытай губернаторларының «бандиттерді ауыздықтап жатыр- мыз» деген іс-шараларының бір бөлігі еді14.

 Бенсон Оспан батырдың кейіннен миф пен аңызға айналған тұлғасы туралы қарама қарсы пікірлердің қалыптасқанын келтіреді. Оның айтуынша Оспан батырдың 1940 жылдардағы іс-қимылдары 1985 жылдары Қытайда сыналып жатса, Қытайдың сыртындағы қазақтар арасында ол бір қазақ батыры ретінде мадақталып жатты15.

 Бенсон Оспан батырдың Үш Аймақшылдардан айырылу себебіне тоқталып, «коалициялық үкімет дəуірінде Оспан батыр Шығыс Түркістан үкіметінің Кеңес одағының қуыршағы екені жөніндегі қорытындыға келді. Сөйтіп ол Үш Аймақ үкіметіне қарсы Қытай үкіметінің жағына шығып кетті»16, – дейді.

 Бенсон Оспан батыр туралы зерттеуінің соңында мына- дай қорытындыға келеді: Оспан əрқашан əкімшілік билікке, ол мейлі қытай, мейлі орыс болсын, қарсы тұрды. Ол қазақтардың дəстүрлі қоғамдық өміріне қауіп төндіргеніне сенген күштерге қарсы өзінің жəне халқының позициясын күшейтуді көздеді. Ол батырлық жолында күресуді жəне осы жолда шəйіт болу- ды таңдады. Нəтижеде Оспан батыр алтын аңызға, қазақтардың Орталық Азияның далалары мен тауларында еркін жəне тəуелсіз өмір сүру арманын бейнелейтін тарихи тұлғалардың біріне айналған.

 Тақырыбымызға қатысты жарық көрген маңызды зерттеулердің ең соңғысы 1999 жылы Гонг-Конгда «Кеңес одағының көлеңкесінде Іле уақиғасы Шыңжандағы этникалық қақтығыстар мен халықаралық бақталастықтар 1944-1949 жж.» деген атпен жарық көрді. Кітап авторы Дейвид Уаң 1979 жылға дейін Шыңжанда тұрған қытай азаматы. Іле көтерілісі туралы қазақ, ұйғыр достарынан көп əңгімелер естігеннен кейін бұл ту- ралы ғылыми зерттеу жасауды армандайды. Бірақ осы жөнінде Қытайда мүмкіндік болмағанын айта келіп, Австралияның Тас- мания университетінде 1987 жылы докторлық диссертация қорғап арманына жетеді.

14 Бенсон, 142-143-бет.

15 Бенсон, 141-бет.

16 Бенсон, 146-бет.

 575 бет көлеміндегі еңбегінде көптеген деректер мен зерттеулері талдап шыққаннан кейін Дейвид Уаң мынадай қорытындыға келеді17:

 Мао Цзе Дун кезінде Үш Аймақ төнкерісі қытай халқының демоктратиялық төңкерістік қозғалысының бір бөлігі болады деп айтқан еді. 40 жылдан астам уақыттан бері Қытайдың рес- ми басылымдары осы пікірді қайталаумен келеді. Негізінде бұл пікірге қосылуға болмайды. Өйткені, – дейді Уаң, Үш Аймақшылдардың социалистік немесе коммунистік қоғам орнату жөнінде мақсаттары болған жоқ. Оларды Қытай демократиялық төнкерісі емес, Кеңес одағы қолдады. Сондай-ақ, Іле үкіметі фео- дал мұсылман ұлтшылдарының үкіметі болды.

 Уаң Кеңес одағының 1940 жылдардағы Шыңжан саясаты- нын ол жерде Шығыс Еуропадағыдай бір социалистік қоғам орнатуға бағытталмағанын да алға тартады. Өйткені сол кездің жағдайында мұндай мақсатты жүзеге асыру мүмкін емес еді. Оның орнына Мəскеу, АҚШ қолдауындағы Гоминдаң үкіметінің аймақтағы үстемдігін жоюды көздеді. Мұның басты себебі Шыңжандағы халықтар мен Кеңестік Орталық Азиядағы халықтар этникалық, діни жəне шаруашылық тұрғыдан бір- біріне етене жақын туысқан халықтар еді. Сондықтан осы екі аймақтың бірінде болған саяси өзгерістің екіншісіне əсер етпей қоймауы мүмкін емес еді.

 Міне осы себептен Мəскеу Шыңжандағы мұсылмандардың Қытай əкімдерінің озбыр саясатына қарсы туындаған күшті наразылықпен бірнеше ғасырдан бері жалғасып келе жатқан басқарушы қытайлар мен жергілікті мұсылмандар арасындағы тарихи керістікті пайдалану тиімді еді. Сөйтіп ол Гоминдаңға қарсы осыларды пайдалану арқылы Шыңжанда Қытайдан толық тəуелсіз емес, бірақ мемлекет ішінде мемлекет ретінде Кеңес одағының жақтасы, анти-Американ бір үкімет құрғызу ақылға қонымды болды. Мəскеу үшін ол мемлекеттің исламдық болу болмауы да маңызды емес еді. Сондықтан Америка жақтасы, анти-Совет мұсылмандарға қарсы Кеңес одағының

 17 Wang D.D. Under the Soviet Shadow The Yining Incident Ethnic Conflicts and international rivalry in Xinjiang 1944 – 1949, Hong Kong, 1999, 407-421-бет.

жақтасы мұсылмандарға қолдау көрсетілді. Сол себепті Шығыс Түркістан Республикасының кеңестік саясаттарға мойынсұнбаған президенті Əлихан Төре биліктен аластатыл- ды. Үш Аймақшылдар Америка мен Англияға бүйрегі бұрған түрікшіл саясаткерлер Масұд Сабри, Айсабек, Мұхаммед Əмин сынды қайраткерлеге күшті қарсылық білдірді. Іле үкіметі со- нымен қатар Оспан мен үзенгілестерін құртуды ойлады. Жал- пы айтқанда Кеңес одағы жақтасы саясат ұстанғанға дейін Шыңжанда бейбітшілікке жол бермек емес еді. Міне сондықтан Кеңес одағы Шыңжанның Шың Шысайдан кейінгі губернато- ры Жаң Жыжұңның кеңес жақтасы саясатын қолдады. Ол кеңес жақтасы саясатын жүргізе бастағанда Іле үкіметінің қимылдары Кеңес одағы тарапынан шектелді18. Бұл жағдай бізге Қытай аза- мат соғысында Шыңжанның оған қарағанда неліктен недəуір тыныш болғанын түсіндіреді.

 Уаң жалпы айтқанда Сталиннің Іле көтерілісін қолдау жəне оны өз уысында ұстау арқылы Шыңжанда көздеген мақсатына жетті дейді. Уаң сонымен қатар, Мəскеудің Іле ұлттық арми- ясын ұйымдастырғанын жəне тəрбиелегенің сондай-ақ, Іле үкіметін Кеңес одағы арқылы бағыттап отырғанын айта келіп, Іле үкіметінің шынайы басшысының, қожайынының Іледегі Кеңес одағы консулы болғандығын алға тартады. Міне осы жағдайды көргендіктен Оспан Іле үкіметінен безіп Гоминдаң жаққа шығып кеткен, дейді.

 Сонымен қорытып айтар болсақ, Оспан батыр жəне Іле көтерілісі шетелерде айтарлықтай зерттелген. Сонымен қатар бұл зерттеулерге Оспанның жеке тұлғасынан гөрі, жалпы Іле көтерілісінің арқау болғаны байқалады. Бұл жайында бірнеше докторлық диссертация да қорғалған.

 Оспан батырдың жеке тұлғасына қатысты алғаш докторлық зерттеуді биыл жазда Ыстамбұл университетінде Омар Құл деген түрік азаматы қорғап шықты. Біздіңше бұл осындай

 18 Уаң осы орайда кітабының соңында 1945 жылы жасалған Қытай Халық Республикасы мен Кеңестер одағы арасындағы достық жəне одақтастық жөніндегі келісімге қосымша бір КО Сыртқы істер министрі Молотовтың бір хатының ағылшын тіліндегі аудармасын береді. Онда КО сыртқы істер министрі Үш аймақта Қытайдың толық егемендігі барын мойындап құрметтейтінін айтады. Ванг, 427-бет.

зерттеулердің бастамасы ғана. Бұдан кейін де бірнеше зертте- улер жасалуға тиіс.

 Оспанды толық зерттеу қиын. Өйткені оған қатысты дерек- тер Қытай, Тайван, Ресей, Монғолия, АҚШ, Англия, Қазақстан, Түркия сияқты елдерде. Бұларды игеру үшін қазақшадан басқа қытай, орыс, монғол, ағылшын, түрік сияқты кемінде 6 тіл білу керек.

 Линда Бенсон Оспан батыр зерттеулерінің алдында тұрған кедергілердің бірі оған қатысты материалдардағы тараптылық екенін айтады. Оның пікірінше, Түркиядағы авторлар оны өз өмірін отаны мен халқының тəуелсіздігіне құрбан еткен үлкен батыр деп сипаттама береді. Орыс зерттеушілері болса оны гангстер, бандит ретінде көреді. Бұл көзқарасты Қытай үкіметі де қолдайды. Ал Тайван болса Оспанды коммунизмге қарсы батыл күрескен, өмірін осыған арнаған тұлға ретінде жоғары бағалайды19.

 Сол себепті қазірден бастап болашақ Оспантану саласының ғалымдарын осы кезден даярлай бастау керек. Сонымен қатар əлемдегі Оспанға жəне сол дəуірдегі оқиғаларға қатысты деректерді жинау жəне болашақ ғалымдарды даярлау үшін ар- найы институт ашқан тиімді. Оспан көтерілісі Қытай, Монғолия жəне Түркия мен Еуропа қазақтарының тарихының маңызды бір бөлігі екенін ескергенде, мұндай институттың сонымен бірге шетел қазақтарының жалпы тарихы мен мəдениетін де қамтуы сөзсіз. Сондықтан атын Оспан батыр немесе сол уақыттың ұлы ғұламасы Ақыт қажы атындағы шетел қазақтарының тарихы мен мəдениетін зерттейтін институт десе болғандай. Осы ин- ститут алғашқы жұмысын əлемдегі Оспан батырға қатысты шетелдік ғалымдардың зерттеулерін аударудан бастағаны жөн. Өйткені олармен таныса отыра жаңа зерттеулерге кірісу Оспан батыр тану ғылымының тезірек тереңдей түсуіне жəрдемдеседі.

19 Бенсон, 143-бет.

Зардыхан ҚИНАЯТ, Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының бөлім меңгерушісі,

тарих ғылымдарының докторы. Алматы

МОНҒОЛИЯЛЫҚ ҚАЗАҚТАРДАН ҚҰРАЛҒАН ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ ЕРІКТІ ОТРЯД ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНДА

 1940-1950 жылдары Орталық Азияның шығыс бөлігі: Монғолия. Шығыс Түркістан географиялық аумағында төтенше саяси жағдай қалыптасты. Шығыс Түркістанда өлкедегі халықтардың ұлт азаттығы үшін күрес басталды. Гоминдаң үкіметі көршілес Монғолия шекарасына қарай шегінген ұлт азатшыларының соңына түсіп Монғол шекарасына батысынан қауіп төндіре бастады. Бұл мəселеге бір жағынан КСРО, екінші жағынан Гоминдаңдық Қытай үкіметі жəне Ұлы Британия, АҚШ қатарлы батыс державалары араласып Қытай мен Монғол аралық қатынастар Шыңжан арқылы халықаралық деңгейге көтерілді. Қытайда Мао Цзе Дун бастаған революциялық қозғалыстың бас көтеруі КСРО, оның көсемі Иосиф Сталиннің назарына ілікті. Сталиннің тапсырмасымен КСРО дипломатта- ры мен əскерилері Гоминдаң үкіметімен де, Қытайдың қызыл партизандарымен де келіссөздер жүргізіп, барлау қызметін күшейтті.

 Кеңестер Одағы Монғолия жəне Орталық Азия республи- калары арқылы Шығыс Түркістанда қалыптасқан жағдайларға тікелей араласып, өлкеде орын ала бастаған ұлт-азаттығы үшін күресті революциялық бағытқа бұру арқылы Қытай революционерлеріне Батысынан қолдау көрсетуге əрекеттенді.

Осы мақсатпен Мəскеуде Шыңжандық революционерлер то- бын (Ішінде Монғолияда туған қазақ Дəлелхан Сүкірбаев, қырғыз Ысқақбек Мононов т.б.) дайындықтан өткізді. 1944 жылы қарашаның 12-де Шығыс Түркістан Республикасын жа- риялап, құрамында 16 адам бар ШТР үкіметін құрды. Үкіметті Ташкенттік діни ғұлама Əлихан төре Шəкіров басқарды. Үкімет құрамына жоғарыдағы дайындықтан өткен белсенділердің барлығы да кірді. Үкімет құрамына Монғолия қазақтары ішінен шыққан аса талантты азаматтардың бірі, ол кезде Баян-Өлгий аймағы ішкі істер бөлімінің арнайы қызметкері Құрманхан Мұқамəдиұлы кірген еді.

 ШТР үкіметінің іс əрекетіне бір жағынан Кеңестер одағы, екінші жағынан мұсылмандық идеологияның əсері күшті болды. Аталған екі бағыт, екі идеологияның ара қайшылығы жəне Гоминдаңның жергілікті билігінің түрлі айла-шарғылары салдарынан бұл үкімет ұзақ жасай алма- ды. Оспан Исламұлы ШТР үкіметін əуел бастан мойын- дамай ұлт-азаттығы үшін күресін одан ары жалғастыра берді. Оспанның бұл əрекеті КСРО басшылығының назары- нан тыс қалмады. Бүгінгі конференция осы тұлғаның өмірі мен күрес жолына арналып отырғандықтан мен тарихшы ретінде тұлға жайлы өз пікірімді айта кетуді жөн көрдім. Оспан Исламұлы Шыңжанда мұсылмандық тұрғыдағы тəуелсіз қазақ мемлекетін (хандығын) құруды басты мақсат тұтты. Бірақ Оспанда бұл мемлекетті қалай құру, кіммен одақтасу, кімдерге қарсы тұру керектігі жайлы нақты стра- тегия, тактика болмағандықтан күрес жолы аса шытырман оқиғаларға толы болды. Оның ерліктерге толы өмір жолын- да да қайшылықтар көп болды. Ол ШТР үкіметін мойында- мады. Алтай аймағын бір жылға жуық уақыт басқарып, оны да тастап кетті. Кейінірек Гоминдаң жағына өтіп, қызыл қытайлардың қолынан қаза тапты. Оспанға ерген көп адам, қандыбалақ серіктестері қаза тапты. Қайсыбірі тағдырдың тауқыметін тарта жүріп ел-жерінен ауып кетуге мəжбүр бол- ды. Оспанның алға қойған мақсаты игі болғанымен орында- луы мүмкін емес болатын. Сондықтан КСРО да, Гоминдаң үкіметі де жəне басқадай күштер Оспанның күшін уақытша пайдаланып, кейін оны барар жер, басар тау қалдырмай өз

бетімен тастап кетті. Сондықтан оның өмірі мен іс əрекетін бір жақты асыра мақтаудың да, жоққа шығарып, қаралаудың да қажеті жоқ. Оспан Исламұлының өмірі мен күрес жолы тарихтың аса салихалы, салмақты қорытындысын қажет етеді. Оспанды Монғолия арқылы Кеңестер одағы да уақытша пайдаланды. Кеңестер одағы басшылары Оспан бастаған көтерілісшілерді қолдап Гоминдаңға қарсы қойып, революциялық бағытқа бет бұрғызу, тіптен болмағанда оны бейтараптандыру дұрыс деп тауып И.Сталин бұл міндетті МХР-ның премьер-министрі маршал Х.Чойбалсанға жүктеді. И.Сталин осы мəселе бойынша Х.Чойбалсанды 1944 жылы

15 ақпанда Кремльде қабылдап жоғарыдағы мақсатты іске асыру жолдарын талқылады. Оспанға көмектесу үшін қажетті қару-жарақ (400 винтовка, 200 автомат, 30 пулемет, 5 дүрбі жəне 4000 винтовка оғы) арттырып, əскери мамандар мен барлаушы топтарын Монғолияға аттандырды.

 Дипломатиялық, барлаушылық, үгіт-насихаттық қыруар іс əрекеттердің негізінде Маршал Чойбалсан Оспанмен рес- ми түрде екі мəрте жолығып, қазақтардың азаттық күресін қолдайтынын мəлімдеп Оспанға Сталиннің көмегін өз аты- нан табыс етті. Х.Чойбалсан азаттық үшін күресте тек қару жарақ қана емес, адам ресурсымен көмектесетінін жеткізді. Бұл оқиға тіптен 1939 жылға дейін отан алдында əскери борышын өтеуге шақырылмай келген біздің қазақтардың Монғолияның əскери ісіне араласуына жаңа мүмкіндік туғызды. Қазақ жігіттері əскери училищелерге шақырыла бастады. Əскери бас команданың 1944 жылы наурыздың 4 күні қабылдаған №25 ар- найы қаулысы бойынша құрамында 982 адамы бар қазақ ерікті атты əскер тобы құрылды (1). Əскери топ Қобдадағы «ІҮ атты əскер полкі» жанында жасақталды.

 Х.Чойбалсан Оспанға берген уəдесін орындап, қазақтың ұлт-азаттығы үшін күреске өз үлесін қосу мақсатында жоғарыда аталған əскери топта əскери өнерге жатылған қазақтардың негізінде 1944 жылы көктемде Монғолиядағы қазақ жігіттерінен жасақталған «Интернационалдық ерікті партизандар отрядын» құрды. Отряд қару-жарақ асынған 462 адамнан құралды (2). Отряд өз ішінен əскери екі топқа бөлінді. Құрамында 200 адамы бар І топты Монғолияның

саяси-қоғам қайраткері Шымшырұлы Ноғай, құрамында

262 адамы бар ІІ топты ол кездегі Баян-Өлгий аймағы əкімшілігінің бастығы Бəжіұлы Қаби жəне Қалқабайлар басқарды. Əскери топтың бас жетекшілігіне Ш.Ноғай, əскери комиссары болып жоғарыда аты аталған Құрманхан Мұқамəдиұлы тағайындалды. Бұл Монғолияны мекендеген қазақтар үшін үлкен оқиға болатын. Отряд туралы:

«Ұмтыл жолда талаптан, Қаhармандай қайраттан. Қаби, Ноғай бастаған, Партизан шықты қазақтан»

 делінетін əн шығарылып, əн салт атты қазақ отрядының маршына айналады. Отряд сол жылы жаздың бастапқы айын- да ол кезде Оспан көтерілісшілерінің қолында болған Шіңгілге барып орналасты. Отряд Оспан бастаған көтерілісшілердің құрамды бөлігі саналды. Отрядқа қатысушы қазағын да, уриан- хай, монғолын да қазақша киіндіріпті. Отрядқа Монғолияның шекара əскери тобының басшысы генерал Мажиг (Дорж) əскери нұсқау, кеңес беріп отырды. Кейін генерал полковник, МХР Қорғаныс министрі, Монғолияның батыры атағына ие болған осы азаматпен бір іс-сапарда бірге болып əңгімелескенімде ол кісі: «Мен Оспанның үйінде бірнеше рет болдым, өзіміздің əскери отрядқа барғанда қазақ шапан киіп, күміс белбеу буы- нып төбесіне үкі таққан пұшпақ тымақ киіп баратынмын» деп отыратын еді.

 Партизан отряды Алтайда бір жарым жыл уақыт болып Оспан көтерілісшілерімен бірлесіп жəне жеке 11 реткі əскери операцияларға қатысады. Соның ішінде Көктоғайда болған үш шайқас, Сарытоғай, Бурылтоғайды азат ету үшін шайқас, Алтай аймағының орталығы Сарсүмбені азат ету үшін болған шайқастар көлемді əскери қимылдардың қатарына жатады. Тек Сарсүмбе шайқасы кезінде Кəртеңбай, Алтай сомондық Жаңбырбай қатарлы 8 адам мерт болып 5-6 адам жарақат ала- ды. Осы жолғы шайқаста көрсеткен ерлігі үшін руы шимойын найман Ақкөлдік Кəртеңбайға қайтыс болғаннан кейін «Алтай халқының қаhарманы» атағы беріледі (3).

 Монғолияда құрылған қазақ партизан отрядының ерлік жолы туралы Монғолияның əскери мұрағаты, отряд басшысы Ноғай Шымшырұлының «Қырандай қия шыңда шарықтадым» атты естелік кітабы жəне отрядта болған кейбір жауынгерлердің естелігінен айқын көреміз. Бұл туралы материалдар 2006 жылы

«Дайк пресс» баспасынан жарық көрген «Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері. Деректемелер мен мұрағаттық құжаттар. ІІІ том.» атты еңбекке енді. Солардың кейбірінен үзінді келтіріп көрелік.

 Отрядтың командирі Ш.Ноғайдың оққағары əрі атқосшысы болған Ақмəлікұлы Лүдəрін былай дейді. «Нелер қиян-кескі шайқастарға қатыстық. Бірде Нөкеңнің (Ноғай) құла аты оққа ұшты. Оқтың ортасында қоршауда қалдық. Атымнан түсіп, оған Нөкеңнің мінуін талап еттім. Мінгесейін десем оқ, сайман жүгім ауыр. Нөкең мінген аттың құйрығынан ұстап, шапқан аттың екпінімен құстай ұштым. Қоршаудан құтылдық» дейді. Өз естелігінде Нөкең де мұны растапты (4).

 Майор Əбілмəжін Шөмеұлының естелігі де партизан отрядының жауынгер жолы жайлы көп мағлұмат береді. 8-айда дейді естеліктің авторы: «Тілеухан, Лүдəрін, Аятхан, Мəңкей, Сейітжағыпармен бірге Шонжыдан азық əкеле жатқан жау взводымен соғысып 80 түйе, 24 қап күріш, 40 винтовкасымен қолға түсіріп, Дəлелхан полкына өткеріп бердік» дейді (5). Тағы да осы естеліктің жалғасы «1944 жылы 12-айдан 1945 жылы 5-айға дейін Давсан Түнх, Сарытоғай, Көктоғайдағы жаудың үш базасын Шонжыдан бөліп тұру міндетін атқардық. Жаудың 5 автомашинасы мен 100- ден астам əскерін жойдық. Дотор Ха- раада болған шайқаста мен пулемет оғымен жаудың зеңбірегін жойдым. Жаудың 100 əскерін өлтірдік, бізден 2 адам қаза бол- ды» деп жазады. Бір жыл жарым уақыттың ішінде мұндай оқиғалар өте көп болған.

 Осы отрядтың қатарында болған қарт жауынгер Тотила ақсақал маған мынандай оқиға туралы айтқан еді. 1945 жылы көктемде Көктоғайда болған күрделі шайқас кезінде 12 атқа оқ тиіп, бір адам өліп, 11 жауынгер жаяу қалып жаудан əзер құтылып топқа қосылғанда комиссар Құрманхан Мұқамəдиұлы борап тұрған жау оғының астында өлген атының үстіндегі ер-тоқымының айылын қиып жіберіп, жүгенін сыпырып ер-

тоқымын алып келіпті. Басқалары 2-3 күн ер-тұрман жетіспей қиналып жүрді. Құрманхан жас болса да нағыз жалын еді деп отыратын марқұм.

 Бұл күрес оңайға түскен жоқ. Соғыс кезінде Кəртеңбай, Мұхамет, Абай, Мəжит, Рахат, Бағай, Мамырхан, Лувсандаг- ва, Қатыран, Семейхан қатарлы 20-дан астам азамат қаза тау- ып, 30-дан астам жауынгер жарақат алыпты. Отряд командирі Ш.Ноғайдың айтуынша «Отряд жаудың 1000-нан астам əскерін жойып, 5000-нан астам винтовка, 11 пулемет, 20 мыңнан астам оқ, 14 слет мылтығы, 150-ден астам түйе, 7 автокөлік, азыққа арналған 300-ден астам өгіз т.б. заттарды олжалап, жаудың 12 адамын тұтқынға алған» екен (6). Күресте көрсеткен ерлігі үшін жауынгер Кəртеңбайға «Алтай халқының қаһарманы» атағы беріліп, С.Тұрғынбай «Алтын жұлдыз», Лувсанвандан

«Майдан даңқы», Нұқ, Əбілқас, Татандар «Алтын жұлдыз» орденімен, Төлеухан, Базанайлар «Майдан» медалімен мара- патталып, отрядтың барлық мүшесі Оспан мен Сүкірбаевтың алғыс хатына ие болады.

 Монғолия қазақтарының интернационалдық отряды осы- лайша аса қиын жолдардан өтіп, алға қойылған міндеттерін ойдағыдай орындап шықты. Алтай аймағының құрылуына үлес қосты. Алтай аймағының губернаторы Исламұлы Оспан, Алтай қазақ полкінің қолбасшысы, подполковник, кейін генерал гу- бернатор болған Дəлелхан Сүкірбайұлы өз қолымен 1945 жылы

13 қазанда жазған алғыс хатында Ш.Ноғай бастаған қазақ отрядының көрсеткен қызметін жоғары бағалап, шын жүректен ықылас білдіріп командирлеріне түрлі сый-сияпат ұсынып еліне шығарып салыпты.

 Иə сырттай қарағанда бұл оқиға бір елдің екінші елге, қазақтың бір тобының екінші бір тобына шын ниетпен көрсеткен көмегі сияқты болып көрінеді. Отрядқа қатысып үкіметінің тапсырмасын адал орындап жүріп қаза болған, жарақат алған, алмағандардың еш кінəсі жоқ еді. Оспан да Монғолия үкіметінің бұл көмегін шын ниетімен қабылдап, оларға алғысын білдірді. Бірақ бұл оқиғадан қазақ ештеңе де ұтқан жоқ, керісінше тактикалық жағынан ұтылды. Тек Кеңестер одағы ұтты. Олар Оспанның алға қойған мақсаты орындалуы мүмкін еместігін біле тұра, оның қолына қару-жарақ беріп Гоминдаңға қарсы

айдап салу арқылы Оспан қолын бейтарап жағдайға келтіріп: Біріншіден, Ресейдің одақтасы Монғолияның батыс шека- расын тиыштандырды. Екіншіден, Шыңжандағы Гоминдаң үкіметінің күшін əлсірету арқылы Қытай революциялық арми- ясы 1949-1950 жылдары Шыңжанға қарсылықсыз келіп кіруіне жол ашты. Шыңжанда Қытай революциясы жеңіске жеткеннен кейін Оспан іс жүзінде əлеуметтік тірегінен айырылып бей- берекесіз құбылысқа айналды. Оның ақыры Оспанның тек өз басынын ғана емес, халқының трагедиясымен аяқталды.

Əдебиеттер:

  •  Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері: ІІІ том. Дерек- темелер мен мұрағаттық құжаттар. «Дайк-пресс», 2006, 126-б:
  • МАХН-ын мұрағаты 32-ф, 43, 8-б;
  • Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері. ІІІ том… 130-б;
  • Ол да сонда. 118-б;
  • Ол да сонда. 128-б;
  •  Ноғай Шымшырұлы. Қырандай қия шыңда шарықтадым. Өлгий, 1998. 47-б;

Тұрсынбек КƏКІШҰЛЫ, Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы,

профессор, академик. Алматы

НОҚТАҒА БАСЫ СЫЙМАҒАН

 Қазақ халқының азаттық аңсаған күресі ғасырлар бойы толастамаған. Соның нəтижесінде ерлігін қанымен жазып, ел есінде есімі мəңгілік сақталған айтулы тұлғалар дүниеге келді. Əне сондай боздақтардың бірі, орыс пен қытай арасын- да ат ойнатқан əйгілі қолбасшы, Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Оспан батыр Исламұлы.

 Оспан батыр біздің заманымызда өмір сүргеніне қарамастан, қайталанбас ерлігімен, өзіне тəн өрлігімен есімі аңызға айналған тұлға. Бұл бүгінгі тарих мойындаған ақиқат.

 Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестерде асқан ерлігімен көзге түсіп, Абылай ханның сенімді серігіне айналған əйгілі қолбасшы Ер Жəнібек батырдың елінен бүгінгі ел аңызға айналдырған Оспандай оғыланның туылуы кездейсоқтық емес. Арада екі ғасырға таяу уақыт өткенде ел мен жердің азаттығы үшін ұрандап атқа қонған Оспан батырдың Ер Жəнібектің ақ туын көтеріп, «Жəнібектеп!» жауға шабуының өзі көп сырды аңғартады.

 Жан-жағынан анталаған қалың жауға қарамастан, көзсіз ерліктерге барған Оспанның айдауға жүрмей, айтқанға көнбей дегенін істеуі оның табиғатына сай мінезі болса керек. Жалпы сон- дай өр, бірбеткей мінезімен керей елінің көп жағдайда басқаның қолтығына сия бермейтінінің талай мəрте куəсі болып келеміз.

Тағы бір ашып айтатын əңгіме, Оспан батырдың өмірі мен

ерлік-күрестері туралы тарихшылар жақсы біледі. Əсіресе, Қытайдан, Монғолиядан келген бауырластарымыз осы тұрғыдан көптеген ізденістерге барып, зерттеулер жасады. Дей тұрғанмен, осы зерттеушілеріміздің Оспан батыр туралы бір байламға келе алмай, əр түрлі пікірлерде болғандары бізді ойлантады. Əрине, бұл көзқарастың қалыптасуына, кезінде өз мүддесіне жеңдіру үшін Қытай саясатының салқыны тигені ай- дан анық. Құдайға шүкір, тəуелсіз ел болдық қой, өшкенімізді жандырып, кеткенімізді қайтаратын уақыт жетті емес пе. Сондықтан, келешек ұрпақ адаспас үшін, Оспан батыр өміріне байланысты нақты тарихты айқындап, бір адам турасындағы шынайылықты көрсеткеніміз жөн. Сонда ғана Оспан ба- тыр өмірі мен ерлігінен енді ғана хабардар бола бастаған біз бағдарымыздан жаңылмаспыз.

 Қазақ халқының азаттығы үшін күрескен Оспан батырдың Қытай елінде ақталып, əлі күнге саяси мəртебесін алмағаны өкінішті. Сондай қарсылықтар мен кедергілерге қарамастан Оспан батырды қазақ елінің қайталанбас тұлғасы есебінде ұлықтап, жас ұрпақ санасына ерлік өнеге сіңіретін осындай елдік шаралар ұйымдастырып жатқаны құптарлық жəйт. Бұл бастаманың ұзағынан болғанын қалаймын.

 Шетелдегі қандастарымыздың қайғы-қуанышын бөлісіп, олардың өзіне тəн қалыптастырған салт-дəстүрін, əдет- ғұрпын, мəдениеті мен əдебиетін, тарихын кеңінен насихаттап көрсетуді елдігіміз есебінде түсінетін кез келді. Кеңес үкіметі саясатының санамызда қалған сарқыншағының салдарынан шетелдегі қандастарымызды кезінде жан сауғалап қашып кет- кен, еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін келіп жатыр дейтін то- лып жатқан кейісті ойдағы ағайындарымыз жоқ емес. Ондай əңгімелерді естіп те жүрміз. Бұл өз бауырын өзекке тепкен ба- рып тұрған сорақылық. Құдай-ау, үш қазақтың біреуі шетелде өмір сүріп жатқан жоқ па?! Олардың маңдайына жазған тағдыр талайы солай болды. Ал, ел болып кереге жайғаннан кейін өз мекенінде өз қазағыңды сыйдырмау қандай масқара! Ондай болса елдігіңнен не қайыр, кеңдігіңнен не пайда?!

 Барлығы да қазағыма болсын деген пиғылдан айтылып жатқан ой, бабалар ерлігі балаларымызға жұғысты болсын, ағайын!

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ,

 Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың

иегері, Алматы

КӨРКЕМ ƏДЕБИЕТТЕГІ ОСПАН БАТЫР БЕЙНЕСІ

 Оспан батырға менің де азды көпті қатысым бар еді, сол туралы айтсам ба деймін. Жаңа Тұрсекең сөзінде айтты ғой, шекараның ар жағындағы бұ жағындағы қазақтар бір-бірімізді біле бермейміз деп. Сол əрқашан алдымыздан шығады. Жалпы мынау əдебиетшілер, əдебиет сыншылары, əдебиеттанушылар менің творчествомды зерттегенде диаспора тақырыбын, шетелдегі қазақ тақырыбын қазақ əдебиетіне алғаш алып кел- ген жазушы деп есептейді. Оған себеп болған сонау 70-ші жыл- дары жазылған «Соңғы көш», 80-ші жылы жазылған «Тағдыр»,

«Атамекен» одан басқа да шығармаларды айтатын болу керек.

 Сол «Соңғы көш» романының 1-ші томын мен осыдан қырық жыл бұрын, 70-71-ші жылы жаздым. Уақиға негізінен Тарбағатай, Шəуешектің маңайында өтеді. Бірақ сол заманды, сол уақиғаларды айта отырып, Оспанды тастап кету, оны айна- лып өту мүмкін емес еді. Мен шығармамда Оспанның жүрген жерлерін оның оқиғаларын тікелей суреттемеймін. Ол менің принципімде жоқ. Менің творчествомда жалпы бір оқиғаны жазу үшін – соның жүрген жолын, тау-тасын, өзен-көлін, қыл аяғы шөп-шөңге, қараған-бұтасына дейін көріп алып жаза- мын. Сырттай тон пішуге мен өзім қарсымын. Соңдықтан мен Оспан батыр туралы қалай болса солай жазуға барма- дым да, бірақ романға тараулар енгіздім. Менің бір кейіпкерім бар – Нартай батыр деген. Ол Оспанның қоластында бірге

соғысады. Сол арқылы шығармадан Оспанға терезе аштым да, Нартайдың тағдыры арқылы Оспан оқиғасы суреттеледі. Ро- манда Оспанның соңғы тергелуі, абақтыдағы қолға түскен кезі, атылар алдындағы сəттер көрінеді. «Соңғы көшті» жазған кез- де «Жазушы» баспасында жұмыс істесем де, кітапты шығару қиын болды. Кітапты жарыққа шығару үшін ең бірінші билік айтатын жер Қазақстан Компартиясының орталық комитеті, со- дан кейін Республикалық КГБ-ның бас кеңсесі, одан кейін Ғылым академиясы. Сондықтан романды 4 дана бастырып, баспа жаңағы аталған жерлерге арнайы хатпен жіберді. Осы кітапты басуға бола ма əлде жоқ па, төрелігін айтыңыздар деп. Сонда осы «Соңғы көшке» төрелік айтатын ешкім табылмады ғой, сенесіздер ме? Осыдан не бəрі 39-40 жыл бұрын болған уақиға. Бəрінен хат келді. «Біз шығарманың көркемдігінде да- уымыз жоқ, мініміз бен сынымыз да жоқ. Бірақ сондағы са- яси ахуал, ондағы кейіпкерлердің тағдыры туралы айта ал- маймыз. Өйткені бізде оны айтатын маман жоқ»,– депті. Та- рих, əдебиет институты да осылай жауап беріпті. Орталық ко- митет те жауапкершілікті мойынына алғысы келмеді. Олардан да жай сипай қамшылаған жауап келді. Оған қарағанда КГБ маған көмек беретіндей жауап айтыпты. «Қазақстанда мұндай шығармаға төрелік айтатын шама жоқ. Сіз шығармаңызды Мəскеудегі Қиыршығыс деген институтқа (яғни Институт Дальный Востокқа) жіберіңіз, онда жапон, қытай, вьетнам ту- ралы зерттейтін мамандар бар. Солар ғана бұл шығармаңыздың ақ-қарасын айырады» деген соң, амал жоқ дереу орысшаға ау- дару керек болды. Төлеу Шаханов, Ғаббас Жұмабаев деген орысшаға жүйрік аудармашыларға жолма-жол аударма жаса- тып, 2-3 айдың ішінде институтқа жібердік. Сол кездегі Жазу- шылар Одағының басшысы Əнуар Əлімжанов арнайы хат жа- зып жіберді. 4-5 айда жауап келді. Жақсы жауап келді. «Роман өте қажет, актуалды, саяси жағынан ешқандай бұрмалаушылық жоқ, қазіргі Қытай саясатын, Қытай шындығын өте нақты көрсеткен» депті. Осы жауап келген соң ғана баспалар мен журналдардың беті бері қарады. 1973 жылдың күзінде

«Жұлдыз» журналының 9-10-11 сандарында жарық көрді. Ол кезде «Жұлдыз» журналының бас редакторы – табанының бүрі бар Шерхан Мұртаза болатын. Ол кезде журналдың та-

рижы 196 мың данамен тарапты. Сөйтіп, «Соңғы көш» менің атымды бірден көкке көтерген шығарма болды. Менің өзімнің топырағым жеңілдігінен бе, менің үстімнен дүркін-дүркін арыз жазып тұратын штатты арызқойларым бар. Кейінгі кезге дейін соңымнан қалмай келе жатыр. Солар романды «Жұлдыздан» оқи салысымен КГБ-ға, Бас цензураға арыз жазған. Сон- да не деген дейсіздер ғой «Қабдеш Қытайдағы Оспан банды- ны жағымды кейіпкер қылып суреттейді жəне Башпай де- ген шіріген байды да оңды адам қылып көрсеткен. (Кезінде Тарбағатайдың уəлиі Башпай, Алтайдың уəлиі Осекең болған ғой). Енді цензурада отыратындарды білесіздер. Роман кітап болып беттеліп тұрған жерінен өндірістен алынып тасталды. Ақыры адам салып жүріп, аталған екі кісінің атын өзгертейік, сонсоң кітап болып шықсын дегенге келтірді ғой. Жəне текс қайта терілмеу үшін адам аттары 5-6 əріптен аспайтын болсын деп тапсырды. Сонан соң, амал жоқ, Оспанды – Қосай, Баш- пайды – Жасыбай деп өзгерттім. Содан кейін ғана «Соңғы көш» жарыққа шықты. Əрине, кейінгі басылымдарда адам аттарын қалпына келтірдім. «Соңғы көш» 80-ші жылдары орысша «По- следнии кочевия» деген атпен, 100 мың тиражбен екі рет басы- лып шықты. Бүкіл Ресейлік кітап базарына түсті. 80-ші жылы Түркияда Хасан Оралтайдың аудармасымен 1-ші томы «Көштен соңыра» деген атпен Ыстамбұлда басылып шықты. Сөйтіп, бұл роман халықаралық таралған кітап болды. Осекеңнің аруағы, басы даулы болса да, мені де біраз жерге сүйреп шығарды ғой деймін.

 Бүгінгі жиналыс керек жиналыс. Бұл Осекең үшін емес, осы халыққа керек. Біз батыр бабаларымыздың əруағын сый- лап, соларға тағзым етіп, бір сілкініп алмасақ болатын емес. Кейінгі кезде қазақтың иығы түсіп кетті, жігері құм болып кетті. Ешкімнің бетіне ажырайып қарай алмайтын дəрежеге жетті. Қазір осындағы кірме біреулерге ажырайып қарасаң,

«ажырайып қарады» деп соттатып жібереді. Тəуелсіздік алған кезде, азаттыққа жеткен кезде. Мен Оспан батыр туралы толық шығарма жазған жоқпын, ал толық роман жазған адам марқұм Жақсылық Сəмитұлы. Ол үлкенді-кішілі 4 кітаптан тұратын

«Сергелдең» романын жазды. Ж. Сəмитұлы тəуелсіздік алған алғашқы жылы-ақ Қытайдағы зейнетақысына да, жағдайына

да қарамай көшіп келген болатын. Сонда марқұм айтатын еді,

«мені Қазақстанға асығыс алып келген «Сергелдең», Осекең» деп. «Егер мен Қытайда жүрсем Осекең туралы бір ауыз сөз жаза алар ма едім. Осы жаққа тек Осекең туралы жазайын деп келдім. Осы кітапты бітірсем арманым жоқ», деуші еді, сол арманына жетіп кетті. Тағы бір айтайын дегенім, Оспан батырдың атындағы қор болсын, басқа болсын, сол Жақсылық Сəмитұлының Оспан туралы кітаптарын мол тиражбен қайта шығару мəселесін ойластырулары керек. Осында бір жігіттер 5 томдығын шығарамыз деп маған Алғысөз жаздырып алды. Бірақ шыққан кітапты əлі көрген жоқпын. «Алтайдың ақ иығы» деген атпен алғысөз жазып беріп едім.

 Ескерткіш тастан да, қыштан да салынады, ең мықты ескерткіш ақ қағазға басылған, қаламнан туған ескерткіш деп білемін. Осекеңнің батырлық бейнесі біздің əдебиетімізде жа- сала беруге тиіс. Рахмет!

Тұрсын ЖҰРТБАЙ, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Астана

«ӨМІР ІШІНЕН – ӨЛІМ,

ӨЛІМ ІШІНЕН ӨМІР ІЗДЕГЕН...» ЖАНКЕШТІЛЕР

 Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысы туралы біз құрастырған үш томдық басылымның барысында əр қоғамның, əр ұлттың, əр мемлекеттің, əр түрлі көзқарас иелерінің мүддесін, қарама-қайшы пікірлер мен тұжырымдардың барлығын қамту, əрине, мүмкін болмады. Алайда «ұмытылған мемлекеттің тари- хы» туралы қазақ, қытай, орыс, татар, ұйғыр, монғол, ағылшын, түрік, өзбек, қырғыз тілдеріндегі зерттеулер мен мақалаларды, естеліктерді, мұрағат деректерін оқып шығып, басылымға іріктеп дайындау барысында жəне аяқтау тұсында, іздеген сұрақтарға жауап алудың орнына, қосымша жəне бұрынғыдан да терең əрі талқылы сұрақтар көңілімізде ұялап қалды.

 Бүгін елеусіз көрініп, ескерусіз қалғандай көрінген Шығыс Түркістанға қатысты геосаяси мəселені түптің түбінде Қазақстанның шүйіле зерттеуіне тура келетініне еш күмəнім жоқ. Осы өлкедегі ұлт-азаттық көтерілісіне тікелей ықпалы мен қатысы болған Қытай, Ресей, Америка, Жапон, Монғолия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Индия, Пəкістан, Түркия мемлекеттерінің де саяси көзқарастары қорытылып, 1945 жылғы Америка, Англия, КСРО – үштігі мен сол жылғы 14 тамыздағы КСРО мен Қытайдың Жиаң Кайши үкіметі арасындағы келісімдерінен бастап, 1949 жылғы ұлт көсемдерінің ұшақ апа- тынан қаза табуына дейінгі аралықтағы талай құпиялардың

ашылатынына сенемін. Өйткені тарихтың шығыршығы бұл оқиғаны еске түсіретіндей кеңістікке заманнан заман озғанда қайта айналып оралатыны анық.

 Ал көтеріліс туралы жазбалардың күрделі де ауыр, жауапсыз сұрақтарды маған ұсынуы заңды еді. Түйсікпен түйгенімнен көрі астарлы мағыналар көбейіп кетті. Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтерілістің шығу себептері, қарулы көтерілістің тууы, дамуы, азат республика атануы, ұлттық армияның құрылуы, оның жеңіске жетуіне дейінгі қозғалыстың барысы түсінікті. Нұрғожай батыр жазғандай:

 «Кейбір ағайындарымыз болса: «Көтерілістің басы дұрыс еді. Аяғы қате болды», – деседі. Расында да, көтерілістің басы дұрыс əрі ғылыми еді. Оның аяғын кім бұзды?» (Азаттықың өшпес рухы. А Сардар 2008, 130-бет).

 Жауабы тылсым сұрақ. Сондықтан да мен тарихи оқиғаға төрелік айтпаймын. Тек қойылған мəселелер мен ол тура- лы деректерді қайталай еске сала отырып, оған жауапты əр адамның өз жүрегінен іздеуін өтінемін.

 Шығыс Түркістан Республикасының президенті Əлиханның бір түнде қолды болып кетуінен басталып, Оспан Исламұлы мен Қалибек Райымбекұлының, Тəкіманның ұлттық май- данды азаматтық соғысқа айналдыруы, республика туының жығылуы, көсемдерінің апатқа ұшырауы, кейінгі кезеңдегі сая- си қудалаулардың түпкі астары – мен танысқан он томға жуық зерттеулерде де толық ашылмапты. Алтайдағы көтерілістің отызыншы жылдардың соңында ұшқын атқаны белгілі. Ал Нылқыдағы ұлт-азаттық қозғалысының басты ұйытқысын Нұрғожай батыр:

 «Ресей 1944 жылы 7 қараша күні Құлжаның Нылқы ше- карасынан қазақстандық Əнуар полковник бастаған 2 000 армия адамын (əскерін – Т.Ж.) жасырын өткізді Осыдан кейін Ресей үкіметі бандит Шың Шысайдың орнына келген У Жушиге: «Бізден 2 000 адам қашып өтті. Олар соғыстан қажыған əрі қашқан отан сатқындары, қылмысты эле- менттер еді. Осы адамдарды ұстап беріңіздер, – деп та- лап етті. Бұл не деген ептілік! «Құлжа қозғалысы» дейтін қозғалыс, міне, осы» (сонда, 125-бет), – деп көрсетеді.

Мəселе, қай аймақта қозғалыстың бірінші басталуын-

да емес, оның бастапқы себебінде. Бұл уəж сол естеліктегі Дəлелханның Оспанның жасағына қосылғанда айтқан:

«Кеңес үкіметі мен Монғолия үкіметі:

 – Шынайы көмек қыламыз. Жаң Жиешы (Жиаң Кай- ши – Т.Ж.) көп ұзамай жеңіледі. Қытайдағы ішкі соғыстар өте көп. Олар осындай əлсіз болып тұрған кезінде қозғалыс бастап, Шығыс Түркістан да Монғолия сияқты ел бо- лып кетіңдер»,– деп үгіттеді. Ішкі-сыртқы саясаттарыңды Монғолия сияқты өздерің біліңдер» – деген пікір айты- лып еді (сонда, 153-154-беттер)», – деген сөзінде тарихи шындықтың шыжымы жатыр.

 Жалпы алғанда, мұнда айтылған толық тəуелсіздік мəселесі түсінікті. Бірақ та КСРО, Англия, АҚШ, Жапон жəне Жиаң Кайши мен Мао Цзе Дун бастаған Қытай үкіметтерінің əскери, саяси, экономикалық үстемдік пен қысым жағдайында, солардың империялық мүддесіне орай шайқалып саяси сақнаға шыққан Шығыс Түркістан Республикасының өмір сүруі мүмкін бе еді? Егерде: 1945 жылғы 14 тамыздағы Ста- лин мен келісіміне дейін жəне одан кейінгі екі жылғы өліарада Оспанның қосыны мен Шығыс Түркістан армиясы өзара төрт жыл қатарынан қақтығыспай, бір майданды бетке алғанда, мейлі социалистік жолға түссін, бəрібір, Шығыс Түркістан тəуелсіз де тиянақты мемлекет құрып үлгерер ме еді? «Біріккен ұлттар ұйымының қарарына сəйкес Ресей, Америка, Англия, Қытай мемлекеттерінің сыртқы істер өкілдері 1945 жылы 3 қарашада Манас өзеніне кеп ту тікпесе» (сонда, 131-бет), шара- сыз күй кешкен саяси тосқауыл қойылмаса, мүмкін еді ғой – де- ген дəмелі ой мені қатты мазалап, соған жауап іздедім.

 Өзгені былай қойғанда, үш күн соғысып, Шихуды таңға қарай алған кезде, қоянқолтық щайқастан штабқа шақырылған подполковник Жағда Бабалықұлының айтуы бойынша, 1945 жылы 8 қыркүйекте таңғы сағат 8-де соғысты тоқтату тура- лы бұйрық жарияланыпты. Сол кезде ұлт-азаттық армиясының командирлерінің біразы өзін-өзі атып өлтіріпті, алғы шептегі жауынгерлер мылтықтарын тастай салып, мəңгірген күйі ен далаға кетіп қалыпты. Олардың дені кеңестік əскери кеңесшілер екен. Егерде шұғыл түрде кеңес мамандары мен ауыр қару бір түннің ішінде кері əкетілмегенде, ашынған жауынгерлердің

бетінен қайтпайтындай, бұйрыққа бойсынбайтындай сыңайы байқалған. Сол кездегі қоғамдық көңіл-күйдің тұрақсыздығын осыдан-ақ байқауға болады.

 Шығыс Түркістан Республикасының аты – «Үш Аймақ төңкерісі» деп өзгертілуі, үкімет төрағасы Əлиханның ізім-қайым жоғалуы, ұлттық-азаттық армиясының 30 мың жауынгерінің 25 мыңға жуығы қазақ болса да басшылардың, ар- мия қолбасыларының басқа ұлт өкілдерінен тағайындалуы, Гоминдаңмен келісімге баруы, онда тек ұйғыр автономиясы, ұйғыр тілінің Мемлекеттік тіл ретінде кəдеге асуы, Ішкі армияның құрамын есепте жоқ ұйғыр полкі ретінде жасақтауға ұмтылуы, əрине, майдандағы жанкешті соғысты басынан кешіп жүрген офи- церлер мен майдан командирлеріне күмəн туғызып, күдік ұялатты. Бір қазақты бір қазаққа қырғызып қойып, өздері саяси саудада жүргендей əсер де қалдырды. Əсіресе, сондай бір өзара шайқастан соң құрбандардың өлігін көргенде түңіліп тұрып: «Біз күткен азаттықтың сыбағасы осы ма еді? Ертең осылардың орынында біздің өзіміз қырылып жатпаймыз ба? Бізді де күтіп тұрған осы болмасын. Осыларға қосылып кетсек қайтеді?», – деген Балқаш Бафин сияқты офицерлер де болды. Кейін бұл «Жеті полковниктің ісі» деп аталып, олардың барлығы да жазаға тартылды. 1947 жылы Жағда Бабалықұлы сияқты майдан командирінің өзі Оспан мен Қалибекке іш тартқаны үшін сегіз ай түрмеге қамалды.

Тарихтың өзі берген мүмкіндікті пайдалана алмаған

«ұмытылғанмелекеттің»өзтарихындағы400-гетарта көтерілістен сабақ алмаған бұл қандай ұлт-азаттық қозғалысы? Шет елде ағылшын тілінде жарияланған Томас Лайэрдың

«Тибеттен бет алғанда», профессор Линда Бенсонның «Іле көтерілісі», «Қытайдың соңғы көшпенділері» жəне Жеймс Милвардтың «Тоғыз жолдың торабындағы Еуразия» атты еңбектерінде де бұл мəселе бір мүдденің тұрғысынан қамтылыпты. Ал Хасан Оралтай «Елім-айлап өткен өміріндегі» пайымдауларында: «Бұл Оспан батырдың жəне дəл соған мезгілдес Қалибек Хакімнің тəуелсіз Шығыс Түркістан үкіметінен емес ... «Үш Аймақ үкіметінен» іргені аулақ са- лып, коммунизмге қарсы күрес бастауы еді. ... Бұл арада ол бұрынғы жауы Гоминдаң үкіметімен ымыраласуға да мəжбүр болды», – деп мəселеге басқаша баға береді.

 Əңгіме «коммунизмде» ғана ма? Тарихи тағылымдарға қарағанда Оспан үш жақты арандатуға түскен. Гоминдаң əскерінің бас қолбасшысы Сүң ши ланның «Бəйтік оқиғасының нақтылы жағдайы мен жарияны» атты естелігіне жүгінсек, Оспанның Шығыс Түркістаннан қол үзуінің басты себебі:

 «Екі түрлі көзқарас, екі түрлі мақсат ымыраға келмейді. Ол екі түрлі қайшылыққа айналды. Құлжа жақтың (Шығыс Түркістанның – Т.Ж.) талабының көп болуы, оның үстіне кейбір негізгі мəселелерге (Гоминдаң армиясының Шыңжаңнан шығып кетуін талап етуі сияқты) барып тірелгендіктен, Жан Жыжұңның бұған төтеп бере алмайтынын ескеріп, Құлжа жақты (Шығыс Түркістанды – Т.Ж.) Оспан арқылы бөлшектеп, өзіне түскен басымдылықты жеңілдетпек болды. Жан Жы жұң мұндай шараны сол кезде Нəнжің үкіметі майда- нында тұрып, сөзсіз қолдаған еді. Жан Жыжұң Оспанға қаражат жəне заттай бұйым бергені Іле жақтың (Шығыс Түркістанның – Т.Ж.) тісіне тиді. Оспанға жасырын мылтық, оқ-дəрі жəне телеграф аппаратын беруі Құлжа жаққа (Шығыс Түркістанға – Т.Ж.) мəлім болды. Сөйтіп, Оспанның өздерінің саяси бағытын қолдамайтындығына наразылық тудырды. Олар Дəлелхан арқылы Оспанды əлсіретпек жəне тізгіндемек болды. Сонымен бірге өзіне тартып ынтымақтаспақшы еді. Оспан Үрімжіге екі рет уəкіл жіберіп, Жан Жыжұңның қолдауына ие болғаннан кейін, олар Оспанды дұшпан деп қарап, оны жоғалтпаса болмайды деген танымға келді», – деген (Ғ.Райысұлы. Самұрық.. А. Үш қиян. 2007. 150-бет) арандату əрекетінде жатқаны анық.

 Сөйтіп, Оспан батыр 1946 жылдан бастап Гоминдаң жағына шықты да, олардан қару-жарақ, азық-түлік, күш-көлік алып, ар- найы əскери жаттығу өткізіп, Шығыс Түркістанның ұлт-азаттық армиясына қарсы соғысты. Мақсат – біреу, ол – ұлт азаттығы. Ұлтымыз – біреу, ол – қазақ. Өзінің ата жауымен неге, қалай тіл табысты?

 Шығыс Түркістанның тулақтай туралуына ең бірінші гоминдаң үкіметі мүдделі еді. Ал Кеңес одағы: өздері тарих сахнасына шығарған Шығыс Түркістанның мүддесін асығыс

аяққа таптап, уəделерін ұмытып, соншама құныға кірісіп, «Үш Аймақ» пен Гоминдаңның тіл табысуына неге құштар болды?

 Мəселенің күйдіргі жауабы – Нұрғожай батырдың естелігіне түсінік жазған ғалым Əбдіуақап Қараның (ше- тел ғалымдарының, оның ішінде Оспанның ауылында ай- лап жатқан Маккернанның барлау мəліметі де бар) пікірінше, барлық тағдыр тəлкегі атом бомбасының азығы – уранға бай- ланысты сияқты. И.Курчатов атом бомбасын жасау үшін 50- 100 тонна шикі уран талап етіпті. Ал КСРО-да 1-2 тонна ғана шикізат бар екен. Кеңестік өнеркəсіп қажетті өнімнің 33 пай- ызын ғана өндіре алады екен. Қалған 50 тоннаны жəне одан кейінгі шикізатты Шығыс Германиядан, Чехославакиядан, Бол- гариядан, Польшадан жəне Шығыс Түркістаннан, оның ішінде Көктоғайдан əкелген. Семей полигонына жақын əрі арзан. Сол жылдары қазылған бір шұңқыр – бүкіл Қытайдың Кеңес үкіметі алдындағы қарызын өтепті-міс.

Ал Оспан болса, Пəтхан Сүкірбаевтің естелігіне жүгінсек:

 «Осы кезде Оспан «құн дауын» қайырып қойып, Көктоғай кен ауданының мəселесін көтеріп шығады.

 – КСРО-нің кеншілері менің рұхсатымсыз жеріме неге келеді? Тегін жатқан байлық қайда бар екен? Шығып кетсін деп адам жіберсем, атты алысқа айдап, созба бұйдалыққа салды. Ендігі шаруа оларды қарудың күшімен айдап салу,

деп Дəлелхан Сүкірбаевқа қысым түсіреді ( жинақта).

 Сөйтіп, Оспан орыс кен барлаушыларын Алтай кенінен қуып шықты. Ал оны бұған итермелеген жəне ақыл берген, тыңшылық пен елшілікті қатар атқарған, КСРО-нің атом сынағын өткізгені, не өткізбегені туралы хабар беруге жіберілген Маккернан екені қазір күдік тудырмайды. Міне, үшінші арандатушының ара- ны осы арада көрініп отыр. «Сталин жəне атом бомбасы» атты еңбекте бұл мəселе барынша қамтылған. Кеңес барлаушылары Маккернанның тыңшылығын жақсы біліп отырыпты. Ендеше оны паналатып отырған Оспанның тірі жүруі – Кеңес одағының атом бомбасынсыз қалуымен тең еді.

 Ал оған қол жеткізу үшін Шығыс Түркістан да, Оспан да, тіпті сол тұста азаматтық соғыс жүріп жатқан қытай да оларға бөгет бола алмайтын. Мұқым Азияның асты мен үстін ғана емес, мұқым Тынық мұхитының асты мен үстін бірдей қарумен құрсаған

Жапонның өзін екі аптаның айналасында быт-шытын шығарған Кеңес армиясы мен Оспанның соңындағы екі ауданның балалы- шағалы көші ерген қосынның ара күшін салыстыруға да келмейтін. Сондықтан да. «Үш Аймақ» пен Гоминдаң, одан кейін Гунсаңдан үкіметтері Көктоғайдың уранын түгел, тіпті, бүкіл Алтайды қазып əкетсе де, мақұл еді. Тек Шығыс Түркістанды қарамағында ұстап қалуды ғана мақсат тұтты.

 Қытай компартиясының саяси бюросының мүшесі, Орталық Комитетінің төрағасы Лю Шао Ци 1949 жылы маусым мен та- мыз айының аралығында құпия түрде Мəскеуде болды. Сол кез- десуде оған:

 «Шыңжанды басып алуда жайбасарлыққа салынуға бол- майды. Өйткені жайбасарлық ағылшындардың Шыңжанға сіңіп кіруіне жағдай жасауы мүмкін. Олар коммунистер- ге қарсы азамат соғысын əрі қарай жалғастыра беру мақсатында мұсылмандарды, тіпті, үндістерді де қозғауы мүмкін. Оны былай қойғанда, Шыңжанда Қытайға шұғыл қажетті мұнай мен мақтаның мол қоры бар. Қытайлар Шыңжанда жан санының əрең 5%-ын иелейді екен. Шыңжанды алғаннан кейін, ондағы қытай тұрғындарының санын 30%-ға дейін арттыру лəзім. Қытай тұрғындарын көшіріп келу – осынау кең-байтақ қазыналы өлкеге жан- жақтылы иелік ету жəне Қытай шекарасын өнімді қорғау үшін керек… Өздеріңіз Ма Буфанның күшін мөлшерлеп көрдіңіздер ме, онда артиллериямен жабдықталған атты əскерлер (кавалерия) баршылық. Егер сіздер қаласаңыздар, біз оның осы атты əскерлерін тез арада талқандап, тоз-тоз ғып жіберетін 40 истребитель (қуа соққылаушы ұшақ) берейік», – деп кеңес беріп, Шыңжанның байлығын есеп- теп, шотқа қағып отырған Сталин Шығыс Түркістанның уранын қалай уыстан шығарсын.

 Оның мақсаты қытай мен қазақтың арақатынасын 3:1-ге жеткізу еді.

 Міне, мəселе қайда? Американың барлаушылары мен елшілерінің дерегіне сүйенген зерттеушілер: Сыртқы Монғолияның тұрақты əскерінің аспаннан да, жерден де, танкіменен де Оспанға шабуыл жасаған атақты «Бəйтік қырғынының» басты себебі осы деп сендіре жазыпты.

 Расында да, КСРО үшін атом бомбасын қолға түсіру – сол жылдары өмір мен өлімнің шекарасы еді.

Міне, мен осы кілтипанға сенемін.

 Гоминдаң мен Американың арандатуына түскен Оспан жасағы Дəлелханның əскери полкін тас-талқан етті. Оспанмен соғыста, жалпы алғанда, ұлттық армия 4 000 адамынан айы- рылды. Бір полк дерліктей жойылып кетті. 236 тұтқын əскер атылды. Аса діндар, жау жүректі, өте сақ адамның қасындағы ақылшылары мен дін кеңесшісі оқиғаны теріс түсіндіріп, са- насын улады ма екен. Əйтпесе, орысша да, ағылшынша да білетін, Еуропа мен Түркияны айналып келген сауатты діни кеңесші Ғаббас мүфти (Ақас – Т.Ж.) оған қайдан тап болды? Осы мүфти мен Маккернанның арасында əлдеқандай бір бай- ланыс жоқ па? – деген күдік те бас көтереді.

 Сөйтіп, əр империалардың қыспағына түскен Шығыс Түркістанның азаттық туы Гоминдаң үкіметінің алды- на жығып берілді. Дербес ақша айналыстан алынды. Сап- та тізіліп тұрған ұлттық армияның жауынгерлері əуелі де- мократ қытайға (Гоминдаңға), одан кейін қызыл қытайға (Гунсандаңға) өткізіліп берілді. Қытай армиясы жер дүниені күңірентіп, барабанын соғып, даңғарасын қағып, Шығыс Түркістанды шынымен азат еткендей салтанатпен шеру жасап, туын түсірген ұлт-азаттық армиясының алды- нан өтті. Ұлт-азаттық армиясының жауынгерлері: «Қайран азаттық! Қайран боздақтар! Сорлы Шығыс Түркістан! Не- ткен қасіретті едің. Қайран ел сорың енді қайнайтын болды. Мынау «сарыаяқтар» – азаттық армиясы емес, жазалау арми- ясы. Əй, енді бұл бұғаудан құтыла алмассың! Əттең!..», – деп тапаншаға қолды апарып қайтып жылап тұрды.

 Ұзамай Оспан да ұсталып, Үрімжінің түрмесіне əкелінді. Шинхай, Ганьсу, Тибет жоталарында жортқан, сол жерге ілгерінді-кейінді ауып барғандардың арасындағы кикілжің мен қақтығыстар, түйелі тоғанаққа алтын тиеп, Тибет жалмандарының қолынан оққа ұшқан, Американың елші- тыңшысы Маккернанның өзі бас сауғалай қашып, Оспанды жалғыз тастап кетуі, «іштен шыққан шұбар жыландардың» шығуы – ақыры Оспанның оқыста, адам сенбейтіндей жағдайда қолға түсуіне əкеп соқты.

 Оспанның тергеуі мен сот барысы осы уақытқа дейін құпия күйінде сақталып келеді. Өйткені «құпия тергеуді» арнайы құрылған партия тобы мен қауіпсіздік мекемесі, əскери барлау басқармасы жүргізді. «Ұлттық əдепті сақтау үшін» сол кездегі Қытай халық азаттық армиясының Шыңжан əскери округінің саяси басқармасының орынбасары (Бұл – генерал шеніндегі қолбасылық қызмет еді), қосымша ШҰАР партия мектебінің орынбасар бастығы Жағда Бабалықұлын сот төрағасының орынбасары етіп бекітті.

 Тергеу мен сот барысы туралы аңызға бергісіз əңгімелер мен дақпырт сөздер осы уақытқа дейін үзілмей айтылып келеді. Сондықтан да осы күндері көзі тірі, ұлт-азаттық армиясының партизандар қосынының, кейіннен эскадрон, ба- тальон, полк командирі ретінде жиырма үш рет майданға кірген, төрт рет түрмеге қамалған, соның үшеуінде Оспан мен Қалибектің көтерілісіне қатысы бар деп айып тағылған, Оспан- мен қарама-қарсы майданда қанды қырғын соғысқа қатысқан Жағда Бабалықұлымен бірнеше қайыра жолығып, əр жолы осы мəселені қазымырлай қаузастырып, қадала сұрадым.

 Жарты сағатқа созылған бұл қысқа бет көрісу – Оспанға қатысты басты үш мəселенің себептерін ашып, түсіндіріп беретін кездесу болыпты. Араларын мыңдаған құрбанның əруағы бөліп тұр. Жағда аңсаған Шығыс Түркістан мемлекеті де жоқ, Оспан аңсаған қазақ мемлекеті де жоқ. Екеуі де ұлтының азаттығы үшін жан алып, жан берді. Ал сол сəтте екеуі де тұтқын еді. Айырмасы, Оспан – соғыс тұтқыны, Жағда

– уақытша бостандықта жүрген саяси тұтқын. Сонда олар өздерінің сарбаздарын не үшін құрбан етті?

 «Жағда Бабалықұлы: Менің сот төрағасының орынба- сары болуым жай ғана халыққа көз етіп, алдарқату бола- тын. Оспанның ісін қытай коммунистік партиясының ар- найы тексеру тобы, армияның барлау бөлімі мен қауіпсіздік комитетінің, құпия сақшы мекемесінің қытай тергеушілері жүргізді. Мен олар үшін дойбының тасы ғана болатынмын. Тергеуге жақын жолатпады. Қолымыздан келгені ұлттық зиялылар мен қызметкерлер: Оспанды өлім жазасына ке- спей, кешірім жасау туралы хат ұйымдастырдық. Сонда бұрынғы Гоминдаңның да (Жиаң Кайши үкіметінің), кейінгі

Гунсаңдаңның да (компартияның) Шығыс Түркістан мəселесіндегі сенімді өкілі, бірегей көсемі, мəйітінің өртенген күлін Шыңжаңға ұшақпен шашуды өсиет еткен жəне кейін ол өсиеті орындалған Уаң Мыңжин: «Оспанға екі-ақ метр жер беремін», деп жауап берді. Сондықтан да жоғарыдағы құқымды пайдаланып: «Бір тіл қатысып, жауаптасуға қақым бар», – деп жүріп арнайы рұқсат ал- дым. Оспанмен түрменің сұрақ-жауап бөлмесінде оңаша жолықтым. Тым құрығанда үйіне, ұрпағына айтар соңғы аманатын алып шықсам деген де дəме болды. Батыр десе

  • батыр тұлғалы, түсі жылы болғанымен мысы басым, сөзі ауыр, емеуірінмен сөйлейтін адам екен:
    •  Жағдамысың. Ақыры осылай бетпе-бет көрістік пе? – деді салмақтап.

 Ол өз тағдырының атумен аяқталатынын біледі. Ал мен күдіктің құрсауындамын. Қашан кісен салатынын кім білсін: «Оспанмен, Қалибекпен астыртын байланы- сты» деп өзім құрысқан Шығыс Түркістан мемлекеті сегіз ай тұтқында ұстағанда, мына мемлекеттің маған жаны ашуы мүмкін емес еді. Мұны екеуміз де айтпай түсіністік. Екеуміздің ашық сөйлеспеске, ашық жауап бермеске мұршамыз да жоқ еді.

Мен бірден:

    •  Сізге қоятын үш-ақ сұрағым бар. Соның жауабын естиін деп əдейі рұқсат сұрап келдім, – дедім тура сөзге көшіп.– Бірінші сұрағым: «Үш Аймақ»» көтерілісін əуелі өзіңіз бастап алып, ұлт-азаттық мүддесі бір, діні бір, ұлты бір Шығыс Түркістан мемлекеті құрылған соң, сол мелекет- ке неге қарсы шықтыңыз? Неге ата жауыңыз гоминдаңмен бірігіп кеттіңіз? Мен соны түсінбедім», – дедім.

 Ол маған ауыр да салмақты жанармен қарап қысқа ғана түйіп:

    •  Əлихан атаусыз тындым болды. Кеңес үкіметі ың- шыңсыз оның дымын құртты. Кеңесшілерім: Кеңес үкіметі Өзбекстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Мəскеуде арнайы дайындалып келген коммунистерді үнсіз ғана үкімет басы- на əкелді. Олар дінді жояды. Қатын-балаға ортақ меншік болады. Мал-мүлік тəргіленеді. Мешіттер құлатылады»,

деп жеткізді. Оған сенбеске амалым қалмады, – деп жауап берді».

 Бұл жауапқа не деп уəж айтуға болады. Адамдық тұрғыдан алғанда өте қисынды, ал геосасясат, қарулы майдан, экономикалық қуат тұрғысынан алғанда мүмкін емес жай бо- латын. Шығыс түркістандықтар да орыстың дінін, тілін, ділін қабылдайық деп соғысып жүрген жоқ еді. Мақсаты – им- периялар өзара қырқысып, жансыраған тұстағы тарих бер- ген мүмкіндікті пайдаланып, халықаралық қауымдастық мойындаған дербестікке қол жеткізіп алу еді. Ал азаматтық мəселені содан кейін реттеуге де болатын ба еді?

 Егер де, Оспан жасақтарына қарсы ұстап отырған Алтайдағы Дəлелхан Сүкірбаевтің дивизиясы Манас өзеніндегі қанды қырғыннан кейін тоз-тозаласы шығуға дайын тұрған гоминдаң əскерінің ту сыртынан шабуыл жасаса жəне Оспанның өз жасағы Үрімжінің желкесінен соққы берсе, Үрімжі – Шығыс Түркістанның қолына өтіп кететіні сөзсіз еді. Үрімжі алынса, Гоминдаңмен де, Кеңес үкіметімен де, тіпті, Америкамен де сөз басқа болатын ба еді, кім білсін. Оның есесіне, өз ішіндегі азаматтық қақтығысқа алты ай уақытты бос өткізіп алды. Тағы да 4 жыл ырғасты. Тіпті елуінші жылдардың ортасына дейін басылған жоқ. (Нысаналы түрде: көтерілістің соңғы жауынгері Ұябай мергеннің мəйіті алпысыншы жылдардың аяғында ағаштың басынан табылғаннан соң ғана бұл көтеріліс толық аяқталды деуге болады).

 Бұл екі арада ірі империялардың арасындағы геосая- сат өзгерді. Ұлы Отан соғысы кезіндегі КСРО–Америка–Ан- глия одағы «қырғи қабақ» соғысқа ұласты. КСРО–Жапон– Қытай (Гоминдаң мен Гунсаңдан үкіметі) арасындағы саяси, əскери күштің салмағы ауысты. Бұрын Кеңес үкіметі: Шығыс Түркістанды – өзіне қауіп төндіріп отырған, қытайға билік жүргізген жапон əскеріне қарсы плацдарм ретінде қарастырып, қоластына ұстауға мүдделі еді. Жапондар жеңілді. Шығыстан коммунистік Қытай бас көтерді. Олардың да араны кең, қарымы қуатты еді. Сталин солардың ауызынан сыртқы Монғолияны жырып алды да, Шығыс Түркістанды Қытайдың екі үкіметінің ортасына додаға тастай салды. Ұлт-азаттық армиясының Ма- нас өзеніндегі шабуылының екпінін қатаң бұйрықпен тоқтатты.

 Ұлт-азаттық армиясы кешігіп қалды. Əйтпесе, сол кездегі ұлттық армияның күші мен рухы, соғыс тəжірибесі сыртқы Монғолияның əскерінен үстем еді. Кеңес үкіметі бір-ақ күнде ауыр, жеңіл қару-жарақты, əскери офицерлерді кері шақырып алып, барлық үміттің жолын кесіп тастады. Шығыс Түркістан азаматтық майданның шырмауында қалды. Оспанмен келісу нəтиже бермеді.

 Міне, бірінші сұрақтың астарында осындай мəн бар еді. Тек орысша, ағылшынша білетін діни кеңесші кімнің ырқымен жоғарыдағыдай кеңесті берді екен?» – деген ащы өкініш өзегіңді қариды.

 «Жағда Бабалықұлы: – Сізге қоятын екінші сұрағым мынадай. Сіз-ғой, батыр адамсыз, діни парыз бен иманның обал-сауабын, кешімін, соғыстың заңдылықтарын жақсы білесіз. Ашық майданда қаза тапқандардың құнын екі жақ та жоқтамайды. Олар – шейіт. Ал тұтқындалған əскер – сіздің дəргейіңіздегі əскер. Соғыс жолында да, дін жолында да олар сіздің қарауыңыздағы мүсəпірлер, əскери мейман. Оның үстіне олар жəне олардың үй-іші, туыстары, рулары

  • Сіз күресіп жүрген мемлекеттің азаматтары. Бəрі қазақ. Оның ішінде сіздің өз руластарыңыз да бар. Қолға түскен 236 тұтқын əскерді неге аттырдыңыз? Олар да мұсылман еді ғой? – деп сұрадым.
    •  Ол оқиғаның ішінде мен жоқ едім. Бір жас офицер бар еді. Соның білместікпен істегені», деп жауап беріпті.

 Бұл сұрақты қоюға Жағда Бабалықұлының да толық қақы бар еді. Қаза тапқан 4 000 жауынгер мен атылған 236 тұтқынның нақты тізімі, аты-жөні, қай жерде, қалай қазаға ұшырағаны жөнінде əскери есеп қызметінің толық мəліметі, куəлардың жазбалары, олардың мəйіттерінің орыны бар. Одан бас тартуға Оспанның мүмкіндігі жоқ еді. Сондықтан да осы сұрақты Оспанға өзге адамдар қойғанда:

 «Ақиқатты оқпен өлшейтін соғыс қой бұл. Біз де қырылдық. Ол – ашынғандықтың салдары. Енді не істеуіміз керек еді?» – депті.

 Шындығында да не істеуі керек еді? Бұл сұрақ жасанып кел- меген, іштен шыққан, бауыры бөлінбеген бауырлас «жауларды да, жауынгерлерді де» қатты толғандырса керек.

 Бірақ, Оспан батыр айтқандай, «ақиқатты оқпен шешетін» қатал да қатыгез, жанкешті заман бауырдың бауырын тілуге жанұшыра жанталастырған.

 Сөйтіп, Шығыс Түркістан ұлт-азаттық армиясының құрама полкінің көзі жойылады. Өзара соғыстан сескенген Нұрғожай батыр да Оспаннан іргесін ажырата бастайды. Мен бұл оқиғаның баянын оқығанда: мүмкін жалған лақап шығар, мүмкін кездейсоқ оқиға болған шығар деп те ойлағамын. Иманы үйірілер алдында оны Оспанның өзі жоққа шығара алмағанына қарағанда, бұл оқиғаның шын болғаны. Демек, ол арада Оспанның өзі болмағанын ескеріп, мұны 8-қазақ полкіне командирлік еткен Гоминдаң офицерлерінің – «жаугандардың» жауыздығы деп есептеуге болады.

 «Жағда Бабалықұлы: «Оспанның осы оқиға үшін қабырғасы қатты қайысатынын аңғардым. Əрі қарай қинамай үшінші сұрағымды қойдым:

    •  Сізден білгім келген үшінші жағдайым мынау. Сіз ба- тыр адамсыз, халық батырысыз. Өлімнен қорықпайсыз. Күш те, қуат та, мергендік те, қоянқолтық соғыстың тəжірибесі де бір бойыңызда бар. Астыңыздағы атыңыз да атысқа үйренген сыралғы. Сізде сыралғы, қолыңызға оңтайлы, түзу бір мылтық бар. Ол от алмаса, қойныңызда оқталған қалта тапаншаңыз бар. Одан қалса қылпылдаған қанжарыңыз бар. Жау қапылыста қоршағанда неге атыспай қаштыңыз. Сізді қуған он жеті-он сегіздегі, атқа еркін шаба алмайтын, мылтық атып үйренген əскер де емес, əскерді күтуші қытай баласы екен. Ол атпен шауып келе жатқанда оқ атпаған. Атыңыз тайып жығылды дейік. Əлгі балада жалғыз-ақ мылтық бар. Сонда жаңағы екі мылтықтың бірін, не қанжарыңызды пайдаланбай: «Қолыңды көтер!», – дегенде еш қарсылықсыз көтеріп, неге алдыға түсіп жүре бердіңіз? Сіздің мына азапқа түспейтіндей мүмкіндігіңіз бар еді ғой, дедім.

 Орынынан қозғалып барып, дауысы күңірене шығып, құмыға, шарасыздықпен:

    •  Құдай қара бастырды ғой. Құдай қара бастырды, дей берді.

 (Ұстап алған əскер – саптағы əскер де емес, кейін оны армия жауынгері ретінде көрсетіпті – Т.Ж.).

 Түрменің жайы маған мəлім болғандықтан да іштей қамданып барғамын. Əңгімелесе отырып үсті-басын шо- лып шықтым. Көзіме түскені – тырнағы өсіп кеткен екен. Соны алып бердім. Іш киімі кірлеп кетіпті. Дамбалын ауы- стырттым.

 Бұдан əрі сөзді созудың реті де жоқ еді. Екеуміз үнсіз бақұлдасып, мен ауыр-ауыр ой мен əсер арқалап, шығып кеттім. Оны көшеге шығарып атқан кезде мен қаладан кетіп қалып едім. Үрімжіде, көшеде, қалың жұрттың көзінше атты. Онда ол өзін өр ұстады деп естідім. Бірақ жауының езгісінде қорланып өлді. Менің сол кездегі де, қазіргі де өзекті тырнаған өкінішім Оспанның осы өлімі». Міне, тағдырдың тəлкегі. Иə, Оспанның өзі айтқандай,

құдай қара бастырды деген осы.

ІІІ

 Бұған қосымша жəне қандай пікір білдіруге болады? Жалпы оған қақым бар ма? Білмеймін. Бірақ қандайда бір шындықтың сызы өкпені шалады. Тек «Ұмытылған мемлекеттің» тағдырының тарихи сабағы ұмытылмаса екен, осы ұлттық қозғалыс – қазақ тарихшыларының назарын аударса екен деп тілеймін.

 Өйткені, Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық идея- сы – Алаштың ұлттық, азаттық идеясының құрамдас бір бөлігі екені анық. Ол идея – 1918 жылы көкек айында Ах- мет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Райымжан Мар- секов, Қанағат Сүлейменов бастатқан алаш көсемдерінің Шəуешекке барған саяси сапарынан бастау алғаны анық. Кеңес идеологиясы мұны кейін азаттық қозғалысының ұйытқысы ретінде ұтымды пайдалана білді.

 Дегбірсіз уақыт, діттеулі тіршілік, қазақы қағулы тізгін менің мұршамды бұл тақырыпты бұдан əрі тереңдете талдаудан бас тарқызып отыр. Бірақ, ең басты сұрағымның бір куəгерінен жауап алдым. Сонда ойыма: «Тағдыр! Тағдырдың жазмышы бұл. Жазмыштан озмыш жоқ!» – деген халық сөзі есіме түсті. Өзім танысқан он томдық, өзім құрастырған осы үш томдық жинақтың түйіні – тағдыр деген қорытынды жасауға мəжбүр

етті. Менің сұрақтарымның жауабын – тарихи əфсаналардан емес, көркем шындықтан іздеу керектігіне көзім жетті.

 Дүниедегі ең жанкешті, ең əділетсіз, ең қасіретті, ең опа- сыз, тозаққа бергісіз тағдыр кешуін басыңнан кешіртетін, отаныңнан айыратын жəне ешқашанда тарихи шындығы ашыл- майтын соғыс – азамат соғысы деген ауыр оймен мен де осы жолдарды аяқтаймын..

Досан БАЙМОЛДА,

 Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының докторы, саясаттанушы. Алматы

ОСПАН БАТЫР ТУРАЛЫ ШЕТЕЛДЕ ЖАРЫҚ КӨРГЕН ЗЕРТТЕУЛЕР

 Оспан батыр жайында орыс, қытай, монғол зерттеушілерінің еңбектерінен тысқары батыс зерттеушілерінің де бұл тақырыпқа көптеп бой ұрғанын олардың жазып қалдырған дерек жайттарынан кезіктіруге болады. Олардың кейбірі Оспан батырды көзі көріп, оны- мен əңгімелескен адамдар болса, ал қайсыбірі оның шым шытырман күрес тарихын зерттеген зерттеуші ғалымдар болмақ.

 Оспан батырдың əскери қолбасшылық өнері жайында ағылшын жазушысы Годфрей Лайас (Godfrey Lias) 1956 жылы Лондонда жарық көрген «Kazak Exodus» (Қазақ көші) атты кітабында: «Егерде Оспан моторлы ұшақ, шынжыр табанды танк дəуірінен сəл бұрынырақ зеңбірек пен мылтық заманын- да өмір сүргенде бəлкім ол Орта Азия түріктеріне бостандық əперген болар еді» десе (1)., Түркиялық жазушы Қызырбек Ғайратулла «Ереуіл атқа ер салған» атты кітабында: «Оспан ба- тыр жасынан ат құлағында ойнайтын, көздегенін атып түсіретін асқан мерген болып өсті. Бұны байқаған Бөке батыр оны жа- нына ұстап, қазақ жеріне көз алартқан патшалық Ресей мен гоминдаңшыл Қытайға қарсы өшпенділік рухында тəрбиеледі, ұрыстың сан қилы тəсілдерін үйретті. Бөке батырдың осы айтқан өтініш тілегін Оспан батыр жерге тастамады, бұдан кейінгі өмірі тек көшумен, қарулы қақтығыстармен өтті» деп жазады (2).

 Оспан батыр деген кім? Оның алға қойған күрес мақсаты қандай? Осы жайында шетел бұлақтарында бірқатар дерек, мəліметтер бар. Түркиялық зерттеуші Қ.Ғайратулла: «Оспан сұңғақ бойлы, қысық көзді, қараторы, қапсағай денелі, сөзге сараң жан еді. Ол жеке басының қамына көп қайғырмайтын, бірақ ұлтының ұлы мұраты жолында ештеңеден тайынбай- тын батыр адам еді, оның ұлы мұраты, арманы Шыңғыс хан кезіндегідей Алтайдан бастап тұтас түрік жұртын қытай мен орыстан босату еді» десе ағылшын жазушысы Г.Лаиас өзінің

«Қазақ көші» атты кітабында: Оспан батыр ірі денелі, адамның өңменінен өтетіндей түр-түсі суық, қысқа шашты, қара сақалды нағыз батырға лайық адам, ал оның екі көзінің арасындағы терең əжімі өмірде көпті көргендігін аңғартатын еді» деп си- паттайды.

 Монғолия елінің көсемі, маршал Чойбалсанның көмекшісі ретінде Оспан батырды көзі көрген Пунцагийн Шагдарсүрэн

«Миний мэдэх маршал Чойбалсан» (Мен білетін маршал Чой- балсан) атты кітабында:

 – Ол көп сөйлемейтін, діншіл, ұлтын сүйетін, секемшіл, көп нəрсеге сене бермейтін күдікшіл, тек өзінікін дұрыс дейтін бірбеткей адам еді. Ол өзінің алға қойған мақсатының орын- далуы үшін кімге сеніп, кімді өзіне дос болдырамын, кімнен көмек жəрдем аламын деген мəселеде əуелі өзінің күшіне сену, басқаның ықпалына түсіп кетпеу үшін аса сақтық танытқан адам болды. Оспан батырға арналып жазылған кейбір баспа беттерінде Оспан Шыңжан қазақтарының ұлт азаттығы үшін күресуші атақты батыр немесе əскери ұлы қолбасшы ретінде суреттелсе кейбірінде бір топ қарақшылардың басшысы, бан- дит ретінде суреттеледі. Менің ойымша бұл екеуінің қай- қайсысы да мен көрген, мен білетін Оспанға келіңкіремейді. Қандай болғанда да Оспан батыр Алтай қазақтарының ұлт азаттығы үшін күрескен күрескер екендігі сөзсіз. Ол ұлтын сүйген ұлтшыл, діншіл, халқына ықпалды адам болғанымен басқыншыларға қарсы саяси күресті басқару ісінде білім дəрежесі мен тəжірибесі жеткіліксіз болды, сондықтан оның басқарған күресі өз мақсатына жете алмады, – дейді (3).

 Түркия, Қытай жəне Швеция, Германия, Тайван секілді елдердегі қазақтардың өмірін, тарихын зерттеген Швецияның

Уппсала университетінің зерттеуші маманы Ингвар Сванберг (Ingvar Svanberg) жəне американдық ғалым, зерттеуші Линда Бенсон (Linda Benson) «Kazaks of China» (Қытай қазақтары) атты зерттеу еңбектерінде»: Оспан батырдың ұлт азаттығы үшін күрескен жылдары (1944-1951) қазақ халқы үшін ең қиын, ең бір ауыр жылдар болды. Оспан батырдың Қытай үкіметі та- рапынан «отанын сатқан бандит» ретінде өлім жазасына жа- залануы Шығыс Түркістандағы қазақ көтерілісшілерінің қытай билігіне қарсы күресінің əлсіреуіне апарды, бұл қытай коммунистерінің Шыңжанда билік құруларына кең жол ашты»

–деп жазады (4).

 Бірақта бүгінге дейін Оспан батырдың ұлт азаттығы үшін күрестегі нақты рөлі қандай болғандығы жөніндегі сұрақтар жауапсыз қалып отыр. Оспан батыр қазақтар үшін елін, жерін қорғаушы нағыз хас жүрек батыр болса басқалар оны басқаша, көп жағдайда күрделі тұлға ретінде қабылдайды.

1950 жылы АҚШ-тың Бостон қаласында жарық көрген

«Pivot of Asia» (Азияның тірегі) атты кітабында американдық зерттеуші Оуэн Латтиморе (Owen Lattimore) Оспан батырды өз-өзіне ғана сенген қарақшы, бандит деп атайды. Ол Оспан батырдың Шығыс Түркістанда тəуелсіз бір қазақ мемлекетін құруды мақсат еткеніне күмəнмен қарайтындығын жазады (5). Дəл осындай пікірді өткен ғасырдың 50-ші жылдарының ортасы кезінде яғни Оспан батыр өлтірілген соң Шыңжанға барған ағылшын зерттеушісі Бэзил Дэвидсон (Basil Davidson) 1957 жылы жарыққа шығарған «Түркістан əлі тірі» (Turkestan alive) атты еңбегінде келтіреді. Ағылшын зерттеушісі Оспанды өзінің саяси көзқарасы жоқ, сондықтан гоминдаңның қамшысы ретінде қарақшылықпен айналысқан адам ретінде көрсетеді.

 1948 жылы қыркүйек айында Оспан батырға барып əдейі кездескен американдық зерттеуші Доак Барнет (Doak Barnett)

«China on the eve of communist takeover» (Коммунистік төңкеріс қарсаңындағы Қытай) атты кітабында Оспан батырдың Мəскеу қолдауындағы Шығыс Түркістан Республикасына қарсы шыққандығын, Оспанның қасында сол кезде 15 мыңдай əскерилері болғанын жазады. Оспан батыр бет бейнесі жағынан сұстылау, бойының ұзындығы шамасы 185 см, ірі денелі, нағыз батырға тəн айбынды адам деп жазады американдық зерттеуші (6).

 Бүгінде Германияның Мюньхен қаласында тұратын қоғам қайраткері, «Азаттық радиосында» ширек ғасырдан астам уақыт қызмет істеген ардагер журналист Хасан Оралтай Оспан батыр- ды көзі көрген бірден бір куəгер. Х.Оралтай өзінің «Елім-айлап өткен өмірім» атты өмірбаяндық кітабында Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі əкесі Қалибек Хакімнің тапсыруымен 1950 жылы қазан айын- да Қанамбал тауының етегіндегі Мақай деген жерде қыстағалы отырған Оспан батырға барып амандасып, əкесінің Ғаскөлге көшіп келуге шақырған сəлемін жеткізгенін жазады (7).

 Сол кезде 17 жасар бозбала Хасанның есінде Оспан ба- тыр сом денелі, балуан бітімді, ұзын бойлы, кең жауырынды, қалың тұйық қабақты, қою сақал-мұртты, қызыл шырайлы, сəл дөңестеу қыр мұрынды, көз қарасы үлкен əрі отты, батыр тұлғалы адам ретінде қалыпты. «Сол жылы 51 жастағы Ошың батыр ұзақ жылғы соғыс, күрестен шаршап, қалжырағанын ай- тып, əкемнің Ғаскөлге көшіп кел деген шақыруын қабыл алма- ды. Көп ұзамай Оспанды ұстау үшін Ганьсуден шыққан қытай əскері Мақайдағы Оспан батыр ауылына тұтқиылдан шабуыл- дап, оны қапыда қолға түсірді. Шығыс Түркістан қазақтарының əйгілі қаhарманы, аты əлемге таныс Оспан батыр 1951 жылы сəуірдің 28 күні Үрімжіде атылды. Бұдан соң Оспан батырға шабуылдаған қытай қарулы күштері Ғаскөлде отырған Қалибек Хакім ауылына шабуылдады, ал біз болсақ Тибет,Үндістанды бетке алып, ел-жерден кетуге мəжбүр болдық», – деп жазады Х.Оралтай өзінің кітабында.

 Оспан батырды көз көрген, бүгінде Түркияның Ыстамбұл қаласында тұратын ақсақал Дəлелхан Жаналтай «Қилы заман- қиын күндер» атты кітабында «1945 жылы қазанның 10-ы күні Оспан батыр 300 атты əскерімен Сарсүмбе қаласына келгенін, ме- кеме басшылары, ақсақалдар бар жалпы халықтың қызу қарсы алғанын жазады. Оспан батыр нар тұлғалы, төртбақ, қызыл шы- райлы, елулер шамасындағы, салмақты, албаты сөйлемейтін, ай- бынды батыр деуге лайық кісі көрінді» деп еске алады (8).

 Американдық зерттеуші Л.Бенсон «Оспан батыр қазақтардың алтын аңызы» атты еңбегінде Оспан батырға қатысы бар кез келген сұраққа жауап беру оңай емес, бəлкім бұл ұшы қиыры көрінбейтін ұзақ мəселе болар.

Өйткені түрік, қазақ тарихшылары Оспанды ұлт азаттығы үшін күресте шəйіт болған ұлы батыр десе, орыс, қытай зерттеушілері, Оспан батыр қарақшы, бандит деген көзқарасты ұстанады. Ал Тайванда қытай ұлтшылдары Оспан батыр коммунистерге қарсы күресте өз өмірін берген батыр деп таниды. Қалайда Оспан батыр Шығыс Түркістан Республикасы дегеннің Мəскеу қуыршағы екенін түсінген соң өзінің жауы болса да гоминдаңдық қытайлармен достасуға барды. Оның бұл достастығы 1949 жылға дейін жалғасты, ақыры 1951 жылдың басында коммунисшіл қытай əскерилері тарапынан тұтқындалып, бірнеше айдан соң өлім жазасына кесілді.

 Жуырда ғана Монғолияда басылып шыққан «Таулы Алтайдың күмбірі» атты көлемді кітабында монғолиялық журналист, қандасымыз Б.Монголхүү 1940-50 жылдарғы Ба- тыс Монғолия шекарасындағы тыныштық, бейбітшілік мəселесін айта келе, Оспан батырға да əдейі тоқталыпты. Монғолиялық журналист өзінің кітабында Оспан батырды Ал- тай қазақтарынан шыққан, ұлт азаттығы үшін нағыз күрескер, өзінің алға қойған мақсатына жету жолында соған сенген шын батыр адам деп көрсетеді. Ол ешуақытта монғол халқын өзінің негізгі жау дұшпаны ретінде көрген жоқ. Ал монғол халқының да Оспан батырға ешқандай реніш, өкпелері жоқ. Бұл мұрағаттық көптеген құжаттар арқылы дəлелденген нəрсе дейді монғолиялық зерттеуші (9).

 «Азаттық» радиосында ширек ғасырдан астам уақыт қызмет еткен Х.Оралтайдың айтуынша, Оспан батыр жəне оның ұлт- азаттық күресі жайында АҚШ-тың қаржылай қолдауымен 1951 жылдан бері əлемге хабар тарататын «Азаттық» радиосы 1968 жылдан бастап 1995 жылға дейін жыл сайын марқұмның өмір жолы, ұлт-азаттық күресі туралы арнайы хабарлар топ- тамасын беріп келген. Сондай хабардың бірі Оспан батырдың қаза болғанына 50 жыл толуына орай «Азаттық» радиосының қазақ бөлімінің арнайы шақыруымен Прага қаласына келген

«Азаттықтың» ардагері Х.Оралтаймен осы мақала авторы 2001 жылы сəуір айының 4-5 күндері «Азаттық» радиосы үшін жар- ты сағаттық арнайы сұхбат өткізіп, батыр баба аруағын еске алған еді (10).

 Оспан батыр туралы сондай-ақ «Азаттық» радиосының қырғыз, өзбек, түркімен бөлімдері де арнайы хабарлар дай- ындап, оған Оспан батырды көзі көрген бүгінде Мюньхенде тұратын алаш ардагері Х.Оралтай қатысып, Оспан батырдың күрес мақсаты оның орындалмай қалғанының себебі жөнінде өз ойымен бөліскенді. «Азаттық» радиосы арқылы əлемге тараған бұл сұхбатымызды Қазақстан, Түркия, Монғолия жəне Қытайда тыңдаған жүздеген тыңдаушыларымыз өздерінің ризашылықтарын хат, телефон арқылы, электрондық пошта арқылы білдірген болатын.

 Бұдан соң «Азаттық» радиосы көтерген бұл игі іс шара Түркияның Ыстамбұл қаласында өз жалғасын тауып, Түркиялық қазақтар 2001 жылы сəуірдің 28-күні Оспан батырға арналған халықаралық конференцияны ұйымдастырды. Осы конференцияға қатысушылар Оспан батырды ұлықтау, оның ерлігін болашақ ұрпаққа таныстыру керек деп көріп, сол үшін жыл сайын осындай игі іс шара өткізіп тұруға уағдаласқан еді (11).

 Міне бүгін біз Оспан батырдың туғанына 110 жыл толғандығын барша қазақтың қара шаңырағы, атажұрты Қазақстанымызда еске алып, арнайы конференция өткізіп жатырмыз. Бұл конференцияға əлемге тарыдай шашыраған қазақтардың, соның ішінде əсіресе Қытай, Монғолия, Түркиядағы қазақтар өкілдерінің қатысып отыруы бұл Ке- несары, Оспан батыр секілді батыр бабаларымыздың ұлы мұратының іске асқандығының тағы бір жарқын көрінісі болмақ. Бабалар аруағы əрқашан бəрімізді қолдай берсін!

Əдебиеттер:

  •  Godfrey Lias, «Kazak Exodus», London: Evan Brothers limited, 1956
  •  Қызырбек Ғайратулла, «Ереуіл атқа ер салған», Алма- ты,1999
  •  Пунцагийн Шагдарсүрэн «Миний мэдэх маршал Чойбал- сан» Улаанбаатар, 2000
  •  Ingvar Svanberg& Linda Benson, «The Kazaks of China» Uppsala, Sweden,1987
  • Owen Lattimore, «Pivot of Asia», Boston, 1950
  •  Doak Barnett, «China on the eve of communist takeover», New York,1963
  • Хасан Оралтай, «Елім-айлап өткен өмір», Алматы, 2006
  •  Дəлəлхан Жаналтай, «Қилы заман–қиын күндер» Алма- ты,2000
  • Монголхүү Б, «Цааст Алтайн Чуулган» Улаанбаатар,2009
  •  Hasan Oraltay, Dosan Baymolda, «Special Program Devoted to the 50th Anniversary of Ospan–the Hero`s Death. Part 1& 2» Archive of Radio Liberty, 2001
  •  Dosan Baymolda, Mongol Kaynaklarinda: Osman Batur, Istanbul, Nissan 2002

Ақеділ ТОЙШАН, М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының ғылыми қызметкері, ақын, филология ғылымдарының

кандидаты, Алматы

МОНҒОЛИЯ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІНДЕГІ ОСПАН БАТЫР

 Оспан батырға қатысты деректер мен құжаттар коммунистік дəуірде Монғолияда жабық тақырып болып келді. 1981 жылы Монғол Халық Республикасының батыры, армия генералы Б.Дорж «Отан үшін соққан жүрек» мемуарын жария етті [1]. Бұл еңбекте Оспан туралы мəліметтер мұрағат құжаттары мен əскери-саяси оқиға куəгерінің естелігі бойынша алғаш рет кең ауқымда, салмақты дəрежеде сөз болды. Алайда автор Кеңес одағының қызыл идеологиясы, сонымен бірге Монғолияның ұлттық мүддесі тұрғысынан Оспанға əрқилы баға берді. Гене- рал мемуарының ІҮ бөлімі «Отанның батыс шекарасында», Ү бөлімі «Мылтықтың соңғы үні» деп аталады. Осы бөлімдердің Оспанға қатысты тараулары «Біздің ақ ниетіміз, Оспанның қара пиғылы», «Оспанның бас сұғатын мекені, ас ішетін аяғы қалмады» деп аталуы – саясаттың салқын ызғарын сездіріп тұрғандай. Осы бөлімдерде Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі, оның жетекшілерінің бірі Оспан мен Монғолия əскерилерінің қым-қиғаш қарым-қатынасы туралы түйінді деректер келтірілген. Біз генерал Б.Доржының еңбегінен көлемді үзіндіні аударып, түсініктер жасап, «Оспанға қатысты оқиғалар» деген атпен «Жұлдыз» журналына жарияладық [2].

 Б.Дорж кітабының алғы сөзінде осы еңбекті жазу барысын- да көмек жасаған полковник, марқұм Х.Цэдэндорж, подпол- ковник Да.Дамдиндоржларға рахмет айтады. Бұнда айтылған

Х.Цэдэндорж көзі тірісінде Монғолияның батыс шекарасындағы қарулы қақтығыстар туралы кітап жазып, ол цензураға ұшырап, Монғолия Қоғамды Қауіптен Қорғау Министрлігі (НАХЯ) та- рапынан тəркіленеді. Сонымен бірге генерал Б.Цэдэништің

«Киелі шекараның аңызға толы тағылымы» (Дархан хилийн домогт сургамж) деген кітабына да тыйым салынады [12,4]. Болашақ зерттеушілер бұл еңбектерге қол жеткізіп танысса, көптеген бұлыңғыр жайттар анықтала түсері даусыз.

 Монғолия қазақтарынан Сарсүмбені азат ету майданы- на партизан басқарып барған, Оспанға келіссөз жүргізуге белсенді араласқан, белгілі мемлекет қайраткері Ноғай Шымшырұлы туралы тарихшы А.Сарай 1987 жылы

«Шұғыла» журналының №2 санына (Б.41-55) «Отан тап- сырмасымен» деген мақала жариялады. Бұл зерттеу генерал Б.Дорж еңбегінің ықпалымен жазылады жəне Оспан батырға қазақ зерттеушісі ретінде алғаш рет бейтарап баға беруге талпыныс танытылады.

 Əлбетте, Оспан батырға шынайы баға беру ісі демократия құлаш жайған 1990 жылдардан кейін ғана монғол баспасөзінде орын алды. Əскери журналист, подполковник Да. Дамдиндорж

«Үкілі хат» (Өдтэй бичиг) газетінде Оспан батыр мен маршал Х.Чойбалсанның бірігіп алғызған фотосуретін жариялады жəне генералдың Оспанға оң ниетте болғанын білдіріп, осы суретті заман оңалғанда жарияларсың деген аманатын орындады [3]. Естелікті Б.Бəмішұлы жедел аударып, Қазақстанда «Шалқар» газетіне жария етті [4]. Əрине, Да.Дамдиндорж əйгілі «Отан үшін соққан жүрек» мемуарының редакторы болғандықтан мақалада келтірілген деректер ілкі еңбектің аясында қалғаны байқалады.

 1991 жылы Монғол Халық Республикасының батыры, ше- карада 14 жыл əскери қызмет атқарған Ж.Нэхийт мырзаның естелігін журналист У.Амарсайхан «Оспан шебіне шабуыл» деген атпен жариялады [5]. Естелікте 1948 жылы қаңтарда Шон- жы маңында құмға жасырынған Оспан шебіне шабуыл жасаған шеріктер батырдың үйіне граната лақтырып, əйел, бала-шағаны қырып-жойып, Оспанды қолға түсіре алмай, 200 түйе, 30 сиыр, гоминдаңның радиобайланысшы 2 əскерін, керек-жарақ құжаттарды олжалап, еліне қайтқанын айтады [5, 38].

 Əрине, Монғолияда Оспан тақырыбы жабық болғандықтан ол туралы неше түрлі жағымсыз лақап-қауесеттер халық ара- сында мол таралғаны белгілі. Тіпті Монғолкино өндірісі

«Шекарада» (Хил дээр) деген фильмде «Тау бандысы» Оспанның жағымсыз рөлін сомдауға ден қояды жəне ол бейнені Монғол Халық Республикасының еңбек сіңірген əртісі, кезінде Ш.Ноғай бастаған партизандармен бірге Ал- тай аймағын (Сарсүмбені) Қытайдан азат ету майданына қатысқан Б.Төлеухан ойнайды. Шын мəнісінде бұл «банды қазақ» туралы эпизод ғана, Оспан тұлғасы фильмде бады- райып көрінбейді. Киногерлердің əу бастағы мақсаты «тау бандысы» Оспанның жыртқыш бейнесін көрсету болған екен. Бірақ бұл жоспарды Баян-Өлгий аймағының əртістері Б.Төлеухан, Жəпил, Құсайын, Дүйсембай, Əбдіраштар күйретіп тастаған көрінеді. Мəселен, Б.Төлеухан киногер- лерге «Фашизмге қарсы соғыс жылдарында Гоминдаңның қаупінен қаймыққан Монғолияның партиясы мен үкіметі Оспанды өзіне қалқан еткісі келгені анық. Бірақ Оспанның түпкі мақсаты – тəуелсіз Шығыс Түркістан Республикасын орнату болатын. Сол кезеңде екі алып империяның қысымына тап болған оның бұл асқақ идеясы арман қалпында ғана қалған еді», – деп түсінік жасаған екен. Б.Төлеуханның бұл пікірін фильмде шекарашылардың бастығы рөлін сомдаған əртіс Д.Цэндаюуш 1998 жылы өз естелігінде оқырманға ағынан жарылып жайып салған болатын [6]. Демек, те- атр қайраткері Б. Төлеуханың бұл пікірін халықтың атынан Оспанға берілген, ешқашан құнын жоймайтын, шынайы баға деп таныған абзал.

 1992 жылы тарихшы, мемлекеттік мұрағат қызметкері Д.Өлзийбаатардың «Коминтерн – Оспан – Монгол» деген көлемді зерттеуі «Шинэ үе» газетінде жарық көрді [7]. Тарих- шы Д.Өлзийбаатар бұл зерттеуінде шын мəнісінде ұзақ жыл- дар қалыптасқан ақтаңдақты жоюға қадам жасап, кəсіби ма- ман ретінде Оспан батырға шынайы да дəлелді баға береді. Мақаланы біз қазақ тіліне аударып, «Жас алаш» газетіне 1993 жылы жариялаған болатынбыз [8].

 Одан кейін Оспанға қатысты байсалды бір деректер тарих ғылымдарының докторы Л.Бат-Очир жазған «Чойбалсан» де-

ген монографияда кездеседі [9]. Кремль қожайыны Сталин мен Монғолия басшысы Чойбалсанның Оспанды əскери-саяси істерге пайдалану туралы жасаған астыртын жоспарларын ав- тор жан-жақты ашып береді. Сонымен бірге 1944 жылы 25 қаңтарда Мəскеуде Х.Чойбалсан чекист Л.Берияға да оңаша кездесіп, одан «Оспандардың ортасында жұмыс істейтін бір молда, қазақтарға үгіт жүргізуге жарайтын бір тəжірибелі адам, араб əріпті баспахана машинасын асай-мүсейімен жəне сапа- лы радция байланыс құралын» сұрап алғанын да жазады [9, 169]. Бұл еңбектен қажетті үзінділерді қазақ тіліне аударып,

«Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері» жинағына жарияландық [10]. 1939-1948 жылдары Монғолия үкіметінің төрағасы, маршал Х.Чойбалсанның кеңсе ісінің бастығы, хат- шысы, көмекшісі лауазымында болған П.Шагдарсүрэннің

«Мен білетін Чойбалсан» [11] деген естелігінде Оспан тура- лы құнды деректер мен батырдың фотосуреті жарияланды. Біз бұл еңбектен де үзінді аударып, Оспан мен Чойбалсанның бірге тұрған суретімен қосып, «Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері» жинағына жария етке болатынбыз [12].

 Белгілі ақын, шежіреші Шынай Рахметұлының «Оспан ба- тыр» деген кітабында батырға қатысты монғол, қытай, батыс деректері ұлттық мүдде тұрғысынан сараланады [13]. Сонымен бірге тарих ғылымдарының докторы Құрметхан Мұқамедидің, журналист Бекен Қайраттың, ақын-зерттеуші Сұраған Рахметтің еңбектерінде [14] Шығыс Түркістан қазақтарының саяси өміріне қатысты құнды деректер мол.

 Əрине, Оспанға қатысты түпнұсқа деректер мен құжаттар қоры Монғолия Ұлттық Қауіпсіздік комитеті мен Барлау орталығының мұрағаттарында қапаста сақтаулы тұр. Ондағы мəліметтерді кешенді сараптап зерттеу – болашақ кəсіби мамандардың еншісінде.

 2007 жылы Ұланбатырға ғылыми іс-сапармен барғанымда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төралқа төрағасының бірінші орынбасары, алыстағы ағайындардың саялы бəйтерегіндей болып жүрген қабырғалы қайраткеріміз – Талғат Асылұлы Мамашев мырза жан-жақты қолдау көрсеткені үшін жұрт алдында көп-көп рахмет айтам!

Пайдаланылған əдебиеттер

  • Б.Дорж. Эх орны төлөө цохилох зүрх. Улаанбаатар, 1981.
  •  Б.Дорж. Оспанға қатысты оқиғалар // «Жұлдыз» журна- лы, 2002. №9. Аударған, түсініктерін жазған А.Тойшанұлы.

3. Өдтэй бичиг. 30.04.1991. №15.

  • «Шалқар» газеті. 1991, тамыз. №31 (263)
  • У.Амарсайхан. Осваны хуаранг дайрсан нь // Сэтгүүлч.

№2, 1991. Х.36-37.

  •  Н.Баасанжав. Оспан баатар Үрэмчид цаазлуулжээ // Ца- гийн хүрд. 1998. №3.
  •  Д.Өлзийбаатар. Коминтерн - Оспан - Монгол // Шинэ үе. 1992. Ү.21-31. №10 (73)
  •  Ақеділ Рүстем. Оспан батыр // Жас алаш. 1993 жыл 19 та- мыз; Бұл мақала жаңа деректермен толықтырылып, қайтадан жарияланды. Қараңыз: Ақеділ Тойшан. Оспан батыр // Жас алаш. 2001 жыл 5 шілде. №80 (14340)
  •  Л.Бат-Очир. Чойбалсан. Улаанбаатар, 1996. Газетте жарияланған нұсқасын қарауыңызға болады: Л.Бат-Очир. Ста- лин, Чойбалсан нарын 1940-өөд оны уулзалтууд // Ардын эрх. 1995, №149-151.
  •  Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері. ІІІ том. Деректемелер мен мұрағаттық құжаттар. Алматы, 2006. Б. 112- 115; Баспасөзде жарияланған нұсқасын қарауыңызға болады: Оспан батыр // Туған тіл. 2005, № 2. Б.62-68; Жас қазақ. 2007 жыл 22 маусым, № 24.
  • П.Шагдарсүрэн. Миний мэдэх Чойбалсан. Улаанбаатар, 2000.
  •  Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері. ІІІ том. Деректемелер мен мұрағаттық құжаттар. Алматы, 2006. Б. 115- 117; Баспасөзде жарияланған нұсқасын қарауыңызға болады: Оспан батыр // Туған тіл. 2005, № 2. Б.62-68; Жас қазақ. 2007 жыл 22 маусым, № 24.
  • Р.Шынай. Оспан батыр. Өлгий, 1996.
  •  Сұраған Р. Оспан батыр жəне маршал Чойбалсан // Жұлдыз, 2004. №8.

 Ғазез РАЙЫС, М.О. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының əдебиеттану бөлімінің аға зерттеушісі,

доцент. Алматы

ОСПАН ТӨҢКЕРІСІ

 Оспан төңкерісі ХХ ғасырдың 30–50 жылдары болған, Қытайдың Гоминдаң үкіметінің Шыңжан билеушісі Шың Шысайдың ұлттық отаршылық езгісіне қарсы, Кеңестік импе- риализм Шығыс Түркістан Республикасының Қытайға қарсы қарулы көтерілісін пайдаланып, Шыңжанды отаршылдығына алуға жəне ең соңында Монғолия тəуелсіздігіне бола Гоминдаңға сатқан сатқын Сталин опасыздығына қарсы болған төңкерісін қазақ халқының еркіндік, бостандық, тəуелсіздік алу жолындағы ұлт-азаттық қарулы төңкерісінің бір бөлімі.

Оспан төңкерісінің мақсаты:

 Қазақ халқын отаршылық езгіден азат, тəуелсіз демократиялық ислам республикасын құру еді. Біз қазір 3 ғасыр қазақтың қанын ішкен орыс отаршылдығынан тəуелсіз қазақ елінде жасап отырмыз. Міне бұл Оспан армандаған қазақтың тəуелсіз мемлекеті. Міне бұл алаш ардагерлері армандаған мем- лекет. Сондықтан Оспан төңкерісі дүниедегі қазақ ұлт- азаттық, тəуелсіздік жолындағы төңкерісінің бір бөлімі деуге болады.

 Əрқандай төңкерістің туылу себебі, соңғы салдар нəтижесі болады. Оспан батыр төңкерісі де төңкеріс екен. Оның туылу себебі, соңғы салдары бар.

Қытайдың Шыңжан өлкесін:

1918 жылдан 1923 жылға дейін Яң Зычин биледі. 1923 жылдан 1933 жылға дейін Жин Шурин биледі.

1933 жылдан 1944 жылға дейін Шың Шысай биледі. 1944 – 45 жылға дейін У Жұңшин басқарды.

1945 – 1952 жылға жейін Жаң Жыжүн басқарды. 1952 жылдан 1978 жылға дейін Уаң Инмау басқарды.

 Шыңжандағы қытай отаршылдарының аз санды ұлттарды рақымсыз езіп, қанауының нəтижесінде сан рет ұлт-азаттық төңкерістері болды. Мысалы: 1920 жылдан басталған Алтайдың өзінде Бөке батыр, Асылбек қылаң, Ақбай, Жантайлақ, Зуқа батыр төңкерістері болды. Ал Жін Шу Рін таққа шығып Шыңжанды би- леп тұрғанда 1927 – 1930 жылдары Ма Зыхуй деген төңкеріс жа- сап, Қашқарды басып алып, ұйғырларды қырғындады. 1931 – 1934 жылдары Ма Зыхуйды жоғалтып, Моласауыт, Жақыпбек, Ораз де- гендер бірлесіп «Шығыс Түркістан» ислам республикасын құрды. 1929 – 1931 жылдары Қожанияз бастаған Құмыл ұйғыр төңкерісін 1930 жылы Ақпатшаның қашқын əскерлері Бабинго төңкерісі, 1931 жылы Ма Жыңфу, Ма Жыңюан дүңген төңкерісі, 1932 жылы Іле генаралы Жың Фыңюан төңкерісі болды. Осылардың барлығы Гоминдаң үкіметінің Шыңжанды билеуші Жин Шурин үкіметінің ұлттық отаршылдық, таптық езіп қанаушы үкіметін аударған ұлт- азаттық тəуелсіздік күресі еді.

 Қат-қабат қоршауда қалып, жан алқымға келген Жин Шу- рин лажысыз Шың Шысай «Төңкерісшілерді жаныштаушы армияның бас құманданы» етіп тағайындады.

 Шың Шысай ежелден Гоминдаңдан дербес мелитаристік дара билік үкімет құру ниеті бар адам еді. Бұл орай келді деп біліп, осынша көп көтерілісті жанштауға өз армиясының шама- сы жетпесін біліп – сонау 20 жылдары Жапонда оқып жүргенде кеңестіктермен үйір айқастығын пайдаланып, Үрімжідегі Кеңес одағы консулынан (Залеткиннен) көмек сұрап – Сыртқы істер қызметкері Шың Дылиңді жібереді. Залеткин мен Го Нин- ды қонаққа шақырып, тарту таралғы ұсынып, «Кеңес одағының коммунистік мұратын қастерлеп, Капитал мен Ленинизмді1 оқып жүргенін, марксист болғысы келетінін айтады. Жəне көршілік əскери, экономикалық көмек көрсетуін өтініп Мəскеуден жəрдем сұрайды.

Кеңес одағы 1933 жылы Георгий Абрасовты бас консул етіп

тағайындап, 1933 жылы 12 сəуірде Шың Шысайды сүйеп таққа шығарып, «Дубəн»21 өлке төрағасы – деп танып мəлімдеме жа- риялайды.

 Кеңес одағы Шың Шысайға көмектесіп, Құмылдан сыртқы Монғолия арқылы 1500 адамдық əскери қосын жіберіп, Қожаниязды қоршауға алып, еріксіз өлкенің орынба- сар төрағасы боласың деп көтерілісін жояды. Ма Жыңюанды Ганьсуге шегіндіріп, Ысқақбек Мононовты бас құмандан етіп – Шығыс Түркістан Ислам Республикасын талқандап, Ақ патшаның қашқын армия генаралы Бабинковке шетелген шығып кетуге бұйырды.

 1934 жылы 28 желтоқсанда Кеңес Іленің қорғанысы арқылы əскер кіргізіп, қоршауға алып Іле генаралы Ма Жыңюанды у ішіп өлуге мəжбүрледі. 1935 жылы Шың Шысай Кеңес одағының нұсқауымен 6 саясат (алты ұран) жариялады. 1) им- периялизмге қарсы тұру, 2) Кеңес одағымен дос болу, 3) барлық ұлт тең құқылы болу, 4) бейбітшілікті қорғау, 5) реформаны жүргізу, 6) парақорлыққа қарсы тұру.

Осы саясатты жүргізу мен тиянақтандыруға Кеңес одағы

25 адамдық басқарма бастығы дəрежесіндегі адам жəне 10 мың адамдық киім, қару, оқ-дəрі жіберді. 1936 жылы Сталин қайын енесі Суəнидзенді жіберіп, төрт миллиард сəрі күміс қарыз беріп – сауда тоқтамын жасасты. Оны Шиуан Фудың

«Шыңжанның құпия саудалары» деген кітабының 119 бетінде (қытай тілінде) былай жазды:

 «1937 жылы шілде айында Шың Шысай Кеңес одағы коммунистік партиясына кіру үшін Мəскеуге барды. Ста- линмен кездесті. Сталин оған бес жұлдызды орден тақты. Шың Шысай Кеңес одағы компартиясына мүше болды. Со- нымен бірге Кеңес одағынан бес миллион сəрі күміс қарыз алу, Құмылда Кеңес армиясын тұрғызу, Тудыңқабада күріш ақтау заводын салу, Алтайдан асыл тас алтын кенін ашу, Қашқардан мыс кенін ашу туралы Кеңес – Шыңжан сауда келісіміне қол қойды» делінген.

 Кеңес одағы 1937 жылдан бастап Шың Шысайдың екі тізгін, бір шылбырын қолына алды да, Кеңестік қоғамдық

1 Капитал – Маркстың 2 Ленинизм – Сталин шығармасы2 Дубəн – бас меңгеруші

түзім орнатуға, алдымен саяси реформалар жүргізуге ауыл шаруашылығын коллективтендіруге, оқу ағарту, денсаулық, са- удада тен үйрену үгіттеу, қолдануды жолға қоюды талап етті. Шың Шысай жағымсып Кеңес одағынан қашып келген 108 қазақты ұстап, ақыры өлтіріпті.

 Шың Шысай – Гоминдаң үкіметінен қол үзіп дербес патшалық орнату үшін Кеңес одағына сүйену, айтқанын атқару, нұсқау алу, советтік социализм жолымен жүрмек бо- лады. Шың Шысай үшін – Шыңжан қытайдың бір өлкелік орны болғандықтан, өлкелік-үкімет партия, армия басшыла- рын Жұңхуа Минго үкіметі – Шаң Кайши тағайындаған кадыр- лар солардың қоластындағы адамдар. Бұлардың барлығы Шың Шысай сөзін атқара қояр ма? Шың Шысай:

– Сталин қалай айтса, солай істеу керек! – деп ойлады. Кеңестік ақылшылар нұсқауы бойынша: 1) Үкімет, пар-

тия, армия, ел басшыларын алуан сылтаумен тұтқындау. Берілмегеніне жазалау жүргізу, ол үшін жасырын шпиондық органдар құру. Жаза лагерлерін ашуды, сақшыларды молай- ту – халықты оларды əшкерелеуге үгіттеп қарсы қою, жала жабу, зорлап мойындату, өтірік айттырды. Тек қазақ, қырғыз, монғол басшыларынан құрылтай ашылады деп 300 адамды шақыртып алып – сендер Жапонмен, Америкамен, Англия- мен тіл біріктіріп, төңкеріс жасамақсыңдар. «Сендер өздеріңді, бір-біріңді жəне басқаларды əшкерелеңдер. Өз қолыңдағы, басқалардағы мылтықты жинап беріңдер. Адам жіберіңдер», – деп алғашында жиын болса, кейін тұтқындау, түрмелеу, қинау, өлтіруге ұласып, осындай қылмысты еткен адам саны 10 000 болған. Ал, Алтайдан осы рет Шəріпхан дуың, Ақыт қажы, Ха- лел қажы сияқты 14 адам ұсталған.

  •  Алдында малы бар – жейтін еті, ішетін сүті бар, мінетін аты – көшетін түйесі бар, қолында құралы бар, соғысса паналар тауы бар, көшерін жел, қонарын сай білетін қазақты ең əуелі отырықтастыру, астындағы атын, қолынан құралын алу керек – дейтін зұлымдық жүргізді.
  •  Елге «9 алман»3 салық салу, байларды компескілеу дейтінді шығарды. Сол кезде капиталист Үсейін байдың за-

1 Жан, жер, су, қазан, мал, хан, айырбас, өсім, алман – 9 алман аталады

водын, баспаларын алудан сырт, үйіндегі 27 пошка алтынын тəркілеген. Міне бұл тек Алтай ғана емес Тарбағатай, Іледегі əр ұлтқа келген алапат еді. Осындай себеппен 1940 жылы Алтай аймағына 240 адам жиналады. Жиналыс үстінде бізде мылтық жоқ дегендігі үшін Қарақұл залыңды, Гомбожав үкірдайді қолға алғанын көрген Ақтеке, Есімхан бастаған ел басшылары

– біз елдегі мылтықты жинап əкеліп береміз, сіздер бізбен бірге ел аралап үгіт айтыңыздар – деп ұсыныс жасайды. Бұлардың мақсаты – осы жиыннан құтылып алсақ тағы көрерміз, егер елді аналар қысатын болса бəрі бір өлім, осылардың көзін жой- ып өлсек-өлейік деп жиыннан қайтады.

 Ақыры, 1940 жылы ақпанның бірі күні Оқан зəңгі үйінде қонып жатқан Көктоғай ауданының бастығы Шуй Рылин бастаған 18 адамды балта, пышақ, тоқпақпен ұрып өлтіріп 8 қару түсіреді.

 Халел тайжы ұлы Сайып – Сарноғайды өлтіреді. Есімхан Ноғайбайұлы, Қапас Тіркешұлы, Сайып Жəлелұлы, Сүлеймен қатарлы 30 адам осының алдында ақылдасып, серттесіп алған болатын.

 Жиыны 13 мылтықпен Ақтеке, Есімхан төңкерісі осылай туды. Міне Алтайдағы алты жылдық төңкеріс алғаш осылай ба- сталады.

 Ақтеке, Есімхан, Рысхан бастаған төңкерістің тууына Гоминдаң Шың Шысай үкіметінің дербес патша болу қара ниетін пайдаланып, Шыңжанды отарына айналдырмақ болған Кеңес қызыл империясының отаршылдық саясатына қарсы Шыңжан халқының төңкерісі деуге болады. Шың Шысай 1942 жылы Есімхан, Қалман бастаған төңкерісін 1944 жылы екі рет тоқтатып, тоқтам жасағанымен, Оспан үздіксіз төңкерісті жалғастырып, 1945 жылы қазанның 6 күні Алтайды азат етті.

Оспанның Шығыс Түркістаннан бөліну себептері

  •  1946 жылы Сталин «Оспан өзі қарсы болған Гоминдаңмен бірлесті» деп кіналайды. Тəуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бір даналық сөзі бар: «Қазақтың мəңгілік жауы да, мəңгілік досы да жоқ» дегені сияқты, қазақ мүддесі үшін Оспан Монғолияның шырғасымен Шығыс Түркістанмен (Кеңеспен) достасқаны да, Шығыс Түркістан артындағы Сталиннің қызыл армиясы мен гена-

ралдарын, агенттерін көрген-білгеннен кейін бөлінгені де, жауласқаны да шындық.

 Бөліну мен бірлесу – саяси күрестің тəсілі. Егер Оспанды Шығыс Түркістаннан бөлініп, Гоминдаңмен бірлесті десең, Ста- лин құмандандығындағы Шығыс Түркістанның 70 мың армия- сы Сталиннің бұйрығымен Манас дариясынан өтпей Гоминдаң үкіметімен 1946 жылы желтоқсан айының 29 күні тоқтамға келіп, бірлескен үкімет құрып, Гоминдаңнан Жаң Жыжұң төраға, Ахметжан орынбасары болды. 12 мың мұсылман Шығыс Түркістан үшін жанын пида еткен төгілген құрбандар қаны бодаусыз кетіп, өз қолымен Сталин халық төңкерісін сат- ты. Қытайдың Гоминдаңына отар етіп тоқтамдасып, қайта ба- сын байлап берген жоқ па? Əулиенің от қоюына болады, бұқараның шырақ жағуына болмай ма?

 Кеңес одағы қызыл империяның Шыңжанды отарлап, Қазақстан таз кебін кигізбек болғаны шындық. Ал бұған қарсы Қытай қазағын өзі құрған отанын, жерін осы айдаhар азулы темір тысты кеңестік жыртқыштан қорғау қылмыс бола ма?

 Оспан міне осы саяси қысымның салдарынан уақытша бол- са да – күшті Кеңеске қарсы тұру үшін əлсіз Гоминдаңнан əскер, қару алу үшін бірлесті. Сонда Қытайдағы қазақты сатқан кім? Сатқындыққа қарсы болып қасықтай қаны қалғанша күрескен кім? Оспан осыған кінəлі ме?

  •  Оспан 35 жылдары Бөке батырдың серігі 1939 жылы Ақыт қажыны Шың Шысай тұтқында ғана қарсылық жасап соғыспақ болған 60 адамның бірі Зуқа батырдың батыры, 1940 жылы Ақтеке, Есімхан төңкерісіне қосылып, 1942 жылы 10 батырдың бірі жəне төңкеріс көсемдігіне сайланды. 1943 жылы дербес төңкерісін жасап, 4800 жасағымен Гоминдаңның 150 мың адамдық армиясымен 6 жыл соғыс апарды.

 Інісі – Дəлелхан, баласы – Зия, Əри қызы – Кабира, Фансия қатарлы 7 баласын Гоминдаң жендеттері қылыштап зынданда өлтірді.

 Оспан 6 жыл гоминдаңның Шың Шысай жендетімен соғысып жеңіп, 1945 жылы қазанның 6 күні Алтайды азат етті. Бірақ Оспанды шақырмай Шығыс Түркістан үкімет төрағасы Əлихан төре Алтайға келіп, Алтай Шығыс Түркістан үкіметінің бір аймағы, Оспан уəли, Дəлелхан

əскер қолбасшысы деп, барлық Алтай əкімшілік меке- ме бастығы мен 7 аудан бастық əкімін Кеңес одағы мен Монғолия адамдарынан сайлады. Халық қолындағы құрал жиналсын деп бұйырды. Оспанға ілесіп 6 жыл соғысқан батырларының біреуі де əкімшілік не əскери қызметке алынбаған. Осы себепті Оспан Шығыс Түркістанға на- разы болды. Осы жұмыс Оспанға айтпай жасырын істелген. Кейін Оспан қалаға кіргенде жалғыз Дəлелхан ғана ал- дынан шыққан. Кеңестіктер кірген індерінен шықпаған. Оспан жиында былай дейді: «Мен уəли болсам жеті аудан əкімін кім сайлап бекіткен? Əскер менікі, Дəлелханды кім қолбасшылыққа белгілеген? Мылтықты мен Гоминдаңнан тартып алғамын. Монғолдан ат беріп алғамыз. Кеңес одағы маған қашан бір мылтық беріп еді? Мылтықты жинауға мен бұйырамын, мылтық менікі, мылтық жиналса маған тапсыру керек. Көктоғайға орыстар 300 əскер төгіп алтын қазды. Оған кім рұқсат берген? Біздің ұрпақ кейін не күн көреді, рұқсатсыз алтынымызды неге алады? Бұл орыстың бізді қай басынғаны? Алтайды біз азат етіп сен басқармақпысың? Алты жыл менімен бірге үкірдай, залың, тажы мансабы бар мыңғырған ел, малы бар, толықсыған елі, жері бар ел басшылары осылардан айыры- лып, қатын-баласынан айырылып қазақ халқының ар-намысы үшін Шың Шысайға қарсы төңкеріске қатынасып, даңқпен бірқаншасы құрбан болды. Олардың сіңірген еңбегі де ескерусіз қалса, жетім бала, жесір қатынға берілер үлес қайда? Тірілеріне үкіметтен тиесілі орын қайда? Олар кім үшін соғысты? Не үшін соғысты? Менің жалғыз қуыршақ уəли болғаным оларға сатқындық емес пе? Сендер мені кім деп жүрсіңдер», – деді. Ақыры үкіметті толықтырып Латыпты орынбасар уəли, Қапасты орынбасар қолбасшы етіп сайламақ болды. Бірақ орнығып алған кеңестіктермен монғолиялықтар Оспанның сөзін тыңдамай, аяқсыз қалдырды. Оспанның 4 уəзірі, 10 баты-

ры, 25 ақылшыларының біреуі де үкіметке кіргізілмеді.

  •  Оспан оқымағанымен өмірден тоқығаны көп. Ол соғыстан соғыс ғылымын білді, өзіндік соғыс стратегиясы мен тактика- сы болды. Латып Мұстафаұлы мен Құрманбайдың айтуынша Оспан 27 реткі үлкен соғыстың құманданы болып, 21 рет жеңіп, 6 рет жеңілді.

 Оспан Қазақстаннан қашып келген Ғаббас мүфти, Ахмет- жан болыс, бай Құрман би, ақ орыс офицері Сидинков, Зен- ков арқылы Кеңес одағын білді. Гоминдаң берген хабарласу радиосы мен радиус башыр арқылы халықаралық хабарларды күнбе-күн біліп отырды. Жəне Гоминдаң үкіметі мен Шығыс Түркістан үкіметіне тыңшы, жансыз кіргізіп, жау жағдайын алдын ала біліп, ел басшылары, батырлармен ақылдасып, жағдайға қарай соғысқа дайындық жасап, сəтсіздікті сабақ етті.

Оспанның көз-құлақтарының бойынша мынаны білді:

  •  1945 жылы ақпанның 4-11 дейін Алтайда ІІ дүниежүзілік соғысынан кейінгі ықпал бөлісу келісімін жасасты. (Сталин, Чер- шел, Рузвельт) осы келісімге сай Кеңес одағы – Қытай, Жапон – Индия, Пəкістан – Кореяны ықпал көлеміне алатын болды.
  •  1945 жыл Сталин Америка консулы Хойкнеске берген жа- уабында – «Қытай Валта шартын мойындаса, біз Қытайға кіріп Жапонмен соғысамыз» – деді.
  •  1945 жылы шілденің 5 күні Жиаң Кайши Сталинге телеграм- ма арқылы – «Кеңес одағы Қытайдың иелік құқығына кепілдік етіп, Солтүстік пен Шыңжанды бүлікке көмек бермесе, Кеңес одағының Монғолия туралы талабын ойлап көреді», – деді.
  •  Мəскеуде келіссөзге бола барған соң Зу Ынға Жиаң Кай- ши 1945 жылы шілденің 7-сі күні телеграмма беріп «Кеңес одағы Монғолия тəуелсіздігіне жол беруіне болады», – деді.
  •  1945 жылы шілденің 9 күні Сұң Руин мəлімдеме жари- ялап: «Кеңес одағы Шыңжан бүлігін тыныштандырса, Қытай Монғолия тəуелсіздігіне жол береді» – деді.
  •  1945 жылы шілденің 9 күні Сталин: «Мейлі Яңдан бол- сын Шыңжан болсын барлығы комитет бастығы Жиаң Кайшиға бағынады. Кеңес одағы Қытай үкіметін қолдайды» деді.
  •  1945 жылы мамырдың 20 күні Сталин: «Шығыс Түркістан армиясы Манас дариясынан өтпесін» деп Малиновқае бұйрық берді.
  •  1946 жылы тамыздың 13-і күні Қытайдың сыртқы істер министрі Уаң Шие мен Кеңес одағының сыртқы істер министрі Молотов Мəскеуде «Кеңес одағы-Қытай келісіміне» қол қойды.
  •  1946 жылы шілденің 17-сі күні Жиаң Кайши Шыңжан өлкелік қорғаныс гарнизон бастығы Жу Шаулияңға «Ілені қайтарып алуға дайындық көр» деп бұйырды.
  •  1946 жылы қазанның 10 күні Шығыс Түркістан Респу- бликасы №100 қаулысымен Рақымжан Сабырғажиев, Ахмет- жан Қасыми, Əбілқайыр төре үкімет өкілі болып Гоминдаңмен келіссөзге баратын болды. 1946 жылы қазанның 14-15 күні Гоминдаң үкіметі Жаң Жыжұң, Лан Хансау, Дың У Ни, Жаң Жыңуй келіссөзге өкіл болып баратындығы жарияланып, 1946 жылы қазанда Жаң Жыжұң «Бір мемлекет екі үкімет өкілі емес – Шығыс Түркістан өкілі төңкеріс жасаған бұқара өкілі толығымен қатынасса» деп Кеңес одағы консулына та- лап білдірді. Кеңес одағы оған көнді. Тіпті Ахметжан «Шығыс Түркістан» деген саяси сипат алмайды, жағырапиялық атау – деп жариялады. Сонымен 1946 жылы 29 желтоқсанда Бірлескен үкімет құрылып, əскерді қайта өзгертіп құратындығын жария- ланы. Бастығы Жаң Жыжұң, орынбасары Ахметжан Қасыми болды. «Шығыс Түркістан» деген атауды өшіріп, «Үш Аймақ» деп атайтын болды. Міне Оспан өзінің көз-құлағымен естіп, осыларды біліп отырды. Шығыс Түркістан Республикасының төрағасы Əлихан төренің атсыз-аяқсыз жоғалуы Оспанға тағы бір күмəн тудырды.
  •  Кеңес одағы Шыңжанды отарына айналдыру жо- спары өте ертеден басталған. Бұрғыбан Шағиди, Ахмет- жан Қасыми, Ысқақбек Мононов, Дəлелхан Сүкірбаев, Па- тих Мүсілімов, Əбдікəрім Аббасов, Рақымжан Сабырғажиев қатарлы Шыңжандықты ұзақтан бері тəрбиелеп, орналасты- рудан сырт Шығыс Түркістан төңкерісінде – айырықша ар- мия генарадары Малинов Петр Романович, Александров, По- пов, Уйтнов қатарлы адамдар Шығыс Түркістан армиясының қолбасшылары болып істеді.
  • Осы жариялықта Оспанға Ысқақбек пен Дəлелхан

«Азаттық батыры» орденін əкеліп тарту етті. Оспан орденді ұстап отырып «Сендер менің халықты азат етудегі еңбегімді қадірлесеңдер «батыр» деп атасаңдар жетіп жатыр. Қазақ батырлықты темір теңгемен бағаламайды. Теңге тағатын мен қыз емеспін» деп, əйелінің алдына тастай салады. Ысқақбек Оспанның мақсатының бөлектігін біліп, «Алтай 3» атты бри- гадасын ұйымдастырып Дəлелханды құмандан жəне Алтайдың уəлилігіне тағайындады.

Осыдан кейін Оспан 1946 жылы шілденің 4-і күні

Сарсүмбеден Арал жайлауына шығып кетіп, бұрынғы қанкөйлек серіктерін жинауға бұйырды. Ақылдасты. Гоминдаңнан адам, құрал алу үшін бірлесіп қызылға (Кеңес одағына) қарсы соғысқа шығуға дайындық жасады.

Оспан Гоминдаңмен бірлескен соң

  •  1946 жылы қаңтарда Мұқаметжан Мұрсалыұлы атымен Жанымханға хат жазып «Біз Гоминдаңға бағынбақшымыз» деді. Осы кездегі Шың Шысайдың орнындағы У Жұңшың – Го Жишаңға бұйырып Құсайын ұяң Оспанға, Нұрғожай Қапасқа қызмет істесін деп Бəшір дегенді жібереді.
  •  Оспан Қанатбай, Кəкеше, Сұлтанды Бəшірге қосып Жа- нымхан қажыға 1) Алтайға əскер жіберсін. 2) Қару көмек берсін.
  • Тұрақты өкіл хабарласуға радио жіберсін. 4) Қаражатты төте жіберсін. 5) Азық-түлік, пұл, шай жіберсін, – деп талап етті.

 Жаң Жыжұң – Сұң Чиланға, Лию Мишунге талабын орын- дауды бұйырды. Алтай уəлилік таңбасын, радиосымен бірге Оспанға беріп жіберді.

  •  1946 жылы Кеңес одағының армия полковнигі Коно- ков 300 əскермен Көктоғайда отырған Оспан ауылына қоршап шабуыл жасады. Оспан дайындықта болғандықтан олар- ды Алтайға қуып тықты. Дəлелхан 500 əскермен Күрті деген жердегі Оспанға шабуылға өтті. Оспан 150 үй адамымен көше соғысып, Бəйтікке барды.
  •  1947 жылы маусымның 5 күні Монғолия əскері Оспан Бəйтікте болар деп, Бəйтікке 500 адам, 2 ұшқышпен шабуылға өтті (Мұнда полковник Хан Уи Пыңның əскері бар еді). Бəйтіктегі шекара қорғанысын талқандады. Қашқан əскерлер Оспанға барды. 1947 жылы тамыздың 7-сі күні Оспан 200 атты əскермен Баркөл арқылы Бəйтіктің Монғолия жағынан тұтқиыл шабуыл жасап, 500 монғол əскерін Бəйтіктен қуалап шығарып, бір ұшағын (кеңестік ботчик жай санатын) қолға түсіреді. Хан Уипың əскерін қайта Бəйтікке орналастырып қайтады.

 Бұл хабар дүниені дүр сілкіндіреді. Бүкіл қытай ақпараты Бəйтік оқиғасын таласып жариялауға кірісті. Қытайдың батыс терістік бес өлкесінің қорғаныс гарнизон қолбасшысы Сұң Чи- лиян Бəйтік оқиғасы атты кітап (114-15) жазды. Оспанға 700 адамдық қару-жарақ, əскери тəрбиеші, азық-түлікпен қамдады.

  •  1947 жылы тамызда Оспан Гоминдаңнан алған əскерімен қосқанда 1000 адамдық армиямен қайтадан Алтайға шабуылға өтіп, Алтайды кеңестіктерден тартып алды. Дəлелхан 200 адам- мен жан сауғалап Жеменей арқылы Тарбағатайға өтіп, Кеңес одағына паналады. Дəлелхан кейін Кеңес одағынан 1500 əскер, 20 неше броник машинамен Шəуешек арқылы Алтайға шабуылға өтті. 1947 жылы желтоқсанда Алтайды Дəлелхан қайтарып алды. Оспан шегініп Мори, Шитайға барды.
  •  1948 жылы Гоминдаң үкіметі Алтай уəли мекемесін Шон- жыдан құрды. Оспан уəли, Латып орынбасары 7 аудан əкімдерін белгіледі.
  •  1948 жылы наурыздың 1 күні Оспан «Шыңжандағы мұсылмандарға шақыру хат жариялады» (115).
  •  1948 жылы тамыздың 6-сы күні Сұң Чилан Закарияны жіберіп Оспанды сайлау үшін Үрімжіге қонаққа шақырды.
  •  1948 жылы мизамның 10-ы күні Оспан қасында 70 ақсақал сарбазы, 100 жасағымен Үрімжіге барады. Чимгу деген жерде 10 қазақ үй, 20 шатыр тігеді. Алдынан үкімет бастығы Айса, Жанымхан, Дəлелхан 100 адам күтуші болды.

 Оспан ақ ат, 4 уəзірі қара ат, сарбазы торы ат, əскері құла ат мініп Үрімжіге кірді. Алдынан Жан Жыжұң, Əлен уаң, Жаным- хан қажы, Қадуан, Зəкария қатарлы үкімет басшылары қарсы алды.

 Оспан оларға 40 тұлпар, алтын, жамбы, бұлғын, шай тар- ту етті. Оспанға бірінші рет үкімет атынан генарал Сұң Чили- ян қонақасы берді. Осы қонақасыда Оспанға «Отан қорғаудың батыры» деген медал тағып, «Қазақ халқының қаһарманы» деп атап, былай дейді: Монғолия Президенті Чойбалсан:

    •  Оспанға еліне паналайтын жер, соғысар əскер, қару бере тұрып, Алтай тегінде монғол жері еді. Кейін бізге Алтайды қайтарып берсең, – дегенде Оспан:
    •  Мен сізбен халқымның төңкерісін қолдағаныңыз үшін до- стасамын. Мен жер бөліп беретін мемлекет бастығы емеспін. Мен бөліп бердім дегенге кім сенеді? – деді.

 Бəйтік оқиғасын білесіздер! Алтайға Кеңес одағының 300 адамдық əскері келіп алтын қазып жатқанда, оны Оспан қуып шықты. Оспан 6 жыл бізбен соғыста 800 үйлі кемпір-шал, жас баланы қорғап, малын айдап көшіп жүріп 4000 əскермен Шың

Шысайдың заманданған 150 мың əскерімен соғысып, ақыры Алтайды азат еткен. Бұл тарих қытай тарихына жазылған соғыс тарихы. Мен сондықтан «Оспанды отан қорғаудың баты- ры, қазақ халқының қаhарманы деп атадым».

 Екінші рет Үрімжі атынан Қадуан ханым, ұйғыр атынан Қожанияз, қазақ атынан Жанымхан мен Зəкария, Англия кон- сулы Маккернан қонақасы береді. Оспан бір жеті қонақасыдан соң Мориға қайтады.

  •  Осыдан ілгері Оспан Моридағы кезінде – Қалибек əкім, Тəкіман батыр, Оразбай би, Құсман қатарлы 40 неше адам Оспанға барып, батыр – біз қазір жаудың қоршауында қалдық. Қызыл Кеңес, Монғолия, қызыл Қытай жан-жақтан шабуылдап, елден, жерден айырылар болдық, қорған көрер Гоминдаңның түрі мынау, қайтеміз? Егер сіз лайық көрсеңіз елді осы жер- ге жиналық. Бұлармен соғыса қорғанып шетке шығып, күш жиналық, жағдай келгенде қайта келіп ел мен жерді алалық де- генде, Оспан: «Мен елден айырылғанда, ел менен айырылғанда күніміз не болар? Мен халық үшін соғыстым ғой, халықты та- стап қашсам мен кім болғаным. Халық бетін қалай көрем? Мен кетпеймін. Осыдан кейін Оспан қызылдармен бірлесіп қалуды ойлап Жанымхан, Қалибек, Тəкіман, Оразбайлармен жиын ашып, халықты төңкеріске ұйымдастыру жоспарын жасады.
  •  Жанымхан, Шаймардан, Оразбай – Санжы, Құтыби өңіріне
  • Қалибек, Тəкіман, Салис – Үрімжі, Санжы өңіріне
  •  Оспан – Мори, Шонжы, Жемісар өңіріндегі елді төңкеріске шақырмақ болды.
  •  Бұған кедергі болғаны бүтін қытайды қызыл ар- мия азат етті – Шыңжан гоминдаңы бейбіт бағынып кетті. Шыңжанға келе жатқан екінші дала армия генералы Лу Ша- уиды Баркөлдың Жетіқұдық деген жерінде Оспанның баты- ры Қапас атып өлтіреді де Уаң Жүн армиясын Оспанға қарсы соғысқа бұйырды. Бұлар екі рет жеңіліп, Үш Аймақтан көмек сұрады. Ақыры оған Монғолия қосылып 1800 адамдық қосын Оспанды жоғалтуға кірісті.

 1950 жылы маусымдағы соғыста Оспан жеңіліп, мал-жан, қатын-баладан айырылып, 600 адаммен қашып Баркөлдің Бисəн тауына барды. Мұнда Ошақты деген тар сай, екі жағы

жалама жартас – басы мен аяғы ғана ашық жол, ортасы бұлақ еді. Бірлескен армия Оспанды 1300 адаммен қоршады. Жаным- хан төмен қарай қашып бара жатып қолға түсті де, сол жылы Жанымхан Үрімжіде атылды.

 Оспан 200 адаммен жоғары қарай соғысып қоршауды бұзып шықты. Бисəн тауының қалың орманын паналады. Оспан бірнеше күнде қосынын қайта ұйымдастырып, Уаң Жүнмен соғысып елін тартып алып, енді шетке кетпесе болмайды деген ойға келіп, Ганьсу, Шиңхайға баруды ойлады.

 Оспанның Қапас, Құрман, Кашапат, Қанатбай деген сарбаз- дары қашып Мори үкіметіне бағынып кетті ақыры.

  •  Оспан Ганьсуға қарай көшті – жолда Таралаң, Əншың өзенінде тосып жатқан қызыл əскермен соғысты (4–7). Нұрғожай суды тартып алды. 3 күн еру болды. Қапас пен Каш- пат келіп қосылды. Одан кейін Тасбұлақ Шобы соғысы болды. Қапасқа оқ тиді.
  •  Оспан 1950 жылы қазанда Ганьсудың Ақсай ауданы, Қайыз дейтін теңіз деңгейінен 5000 метр биік тау басына қонды. Мұнда ителі Жанəбіл, сарбас Кəбен, жəдік Сағидолла деген ел басшылары, батыр келді деп қуанып ерулік əкелді. Оспан мұнда Қапасты емдету үшін, жол азық үшін артындағыларды тосты. Құсайын, Дəлелхан, Сұлтаншəріп, Алтынбектерге кете беріңдер – деп қалды.

 Үш рудың жырынды ұрылары Оспанның жинап қойған қаруларын ұрлады. Батыр ренжіп үш ру басшыларын əкеліп бы- лай деді: «Шіркін, қазағым, мен сен үшін осыншалық азап тар- тып жүрсем неге түсінбейсің? Қаруды сұрасаң бермес пе едім, менен қытай да бір мылтық алып көрген жоқ. Бұл жау жағадан алғанда, бөрі болып етектен алғандық. Ел басшылары бір апта- да мылтық жиналмаса, еліңді жау деп қырып кетем. Бұл – жауға көмек те, менімен жауласу деп білемін», – дейді.

  •  Осы үш ел ішінде жүрген бір дүңген Дуңхуаңда жатқан қызыл қытайға хабарлап қояды. Олар əлгі дүнгенге жеті түйе, пұл, шай артып, 8 əскерді саудагерше жасап, Оспан жатқан ау- ылды барлап, суретке түсіріп алады.
  •  1950 жылы қаңтардың 18 күні таң қараңғысында ауыл- ды 800 қызыл əскермен қоршап, шабуылға өтеді. Ешқандай дайындықсыз жатқан Оспан тек атына міне қашады. Кетіп бара

жатып, жау келді аттан деп айғайлайды. Қыс күні аты мұзға тайып жығылады. Қуып келе жатқан екі əскерді атқанмен авто- мат стволына оқ қыстырылып атылмай қалады. Осы кезде ерте- ден күзетке қойған жансыз Тоқанай деген келіп, Оспанды сыр- тынан құшақтап ұстап береді. 1951 жылы мамырдың 1-і күні Үрімжіде атылады.

Оспанның жеңілу себебі

  •  Əрқандай саяси қозғалыс қоғамдық жəне тарихи реалдық сипат алады, себебі болады. Осы бойынша айтқанда Оспан төңкерісінің жеңілу себебі 1949 жылы 1-ші қазанда Қытай қызыл үкіметі құрылып, Гоминдаң жеңіліп, Жиаң Кайши қашып Тайванға барған уақыт еді. Гоминдаңға сүйенген Оспан панасыз қалған кез.
  •  Оспан Қалибек, Тəкіман, Қамза, Құсайындардың шет- ке шегінерлік пікіріне қосылмай, қосынын сенімнен айыр- ды да, өзінде 200 қазақ, 100 орыс қана қалып Уаң Жүнның қызыл армиясының, Кеңестік ұлттық армияның, Монғолия армиясының қоршап шабуылына төтеп беретін əскери қуаты жетпеді.
  •  Оспан Америка консулының жəрдеміне сеніп, жəне Қайызда інісі Қапасқа бола еру кезінде мылтығын ұрылардың ұрлаған жайты да себеп болды. Əйтпегенде Құсайын, Салағиден, Солтаншəріппен бірге өтсе өтіп кетер еді. «Құс жаңылып торға түседі, ер жаңылып қолға түседі» екен.

Сөз соңы

  •  Ежелден қазақ жері Қазақстан ғана емес, шығыста Қытайдың Ганьсу өлкесіндегі Дуң Хуаң, Силəнсəн (Аталай) Алтай, Гималайдан Тарым ойпаты, Алатауға дейінгі аралықта қазақтың Үйсін ханы, Елжау хан жаңа эрадан бұрынғы I-II ғасырларда хандық мемлекет құрған қазақтың бұл да ата мекені екенін ұмытпаған жөн. (Мұны қытай тарихшысы Су Бихайдың

«Қазақ мəдениетінің тарихы» деген кітабынан қараңыз).

  •  Қытай қазақтары десе Қазақстаннан қашып барған қазақтар ғана деп ұғынбау керек. Қазіргі Қытайдағы қазақтар отырықтасқан Ақсай, Алтай, Тарбағатай, Іле, Баркөл, Құмыл, Мори, Шонжы, Шитай, Құтыби, Хүйтэн, Бортал – түгелімен қазақтың ата қонысы, байырғы мекені.
  • Оспан ішкі-сыртқы жаулармен 12 жыл соғысып, көзінің

қарашығындай аялап қорғаған отаны осы жер. Гоминдаң отар- шылары мен Совет социалистік империализмнің отаршылары- на қарсы қазақтың ар-намысы, тəуелсіздігі, теңдігі, азаттығы үшін Оспан қасықтай қанын, шыбындай жанын арнап, қазақ халқының қаhарманының шейт болғаны осы жер – əйтпегенде Оспан Қазақстан тəуелсіздігін əперген жоқ.

 Түйені соқыр десең Құнанбайға тиеді, орысты отаршыл десең қытайға тиеді.

Біз танып жетпеген үш нəрсе бар:

  •  Совет социалистік империализмінің қазақты отарлағанын танып жеткен жоқпыз.
  •  Қазақстанның тəуелсіздігін аспаннан түскендей тəуелсіздіктің қадір-қасиетін танып жеткен жоқпыз.
  •  Қазақтың тəуелсіздігі үшін құрбан болған алаш ардагерлерін жəне Оспанды тіпті де танып жеткен жоқ. Тек Оспанды айтсақ, орыс отаршылдығын 1945 жылдан бері танып жеткенінне 55 жыл болды. Бұл жарты ғасыр ғой, біз өзімізді- өзіміз танып жетпедік. Əлемде бір қазақ жасайтын болса, Оспан да оның жүрегінде мəңгі жасайды. Біз өзіміз де Оспандай баты- рымызбен əлемге мақтанатын боламыз.

Тарихта мыңдап жауды жалғыз тосқан, Мəңгі өлмейді халықпен қанын қосқан. Отан мен ұлт сүюдің өнегесі – Қазақпен бірге жасар батыр Оспан.

Тарихта сан мың жауды жалғыз тосқан, Ерлігін ақын жырлап жазған дастан.

Мəңгі өлмейді халықпен қанын қосқан, Қазақтың мақтанышы батыр Оспан!

Жəди ШƏКЕН,

жазушы, Халықаралық Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі. Алматы

ШЫҢЖАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖƏНЕ ОСПАН БАТЫР

 Іле, Алтай, Тарбағатай сынды Үш Аймақты негіз еткен ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы Алтайдағы Оспан батыр Исламұлы (1899-1951) басшылығындағы күрес пен Нылқы партизандарының көтерілісі десек те, олардың іш пен сырттың сəйкесуінде өрістетілгенін жоққа шығара алмаймыз. Бұл арадағы сырт деп отырғанымыз, əрине, Кеңес одағы.

 Шың Шысайдың 1937-1938 жылғы кеңестік зұлматты Шыңжан жерінде, соның ішінде мұсылман халықтарына көшіріп қолдануы зор қарсылыққа ұшырады. 1939-1940 жыл- дардан бастап қазақ халқының зұлым үстемдікке қарсы қарулы көтерілісі туды. Өр Алтай жерінде Есімхан, Рысхан бастаған ұлт-азаттық көтерілісін Оспан батыр жалғап, Қытай əкімшілігіне сілейте соққы берді.

 Күрестің тууына Шың Шысайдың қазақтың көрнекті тұлғаларын түрмеге жабуы мен өлтіруі себеп болса да, оның бір жағында ежелден ата бабадан қалған түрік даласын жат та- бан – қытайларға бастырмау дейтін ұлы идея жатты.

 Бұл кезең екінші дүниежүзілік соғыстың басталған мезгілі болатын. Егер Кеңес одағы Германиядан жеңіліп қалатын болса, бұрыннан Кеңес одағының досына айналып келген Шың Шысайдың мүддесіне тиімсіз болар еді. Шың Шысайдың есебінше «есің барда елің тап» деп оның ерте-

рек компартиядан жəне Кеңес одағынан бас тартқаны өзіне тиімді көрінді. Ал мұны сезген кеңестіктер де өз бақай қулығын сайлады. 1943 жылы 4 мамырда Кеңес Одағы Ком- партиясы орталық комитетінің саяси бюросы Шыңжан жағдайын талқылады. Мəжілісте «Сөз жоқ шара қолданып, Шың Шысайды Шыңжанды билеу құқығынан мақұрым ету керек» деп атап көрсетті. Мəжіліс рухы бойынша төңкерістік ұйым құрып, Шыңжандағы төңкерістік күштерді жетілдіру мақсатында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан жерлерінде арнайы мектептер ашылды. «Ұлтты гүлдендіру тобына» офи- цер жəне алдағы жерде Шыңжан тұрғындарымен бірлікте істейтін үгіт насихатшы тəрбиеледі. «Жаңа өмір», «Шығыс ақиқаты», «Қазақ ауылы», қатарлы ұйғырша, қазақша жур- налдарды Шыңжанға кіргізіп таратты.

 Бұл əрекеттердің астарында екінші дүниежүзілік соғыстың жеңісі мен жеңілісіне саятын көптеген күрмеуі күрделі мəселелер тұр еді. Бірі Шың Шысай өзінен бет бұрып жаулық пиғыл танытқан жағдайда, оған қарсы тұра білетін қуатты əскери қосын қалыптастыру жəне сол қосын арқылы Шыңжан жерінде өзінің əскери артқы шебін қалыптастыру мəселесі еді. Екіншісі, түптің түбінде орайы оңынан келіп, кеңестіктердің сақасы алшысынан түсіп жатса Шыңжанды өзінің бір Республи- касына айналдырып алудың қамына кірісе берудің артықтығы жоқ болатын.

 Міне осы жəне басқа да қулығына құрық бойламай- тын коммунистік əккіліктіктің əр түрлі жолын қарастырған кеңестіктер Шыңжан жеріне əскери ақылшыларын, тыңшыларын арт-артынан кіргізді. Оның көп бөлімі əр түрлі жолдармен кеңестік тəрбиеден өткен тұрғылықты халықтың перзенттері еді. Алтай көтерілісіне Монғолия арқылы барған Дəлелхан Сүкірбаев(1906-1949), Іле көтерілісіне көмекке барған Патих Мүсілімов, Ахметжан Қасыми(1914-1949), Ысқақбек Мононов т.б. Кеңес одағының тапсырмасын адалдықпен орын- дап, осындай саяси ойынның құрбандары болды. Шын мəнінде Ахметжан Қасыми 1936-1942 жылдар аралығында Мəскеу жəне басқа да қалаларда білім алып, арнайы тəрбиеде болса, Дəлелхан Сүкірбаев 1941-1943 жылдар аралығында Алматыда арнайы тəрбиеленген. Ысқақбек Мононов 1928 жылы Бішкекте

əскери тəлім-тəрбие қабылдаған. Ал Əбдікерім Аббасов қытай қызылының «қол баласы» болатын.

 Шың Шысайдың Кеңес одағынан бет бұруы жəне екінші дүниежүзілік соғыстың жеңісіне деген сенімсіздік Кеңес одағын Шыңжаннан өзіне керекті басқада күштерді қарастыруға мəжбүрлеген еді. Осы орайда Үш Аймақта тұтанып жатқан күрестер олардың назарынан қағыс қалған жоқ.

 Шын мəнінде мұның бəрі Шыңжанда Шығыс Түркістан Республикалық үкіметін құрудың шұғыл дайындығына кіріскен кезең еді.

 Кеңес одағының жасырын шақыруымен 1944 жылдың 14 қаңтарында Мəскеуге жеткен Монғолия маршалы Чойбалсан Кремльде Сталиннің қабылдауында болды. Ұзаққа созылған əңгіме Оспан төңірегінде болды. Сөздің бір кезегінде Сталин:

«...Сол Оспан қанша əскер жасақтай алады? Қанша қару-жарақ қажет?» дегенді сұрайды. Жəне армия генаралы А.Антонов пен əскери қолбасшы И.Ковалевқа: «Оспанға беретін 400 винтовка, ЧПШ 2000, сирақты пулемет 6 дана, жеңіл пулемет 30 дана, гра- нат 200 дана, винтовка оғы 400.000, 5 дүрбіні Х.Чойбалсанның есебіне беруді тапсырады». («Оспан батыр» Алматы «Арда» 2007ж. 77 бет)

 Сөйтіп Сталиннің тікелей араласуымен Оспан мен Чойбал- сан бірнеше мəрте кезікті. Аталған қарулар беріліп қана қоймай Монғолия арқылы жөнелтілген Кеңес ұшақтары Алтайдың Шіңгіл жеріндегі гоминдаңдық қытай армиясын бомбылайды. Əрі Оспанға Кеңес одағында тəрбиеленген əскери ақылшылар жіберіледі. Онсыз да қылышынан қан тамған қазақ қосыны бір жыл ішінде бүкіл Алтай аумағын азат етеді.

 Қыркүйекте Ысқақбек іш пен сырттан тəрбие алған қарулы көтерілісшілерді Тасқорған ауданынан бастап Кеңес одағы арқылы Құлжа қаласына əкелді. 7-ші қазан Құлжа азаттық ұйымы құрылып, Əлихан төре Құлжа көтерілісін қозғады. Қазанның ортасында Кеңестік Фатей Иванович Лескин Құлжамен Үрімжінің қатынас алқымы болған Кеңсайда партизандар қосынын ұйымдастырып, жаудың Құлжаға əскери көмегін үзді. 6-шы қарашада Аббасов пен Кеңес одағының əскери мансаптысы Петр Романович Алек- сандров бастаған қарулы қосын Кеңес одағы үлгісіндегі қару- жарақпен сақадай сайланып, Қорғастан (Жəркент арқылы) ше-

карадан өтіп, Құлжаға кірді. («Жұңго Шыңжанның тарихы жəне қазіргі жағдайы», Шыңжан халық баспасы, 2006ж.Үрімжі 279- 280 беттер).

 Жергілікті партизандар мен Кеңес одағы армиясының селбесуінде 1945 жылы ақпанға дейін Құлжадағы гоминдаңдықтар жойылып тынды.

 «Нылқы көтерілісі», «Құлжа көтерілісі» жеңіске жеткеннен кейін Іледе Шығыс Түркістан Республикасы уақыттық үкіметі құрылды. Бұл үкімет Кеңес одағы əскери істер ақылшыларының көмегінде оңтүстік, солтүстік жəне орта сынды үш шепте соғыс жүргізді.

 Солтүстік шеп Тарбағатай, Алтай екі аймақты, орта шеп Жың, Ши хуларды, оңтүстік шеп оңтүстік Шыңжанды азат етуді бағыт етті.

 1945 жылы маусымда Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы орталық комитеті саяси бюросы мынадай бір ерекше қаулыны қабылдаған: «Шығыс Түркістан əскери қосынын бекемдеу үшін, Шыңжанға 500 қызыл армия командирі мен 2000 сер- жант жəне жауынгерлер жіберіледі. Бұл қызмет жедел орын- далсын, сондай-ақ, Ішкі істер халықтық комитеті бөлімінің бастығы Берия Министрлер кеңесі төрағасының бірінші орын- басары, Сыртқы істер халықтық комитетінің мүшесі Молотовқа қағаз жүзінде мəлімет жасап тұрады. Зеңбірек, оқ-дəрі, тасы- мал автомобилі жəне əскери істер хабарласу, қобасшылық ету жабдықтары, түрлі жұмсалатын заттарды қамтыған қару- жарақтар Шыңжанға тасып əкелінеді. Кейбір шешуші сипат алатын күрестерде Кеңес одағы армиясы көтерілісшілермен тізе қоса соғыс жүргізеді» делінген. Шығыс Түркістан төңкерісіндегі əскери істерге қатысты көптеген мəліметтер Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы орталық комитетіне тікелей мəлім етіліп отырды. Мəселен, 1945 жылы 29 шілдедегі ұлт-азаттық қозғалысының Шыңжанның Буыршын ауданын тартып алғандығы туралы соғыс хабарын қолма-қол Степано- вич қол қойып, Берия арқылы Сталинге жеткізген екен.

 Кеңес одағының көмегі қару-жарақ, əскери ақылшылармен ғана шектелген жоқ. Заттық көмектерден тыс көтерілісшілер қажет болған жағдайда Қазақстанның əр қайсы облыстарын қамтыған Кеңес одағы территориясына кіруіне болатын болды.

Олардың Кеңес одағы территориясына баруы Қытай үкіметі армиясының басым əскери күшінің соққысына ұшырауынан ғана емес, қайта тынығу, емделу жəне əскери күшті қайта ұйымдастыру үшін болды («Жұңго Шыңжанның тарихы жəне қазіргі жағдайы», Шыңжан халық баспасы, 2006 ж.Үрімжі 284 бет). Мысалы 1947 жылы 16 қыркүйекте Оспан қолынан жеңілген Дəлелхан Сүкірбаев бастаған Қобық полкін құрамына алған Шығыс Түркістан əскері Жеменейдің Майқапшағай өткелінен Кеңес одағына қашып өткенде, «көкесі» оларды қолтығына тартып, əскери көмек қосынымен бірге аттандырып салды. Сөйтіп, Тарбағайдың Бақтысы арқылы қазанда Қытай аумағына кіріп, армиясын толықтап Алтайға қайта шабуыл жа- сайды. Өкінішке орай осы кезде кеңестендірілген Дəлелхан ар- миясы бейуаз халықтан 200-ден артық адамын оққа ұстаған. Бұл тарихта «Дөрвөлжин қырғыны» немесе «Құлтайболат қырылған» аталады. Кеңестіктер араласқан барлық «сцена- рийлерде» қайталанатын зардап шегушілер тағы да қара халық болды.

 Шығыс Түркістан Республикасы армиясының орта шебі Үрімжі қаласына бағыттаған шабуылын 1945 жылы қыркүйекте Жың, Шиху шайқасынан бастады. Кеңес одағының аэропланының, сауытты автомобилінің, зеңбірекшілер қосынының сəйкесуінде тамызда Жың, Шиху қаласын жеке- жеке тартып алып, ілгерінді-кейінді Гоминдаң қорғаныс арми- ясынан алты мыңнан астам адамды жойып, зор топтағы қару- жарақ, оқ-дəріні олжалады. Қыркүйектің бас кезінде ұлттық ар- мия орталық қала Үрімжіге тек жүз елу шақырым жердегі Манас өзені жағасына жетіп келіп, өзеннің қарсысындағы Гоминдаң армиясымен тіресті. Бұл кезде Гоминдаңның Үрімжіде тек алты батальон əскери күші ғана болғандықтан, “Үрімжіні берік сақтау” шұғыл жоспарын жасамасқа болмай қалды. Ал бұл кез- де Кеңес одағының Үш Аймақ төңкерісіне болған саясатында өзгеріс туа бастады. («Жұңго Шыңжанның тарихы жəне қазіргі жағдайы», Шыңжан халық баспасы, 2006ж.Үрімжі 286 бет).

1945 жылы 11 ақпанда Кеңес одағы, АҚШ, Ұлыбритания

– үш елдің басшылары Кеңес одағының Крым түбегіндегі Ялтада мəжіліс ашты. Кеңес одағының Жапонмен соғыс жүргізуі жəне соғыстан кейінгі дүние жүзін орналасты-

ру қатарлы мəселелер туралы құпия талқы өткізді. АҚШ жақ Германиямен болған шайқас жеңіске жеткеннен кейін, жалаң АҚШ бастаған одақтас елдерге сүйенгенде Жапон- ды жеңуге тағы біржарым жылдай уақыт қажет болады. Егер Кеңес одағы «Жапонмен болған бейтарап шартынан» безіп, Жапонға қарсы соғысқа қатысса, Жапонды күні бұрын жеңіп, АҚШ жақтың шығынын зор көлемде азайтуға бола- ды деп есептеді. Кеңес жақ Жапонға қарсы соғысқа қатынасу шартының бірі Қытай Монғолияның тəуелсіздігін мойында- уы керектігін алға қойды. Бұны АҚШ жақ қолдады....

 Кеңес одағы Қытай үкіметі мен «Кеңес-Қытай достық- одақтастық келісім-шартын» жасасып, қарулы қақтығыстың қысылтаяң жағдайында қалған Қытайды Жапонның шеңгелінен құтқару мақсатына жететіндігін білдірді». Келісімге Сталин, Рузвельт, Чершел үш адам қол қойған. (Юри Михайлович Га- линович. «Екі генерал – Сталин жəне Жияң Жеші» Шыңжан халық баспасы, 2002ж, Үрімжі. 206 бет).

 Сөйтіп Шығыс Түркістан Республикасының ұлт-азаттық қозғалысы Кеңес одағының гоминдаң үкіметін сыртқы Монғолдың тəуелсіздігіне жол беруге қыстауы барысындағы арзан айырбасының құрбаны болды. Сыртқы Монғолдың тəуелсіздігіне жол берумен бірге, Шығыс Түркістанның Шыңжан территориясы екенін мойындады. Сонымен Сталин Шығыс Түркістан Республикасы дербестігін қолдауды үзілді- кесілді тоқтатты. Тамызда Жапонға қарсы соғысқа қатынасты. Іле-шала Жапон шартсыз тізе бүгіп, екінші дүниежүзілік соғыс жеңіспен аяқталды. Осымен бір уақытта «Қытай-Кеңес достық одақ шартына» қол қойылып, Кеңес одағы шарттың қосымша нұсқасында: «Шыңжанның жуықтан бергі өзгерісі жөнінде Кеңес одағы үкіметі достық одақ шартының бесінші тармағында айтылғандай Қытайдың ішкі ісіне араласпайды» дегенді білдірді.

 Осылайша «Кеңес-Қытай достық-одақтастық келісім- шарты» олардың өздері ойлағандай сəтті қадамдармен жалғасты.

 Шығыс Түркістан Республикасы Гоминдаң үкіметімен тəуелсіз мемлекет ретінде келіссөз өткізуді ортаға қойса да, Жияң Жешінің Шыңжанға жіберген өкілі Жаң Жыжұң мыр-

за Кеңес одағының Үрімжідегі елшілігіне талай рет кіріп, мəселенің өз ұпайларына шешілуіне жəрдем алды.

 Сол жылы қарашада Үш Аймақ (шын мəнінде Шығыс Түркістан Республикасы-Ж.Ш) ұлттар құрылтайы ашылып, Əлихан төре құрылтайда Кеңес одағы мен Ахметжан, Абба- совтарды өкіл еткен кеңесшіл топтың сатқындығына қарсылық көрсетті. Əлихан төре құрылтайда Шығыс Түркістанның тəуелсіздігін дəріптеп жəне қытайларды қуып шығуға үндеді. Əрі Шығыс Түркістан Республикасы уақыттық үкімет дегенді Шығыс Түркістан Республикасы үкіметі деп өзгерту талабын ортаға қойып, Шығыс Түркістанның мүддесін қорғауға бар күшін салды. Құрылтайда мақұлданған қаулыда былай делінген:

«Тұтас Шығыс Түркістанды азат ету жолында жалғасты күрес жүргізу керек, Қытай үкіметі бізге еркіндік бермесе, өзіміз қолға келтіруге құлшынуымыз керек, ұлттық төңкерісті Шығыс Түркістанның барлық жеріне кеңейтуіміз керек» («Шығыс Түркістан бостандық газеті» 1945 жыл 18 желтоқсан).

 Сөйтіп Шығыс Түркістанды қуаттаушы Іле, Алтай, Тарбағатай сынды Үш Аймақтың ұлтшыл өкілдері мен Қытай мемлекетінің мүддесін қорғаушы кеңесшіл топ сынды екі жік қалыптасты. Əлихан төре Шығыс Түркістан тəуелсіздігін дəріптеп, басында өзін қолдаған Кеңес одағының мұсылман жəне түрік ұлттарының түпкілікті мүддесін құрбандыққа шалған сатқындығына қарсы шықты. Алтайдан Оспан батырдың өкілі болып келген Лəтіп Мұстафаұлымен де ұзақ кеңесіп, кеңестіктердің жаман ниеті мен алдағы күрестің қиындығы туралы сыр бөлісті. Оспан батырмен одақтастығын білдірді. Қалибек Хакіммен де байланыс орнатты.

Шығыс Түркістан мен Гоминдаң арасындағы келісімді

«бейбіт жолмен» шешкен кеңестіктер ендігі жерде Шыңжан өлкелік үкіметке жаңадан мүше болып кіретін мұсылмандарды Берияның мақұлдауынан өткізді. Ахметжан Қасыми, Əбдікерім Аббасов, Ысқақбек Мононов қатарлы адамдар төрелікке лайық деп танылды. Осыдан кейін құрылған Шыңжан өлкелік бірлескен үкіметтің төрағасы Жаң Жыжұң, төрағаның бірінші орынбасары Ахметжан Қасыми мырза, тағы бір орынбасары Бұрхан Шахиди болды. Ахметжан қатарлы адамдар бірлесіп

«Шыңжандағы əр ұлт халқына хат» жариялап, мынаны үндеді:

«Біз Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарында құрылған Шығыс Түркістан Республикасы үкіметі өз борышын өтеп болды, Үш Аймақ жеке-жеке өлкелік бірлескен үкіметке тіке қарайды деп жариялаймыз» («Жұңго Шыңжанның тарихы жəне қазіргі жағдайы», Шыңжан халық баспасы, 2006ж.Үрімжі 295 бет).

 Кеңестіктер жағынан жасалған осы сұрқиялықтарға бастан ақыр қарсы болған екі адам болды. Оның бірі Əлихан төре бол- са, екіншісі Оспан батыр еді. Кеңестіктер енді осы екеуінің көзін жою əрекетіне кірісті.

 «1946 жылдың 17 маусым күні Құлжадағы Кеңес одағы консулы Əлихан төреге телефон соғып: Қорғас шекарасында Өзбекстанның сол кездегі бірінші секратары Осман Юсупов күтіп тұр. Сізбен ақылдасатын маңызды мəселелер бар көрінеді. Тез барыңыз»,– дейді («Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» 10 том, 253 бет. Əлімғазы Дəулетхан «Шығыс Түркістан жұмқұриеті жəне Əлихан төре» мақаласы. «Астана полиграфия» АҚ, Аста- на 2008). Сөйтіп, Əлихан төрені Жəркент қаласында екі күн ұстап тұрған соң, Алматы арқылы Ташкент қаласына ұшақпен əкетті.

 1976 жылы 91 жасында Ташкентте қайтыс болады. Сол Əлихан өзін сұраққа алған Кеңес қызметкерлеріне соңғы өтінішін сұрағанда: «Мен сендердің қолдарыңда тұрмын. Атасыңдар ма, шабасыңдар ма, ерік сендерде! Мен сендердің жалған уағдаларыңа сеніп, халықты азаттық күреске шақырып едім. Олар маған сеніп күрес майданына шығып еді. Осы бары- ста мыңдаған жастар құрбан болды. Жараланып, кемтар болып қалды. Ақыры мынау болды. Олардың қып-қызыл тырнақтары менің жағамда кетті. Алданып, қапы қалған халқымнан кешірім сұраймын. Мəрттік ете алсаңдар, менің осы тілегімді халқыма жеткізіп қойыңдар. Басқа айтарым жоқ!», – деп күңіренген екен («Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» 10 том, 254 бет. «Астана поли- графия» АҚ, Астана 2008).

 Əлихан төренің бұл сөздерді өзі бастаған ұлт-азаттық күресінің адал қайраткерлері жəне ақырғы деміне дейін елі мен жері үшін күрескен Оспан батырға қаратып айтқанында дау жоқ.

 Тағдырдың қиын сыны, сабындай бұзылып, сайтандай құбылған алдамшы замана пенделерін сынаққа салатын бол- са, бұл сыннан «қыл көпірден» өткендей сүрінбей өтетін адам-

дар көп болмаса керек. Сол тұстағы күрестердің ішінде Əлихан төре мен Оспан батыр бастаған күрес тек қана елі мен жерін қорғау сынды адал ниеттен туындаған исламшыл түркіліктің таза ақиқатын көрсете алды. Алайда əр түрлі идея мен мүдделер көлеңкесінде жүгірушілердің көптігі олардың адымын аштыр- мады. Алысты көре алмайтындар көз алдындағы алдамшы саясаттың құлы болып, ұлттар тағдыры тағы да тəлкекке түсті. ƏлиханныңжасырынқолғаалыныпКеңесодағына əкетілуімен бірге қалыптасқан Оспанға қарсылық идея бір мезет Ахметжан Қасыми, Əбдікерім Аббасовты өкіл еткен қызылшыл топтың күресін Үш Аймақтағы ықпалды орынға шығарғандай көрінді. Олар өздеріне сырт бере бастаған Оспанның ожар мінезінен сескеніп, оның алдына барып, одақтасу ниеттерін білдірді. Оспанға «Үш Аймақтың халық батыры» орденін сый- лады. Олардың қылығына мырс-мырс күлген батыр: «Мен теңге-моншақ тағатын қатын емеспін. Алтынды көрсе періште жолдан таяды деген. Менің күресім атақ-абырой немесе ор- ден үшін емес, ел мен жердің тағдыры үшін!» деп жауап берді. Оспанды көндіре алмасын білген олар əр түрлі қастандықтар сайлады. Кеңестік тəрбиенің сынағынан өткен Дəлелхан

Сүкірбаев олардың оң көзірі ретінде Оспанға қарсы тұрды.

 Бұл арада империялардың ойыны адалдықпен орындалып жатқандай көрінгенімен, сол тұстағы өзін ұлт зиялысы санаған түркі азаматтарында мансап-мəртебеге деген пендешіліктің ба- сым болғаны да өтірік емес. Сол үшін де олар қай кезеңде де белсенділік танытудан қашпаған. Мейлі қызылдасқан Шыңжан болсын, мейлі түрікшіл жас мемлекет – Шығыс Түркістан болсын олар қалайда мансап бұйырар деген дəмеден аулақ емес болатын. Сол үшін де тарихтың сындарлы кезеңдерінен сүрінгенін уақыт көрсетті. Өзі сенген үкіметке де халыққа да сенімсіз саналып, өз ғұмырларын ғана емес өздеріне лескен халықты да адастырды.

 Бір жағынан Монғолияның, бір жағынан ішкі ағайынның, енді бір жағынын Кеңес одағының қысымына ұшыраған Оспанның Гоминдаңшылармен одақтасуды талдауы осы кезең еді. Əрі өз талдауын: «Кезінде ортақ мүдде үшін бір-біріне жау болған қара қытай мен қызыл қытай бірлесіп жапонға қарсы тұрды. Кеңес одағы да Америкамен бірлесті. Мен уақыт тала-

бы бойынша Гоминдаңшылармен бірігу арқылы АҚШ сияқты сырт елдермен байланысқа шықсам не болыпты?! Бұл менің Кеңес қызылы мен Қытай қызылын сақтануымның бірден-бір жолы!» деп түсіндірді.

 Кеңестіктердің ойыншығына айналған Үш Аймақ қозғалы- сының соңғы тағдыры трагедиямен аяқталды деп айтуға бола- ды.

 «Бейбітшілік бітіміне» қол қойғаннан кейін Үш Аймақ үкіметі коммунистік партияның билігін қабылдай бастады.

 1949 жылы 17 тамызда Қытай Компартиясы орталық комитеті Үш Аймақ үкіметі өкілдерін Бейжиңде ашылатын

«Жаңа саяси кеңестің мəжілісіне» қатынасуға ресми ұсыныс етті. Келесі күні Мао Цзе Дун «Жаңа саяси кеңестің» дайындық көру комиссиясының меңгерушісі атынан Үш Аймақ үкіметі мен Ахметжан Қасымиге шақыру хатын жіберді.

 20 тамызда Ахметжан Қасыми Іле ерекше аудан халық өкілдері атынан Қытай Компартиясы орталық комитеті Мао Цзе Дунға жауап телеграмма берді. Мəтіні төмендегідей:

 Мемлекеттік халық жаңа саяси дайындық комиссиясы- ның меңгерушісі қадырлы Мао Цзе Дун мырзаға:

 Хатыңызды тапсырып алдық, сіздердің бізге айтқан істеріңіз бүкіл өлке халқы ұзақтан бері армандап келген істер еді. Біз халық азаттық соғысының ұлы жеңісін бүкіл дүниежүзінің жəне бүкіл Шыңжан халқының жеңісі деп білеміз. Сондықтан, біз ең қызу ынтамен қадырлы Мао Цзе Дун мырзаға алғыс айтамыз жəне қуанышымызды білдіреміз.

 Бейжиңге Жаңа халық саяси кеңесі мəжілісіне қатынасатын өкілдер жібереміз. Соған бола осы телеграм- маны жолдап отырмыз.

Ерекше районның халық өкілі Ахметжан, 20 тамыз, Іле

 («Жұңго Шыңжанның тарихы жəне қазіргі жағдайы», Шыңжан халық баспасы, 2006ж.Үрімжі 306-309 беттер).

 Шығыс Түркістан үкіметінің көптеген жұмыстары Кеңес одағының ықпалында жүріліп, əрқандай хат-қағаздарына дейін

«сценарий» бойынша орындалып отырғанын ескерсек, «Үш Аймақ» үкіметін Қытай Коммунистік Партиясына бейбіт жол- мен сатып беру үшін Ахметжанның қолына кеңестіктердің

«көсеу ұстатып», отты соның қолымен көсеуі əбден мүмкін еді. Ендігі жерде бұл іске куə адамдардың көзі жоғалса болды, кеңестіктер тарих кінəсынан қағыс қалады. Ахметжан мырза осы хатпен-ақ өзінің «ойыннан шығатынын» сезді ме, жоқ па оны дəл қазір ешкім айтып бере алмайды.

 1949 жылы 23 тамызда Ахметжан, Ысқақбек, Аббасов, Дəлелхан қатарлы Үш Аймақ төңкерісінің төрт басшысы жəне Шыңжан демократиялық төңкеріс партиясының Үрімжі аймақтық комитетінің жауаптысы Ложы Құлжадан жолға шығып, 24 тамызда Алматы қаласынан ұшаққа мініп Бейжиңге бет алады. 27 тамызда Ахметжанмен бірге жолға шыққандар Кеңес одағының ұшағына отырып, Иркутск қаласынан өтіп, Байкал көлі маңына барғанда ауа райы салдарынан ұшақ апа- тынан қаза тапты деген хабар келді.

 Шын мəнінде 1991 жылы Кеңес одағы құлағаннан кейін КГБ-ның бұрынғы жетекшілері Шығыс Түркістан Республикасының жетекшілері 1949 жылғы тамыздың аяғында Сталиннің бұйрығы бойынша Мəскеудің Любянский түрмесінде өлтірілгенін жариялаған (интернет мəліметі).

 Сөйтіп 1949 жылдың соңы мен 1950 жылдың басынан ба- стап Шыңжан коммунистік қытайлардың қолына өтті.

Шығыс Түркістан мəселесі сөз болғанда көп жағдайда

«Оспан батыр Шығыс Түркістан батыры» деген сөз ауызға алынады. Шығыс Түркістан аталатын аумаққа қытай шапқыншыларын кіргізбеуді мақсат еткен Оспанның күресін оң санасақ та, шын мəнінде Оспан жалпылық Отан ұғымын түркі даласымен өлшеп, Шығыс Түркістан атауын иеленушілерге немесе оны ойыншыққа айналдырған кеңестік қызылдарға өлердей өш болған. Мұның бірнеше себебі бар:

 Ең əуелі Оспан ұлтшыл. Ол ұлтын адалдықпен сүйе білген. Мейлі аш-арық жүрген ауыр күндерінде болсын, мейлі жеңістен жеңіске жетіп дəурендеп тұрған шағында болсын, ол жолдаста- рын, ұлтын, жерін сатпаған. Қайта жауларымен қара тұяғынан хал кеткенше, ақтық демі қалғанша айқаса білді. Ел мен жерге деген шексіз махаббатын өмірімен, өлімімен дəлелдеді.

 Екіншіден, Оспан діншіл. Исламшылдықты дəріптейді. Бұны оның: «кім менің тіліме, дініме тиіссе сол менің жауым» деген сөздерінен көруге болады.

 Үшіншіден, Оспан түрікшіл. Ол Кеңестер одағы тіктеген Шығыс Түркістан үкіметіне жау көзбен қарағанымен, сол үкіметтің құлауға айналған тұсында Əлихан төремен астыр- тын тіл табысып, ол үкіметті құлатпауға, қайта кеңестер ықпалынан босатып, исламдық жүйедегі Түрік мемлекетін құруды армандаған. Мұны тез сезген кеңестіктер əуелде өздері қолдап-қуаттап, Шығыс Түркістан Республикасын құруға бар күшін салған идеясынан тез айнып, оны құлатуға ұрынды. Сөйтіп кезінде өзі көмек көрсетіп қару-жарақ сыйлаған Оспан олардың жауына айналды.

 Жоғарыдағы қалың қайшылықтардың қай кезеңінде бол- масын Оспан өз қол астына Кеңес жағынан қашып келушілер арқылы ондағы қызылдардың саясатын, жəне оның өз елі мен жеріне деген қатерін дер кезінде сезіп отырды. Əрі оған қарсы тұрудың шараларын да шамасынша қарастыра білді. Германия, Жапон елінің шапқыншылығын да біліп отырды. Оларға қолы жетпеген соң АҚШ елінің елшілігі арқылы олармен байланысқа шықты. Тіпті: «қазіргі кезеңде жермен соғысудың уақыты өтіп бара жатыр. Маған аспанда соғысатын ұшқыш тəрбиелеп беріңдер» деп өзіне сенімді, рулық жақындығы бар бес азамат- ты сол елге оқуға аттандырды.

 Демек осынша күрделі оқиғалардың артында тұрған кеңестіктерден ат тонын ала қашуы немесе «қызыл тасқынға» қарсы тұра білуі бұл Оспанның ақиқаты. Бүгінгі шындықтың Оспан жағында екенін ескерсек, Кеңес қуыршағына айналған Шығыс Түркістан үкіметіне қарсы шыққандығын да əбден түсіне аламыз. Кейіннен кеңестіктер Шығыс Түркістаннан бет бұрған тұста тəлкекке түскен түріктер тағдырына ашынған Оспан Əлиханның идеясын қуаттай отырып, Шығыс Түркістанды қорғауға жанын салды. Бірақ кеш болды. Досы- нан жауы көп болды. Өрісі өртке оранған Алтайдың ақиығы қанатынан қайырылды. Бейне ағылшын жазушысы Год- фрей Лайас айтқандай: «Оспан батыр егер бұдан бес-алты ғасыр бұрын дүниеге келгенде аталары Мөңке, Шыңғыс жəне Темірлан деңгейлес ұлы қолбасшы болар еді».

 Оспан батыр туралы сөз болғанда айтар əңгіме өте көп. Десе де бұрынғы айтылымдарды қайталамауды көздегеніміз себепті туған халқының жүрегінен өшпес орын алған батырдың соңғы

аңызын да айта кетейік. Осы жолдардың авторы Оспанның көзі тірі сарбаздарымен əңгімеде болғаны бар еді. Сондағы бір қайран қаларлығы «Оспанның құйыршығы» аталып 20- 30 жыл қамақ жазасын өтеп келгендердің оған шаң жуытпай, баяғысынша: «ОШЫҢ» -деп атайтындықтары болды. 2000 жылы Алтайдың Көктоғайында Оспан батырдың өзімен бірге күресте болған ұлы Нəби қайтыс болды. Сол күні «Азаттық» радиосы «Нəби Оспанұлының қайтыс болғанын» хабарлаған. Мұны Оспан ауылынан бұрын «Азаттықтан» естіген Көктоғай қазағы жаназаға мыңдап құйылады. Оспан тіріліп кеткендей үрейленген қытай құқық қорғау органдары жаназаны əскери бақылауға алады. Оспан батыр атылып, қасіретпен қан жұтқан ел-жұртының қаншама сор кешсе де «ОШЫҢЫН» ұмытпағаны кісіні еріксіз ойға салады. Бұл – Оспанның иненің жасуын- дай дағы жоқ періште жүрегіндегі ел мен жерге деген адал махаббатының өлмес куəсі! Рухы жойылмаған халықтың баты- рына деген ыстық сағынышы! Бүгінгі біздерге, ертеңгі ұрпаққа керек алтын аңызымыздың ақырғы үзігі!

 Биыл (2009 жыл) Оспан батыр Исламұлының туғанына 110 жыл. 29 сəуір оның Қытай коммунистері жағынан атылғанының 58 жылдығы. Аллаh тағала топырағын торқа, жанын жаннатта қылсын. Бұл дүниеде жүзі жарық кеткен марқұмның о дүниеде де жүзі жарық болсын. Көре алмай кеткен жақсы күндерінің қызығын халқына берсін!

Оспан батырдың суреті

Оспан батыр мен Чойбалсанның кездесуі

Оспан батырдың cоңғы суреті

Оспан батыр

Cолдан оңға қарай: маршал Х.Чойбалсан, Оспан батыр, Ш. Ноғай жəне Иванов

Марияш Ноғайқызы Өркенбек Набиұлына Оспан батыр суретін сыйға тарту сəті

Конференция афишасы

Суретте оңнан солға: Рамазан Стамғазиев, Мақпал Жүнісова, Мақпал Садықова, Нұржан Жанпейісов

Залдан көрініс

Майра Ілиясова

Қызырбек ҒАЙРАТОЛЛА, Шығыс Түркістан қоғамының төрағасы, Түркия

Залдан көрініс

Оңнан қарай: Мейрием Хакім, Т. Зəкен, А. Донук, Қ. Ғайратулла, В.Исмайыл

ҚАЗАҚТЫҢ ОСПАН БАТЫРЫ

(«Ереуіл атқа ер салған» кітабынан, Алматы-1999)

 1973 жылғы қысқы бір кеш. Шығыс Түркістанда ұлттық күрес туралы зерттеуді қолға алған комитетіміз Оспан батырдың қасында болған Залабай тəйжіні тапты. Бұл кісі Оспан батырдың қарындасына үйленгендіктен, аты аңызға айналған сардар жайында көп білетін. Залабай тəйжі сол ұмытылмас күндер хақында тура бір жұма əңгімеледі. Біз жа- зып үлгеруге тырыстық. Алдарыңыздағы мынау дүние – та- рихи баяндау емес, көз көргендердің естелігі. Сондықтан біз оқиғаларға түсінік беруден бас тартып, əңгімеге тек əдеби реңк қостық. Бəрін жіпке тізбей, көкейкесті деректерге тоқталдық. Осы тұрғыдан алғанда, оқырмандарға бұдан жарты ғасыр бұрынғы Шығыс Түркістан келбетін шынайылығымен көрсете алдық деп ойлаймыз. Енді Залабай тəйжіге зейін қояйық. Ол сөзін 1934 жылы Көйсуда өткізілген мəслихаттан бастауды жөн көрді. Сол жиыннан соң аймақта ұлттық күрес қарқын алғаны ақиқат.

 – Біз ол кезде қылшылдаған жаспыз, – деп бастады отты жылдар куəгері. – Елеңдеп, не тапсырса да орындауға асықпыз. Білуімше, əлгі кеңеске Алтай атынан дін ғұламасы Ақыт қажы мен Халел тəйжі де қатысқан. Бұл екеуі оралысымен Алтайда жасырын əрекет байқалды. Əркім азаттық лебін күтіп, күресуге əзір. Мұны билеушілер сезбей қалмады. Құрылтайдан қайтқан

екеуін тұтқындады. Ізінше Құмар тəйжі (Омар), Мəңкей, Қарақұл залың, Кəкен тəйжі, Мəмілла зəңгі, Байқожа залың, Ақым батыр, Дөнен тəйжі, Байқадам үкірдай, Боранбай тəйжі, Шəрі тəйжі жəне Өнерхан Жанымханұлы да қамауға алынды. Бетімен кеткен бұл жүгенсіздіктер халықтың ашу-ызасын ту- дырды. Бұл аздай, ұлттық намыс, рухани қазына тапталуға ай- налды. Атап айтқанда, Көктоғайда мешіттегі кітаптар жиналып өртелді. Құдай үйіндегі шектен шыққан жауыздық енді ешкімді ұстап тұра алмайтын еді. Бастапқыда қылаң еткен шекісу екі жақтың мəмілесімен нəтижеленді. Бұған себеп – қазақтар салмақты сойқанға дайын емес-ті. Көктоғайдағы зымияндыққа қарсы қатал шараларға бармаудағы себеп осы. Əйтсе де Сарытоғайда алтайлық дін ғұламасы Ақыт қажы отырған мешітке қаскүнемдікпен жасалған шабуыл халайыкты енді ұстап тұра алмады. Қазақтар салтына тəн кешірімпаздықты бір шетке ысырып, тексіздікке наразылықтарын білдірді. Қас қылғанда, қол бастайтын адамдар қамауда. Жұрт солай ойлай- тын. Ал шын мəнінде халық күші – телегей теңіз. Ұлт намысын мойнына жүктеген ерлер шықты ортаға.

 Рысхан мен Есімхан өрімдей жас жігіттер аймақтағы ұлттық қозғалысқа бетбұрыс əкелді. Қос сардар бастаған сау- апты істі ілгеріде Оспан батыр жалғастырады. Дербес үкімет, егемен Шығыс Түркістан Республикасы ту тігеді. Рысхан мен Есімхан Ақыт қажы мешітіндегі бассыздыққа наразылық ретінде елді күреске шақырды. Халық қолдап, өре түрегелді. Қытай əскерлері шеруге қатысушыларды тұтқындауға əрекет жасағанда оларға оқ атылды. Соңы қанды кақтығысқа ұласты. Бостандық оғы осылайша, басқыншыларға бағытталды. Əскерлер біреуді тұтқындау былай тұрсын, табанын зорға жал- тыратты. Мұны көтеріліс деп бағалаған қытай ресми органда- ры əскери жасақ жөнелтті. Жер-жердегі шайқастар он айға со- зылды. Рысхан мен Есімхан əлсін-əлсін тауға кетіп, қатарын толықтырады. Жауды бүйірден соғып, діңкелету əдісін пайда- ланды. Амал қанша, Тəңірі бізге осы он айлық бостандықты көп көргендей… Қайтпас қайсар Рысхан обадан кетті де- ген қаралы хабар шапшаң жайылды. Үзеңгілес серігінен көз жазған Есімхан да бір ұрыста қыршын кетті. Алтайды қара бұлт қаптады. «Аттан» салар ер қалмағаны ма? – деп ел абыржу-

лы. Он айлық қарулы қозғалыс түрмеде жатқандарды құтқара алмады. Рысхан мен Есімхан мынау пəни тіршілікпен ерте қоштасты. Халық əрі-сəрі күйде. Ұлттық қозғалыс ыдырауға айналды. Сөйтіп əрекет тығырыққа тірелді. Осыны пайдаланып қалуды көздеген қытай сақшылары қару-жарақ жинауға кірісті. Бəз біреулер сасқанынан қолындағы бесатарын өздігінен тап- сырып жатты. Əскерлер енді қазақтың үйіне бас сұғып, еште- меден тайсақтамай іздегенін алып отырды.

 Бір күні сақшылар Исламның ауылына келіпті, барлығы қаруларын өткізсін деп əмір беріпті деген хабар дүңк етті. Исламның үлкен ұлы Оспан мылтығын бермейтінін мəлімдеді. Əкесі де көндіре алмады. Оспан «Бүгін қаруын берген, ертең жанын береді деген сөз. Қытайларға беретін мылтығым жоқ. Керек болса, өздері келіп алсын. Қорықсандар, сендер-ақ беріңдер» деді. Тауға шығып, қытайларды сонда күтетінін айт- ты. Сөзінде тұрды. Жақын досы Сүлеймен мен үлкен ұлы Шер- диман – үшеуі бірге кетті. Дұғасымен жолын тілеп қарт Ислам қалды. Сол күні қару жинаған жасақ басшысы тауға кеткен екі- үш бұзық кімді қырар, тəйірі деп мұрнын шүйірді. Оспан десе, кытай əскері шошып оянар күн туатынын ол кезде олар қайдан білсін.

 Оспан тауға аттанған күні көрші əйелдер шешесі Қайшаның құлағын жеді. «Не ойлағаны бар балаңның? Неге тоқтатпадың? Ертең қытайлар келіп, жанымызды көзімізге көрсетеді ғой» деп күңкілдей жөнелді. Қайша əжей тыңдап болды да, «Баламды осы күрес үшін тудым. Ғасырлар бойы қойды сойғаны сияқты, қытай билеушілері бізді бауыздады. Қаншама қандасымыз қырылды. Біздің жанымыз олардікінен артық емес. Қорықсандар, барып қытайдың аяғына жығылыңдар. Соларға қосылып, таудан ба- ламды іздеңдер. Паналаған жерін айтыңдар» деп шорт кетті.

«Ой, апа, олай демеңізші. Қазақ деген атымыз бар ғой. Кім ба- ласын ұстап береді, малғұн жауға. Сөге жамандамаңыз, қатында қайбір ақыл бар дейсін, жөні түзу» деп шыр-пыр етті əлгілер.

 Оспан Есімхан мен Рысханның өшін алады деген үмітпен жұрт іштей риза. Жастар да намысы оянып, тауға беттеді. Тау шатқалдары мен қойтастар кекшілдерге болат қорған. Сарбаз- дар саны молайып, қару мен оқ-дəрі етекке түсіп, əскермен соғысуға жетерліктей жиналды. Оспан ұтымды сəтті күтті.

Қытайлар таудағы төрт-бес қарақшы қайда барар дегендей жайбарақат. 1942 жылы Үрімжідегі қалың əскерден бір қол бөлініп, Алтайға беттеді. Ойлары – жаттығу өткізбек. Оспанның ойлағаны да осы. Ұрымтал тұстан бас салады. Тым болмаса, бас көтерген қазақтарды көрсін. Қытайларға айбат көрсетіп, еңсесі түскен жұрт намысын қайрайды. Үрімжі мен Сарсүмбе көшелерінде жүрген торуылшылар Оспанға күнбе-күн хабар жеткізіп тұрды. Үрімжіден оралған бір жігіт зеңбірек сүйреткен атты жасақ жолға шыққанын хабарлады. Оспан бұған қатты қуанды. Атты əскер неше күнде Алтайға баратынын есептеді. Өзі таңдаған жерде жауға лап қояды. Есебі дұрыс шықты. Тас қараңғыда аңдып тұрып атылған оқ дұшпанның зəре-құтын қашырды. Оспан бастаған алғашқы шайқас толық жеңіспен аяқталмаса да, олар олжасыз емес-ті. Ең бастысы – ат жалын тартып мінген жігіт атаулы Оспанға ағылды.

 Алтай қазақтары Оспанға үлкен үмітпен қарады. Одан демеуін аямады. Халқына арқа сүйеген ол жасағын əскери жүйеге негіздеді. Қатаң тəртіп орнатты. Сарбазы он мыңға жет- кенде Алтайдағы қытай гарнизонына қол салып, тас-талқанын шығарды. Құтылған азын-аулақ жау əскері Үрімжіге қашты. Алтай мен айналасын санаулы күнде жат күштен босатқан Оспан таудан түсті. Ел-жұртпен кауышып, сарбаз қатарын мо- лайтты. Қиын сəтте жұртты жұмылдыра білген оған халайық енді көсем ретінде қарай бастады. Осының айғағындай, 1943 жылғы шілдеде Бұлғында ұлан-асыр той жасалды. Оспанды ақ киізге отырғызып, хан көтерді. Сардарлығы ұмыт қалмай, Оспан батыр атанды.

 Мұны естігенде Үрімжі атқамінерлері қатты састы. Бұған дейін қарақшы деп Оспанды менсінбеу неге əкеп соқтырғанын енді түсінді. Алтай ханы қытай əскерімен бұдан да қуатты қолмен шайқасуды ұйғарды. Жалғыз қолбайлау – қару мен оқ-дəрі. Оны да тек Монғолиядан алуға болады. Монғол билеушілері оянып келе жатқан қытай қаупінің алдын орау үшін екі арада күш болғанын қалайтын. Оспан батыр бұны білетіндіктен Монғолиямен келісуге бекініп, мемлекет басшы- сы Чойбалсанға адамдарын жолдады. Ортақ қауіпті меңзеп, ұрысқа кірісіп кеткен Алтайға көмек көрсетуін сұрады. Ұлан- Батырдағылар Қытайға қарсы иықтасып соғысу немесе адам

күшімен қолдау білдіруді қаламады. Əйтсе де қару сату арқылы демеу беретіні мəлім болды. Бірнеше келіссөзден кейін қару алу жөнінде уағдаластық жасалды. Ұлан-Батырдан əкелген қару- жарақ Бұлғында жиналып, осы арадан сарбаздарға үлестірілді. Оспан батыр осы істермен айналысып жатқанда билеушілер қарап тұрмады. Алтайға Үрімжіден қуатты əскери жасақты жөнелтті. Қазақтар қолға қару тиісімен күш-қуат деңгейі теңесуге тақады. Жазалаушы топ Бұлғын, Шаған, Ірге, Дөңті маңайын нысанаға алыпты. Шынында Оспан батырға қарасты қолдың шоғырланған тұсы осы өңірлер. Ұрыс бірден қызып кетті. Қытайлар алысқа ататын күші жойқын зеңбіректермен қорғаныс шептерін соққылауға көшті. Қазақтардікі атты əскер болғандықтан, жеңіл қаруланған. Автомат жəне ұсақ жарылғыш заттары да бар. Бірақ көп емес. Кескілескен ұрыстар тура он бес күнге созылды. Үстіміздегі ғасырда ежелгі қарсыластар бірнеше мəрте майдан даласында кездесті. Бұл солардың ең жойқыны еді. Жаяу əскер мен ауыр зеңбіректері бар қарсыласқа шен ауысты- ру қиынға түсті. Қазақтар ойқастаған аттарымен найзағайдай жарқылдап, біресе мына жақтан, енді бірде күтпеген қапталдан бас салатын. Екі жақ та ауыр шығындарға ұшырады. Тек он бесінші күн дегенде жау тізе бүкті. Оспан батыр осы ұрыста толықтай жеңіске жетті. Қасейін батыр, Мұса мерген, Ақтеке, Ноғайбай үкірдай, Сұлыбай, Қуанышбай, Сүлеймен батыр сьіқылды қолбасылардан айрылдық. Шайқаста ерлігімен көзге түскен Нұрғожай, Аббас, Камал секілді жігіттерге «батыр» атағы беріліп, оларға есіл ерлердің ісін жалғастыру тапсырыл- ды. Оспан батырдың мықты деген қарсыласын бет қаратпай жеңуі Пекиндегілерді мазасыздандырды. Оқиға туралы Жиаң Кайшиді дереу құлағдар етіпті. Жиаң Кайши Алтайды уыстан шығармау үшін тағы да əскер жіберуге əмір берді. Осыдан соң Үрімжі басшылары Жалмықты Қайшы жəне Сарытоғайға күш жинауға көшті. Мұны білген Оспан батыр сырттай бақылап қалмай, Баркөл, Еренқабырға, Шонжы, Норы, Қаба, Буыршын- да шашырап жатқан қазақтарды жинады. Қырда көшіп жүрген бұлар руы Бəйтік, Шіңгіл, Сарытоғай жəне Құбының құмы де- ген жерлерге орналастырды. Осылайша оларды қауіпсіз жерге апарып, атқа мінуге жарайтындарын қатарға тартты.

1944 жыл екі жақтың күш жинауымен өтті. Оспан батыр

Монғолиядан ғана қару ала алатын. Мұның бір себебі, бұл кез- де екінші дүниежүзілік соғыс өршіп тұрды. Күллі дүние наза- ры соған ауды. Оның үстіне Азияның жүрегінде орналасқан Түркістан өзге дүниеден қол үзіп қалды. Оспан батырдың өлкенің терістігіндегі Алтайда болуы да сəтсіздік еді. 1945 жылы қаңтарда Оспан батыр Жалмықты, Қайшы мен Сарытоғайға бекінген қытай қолына қарсы шабуыл жоспарын дайындады. Ол бойынша Үрімжімен арадағы үлкен жол жабылады. Мезгіл қыс болғандықтан қоршаудағы жау азық-түліксіз қалады. Сондай- ақ, дұшпанды өкпе тұстан қысу арқылы қорғануға мəжбүр ету оқ-дəрісін түгесуге мүмкіндік бермек. Оспан батыр қаңтардың аяғында 15 мың қолмен шабуылға шықты. Жолсапарға сəйкес жау қоршауға алынып, Үрімжіге апаратын жалғыз жолды қазақтар бақылауға алды. Əлсін-əлсін жауды түртпектеп əбден берекесін кетірді. Қарсы шабуыл қазақтарды орнынан қозғалта алмады. Текетірес наурыздың аяғына дейін жалғасты. Жаудың шағын бір бөлігі ғана қоршауды бұзып, Үрімжіге қашты. Енді бір тобы төменгі Алтайға қарай ығысты. Сөйтіп, Жалмықты, Қайшы мен Сарытоғай кытайлардан тазаланды. Дабысын түнгедегі көмекке келуге əзірленген жау қолының да тоз-тозы шықты.

 Оспан батыр осы жеңістен кейін бір мезгіл тыныстап, күш жинауға бекінді. Қыстан қысылып шыққан əскерін жау демал- тып, жаңа ұрыстарға əзірледі. Мақсаты Алтайды түгелдей жат күштен тазалау. Шілде айында қалың қолды аралап шықты. Жігіттердің рухы көтеріңкі екен. Бəрі де батырдан əмір күткендей. 1945 жылы 15 тамызда Оспан өзі бастап жауға шап- ты. Күтпеген шабуылдан есі шыққан дұшпан алды-артына қарамай, Үрімжіге қашты. Осылайша Алтайда бөгде əскер қалмады. Төменгі Алтайда болған ұрыста Үрімжі жолынан адасқан үш мыңнан астам қытай əскері қолға түсті. Бүл оқиға күллі Шығыс Түркістанға жайылып, жер-жерде көтерілістер бұрқ етті. Іле мен Құлжадағы бас көтерулерге Оспан батыр қолдау көрсетті. Қару-жарақ жолдады. Алдағы Қалман, Дəлелхан Сүкірбайұлы, Бұқа зəңгі жəне Уатқан сияқты өз адамдарын жіберді. Ұлттық күресте күш біріктіруді ұсынды. Əлихан төре де осыны күткен. Екеуінің тізе қосқан əрекеті билеушілерді қатты мазасыздандырды. Зəресі ұшқан Үрімжі

билеушілері олармен келісім жасауды түсінді. Іле мен Алтайға елшілерін жіберді. Оспан батыр мен Əлихан төре уақыт ұтуды көздеп, ұсынысты қабылдады. 1946 жылы 2-қаңтарда тарап- тар мынадай келісімге қол қойды: 1) Алтай, Тарбағатай жəне Іледе ұлттық күреске қатысқан күштерді таратып, оларды мем- лекетке бағынышты əскерлер тұрған жерде ұстау. Шығындарды үкіметке төлету. 2) Қашғар мен Ақсу сияқты түріктер көбірек қоныстанған өңірлерде үкіметке бағынышты болып табыла- тын жасақ ұстауға рұқсат беріледі. 3) Шығыс Түркістандағы қытай əскерлерін өлкеден алып кету; 4) Шығыс Түркістан халқына тиесілі бостандык себепсіз шектелмейді; 5) Шығыс Түркістандағы сақшы орындарына түріктерді жұмысқа алу; 6) Ұлттық мəжіліс мүшелері, уəли жəне төменгі басшыларды сол өңірдегі халық сайлайды; 7) Мектептерде қытайшаны тіл пəні ретінде оқыту; 8) Іле үкіметі ұсынған адамдардың мемлекеттік мекемелерге алынуына қытайлар кедергі туғызбайды. Қытайлар тұрғысында Іле үкіметі де сондай адымдарға барады; 9) 4 министрдің екеуі жəне екі бас басқарма жетекшісі Іле үкіметінің адамдары болады; 10) Аймақ басшысы орынбасарларының бірін Іле үкіметі ұсынады; 11) Аймақ үкіметі мен мəжілісі мүшелерінің көпшілігі түріктер болуына екі жақ та қарсы емес. Келісімге Əлихан төре атынан Ахметжан Қасыми мен Рахым- жан, Оспан батыр атынан Əбілқайыр, ал Қытай үкіметі атынан генерал, Жанг Жу Жанг қол қойды.

 Келісім бекітілгенше 5-6 ай бойы келіссөздер жүргізілді. Бейбітшілік келісіміне қауіп төнген кез де болды. Ал тура он ай өткенде Шығыс Түркістан өлкелік үкіметінің құрамы жөнінде қосымша келісім жасалды. 1946 жылы маусымда құрылған Шығыс Түркістан үкіметінде 25 мүше бар еді. 14-і түрік, қалғандары дүнген жəне маньчжурлар. Үкімет кеңесіне Оспан батыр, Əлихан төре, Жанымхан қажы, Мехмет Əмин Бұғра, Иса Юсуф Алптекиндер кірді. Үрімжі орталық уəлиі боп Қадыуан (Халида) ханым, орынбасары боп Халидулла Тарым тағайындалды. Кейінірек, өлкелік үкімет басшылығына Мақсұт Байқозы келді.

 Осылайша Шығыс Түркістанға бейбіт дəуір орнағандай. Алайда Қытайға азамат соғысы жақындап қалды. Мао мен Жиаң Кайши жақтастары бірін-бірі жағадан алып жатты. Күн өткен

сайын коммунистердің күшеюі Шығыс Түркістанға жаңа бір қауіп əкелді. 1949 жылы күзде Жиаң Кайши жеңіліп, Формаса аралына қашты. Бұдан былай Шығыс Түркістанда коммунистік қытай дəуірі басталды. Түріктер бір зауалдан құтылып, екінші нəубетке тап болды. Коммунизм, əсіресе, мұсылмандық пен түрікшілдікке қас. Сондықтан түріктер рухани жəне өмірлік болмысын қорғауға мəжбүр еді. Бар үміт Оспан батырда. Қызыл пəледен тек сол ғана құтқаруы мүмкін десті жұрт. Шығыс Түркістан автономиялық үкіметі бұл кезде құлаған. Қайбір мүшелері шетелге кетті. Қаржы министрі болған Жанымхан қажы үш ұлымен бірге Оспан батырға қосылды. Үрімжідегі АҚШ консулы Дуглас Маккернан да екі қызметкерімен қазақтар арасында жан сауғалады. Американдықтардың Оспан батырды паналауы коммунистерге таптырмас сылтау еді. Олар батырдан дипломаттарды тапсыруды, ал өзінен қаруын тастауын талап етті. Бірақ Оспан коммунистерден қашпай, американ консулын Залабай тəйжі, Иса батыр Қариға жəне Зиратбайларға қосып, Ғаскөлдегі Құсайын тəйжіге асырды. Залабай тəйжі иығына осы ауыр жүк түскен замат бірнеше айдан соң ораламын деп ойлады. Такламакан шөлі мен ұшы-қиыры жоқ далада күні бойы ат пен түйе үстінде қасындағы қазақша киінген жолаушы- лармен Ғаскөлге табан тіреді. Жаушылар Оспан батырдың ама- натын сау-сəлемет күйінде жеткізді. Бірақ олар енді ешқашан айбатты да айбынды Оспан батырларын Баркөлде көре алмай- тын еді…

 Осы араға жеткенде Залабай тəйжі біраз үнсіз қалып, əңгімесін қайта жалғастырды. – Біз жолға шыққаннан соң бірнеше күн өткенде қытайлар Оспан батырға шабуыл жасап- ты. Бірақ онысынан түк шықпапты. Жеті өлшеп бір кесетін ба- тыр да бұдан былай күшейген қызыл қытайға төтеп бере ал- майтынын түсінді. Сондықтан Тибет шекарасындағы Ғаскөлде біраздан бері тұратын Құсайын тəйжі мен Қалибекке қосылып, күш жұмылдыру қажет деп шешті. Сөйтіп, 1950 жылғы маусым- да Баркөлден аяңдап жолға шықты. Қарсы келген қызылдарды бірнеше рет серпіп тастады. Қансуға қиналмай бет алды. Тағдыр соқпағы қайда апаратынынан хабарсыз. Тамызда Зынданқол деген жерде қызыл жасақпен бетпе-бет келді. Ауыр шайқастан сон Мақайға қарай жүрді. Зынданқолда өзін паналаған Жаным-

хан қажының жазатайым қолға түсуі батырға қатты тиді. Оспан батыр енді өзінен қорғаныш іздегендерді қорғауға дəрменсізбін деп ойлап қапаланды. Ұрыста небір айбынды қолбасшылары да жараланды. Құмыл қазақтарының басшысы Сұлтаншəріп тəйжі, Нұрғожай батыр қасында болатын. Жыл соңында Оспан батыр Мақайдағы Қанамбал деген жерде Қабен тəйжімен қауышты. Ілгеріде Қайыз атты шөбі шүйгін өңір бар. Қабен тəйжі батырдың сол араға қоныстануына көмектесті. Оған көп аялдамай Ғаскөлге аттануды ұсынғанда, батыр қысқа кесті:

«Мен құтылармын-ау, бірақ халқымның халі не болмақ? Осын- ша күрестен кейін жат жұртта қалғым келмейді. Оспан- ды қозғамаңдар, отанында қалсын. Осы сөзден соң Қабен, Нұрғожай, Сұлтаншəріп, Дəлелхан аялдамай Ғаскөлге аттанды. Оспан батыр ұрыстағы жан серігі Жанəбілмен бірге соңдарынан келетіндерді күтіп қалды.

 Қайызда күтпеген жерден бұдан бұрын аты аталған Құмыл уəлиі, генерал Жолбарысхан шыға келді. Ол да Шығыс Түркістанды тастап, Жиаң Кайшидің ізімен Формасаға (Тай- ван) тартып барады екен. Ол Оспан батырдың касында жүрген ауыр қаруларды ататын 40 шақты сары орысты алдап, бір түнде өзімен бірге əкетті. Міне, аяқтан шалар осындай қырсықтық адым аштырмай қойды. Сол жылғы желтоқсанда Оспан көптен күткен жаужүрек Аббас батыр 20 жігітімен жетті.

 Бұлар оны қалың сарбазбен келеді деп ойлаған. Сөйтсе, Аббастың қолы да сол Зынданқолда оңбай шетінепті.

 Оспан батыр Қайызға келгенде жол атаулыны қызылдар жауып тастаған екен. Бұдан бұрын Қанамбалға дейін барып қайтқан Қалибектің досы Қайнаш1 ахуалды оған түсіндірген. Қалибек үлкен ұлы Хасанның қасына Мұсаны қосып, Оспан батырға жіберді. Көмек көрсетуге əзір екенін, бірақ болмағандықтан сəті түспегенін айтып, шама келгенше тездетіп Ғаскөлге жетіп алуға шақырды. Оспан жол білетін Хасанның келуіне қарамастан Қайызда қалып қойды. 1951 жылғы қыс қаһарымен есте қалады.

 Қайызда жатқан Оспанға енді Ғаскөлге бару да қиын. Ара- да 400 шақырымдық жол жатыр. Құмды шөлде қыс та сұмдық.

1 Қайнаш – марқұм əкем.

Əсіресе, құм дауылы қорқынышты. Бар үміт көктемде. Қар ерісе, өтуге болады. Мұны қызылдар білетін. Мақайдан өтсе, Оспанды қолға түсіру жоқ. Қытайлар Дунгкангтағы 8-ші пол- кты көтеріп, осында жөнелтті. Бұдан хабардар Оспан батыр де- реу жасағын ұрысқа əзірледі. Мезгіл қыс, əрі Қайыз қорғанысқа тым қолайсыз жер. Қас қылғандай сарбаздары да жадап- жүдеген. Сырқаты, жаралысы бар дегендей. Батырды көптен бері аңдыған қызылдар бұл туралы да мағлұмат алыпты.

 1951 жылғы 13-ақпанда 8-ші полк 4 жақтан зеңбірек атқылаумен шабуылға шықты. Ысқырған оқ, жарылған топ Қайызды дірілдетіп жіберді. Оспан күшін беске бөлді. Жанəбіл, Аббас, Сүлеймен, Кəшəпəт батырлар төрт жақтан анталаған дұшпанға тойтарыс берді. Оспан мен Ержан мүфти ортадағы күштердің басында. Күн көкжиектен көрінбей кеткен кезде Оспанмен талайдан бері толарсақтан саз кешкен əлгі батыр- лары жаужүрек жігіттерімен бірге жан тапсырды. Қоршау та- рыла түсті. Батыр қосалқы күшін ұрысқа қосқанмен, бірнеше сағаттан соң ол да оққа ұшты. Үлкен ұлы Шердиман, қасында екі бауыры Нинетулла жəне Нəбимен бірге дұшпан бетін кайтаруға тырысқанмен іске аспады.

 Сол түні Оспан жалғыз қалды. Қайыз көлін кешіп, қарсы бетке жетіп алса, құтылуы да ықтимал. Соны ойлап, атына ырғып мінгенде қызы Азапай таяу манда жаумен жағаласып жатты. Оны өзімен əкеткісі келіп, солай қарай ұмтылды. Алай- да, асығыстық аяқтан шалды. Əрдайым сақ қимылдайтын ол ақбоз атымен көлге қарай зымырады. Ақбоз ат түнде дереу көзге түсті.

 Базыбір тарихшылар батыр бұл атты мұздың түсіне орай таңдады дейді. Бірақ қызылдар көлге жетпей көріп, Оспан екенін біле қойды. Тірідей ұстау үшін ақбоз атты нысанаға алды. Тек тигізе алмай атты. Оспан батыр мен 17 жасар қызы Азапай көл ортасына таяғанда ат аяғы тайып домалап кетті. Жануардың аяғы сынды. Батыр мен қызы атты қалқан етіп қолдарындағы оқ-дəріні тауысқанша атысты. Бəрібір құтыла алмай колға түсті. Қытай офицері одан «Сен кімсің?» деп сұрағанда, күркіреген дауысымен «Оспан батыр мен боламын» деп қаймықпай жауап беруі ержүректілік мысалы ретінде жады- мызда қалады. Оспан батыр қолға түсуімен соғыс та бітті. 8-ші

полк кері қайтты. Ертеңіне таң атпай ұрыс даласын аралаған батырдың үш ұлы шейіттерді жерлеп жүріп, əкелерінің қолға түскеніне көздері жетті. Артынан Алтайға барған ұлдары 1956 жылға дейін тауды паналап соғысады. Сол жылы амалсыз ком- мунистермен келісім жасап қаруларын тастайды. Бізге Шерди- ман Сарсүмбеге əкім болып тағайындалды деген хабар ұласты. 1950 жылғы маусымда консул Дуглас Маккернанды Ти- бетке апардық. 5 айдай Ғаскөлде қалдым. Бұл кезде Оспан батырдың Қанамбалға келгенін естідік. Құсайын тəйжі оған көмек жіберуді ұйғарды. Осы ойын маған айтқанда менба- тырдыжəне оның қасындағы отбасымды сағынғанымды білдіріп, жүруге əзірмін дедім. Құсайын тəйжі бұған қуанып, дайындалуға кірісті. Қыс кезі. Қарашада мұнда суық, қарлы, боранды. Мен жолға шыдамды екі атымды дайындадым. Ара- да 5-6 күндік Мақай шөлі бар. Соған орай азық алып, таңертең жаратқанға жалбарынып, жолға шықтым. Суыт жүріп, жетінші күні Қанамбалдың шетіне іліктім. Алтайдың ақ үйлері көзіме оттай басылады деген үмітпен келе жатқанмын. Қарғыс атқыр көріністен көз қарауытады. Қыстан қысылып шыққан не- месе талан-таражға ұшыраған ауылды елестетіп үйлердең көңілің құлазиды. Батырдың еңсесі түскен. Соғыста бірінші рет жеңіліпті. Елі үшін жанын шүберекке түйген Оспанның кеудесінде өшпенділік оты əлі сөнбеген. Мені көріп қуанып қалды. Аман-cay кауышқанымызға мəзбіз. Құсайын тəйжінің аманатын тапсырдым. Ғаскөлдегі ахуалды баяндап, американ консулын аттандырғанымызды хабарладым. Үрімжіден бас хатшы орынбасары Сəли Əміреұлы, Абдулкəрім, Əділ жəне

Қалибектің Ғаскөлде екенін айттым.

 Бір аптадай тынықтым. Бір күні Оспан батыр шақырды. Ал- дына барғанда қалай демалғанымды сұрады. «Аттарың сені Ғаскөлге қайта апара алады ма?» – деді. Сасып қалдым. Жау- ап ойлап үлгергенше, ол «Менің жігіттерім қатты шаршаңқы. Жолды да білмейді. Сен Ғаскөлге қайта бар. Ондағылар (қазақтар) күн жылынғанда, соңымнан келуге тиіс жасақтар кеткенде, маған Мақай шөлінен өтуге көмектессін. Наурыз ба- сында жəрдем жіберсін. Сол кезде сені де осы жерде көретін болайын? – деді. «Құп» дедім де жолға əзірлендім. Желтоқсан аяғында Ғаскөлге бардым. Жападан жалғыз қорқынышты

Мақай шөлінен өттім. Аттарым енді мені қайта Қанамбалға апаратын халде емес. Сондағы қазақтардан қонды жылқы алуға болады. Сөйтіп Тажнорда бір жарым ай қалып қойдым. Жағдайды Құсайын тəйжіге түсіндіріп, наурыз басында калай болмасын көмек жолдауын өтіндім. Ол көмекке кай уақытта болса да дайын екенін білдірді. Тек 40 шақты жігіті Дукан- да қытайлармен ілінісіп тұтқындалыпты. Құтылып келсе, со- ларды жібермек ойда екен. 1951 жылы 10-ақпанда батырдың Қанамбалдан Қайызға, яғни Мақайға таяу жерге келгенін естіп Ғаскөлден қазақтардың наурыз басында жəрдем жолдайтыны, Оспан батырдың соған орай дайын отыруы керектігін хабарлау міндеті тағы да маған жүктелді. Қақаған қыста Қанамбал мен Ғаскөл арасы маған үйреншікті жолға айналды. Ой-шұқыры да таныс. Хабарды Оспан батырға ұластыру үшін тағы да азап- ты сапарға аттандым. Бұл жолы Мақайдан бес күнде өттім. Бəрібір кеш қалыппын. Қайызда табиғат түнеріңкі екен. Аспан- да қаптаған құзғын. Айналаны қошқыл түтін басқан. Дəуде бол- са, Оспан батырдікі шығар деп келген шатырдың ағаш қазығы жартылай жаныпты. Тілін сумаңдатқан жалында түгел өртеніп кетпегені түсініксіз. Көзімнен парлаған қанды жас қасиетті топырақтың соңғы белесіне тамып жатты. Мен тізерлеп күңіренген тұста аттарым бір жаманшылықты сезгендей тұяқтарымен жер тарпыды. Оны аңғарар шама жоқ. Біраздан соң барып ес жиып, жылқыларға ұмтылдым. Бұрылып қарасам, маған қарай құйғытқан біреу көрінді. Түр-тұрпаты қазаққа ұқсайды. Қанды қырғында тірі қалған жігіттердің бірі, шамасы. Тіл-аузы байланғандай лəм демейді. Аялдаған да жоқ қасымда. Көзден ғайып болды. Оспан батырдың жұртында уілдеген жел- ден басқа ештеме қалмапты. Бұған сенгің келмейді-ақ. Бірақ ащы шындық осы…

 1951 жылғы 21-ақпанда қарақан басыммен Ғаскөлге тарт- тым. Шөл қоркынышты. Əсіресе, тас қараңғыда ойың алай- дүлей. Сан мəрте жүргендіктен бе, етің еріксіз үйренеді екен. Тажнордағы Құсайын, Сұлтаншəріп тəйжі, Дəлелхан жəне Нұрғожай батырларды мазасыз халде кездестірдім. Оспан батырға жау анталаған күні Чаклык пен Шинхайдан шыққан екі əскери жасақ Ғаскөлдегі Қалибек пен бұларға соқтыққан. Бір жақсысы, торуылшылар дер кезінде хабарлап, жігіттер

қамданып үлгеріпті. Сөйтіп, дұшпан қолы тойтарылыпты. 27-ақпанда Тибетті бетке алып жолға шықтық. Машақаты мол бес жарым айдан соң Кашмирге жеттік.

 Оспан батырдың бет-бейнесі. Түрік ұлысы сан ғасырлар бойы небір тамаша қолбасшыларды тарих сахнасына шығарды. Солардың соңғы тұяғы – Оспан батыр бертінгі кезеңде өмір сүргеніне қарамастан жеткілікті дəрежеде танытылған жоқ. Ұлы жаратылыс құдіреті мен сəтсіздік оның бойына қатар жиналғандай. Қайсар жан қиындықты жеңуге тиіс. Оспан ба- тыр балаққа оралған талай-талай кедергілерді, тіпті, тарих дөңгелегі кері айналған кезде де басын имеді. Бəріне амал тап- ты. Оның əскери қызметін ағылшын жазушысы Годфрей Лай- ас былай дейді: «Егер ол ұшақ пен мотор дəуірінен бұрынғы зеңбірек пен мылтық заманында өмір сүргенде, бəлкім, Орта Азия түріктеріне бостандық əперер еді».

 Алтай қазағы Ислам байдың ұлы Оспан 1889 жылы туды. Қыр тіршілігімен етене боп өсті. Қатарластары сықылды он жасқа толмай жатып ат кұлағында ойнайтын. Аңшылықпен ай- налысты. 12 жасында өмірінде үлкен бетбұрыс болды. Қазақтың айбынды батыры Бөке жас баланың бойындағы батылдықты байқап, оны мерген ғып шындау үшін жанына алды.

 Оған қоян-қолтық ұрыстың сан қилы тəсілін үйретті. Патшалық Ресей мен Қытайға қарсы өшпенділік рухында тəрбиеленді. Екі жылдан соң Бөке батыр бірқатар жеңілістерге ұшырады. Сонда ол Оспанға «Менің міндетім аяқталғандай. Бірақ болашақта халқың саған мұқтаж болады. Өйткені, сен- дей жан енді тумайды. Менен айрыл» деп бұйрық берді. Бөке батыр Түркияға барар жолда Тибетте қолға түсіп, айуандықпен өлтірілді.

 Оспан батырдың бұдан кейінгі өмірі көш, қарулы қақтығыстармен өтті. Шағын топ құрып, Қытай мен Ре- сей əскерін қақпанға түсіріп отырды. Құралайды көзге атқан мергендігі аңыз боп айтылады. Атпен шауып келе жатып мылтығымен топ жаудың ішінен қолбасшысын жер жастандыру үйреншікті əдеті еді. Атақ-даңқы тез жайылды. Қазақ сарбазда- ры оны тек Бөке батырдың емес, кейде, тіпті, Шыңғысханның тұяғы санайтын. Ержүрек, сақ əрі жауапкершілікті мойны- на жүктеуден қашпайтын жан. Діттегенінен айнып, дұшпанға

жаны ашыған немесе досына қиянат жасаған кезі болған емес. Екінші дүниежүзлік соғыс кезінде Шығыс Түркістан хал- кы қатты езгіге ұшырады. Бірқатар атқамінерлер орыстар неме- се қытайлармен саяси тұрғыда жақындаспақ боп жанталасты. Оспан батыр соғыстан басқа жол жоқ деді. Ол сұңғақ бойлы, қысық көзді, қараторы, қапсағай денелі, сөзге сараң жан-тұғын. Жеке бастың қамына көп қайғырмайтын, бірақ ұлы мұрат жо- лында ештеңеден тайынбады. Оның ұлы арманы Шыңғысхан кезіндегідей Алтайдан бастап тұтас түрік жұртын қытай мен орыстан босату болатын. Жұлдызы жанған жылдарда Тəңірі таудың терістігіндегі бүкіл Шығыс Түркістан өңірі, бірнеше қаланы қоспасақ, азат етілді. Артынан коммунистік күштердің қысымымен əуелі Алтай, сосын Тарбағатай таулары уыстан шығып кетті. 1949 жылы ол бір қуыс тауға тықсырылды. Пар- тизан соғысы мен қапыдан соғу ұрыстарын жургізуді шебер меңгерді. Жылдар бойы танк жəне ұшақпен каруланған жау оны жоқ ете алмады. Бастапқыда ұрысқа жарамды он мың жасағы болса, 1950 жылы қатын-қалаш, бала-шағаны қосқанда 3-4 мыңды əзер құрады. Соңғы паналаған жері Мақай өңірі болды. 1951 жылғы ақпандағы қызылдар шабуылында қазақтардың елеулі бөлігі қырылудан құтылды. Бірен-саран қыз-келіншектер қолға түсті. Біреуі – Оспан батырдың 17 жасар қызы Аза- пай. Тұтқындалған батырды 80 шақырым əрідегі Тунг-Хуканг кентіне айдап апарды. Ол жерде ұрып-соққан соң, атқа мінгізіп көшеде алып жүрді. «Түркістанды қытайлардан құтқарамын деген адамға қарандар!» деп жар салды. Бірақ олар аузын жабуды ұмытыпты. Бар күшін жиып «Мен өлермін, алайда ақырзаман орнағанша халқым күресе береді» деп айқайлады. Ақыр соңында оны Үрімжіге апарды. 1951 жылғы 28-сəуірде қаза тапты. Соңғы сəтіне дейін айылын жимады. Күндердің бір күнінде жаңа Оспан батырлар шығатыны, жеңіске солар жетер

деген үміт оты кеудесінен өшпей кетті.

 Оспан батырдың Үрімжі сапары. 1946 жылы Шығыс Түркістанда автономиялық үкімет құрылып, оған Оспан ба- тыр мүше болғанын айтып өттік. Үкімет төрағасы Мақсұт Са- бри Байқозы Алтайдағы даңқты батыр Оспан батырды Үрімжі халқының көруге ынтазар екенін білдіріп, шақыру жолдай- ды. 1948 жылы маусымда батыр 400 нөкерімен Шүйгінтаудан

Үрімжіге бет алды. Мұны естіген қала халқы қызу дайындыққа кірісті.

 – Өлкелік үкімет ресми қабылдау шараларын ұйымдастырды. Батырға деп Үрімжі маңындағы көк жасыл гүлмен көмкерілген орында киіз үй тігіліп, қымызын əзірледі. Кенттегі ұлтжанды жəне түрікшіл ұйымдар апталық ұйымдастырды. Батыр тура- лы, жүргізген ұрыстардағы ерлік шежіресі жайында мақалалар жазылды, түрлі жиындар өткізілді.

 Өлкелік үкімет қадірлі қонақты Үрімжіге 10 шақырым қалғанда бас хатшы Иса Жүсіп Алптекин күтіп алады деп шешті. Залабай тəйжі қарсы алу рəсімін былай суреттейді: Оспан батыр ақбоз атымен қос қапталда жəне алдында үш жолбастаушысымен келе жатты. Көк байрағы алыстан мен мұндалайды. Елу метрдей керіде шені мен жасына орай лауа- зымдылары. Ал олардың ізін ала қос катар түзген жасағы бар. Тек Оспан батыр мінген арғымақ қана ақбоз. Қалған төрт жүз кісінің мінгені сүліктей қара сəйгүліктер. Бəрі де Алтайдын ең таңдаулы жануарлары. Үрімжіге таяғанымызда жол бойын- да ілінген тулар мен ұрандарды байқадық. Қалаға кіруіміз мұң екен, бізге қарай беттеген қалың топты көзіміз шалды. Алдын- да ұлттык киім киген бір кісі ақбоз атымен жақындай түсті. Соңындағылар түрлі ұрандар көтеріпті. Əлгі адам бір кезде жанындағы үш кісімен топтан айрылып, жүрісті жылдамдат- ты. Оспан батырға 20-30 метрдей калғанда атынан түсіп, жаяу адымдады. Батыр да үзеңгіден аяғын алып, жұмсақ бірақ нық адыммен жаңағы адамға қарай жүрді. Бəрі тоқтап, тағатсыздана күтуде. Келген жан батырға қол созымдай жер қалғанда оған аса құрметпен сəлем берді. Бір кезде Оспан батыр Иса Алптекинді кең құшағына алды.

 Амандасу рəсімі аяқталды. Енді екеуі катар келе аты. Халайық кол бұлғап, айқайласа сəлемдесіп қошемет көрсетті. Сақшылар жолды ашуға тырысқанмен, халык қояр емес. Бəрі Оспан батырды көруге ынтық. Бұған ол ерекше тебіренді. Қолы жеткенді құшағына қысуға ұмтылды. Содан соң Оспан батыр мен нөкерлері Диірмен (Ши Мо Гу) бағында тігілген ақ отауға кірді. Сол күні осында тынықты. Ертеңіне Шығыс Түркістан үкіметі мүшелері Үрімжі ақсүйектері, қаладағы шетелдік ди- пломаттармен танысты. Ол, сондай-ақ осындағы мектеп, газет,

ұлттық ұйымдарды аралап көрді. Ұйғыр мен қазақ ұйымдары бірігіп өткізген жиынға құрметті қонақ ретінде қатысты. Бас қосуды жүргізіп отырған жігіт араларында даңқты батырдың болуы өздеріне көрсетілген зор құрмет екенін тілге тиек етті.

«Сіз бізге рух бердіңіз. Бізге бостандық əкелдіңіз. Шығыс Түркістан сізді мақтаныш тұтады. Уа, қаhарман батыр, арамызға қош келдіңіз, сіз көрсеткен азаттық жолынан таймай- мыз» деп Оспанның өмірбаяны мен күресі туралы мағлұмат берді. Мұны тыңдап отырып, көздері жасаураған Оспан батыр

«Халқым мені өзімнен жақсы біледі, халқымның мені тануы Отанға, азаттыққа сүйеніш бола алатыны. Ұлт бойында осын- дай рух жоғалмаса, мəңгілік дербес өмір сүреміз» деді. Сөйтті де, əлгі жігіттің көзінен сүйді. Артынан бұл жігіттің жас жазу- шы Полат Қадыр Турфани екенін білдім. Батыр сол күні үкімет мүшелерімен не жайында сөйлескенін білмеймін. Əйтеуір, қасында жүргенімізге мəз едік.

 Не керек, Үрімжіден аттанатын күн туды. Халық оны біраз күн бұрын қарсы алған жерге дейін шығарып салды. Айта кет- кен жөн, батырдың Үрімжі сапары толығымен түрік дəстүріне сəйкес өтті. Оқырмандар неге əскери рəсім жасалмады деген са- уал қоймас үшін осыны əдейі айтып отырмын.

 1940 жылы Оспан батыр ұлттық күресті бастаған кезде Шығыс Түркістанда қытай генерал-губернаторы басқаратын он аймақ жəне 73 аудан болатын. 1938 жылы залым генерал- губернатор Шың Шысай жүргізген санаққа сəйкес Шығыс Түркістанда барлығы 4 млн. 774 мың 778 адам тұрған. Генералдың түріктер санын кемітіп көрсеткеніне күмəн жоқ. 1946 жылы түріктер арасында жүргізілген санақта халық саны 10 млн. екені анықталды. Сол жылы Шығыс Түркістанда қытайлар 6 пайызды құраған. 1973 жылы Аргентинадағы Тұран академиясының басылымы «Күн ұлдары» атты журнал мұнда 18 млн. түрік бар деп жазды.

 Кашмирдегі ахуал. Біз небір сұмдық азапты бастан өткеріп, бейбіт тіршілікке ашылған тұңғыш есік Каш- мир астанасы Сринагар қаласына табан тіредік. Кент халқы мұсылман болғандықтан əрі премьер-министр шейх Мухам- мед Абдулланың бізге деген ерекше ілтипаты арқасында «Са- рай Сафакадыл» деген мейманханаға орналастық. Кашмирдегі

ресми мекемелер дүниежүзілік қайырымдылық ұйымдары жіберген əртүрлі көмекті мұғажырларға үлестіріп отырды. Əлгі ұйымдардың көшбасында «Əлемдік шіркеулер Одағы» тұрды. Осында бір жыл тұрған соң кенттің тұрақты мекен бола алмай- тынына көзіміз жетті. Басты себеп – Кашмир мəртебесі Үндістан мен Пəкістан арасында саяси саудаға түсе бастағандықтан. Ата- мекеннен аттанғанда барар жеріміз жайында ойлал-пішкеніміз бар еді.

 Содан бір күні Құсайын тəйжі, Сұлтаншəріп тəйжі, Қалибек, Хамза, Омар үкірдай, Нұрғожай батыр, Дəлелхан молда, Қобдабай сопы, Асан батыр, Қасым, Сұлтан жəне Үбəйдулла секілді сөзі өтімді кісілер мəслихатқа жиналды. Əңгіме қайда жəне қалай кету төңірегінде өрбіді. Пікірлер қақ айрылды. Біреулер Түркия десе, екіншілері Сауд Арабиясы деді. Америка, Формаса аралы да айтылды. Бəз біреулер Каш- мирден қозғалмауды ұсынды. Осылардың барлығы асықпай жіліктелді. АҚШ-қа бару дереу күн тəртібінен алынды. Жау- мен тістесіп жүріп құтқарған ұрпағымызды Америкаға апа- рып тоғытсақ, барымыздан айрылдық деген сөз. Қалған төрт ел жайында пікір бүтіндігі болмады. Құсайын тəйжі, Қабен, Омар үкірдай, Қайнаш, Төкеш, Омарбай ақсақал, Қобдабай сопы, Үбəйдулла жəне Сұлтан Түркияға кетуді қсстады. Рəки мол- да мен Асан батыр Сауд Арабиясы деді. Дəлелхан, Нұрғожай батыр, Сұлтаншəріп, Шүкен ақсақал жəне Қасым Кашмирден қозғалғысы келмеді. Қалибек пен Хамза қалыс қалды. Бірінші лектегілер Түркияға өтініш жасап, 1952 жəне 1953 жылдары жұрттарымен түрік жеріне барды. Рəки мен Асан Сауд Арабия- сына аттанды. Қалғандары əр түрлі кезеңдерде Түркияға кеп ор- наласты. Айта кету керек, Түркияға бірден бара қойған жоқпыз. Сонда тұрып жатқан Шығыс Түркістан өлкелік уəлиінің орын- басары Мехмет Əмин Бұғра мен Иса Алптекин жағдайымызды түрік үкімет орындарына жеткізіп, көмек көрсетті.

Бекен ҚАЙРАТ,

ақын, журналист, Астана

ОСПАН БАТЫРДЫҢ КҮРЕСКЕРЛІК ТАРИХЫ ЖАЙЛЫ ЕСТЕЛІК

 Үстіміздегі жылы (2009) ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаттықтың өшпес рухы» атты тарихи-танымдық туынды жарық көрді.

 Шығарма биыл туғанына 110 жыл толып отырған Алтай қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Оспан батыр Исламұлының өмір тарихына қатысты жазылған. Кітаптың авторы Оспан батырдың серігі Нұрғожай Молдажанұлы өзі куə болған оқиғаларды хатқа түсіртіп, кейінгіге мұра етіп қалдырған.

 Нұрғожай батыр 1940 жылы көтеріліс бұрқ еткен сəттен ба- стап, 11 жыл қанды қырғынның топ ортасында жүрген. 1951 жылы Оспан батырмен бірге Тибеттің жеріне келіп, бекінген. Осы арада Оспан батыр жау əскерінің қолына түскен соң, өзіне қарасты елін бастап Үндістанға өтіп кеткен. Кашмирде бірнеше жыл тұрып, 1954 жылы Түркияға қоныстанған.

 Бұл естелікті Нұрғожай батыр 1984 жылы Алтайдан ағайыншылап келген туысы Сұлтан Омарұлына ауызша айтып беріп, жаздырған көрінеді. Айтушы мен хатқа түсіруші өзара келісе отырып, жазылған оқиғаларды екі еселеп көшірген. Бірін – хатқа түсіруші Сұлтан Омарұлы қоржынына жасырып, Қытайға алып өткен. Барғаннан кейін оны жергілікті əкімшілік біліп қойып, қолжазбасын тартып алған. Қолжазба сол күйі

ұшты-күйлі жоғалған. Сұлтекең қолды болған дүниесін көп жыл іздестіріп, ақыры 2004 жылы өзі дүниеден өтіпті.

 Ал, Түркияда Нұрғожай батырдың қолында қалған екінші қолжазба 1986 жылы батыр дүниеден өткен соң оның қара шаңырағындағы қара сандықта жата берген. Арада 20 жыл- дан кейін, 2006 жылы қолжазба зерттеуші-ғалым Əбдіуақап Қараның қолына тиген.

 Жалпы, Оспан батыр жайлы бұған дейін шетелдерде көптеген шығармалар жазылды. Батырдың күрескерлік даңқы туралы да- стандар өмірге келді. Еуропалық ғалым Линда Бенсон қаhарман батыр жайлы «Қазақтың алтын аңызы» дейтін көлемді еңбек жазыпты. Онда: «Оспан батыр өзінің бұрынғы өткен ба- балары Шыңғыс хан, Əмір Темірлер сияқты аса құдіретті қолбасшы. Егер ол орта ғасырда өмір сүрген болса, сөзсіз əлемді жаулайтын жиhангер болар еді» депті.

 Сол сияқты ағылшын ғалымы Годфрей Лайас өзінің «Гез- коп жауыздығы» атты көлемді еңбегінде Алтай қазақтарының көтерілісі жəне Оспан батырдың ерлігі жайлы тамаша танымдық дүниелер жазып, күллі ағылшын елін құлағдар еткен екен.

 Одан басқа 1954-55 жылдары америкалық журналист Миль- тон Дж. Кларк Кашмирге келіп қоныстанған қазақтардың орта- сында бір жыл болып, Алтайда өткен көтерілістің тарихы жай- лы АҚШ-тың баспасөздеріне көп сериалы мақалалар жазған. Соның арқасында бұндағы қазақтарды Түркияның көшіріп алу- ына мұрындық болған. Бұдан басқа 1960 жылы Оспан батыр ту- ралы түрік ақыны Гемол Оғыз Окал көлемді дастан жазды.

 Бұл реткі тұсауы кесіліп отырған кітап – жеке адамдардың демеушілігімен жарық көрген туындыларды қоспағанда біздің тəуелсіз мемлекет тарапынан шығарылып отырған тұңғыш кітап. Оспан батыр туралы жарты ғасырдан астам уақыттан бері жазылып, зерттеліп келе жатыр. Бірақ əлі де болса ашылмаған шындықтар, жазылмаған дүниелер баршылық. Бұл заңды. Өйткені, тарихи оқиғаның немесе тұлғаның нақтылы зерттелуі үшін кемінде 50 жыл өтуі керек екен. Міне осы тұрғыдан алғанда Оспан батыр қаза тапқаннан бері 50 жылдан жаңа асты. Бүгінге дейін түркиялық қадірлі ақсақал Дəлелхан Жаналтай атамыз Оспан батыр жəне сол кездегі оқиғалар туралы «Қилы заман, қиын күндер» дейтін кітап жазды. Онда көп мəлімет

бар. Одан басқа Хасан Оралтай ағамыз жазған «Шығысты дүрліктірген дара тұлға» атты көлемді еңбек көптеген шетел тілдеріне аударылды.

 Қысқасын айтқанда, Оспан батыр туралы алғашқы деректер əлемге 1960 жылдардан бастап Түркия қазақтары арқылы та- рады. Өйткені, батырмен үзенгілес жүрген, тіпті ол кісі қолға түскенге дейін қасында болған адамдардың көбі Түркияға көшіп келген болатын. Соның бірі жоғарыдағы – Нұрғожай ба- тыр. Бұл адам 1950 жылдың шілде айында аса қуатты жаудың шабуылы кезінде жан серігі Оспан батырдан айырылып қалған. Батыр қолға түскенін білген соң, елін бастап Үндістанға өтіп кеткен.

 Нұрғожай 11 жасында батыр атанған адам. Жалындап жатқан отқа тайсалмай кіріп барып, өртке оранған анасы мен қарындасын алып шыққан. 1970 жылы осы Нұрғожай батырға түріктің ғалымы Гюльчин Чандарлыоғлы жолығып, бастан кешкен оқиғаларды айтып беруін өтінген екен. Батыр барлық оқиғаларды айтып берген. Бұл айтқандары соңында Ыстамбұл қаласында түрік тілінде жеке кітап болып, баспадан шықты. Көлемі 230 бет.

 Өкінішке қарай, осы кітапта бірқатар адам аттары мен жер- су атаулары қате жазылған. Кітапты жазған ғалым қазақ тілін, Нұрғожай батыр болса, түрік тілін жетік білмегендіктен орын алған жағдай дейді, – ғалым Ə.Қара.

 Естелік қазақ тілінде жазылған. Қолжазба төте жазумен 200 бет көлемінде. Кітаптың соңғы жағына осы қолжазба нұсқасы да қоса беріліп отыр. Төте жазуды оқи алатын адамдар қарап шығуына толық мүмкіндік бар. Бұл, əсіресе, Қытай еліндегі қандастарымыздың қолайы үшін жасалған дүние.

 Енді кітаптағы оқиғаларға қарай ойыссақ, жоғарыдағы Ə.Қара айтқандай, кітаптың шынында да тілі шұрайлы, оқиғалары шынайы жазылыпты. Алғаш көтерілісшілер бас қосып, азаттық үшін ант қабылдап, атқа қонып, барлық сар- баздарды тізіп қойып тірідей жаназасын шығартқан оқиға жай- лы былайша баяндапты: «Молда алғызып бүкіл əскерге жа- назасын оқыттырдық. Жаназа оқыған күніміз 1940 жылы наурыз айының 19-ы болатын. Дəл сол күні жылаған қатын-баланың дауысы əлі күнге есімнен кетпейді. Бүкіл

Алтай тауы иман айтқандай дүр сілкінді, Сартоғайдан Жеті Аралға дейін көсіле ағып жатқан Бурылтоғай өзені ақ қырау мұз жамылып, ормандарды ақ сүңгі тұман ба- сты. Шалқая сырғып ағып жатқан қос Шіңгіл өзені де аза білдіріп тұрған сияқты. Ит ұлып, ай тұтылып, жылқы атау- лы қыл құйрығын сүзіп, алда болатын ауыртпалықтардың барлығын көз алдымыздан өткізіп жатты. Біз тəуекелдің атына міндік. Иесіз жатқан қазақпыз – құрып алған мемлекетіміз жоқ, жинап қойған қорымыз жоқ, салып қойған қаламыз жоқ, жаратқан Құдай бізге экономикалық табысты да жазбаған екен. Біздің бар байлығымыз төрт түлік мал. Біз осылай майданға кірдік» - дейді.

 Тірідей жаназасын шығартып, соғысқа кіру дəстүрі бұдан бұрын да ислам тарихында болған. Атақты қолбасшы Уалид Халиди өзіне қарсы шыққан мүшріктерге (жауларына) қаратып:

«Сендер менің сарбаздарыммен соғысып жеңе алмайсыңдар. Мың жерден күштерің басым болса да жеңілесіңдер. Өйткені, менің туым астында жаназасын шығартып, Аллаh жолын- да шейіт кетуді аңсаған сарбаздар тұр. Олар үшін өлім бұл дүниедегі ең қымбат нəрсе. Сендер өлімнен қорқасыңдар, менің сарбаздарым оны аңсайды, қалай жеңбексіңдер!» дегені сияқты Оспан батырдың сарбаздары да өздерін туған жердің азаттығы мен ислам жолындағы шейіттерміз деп атқа қонған. Сондықтан да болар, олар қару-жарақ жетілген, танк пен автоматтың зама- нында 5 мың жылдық тарихы бар империя армиясымен 11 жыл соғысты. Бұл – өткен ХХ ғасыр тарихында болуы мүмкін емес құбылыс.

 Қытай əскерлерімен кезекті соғыс жайлы кітапта: «Күні бойы атыстық. Жау алдырмады. Ақшамнан кейін ұран са- лып төбенің төрт жағынан бір-ақ қоршадық. Жауды түгел қырдық. Бір адам ғана қашып құтылды. 30 бесатар, 300 түйе жəне əскердің азық-түлігі мен киім-кешегін қолға түсіріп алдық. Сонымен қатар бірер мың əскери жабдық қолға түсті. Осы жерде бүкіл ел бастықтары жиналып, кеңес ашып, Соғыс Комитетін құрдық. Соғыс Комитетіне 3 адам: Рысхан, Есімхан Кəдірбай бастық болып сайлан- ды. Əскери азық-түлік дайындауға Ақтеке, Ноғайбай, Салық тəйжілер белгіленді. Төрт жақты қорғайтын 400

адамдық қарауыл əскерлер белгіленді. Оң жақ қарауылды Сүлеймен батыр, сол жақ қарауылды Мұса мерген, артқы шеп қарауылды Шамғұн мерген, алдыңғы шепті Үмітбай мен Қаhарман мергендер басқаратын болды. Ұйымдастыру істері аяқталғаннан кейін керей Ер Жəнібек батырдың ақ туы сандықтан шығарылып, мəуліт оқып, көк қасқа тай, ақ сарбас қой сойып, бүкіл жігіттер біртұтас əскери міндет өтеуге тізімделді. Азаматтар қызыл қанға қолын батырып, айнымасқа серт білдірді» дейді.

 Осылай серттескен сазбардар соғыс басталған төрт айда ірілі-ұсақты 47 шайқасқа түсіп үлгерген. Төрт айдың ішінде Қытай армиясының 7 мыңнан астам əскерін қырып тастаған. 4000 түйе, 7000 ат, 7000-нан артық əр түрлі қару-жарақ олжа- лапты. Оспан батыр болса, 14 адамды бастап барып, Қарақора қарауылында тұрған бір батальон орыс əскерін қырып тастап, 1700 түйені жүгімен қолға түсірген.

 Тарих үшін айта кеткен орынды болар, Алтай қазақтары алғаш көтеріліс бастағанда Гоминдаңдық қытай билігіне қарсы шыққан. 1943-44 жылдары Гоминдаңдықтарды ұнатпай қалған Кеңес үкіметі Монғолия арқылы Оспан батырға үйіп-төгіп қару-жарақ беріп, айдап салған. Əрі монғолиялық партизандар тобын жасақтап, күш біріктірген. 1945 жылы Оспан батыр Ал- тай өлкесін Гоминдаңнан толық тазалап болып, жеке дара қазақ мемлекетін құрып жіберейін десе, мына жақтан Кеңес елі келіп киліккен. Оспанға жеке мемлекет құрғызып қойып, қарап оты- ратын Кеңес елі жынды емес. Алтай аймағының билік басына Қазақстаннан адамдар əкеліп отырғыза бастаған.

 Оспан батыр болса, «Мен қызылдар үшін қан төккем жоқ» деп, сарбаздарын алып, тауға шығып кеткен. Оспанды жой- ып жіберу үшін Кеңес Одағы екінші дүниежүзілік соғыста немістермен шайқасып əбден шыңдалған жауынгерлерін əкеліп Оспанға қарсы салған. Осындай бір кезекті соғыс тура- лы кітапта: «Генерал Банкені он адамымен оңашада атып тастадық. Соңғы Ышқынты шайқасында генерал Разбо- ров өлтірілді. Соңғы бітімде орыстар генералдарының ба- сын сұрады. Генерал Банкенің сүйегін бердік. Разборовтың сүйегін бермедік. Өйткені ол соғыс қылмыстысы еді. Көктоғайдағы орыс елшілеріне Рысхан: “Сендер 1937

жылы Мəскеуге апарып өлтірген Əлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынның басын əкеліп беріңдер, сонда біз генералдың басын береміз» дедік. Сөз сонымен тынышта- лып қалды» деп жазыпты.

 1945 жылдан кейін Оспан батырға қарсы – жаңадан орнаған Шығыс Түркістан Республикасының армиясы, Кеңес Одағы та- рапынан барған əскерлер, Монғолияның арнаулы бөлімдері үш жағынан тықсырды. 1947 жылға дейін 3 елдің əскерімен алма- кезек соғысқан Оспан алдырмай қойды. Алтай тауының құлама құзына барып бекінген қазақтардың 8 жастағы баласынан ба- стап қолына мылтық ұстауға жарайтын қарияларына дейін соғысты.

 1947 жылы Оспан сарбаздары күллі Алтай аймағына шабу- ыл жасап, Шығыс Түркістан жəне Кеңес одағаның əскерлерін қуып шықты. Сасқалақтаған əскерилер Қазақстанның шека- расын асып қашты. Осылай екінші рет Алтайды азат еткен Оспан сарбаздары бұл жерде көп тұрақтай алмады. Себебі, 1949 жылы қазіргі коммунист Қытай үкіметі орнап, оған Кеңес елі қосылып, аса ірі күшпен Оспанды Алтайдан ығыстырды. Оспан болса өзінің бұрынғы ата жауы гоминдаңдықтармен бірігуге мəжбүр болды.

 1951 жылдың басында еріксіз ығысып, Тибет шекарасындағы Қанамбал тауына барған соң бірге жүрген серіктерін Үндістанға асырып жіберіп, өзі қасында қалған аз ғана əскерін бастап қайта бұрылады. «Жаттың жерінде тірі жүргенше, туған топырақта сүйегім қалсын!» деп бекінген Оспан батыр ақыры осы жылы қолға түсіп, Үрімжі қаласында атылды.

 Қазақ тарихында 1789 жылы Сырым батыр Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 17 жылға созылды. Одан кейін 1836-37 жылдардағы Исатай-Махамбет көтерілісі, 1837-1847 жылда- ры өріс алған Кенесары бастаған қозғалыс, 1856-1857 жыл- дары Жанқожа батыр, 1855-1858 жылдары Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістер, ең соңғысы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты бəріміз білеміз. Жоғарыдағы Алтай қазақтарының 11 жылға созылған көтерілісін қазақ тарихындағы ұлт-азаттық қозғалыстардың заңды жалғасы деп таныған дұрыс.

Сұраған РАХМЕТ,

ақын, Монғолия Жазушылар одағының Баян-Өлгий аймағындағы басқарма төрағасы

МОНҒОЛИЯНЫҢ БАТЫС ШЕКАРАСЫ ЖƏНЕ ОСПАН БАТЫР

(1947-1949 жж.)

 Алтай өлкесіне түгелдей бақылау қойған Шығыс Түркістан Республикасы (ШТР) армиясының əскері жəне Қытай əскерінің киімін киген Кеңестік Социалистік Республика- лар Одағы армиясының бөлімдері ұлт-азатшыларды Бəйтік маңында қамауға алуды жоспарлауы ұлт-азатшыларын руха- ни жағынан құлдырауға ұшыратып, құрылымдық жағынан ыдыратуға əкеліп тіреді. Бұл оқиғаны ұлт-азатшыларының кедергіге тап болған кезеңі деп қорытындылауға болады. Бұл туралы 1947 ж. маусымда АҚШ-тың Үрімжідегі консулы май- ор Френк Маккернанның жазып қалдырған естеліктерінде көп мəліметтер айтылады.

 Тəуелсіз Шығыс Түркістан Республикасын (ШТР) орната- мыз деген Оспан батыр Исламұлы бастаған ұлт-азатшылары тағы да қиын жағдайға ұшырады. КСРО қарамағында жүзеге асқан «Үш Аймақ жеңісі» де, 1946 ж. маусым айындағы 8 ай бойы жалғасып шешімін тапқан 11 тармақты Гоминдаң бітімі де аяқсыз қалды. Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттығы үшін күрескендердің соңына тыңшылар салынды, ел бостандығы тығырыққа тірелді. Гоминдаңның жымысқы саясатына да, орыс коммунистеріне де сенбейтін Оспан батыр Исламұлы ең соңғы рет атқа мінді.

 Френк Робертсонның айтқанындай, 1947 ж. Қытай- Монғолдың шекарасында күрделі жағдайлар қалыптасты. Бұл жағдайға ұлт-азатшылар қозғалысы, өлкелік үкімет əскері, КСРО-ның əскери бөлімдері, АҚШ консулы, Монғолияның батыс шекарасының шекара қорғау бөлімдері қатысуын Монғолияның батыс шекарасы 1946-47 жж. халықаралық деңгейдегі саясатшылардың назарын төтенше тартқандығымен ерекшеленеді.

 1947 ж. Монғолияның батыс шекарасында Оспанның ізіне түсу мақсатында құрылған екі ірі əскери бөлім қызмет атқарғандығы Монғолия мемлекеттік Қауіпсіздік ұйымының Орталық мұрағатынан /Ф-1, хн.-1/ табылып отыр. Оспан Исламұлы басқарған топтың қалған бөлігін жою КСРО тара- пынан Монғолия Қарулы күштеріне жүктетілгендігі белгілі болып отыр. Монғолия шекара қорғау тарихының көптеген құжаттарында Монғол шекарашылары Оронбулаг, Хөвий ус маңында қызмет атқарғандығы жазылады. Мысалы, Орон бу- лаг, Хөвий ус маңында Оспан Исламұлының 300-ден астам əскері 200-ден астам винтовкамен жəне гранат, жеңіл пулемет- термен қаруланғандығы жөнінде мəліметтер келтіреді. Оспан Исламұлының əскерімен бірге 200-дей Қытай əскері Хужирт суының жағасында орналасып, əскер бас сайын жапон вин- товкасымен қамтамасыз етілгендігі айтылады. Бұл деректерге қарағанда Оспан Исламұлы мен Гоминдаң əскерлері уақытша бір мəмілеге келгендігін түсінуге болады

 Қытайдағы азамат соғысы, күнделікті күш алып келе жатқан Кеңес Армиясына сүйеніп, сес көрсеткен қызыл импе- рия шеңгелінен құтылғысы келген азаматтар «Алтайдан Оспан батыр, Қызыл өзен маңынан Қалибек бастаған жасақтар Шон- жы маңына жиналды» деген хабарды естіді. Монғолияның батыс өлкесінде де жергілікті халықтар бұл хабарды естіп, дүрлікті. 1947 ж. 17 көкекте Ішкі істер министрлігінің № 0191 бұйрығымен «По-2» маркалы 10 бомбалаушы ұшағы Қобда аймағының Бұлғын ауданының Бодонч өзенінің жағасындағы əуе алаңына соғысқа əзірлік жағдайында қондырылды.

 Батыс шекараны Оспан əрекетінен қорғау бағытымен 1947 ж. 30 тамызда Ішкі Істер Министрінің №550 бұйрығы бой- ынша Қобда, Баян-Өлгий бағытына қарай Монғолияның

оңтүстігіндегі əскери қосындар, яғни шекарадағы 17, 20, 23,

24, 27, 31 отрядтардан 6 заставаны толық бөліп, бесінші, алтын- шы отрядтар құрамына қосады. 1948 ж. 28 қаңтарда Ішкі Істер Министрінің №63 бұйрығы бойынша құрамында 27-30 əскері бар 3 заставаны 6 отрядқа бөліп, бұларды жалпы саны 226 офи- цер, əскерлерлерден құралған қосымша күштері батыс шекара- ны қорғауға жіберілді.

 1946-1948 жж. КСРО-ның МҚК-нің көмегімен Қобда окру- гында Оспанды құртудың əр түрлі жолдары қарастырылды. Оспанның көзін жоюға міндет жүктеген группа мүшелері Құсайын Малшыбайұлы мен Д.Қанапия басқарған ең алғашқы топ Шон- жыда қолға түсті. Алтай өңіріндегі қайтадан орын алған сая- си жағдайлардан дер кезінде хабардар болып отырған Монғолия үкіметі өзінің батыс шекара мəселесіне назар аударды.

 Шекара маңынан «тіл əкелу», яғни тыңшылық науқаны жүрілді. Бұның бір айғағы 1947 ж. 18 ақпанда Алтайда аты шыққан Нəзір тəйжі Бұлғын асуы маңынан монғол шекарашы- лары қолына түсті. Сол кездегі Нəзірдің шекарашыларға бер- ген жауабына қарағанда Нəзір тəйжі «Оспан деген сатқын бізді Гоминдаңның қол-аяғы болыңдар деп теріс жолға салды. Оның бұл əрекетін құптай алмай оған қарсы күресіп жүрмін» деген.

 Үрімжі қаласынан Оспанды «өлтіруге» міндет алып шыққан бір қытай əскері де монғол шекарашыларына ұсталды. Ол өз жауабында: «Мен Үрімжі қаласының Гоминдаң əскерінің бас штаб бастығы Зан Шиден арнайы тапсырмамен келемін», – де- ген.

 1947–48 жж. Оспан батыр Исламұлын үкіметке ұстап беріп, КСРО басшыларының алдында атақ-абыройға ие болуға Монғолдың батыс шекарасында тірлік ететін көптеген беделді адамдар жəне арнайы топтар, шекара сақшылары көп мəрте əрекет етті. 1947 ж. көктемде Қобда аймағынан Сейітхан Данаұлы, шекаралық арнайы группаның мүшесі, чекист Нэргүй деген торғауытты ертіп, Отынқозы жайлауында отырған Оспанның ауылынан «тіл əкелуге» аттанады. Олар қозы жай- ып жүрген 14-15 жас шамасындағы ер балаға жолығып, жөн сұрайды. Бала бейтаныс адамдардан үрейленіп, қашпақ бо- лады. Сол кезде Нэргүй баланы бауыздап өлтіреді. Көрінеу жазықсыз жас баланың өліміне куə болған Сейітхан Данаұлы

өз міндетінен бас тартып, қасындағы арнайы топтың мүшесін атып тастайды да, Оспан əскеріне беріледі. Бұл жағдайды сол жақта болған монғолдық барлаушы Сағадай «Сейітхан кісі өлтірді» деп Монғолия Ішкі Істер бөліміне хабарлайды.

 1947 ж. 1 сəуірде монғол шекарашылары Гоминдаң əскерлерінің Монғол шекарасына таяу Орынбұлақ, Хөвий ус маңындағы 280 адамдық (дүнген, ұйғыр аралас) қарулы топ шекара бұзып жүр, «Оспанның əскерлері бізге тыныштық көрсетпеді» деп орталыққа мəлімдейді.

 Осы жағдайды ескерген Монғолия үкімет басшылары 1947 ж. 3 маусымда бұл жағдайға байланысты ресми қарсылық білдірген хатын, жоғарыда аталған əскери бөлім мен топқа жеткізуге шекаралық арнайы группаның өкілдері Монғолияның Қобда аймағының Бұлғын ауданының азаматтары Б.Бадам мен Б.Чулуундайларды жіберді. Ресми хатта: «Шекарада орын алған жағдайды екіжақты келісіммен шешу, осыған қатысты екі жақтың өкілдерін кездестіру, егер жауап берілмесе Монғол шекарасындағы Гоминдаң əскер бөлімі тұрған жерге соққы береміз жəне 24 сағат ішінде монғол жерінен кетуді талап етеміз» делінген [1, 71-73 б.].

 Бұл хатқа ресми жауап берілмеді. Гоминдаң əскері барған екі елшінің бірі Б.Бадамды кепілдікте ұстап, Б.Чулуундайды кейін қайтарады. Кейін Б.Бадам Гоминдаң əскерінің қолынан қаза та- бады. Осы жағдайдан кейін Монғолияның батыс шекарасындағы жағдай шиеленісіп, шым-шытырық идеологиялық насихаттар мен қитұрқы саясаттың өзегіне айналды.

 Үш күн өткеннен кейін 1947 ж. 6 маусым таңғы сағат бес- тер шамасында Ішкі Істер Министрі генерал Шагдаржав пен ге- нерал Зайсанов Мүдəрісұлы бастаған əуе күштерінің арнайы ұшақтары бірнеше сағат бойы оқиға болған маңды бомбалады. Бұл қақтығыстар тек Гоминдаң əскерлері мен Монғолия шекарашыларының арасында ғана болмады. Мысалы,1947 жылдың 5 маусымында Шагдаржав басқарған «И-1» соғыс ұшағы шекара маңында көшіп келе жатқан Алтай өлкесінің бейбіт ауылдарын бомбалады деген дерек табылды. Онда 30- дан астам қазақ азаматтары мерт болды. 1947 ж. 14 маусым- да Ш.Зоноров, майор Э.Бямба басқаратын 40 шақты əскерден тұратын топ Хужирт сайының аузында бекінген Оспанның 500-

ден астам əскерлерінің қоршауында қалып, маусымның 16- сы күні жараланған 8 əскерімен қоршаудан шықты [1, 156 б.]. Бұл қақтығыстың болу себебі қарапайым ауылдарға оқ атқан монғол шекарашыларының ағаттығынан туындаған мəселе екендігі кейін мəлім болды.

 1947 ж. маусымның 19-30 аралығында Гоминдаңның 700- дей əскері шекараға жақын маңайға шоғырланды. 20 маусымда Их тахилт өңіріндегі қытай мен монғол əскерлері қақтығысып, Гоминдаңның 5 əскері қаза тапты. Ал, маусымның 23-27 күндері Алтановоо маңында болған қақтығыста шегініп, кері қашқан офицер Доржыны Монғолия əскери далалық соты ату жазасына кесті.

 Шекарадағы болған жағдайдың барлығы «Оспанның кесірінен болды» деген алып-қашпа сөздер басым болғандықтан ел Оспанды өздеріне «жау» санады. Монғолдың батыс шекара- сында немесе Бəйтік-Богда маңында жүріп шекарашылардың қолына түскен бейсауат адамдардың барлығы «Оспан бан- дысы» деп танылды. Гоминдаң əскерлері мен Монғолия шекарашыларының ара қақтығысы жергілікті жердегі бейбіт тұрғындардың мазасын алғандығы көп деректерден айқын көрінеді. Шекара маңында көшіп-қонып жүрген бейбіт тұрғындар қатаң бақылауға алынып, топтасып жүруден қалды. Оқиға орын алған жерде бір адам жүрсе «тыңшы» делініп, екі адам жүрсе «барлаушылар» аталып, үштен жоғары топпен жүрген жүргіншілер мен мал өрісін қуып көші-қонмен жүрген ауылдарды ату-шабу əрекеттері толастамады.

 Монғолияның батыс шекарасына жаппай үрейлі насихаттар таратылып, Гоминдаңның, Оспанның қаупінен сақтану қажет екендігі барлық əкімшілік жүйесіне ресми түрде тапсырылды. Олар Оспанды монғол жұртына «құбыжық» етіп көрсетуге ты- рысып, шекара бұзған, мал барымталағандардың барлығын

«Оспанның қалдығы» атап, тіптен жасанды жағдайда ұсталғандарды «Оспан жіберді» дегізуге мəжбүр етті.

 Монғолия шекарасы, оның батыс бөлігінде орын алған Гоминдаң жəне Оспан əскерлерінің қаупінен сақтану ісін нақты жүзеге асырған шекара əскер тарихында алғашқы отряд деп таңбаланған Қобданың 5-отряды тарихта өзінің атқарған міндетімен ерекшеленіп қалды. Осы отрядты 40 жылдық ме-

рейтойында 1973 ж. Монғолия мемлекеті Əскери Қызыл Ту орденімен марапаттады.

 1948 ж. қаңтар айынан бастап Алтай, Қобда өңірінде қар қалың түсіп, жұт болды. Даладағы аң, қорадағы мал аш- тан қырылып, Монғолияның батыс шекарасы Қобда, Баян- Өлгий жерін мекен еткен халықтың басына ауыр кезең туды. Монғолия мен Шыңжан шекарасындағы Гоминдаң əскері азық- түлік іздеп, аң аулап, шекарадан жиі өтіп кетіп жүрді. Шекара маңын күзетуге міндетті 6-шы отрядтағы 1232 ат пен мініске арналған 213 түйе қатарлы ат-көліктің барлығы жем-шөптің жоқтығынан арықтап, азды. Əскери заставаларға қатынайтын жолдардың барлығын қалың қар басқандықтан 30-40 шақырым жердегі постларға əскерлер жаяу қатынады. Шекарашылар 865 жирен, 100 шақты құлан, 75 тауешкі, 30 арқар атып, 35 тонна- дай ет, азық-түлік қорын жинап, қыстан аман шығу қамын жа- сады.

 КСРО-ның əскерилері Монғолияның батыс шекарасындағы орын алған осы жағдайға аса мəн бермегендігі байқалады. 1947 ж. тамыз айында шақырылған МХР халықтық министрлер кеңесінің (БНМАУ-ын Ардын сайд нарын зөвлөл) қаулысы:

«Батыс шекараның əрқилы қайшылықтарына қатысып, Гоминдаң əскерлеріне қарсы жорықтарда қаза болғандарға көмек көрсету» жөніндегі құжаттың нұсқасынан көптеген де- ректер кездестірдік.

 1948 ж. 18 ақпан күнгі мəлімет бойынша бір əскерге берілетін астың мөлшері 1 шыны шай мен ірі қараның 4 сирағы, тұзсыз су көже болды. Тамақтың сапасының аздығынан əскерлер ара- сында қан тышқақ ауруы тарады. Оларға аздаған мөлшердегі азық-түлік 1948 жылдың 5 наурызында Ажбогд тауларының қыр жолдарын бойлай жеткізілді. Жылы киім болмағандықтан көп əскерлерге суық тиіп, зертең ауруына шалдықты. 1948 жылғы орын алған жұт пен аштық Шыңжан өлкесіндегі елге де оңай тимеді. Азық-түлік іздеп босқан ел шекара маңына шоғырланды. Малынан, адамынан айрылғандар тоз-тоз болып, бір елдің жерінде тұрақтай алмады.

 Сондай-ақ Ч.Алтангэрэл, Ж.Эрдэнэпилдердің «Баруун хи- лийн бат цайз» (1993), Х.Шагдардың «Баатар вангийн цэргүүд» (2002) атты тарихи зерттеулеріндегі 1947 жылдың мамыр, мау-

сым айындағы қарулы қақтығыстардың дерек көздерін таптық. Монғолия жағынан қарулы қақтығыстарға Б.Чойжилжавтың əскері, Д.Цэрэнжавтың 4-атты əскерінің арнайы батальо- ны, Пүрэв бастатқан арнайы дивизион жəне 4 қылышты бөлімше, 2 автомат мылтықпен қаруланған бөлімше, 1 ірі пу- лемет бөлімшесі, 3 минометпен қаруланған бөлімше, 1 танкіге қарсы бөлімше, 1 байланысшылар бөлімшесі, 1 барлаушы- лар бөлімшесі міндет атқарып қыруар қаржы жұмсағандығы байқалады.

 Біз 1947 жылғы қарулы қақтығыстар жүрілген жерлерді анықтауға тырысуымыз бойынша - Орон булаг, Хөвий ус, Ху- жиртын гол, Нарийн харгайт, Гурван хар уул қатарлы тари- хи жер аттары кездесті. Бұл жерлер Монғолияның Баян-Өлгий аймағы мен қазіргі ШҰАР, Алтай өлкесінің арасындағы тау- лы мекендер екендігі айқындалды. 1947 ж. маусым айының 5-і күнгі шайқаста қазақ азаматы Жанбазарұлы Жанабілхан оққа ұшқандығы жазылып қалды. Хужирт өзенінің аңғарындағы қарулы қақтығыста Ж. Жанабілхан, Ж.Жономоо, М.Чимид, С.Дамдинсүрэн, Д.Готов, Л.Жаргал, Л.Пунцаг, П.Зодов қатарлы 8 əскердің оққа ұшуы жөнінде 1998 жылғы «Хөх тол- бо» газетінің 38-санынан соны материалдар таптық. Сондай- ақ «Ардын эрх» (1998.09.15 №217) газетіндегі С.Оюунның мақаласында да Монғолияның батыс шекарасына қатысты құнды деректер қарастырылған. Біз осы құжаттардың барлығына талдау жасау арқылы қалтарыстағы тарихи деректерді ашыққа шығаруға талпындық.

 1947-1948 жж. Монғолдан Алтай өңіріне көшіп бара жатқан кезінде барлық мал-мүлікінен айрылған Ахметхан Қабимолдаұлы, Күлмесхан Бодайұлы, Мұқай Əбілдаұлы мен Қасен сияқты азаматтардың ауылы қайтадан Монғол шека- расына қарай көшіп келе жатып, шекарашылардан қаймығып кері қайтты. Манат, Жылқыайдар деген азаматтардың аз ауыл- дары өздерін аман-есен сақтап қалу үшін талай мəрте монғол шекарасынан өтпек болып ниеттенсе де шекарашылардың қарсылығынан қатты шығынданды [2, 760 б.].

 КСРО-ның саясатымен жүргізілген батыс шекаралық əскери жорықтар туралы біржақты деректер идеологиялық мақсатпен жүзеге асты да, оның нəтижесінде Б.Бадам, Ж.Нэхийтлер

Монғолияның батыс шекарасындағы атқарған міндеттері үшін қаһармандық дəрежеге жеткендігін айта кеткен жөн.

 Монғолия Ішкі істер министрлігі, Ішкі əскер басқару орны батыс шекараның саяси жағдайына байланысты 1948 жылдан бастап тағы да шекара отрядтарын күшейте бастады. Төтенше деп көрілген Баян-Өлгиймен шекаралас өлкелерге 6-отрядты 17 заставасымен жұмылдырды. Батыс шекараның жағдайын жап- пай тұрақтандыру үшін осы өлкеге төтенше тəртіп жарияла- нып, Монғолия Министрлер кеңесінің 1948 ж. тамыз айындағы қаулысына негіздеп арнайы 24-отрядты төтенше тығыз бағыт

– батыс шекараға жолдады.

 1948 ж. жазында КСРО-ның тапсырмасымен Оспан батырдың көзін жою үшін Монғолияның батыс шекарасын- да арнайы құрылған топқа басшылық етуді сол кезде түрмеде отырған полковник Лодонгийн Дандарды жіберді [3, 91 б.]. Оспан батыр Исламұлын өлтіруге əзірленген топтың ішінде Д.Гомбожав, Я.Дашравдан, Л.Лувсандамба, Т.Цэвээндорж, қазақ ұлты өкілдері Зұрман Өткелбайұлы, Сандал Рахымұлы, Нұрғазы Мақалайұлы, Жапабай Мұқыұлы, Қалидолда Зəкерұлы, Сейітхан Данаұлы сияқты арнайы əзірленген адам- дар болды [4].

 Оспан батыр Исламұлын қолға түсіруге міндет жүктеген арнайы топ 1949 ж. 19 наурызда Қобда аймағының Ішкі Істер бөлімінің бастығы Цэдэн мен 4-ші бөлімнің кеңесшісі КСРО-ның КГБ өкілі Яковленколардың тура көмегімен Зэ- эгийн ус заставасының бақылауындағы Қытай шекарасы- нан Шыңжанға қарай өтті. 1949 ж. 24 наурызда Шонжының батысындағы Құм шетіндегі Оспанның штабына жеткен топ сол маңайға барлау жасады. Қой жайып жүрген Ақан деген қойшыны ұстап, қорқытып жөн сұрады. Ақан Оспан ауылының алты үйі қыстаудан көшіп, тың жерге қонғанын, сол үйлердің ішіндегі ең үлкен боз орда Оспанның үйі екендігін, оның отыздай оққағарларының əзір екендігінен мəлімет берді. Л.Дандар бастаған топ Ақанның айтуымен келе жатқанда алдынан бір салт атты шолғыншы шығып, оларды көре сала кейін қашады. Топ адамдары оларды атып өлтіріп, оқшау тігілген екі үйге пулеметтен оқ жаудыр- ды. Л.Дандар “Оспан батырды өлді” деп есептеп 1949 ж. 2

сəуірде Монғолға қайтты. Ол шекарадан өткен соң ғана бар- лаушылардан Оспанның тірі жүргенін естиді.

 Бұл реткі бірінші əрекет жүзеге аспағаннан кейін Монғолия үкіметі КСРО-ның тікелей ықпалымен Оспан батырды қолға түсіру тапсырылған екінші топты екінші мəрте тағы да Ло- донгийн Дандарға басқартты. Бұл жолы онымен Рашын Тав- хай, тəржімашы Нямаа, З.Қалидолда, Зұрман, Нұрғазылар, қобдалық Гомбожав, Я.Дашравдан жəне түрмеде полков- ник Л.Дандардың өзімен бірге жазасын өтеп отырған Дондов қатарлы арнайы əзірленген адамдар жіберілді.

 1949 ж. 29 мамырда Ішкі Істер бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бастығы Базарсад жəне КСРО-ның Қобдадағы үйретушілерінің басшылығымен Л.Дандар бастаған топ Ула- анбаатардан Қобда аймағына келді. Қобдадағы барлаушылар бөлімінің бастығы Э.Гэрэлчулуун, оның кеңесшісі КСРО-ның Қобдадағы əскери өкілі, КГБ-нің полковнигі Начиевтар оларды

«Зээгийн ус» заставасындағы Кіші Хавтаг асуынан Қытай ше- карасына қарай өткізді.

 1949 ж. 2 маусымда Л.Дандар басқарған арнайы топ Му- лейхо қаласының солтүстігіндегі Богда жотасында бейсау- ат жүрген 4 кісіні ұстап, Оспан батырдың штабы тұрған жерді айқындап, тектеді. Өздерін Нəзір, Уақан тəйжінің ауылынанбыз деп таныстырғандар Оспанның штабының Шонжы тауының солтүстігіндегі сайдың басында орналасқанын, батысынан да, солтүстігінен де бару қиын екенін, Шонжы қаласының қасындағы саймен өрлеп баратын жалғызаяқ жол бар екенін түсіндірді. Ұсталған төрт адамның ішіндегі Нұрғали деген аза- мат «біз кешікпей Оспан батырдан бөлініп, Монғол шекара- сы арқылы Шығыс Түркістан үкіметіне көшпекпіз. Монғолдың ресми адамдарымен кездесу жасауға бізден адамдарымыз бара- ды» деді.

 (Оспанның Лəтіп Мұстафаұлы бастаған əскерлер 1947 ж. маусымда Шіңгілден бір мыңнан астам түтінді Бəйтікке көшіріп алғанда Нəзірге қарасты бір ру ел - Уақан, Батай қажы, Нүкте қатарлы 320-дай түтіні Шіңгілде қалып қойған.) Бірақ Л.Дандар бастаған арнайы топ бұл жолы да өз міндетін атқара алмады.

Оспанды қолға түсіру жөніндегі Монғол жағының əрекеті

тығырыққа тірелді. 1949 жылдың 3 маусымында Лодонгийн Дандар радио байланысы арқылы орталық штабқа мынадай хат жолдайды: «Нəзір, Уақандарға елші жөнелтіп, кездесу- ге шақырып, олар келгеннен соң ұстап, өзім аз топпен Оспан штабына барам». Орталық штаб немесе Бұлғын бойындағы барлау тобының бастығы Гэрэлчулууннан келген радио шифр- де: «Орталық үкіметтен бір шешім келгенше ешбір əрекет жасауға болмайды, қолға түскен адамдарыңмен бірге қауіпсіз жерге барып бекін» делінген. Бірақ, Лодонгийн Дандар бұл бұйрықты орындаудың орнына «Уақан зəңгінің туысымын» де- ген Нұрғалиды шақырып, «Нəзір мен Уақанды бізге кездесуге алып кел» деп кері босатып жібереді.

 1949 ж. 4 маусымда Морин толгой деген жерге Нəзір тəйжі мен Уақан өкілдеріміз деп Қабылхан Нəзірұлы, оның туы- сы Қайдарлар келіп «Сіздердің шақырған адамдарыңыз келе алмады. Алтай өңіріндегі ауылдары кері қарай көшпек. Бізді монғол жерімен Алтай өлкесіне өтуге көмектесіңіздер» деген өтініштерін білдірді. Алайда, бұл уақытта Л.Дандарға орталық штабтан «Нəзір, Уақанмен кездесуге болмайды, қолға түскен тұтқындардың көзін жойып, ары қарайғы міндетіңді атқар» де- ген радио шифр келді.

 Лодонгийн Дандардың тобы келген бұйрық бойынша маусымның 5-күні шекара маңына таяу жерге орналастырып, Л.Дандар, З.Қалидолдалармен бірге Оспан штабына бармаққа бекінді. Бірақ, жолдың ауырлығы жəне аттардың болдырғаны олардың Оспанды қолға түсірем деген мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді.

 Лодонгийн Дандар Нəзірге хат жазып, тұтқында ұстап отырған Мизан деген адамды босатып жіберді. Хатта: «Алтайға қарай көшуге үміттенген ауылдарды көшіруге көмектесу үшін Монғол шекара басшыларымен келісуге болады» деген міндеттер болды. 1949 ж. 6 маусымда Л.Дандар бастаған топ Монғолияға алдына қойған мақсатын орындай алмай оралды. Өз бетімен əрекет еткен Лодонгийн Дандарды Монғол Үкіметі де, КСРО-ның Монғолиядағы əскери билеушілері де қайтадан мұндай саяси іске араластырмады.

 Бұл туралы барлаушы Г.Гэндэндарамның Сағадай Өбішұлына арналған «Сардар ізі» атты күнделігінде: «Оспан

біздерден басын алып қашпады. Оның штабында бір қытай тілін білетін орыс радисі жұмыс істеген. Радист жауынгер Оспанның күнделікті жүріс-тұрысын жоғарыға хабарлап тұрды. Американың азаматы ма білмедім, бір шетел азаматы Оспанға үнемі қатынасып, кеңес беретіндігі байқалды» деген жазу жол- дары келтірілді [5, 98-109 б.].

 1949 ж. қазан айында Шыңжан Одақ үкіметінің Қаржы мекемесінің басшысы Жанымхан қажы Тілеубайұлы Шыңжандағы Оспан батыр Исламұлына барды. Ол Құмыл маңында Оспанмен бес айдай қоныстас отырды.

 1950 ж. қаңтар айында Оспан батырдың ауылында үлкен жиылыс өткізілді. Жиылысқа коммунизмге қарсы шыққан қазақтың игі жақсылары, ұйғыр, дүңген ұлтынан, Гоминдаң əскери басшылары, Шыңжанда тұратын ақ орыс өкілдер қатынасты.

 1950 ж. 10 ақпанда тұңғыш рет Құмылдың Қуарша деген жерінде Оспан батыр Исламұлы жасағы мен оның қарсыластары арасында үлкен шайқас өтеді. Оспан қолына қарсы соғысқандар Шығыс Түркістан, кейінгі Үш Аймақ үкіметінің ұйғыр, қазақ əскерлері, орыс, қытайдың біріккен 5-корпус отрядтары, Монғол əскерлері біріккен халық азаттық армиясы болды.

 1950 ж. 23 маусымда «Дарақты сай» деген жерге уақытша қоныстанған Оспан батыр, Жанымхан қажы ауылдарына Қытай халық азаттық армиясы түнде соққы береді. Т.Жанымхан қажы қолға түсті. Оның Дəлелхан, Хамит, Мəжит атты ұлдары Оспан батырға ілесіп, құтылып кетеді. Бұл туралы Т.Жанымхан қажының баласы Дəлелхан Жаналтай «Қилы заман – қиын күндер» атты кітабында: «Жанымхан қажы Тілеубайұлы 1950 ж. 7 айдың 1 күні Хотон там деген жерде ұсталды» деп жазды [222, 94-96 б.]. Жанымхан қажы Тілеубайұлы 1952 ж. ақпанның 4-күні Үрімжі түрмесінде азаппен өлтірілді.

 Ұлт-азатшыларының басына ауыртпалық кезең туды. Оспан батыр Исламұлы бастаған ел Тибет арқылы Үндістан жеріне өтпекке ниеттенді. Оспан батыр тобы Халық азаттық армиясы- мен аяғына дейін шайқасуды мақсат тұтып, өз сарбаздарымен кейін қалды. Жанымхан Тілеубайұлының балалары Оспанның қасында бірге жүрді. Сондай-ақ, Оспан сарбаздарының құрамында орыстардың да біршама əскері болды.

 1949 ж. қазанда Қытай азаттық армиясы Үрімжіге келген кез- де Бұрхан Шаһиди бастаған көптеген зиялылар жаңа үкіметке мойынұсынатындығын білдірді. Қараша айында Қытай арми- ясы Шыңжан өлкесін түгелдей өзіне қаратты. Желтоқсанда Оспанның жақтас Қалибек Хакім Шыңжанды тастап, Қазкөлге қарай көшуді ұйғарды.

 1950 ж. күзде Оспан ауылы Ганьсу өлкесі Мақай маңындағы Қанамбал тауы қойнауына шоғырланып, күннің жылыну- ын күтті. Кейбір жазбаларда Оспан батыр шайқас барысын- да жаралы болған сарбаздардың сауығып кетуін күтті делінді. Ал, қаламгер Хасан Оралтай «Оспанның əскерлері Қанамбал тауы баурайында қыстап қалуының себебі жолдың барлық нүктелерін қызыл Қытайдың азаттық армиясының ірі бөлімдері қоршап тұрғандығынан» деп келтіреді.

 Қытай азаттық армиясы Оспанның ауа райы жылынған кезде көшетінін алдын ала болжап, 1950 ж. 15 желтоқсанда Қанамбалдағы ауылын қоршап алады. Қытай азаттық армия- сымен Оспан батыр Исламұлы ақырғы рет шайқасты. Қарулы армияға төтеп бере алмасын сезген батыр қоршауды бұзып шығуға əрекеттенді. Бірақ ол 17 жасар қызының жау қолында қалғанын көріп, қайта оралды. Ұрандап келіп баласын іліп ал- дына отырғызып, қаша жөнелген сəтте жалтыр мұзға аты тай- ып жығылады. Шыңжан Алтай өлкесінің ұлт-азаттығы үшін күрескен ірі тұлға Оспан батыр Исламұлы Қытай азаттық армиясының бірнеше ірі бөлімдерінің арнайы қаруланған əскери жасақтарының түнгі операциясында оғы таусылады да, қолға түседі.

 Оспан батыр Исламұлын Қытай азаттық армиясының əскерлері Мақайдан Дихуаға дейін жаяу əкетті деп жазды түркиялық куəгер Шеризат Доғыру. «Мен Оспан батырды жа- ралы күйінде көрдім. Оны көшеде алып бара жатты. Сақал шашы өскен. Ол өте сұсты көрінді. Киімі жыртылған, кірлеген. Оны көп азаптаған. Жалаң аяқ, жалаң бас, қолы байлаулы бол- са да Оспан еңсесін тік ұстап жүрді. Үрейленгені байқалмады. Ол өлетініне нық сенген, əрі өзін асқақ сезгендей көрінді. Тіптен жауға түсіп бермеген күйі, ештеңе болмағандай бе- кем қалпында жүріп бара жатты. Оспан Исламұлы «өлімге қарай емес, неке сарайына тойға кетіп бара жатқандай күйде

еді» деп бұл мəселеге көп қалам тартқан Шеризат Доғыру бей, Фокс-Холмстың мəліметіне сүйене отырып қызықты сілтеме келтіреді.

 Оспан батыр Исламұлының мойынына «Оспан» деп араб- ша əріппен жазылған кішкентай төрт бұрышты тақтайша ілінді. Оны масқаралау үшін көше бойымен жұртшылықтың алдында ашық алып жүрді. Үрімжідегі барлық басылымдарда «Америка тыңшысы», «Тонаушы банды қолға түсті» деген хабарлар жа- рияланды. Оспан батырға «төңкеріске қарсы əрекет жүргізді», 1175 адамның өліміне кінəлі, оған қоса 340 мың мал ұрлады, көптеген адамдардың үй-жайын өртеді деген айыптар тағылды. Қытай үкіметі оны əйгілі террорист ұсталды деп таныды [6, 37- 39 б.].

 Оспанды түркішіл Мехмед Емин Бура, Иса Юсуп Алыптекиндердің ізбасары деп санады. Тағы бір деректер- де Оспан батырды «Америка тыңшысы» Үрімжідегі екінші дəрежелі АҚШ өкілі Дуглас Маккернанның əріптесі деп ұқты. Себебі ол туралы 1947 ж. маусым айынан бастап бай- ланыста болғандығы жайлы Оспан батырдан алынған тергеу түсініктемесі, тергеу материалдарында да бар. Тергеу матери- алында Оспан батыр генерал Сун Шилиянмен байланыс жа- сар кезде Американ елішісі Дуглас Маккернан қатысты жəне шайқастарда бірге болды деген түсініктеме жөнінде арнайы хаттама, құжат толтырылды.

 Дуглас Маккернан Оспан батыр Исламұлын Сун Шилиян- дармен бірге коммунизмге, КСРО-ға, Үш Аймақ төңкерісіне қарсы əрекет жүргізді деп келтірілді айып қорытындысында.

 Тергеу барысында «1949 ж. Жон Холмс Факстон, Дуглас Маккернандар Оспаннан соғысты жалғастыруды талап етті» деген куəгерлер де табылды. Сөйтіп, Оспан Исламұлы мен төңкеріске қарсы шыққан Ли Жинцилердің қылмысты істері Шыңжан өлкесінің Үрімжі қаласында Қытай Коммунисттік Партиясының Орталық Комитетінің мүшесі Чень Бенцо, Цзе Миндердің тікелей қатысуымен болған сот барысында қаралып, сот шешімі бойынша 1951 ж. 29 сəуірде Оспан батырды Үрімжі қаласында ату жазасына бұйырды. Бұл жөнінде «Жэнь минь Жибао» газетінің 1951 жылғы 5 мамырдағы № 1041 санында түсініктеме жарияланды. Газетте Оспан батыр Исламұлының

Дуглас Маккернанмен байланысына қатысты заң тергеушісіне берген жауабы келтіріледі. Онда: “1947 ж. маусым айында Үрімжі қаласындағы Америка елшісі Мазан (Дуглас Маккер- нан) жəне гоминдаңның Шыңжандағы авангард əскерінің бас қолбасшысы Сун Шилиян екеуі 5-армиядан бір бөлім əзірлеп, Монғолия шекарасы Бəйтік-Богда тауы, Улиастай, Харгайт маңындағы шайқасқа енгізді” дейді де, «Елші Маккернан Бəйтік- Богда тауының Алтан овоо маңында жер жағдайын анықтайтын топографиялық картаны қарап отырғанда Монғолия əскерлері оқ жаудырды. Маккернан картасын, дүрбісін, құлақшынын та- стап, тау басынан домалап етекке түсті» деген.

 Сот шешімін орындар алдында Оспан: «Мен тонаушы емеспін. Мен өз адамдарыммен қатар тəуелсіз мемлекет құру жолында оларға көмектестім» деген ақтық сөзін мəлімдеді. Үрімжі радиосы «Оспан батырды Əнуар Жакулин деген қазақ атты» деп хабарлаған. Оспан Исламұлының мəйіті көпшіліктің сұранысымен алынып, өзінің туған жері Көктоғай, Күртінің Та- мырлы деп талатын жерде ата бабасының, əкесі Ислам молда Сайеке əулетінің зиратына қойылды.

 Соңғы жылдардағы басылымдарда Оспан батырды əркім əр қырынан көрсеткісі келді. Соның бірі Шыңжан өлкесін аралаған Дэвидсон деген тарихшы 1950 жж. қытай жазбала- рына сүйене отырып «Оспан мəдениетті адам емес, ол саяси дəрменсіз, Гоминдаңның қол-аяғы» деп жазды. Бұл сөз комму- низм насихатшыларының біржақты қорытындысы.

 Бізге бүгінге дейін «Оспан батыр Исламұлы асқан қаhарман, ұлт-азаттық жолында құрбан болған күрескер» дейтін құжат табылған жоқ. Оспанды мадақтауға, дəріптеуге қазір де шек қойылып отыр. Біз Оспанның саналы аз өмірін саралай келе, коммунизмнің құрбаны, үстем ұлттың езгісінде қалған ел- жұртын азат ету жолында нағыз күрескер болғандығы жайлы дəлелді деректер келтіруге тырыстық.

 Оспан батыр Исламұлы көп мəрте жеңіс туын қолына алды. Түркі тарихшыларының бағалауынша Оспан «ұшақ жасалып шығудан сəл бұрын туса, ол нағыз теңдессіз əскери тұлға бо- лар еді».

 Оспан батыр күрестің барлық сатысында біржақты ғана саясат ұстанған жоқ. Оспан батыр дүниежүзін қамтыған ұлы

төңкерістер мен əлемдік саяси тайталас дəуірінде өмірге келді. Ол КСРО-ның кəсіби армиясы, Гоминдаң үкіметінің жазалаушы қосындары, Қытай азаттық армиясының ірі-ірі бөлімдерімен қарулы қақтығыстар жасаған тұстарында əскери тактикада көшпелі сардарлар жорығының дəстүрлі үлгілерін пайдалана білді.

 Шыңжан өлкесінде, Шығыс Түркістан Ислам Республика- сын құру жолындағы оның күресі КСРО-ға жақпай тұйыққа тірелгені айқын. Қазіргі коммунистер «Оспанның Шығыс Түркістан Республикасын тастап кетуі теріс болды» деген жо- рамал айтады. Шыңжан Алтай өңіріндегі ұлт-азаттық күреске бастап шыққан тұлға ретінде, саяси қайраткер, ұлт жанашыры болған Оспан батыр Исламұлының тарихи күрделі жорықтары əлі де көптеген зерттеулерді талап ететіні даусыз. Оспан батыр Исламұлы Гоминдаң үкіметінің үстемдігі, белгілі ірі ұлттың ұлтшылдық көзқарасы жəне Ұлы империялардың саясатына, коммунизмге қарсы тұрды.

 1934-49 жж. арасындағы Монғолияның батыс шекара- сында Оспан батыр мен Қытай жəне Монғол шекарашылары аралығында болған ірі қарулы қақтығыстар соңы ұлт-азатшылар үшін нəтижесіз аяқталды. Екі жақ та Кеңес Одағының тапсыр- масымен Оспан батырды бірнеше рет тұтқындауға əрекет жа- сап, ақыры 1951 ж. ауылын қоршау арқылы оны қолға түсіріп, сот шешімімен өлім жазасына кесумен Шыңжан өлкесіндегі өрбіген ұлт-азатшыларының қозғалыс тарихына соңғы нүкте қойылды.

 Сөйтіп, Монғолия мен Қытай аумағын мекендеген жергілікті ұлт өкілдерінің бостандық, тəуелсіздік жолындағы күресі аяқсыз қалды да, қозғалыс қарқыны күшпен басылды. Көтеріліс көсемдері үкімет саясатының құрбанына айналды. Көпшілігі ұзақ жылдар бойы түрмеде азап шекті.

 Алайда, жергілікті ұлттардың қысаң саясатқа қарсы бас көтеруі үкіметті кейбір жеңілдік жасауына мəжбүр етті. 1935 жылдан кейін ҚКП Орталық Комитетінің басшылығына кел- ген Мао Цзе дун ұлтшылдық саясаттың бір қанатын жергілікті ұлттарға қарсы бағыттады. Демек, нағыз «интернационалист» деп аталған Ван Минь, Бо Гу қатарлы басқа көз қарастағы зи- ялылар партия қатарынан аластатылумен марксизм ілімі

“қытайлана” бастады. КСРО саясатшылары бұл процесті көп жылдар бойы пролетариат идеологиясын жамылған буржуйлардың эклектикалық қағидасы деп таныды. ҚКП мен Гоминдаң партиясының ара қайшылығы ұлт-азатшыларының қозғалысының соңғы нəтижесіне кері ықпал етті.

Əдебиет:

  •  Алтангэрэл Ч. Ховд хязгаарын хил хамгаалалтын товч түүх (Қобда округының шекара қорғау тарихы) Улаанбаатар 2003, 232 б.
  • АЦТА (Халық əскерінің мұрағаты). Б.Чулуундай ісі. 3-іс.

№ 52. 4-п.

  •  Чинзориг Д. Түүхэнд ороогүй түүхэн баримт (Тарихқа ен- беген тарихи құжат). -Улаанбаатар УАХЭГ, 1992. - 209 х.
  •  Зұрман Өткелбайұлы, Сандал Рахымұлы, Нұрғазы Мақалайұлы, Жапабай Мұқыұлы, Халидолда Зəкерұлы, Сейітхан Данаұлылардың сұхбаты. // Шұғыла. 1991. №4.
  •  Гэндэндарам Г. Алтайн Зоригт шонхор (Алтайдың алғыр қыраны). -Улаанбаатар: УАХЭГ, 1986. - 98-109 б.
  •  Xinjiand Weiwuer Zizhiqu Gaikuang // A Survey of the Xinjiand-Uigar Autonomous Region, Urumqi., pp. 37-39.

Руда ЗАЙКЕНОВА,

Қазақ Қыздар Мемлекеттік Педогогикалық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Алматы

«СОҢҒЫ КӨШ» РОМАНЫНДАҒЫ БАТЫР РУХЫ

 Шетелдегі қазақтардың тағдыр талайы туралы білу – əлі де зəру мəселелердің бірі. Бұл түгіл жалпы «кеңестік дəуірде туған тарихи романдарға обьективті түрде баға берілді» деп бүгінде ешкім де айта алмаса керек. Ал 1974 жылы «Соңғы көш» сияқты шекара сыртындағы қазақтар тағдырын тұңғыш қозғайтын роман алғаш шыққанда қазақ сынынан тысқары қалуының өзіндік себептері бар. Тіпті күні бүгінге дейін же- келеген ғылыми мақалалар болмаса, қазақ əдебиетінің інжу- маржандарының біріне айналған «Соңғы көш» туралы арнайы зерттеу жұмысы əлі де жазылған емес.

 Қ.Жұмаділов 1962 жылы ол өлкені біржола тастап, шекара маңындағы тұтас көтерілген елді бастап, бергі бет- ке өтіп кеткеннен кейін араға 10 жыл салып, 1971 жылы ғана романның соңғы нүктесін қояды. Ал содан дилогияның толық нұсқасы оқырман қолына тигенше арада он шақты жыл өтті. Бірақ романды жариялату қиынға соғады, себебі құзырлы орындарға оқытып, үкімет тарапынан рұқсат болмаса, ешбір баспа орындары романды басу жауапкершілігін мойнына ала алмайтындығын айтады. Содан ҰҒА-ның Тарих институты, Əдебиет жəне өнер институты, Орталық комитеттегілердің ешқайсысы жауапкершілікті мойнына алғысы келмегендіктен, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қытаймен арада байланыс болмағандықтан, қолда нақтылы дерек жоқтығын жəне де ел

аралық мəселені Мəскеу шешетіндігін айтып, сондықтан роман- ды Мəскеудегі Қиыр Шығыс институтына жіберуді ұсынады. Содан романды екі адам жолма-жол аударып, сол кездегі Жазу- шылар Одағының бірінші хатшысы Ə.Əлімжановтың қолымен хат дайындап, Мəскеуге жөнелтеді. Арада алты-жеті ай уақыт өтсе де, ешқандай хабар болмағандықтан, жазушы 1973 жылдың наурыз айында Мəскеуге өзі жетеді. Институттағы Қытай секторының меңгерушісі кезінде Үрімжіде жұмыс істеген Шыңжан жағдайына қанық адам болғандықтан, Тұрсын Рахи- мов романға оң пікір береді, Алтайдағы Оспан көтерілісінің де басын ашып жазып береді. Ауырып қалғандықтан, дер кезінде мұршасы болмағандығын айтады. Сөйтіп, Кеңес Одағындағы бірден-бір құзырлы мекеменің рұқсатын алғаннан кейін ғана романға жол ашылады. Əсіресе, ол тұста ұлт-азаттық көтерілістің көсемдерінің бірі өз кезінде даңқы жер жарған Оспан батыр туралы сөз қозғау мүмкін емес еді. Егер Т.Рахимов:

«Автор Нартай бейнесі арқылы оқушыны Оспан көтерілісінің де тағдырымен таныстырып отырады. Жұртқа белгілі, Оспан көп зерттеп шұғылдануды қажет ететін, қайшылығы мол өте күрделі тұлға. Ол он жыл бойы Алтай қазақтарының қарулы көтерілісін бастап, Гоминдаң үстемдігіне қарсы шайқасты. Ал, 1949 жылы Шыңжан азат болғаннан кейін, ол Шығыс Түркістанның Қытай Халық Республикасына қосылуына тағы қарсы шықты... Қазіргі кезде Қытайдың ресми документтерінде Оспанның басына жер-көктегі кінəні түгел үйіп-төгеді. Оны

«Банды» деп те, «Американың шпионы» деп те айыптайды. Біз Оспанның жеке басы мен оның іс-əрекетіне берілген мұндай бағаны негізсіз деп есептейміз», – деп, Оспан батырдың атын атап, түсін түстеп бермегенде, Қ.Жұмаділов «Соңғы көштің» журналдық вариантындағы Қосай деген атты өзгерте ал- мас еді. Т.Рахимов өткен ғасырдың орта шенінде «контрре- волюцияшылар мен пантюркистерге қарсы күрес» деген же- леумен жүргізілген саяси науқан кезінде, бұрын Шыңжанда ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқандар аяусыз жа- заланып, осының салдарынан ұлттық кадрлардың үлкен бір бөлегі мүлде құрып кеткенін атап көрсетеді. Қ.Жұмаділов кейіпкеріне тарихта Ер Қосай деген батыр болғандықтан, батырлардың жиынтық образы ретінде Қосай деген атты жөн

көріп, Оспан батырдың төңкерісшіл іс-қимылынан белгі береді. Пікір білдірген адамның тағы бір пайдасы – жазушының та- рихта болған Оспан Исламұлын (1899-1951) кітапқа өз атымен алуына себепші болғандығы дейміз. Сол кездегі КСРО Ғылым академиясы Қиыр Шығыс институтының сектор меңгерушісі Т.Рахимовтың Оспан батыр туралы айтқанын тұңғыш туған құнды пікір деуге əбден болады. Əйткенмен, Оспан «Шығыс Түркістанның Қытай Халық Республикасына қосылуына тағы қарсы шықты...» дегендегі көп нүктеде талай сыр жатыр. Оспан батыр – бес уақыт намазын үзбеген аса діндар адам. Мұны оны- мен тікелей қарым-қатынас жасап тұрған Монғолия үкіметінің басшыларының бірі Чойбалсан да Сталинге радиошифр арқылы жазған телеграммасында атап көрсетеді (Қазақстан тарихы ту- ралы монғол деректемелері. 3-том. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. -114-б). Кеңес үкіметіндегі қазақтардың қатыгез жазалау науқанынан кейін қандай күйге ұшырағанынан жақсы хабардар болып отырған Оспан батыр Шығыс Түркістанның кеңестер жағында болуына да қарсы шығады. Ал Т.Рахимов коммунист- конолизаторлардың тұтас ұлтты қақ жарып, бірін-біріне қырғызғанын тек қана көп нүкте арқылы аңғартып кете алған. Расында ол алғашында Шың Шысай билігіндегі гоминдаңдық жендеттермен, кейін коммунистік Қытай үкіметімен, Кеңестік қызыл армия мен Монғол Халық Республиканың əскерлерімен күрес жүргізеді. Бұл жолдағы оның мақсаты айқын. Ол ешкімге тəуелді емес, ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі сақталған дербес мемлекетін құру еді. 1938-1939 жылдары Шыңжан аймағын өзіне біржола қаратып алуды көздеген Сталин өзінен көмек сұраған Қытайдағы бүлікшіл партия гомидаңшылармен ауыз жаласып, қарсы шыққандардың еш қайсысын аямай жазалайды. Осының салдарынан сол өлкедегі «60 мыңнан астам адам» нақақ жазаға тартылады. (С.Əбілқасымұлы) Мұның шет жағасын Т.Рахимов та шағын мақаласында атап көрсеткен еді. Оның ішінде Шəріпхан Жеңісханұлы (1898-1947), Дубек Шалғынбаев (1920-1947), бастаған жалынды күрескерлер, Еңсеұлы Таңғыт (1879-1951) сияқты үкірдайлар, Ақыт Үлімжіұлы (1868-1940), Таңжарық Жолдыұлы (1903-1947) бастаған күрескер ақындар да болды. Мұсылман əлеміндегі ерекше тұлғалардың бірі Ха- лифа Алтай Шын Шысайдың тіпті уəкіл ретінде келгендердің

де біразын жақтым күйе, жаптым жаламен қамауға алғандығын, əр түрлі амал-айламен сыныққа сылтау тапқан ол атақты ақын Ақытты, мың басы Хакімді, Өнерхан, Халел тəйжілерді, Шəмсі Мəмиұлын, Үрімжідегі үкімет басшысы Əбеуді, Өлкелік ішкі істер министрі Баймолданы, Баркөл ауданының əкімі Əнуарды, діни білімпаз Мұқаметжан Қариды, Байқадам үкірдайды тағы да басқа болыс-билерді атай келіп, Тарбағатай аймағынан да белгілі адамдардың біразын түрмеде жоқ қылғандығын атап көрсетеді. (Алтайдан ауған ел.2000, 88-б). Міне осындай жағдайда əрі қарт ақын Ақыт сияқты ел ардақтысын құтқару мақсатында 1939 жылдан бастап, Шыңжандағы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі ретінде Оспан батыр гоминдаңшыларға қарсы күрес жүргізеді. Нəби Оспанұлының əкесі туралы жазған өмірбаянында Оспанның жеті ұлы, жеті қызының жартысы қытайлардың қолынан мерт болады. Батырдың артынан ерген жалғыз інісі Дəлелханды да 1943 жылы гоминдаң жендеттері кескілеп өлтіреді. Көшпенді халықтың айрандай ұйыған берекесін кетіріп, ұлттық ұясын бұзып, қос бүйірден қадалған бұл зұлмат «Соңғы көш» романында Оспан төңкерісі арқылы көрінеді. Дилогиядағы Нартай батыр, Тұрсын мұғалім, Шəкен əнші бейнелері – астыртын арандату əрекетінің құрбандары.

 1941 жылы Германияның кеңес үкіметіне қарсы соғысы басталғанда, одан жалт бұрылып, Германияға іш тарта бастаған Шың Шысайға тісін басқан Сталин Монғолия арқылы гоминдаңшылармен аяусыз күрес жүргізіп жүрген Оспанға көп қару-жарақ бергізіп, қолдау көрсетеді. Оспан батырдың Кеңес үкіметін жат санап, жақтырмайтынын Сталин жақсы зерттеп, білгендіктен əдейі Монғолияның саяси қайраткері, екі мəрте МХР-ның батыры, аты аңызға айналған маршал Хорло- огийн Чойбалсан арқылы əрекет жасайды. Ал Чойболсан да тегін адам емес, егер жеңіске жетсе, оның түпкі ойы «ежелгі ата қонысынан» бұлар да үлес алып қалмақ. 1944 жылы 12 қараша Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарын қамтыған Шығыс Түркістан Республикасының құрылған күні болып жарияланғаны көзі қарақты оқырманға белгілі. Қазақ халқының теңдігін аңсаған азаматтардың барлығы да басында қатты қуанды. 1945 жылдың күзінде Оспан батыр Алтай аймағын гоминдаңшылардан толық азат еткеннен кейін ол Алтай аймағының уəлиі болып сайла-

нады. Тура осы жылы Тарбағатай аймағының уəлиі болып Қытайдағы номер бірінші қазақ байы Башбай (романда Жа- сыбай) сайланады. Оспан батыр өмірінен толыққанды роман жазған Сейітхан Əбілқасымұлы 1994 жылы «Қазақ əдебиеті» газетіне жарияланған «Оспан батыр» атты мақаласында:

«Ашық аспан астында өлмей тірі жүрсем, бір елдің, əсіресе қытайдың қол астына кіріп, бодан бола алмаймын», – деген Монғолия Халық Республикасының сол тұстағы Премьер- министрі, маршал Чойболсанға 1944 жылғы екінші реткі кез- десуде Оспан батырдың ашық ескертпесінен мысал келтіреді. Жеке тəуелсіз ел болуды көздеген батыр Қытайға қалай қарсы шықса, Кеңес үкіметіне де солай тіс-тырнағымен қарсы бола- ды. Сондықтан да ол 1946 жылдан бастап, Шығыс Түркістанды орыс бодандығынан азат ету жолында күрес жүргізеді. 1950 жылы гоминдаңшылардан тазара бастаған Шыңжан аймағына, Қытай Халық армиясы бейбіт жолмен кіреді. Себебі Тұрсынхан Зəкенұлының мəліметі бойынша бұл тұста Қытай қызыл арми- ясы Чанцзян дариясының оңтүстігіне өтіп, Нанкинді басып алған əрі гоминдаңшылар Ұлы құрлықтан Тайванға кетуге дай- ындалып жатқан еді. Мұндай жағдайда Гоминдаңның Шыңжан өлкелік үкіметінің жаңадан сайланған төрағасы Бұрхан Ша- хиди мен Шыңжан өлкесінің қорғаныс бас қолбасшысы Тао Чжиюэ қыркүйектің бірінші жаңасында Қытай коммунистік партиясының бейбітшілік жөніндегі ұсынысын шарт- сыз қабылдайтындықтарын білдіреді. Сөйтіп Шығыс Түркістандағы гоминдаңшылар Қытай коммунистеріне еш қарсылықсыз беріледі (Оспан батыр. Деректі зерттеу. (Құрас. Д.Кəпұлы, Ө.Нəбиұлы) -Алматы: Арда, 2007. -50-б). Енді гоминдаңшылардың орнында Қытай коммунистік партиясының үстемдігі орнайды. Тибетке қарай шегінген Оспан батыр 1951 жылы осы Қытай халық азаттық армиясының қолына түсіп, сол жылы Үрімжі қаласында ашық сот мəжілісінде өлім жазасына кесіледі де, үкім табанда орындалады. Кейбір зерттеулерде бұл сотқа елу мың адам қатысты деген де деректер кездеседі.

 Оспан өмірін Монғолия дерекнамалары арқылы зер- тттеп жүрген əдебиетші-ғалым Ақеділ Тойшан «Қазақстан тарихының монғол деректемелері» атты көптомдық кітаптың үшінші томында Оспан батыр туралы Монғолиядағы та-

рихтан мол мағлұмат бере отырып, тарих ғылымының док- торы Лхамсүрэнгийн Бат-Очирдің «Чойбалсан» (1996) деген монографиялық еңбегінен жинақтап мынадай түсіндірме береді:

«Оспан Исламұлы – Шығыс Түркістан, Шыңжан ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, халық батыры, 1899 жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданының Өңдірқара деген жерінде дүниеге кел- ген. Абақ Керейдің молқы руынан. Ол 1939 жылдан бұл өлкеге ұлт-азаттық қозғалысқа жетекшілік етті. Монғолия арқылы КСРО мемлекетінен көмек алды. 1945 жылы Оспан бастаған күрескерлер Алтай аймағын азат етіп, ол Алтай аймағының уəлиі болып сайланды. Ел арасында оны «халық хан сайла- ды» деген де əңгіме бар. Оспан – əскери, саяси ірі тұлға. 1951 жылы Қытай Революциялық Үкімет əскерінің қолына түсіп, Үрімжіде революциялық əскери соттың үкімімен атылды», – дейді (Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері. 3 том. Алматы: Дайк-Пресс, 2006. 115-б).

 Сондай-ақ Д.Кəпұлы мен Ө.Нəбиұлы құрастырып, Д.Жолжақсыновтың алғы сөзімен шыққан деректі зерттеу еңбектен де (2007) Оспан батыр туралы біршама мағлұмат алуға болады. Мұнда Сейтхан Əбілқасымұлы, Жақсылық Сəмитұлы, Хасан Оралтай, Тұрсынхан Зəкен, Батын Дорж, Сұраған Рахмет, С.Амартайван, Жəркен Бөдешұлы, Нəби Оспанұлы т.б. Оспан батыр туралы жазғандары көлемі он бес табақ болатын жинаққа топтастырылып берілген екен. Ғазез Райыстың «Самұрық» атты (2007) монографиясын да осы қатарда атауға болады. 1990 жылдардан кейін қазақ əдебиетінің күретамырына айналған тақырыптардың бірі – батыр тұлғасы. С.Əбілқасымұлының

«Оспан батыр» романынан кейін осы тақырыпқа арналған белгілі ғалым-жазушы Жақсылық Сəмитұлының «Сергелдең» атты бірнеше кітаптан тұратын романын қазақ əдебиетінде аты ұранға айналған батыр тұлғасын сомдаудағы үлкен жетістік ретінде айрықша атап өтуге тура келеді.

 Шыңжан аймағында жұртшылыққа белгілі үш Оспан болған. Олар – төре Оспан, қара Оспан жəне Оспан батыр. Осы үш Оспанның ішінен осы өлкеде қара Оспан мен Оспан батырды ша- тастырып атау жиі кездесіп қалады. Гоминдаң билеушілерінен азат еткеннен кейін Алтай аймағының қазақтары оны ақ киізге салып хан көтергендігі белгілі. Тіпті оған сол кездегі үкімет та-

рапынан «Батыр хан» деген атақ та беріледі. Қарадан шығып хан болғаннан кейін оны да төре Оспанмен ауыстырып ал- мау үшін қара Оспан деп атау ішінара болса да ел арасында кездесетін болса керек. Əйтпесе үш Оспан да үш түрлі адамдар болғандығын, бұлардың əрқайсысының өмірбаянын негізге ала отырып, жекелеген романдар дүниеге келгендігін сол өлкені зерттеушілер жақсы біледі.

 Ал «Соңғы көш» романында Оспан бейнесі Шығыс Түркістан аспанында батыр деген аты бес жыл бойы қырандай қалықтаған Нартай батыр образы арқылы кескінделеді. Ал Оспанның дала тактикасын өте жетік меңгерген əскери страте- гиясы Шыңжан аймағындағы гоминдаң армиясының офицері Лан Кемен болған шайқастардан көрінеді. Лан Ке жазалаушы отрядтың құрамында Оспан соңына тəуір-ақ түседі. Өзі «жа- байы халық» деп менсінбейтін қазақтардан Лан Ке қолының күлкілі оқиғаға тап келіп, масқара болып жеңілуі, өзі атқа шаба алатынының арқасында ғайыптың күшімен тірі қалғандығы авторлық шегініс түрінде ащы мысқылмен беріледі. Оспанның қаһармандық тұлғасы Лан Кенің монологынан да, Лан Ке мен аймақтық партия комитетінің секретары Ли Хұнның ди- алогы арқылы да анық көрінеді. Жазушы осы арада атқа мінгенде көтеріліп кететін қазақ рухының тамырын тап басып, суреткерліктің тамаша үлгісін көрсетеді.

 Байларды кəмпескелеген кезде Қытайға өтіп кеткен Нұғыман бай енді Шыңжан аймағын гоминдаңшылардан біржола тазалауға бет алған қызыл армиясының жеңісіне бұл да қарсы. Сондықтан да ол қос ат беріп, Нартайды Оспан батырға жұмсайды. Осы арада өз халқына адал берілген Оспанның ер мінезі, екінің бірі Оспан бола алмайтындығы, бірауыздан атқа қонып, батырын қолдап отырған өр Алтай халқының да жауынгерлігі Нартайдың сүйсіне айтқан диалогы арқылы беріледі. Бірақ бір жылдай уақыт жүріп қайта оралған На- ртай батыр Оспан қолын бастап келе алмайды. Бұл мүмкін де емес еді. Мұны автор романда тарихи дерек негізінде нанымды жеткізеді. Сондай-ақ Оспан ұсталған соң, көтеріліске қатысқан біраз жұрт Тибет арқылы Үндістанға өтіп кеткендігін, ал көпшілігі қоршауда қалып, қолға түскеннен кейін оларға үкімет тарапынан кешірім жасалып, Оспанның баласы Шердиманға

Алтай өлкесінен тəуір қызмет беруі бүгінгі Оспан батыр тура- лы шығып жатқан ғылыми еңбектермен дəл келеді.

 Қ.Жұмаділовтің Оспан батыр ғана емес, жалпы Шығыс Түркістан тарихынан мол мағлұматы бар екендігі «Соңғы көш» романынан анық білінеді, бірақ автордың мақсаты тарихты тізбелеп көрсету емес. Ол ұлт арыстары қанша күрескенмен де, дербес мемлекет бола алмағанымыздың себебін ашып көрсетуге ұмтылады. Шыңжан аймағына көз тіккен екі алып империяның ортасында қалған қазақ даласы тығырықтан қалай шығу керек? Бұдан шығатын жол бар ма? Күрескер топ кімдер еді? Ұлттық сана жетіліп болды ма? Қандай үміт, қандай жол бар? Ал тəуелсіздікке қол жеткізудегі бір үміт Оспан бастаған қарулы күрес еді, бірақ жеңіске жете алдық па? Сондықтан да арманда кеткен талай ержүрек, батыр адамдардың жиынтық об- разы романда Нартай арқылы көрініс тапқан. Əшкерелеу жи- налысында елді азан-қазан етіп «Теріс төңкерісшіл бандылар жойылсын», «Халық жауы «Нартайды» арамыздан аластайық»,

«Американың шпиондарына өлім жазасы берілсін» деген сияқты сөздер расында сол кездің ұранына айналған еді. Жұрттың жат- танды сөзді айқайлауға төселіп алғанын Нартайдың ішкі мо- нологы арқылы бере отырып, еліріп алған топтың бəрібір соңынан ермейтінін ішкі бір түйсікпен сезінген батырға жа- зушы «Баймұрат! Баймұрат!» деген атасының аруағын өзіне ғана іштей қайталатқызу арқылы тұншыққан батыр рухының толғанысын береді. Романда аймақтық саяси басқарманың бастығы, гоминдаң армиясының бұрынғы офицері, майор Лан Ке мен Нартай арасындағы диалогтан батыр тұлғасы айқын көрінеді.

 Не жағдайды сұрайсыз, Басеке? Түрме – біздің үйреншікті үйіміз. Тағдыр басқа салған соң көнбеске шара бар ма? Тамақ – үкіметтен, өлім – құдайдан... Жатырмыз.

Ермек бұл сөздерді қытайшаға қиналып аударды.

  •  Өліміңіз де үкіметтен болып жүрмесе! – Лан Ке кеке- те езу тартты. – Сіз, өзіңіздің досыңыз, қалай деуге болады,

«көсеміңіз» дейміз бе Оспанның үстінен сот болып өткенін естіген шығарсыз? Өлкелік сот Оспан бастатқан бір топ банды- ны өлім жазасына кесті. Үкім Үрімжіде халықтың көз алдын- да орындалды.

 Нартай Үрімжідегі сот хабарына қанық сияқты. Бет əлпетінен ешқандай өзгеріс білінбей, үнсіз отыра берді.

  •  Солай, Нартай батыр. Қазір ол досыңыз о дүниеде өзінің жасаған күналары үшін құдай алдында есеп беріп, тозақта жа- нып та жатқан болар, – деді Лан Ке, жаны жай тапқандай езуі жайылып.
  •  Оспан сендердің құдайларыңның қолына түсіп қалмаса, біздің құдай оны тозаққа салмайды, – деді Нартай іле жауап беріп.
  •  Қалайша? Халыққа қарабет болған адам құдай алдын- да да күнəhар емес пе?
  •  Халық алдында кімнің қарабет екенін болашақ көрсетеді... Ал, Оспан секілді мұсылманшылық жолын қуып, азаттық үшін шейіт кеткен адам, егер біздің молдалар өтірік айтпаса, бейіштің төрінде отыруы тиіс...

Сөзден ұтылғанын сездіргісі келмеген Лан Ке Оспан атылып кеткенімен, оның соңынан ерген біраз адамдардың қылмысын мойындап, кеңшілікке ие болғандығын, егер райынан қайтып, халық алдында бас иіп, кешірім сұрайтын болса, Оспанның соңынан білместікпен адасып ерушілердің қатарына жатқызуға болатындығын тəптіштеп түсіндіреді.

Бірақ батыр қанша азап-тозақ көрсе де өз сөзінен қайтпайды.

«Себебі мен өзімді қылмыс істедім деп те, адастым деп те ойла- маймын. Өз елім, өз жерім үшін қан төккенім рас. Бірақ басқа бір елдің жеріне басып кіріп, зорлық жасаған емеспін. Туған жерді басқыншылардан қорғау ешқашан да қылмыс болып са- налмайды. Егер мені түрмеден босатып жіберсеңдер, шыққан бетте қолыма қару алып, ата жауыммен қайта шайқасатыныма күдіктенбей-ақ қойыңдар» – деген сөзінен батырдың қайтпас рухы айқын көрінеді. Ал жоғарыдағы диалогта «Оспан сендердің құдайларыңның қолына түсіп қалмаса, біздің құдай оны тозаққа салмайды» – деген Нартайдың жауабы жазушының адам мінезін даралаудағы мол мүмкіншілігін танытады. Бұл жер- де автор жаулаушылардың зымиян саясатынан хабардар етеді. Нартайға шығарылған үкім бесенеден белгілі. Бірақ Лан Кенің арам ойы оның тəкаппар басын төмен идіріп, қырын сындыру еді. Оны жеңілмеген, иілмеген күйінде ата салмай, өкіндіріп, жан азабына салып, əбден жеңіліп, жер-тезек болған шағында

атсақ деп ойлайтын. Бірақ онысына илікпеген Нартайды бұлар жұрт алдына шығарып, бірнеше күн көше аралатқанымен қоймай, өз аулына əкеліп, баласы мен ең жақсы көретін адам- дарын өзіне қарсы сөйлетіп, екі жақты да əбден азапқа сала- ды. Жазушы «қазақтың салтында алысқа ұзатылған қызды той қарсаңында атқа мінгізіп, ағайын-туғанды аралатар еді. Қыз байғұс сыңсып жылап жүріп, ел-жұртпен қоштасып, тілеулес құрбы-құрдасты тойына шақырар еді... Ал қылмыскерді ел аралатып таныстырғанды көріп тұрғаны осы» – дегенде қазақ ұғым-түсінігіне мүлде жат көріністер арқылы уақыт тынысын ашады. Алмағайып кезеңде адамдар психологиясындағы күрт өзгерісті шарықтау шегіне жеткізеді. Жан азабының ең ауыры да, ең аяныштысы да жақындарынды қарсы қою екендігін жа- зушы жеріне жеткізе сипаттайды. Басқыншылардың мұндағы мақсаты былайғы жұртты «қарсылассаң көретін күнің осы!» деп қорқыту, зəресін алып үрейлендіру екендігі романда ашық ай- тылады. Нартайдың нар тұлғасын иліктірудің бірден-бір жолы осы еді. Оның жан-дүниесінің тебіренісі кіндік қаны тамған туған жеріне келгенде ғана белгі береді, онда да жиналыс бітіп, қайтар кезде жайлаудан түскен Зылиқа жеңгесінің қоршауды бұзып-жарып келіп қымыз ұсынғанда ғана көзіне лықсып келіп қалған жасты жасыра алмай қалады. Батыр көзіндегі жасты байқап қалған Зылиқаның «Жауларыңа көз жасыңды көрсетпе!» деп қатулана тіл қатуы, екеуінің шолақ та бол- са арыздасып қоштасуы адамды еріксіз толқытады. Батырдың

«...өз еңбегімді қарыз етпеймін, қайран ел. Сен қазір ана- сы өліп жатқанда кəмпитке алданатын сəби бала сияқтысың... Ұлыңның еркелігін сен кешсең, мен сенің сəбилігіңді кештім... Еркек тоқты – құрбандық, мен-ақ сенің құрбаңдығың болай- ын. Тек пешенеңе жазылған бес батпан қырсық осымен тарқаса болғаны... Қош бол, қасиетті қара тауым!» – деген Нартай мо- нологынан батырдың биік рухы мен қан жұтқан қасіреті қатар көрінеді. Үрімжіде елу мың адам жиналған сот мəжілісінде Оспан батырдың атылғаны туралы жазушы оқырманды ха- бардар еткен-ді. Ал романдағы Нартай бейнесі азаттық жо- лында қасық қанын аямаған Оспан батыр бастатқан ерлердің жиынтық образы болып табылады.

Сөйтіп Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш» романындағы

Оспан туралы алғашқы мағлұматтың сол тұста үлкен маңызы болғандығын бүгін ешкім де жоққа шығара қоймас. Себебі бұл дерек қазіргідей 1000-2000 ғана тиражбен емес, жалпақ қазаққа жаппай тараған еді. Оны мынадан көруге болады. 197 мың тиражбен шығатын «Жұлдыз» журналының сол кездегі бас редакторы Ш.Мұртаза Т.Рахимовтың пікірін алдыға салып,

«Соңғы көш» романының журналдық вариантын 1973 жылы 9-10-11 сандарына жариялап жібереді. Бұдан кейін 1974 жылы

40 мың данамен «Жазушы» баспасынан жеке кітап болып шығады. Осы арада тираж саны еріксіз көңіл аудартады. Белгілі драматург-жазушы Дулат Исабековтің «Қазақ елі» газетінде (2005) «Ұлттық мүдде мəселесі дəл бүгінгідей ешқашан өткір талқыланған емес» деген тақырыпқа берген сұхбатында жа- зушы тұлғасы, оның ел арасындағы бет-беделі туралы айтқан мына пікірі көңіл аударарлық: «Жазушы, əсіресе зейнетақыға қарап отырғанда ел арасына құрқол қалай барсын? Ел ара- сына, сөз қадірін білетін халық арасына бара алатын менің қатарластарым. «А, Қабдеш Жұмаділов, Дулат Исабеков, Төлен Əбдіков, Бексұлтан Нұржекеев, Мұхтар Мағауин келіпті» дер. Бізден төменгі буын жазушылар бара алмайды. Олардың атын білмейді де. Рас, 12-13 жыл ішінде олар жазушы ретінде қалыптасты. Бірақ, халықтан бөлек қалыптасты. Кітаптары қалың елдің арасына жетпеді. Біздің кезімізде кітаптарымыз 30-40 мың данамен тарап үлгеріп қалды, əйтеуір. 240 мың та- ралыммен шығатын «Жұлдыз» журналы жəне «Жалын» жа- стар альманағы, «Лениншіл жас» арқылы оқыды. Жас жазушы- лар енді жетіле бастағанда мына бүгінгі ахуал дендеп енді де, қаламгерін танымайтын елдің жаңа ұрпағы өсіп келіп қалды. Жас жазушы деп елге барғанда не бітіре алады? Қолында билігі жоқ, тұтқасы жоқ, өмірді өзгерте алады дегенге сенбеймін.

«Сенің бұл айтпағыңды күнде естіп жатырмыз. Айналайын, бара ғой» дейді. Ұлтжанды жазушылардың қолынан келетіні бар еді, тетігі бар еді, онда да ол кітабының таралымының молдығы арқылы, халықпен екі арадағы кіндігінің үзілмегендігі арқылы. Қазір халық жазушыны тыңдамайды. Халық қазір тек билікке құлақ асады. Баяғының билігі аз да болса да, халықтың айтқанымен жүретін. Биліктің нағыз тұтқасына сөзін өткізе алады дейтін Ресей жазушыларының өзі де бүгін

баяғыдай емес. Бірақ, ашығын айту керек, бізге қарағанда жақсы. Тумысынан турашыл халықтың санасы сəл жоғарылау. Жоғарыдағылары бар, одан төменгісі бар, жазушысын азды- кемді тыңдайды, – дейді. (Қазақ елі. 26.10.2005) Əдебиетке Жұмаділовпен қатар келген бұл топтың расында ел арасын- да беделі жоғары екендігін қазіргі естияр буын жақсы біледі. Оның басты себебі жазған-сызғандарының дер кезінде мол ти- ражбен таралып, елдің оқи алуына мүмкіндіктің болуында еді. Ал «Соңғы көштің» бір айдың ішінде қолдан-қолға тимей тез тарап кетуінің себебі басқаша. Ең алдымен бір өзі бір халықтың тарихынан сыр шертетін ешкімге ұқсамайтын беймəлім тың тақырып кімді де болсын бей-жай қалдырмай, қызықтырғаны хақ. Сондықтан да Қ.Жұмаділовтің ел ішінде атақ-даңқының кең жайылуына қазақ диаспорасы туралы бұрын ешкім қалам тербемеген тұңғыш шығарма «Соңғы көштің» тигізген əсері ерекше. 1960-1980 жылдардағы қаулап өскен қазақ прозасының қатарына Қ.Жұмаділов те өзіндік дара тұлғасымен осылайша сап түзеген еді. Филология ғылымдарының докторы, профес- сор Қансейт Əбдезұлының ұлттық мəдениетті, ұлттық дəстүрді бар болмыс-бітімімен танып, онымен тұтастық тапқан, сөйтіп оны өзінің шығармаларына арқау еткен кейінгі суреткерлердің қай-қайсы болса да М.Əуезов мұрасын, одан беріде Т.Əлімқұлов шығармашылығын айналып өте алмайтындығы жөніндегі пікірі құптарлық. Сөйтсе де М.Əуезовтің көркемдік дəстүрін, əсіресе, күй сазын, ақындық өнерді жанына, жүрегіне балаған əр қаламгер өзінің жазған шығармаларында М.Əуезовтің көркемдік, Т.Əлімқұловтың шығармашылық ізденістерімен үйлесіп, үндесіп жататындығын атап көрсете келіп, ғалым:

«1960-80 жылдардағы əдеби процесте кең қанат жайған осын- дай күрделі құбылысты жан-жақты ашып, саралау бүгінгі көркемдік ой дамуында практикалық тұрғыдан да, теориялық тұрғыдан да аса маңызды екендігі анық», – дегені құрғақ сөз емес, үлкен ғылыми тұжырым деп қараймыз. Бүгінгі күні біз мұны Қабдеш Жұмаділов көтерген тақырыптардың арғы бет, бергі бетке тигізген əсерінен де, оның əдеби айналасы- нан да анық көріп отырмыз. Олай болса, М.Əуезовтің рухани əлемімен үндесіп, І.Есенберлин дəстүрімен сабақтасып жатқан 1960-1980 жылдардағы қазақтың тарихи прозасына өзіндік

қолтаңбасымен дендеп кірген Қ.Жұмаділов осы кезеңнен ба- сталатын əдебиеттің көшбасшыларының қатарында өзіндік орны бар екендігі даусыз.

 Десе де, негізгі гəп, кітаптың көп тиражбен шығып, тез тарап кетуінде емес, «Соңғы көштің» бірінші кітабының əуре- сарсаңы өтіп кеткені соншалық жазушы біраз уақыт қолына қалам алуға беттей алмай жүреді. 1976 жылы Мемлекеттік баспасөз комитетіне аға редактор болып тұрғаннан кейін ғана кітап шығару ісіне жол ашылады. «Сөйтіп жүріп, 1979 жылдың орта шенінде екінші кітап та аяқталды-ау! Əу баста «Соңғы көш» үш кітап бола ма деп мөлшерлегем. Егер заман сенімді, баспалар ықыласты болып тұрса, қолдағы материалым үш кітапқа еркін жететін еді. Алайда, саясатқа тəуелді, дау-шары көп, тайғақ тақырыпты бұдан ары созғым келмеді. Кейін ел ба- сына түскен ауыр күндерді, ауған елдің көшімен бірге екінші кітапқа сидырып жібердім. Романның журналдық нұсқасы 1980 жылы «Жұлдыздың» 4-5 сандарына жарияланды»,– деп жаза- ды. (Таңғажайып дүние. 1999. - 481-б) 1981 жылы жарыққа шыққан «Соңғы көш» романының екінші кітабы осылайша жұрт қолына тиді. «Соңғы көштің» бірінші кітабы шығар кез- де «Жазушы» баспасының сол кездегі бас редакторы алдырып тастаған 1932 жылғы аштық пен Қытайға ел ауатын тараулар- ды жазушы өзі атап көрсеткендей, қысқартып жіберген. Бұл екінші кітапта да кең көлемде сөз болмайды. Ал жазушының он екі томдық шығармалар жинағының 4,5 томдарын құрайтын нұсқасында бұл олқылықтың орны толғанға ұқсайды. 1932 жылғы ашаршылыққа байланысты Нұрбек басынан өткен оқиғалар бір тарау көлемінде енгізілгені болмаса, сол алғашқы нұсқа яғни оқырмандарға жақсы таныс шығарма сол дилогия қалпында қалған.

 Бір қызығы 1981 жылы (Қазақ əдебиеті) «Соңғы көш» осы- лай туған» деген мақаласында автор сыншыларға өзі бағыт- бағдар жасапты. «Соңғы көштегі» образдар жүйесін, адам- дар арасындағы ара қарым-қатынасты талдағанда, олар- ды үйреншікті тəсіл бойынша бай немесе кедей деп, біріңғай таптық тұрғыдан жіліктеуге келе бермейтіндігін айта келіп, сол тұстағы Африка, Азия, Латын Америкасындағы ұлт- азаттық күресі жүріп жатқан елдердегі сияқты, кезінде

Шығыс Түркістанда да «Бірлік сап» деп аталатын майдан құрылғандығын, бұған еңбекші халықпен бірге көзі ашық бай- лар да, оқыған зиялы қауым да түгел қатынасқандығын жазады. Сондықтан да жазушы мұндағы тартыс табиғатын таза таптық тұрғыдан түсіндірмей, ұлттық мүдде тұрғысынан қарау керек дегенді ашық айта алмаса да, «ұлт мəселесі түбегейлі шешіліп болмаған, ішінара ерекшелігі бар ел ретінде қараған орынды» деген емеурін танытады. Шығыс Түркістан туралы не арғы бет- тен, не бергі беттен ешқандай мəлімет жоқ, құлаққа ұрған та- надай болып тұрған кезінде Қ.Жұмаділовтің бұл тақырыпты эпикалық деңгейде алғаш көтеруін бүгінгі ұрпақ ерлік деп бағалау керек деп білеміз.

 Қазақ романының білгір зерттеушісі, академик Рахманқұл Бердібаев Қ.Жұмаділовтің шығармалары туралы кейінгі кез- де тартымды пікір білдіріп келеді. Бұл күнге дейін шекара сыр- тында тұратын бес миллионнан артық қазақтың тарихы мен ру- хани мұқтаждарын зерттеген ғылыми еңбектің жеткіліксіздігін, Қазақстанда əр кезде орын тепкен зорлық, қысым салдарынан жер ауып кеткен бауырларымыздың қазір өз тілінде мектебі, те- атры, газеті, баспасы бар ма деп те іздеу салып жатқанымыз шамалы екендігін, дəл іргемізде Шығыс Түркістанда тұрып жатқан, жалпы саны миллионнан асатын қазақтар жөнінде шолу хабарлардан ғана еститінін айта келіп, осындай жағдайда бұл тақырыпқа тегеурінді қалам тербеп жүрген Қ.Жұмаділовтің романдары «жұрт назарын аударарлық құбылыс» деп қарайды. (Бердібаев Р. Бес томдық шығармалар жинағы. Үшінші том. Та- рихи роман. Мұхтар шыңы. – Алматы: Қазығұрт, 2005. -324-б)

 Мұны Қ.Жұмаділов шығармаларына тұңғыш айтылған əділ пікір десек болады.

 Жалпы «Соңғы көш» деген сөздің қат-қабат мағынасы бар. Автор сөзімен айтсақ: «Оны тек 1962 жылғы көш деп ұғынбау керек. Мыңдаған жылға созылған қазақтың көшпелі өмірі осы ғасырдың ортасына дейін Шыңжанда ғана сақталғаны жұртшылыққа белгілі. Бір сөзбен айтқанда, сол көшпенділердің соңын, өзім куəсі болған, сарқытын ішкен өмірдің ең соңғы суреттерін қағазға айнытпай түсіруім қажет болды. Біртіндеп тарих сахнасынан кетіп бара жатқан, енді ешуақытта қайталанбайтын, тұтас бір дəуір, неше алуан характерлер тұрды

көз алдымда. Көшпенділердің ең соңғы байы, ең соңғы биі, ең соңғы батыры, ең соңғы ару қыздары... Көркем əдебиеттің ба- сты бір мақсаты – уақытты «кідірту», өмір көріністерін қағаз бетіне мəңгі қалдыру ғой. Біз «Соңғы көште» хал-қадарымызша осы мақсатты орындауға күш салдық», – дейді. (Таңғажайып дүние, 1999. - 478-б)

 Бұдан шығатын қорытынды, жазушы «көш» деген сөзге бүкіл елдің менталитетін сиғызып, 1960 жылдарға дейін Қытайда ғана сақталған көшпенділер өмірінен сыр шертетін роман-эпопея жасап беріп отыр.

 Еліміз тəуелсіздік алған 1991 жылдың желтоқсан айына дейін «Соңғы көш» романы тақырыбы тұрғысынан дара туын- ды болды. Қытай мен екі арадағы байланыс түзелгеннен кейін ол өлкедегі тарихи оқиғалар туралы Қазақстан жұртшылығы Шыңжан тарихынан сыр шертетін Шəміс Құмардың «Ер Жəнібек», Жанат Ахмадидің «Дүрбелең» (1990), «Шырғалаң» (1997) дилогиясы, Тұрсынəлі Рыскелдиевтің «Тау тағысы» (2006) романдары арқылы танысты. Сондай-ақ бір тақырыпқа жазылған Батырхан Құсбегиннің «Зуқа батыр» (2000) рома- ны мен Қажығұмар Шабданұлының «Пана» (2004) деген ро- мандары да кирилица əрпімен жарық көрді. Ал Сейітхан Əбілқасымовтың «Оспан батыр» романынан кейін, осы тақырыпқаЖақсылық Сəмитұлы жариялатқан «Сергелдең» (үш кітап) оқырман қолына тиді. («Зуқа батыр», «Пана» раман- дары Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы басып шығарды) Осы орайда «Бір тақырыпқа, бір материалға əлденеше шығарманың арналуы ең алдымен объектінің мəнділігін көрсетпек» деген Рымғали Нұрғали пікірінің үлкен мəні барекені көрінеді.(НұрғалиевР.Күретамыр.Қазақ драматургиясының поэтикасы. (монография). Алматы: Жазу- шы, 1973. -81б) Ондай дүниелер тəжірибеде бар. Айталық, бір Шыңғыс хан жөнінде қаншама кітап жазылды?! Соның ішінде тəуелсіздігіміздің он жылдығына орай өткізілген əдеби кон- курста бас бəйгені жеңіп алған Тұрсынхан Зəкенұлының «Көк бөрілердің көз жасы» (2002) атты романы оқырмандардың

ыстық ықыласына бөленді.

 1981 жылдың өзінде-ақ Қ.Жұмаділов Шығыс Түркістан тақырыбының қағаз бетіне түспей қағаберіс жатқаны болмаса,

олардың тарихы, азаттық үшін айқасы, басқыншыларға қарсы ерлікке толы күресі, басқасын былай қойғанда 1945 жылы жеңіске жеткен ұлт-азаттық төңкерісі, бес жыл бойы дербес мемлекет болып тұрған Шығыс Түркістан Республикасының құлауы, Оспан батыр бастаған халық көтерілісі əлі де та- лай романға азық болары сөзсіз екендігін атап көрсетеді (Жұмаділов Қ. «Соңғы көш» осылай туған. // Қазақ əдебиеті. 1981. 2 октябрь). Оның жарқын көрінісін жоғарыда аталған ро- мандар легі мен жазылып жатқан басқа да көптеген ғылыми еңбектер растайды. «Соңғы көш» романында осы тарихты түгел көрсету мақсат етілмеген. Сондықтан да романның ба- сты оқиғасы Шығыс Түркістан Республикасы сахнадан кетіп, Қытай Халық азаттық армиясының Тарбағатай аймағына кіруінен басталады да, алпысыншы жылдардағы ел басы- на төнген зобалаңмен аяқталады. Мұның бірнеше себептері бар. Біріншіден, Шығыс Түркістан халқының романдағы қамтылған кезеңдегі тартқан жəбір-жапасы бұрын көріп жүрген əділетсіздіктердің бəрінен де асып түскендігін тарихи еңбектер айғақтайды. Сондықтан да жазушы роман желісін халық трагедиясының ең шарықтау шегінен бастайды. Екіншіден, бұл кездегі оқиғалардың көпшілігі қаламгерге жақсы таныс, мыса- лы шығармадағы Қанағат ауылы – жазушының өз ауылы, ақын жігіт Естай жазушының өз прототипі болса, ол өлкедегі атақты бай Башбай, екі үкіметке де белгілі этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлы, Оспан батыр, Тұрсын мұғалім, əнші Шəкен, Əріп пен Əсет ақындар т.б. сияқты жұртшылыққа кеңінен таныс адамдар шығарманың негізгі кейіпкерлері.

 Қарымды қаламгері бар елде ірі тарихи оқиғалар қалтарыста қалмақ емес. Ерте ме, кеш пе, ол жалғанның жарығына шығып, жалпақ жұртқа жариялануға тиіс. Өйткені əлем мойындаған бір шындық – уақыттың ашпайтын құпиясы жоқ. Ілияс Есенберлиннің 1971 жылы «Алмас қылыш» деген атпен жарық көрген «Көшпенділер» трилогиясының бірінші бөлімі арқылы бұрын қазақ əдебиетінде қозғалмаған халқымыздың үш жүз жылдық тарихына түрен түсірді. Жалғыз Ілияс Есен- берлин ғана емес, сол тұста Əнуар Əлімжанов, Сопы Сыматаев, Əбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов қатарлы бірталай жазушының тарихи тақырыпқа ойысқаны бар.

 Айта кететін бір жай – жариялануы кештеу демесеңіз, С.Сматаевтың «Елім-айы» мен Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көші» əріректе жазылған шығармалар. Мысалы, «Соңғы көштің» нүктесі 1971 жылы қойылып, 1973 жылы «Лениншіл жас» газетіне көлемі əжептəуір үзінді жарияланған болатын. Ал со- дан дилогияның толық нұсқасы оқырман қолына тигенше арада оншақты жыл өтті. «Елім-айдың» да тағдыры соған жуық. Де- мек, бұл екі автор да тарихи тақырыпқа қалам тартушылардың ең алғашқы легінде.

 Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш», «Тағдыр» романдары тақырып сонылығымен, заман шындығын көркем айшықтаумен əлі де дара тұр. Оның даралығы сонда, ол «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» желеуге ұрынбай, өзін одан ада ұстауы қазақ халқының мəдени руханиятын емін-еркін көрсетуге жол ашты. Тұтас халық бой көрсететін, кейіпкері мол, кесек шығармалар форманың ойнақылығын көтере бермейтіндігі шындық. Сондықтан да автор «Соңғы көште» жаңа түр іздеуден сана- лы түрде бой тартып, дəстүрлі классикалық роман үлгісін əдейі таңдап алады. Мұның өзі романның сиымдылығын арттырып, өмір материалын молырақ қамтуға көмектескенін автордың өзі де жасырмайды.

 «Шығарма жазу үстінде ешқашан оқушыны естен шығаруға болмайды. Керек десеніз, көркем шығарма дегеніміздің өзі

– жазушы мен оқушының тілдесуі емес пе? Қашан роман аяқталғанша, менің көз алдыма оқушының екі түрлі парасы елестеді де отырды. Оның бірінші түрі – Шығыс Түркістан өмірінен бейхабар осындағы қалың көпшілік те, екінші тобы – сол трагедияны бастан кешіріп келген он мыңдаған тірі куəгерлер, яғни менің прототиптерім. Осы екі топтағы оқушылардың да «көңілін табу» міндет болды. Бейтаныс оқушыға ондағы өзгеше өмірдің егжей-тегжейін тəптіштеп түсіндіруге тура келді. Ал тірі куəлардың көңілінен шығу үшін романға мүмкіндігінше «ойдан өтірік» қоспауға, «мынадай оқиға бізде болған жоқ» дегізбеуге тырыстым», – дегенінен жазушының жан шындығы анық көрінеді (Сонда, 1981, 2 октябрь).

 Тарихтың ұзақ көшіне көз жіберсек, əр халықтың болашақ тағдырын белгілеген кезеңдер болғандығын көреміз.

Қ.Жұмаділовке 1960-1990 жылдардағы оқырманның хат арқылы да, былай да «Шығыс Түркістан қазақтары деген кімдер? Олар бізден бөлініп ол жаққа қалай барып қалды?» – деген сұрақтар қоюы заңды құбылыс болатын. Баспасөз арқылы бұл сұраққа жауап беруден Қ.Жұмаділов жалыққан емес. Ол үнемі Шығыс Түркістан қазақтары жөнінде білетініміз тым мардымсыз бола- тын себебі Қытайдағы аз ұлттардың тарихы осы күнге дейін зерттелмей бүркеулі жатқандығы туралы проблема көтеріп от- ырды. Қазір де жалпақ қазақ шеттегі қазақтар өмірінен толық хабардар деп айту қиын. Мұның ең бірінші себебі жоғарыда Д. Исабеков көтеріп отырған тираж бен таралымға байланысты екендігінде шек жоқ.

Гүлнар ОМАРОВА,

ҚР.ҰҒА

 Философия жəне саясаттану институтының

ізденушісі. Алматы

ОСПАН ИСЛАМҰЛЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БОЛМЫСЫ: ТƏУЕЛСІЗДІК ҮШІН КҮРЕС КЕЗІНДЕГІ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯМЕН АСТАСУЫ

 Белгілі тарихи тұлға, жалынды күрескер, Қытайдағы қазақтар арасында ұлт-азаттық көтерілістерді бастаған қазақ халқының батыры, халық арасында қаншама адам өмірін аман сақтау жолында жанын құрбандыққа тіккен, Шығыс Түркістанның тəуелсіздігі мен еркіндігі жолында күресіп өткен қазақ халқының қаhарман батыры Оспан Исламұлының тұлғалық болмысы мен оның есімі тарихи Отандағы Қазақстан жұртына жете таныла алды ма? Түркия, Қытай, Европа секілді елдерде аты аңызға айналған Оспан Исламұлының қазақ тари- хында алатын орны қандай?

 Оспан Исламұлының азаматттық, тұлғалық болмысы Қазақстан халқына, жас ұрпаққа терең таныс емес. Оспан Исламұлы шет елдерде қазақ батыры есептелгенімен оның тарихи Отаны Қазақстанда Кеңестік саяси идеологияның əсерінен көп уақытқа дейін батырдың есіміне ғана емес, жалпы шетелдегі қазақтарға мəн берілмегені белгілі. Бұл мəселеге енді ғана назар аударыла бастады. Дегенмен, тек Қытай жерінде ата- қонысында отырған қазақтар арасынан Оспан батырдан басқа да Бөке батыр, Елісхан батыр, Зуқа батыр, Есімхан т.б. батыр- лар шыққан екен. Бұл тарихи тұлғалардың қазақ тарихында алар орны қандай? Бұл өз шешімін күтіп тұрған мəселелердің

бірі. Аталған тұлғалар ішінде биыл Оспан батырдың туғанына 110 жыл болса, Елісхан батырдың туғанына 100 жыл болған екен. Жас ұрпақ бұл тарихи тұлғалардың жасаған батырлық – ерліктерін үлгі-өнеге тұтуы үшін олардың еркіндік жолындағы күрестерінің қыр-сырын айқындап, жоғары оқу орындары мен мектеп оқулықтарына енгізіп, олардың тұлғалық болмысына жете мəн беріліп, бұл тұлғалардың қазақ тарихындағы алатын орнын танып білетін уақыт келді деп ойлаймыз.

 Жалпы шетелдердегі қазақтардың асыл қазына мұраларын, қазақ əдебиеті мен мəдениетіне, тарихына үлес қосқан зия- лылар мен көрнекті тұлғалардың болмысын танып білуге, олар жасаған құндылықтарды қазақ халқының игілігіне айналдыру мəселесіне əлі де болса тереңірек назар аударылуы керек деп ойлаймыз.

 Оспан Исламұлы туып өскен кеңістік қазіргі Қытай мемлекетінің меншігі болып есептелетін, байырғы Шығыс Түркістан, қазіргі Шыңжан өлкесі, ежелден қазақтың атамекені екендігі көптеген қытай жазба ескерткіштерінен белгілі. Бұл өлкеде тұратын отандастарымыз қаймағы бұзылмай өзінің тари- хи атақонысында, өзінің ежелгі тарихи этникалық кеңістігінде отыр. Этникалық кеңістік дегеніміз – белгілі бір этностың өз генофондын, мəдениеті мен салт-санасын (менталитет), тілі мен дəстүрлерін дамытуға өркендетуге жəне ұдайы жаңғыртуға толық мүмкіндік алатын өзіндік табиғи ортасы./1.84б./. «Шығыс Түркістан» деген қазақтың байырғы жерінің атын Қытай мемлекеті жергілікті халықтың санасынан өшіру мақсатында

«Синь-Цзянь» («Жаңа өлке» немесе «Жаңа шекара») – деп атап кеткен, «Шығыс Түркістан – Түркістан тарихи аймағының шығыс бөлігі, қазіргі Қытай Халық Республикасының солтүстік батыс бөлігінде орналасқан Шыңжан-Ұйғыр автономиялы районының жеріне сəйкес келетін өлкенің тарихи атауы. Қазіргі уақытта ҚХР-да белгілі саяси себептерге баланысты бұл тари- хи дерек ресми түрде айтылмайды./2.595/. Осыған байланысты біздің елімізде де Шығыс Түркістанға байланысты мəселелер, ұлт-азаттық қозғалыстар осы күнге дейін терең зерделенбей келе жатыр.

 Шығыс Түркістан географиялық орналасуы жағынан аймақтың дəл ортасында тұрғандықтан тарихи əдебиеттерде

оны Азияның «жүрегі», «тоғысу нүктесі», «қақпасы» деп атау кең орын алған» дейді отандық қытайтанушы Нұржамал Алдабек./3.3б./.

 Оспан Исламұлы осы Шығыс Түркістан кеңістігінде, атап айтқанда 1899 жылы Алтай аймағы Көктоғай ауданының Өңдіқара деген жерінде дүниеге келген екен. Оспан өмір сүрген уақыттағы аласапыран ұлтаралық текетірестерге толы, аумалы- төкпелі заман болмысын сол кезде өмір сүрген көрнекті ақындар шығармаларынан да айқын байқаймыз. Оспан Исламұлының жерлесі, əрі замандасы сол кезде өмір сүрген көрнекті ақын Ақыт қажы сол бір қиын кезеңді «Зар заман» өлеңінде:

«Ей зар заман зар заман, Зарланып өткен тар заман» десе,

«Тайтекеңнің үйінде» өлеңінде:

«Қайғымды қазып тербеттім, Заманның түрі бөлекше.

Үш-жерге бөлініп,

 Қазақ тозды-ау ерекше...» деп, біртұтас қазақ халқы бірнеше мемлекеттің этнодиаспоралық кеңістігінде бөлініп қалғандығын айтады. Сонымен қатар Ақыт қажы аталған өлеңінде:

Қайран Алтай қала ма? Ел жер тауып бара ма? Тозған елім құралып,

 Береке қайтып қона ма? – /4.7б./ дегенде, Ақыт ақын ел басы- на қиын күн туған кезеңді бейнелей келіп, жергілікті қазақтың

«кір жуып, кіндік қаны төгілген» ата-қоныс жерін тастап кетуге мəжбүр болғанын айтып, туған елінің хал-ахуалынан хабардар етеді. Бұл дəл осы Оспан Исламұлы ғұмыр кешкен əлеуметтік- мəдени ортада болып жатқан тарихи құбылыстар еді.

 Елді жерінен кетуге мəжбүр еткен бұл құбылыстар мен қарапайым қазақ отбасынан шыққан Оспан Исламұлының ұлт- азаттық көтерілістерді бастауына себеп болған мəселелерге терең болмаса да тоқталып өтейік. Сол кездегі Шыңжанды басқарып отырған жергілікті Гоминдаң үкімет басшылары əсіресе, Шың Шысай өзінің «алты дұрыс саясат» деп аталатын саяси реформаларын іске асыру мақсатында жергілікті халықты басып жаныштап, ел-жұртты еріксіз өзінің ата-қонысын тастап кетуге мəжбүрлейді. Сол кездері Алтайды мекендеген қазақ

халқының атамекенін тастап кеткендігін төмендегі деректер- ден де байқаймыз: «Абақ Керей рулары Шыңжандағы қытай езгісіне шыдас бере алмай, Бəйтік тауын жағалай Баркөл, Құмыл асып, Қытайдың Ганьсу, Чинхай провинцияларына көшіп кетті»/5.4б./.

 Қытай үкіметі жергілікті халық арасынан шыққан зиялылар- ды, жазықсыздарды ұстап, түрмеге қамап, қарапайым халықты қырып-жою секілді теріс іс-əрекеттер шектен асқандықтан бұл құбылыстар қарапайым халықтың ашу-ызасын келтірді.

 Бұл құбылыстар төңкерістің немесе көтерілістің алдындағы дауылға жел тұрғызатын – төмендегілер бұрынғыша өмір сүре алмайтын, жоғарыдағылар төмендегілерді бұрынғыша басқара алмайтын кəрі тарихтың үлкен заңдылығы – қарапайым халықтың, елдің санасында еркін ел болуды аңсау, тəуелсіз ел құру идеясын туындатты.

 Еркіндікті аңсамайтын халық болмайды. Елді тастап жан- жаққа кетуге мəжбүр болып, босқын болған, зорлыққа көндіге алмаған қарапайым халық Қытай үкіметінің шектен шыққан озбырлығына қарсы көтеріліске шықты, көтерілістер Шығыс Түркістанға жайылып, бүкіл аймақтық сипат алды. «Қытайдың ұсақ ұлттарға жасаған озбырлығына қарсы Шығыс Түркістан халықтарының ең үлкен көтерілісі қырықыншы жылда- ры жаппай сипат алды. Көтерілістердің басты себебі, Қытай үкіметінің қашаннан жүргізіп келе жатқан қорлығы болатын. Көтерілістердің жаппай етек алуына, Алтай өңірі қазақтарының 1939 жылдан бастап Қытай өктемдігіне қарсы тоқтаусыз жүргізген жеңісті күрестері сеп болды». /5.4б./. Ж.Сəмитұлы:

«1940 жылы Есімхан, Рысхан бастаған Көктоғай, Шіңгіл елі Шың Шысай үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс жасағанда сол топқа қосылып шыққан, бұрын қарапайым шаруаның бірі болған Оспан соғыс барысында көрсеткен ерліктері арқылы ба- тыр атанып, көзге түсті. 1940 жылы Есімхан, Рысхан Шың Шы- сай үкіметімен келісімге келіп, қару-жарағын тапсырып, бітім жасағанда Оспан қаруын тапсырмай, елден бөлініп кетеді» дейді /6.234б./. Сонымен қатар Ж.Сəмитұлы осыдан бастап Оспан Исламұлы бастаған жасаққа Қытай үкіметінен қашып шыққандар топ-тобымен қосылып, Оспан батырдың жасағы күннен күнге көбейіп əскер саны едəуір артқандығын, сол

кездегі Монғолия үкімет басшысы Чойбалсан өзі іздеп келіп, Оспанға көптеген қару-жарақ беріп, Оспан Исламұлын Бұлғын өзенінің Мақантас деген жерінде ақ кигізге отырғызып, хан көтеріп, қазақтың соңғы ханы деп жариялағандығын айтады. Осы кезден бастап Оспан Исламұлы тек Оспан батыр деп қана аталған.

 КСРО мен Монғолия үкіметтері Оспанды Шың Шысай үкіметіне қарсы пайдаланып, өз көмектерін ұсынды. 1943 ж. қарашада Монғолия əскери қолбасшы Чойбалсан мен КСРО ге- нералы Попов бастаған топ Оспанмен кездесіп, 1000 винтов- ка, 20 пулемет, оқ-дəрі т.б. қару жарақтар береді. Оған қоса əскери ұшақ, 200-ге тарта жауынгерді көмекке беріп, Қытай иелігіндегі Бұлғын бекінісін қайтарып алуға көмектесті./6.234б/ Шың Шысайдың зиялылар мен жазықсыз қарапайым халыққа қатты қысым көрсетуінен жəне жергілікті қазақтарды елді та- стап кетуге мəжбүр етуі, жазықсыздардың өлтірілуі секілді құбылыстар жаңа көтерілістің басталуына жағдай жасады.

 Қытай Алтайында болған ұлт-азаттық қозғалыстардың бас- шысы Оспан батыр 1940 жылдан (Көктоғай көтерілісі) бастап Алтай аймағында Шың Шысай үкіметіне қарсы бірнеше ұлт- азаттық көтерілістерді бастады. 1941-1943ж. Оспан батыр қол астына көптеген қазақ жасақтарын біріктіріп қытай үкіметіне қарсы көтеріліске шығып, көтерілісшілердің жеңуімен Шығыс Түркістан Респуликасын құрады.

 1944-1945жж. көтерілісшілер Шіңгіл, Көктоғай ауданда- рын Қытай əскерінен босатып, тұтас Алтай аймағын азат етті. Осы еңбегі үшін Оспан Кеңес Одағының көмегімен құрылған Шығыс Түркістан Халық Республикасының Халық қаһарманы орденімен марапатталды. 1945 ж. қыркүйекте Оспан батыр Ал- тай аймағының генерал-губернаторы болып тағайындалды. Ал- тайда Шыңжан өлкесі комунистік Қытай билігіне өткеннен кейін ол қуыршақ генерал-губернаторлықтан бас тартты.

 Оспан батырға қарсы Алтайда «қолбасшы Жияң Юфу 16- полк атты əскер, 20 қорғаныс полкін жəне зеңбіректермен қаруланған армиясын жіберген. 1943 жылы Алтай аймағындағы көтерілісшілер қосынының күші Гоминдаң армиясының 128-ди- визиясы, уақытша 3-дивизия, 11-дивизия атты офицерлер 2174 адамды, амандық қорғау отряды мен сақшы отряды офицерлері

мен жауынгерлерінен 1471 адамды, Гоминдаң орталық армиясы 46-дивизиясы Шүй Биңчиң корпусындағы Ма Пыңлияң полкі (2- полк), Шия Иүйчиң (3-полк) қатарлылардан бір мыңға жуық офи- цер мен əскерлерді, сондай-ақ қыруар артқы шеп қамдауындағы офицерлер мен əскерлерді ұстап тұрды» /6.234б./.

 Қытай үкіметі басқарып отырған Шыңжандағы Гоминдаң үкіметіне қарсы Оспан батыр бастаған жойқын ұлт- азаттық көтерілістер сəтті болып, соғыстың нəтижесінде көтерілісшілердің жеңуімен тарихтағы дүниежүзі елдерін елең еткізген, қуатты Қытай мемлекетінің үрейі мен зəре иманын ұшырған тарихтағы аты аңызға айналған 1944 12-қарашада Шығыс Түркістан Республикасының құрылуы Қытайдағы қазақтардың жұлдызды сəті еді. Қазақтан шыққан Оспан батырдың атымен т.б. көрнекті қазақ батырларының атымен тығыз байланысты Шығыс Түркістан Республикасының теңдессіз жеңісі сол батырлардың қанымен келген еді. Бұл жеңіс дүниені дүр сілкіндірді. Байырғы Шығыс Түркістанның барлық мұсылман халқы қасық қаны қалғанша шайқасқан бұл жеңісті сақтап қалу үшін де көтерілісшілерге стратегиялық дұрыс бағыт, терең саяси көрегендік, білім мен ауызбірлік керек еді. Бұл жеңіс Ресей империясының құтын қашырып, алаңдаушылығын туғызды. Сондықтан Ресей импе- риясы бұл көтерілісті бұрмалап көрсетуге, басып жаныштауға асық болып, батыл іс-əрекеттерге кірісіп, стратегиялық жо- спарлар жасайды. Осы жайында Мұстафа Шоқай: «Шығыс Түркістан соғысы бізге – басқа өлкелердегі түріктерге – қайда болсақ та қолымыздан келген барлық шараларды қолданып, шығыстүркістандықтардың ұлт-азаттық күресіне көмектесу жəне кейбір орыс басылымдарында оқиғаның шығу себептері бұрмаланып көрсетілуіне байланысты тойтарыстар беру сияқты аса маңызды міндеттер жүктейді... ол жерде түрік тарихының беттері халқымыздың қанымен жазылуда. Орыс большевиктерінің қастандығы екі түрлі жолмен: 1.Шығыс Түркістан ұлт-азаттық күресін тұншықтыру үшін Қытай үкіметіне жан-жақтылы көмек көрсетеді. 2. Шығыс Түркістан ұлттық қозғалысы антикемалистік жəне панисламистік сипат алғаны хақында жалған хабарлар таратады» дейді. /7.404, 360, 490-491/.

 Шығыс Түркістан Республикасының құрылуы мен осы теңдессіз жеңісті Жапон, Англия, Ресей т.б. елдер қаламағаны айдан анық. Бұл секілді жолбарыстарды ең алдымен байырғы Шығыс Түркістанның соншама алтыны мен мол жер асты жəне жер үсті табиғи байлыққа толы кен орындары, Ұлы Жібек жолының түйісер тұсы, тоғыз жолдың торабында орналасқан байырғы Шығыс Түркістан жеріне қызығуынан сілекейі шұбырып, ашық айбат шеге алмай өкініште қалып, қай-қайсысы болса да Шығыс Түркістанды өз мүддесіне қолданғысы келді. Əсіресе, Қытайдың гоминдаң үкіметі үшін Шығыс Түркістаннан айрылып қалу тарихи кешірілмес қате еді. Шығыс Түркістанды жоғалту Қытайдың саяси-стратегиялық, басты саяси-экономикалық базасынан жұрдай болып, Қытай мемлекетінің халықаралық экспорт көзінен, ұшы қиырсыз байлығынан айрылумен тең еді.

 1947ж. Шығыс Түркістан мен Монғолия қарулы қызыл армиясы Оспан батырды бас көтертпей тастау мақсатында Алтайға келді. Соғыс барысында Оспан жасақтары басым түсіп, Сарсүмбе қаласын босатып алды. Бірақ Шығыс Түркістан ұлттық армиясының киімін киген Ф.Лескин, генерал А. Поли- нов бастаған Кеңес əскерлері көмекке келген соң Сарсүмбені қайтадан тартып алды. 1949ж. Оспан жасағы Қытай қызыл армиясының 3-ші жəне 6-шы дала армияларына қарсы соғысты. Қытай билеушілерімен 11жыл қанды шайқас жүргізген Оспан батырды 1950ж. 19 ақпанда қазіргі Ганьсу өлкесіне қарасты Қанамбол тауының Мақай деген жерінде қолға түсіріп, Үрімжі түрмесінде өлім жазасына кесілді. /6.233, 235, 237 бб./

 Шығыс Түркістан Республикасы құрылғанымен дүбірлі, бетбұрысты бұл кезең тарихтағы аты шулы «Шығыс Түркістан Республикасының қас қағым сəті» – болумен тарихта аты аңызға айналып қалды. Қытай мен Ресейдің бірлескен күш шығаруымен, Ресейдің көшбасшылық рөл атқарып, араласуы- мен бұл төңкеріс те өмір сүруін тоқтатады. Бірақ бұл төңкерістің дүниежүзілік тарихи мəні мен маңызы өте зор болды.

 Оспан батыр бастаған ұлт-азаттық көтерілістің нəтижесінде Шығыс Түркістанды құрған жаужүрек, қаһарман батырлар бір сəтке болса да атам қазақтың байырғы ата-қонысы Шығыс Түркістан өлкесін – байырғы қазақтың «кір-жуып кіндік қаны

тамған» атамекен жерін жанын құрбан ете отырып, қытай от- аршыларынан тартып алған тарихтағы Шығыс Түркістан Республикасының өмір сүруі немесе «қас қағым» сəті ұзаққа созылмай 1946ж. 2 қаңтарда ШТР тарап «он бір бітім» деп ата- латын акті бойынша Шығыс Түркістан Қытай құрамындағы ав- тономиялы өлке ретінде қала беретін болды.

 Шығыс Түркістан Республикасы тарихта «Қас қағым» сəт өмір сүргенмен, дүние жүзіне таралып қоймай, көрші империяларға қауіп төндіруінің өзі, сол кездегі аз санды қазақтың қуатты Қытай империясынан өз туған өлкесін қарулы күш біріктірудің арқасында қайтарып алып, аз уақыт бол- са да мемлекеттік аппарат құруының өзі дүниежүзілік тарихи маңызы өте зор тарихи құбылыс болды.

 Қытайдағы қазақтар тарихшы, проф. Л.Бадавамовтың айту- ына қарағанда қытай отаршыларына қарсы 400 рет ұлт-азаттық көтерілістерге шыққан екен. Бұл көтерілістерде өзінің атаме- кен жері үшін, елі үшін қасық қаны қалғанша күресіп, туған халқының азаттығы жолында қаһармандық ерліктің үлгілерін көрсете білген қазақтың хас батырлары əсіресе Оспан батыр- ды жəне т.б. Шығыс Түркістанның Бөке, Зуқа, Елісхан, Есімхан секілді батырларын қазақ халқы мəңгі ұмытпайды.

Осындай еркіндіктің жолында күрескен ерлер жайлы «Ер

– ел қорған» немесе «Елдің атын ер шығарар» дейтін елін қорғаған нағыз хас батырларға арналған сөздер ел аузында сақталып қалған. Бұл сөздер еркіндікті, тəуелсіздікті аңсаған ел- жұрттың арманын арқалаған ұлт болашағы жолында күрескен халық арасынан шығып елін жаудан қорғаған батыр ерлерге арналғандығы белгілі.

 Туған халқының азаттығы жолында қаһармандық ерліктің үлгілерін көрсете білген қазақ халқының хас батыры Оспан Исламұлының туғанына 110-жыл толу мерейтойы Оспан батырдың жəне де дүние жүзінде шашырап жүрген біртұтас қазақ халқының тарихи Отаны – əлемнің өркениетті елдерінің алдында алатын өзіне тəн орны бар, жас тəуелсіз мемлекеті Қазақстанда өтуінің өзі, шет елдердегі қазақтар үшін тарихи Отан – атажұрттағы ел-жұрты дүниенің қай бұрышында бол- масын өз қандасының артында қуатты Қазақстан мемлекеті тұрғандығы, шетелдегі қандастарына деген құрметінің

белгісі. Қандай да бір қоғамның басты байлығы – адам дейтін болсақ, онда қазақтың байлығының бір көзі шетелдердегі қандастарымыз, ұлтымыздың құрамдас бөлігі екені анық. Бұл Қазақ халқы өзінің дүниежүзі елдеріндегі отандастарымен де көп жəне қуатты екендігінің айғағы болса керек.

 Жас ұрпақ пен қоғамның, ұлттың мақсат-мүддесін өз тағдырынан жоғары қойып, туған ұлтының еркіндігіне кедергі келтіретін зорлыққа қарсы тұру, əлеуметтік қыспаққа түскен туған халқына ерлікпен араша тұру терең ұлтжандылықтың белгісі. Осындай адамдар ел басына күн туған аса жауапты сəтте тарихи істерге араласып, мəні аса терең де батыл тари- хи қимылдарға барып, халық үшін орасан зор ерлік көрсетіп, күш біріктіріп, елді қорғаған адамдар ғана халық арасында тұлғалық деңгейге көтеріле алды.

 Атамыз қазақ ел болғалы мұндай дара тұлғаларға халық болып өзіне тиісті бағасын беріп, «Батыр» деп атап, сол батырдың тұлғалық, азаматтық болмысын жоғары деңгейге көтеріп, сый-құрмет көрсетіп отырған. Академик Аманкелді Айталы: «Ұлтжандылық – ұлттық патриотизм. Ұлтқа де- ген қамқорлық, еңбекқорлық, іскерлік, ұлттық мұраттар жолындағы абзал ой, парасат» дейді. /8.216б./ Жеке адамның ұлтжандылық сезімі ұлттық мұраттармен, туған өлке – ата- қоныс пен туған елге, туған Отанға, туған жер Анаға деген терең махаббатпен сабақтасып, ұлттың тұтастығы еркіндік үшін күресуі, тəуелсіздікті сақтап қалуға қызмет ету – ұлттық идеямызбен астасып жататындығы белгілі. Туған елінің тəуелсіздігі жолында ажалға қасқая қарап тұрып, туған елінің бостандығы үшін күресте жан беру – бұл туған Отанға, туған елге, жалпы адамға деген ұлы махаббат – адам бойындағы гуманистік көзқарас. Бұл ұлы сезімдердің бəрі туған ұлтқа деген шынайы, терең сүйіспеншілік ұлттық рухы асқақ, биік, ержүрек, қайсар, бір беткей, хас батыр тұлғалардың ғана бойында болатын ұлы қасиет – ұлттық идеямен аста- сып жатады. Ұлттық идея туралы ғалымдардың астарлы ойлары алуан түрлі, дегенмен кез келген ұлттың өзіне тəн ұлттық идеясы болады. Ол идея сол ұлттың ұлттық келбетін сақтап қалатын тетігі іспетті. Ұлттық идея туралы Елбасы- мыз Н.Назарбаевтың: «Біздің ұлттық идеямыз – тəуелсіздік,

тəуелсіздікті сақтап қалу жəне ұлттың дəрежесін көтеру... Ендігі ең қастерлі міндетіміз – тəуелсіздікті жариялап алу бар да, сол тəуелсіздікті сақтап, баянды ету. Өз мемлекеттілігін, өз жер аумағын сақтап қалған мемлекет қана нағыз мемле- кет болады. Осы үш мəселе төңірегінде түпкі идеямыз бо- луы керек» дейді (Егемен Қазақстан. Тараз университеті студенттерімен кездесу. 2005 жыл, 26 сəуір). Міне, бұл – халықты, ұлтты біріктіретін ой қазақтың мұраты. Бұл ерте- ден келе жатқан атам қазақтың арманы, елдің мүддесі.

 Олай болса қазақ халқының батыры Оспан Исламұлы ар- тына өшпес із қалдыра отырып, қазақ елінің тəуелсіздігі мен еркіндігі жолында, қазақтың мұраты мен болашағы жолын- да өз тағдырынан ел тағдырын жоғары қойып, келер ұрпақтың бостандығы үшін жан беруі, оның бойындағы ұлтжандылықтың халықтың арманымен, ойымен, ұлттың идеясымен астасып жатқандығының айғағы болса керек.

 Осындай ұлт бостандығы жолында күрескен тұлғаның тұлғалық, азаматтық болмысы айшықталып отырған бүгінгі Оспан батырдың 110 жылдық мерейтойына арналған сал- танатты еске алу үрдісі келер ұрпаққа күрескер Оспан батырдың есімін мəңгі есте сақтау, оның ұлт намысын қорғау жолындағы үлгілі ерлік жолы қазақ тарихына ал- тын əріптермен жазылары хақ. Ақыт, Таңжарық т.б. зиялы- лар мен Оспан батыр, Зуқа батыр, Елісхан батыр, Есімхан батыр секілді көптеген күрескер тұлғалардың болмысы туған халқы мен елі үшін, жас ұрпақтың болашағы жолында жан беріп, қан төккен ұлт тағдырын ойлаған азаматтардың жеңісті, тəуелсіздікті, еркіндікті аңсап осы жолда құрбан бо- луы жас ұрпаққа өнеге болып қала бермек.

 Оспан батыр қазақ халқының батыры ретінде əлі де терең танылуы үшін оның күрескерлік, тұлғалық болмысы қазақ та- рихына енгізіліп, зерделенуі керек.

 Халқымыздың мəдени-тарихи, ұлттық асыл қазына- мұралары мен салт-дəстүріміздің бір тармағы қазіргі кезде əлем кеңістігінде шашырап жүрген қазақ халқының құрамдас бөлігі шетелдердегі отандастарымыздың еншісінде болғандықтан осы құндылықтарды отандық тарих пен мəдениеттен бөліп- жармай біртұтастықта зерделеуіміз керек деп ойлаймыз.

Əдебиеттер

  •  Қазақ диаспорасының ғылыми-зерттеу мəселелері. Алма- ты, 1992 84
  • Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т. 9. Алматы. 2007. 3.Алдабек Н. Тарихы талқыға толы Шыңжан. Алматы.2003. 4.Үлімжіұлы А. Шығармаларының толық жинағы. Үрімжі

«Шыңжан халық баспасы» 1994.

  •  Сəмитұлы Ж.Тəуелсіздік үшін күрескен тұлға//Түркістан, 21 маусым, 2007.
  • Сəмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. А., 2000.
  • Шоқай М. Таңдамалы шығармалар. Т.2 Алматы. 1999.

Болат СОҢҒЫБАЙҰЛЫ,

педагог. Астана

МОНҒОЛИЯНЫҢ БАС УƏЛИІ МАРШАЛ ЧОЙБАЛСАН МЕН ОСПАН БАТЫРДЫҢ КЕЗДЕСУІ

 Қытайдың Алтай аймағында Шығыс Түркістан мемлекетін құру жолында жанын пида еткен жаужүрек Оспан батырдың ерлік ісін бүгінгі ұрпаққа паш ету, оны зерттеу ісі қазіргі заман ұрпақтарының борышы. Оспан – қазақ халқының тəуелсіздігі жолында шайқасқан нағыз сарбаз, ақылгөйі болған, та- рих қырқасында дара тұрған, алып тұлға. Батыр Оспан Исламұлының туғанына 110 жыл толу мереке қарсаңында Монғолия үкметінің құпия тапсырмасымен Алтай Шынжанға мыңдық отрядын басқарып барып көмек көрсеткен, батырдың өзімен бетпе бет кезіккен, бүгіндері Монғолияның Халық ба- тыры Шымшырұлы Ноғайдың өмір белестерінен сыр шертсек: Шымшырұлы Ноғай 1902 жылы 3 айдың 16 күні Монғолия Баян-Өлгий аймағының Шегіртай өлкесінде дүниеге келген. Əкесі Шымшыр халық арасында беделді, көпке танымал адам болған. Ноғай өз бетімен хат танып, өзінің қабілетімен қайрат жігерінің арқасында арабша жазу, монғол тілдерін үйренеді. 1928 жылы Қобда аймағының сот ұйымында тілмаштықтан еңбек жолын бастап, ел басқару ісіне жан-жақты араласа бастаған ол 1931-38 жылдары Дэлүүн сұмынының бастығы, Монғол Халық Революциялық Партия комитетінің хатшысы қызметтерін абы- роймен атқарған. 1938-40 жылдары Қобда аймағының партия комитетінде нұсқаушысы болып жұмыстаған кезінде МХРП-

ның Х съезіне делегат болып сайланады. Осы сапарында Ел- басы Х.Чойбалсанмен кезігу барысында қазақ жəне басқа ұсақ ұлттардан құралған жаңа қазақ аймағын орнату жөнінде кең көлемде пікірлесіп, қолдау табуының нəтижесінде 1940 жылы алғаш ұлттық қазақ аймағы орнайды. Нөкең жаңа Аймақтың партия комитетінің бірінші хатшысына тағайыдалып, аймақ əкімі Б. Қабимен қол біріктіріп жұмыс істейді. 1943 жылы ел астанасы Улаанбаатарға Партияның жоғарғы мектебіне оқуға шақырылып білім алады. Осы мерзімде Елбасы, мар- шал Х.Чойбалсанның арнайы тапсырмасымен астыртын ше- кара асып, көршілес Алтай Шыңжан өлкесін Гоминдаң басқыншыларынан азат ету, Шығыс Түркістан мемлекетін құру үшін күресіп жүрген батыр Оспанға қару жарақпен көмектесу мақсатында қазақ партизандарынан тұратын мыңдық отрядты басқарып ұлт-азаттық күреске ат салыса қатысады. 1987 жылғы

«Шұғыла» журналының екінші санында жарияланған «Отан тапсырмасымен»’ атты очеркінде тарихшы А.Сарай былай деп жазады: Халықаралық жағдай шиеленіскен отызыншы жыл- дарда Монғолияның батыс шекарасында (Қытайдың Алтай Шыңжан өлкесі) олай – бұлай ауытқушылық, арандатушылық молайып, екінші дүниежүзілік соғыстың басқы жылдары тіпті өрши түсті. Гоминдаңдықтар мен олардың итаршыларының шекараны бұзу, адамдарды өлтіру, қастандық жасау, мал дəулетін тонау, халықты теріс үгіттеп, ауытқушылық туды- ру сияқты арандатушылық əрекет белең алғандықтан МХРП мен Монғолия үкіметіне жедел шаралар қолдануға тура келеді. Сол бір ауыр кезде Отан үшін күресіп, ұмытылмас ерліктің үлгісін көрсеткен ерлерін халқымыз ешқашан ұмытқан емес. 1944 жылы партия кадрларын дайындайтын жоғарғы мектептің тыңдаушысы Ш.Ноғайды бір күні Ішкі істер министрлігінің қызметкері Нэргүй, қара өңді «Форд» машинасымен келіп,

«маршал Чойбалсан шақырып жатыр» деп алып кетеді. Их тэнгэрдегі көсем ордасында маршал Чойбалсан, Орталық пар- тия комитетінің кейбір бюро мүшелері жəне біраз генералдар отыр екен. Маршал Ноғайдың сабақ жайын, денсаулығын, жай-күйін егжей-тегжейлі сұрап болған соң: ...Саяси бюроның төтенше тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрі, генерал Б. Дорж, Монғолия əуе күштерінің бас қолбасшысы, генерал-

майор М.Зайсановтармен бірге Қытайдың Шыңжан өлкесіне барасың, барлық жағдайды Дорж жолдас өзі ұйымдастырады. Еліміздің батыс шекарасында дүрбелең күшеюде. Жəне Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының сарбазда- ры біздің шекараға жақын орналасқан көрінеді. Солардың қолбасшысы Оспан батырмен өзің тікелей байланыс жасап ке- луге тырысасың дейді. Біздің сені таңдауымыздың себебі, бұл төтенше тапсырманы орындай алады жəне де Оспан батыр сенімен рулас, туыс болғандықтан қандай бір жағдайда тіл та- бысып шыдайды деп сенгендіктен. Оқуымды қайтер екем де- ген сұрағына: «Отаныңның тығыз тапсырмасын орындап кел, оқу жайын кейін сөйлесерміз» деді. Сол күні бұлар жеңіл ма- шинамен күндіз түні жүріп, Қобданың Бұлғын сұмынындағы шекаралық отрядқа жетеді. Осы жолы Нөкең Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы Оспан ба- тырмен Монғолия үкіметінің толық құқылы өкілі ретінде ба- рып келісім жасап келеді. Шекараға қайтып келгенде Дорж генерал өзі қарсы алып, қысып құшақтап, Отан тапсырмасын орындауымен құттықтай келе жəне келесі тапсырмаға дай- ындалуды ескертеді. Сол жылдардан бастап Шынжандағы Шығыс Түркістан халқының азаттық күресін қолдап, олардың тілегіне орай жəрдем беруге интернационалдық бригада құру қимылы еліміздің батыс өлкесінде кең етек алған еді. Баян- Өлгий аймағынан құрылған ерікті отрядтардың бірін Ш.Ноғай басқарды. Бұл отряд 1944 жылы 5-ші айда құрылып, Хужирт, Дэлүүн, Тұлба сұмындарынан таңдап алған 183 қазақ пар- тизандарымен екі айдай жаттығу жасап, Үрімжі мен Ал- тай қаласына дейінгі жолды бақылауға алып, Қара Түнкедегі Қытай əскерлерінің базасына жəне əскерлердің қару жарақ артқан машиналарына дүркін-дүркін шабуыл жасады. Бұл отряд ерлікпен соғысып, жаудың 10 автомашинасы, 1200 əскерін қатардан шығарып, 15 пулемет, 510 винтовка, 7 маши- наны тола жүгімен олжалап, 300 өгіз, 400 қанар ұн, күріш, 15 тірі əскерді қолға түсіріп, Шығыс Түркістан мемлектінің бас- шылары Оспан, Дəлелхандарға табыс еткен. Бұл мəліметтер кəзірге дейін Мемлекеттік қоғамдық қауіпсіздік орнының ар- найы мұрағатында сақтаулы. Өзінің интернационалдық бо- рышын абыроймен орындаған бұл қиыр жолда кезіккен

қиыншылық, кездейсоқ оқиғалар толы болған көрінеді. Бір жолы Ш.Ноғайдың отряды жау қоршауында қалып, мініп жүрген аты оққа ұшқанда, оққағары болған І.Лүдəрін өз атына міңгізіп, мылтық, сайманын арқалап, аттың құйрығынан ұстап алып, 16 км-дей жол жүгіріп, қоршаудан аман есен құтылған екен. Ерлікке толы бұл соғыста ерекше көзге түскен Ш.Ноғай

«Соғыс Қызыл ту» орденімен сыйланады.

 Кейіннен армия генералы Б.Дорж «Отан деп соққан жүрек» атты кітабында: «Бостандық үшін Шыңжан өлкесінде күресушілерге тікелей жəрдем беретұғын интернационалдық ерікті отрядтар өз міндеттерін өте жақсы орындады» - деп қорытындылаған. Бұл арада маршал Чойбалсанның 1944 жылы 2 айдың 15-і күні Қобда аймағының Алаг тол- гой деген жеріндегі Б.Дорж басқарған топтың штабы- на неліктен келгенін əңгімелемесек ағаттық болар еді. Мемлекеттік Қаупсіздік министрлігінің қызметкері полковник Дүйнхэржавтың «Өнөөдөр» газетінің 1997 жылғы 8 айдың

  • 27. 28-ші номерлерінде жарияланған «Маршал Чойбалсан мен Оспанның Алтай бетіндегі болған жасырын кездесуі» атты əңгімесінде былай деп жазған: ...1944 жылы 2 айдың 15-і күні Чойбалсан «Алаг толгой» заставасына келісімен Б.Доржыны шақырып алып: «Мені Оспанмен кезіктір», – деп бұйрық береді. Бұл жерге маршалдың келуіне екі түрлі жағдай себеп болды.
    •  Алтай өлкесіндегі Монғол ұлтын Қытай қанаушыларынан құтқару;
    •  Ұлы қолбасшы, ұстаз Сталинмен Мəскеуде кездескен- де: - Шығыс Түркістан мемлекетінің ұлт-азаттық қозғалысын қару-жарақпен қанымдап, Қытай елінде революция жасатам деп тікелей өз ауызынан уəде еткен болатынды. Сондықтан да маршал Чойбалсан, Оспан батырмен қалай кездесу керек екенін генерал Б.Дорждан сұрағанында Оспан батыр жөнінде бірталай деректер жинап, тыңшыларынан алған мəліметіне сүйене отырып Оспан батыр өте батыл, ер жүрек, сезімтал адам болғандықтан шағын адаммен ғана жолығуын кеңес етеді. Жəне де Оспанмен бірнеше рет жолыққан полковник Дүйнхэржавпен де осы мəселе төңірегінде ақылдасады. Міне осылайша маршал Чойбалсанның Оспанмен алғашқы кездесуі

«Алаг толгойда» болады. Бұл құпия кездесуде Кеңес одағының Монғолиядағы төтенше елшісі, генерал-полковник И. Иванов жəне де Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысына Монғол елінен көмекке барған мыңдық отрядының қолбасшысы Ш. Ноғайлар қатысқан. Жəне де маршал өзімен бірге Ресейдің Монғолияда отырған төтенше жəне өкілетті елшісі Ивановқа монгол шапан кигізіп алып жүрген. Ол Иванов деген елшісі Кеңес одағының Ішкі істер министрлігінде генерал-полковник дəрежесінде жүрген тəжірибелі тыңшы болғаны туралы мəлімет бар. Бұл кездесу жөніндегі фотосурет казірге дейін Монғолияның Ішкі істер министрлігінің мұрағатында сақталып келген. Маршалдың Оспан батырға бірінші қойған сұрағы:

«Сендер ары қарай қалай өмір сүрмексіңдер?» Бұл сұраққа берген жауабынан Оспан батырдың кім екенін білуге, біраз мəлімет алуға болатынды. Оспан: «Мен Алтай елін жəне де ұсталып абақтыға жабылған билер мен қожайындарымды бо- сатып, құтқарып алу үшін күресудемін. Алтайдағы қазақтар жəне де ұйғыр, урианхай, торғауыт ағайындарымыз азаттық үшін күреске күш біріктірудеміз. Сондықтан бізге Монғол үкметі əскери жəне қару сайман жағынан көмек көрсетсе де- ген тілектеміз», – дейді. Кешікпей 1944 жылы 3 айдың 5-і күні 12 сағатта Оспанның уəкілі Кеңес жəне Оспанның баласы Шертимандар маршал Чойбалсанды қонаққа шақыра келеді. Ол өз жолдастарымен Майхан толгойдағы Оспанның əскері орналасқан жерге барады. Оспан батыр жауынгерлерін сапқа тұрғызып қойып, «Достық жасасын» деген ұранмен қарсы ала- ды. Оспан Чойбалсанға: «Шынжанның Тарбағатай аймағының Ховог Сайр деген жерінде 14 сұмынының 10-нан 200-дей адамның құрамында жаңадан жасақты отряд құрылды», – деді. Біз Гоминдаңның Сарытоғайдағы əскери тобының бізге шабуылдағалы жатқанын жəне Монғолдың шекарасынан бері өтіп, бізді монғол жағына ығыстырғалы жатқанын жансызда- рымыз арқылы біліп, тұткиылдан кенет оларға тиісіп, 550 ада- мын шығындап, Сарытоғайды азат еттік. Біз Алтай өлкесін Гоминдаң үкметінен азат ету үшін:

  • Əскери кеңес құрамыз;
  • Алтайдың ерікті халқының уақытша үкметін құрамыз;
  • Монғолиядағы мұсылман дінділердің ішінен көзі ашық,

сауатты, беделді, білімді Ноғай, Қаби сияқты азаматтар интернационалдық отряд құрып, біздің күреске көмектесуге келгені өте құптарлық жайт болып отыр. Мен олардаң іс бабындық ақыл кеңес алып тұратын боламын;

  •  Көптің қалауымен мені Алтай аймағының уақытша үкіметінің бастығына ұсынып отыр дегенді мəлімдеген. Бұдан кейін маршал Чойбалсан Оспан батырға екі түрлі кеңес береді:
  •  Монғол мемлекеті іш-сырттың жауларымен өз тəуелсіздігі үшін аянбай күресіп жеңіске жеткен еді. Сондықтан еліміз тəжірибесінен сабақ алуға əбден болатынын ескерткен. Бұл жөнінде Батыс шекарада жұмыс істеп жүрген генерал Мажиг- ке (генерал Батын Доржыны осылай атаған) ақылдасуды кеңес еткен.
  •  Сіз жаңа ғана Ноғай, Қаби туралы айттыңыз. Бұл адамдар білімді, тəжрибелі, майданда шыныққан адамдар, сондықтан да сізге жəне сіздің жолдастарыңызға жақсы серік бола ала- ды дегенге кəміл сенемін. Егер тілесеңіздер тағы да мұндай білімді, тəжрибелі адамдарды қосып келтіруге болады деген. Бұдан кейін: «Біз интернационалдық міндетімізді атқарып, 400 винтовка, 200 автомат пулемет, 30 қол пулемет, 2000 гра- нат, 5 дүргі, 400 000 винтовка оғын береміз» деп мəлімдеген. Мұндай қуанышты хабарды естіген Оспан батыр Монғол үкіметіне ризашылығын білдіріп, интернационалдық отряд- тар жолдап, қару-сайман жағынан көмектескендеріне көп- көп рахмет айтқан. Сонымен кешікпей-ақ Сталиннен мар- шал Чойбалсан арқылы жіберген қару жарақтарды «Алаг толгой» заставасынан Оспанның əскерлері 105 түйеге ар- тып қайтқан. Бұл кездесуден кейін Оспан мен Чойбалсан екеуі бірнеше рет кездескен. Маршал Чойбалсан, Оспанмен кезіккен бұл кездесулер туралы үнемі Сталинмен даланың радио станциясы арқылы хабарласып мəн-жайды хабар- лап тұрған. Бұл туралы мына радио телеграмма айғақ ретінде кəзірге дейін Ішкі істер министрлігінің мұрағатында сақталып қалған: «Мəскеу. Жолдас Сталинге. Мұнда келгеннен кейін Оспанға бірнеше рет кезіктім. Берген сыйларыңызды қолма- қол табыс еттім. Қатты қуанып қарсы алуда. Оспандықтар Ал- тайды азат етеміз деп кəміл сенуде. Бұл жөнінде Отанын, Оспан батырды мақтаған, мадақтаған əндерді жаңадан шығарып айту-

да. Жəне де қазақтың батыр туған ұлдары туралы əндер де ай- тылып жатыр. Орыс, Монғол елдерімен мызғымас қатынаста болатындықтарын айқын білдіріп отыр. Оспан өзі тəжірибелі, ұлт жанды, сезімтал, діншіл адам сияқты. Біз бұл арада біраз күн болып, Оспанның ары қарайғы əрекеттерін бақылаймыз. Шекарамыздың арғы бетіндегі қытай əскерлерінің жағдайын тағы да хабарлайтын боламыз” деген. Бұл телеграмманы Чой- балсан 1944 жылы 3 айдың 6-ы күні жіберген көрінеді.

 Үкіметтен берілген тапсырмаларды ойдағыдай орындағаны үшін Ш.Ноғай маршал Чойбалсаннан екі көзді дүргі, мылтықпен сыйланғаны бүгіндері аймақ мұражайында сақталуда. Кейіннен Ш.Ноғайдың Монғолияның Мемлекеттік кіші құрылтайының Басқарма мүшесі боп ел басылары мар- шал Чойбалсан, Бумцэнд, Ю.Цэдэнбалдармен бірге ел басқарып жүргенін Монғолия қазақтары мақтанышпен еске алып, мəңгі есте қалдыру үшін Ұлы хурал шешімімен Дэлүүннің 10 жылдық орта мектебін Ш.Ноғайдың есімімен атап, аймақ орталығына қоладан жасалған мүсінін орна- тып, орталық көшенің бірін «Шымшырұлы Ноғай көшесі» деп атады. Сондай-ақ, оның еңбегін жоғары бағалап

«Монғолияның халық батыры» атағымен жəне де «Соғыс Қызыл Ту» орденімен 2 рет, «Еңбек Қызыл Ту» ордені, «Ал- тын жұлдыз» ордені, «Лениннің 100 жылдық» медалі, Кеңес одағы елінің фашизмді жеңген «Жеңіс үшін» медалі, басқадай мерекелік медалдармен марапаттаған. Монғолияның Елба- сы Ю. Цэдэнбал іс-сапармен аймағымызға 3 рет келгенде алғашқы жолы Ш. Ноғайдың үйінен дəм татып кеткен бол- са, екінші жолы балаларымен кезігіп естелік сурет алдыр- ды. Үшінші сапарында Ш. Ноғайдың зиратына барып бас иіп, қазақ халқына құрмет көрсетті. Ш.Ноғай туралы мəлімет Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясының тоғызыншы томын- да (602 бет) толығынан берілген. Монғолия жəне Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шабдарбай Хатжанұлының

«Аға жолы» повесін Ш.Ноғайдың басынан кешірген өміріне арнаған. ҚазССР-ның Коммунистік партиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың шақыруымен 1968 жылы қонаққа келген кезінде көрнекті халық қайраткері Сəбит Мұқановтың дастарханынан дəм татады.

 Батыр атаның ерлік өмірінен сыр шертер мына бір өлең кейінгі ұрпақтардың есінде мəңгі қалуда:

Бай-Бесік аймағымның ірге тасын қалаған, Тапсырмасын ұлы отанның орындауға жараған. Бақыты үшін келешектің еңбек етіп тер төккен, Туған жерді қорғау ісін борышым деп санаған. Азат елмен теңесуге,

Алтай Қобда белесінде. Қорған болып, қол бастаған, Батыр ата ел есінде.

Шайқастарда ту ұстаған, топты жарған кемеңгер, Таққа отырып билік айтқан төре ғана демеңдер. Мың сарбазды бастап барып жаудың бетін қайтарып, Жалын кешіп, жекпе-жекте жеңіс алып келген ер.

Ерлігінің белгісі тұр батыр болған атаның, Еңбегіңді ешқашанда ұмытпайды отаның. Қайрат жігер, бар еңбегін арнап өткен сен үшін, Келер ұрпақ шырқап жүрші батыр ата осы əнін...

Мəрияш НОҒАЙ,

қоғам қайраткері, Алматы

ДЕРЕКТІ СУРЕТ ШЕЖІРЕСІ

Кеш жарық құрметті көпшілік, ағайын!

 Бүгінгі бір сəтті күні Шыңжан Алтай өлкесінде Шығыс Түркістан мемлекетін құру жолында ерлікпен күресіп, жанын пида еткен батыр атамыз Оспан Исламұлының 110 жылдық мерейтойын белгілеп жатқан Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, Қазақстан Жазушылар одағы, Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Тіл комитетіне шын жүректен алғыс айта- мын.

 Бір кезде, XIX ғасырдың орта шенінде Қытай еліндегі қазақтар арасынан шыққан атамыздың «Батыр Оспан» де- ген атын естігеніміз болмаса, шынына келсек, Монғолиядағы қазақтардың басым көпшілігі ол туралы жете түсіне ал- май да жүрген. Бұл кісі жайында қазақ елі тəуелсіздігін алып, дүниежүзіндегі қазақтар тарихи отанына жиналып, бас қосып, қазақтар дербес мемлекет болып жатқан бұл жаңа дəуірде Оспан атамыздың кім болғанын қазақтардың тəуелсіздігі үшін күрестегі жетістіктері жайлы жоғарыда қойылған терең мағыналы баяндамалар жəне кісілердің сөйлеген сөзінен түсініп, толық білдік.

 Бүгінгі менің өз басым қазақ халқына аты шыққан əйгілі ба- тыр атамыздың осы бір мерейтойына қатысып отырғаным ерек- ше толғанатын жағдай болып отыр....

Себебі, əкем Шымшырұлы Ноғай, даңқты батыр атамыз

жайлы біздің жас кезімізде айтып отыратынына зер салып, тыңдап, біз үшін ұлы – құпия бейнедей сезінуші еді.

 1943-1946 жж. халықаралық жағдай шиеленісіп, Монғолия елінің батыс шекарасында (Хужирт, Дэлүүн сұмындары) олай-бұлай ауытқушылық, арандатушылық молайып, екінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы жылдары тіпті өрши түскен кезде менің əкем Ноғайға Монғолия үкіметінің Бас уəлиі, мар- шал Х.Чойбалсаннан Монғолияның батыс өлкесін қорғау (Қытайдың Алтай өлкесіне шекаралас қазіргі Монғолия қазақтары мекен еткен Баян-Өлгий, Қобда аймағы) Алтайдағы қазақ, уранхай, торғауыт, ұйғыр халқын Қытайдың Гоминдаң басқыншылығынан азат етуге көмектесу, сол жылдары батыстың кейбір адамдарын азғыруымен Қытайға ауып көшіп кеткен 83 жанұяны (400-ден астам адам) жағдайды түсіндіріп, Монғолияға қайтарып əкелу, Оспан батырға кездесіп Монғол үкіметінен берілетін көмек жайлы келісу, оларға қару-жарақ, азық-түлік жеткізу сияқты интернационалдық көмек көрсету туралы келісу секілді 4 түрлі тапсырма береді.

 «Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының сарбазда- ры Монғолияның батыс шекарасына таяу жерде орналасқан, солардың қолбасшысы Оспанмен тікелей байланыс жасайсың, біздің өзіңді таңдауымыздың себебі, біріншіден, бұл тапсыр- маны орындай алады, екіншіден, Оспан батыр сенімен рулас, туыс болғандықтан қандай бір жағдайда тіл табысып шыдай- ды деп сенгендіктен. Сен Монғолия үкіметінің толық құқылы өкілі ретінде келісім жасайсың» деп 1943 жылдың күзінде Ал- тай өлкесінің шекарасын асырған екен.

 Осы бір күрделі, қауіп-қатерлі кезеңде шекарадан аман сау асу, Оспан батырмен тіл табысу, жоғарыда айтылған төтенше тапсырмаларды орындауда жанын пида етіп, отан қорғау, Шыңжандағы төңкеріске көмектесу сияқты аса жауапты іске көз жұма, бел байлап кіріскен.

 Маршал Чойбалсанның Оспан батырмен кездесуін 1944 жылы 2-ші айдың 15-күні «Алаг толгой» деген жерде ұйымдастырады. (Бұл кездесуге қатысқан Х.Чойбалсан, Оспан батыр, Ш.Ноғай, Ивановтардың (Кеңес Одағынан Монғолияда отырған төтенше жəне өкілетті елшісі генерал-полковник) алғызған фотосуретін Монғолияның орталық мұрағатынан ал-

дырттым (қазір менің қолымда). Ал келесі наурыз айының 5-күні түсте Оспан батыр жəне оның кеңесшісі Келес, Оспанның ба- ласы Шертимандар Чойбалсанды қонақ қылғанда əкем тілмаш болып Монғол, Кеңес одағы елімен достық қарым-қатынаста боламыз деген мəселелер келісіледі.

 Əкемнің Оспан батырмен алғаш қалай кездескені жайында қысқаша тоқталсам: «Шекара асып Оспан орналасқан бағытқа бет бұра бергенде аяқ астынан көрінген екі салт атты ойым- ды бөліп жіберді. Олармен берілген шарт бойынша аманда- сып жөнімді айттым. Екеуін де аз-кем тектеп Оспанның адам- дары екенін білген соң бірге жүріп келсем, сыртында мықтап күзет қойылған, ерекше үлкен бірнеше ақ үй тігілген екен. Одан 300 қадамдай шеткері тігілген бір үйге түсіп батырға кездесуге рұқсат алып, жеке тігілген Оспанның үйіне қарай жаяу бардым. Есіктен кіре «Ассалаумағалейкум» деп сəлем бердім. Оспан алғашында маған көп мəн бермеді, көңілі əлдеңеге алау, қабағы қатулы көрінді. Біраз күттім, маған тура сөйлеп: «шешін, қаруың болса алып қой, ерлерше сөйлесу керек», – деп өзі беліндегі мылтығын алып іліп қойды. Мен ол кісінің бұйрығын орындап өзімен оңаша сөйлескім келетінін айттым. Оспан төңірегіндегі адамдарды ымдап шығарып жіберді. Мен өзімді Монғолия үкіметінен жіберілген сенімді өкілі ретінде таныстырып, ескі арабша жазылған, мөр басылған ресми хатты Оспанға табыс еттім. Мазмұны жоғарыда айтылған Х.Чойбалсанның құпия тапсырмалары еді. Бұл хатты Оспан алдымен жасақтарына оқытып, олар қойылған мəселенің дұрыс екеніне көздері жет- кен соң мылтықтарын жоғары көтеріп: «Достық! Достық!» деп ұран көтереді. Сөйтіп Оспандықтар мені Монғолия үкіметінен жіберілген ресми өкілі екенімді біліп жылы шыраймен қабылдады.

 Оспанмен бірге болған уақыттағы əкемнің түсінігі; ол кісі өте батыл, ер жүрек, сезімтал адам екен жəне де діндар, азаттық алғаннан кейін дінді сақтап, дінге табынуды ұстанғаны кеңес арасында түсінікті болған екен.

 Əкеміз Монғолия батысына қайта оралып Монғолия қазақтарынан ұйымдастырылған партизан жасағын соғыс так- тикасына жаттықтырып, 3 ай ішінде қайтып Шіңгілге келіп мыңдық отрядын басқарады. Содан Сартоғай, Тойынтыда

Гоминдаң əскерімен соғысады. Сартоғай, Бурылтоғайды Оспан жасақтарымен бірігіп азат етіп, келесі жылында Көктоғайға ба- рып сонда мықты бекіністе жатқан Гоминдаңмен шайқасады.

 Бұл соғыс дардай ауыр тиеді. Онда 10 шақты күн ұрысқа қатысады. Бірде қызу шайқас болған, күн кешкіріп, жау басым жағдайда қауіп төніп тұрғанын сезіп, жолдастарына түсіндіріп шегінеді екен. Сол жерде əкемнің атына оқ тиіп жаяу қалып, біткен жерім осы екен деп тұрғанда, əкемнің оққағары Лудəрін артынан қуып жетіп келіп, атынан түсе салып «мына атқа мін де жөнел» дегенге шамасы əрең келеді. Əкем артыма мінгес дегенде ол үлгермейміз деп, аттың құйрығынан ұстап үлгеріп жүгіреді. Сонда Лудəріннің басынан зулап өткен оқ оның төбесін сүйкей өтіп жараланады.

 Сөйтіп екеуі əрең деп аман қалады. 1998 жылы əкеміздің 95 жас мерей тойында сол Лудəрін атамен кездескенде, əкеміздің əңгімесін дəлелдеп, өзінің сол соғыстан кейін «Соғыс Қызыл Ту орденімен» сыйланғанын айтқан еді.

 1945 жылы Шығыс Түркістан көтерілісшілерімен бірге Ал- тай аймағының орталығы Сарсүмбе қаласын азат етеді.

 Қазір Монғолияның орталық мұрағатында əкеміз Ноғайға Оспан батырдан берілген мінездемесі бар. Онда: «1944 жылы өз ерліктерімен бір отряд болып ұйымдасқан Ноғай Шымшырұлы бастаған отряд Алтай халқына көмектесіп жауыздарға қарсы майданға қызу араласты. Көктоғай соғысына да қатысты. 1945 жылы Сарсүмбе қаласына шабуыл жасаған кезде қазақ партизан отрядының Ноғай бастаған əскерлері жаумен қоян-қолтық ара- ласып сілейте соққы берді. Бұл отрядтың мергендерінің оғынан жаудың талай жасағы оққа ұшты. Кəртенбай бастаған 20 адам жаудың оғына ұшырады. Осы азаматқа «Алтай халқының қаһарманы» атағы берілді. Ноғай мырза əскерін шабуылға өзі бастап аттанып майданның алдынғы шебінде жүрді. Та- лай қиыншылықта мойымай барлық жігер қайратымен Ал- тай халқының азаттық күресіне көмектесті. Ноғай мырза Сізге, өзіне азаттық, дініне еркіндік алған Алтай халқы атынан халқымыз үшін сіңірген еңбегіңіз үшін шын жүректен ықылас білдіреміз» Алтай аймағының губернаторы Исламұлы Оспан, орынбасары Сүкірбайұлы Дəлелхан деп қол қойылған.

1945 жылы 10-айдың 13-і Сарсүмбе қаласы делінген, со-

сын шабдар ат, кер жорға атты сыйға бердім деп Дəлелхан қол қойып, мөр басқан.

 Осылайша Монғол үкіметінен берілген тапсырмасын ерлікпен орындаумен қатар 1940 жылы Монғол елінде же- кеше қазақ аймағын орнатып аймақтың бірінші хатшысы тұрғысынан сіңірген ерен еңбегімен Монғол үкіметіне 40 астам жыл еңбегін сіңіріп қоғам қайраткері, революциялық күрестің ардагері деген атақ данққа ие болған еді əкем марқұм. Бүгінде Баян Өлгий аймағының орталығында бір көшеге аты беріліп көшенің бойында бейненің ескерткіші тұрғызылды жəне де туған өлкесі Дэлүүннің он жылдық орта мектебіне əкеміздің аты берілген, биылғы жылы 2009 жылы 25-ші қазан айында Монғолия үкіметі 1939 жылы Монғолия мен Жапон арасын- да болған Халхын гол соғысында монғол халқының жеңісінің 70 жылдық мерей тойына орай əкеміз Ноғайға «Монғолияның халық батыры» (Ард түмний баатар) деген атағы берілгені бүгінгі Оспан батыр атамыздын 110 жылдық мерей тойында құрметті қонақтар Сіздермен бөлісіп тұрған шағымды шексіз бақытқа санаймын.

 Монғолияның орталық мұрағатынан алдырған 1945 жыл алынған мына тарихи фотосуретті Оспан батыр атамыздың немересі Өркенбек бауырыма естелікке ұсынуға рұхсат етіңіздер.

 Ендігі бір арманым сүйікті əкемнің жəне Оспан батыр атамыздың Шыңжан Алтай аймағында жүрген жерлерін ара- лап көзбен көрсем деген мақсатымды осы жерде айтпай кете алмадым. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Нұрсəуле МЕШЕЛ,

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің аспиранты. Алматы

ОСПАН БАТЫР МЕН Х.ЧОЙБАЛСАННЫҢ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫ

 Керейдің қол бастаған батырларының бірі Оспан Исламұлы Қытайдағы қазақтарды бастап, ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырып, Қытай Үкіметімен КСРО үстемдігіне жəне оның ықпалындағы Монғолияға қарсы күрескен ержүрек дара тұлға. Оспан батырдың сол кездегі Орыстардың қуыршағына айналған Үш Аймаққа қарсы шығуы Мəскеу басшыларының наразылығын арттырып, қалай болғанда да Оспан батырдың аяғынан шалып, біржолата құртуды жоспарлады. Оспан батыр- ды құрту мақсатында Монғолияны пайдаланды. Өйткені Оспан батыр мен Монғолия арасында бұрын өте жақын қарым-қатынас болған еді. Бұл баяндамада Оспан батыр мен Х.Чойбалсан арасындағы кездесулері кезіндегі келісім шарттарына көбірек тоқталуды жөн санадық.

 1942 жылдың басында Оспан батыр бастаған көтерілісшілер үлкен күшке айналды.

 1943 жылдың тамыз айында Бас Министр Х.Чойбалсан мен МХРП Орталық Комитетінің бас хатшысы Ю.Цэдэнбал Ба- тыс шекарадағы туындаған шиеленісті жағдайға байланысты Ішкі істер министрі Б.Шагдаржав, орынбасары Б.Дүнхэржав, Шекаралық жəне ішкі əскери басқару орнының бастығы Б.Дорж, жəне солардың кеңесшілерімен бірге қабылдап, ше- кара мəселесіне байланысты үкіметпен ұйымдастыратын

тығыз жұмыстардың бағытын белгілеп, генерал Б.Дорж, оның кеңесшісі Н.Ф.Паповтарға бастатып, шекара қорғанысын басқаратын штаб құрылды.[1]

 Монғол тарихшысы Лхасүрэнгийн Бат-Очир «Чойбал- сан» деген еңбегінде былай дейді: Чойбалсан 1944 жылы 7 қаңтарда Улаанбаатардан автомашинамен жолға шығып, одан пойызға мініп 14 қаңтарда Мəскеудің теміржол бекетіне келіп түсті... Содан кейін Кремльде Чойбалсан Иванов, Сталин жəне Молотовқа жолығып əңгімелесті.... Əңгіме қызғанда Чойбал- сан Оспан туралы өз ойларын еркін білдіреді. Мағынасы былай:

«Алдымен Оспанға қажетті қару-сайманмен көмектескен жөн. Ол Алтай қазақтарының белді ру басыларының бірі. 1939 жыл- дан бері азаттық үшін қытайлармен тұрақты соғысып, күресіп келеді жəне осы уақытта көтеріліс басшыларының көбі өліп, бірталайы тұтқынға түсіп, жалғыз Оспан ғана аман-есен қалды. 300 отбасының мыңдай адамын ертіп жүр. Жуықта тағы 100 үйді өзіне қаратты жəне оны қолдайтын қазақтан басқа өзге ұлт өкілдері де мол. Олар басқаларға шабуыл жасап тонағанмен, Оспан ондай іске кіріспейтінін айтып жүр. Рас өтірігі белгісіз. Не де болса Оспанды қару-жарақпен қамтамасыз етіп, Алтай- ды қытайлардан тазартса, басқадай ұлт-ұлыстар да азаттық алар еді. Онда өмір сүретін монғолдар да еркіндік алар еді» деп Чойбалсан картадан Монғолдың батыс шекарасы, біздің отряд, заставаның орналасқан жерін, Оспандар қоныстанған мекенді көрсетіп берді. [2]

 Х.Чойбалсан Оспанға барып танысып байланыс жа- сау мəселесіне келісіп келуге қазақ салт-дəстүріне қанық, тығырыққа тірелген кезде жол таба білетін Баян-Өлгий аймағының Дэлүүн сұмынның азаматы У.Қамқашты 1943 жылы 1 айдың 7-і күні арнайы тапсырма беріп жібереді. Бұл азаматтың Оспан батырмен кездесуі сəтті болып, Шекара адам- дары мен Үкімет басшыларының Оспанмен кездесіп, аса маңызды келісімдер жасауына жол ашып берді.

 Бірінші кездесу 1943 жылы 9 айдың 14-і күні Оспан батырдың балалары Шердиман, Нығметдолда т.б болған алғашқы кездесу- ге Б.Дорж, Ш.Ноғай, О.Қалқабайлар қатысып, келесі болатын кездесулердің болатын жері мен уақытын белгілеп қайтты.[3]

Екінші кездесу 10 айдың 5-і күні Хайрт асуында өтеді. Кез-

десуге Монғолия үкіметінің ішкі істер министрінің орын- басары Дүнхэржав, кеңесші Похомо бастап барды. Оспан толық қаруланған 100 əскерін жуық жерде артынан қорғауға қалдырып, қасына 40 адам ертіп, Хайрт асуында тосып отырған монғол жағының өкілдерімен алғаш кездеседі. Кездесуде мына төмендегі шарттарға келіседі:

 Оспандар жағынан Монғол Халық Республикасына жүргізіп келген тонаушылық іс-əрекеттерін тоқтату;

  •  Монғол мемлекетінен сайман жəне басқадай көмек алып, Гоминдаңға қарсы күрес жүргізу;
  •  Оспан жағын жанұяларымен дəулет, мүлік дүниесімен Монғолия шекарасының маңында орналастырып, өздері Гоминдаңға Азаттығы үшін күреске шыққан Шыңжан халқының күресін қолдап, солармен күш қосып күресу;
  •  Монғолия жағы көтерілісшілер штабына 40-50 адам отырғызып, соғыс саймандарын ұстатып үйрету;

Келісілген мəселелерді аса құпия сақтауға ұйғарысады.

 Бұл кездесуде Оспанға винтов 27, маузер 10, 600 метр пұл, өзіне Англияның автомат мылтығын 100 оғымен сыйға тарта- ды. [4]

 Жалпы Монғолияның Оспанмен одақтасуы, Алтай көтерілісшілеріне көмектесуінің арғы жағында Кеңес Одағы, атап айтқанда И.В..Сталин отырғаны айдан анық еді.

 1944 жылы 2 айдың 25-і күні Х.Чойбалсанның Оспанмен алғашқы кездесуі Алаг Толгойда өтеді. Осы кездесуге Чойбал- санмен бірге Кеңес Одағының барлау орнының бастығы Лан- фанг, Монғолия ішкі істер министрі Шагдаржав, кеңесшісі қатысады. Оспанды ертіп əкелуге Ноғай, Қалқабай, подполков- ник Нұриевтер барған.[5]

1944 жылы 3айдың 5-і күні сағат 12-13. «Шатыртас».

 Оспан батырдың уақытша тұратын жерінен батырдың жеке өкілі Келес, Оспан батырдың баласы Шердимандар

«Алатөбеге» келіп: маршал Х.Чойбалсанды Шығыс Түркістан Ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы қонаққа шақырғанын хабарлайды. Мұндай шақырудың боларын білген маршал Х.Чойбалсанның нөкерлері маршалды ертіп Бұлғын Өзенінің бойындағы «Шатыртас» (Майхан толгой) деген жердегі Оспан батырдың ауылына барады. Маршал Х.Чойбалсанды Оспан ба-

тыр өте құрметпен қарсы алады. Арнайы əзірленген үйдің ал- дында əскерлерін сапқа тұрғызып, өзі нөкерлерімен келіп алды- нан қарсы алады. [6]

 Бұл кездесу өте көңілді болғандығы соншалық, сəн- салтанатқа толып əн-күйге ұласады. Кездесу соңында Оспан батыр ресми хат келісім жасауға шақырып, маршал Х.Чойбалсанмен қатар отырды. Келісімнің мақсаты Шығыс Түркістан мемлекетін орнату, демек Кеңестер Одағының құрамына осы елді енгізу мəселесі сөйлесіледі.

 Қорыта айтқанда Х.Чойбалсан мен Оспан батырдың кездесулері ұлт-азатшылардың бостандық үшін күресі аса маңызды қоғамдық саяси мəселелердің алға басуына мұрындық болған тарихи оқиға болып қалды.

 Сондай-ақ, Оспан батыр көтерілісіне байланысты əртүрлі пікірлер, көзқарастар, мəліметтер бар. Оспан батырдың туған жылы, қайтыс болған уақыты, Х.Чойбалсанмен кездескен мерзімдері түрлі ғылыми басылымдарда, тарихшыларымыздың ғылыми еңбектерінде əр түрлі жазылған. Сондықтан Оспан ба- тыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс өте күрделі мəселе деп ой- лаймыз. Бұл тақырып ғылыми тұрғыдан əлі де көбірек зерттеуді қажет етеді.

Пайдаланылған əдебиеттер:

  •  ЖүкейШəңгішбайұлы.ХХғасырдағыМонғолия қазақтары.-Ұланбатыр.,2008, 117-б.
  •  Қазақстан тарихы туралы Монғол деректемелері. ІІІ том, Алматы., Дайк-Пресс., 2006, 112-б.
  •  ЖүкейШəңгішбайұлы.ХХғасырдағыМонғолия қазақтары.-Ұланбатыр.,2008, 117-б.
  • Сонда, 117-б.
  • Сонда, 118-б.
  • Оспан батыр. Алматы., Арда., 2007, 94-б.

Марфуға АЙТХОЖА, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

сыйлығының иегері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Алматы

ТАУ ТОЛҒАУ

(поэма)

I

Шақтарда шарпып жатқан ғасырларды от, Тарыдай қазақ текке шашылған жоқ.

Ойласам қазағымның өткен күнін, Қасіретім-

Бастағы шашымнан көп....

Ел жайлы көкіректен ашқанда сыр, Қаншама, жазылмаған дастан жатыр. Қарлы Алтай шыңдарынан атойлатып, Айналған аты аңызға,

Оспан батыр!

Қазағым, қаймықпайтын, неткен батыл, Бүгін де, шертеді сыр өткен ғасыр.

Араға қилы заман, уақыт салып, Қауышты қазағына,

Оспан батыр!

Жүректен батыр жайлы ашқанда сыр, Күркірейді, біткендей аспанға тіл.

Елің тұрғай,

Жатқанда таулар толғап, Аруағыңа сыйындым, Оспан батыр!

Бөлісіп туған елмен бастан мұңын, Қазақтың армандаған бостандығын. Атажұртын аңсаған,

Ел келгенде,

Көк аспан мөлдіретіп шашқан нұрын.

Тағдырды бастан кешіп жан таласқан, Келді ұрпақ,

Алматыға шартараптан. Отаншыл,

Оспан батыр ұрпағына,

Алатау омырауын шалқақ ашқан.

II

Қаншама тарих толқын тасқындасын, (Ерлігін қазағымның жатсынбасын). Мекендеп Қиыр Шығыс,

Үнді жерін, Тіреді ел,

Ыстамбұлға аттың басын....

Ерліктің кешіп жүріп сан соқпағын, Жандырды алаулатып,

Жан шоқтарын...

Жолында бостандықтың жортып жүріп, Үзіліп сыңғыр күлкі,

Əн тоқтады...

Өткізіп айлар, жылдар, ерлікпенен, Жасқанып заманадан шер бүкпеген. Ұрпақты аман сақтап қалу үшін,

Жан қияр

Батрлықты көрдік сенен.

Қақтырып арман - қиял қос қанатын, Еңіреп, ерлігіңді қостады ақын.

Асқар тау, Байтақ дала, Теңіз тулап,

Санаға түйіп өстік, Оспан атын!

Жеткенше жалаулатып, Жеңіс күнге,

Жалғанда иілмеген белі ешкімге.

Елі үшін қыршын жанын қиып берер, Қазақтай батыр бар ма,

Ер үстінде!...

Алаштың қасіретін арқалаған, Азаптан,

Ауырлықтан шаршамаған-

Жүрек боп тулады да Оспан батыр, Тамырға,

Сол жүректен қан тараған.

Қарамай қақаған қыс ызғарына, Оспанның атқа қонған қыздары да. Сезгендей бір сұмдықты,

Дүлей тылсым, Алтайдың сіресіп тұр, Мұз-қары да.

Атар таң, шайқаста өтіп, батар күнің, Содан ба,

Айықпай бір жатар мұңым. Жауының төбесінен жəй түсірді, Қаймықпас,

Қайсар, жігер, Қаталдығың.

Беріспей қас дұшпанға қасарысқан, Ел қажып, азық бітіп,

Ат арытқан...

Күндерді бастан кешіп, Қайран батыр,

Қиялы қас қыранмен, Қатар ұшқан.

Көрсетті батылдықты ерден күткен, Ерекше қасиет бұл,

Қанмен біткен. Көзінен құралайды Көздеп атып, Аруы аты шыққан, Мергендікпен.

Жауына оңайлықпен беріспеген, Ойы да,

Ақылы да, Өріс терең.

Өткізіп жүз он жылды бір күнгідей, Еліне қайта оралды жеңіспенен.

Айтулы Абылай хан даңғылында, Бөлеген бір кеш өтті,

Таңды нұрға.

Қауымдастық өткерген осы кеште, Батыр аты айналды,

Мəңгі жырға!

25/01/2010

Жəркен БӨДЕШҰЛЫ,

«Алаш» сыйлығының иегері, талантты ақын. Алматы

Анадай жерге кетті ұшып, Алтайы түлкі тымағы.

Жолбарыс сынды ақырғы, Басы бар батыр атылды. Басы жоқ тобыр селк етіп, Қарасын құмға батырды.

ОСПАНДЫ КАЗІР АТАДЫ...

«Оспан батыр, егер мұнан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келгенде, аталары Мөде, Шыңғыс, Темірлан деңгейлес ұлы қолбасшы болар еді».

Годфрей Лайас

Бөрідей шулы атағы, Оспанды қазір атады. Көріңдер, əне, келеді ол, Ешкіммен жоқтай шатағы.

Түнерген түнек түс, өңі, Шойындай қара кісі еді. Қолында – көзір, аяқта – Білеудей темір кісені.

«Рұқсат болса, ағайын, Дəретімді алайын.

Дұғамды оқып соңғы рет, Құбыла жаққа қарайын.»

Оқ тиді. Оспан құлады, Шулады елдің құлағы.

Ғалым ҚАЛИБЕК,

ақын. Алматы

ОСПАННЫҢ ӨСИЕТТЕРІ

Дариға-ай, бастан дəурен ұшқалы тұр, Ер Оспан қара жерді құшқалы тұр.

Қайтейін қызыл тілім байланып тұр, Алдымда ата жауым – дұшпаным тұр.

Несіне сұм ажалдан жасқанайын, Мендегі басқа қайғы, басқа уайым. Туған жер құшағыңа алшы мені, Киелі топырағыңды жастанайын.

Дүние-ай біздендағы қалар болды, Жаратқан сүйген құлын алар болды. Жұртыма жан айқайым жетер ме екен, Жан алғыш жағама қол салар болды.

Жалған-ай, арман болған ақ таңым-ай, Күнімнің қас-қағымда батқанын-ай.

Жерімді жат қолына берме, Құдай, Елімді аман-есен сақта, Құдай!

Ұлың – құл, қызық – күң боп өтпесе екен, Басынан бақыт құсы кетпесе екен.

Қор болып бордай тозған сорлы қазақ. Көл қылып көздің жасын төкпесе екен.

Тəңірден бармақтай-ақ бақ сұрадым, Қу соғыс жалмап кетті жақсыларын. Жерімді елім саған аманаттап, Елімді ерім саған тапсырамын.

Дəурен-ай, сауық құрып сайрандаған, Ту ұстап, қол бастаған қайран заман. Кек қалды ата жаудан алынбаған, Қынапта қылыш қалды қайралмаған.

Бабамның ата жұртта басы қалды, Анамның бұлақ болып жасы қалды. Қош енді қайран елім, қайран жерім. Оспанның өсиеті осы болды.

Бақытбек БƏМІШ,

ақын. Алматы

ОСПАННЫҢ ШОЛАҚ БАРМАҒЫ!

(Оспан батыр дастанынан үзінді)

Жыртысын қостап, жыртысқан. Қой десе, қоймай тыртысқан.

Жоқ кешегі Үш Аймақ, Кешегі Шығыс Түркістан.

Сары бауыр сарбаз, солдаттар,

«Соғыспа!» деген алды ақпар. Жалынды ұран, жанталас, Жай түскендей Алла-ау-акпар! Қаз-үйректей қаңқылды, Қаңырап қалды айлақтар.

Қызылға оқша борады, Қаралы қарғыс:

–Жайрап қал!

Оспанды орып атқылап, Орден алған мандаттар. Алты алаштың алдында, Ақиқат айтып жалбақтар. Көмулі жатқан көмбедей, Ол да бір аппақ таңдақтар. Тарих – айдын,

Айдында

Əлі де біраз тайғақтар.

Күн санап өскен шендері, Генерал, мойор саңлақтар, Алжыған есі адасып, Мүмкін біраз сандырақтар. Алайда іздеп таппайтын, Өлген бар,–

Тірі айғақтар.

Бетімен жүрген бұл күнде, Жетекпен кеткен тайлақтар. Осынау қанды тарихтың Күйінген күйін шертеді.

Бүлінген бүгін, Артында

Алтайда қалған Сайғақтар!

Қиылған қыран қанат та,

(Енді ешкім тышқанның мұрынын да қанатпас!). Əлихан төре аулақта,

Бақилық мырза қамақта. Қара құстан қан сүңгі – Қара мұрт,– дейді, –

Тіс жарсаң,

«Өзіңді өзің тамақта!».

«Дəлелхан қайда, генерал, Келді ме кезі, дем алар?». Əр саққа əркім жүгіртті, Өлді,

Тірі,– деп олар. Татымады-ау, тұсаққа, Қара ма, жоқ, ісі ақ па? Үкім – жұмбақ, Өлгені:

Алматы ма, ұшақ па!

Құдайдың басқа салғаны. Тағдырдың болмас талғамы, Жүкті ғасыр қылмысқа, Ақтаңдақ –

Тарих талғаны. Қылышы ауыр болса да, Қынына түспес салмағы.

Бейжиңге билік бұйырды, (Жаназа айту қиынды).

Түркістан–

Шығыс Түркістан – Қазақтың қасқа арманы, Оспанның шолақ бармағы!

Талапбек ТЫНЫСБЕКҰЛЫ,

Қауымдастық жанындағы

«Жезбұйда» студент жастар орталығының төрағасы, М.Əуезов атындағы əдебиет институтының ғылыми қызметкері. Алматы

ЕСКЕРТКІШ

Азат күнде аза тұтам мен неге?! Күңіренген күй енеді кеудеме. Ұлты үшін басы кеткен пендеге, Ескерткіш жыр орнатайын ерлене. Үнсіз мүлгі, өзгелерің сөйлеме.

Басыңды бір, көтер бүгін боздағым, Атыңды атап аруағыңды қозғадым. Мен анамның жатырында боздадым, Сен атылған секундта көз қағым.

Шырылдадым, сенің жаның өз жаным.

Арманыңды айтқызбастан ақырғы, Ар жаныңды қорлады жау басынды. Неге керек сүйемедім басыңды, Күйеледім қан сасыған ғасырды.

Ақымақ жау тек қараңды батырды, Алты қырдан атағыңды асырды.

Ер бабам-ай, ерлігіңді сағынам, Қабрыңа басымды ұрып табынам. Қара тасты қалқитқанмен не қылам? Өр Алтайды ескерткішің деп ұғам.

ҚҰТТЫҚТАУЛАР

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

 Қазақта ұлт үшін басын бəйгеге тігіп, қасиетті күресте тайсалмаған батырлар аз болған жоқ. Тəуелсіздік алғаннан бері біз тарихымыздағы ақтаңдақтарды аршып, кезінде атын айтуға тиым салған ұлт батырларын ақтап алып, олардың ру- хына тағзым етіп, осы сияқты ауқымды іс шараларды əр жерде ұйымдастырып, нəтижелі өткізіп жатырмыз.

 Солардың бірі – Оспан батырдың 110 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция.

 Оспан батыр XX ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тəуелсіздігі, қазақтың тəуелсіздігі үшін Қазақстаннан тыс, Қытай жерінде күресті. Сонда Шығыс Түркістан атты тəуелсіз республикасын құруға қол жеткізді. Оспан батырдың «кім менің тіліме, дініме тиіссе сол менің жау- ым» деген сөздерінен оның ұлтшылдығын, ұлтын адалдықпен сүйе білгенін, қандай қиын-қыстау жағдайда ол, жолдастарын, ұлтын, жерін сатпағанын, ел мен жерге деген шексіз махабба- тын өмірімен, өлімімен дəлелдегенін көруге болады.

 Құрметті конференция қонақтары, ұйымдастырушы ханым- дар мен мырзалар, қатысушы ағайын!

 Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісінің даңқты қолбасшысы Оспан батыр Исламұлының туғанына 110 жыл толуына арнап өткізіп отырған іс шараларыңызға, атқарып отырған маңызды жұмыстарыңызға сəттілік тілеймін!

 Бұл атаулы датаны атап өтуге дайындалып жатқан Батырдың ұрпақтарына, барша халыққа, осы отырған Сіздерге творчестволық табыс, шабыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, ел іргесінің тыныштығын тілеймін!

Гүлсара АЛТЫНБЕКОВА,

Көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша

департаментінің төрайымы

Құрметті ТƏКЕ!

 Алтай қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, дарынды қолбасшы, қаhарман жауынгер, азаттық жолындағы қайтпас күрескер, ислам діні мен туған халқының еркіндігі үшін шыбын жанын пида еткен шаhит Оспан батыр Исламұлының туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған

«Азаттықтың өшпес рухы» атты халықаралық ғылыми- тəжірибелік конференцияға қатысушыларды шын жүрегімізден құттықтай отырып, батыр бабамыздың ерлік рухын əспеттеп кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге болатын жасампаз шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз! Конференцияның жұмысына табыс тілейміз!!!

 Хабсатар ОМАРҰЛЫ, Монғолиядағы қазақ мəдени орталығының төрағасы Асай РƏМІШҰЛЫ,

Монғолия қазақтарының Ұланбатырдағы мəдени орталығының төрағасы

Құрметті Талғат Асылұлы!

 Ассалаумағалейкум қадірменді қазақ елі, кең байтақ қазақ даласы!

 Қазақтың атын шығарған, намысын қорғаған, қазақ деп жа- нын берген көп азаматтардың бірі – Оспан батырды еске алып, аруақтарды бір аунатқан торқалы тойларыңыз құтты бол- сын. Сіз арқылы той иелеріне, осы жиынды ұйымдастырған азаматтарға, қадірменді қазақ еліне – Түркиядағы қалың қазақтан дұғай-дұғай сəлем-алғысымызды білдіргіміз келеді. Той тойға жалғаса берсін!

 Жұмалы ЗЕНГИН, Түркиядағы Қазақ-Түрік қорының директоры

Құрметті Талғат Асылұлы!

 Еуразия Түрік Қауымдастықтары Федерациясы атынан жа- лынды сəлем!

 Біз Оспан батырды Шығыс Түркістан көшпенділер қауымдастығының елу жыл бойы өткізіп келе жатқан түрлі жи- ындары мен симпозиумдары арқылы танып білеміз. Бүгінгі Сіздердің ұйымдастырып отырған халықаралық конференцияға шақырылмағанымыз өкінішті-ақ.

 Отан, тəуелсіздік, байрақ жəне иман сүйіспеншілігімен танылған, бірақ өкінішке орай, зұлымдықтың құрбаны болған Оспан батырдың туғанына 110 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып жатқан жиындарыңыздың сəтті өтуіне тілек білдіреміз! Мүмкін болса, Оспан батырдың атына үлкен бір даңғыл көше аты берілуін жəне ескерткіш орнатылса деген ұсынысымызды қабыл алғайсыз!

 Құрметпен, доктор Фетха Ахмет ЮКСЕЛ

Құрметті Талғат Асылұлы!

 Шығыс Түркістанды жаулап алған Қытайға қарсы қаhармандықпен соғысқан жəне Тəуелсіздік үшін жанын Отанына арнаған Оспан батыр үшін ұйымдастырылған жиналыстарыңызды үлкен бір сүйіспеншілікпен қарсы алуда- мыз.

 Шығыс Түркістан көшпенділер қауымдастығы 1960 жылы құрылғаннан бастап бүгінге дейін Оспан батыр жөнінде көптеген ұлттық жəне халықаралық жиналыстар өткізіп, көптеген кітаптар жариялаған едік. Қазақстанда да Оспан ба- тыр жөнінде өткізіліп жатқан конференцияларыңыз Түркиядағы қазақ қауымын қуанышқа бөлеуде. Осы конференцияның сəтті өтуіне шын жүректен тілектеспіз.

 Құрметпен, Якуб ЖАН Стамбул

Өркенбек НƏБИҰЛЫ,

Оспан батырдың немересі

АЛҒЫС СӨЗ

 Ассалаумағалайкум, құрметті көпшілік қауым, қадірлі кон- ференция қонақтары!

 Өз басым бүгінгі бəріміз үшін тіпті, бар қазақ үшін есте қалатын ерекше күн деп есептеймін. Себебі, Оспан батыр Исламұлының 110 жылдық мерейтойын тəуелсіз Қазақстанда, əсем Алматының төрінде атап өтіп отырмыз.

 Оспан батыр басқарған Алтай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінің бар мақсаты – ұлтымыздың еркіндігі, жеріміздің бүтіндігі болатын. Соның дəлеліндей бүгін ел болып Оспан ба- тырдай ұлы тұлғаны еске алып ұлықтап жатырмыз. Бұған мың да бір шүкір.

 Оспан батырдың қан жағынан менің атам екені, ал менің ол кісіден тіке тараған ұрпақ екенім ақиқат, алайда Оспан бар қазақтың батыры, алашқа ортақ тұлға. Ол кісіні бір рудың не- месе бір топтың ғана батыры етіп қарастырудан аулақ болайық, ағайын.

 Батырдың өмірі, күрес тарихы, жалпы қозғалыс хақында тарихшы, əдебиетші ағаларымыз егжей-тегжейлі тоқталды. Мен сіздерге Оспан батыр Исламұлының қолға түсуі тура- лы əкем Нəби Оспанұлының айтқан естелік əңгімесін баяндап бермекпін.

 1951 жылдың басында Мақай деген жерде отырған Оспан батыр ауылы қайта кері көшіп Алтайға бет алады. Оған себеп

батыр Гималай асып шетке кетуді құптамайды. Көшуге кеңес бергендерге айтқан жауабы «артымда қалған елім бар, жан сауғалап жалғыз кетпеймін» деп қайта кері көшіп Қанамбал тауының бөктеріндегі Қайыз деген көл жағасына келіп түседі, əрі осы жерге қыстап шықпақ болады.

 1951 жылғы ақпанның 19-ы күні таң енді ағарып атып келе жатқанда жау келіп басып, айғай-шу, азан-қазан болады да кетті дейді. Қытай əскерлерінің айғайының арасынан ұққаным,

«Осман, Осман» деген бірнеше ауыз сөз болды.

 Əкемнің ақ ордасы мен менің шатырым іргелес бола- тын. Жүгіріп сыртқа шығып бірден əкемнің үйінің белдеуіне қарадым. Күндіз-түні белдеуде қаңтарулы тұратын ақ боз ат жоқ. Иə сəт, кетіп қалған екен деп түйдім іштей.

 Үйдің алдында су ағар жырашық бар болатын, домалап сол жырашыққа түсіп бас көтерместен бүкшеңдеп құлдап жүгірдім. Алла сəтін салғанда алдымнан екі ағамды кезіктіріп, үшеуіміз табыстық. Олар менен бірден əкемнің жағдайын сұрады, мен сыртқа шыққанда белдеуде ат жоқ, құтылған болар деген жо- рамал айттым. Олар ұзамай тұрып нақты көз жеткізіп алайық деді. Алайда ол кезде қытай əскерлері ауылды түгелдей қоршап болған. Ағаларым маған біз амалын тауып қойды ауылға қарай беттетейік, сен қой ішімен еңбектеп тіл алып қайт деген соң, сол айламен қайта ауылға кіріп, əкемнің кетіп қалғанын біліп шықтым, сосын ағаларым таң ағармай тұрып тау жаққа жетіп бой тасалайық, қоршау бұзғандардың бəрі сол жаққа бет алған болар, аман болсақ табысып ақыл қосармыз деді. Су ағарды құлдай сəл жүгіріп енді алаңқыға шыққанымыз сол еді арттан бізді байқап қуған шеріктердің дауысы естіліп аспанға оқ атты. Ағам Шердиман, сəл қашып барып бір-бірімізге арқа беріп тұра қалайық, олар бізді тірі қолға түсірмек, сол үшін көздеп оқ атпайды. Келіп айнала қоршайды, сол кезде үшеуіміз бірге ай- налдыра атайық, жалғыз амал сол деді. Расында олар келіп ба- сымыздан асыра оқ атып шыр көбелек айналып қоршап, был- дырлап айғайлап жатыр. Шердиманның дауысы шыға үшеуіміз қатар атып едік, 10 ат ойнап шыға келді. Аттан үшеуіміз үшеуін мініп қалғанын айдап, өлген шеріктердің қару-жарағын алып

тез бой тасалап үлкердік.

Ал əкем жау келіп басқанда қоршауды бұзып шығып кетеді.

Алайда Оспан қашса ақ боз атпен қашады, сол ақ атының арты- нан қалмай қуалау туралы қатаң тапсырма алған шеріктердің тобы ау дегенде ақ атпен қоршауды бұзып шыққан батырдың соңынан кетеді.

 Оспан батыр қаша соғысып Қайыз көліне келіп түседі. Ат тағасы тозғандықтан көл ортасына барғанда шатқалақтап ба- рып жығылып тұрмай қалады. Қытай əскерлері жақындай береді, мойынындағы ағылшын автоматын алып бір айнал- дырып шайқаған соң автомат қақалып оқ шығармай қалады. Жан құралының оғы таусылады. Осы сəтте қаптаған сарала шеріктер келіп басады. Батыр қонышындағы қанжарды суырып бірқаншасын сұлатады. Алайда, шүйе бөріші қаптаған қалың шерік қойсын ба? Осылай батырды қапыда қолға түсіреді.

 Сосын күн шыға батырды түйенің үстіне матап байлап, қол- аяғын кісендеп ауыл жанынан алып өтеді. Оны көрген қызы Пəния дауыс салып түйе үстінде байлаулы отырған əкесінің аяғын құшып жылайды. Сол сəтте батыр қызына ақырып, өшір үніңді, дұшпанның алдында көз жасыңды көрсетпе, мені қытай мықтылығынан ұстаған жоқ, Құдайдың бұйрығымен ұстады, Алла бұйырды, мені байлап алды, мен өкінбеймін, қайт кейін деп паң күйінде аяқ-қолы кісендеулі түйе үстінде қайқайып кете барады.

 Осы жолы Қайызда Оспан батырмен бірге Қапас ба- тыр бастаған 40 адам жəне 300-дің үстінде үй қолға түсіреді. Оспан батыр 1951 жылы 4-айдың 29-күні Үрімжіде атылады. Қапас батыр аштық жариялап өледі. Шердиман, Ниғыметолла, Нəбилер бастаған 500-дей Оспанның қалған сарбаздары 1952 жылы қыркүйекке дейін Бəйтік-Боғда кейін Алтай тауларында жалғасты қарсыласу соғысын жүргізеді. Қазақтың ашылмаған осындай ауыр тарихы үшін бүгін осындай үлкен шараны ұйымдастырып отырған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына жəне оның басшысы Талғат Мамашевқа көп алғыс айтамын.

МАЗМҰНЫ

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД

Хабсаттар ОМАР, Асай РƏМІШ.207

Жұмəлі ЗЕНГИН.207

Фетха Ахмет ЮКСЕЛ.208

Якуб ЖАН.208

Өркенбек НƏБИ

Алғыс сөз209

 Теруге 10.02.2010 жіберілді. Басуға 25.03.2010 қол қойылды.

Қалыбы офсеттік басылыс. Қаріп түрі «Times New Roman» Баспа табағы 13,5. Пішімі 84х108 1/32. Таралымы 2000 дана.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу