Балалар ақыны Ермек Өтетілеуовтың туғанына 75 жыл


Қарағанды облысының мәдениет басқармасының

«Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің мекен-жайымыз: 100000 Қарағанды қаласы,

Бұқар жырау, 30

тел.:8(7212) 41-23-26

е-mail: odb_abai@mail.ru

Сұлу сөздің саңлағы

Балалар ақыны

Ермек Өтетілеуовтың туғанына 75 жыл

Қарағанды 2013

Шығаруға жауапты: Жайлыбаева Н.Ө. Құрастырған: Карашова А.К.

Кітапханашыларға

 Балалар ақыны, аудармашы Ермек Өтетілеуұлының туғанына 75-жыл толуына орай Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы

«Сұлу сөздің саңлағы» атты әдістемелік құрал ұсынады.

 Балалар поэзиясына алпысыншы жылдары келген ақындардың қай - қайсысы да алғашқы шығармашылық қадамдарын жемісті бастады. Солардың қатарында Ермек Өтетілеуұлы. Ақын поэзиясында өскелен ұрпақтың таным-білім аясын кеңейтуге қызмет қылатын туындыларымен бірге, ойнай отырып ойландыратын, бала бойында тапқырлық, адалдық, ізгілік, достық, өнер-білімге құштарлық, т.б. да жақсы мінездердің қалыптасуына әсер ететін шығармалары жеткілікті.

 Сондықтан Ермек Өтетілеуұлының шығармалары қай-қайсысы да баланың дүниетанымынкеңейтуде,азаматтық көзқарасын қалыптастыруда зор маңызға ие.

 Ермек Өтетілеуовтың өмірбаяны мен шығармашылығы бойынша 1-2 сынып оқушыларына «Өлең жырды оқимыз, көңілге оны тоқимыз!» атты ауызша журнал өткізу, «Бала тілің тапқан ақын» кітап көрмесін ұйымдастыру, сөзжұмбақ шешу.

«Бала тілің тапқан ақын»

( Ермек Өтетілеуовтың туғанына 75 жыл)

Тақырып көрмесі:

Дәйек сөз: «Балаларға жазамын

 Жырдың түрлі нұсқасын: Қабыл алмай жаманын, Тек тәуірін ұстансын – Содан тілін ұштасын»

(Өтетілеуов Е.)

«Өлең жырды оқимыз, көңілге оны тоқимыз!»

 /Ауызша журнал 1-2 сынып оқушыларына/ Ауызша журналдың мақсаты: Балалар ақыны Ермек

Өтетілеуұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыра отырып, жас оқырмандарды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, жаманнан жиренуге, жақсыны үйренуге тәрбиелеу. Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Слайд арқылы ауызша журналды өткізу

 Кіріспе сөз: Қымбатты балалар! 1 қантар – балалар ақыны, аудармашы Ермек Өтетілеуұлының туған күні. Ол балаларға арнап көптеген өлеңдер жазған. Қай өлеңін алып қарасақ та, бала мінезін, іс-қылығын аудырмай көрсете алған ақын. Өлеңдері жас оқырмандарды қызықтырады, тартады , ойға қалдырады.

 Ермек Өтетілеуұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Өлең жырды оқимыз, көңілге оны тоқимыз!» деп аталатын ауызша журналымызды назарларынызға ұсынамыз.

  • Өтетілеуұлы Е.Төрт түсті жер үсті/ Е.Өтетілеуұлы; сурет. Б.Ералиева.- Алматы: Алматыкітап,2002.-31бет.- (Мектепалды).
  • Өтетілеуұлы Е. Қазақ оркестрі/ Е.Өтетілеуұлы; сурет. Б.Соныбеков.- Алматы: Алматыкітап, 2002.-31бет.- (Мектепалды).
  • Өтетілеуұлы Е. Ісмерлер/ Е.Өтетілеуұлы; сурет. С.Ким.- Алматы: Алматыкітап,2002.-31бет.- (Мектепалды).
  • Өтетілеуұлы Е. Сөйлеген суреттер/ Е.Өтетілеуұлы; сурет. Т.Авдеева.- Алматы: Алматыкітап,2002.-31бет.- (Мектепалды).
  • Өтетілеуұлы Е. Әдептілік - әдемілік/ Е.Өтетілеуұлы; сурет. М.Губская.-Алматы:Алматыкітап,2011.-55бет.

Ол туралы:

  • Орысша оқып, қазақша жазған қаламгер/ Құраст. Ш.Күмісбайұлы// Балалар бағының бағбандары.- Алматы:Балалар әдебиеті,2008.-222-228бет.
  • Өтетілеуов Ермек// Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: анықтамалық.-Алматы:Ана тілі,2004.-250бет.

Әдебиеттер тізімі:

    • Өтетілеуұлы Е. Әйбат әліппе/ Е.Өтетілеұлы; сурет. О.Казанцева.-Алматы:Аруна,2007.-52бет.-(Әліпби. Анаммен оқып үйренем).
    • Өтетілеуұлы Е. Ойыншықтар әліппесі/ Е.Өтетілеуұлы; сурет. О.Грачева.- Алматы:Аруна,2007.-52бет.-(Әліпби. Анаммен оқып үйренем).
    • Өтетілеуұлы Е. Жануарлар - спортшылар/ Е.Өтетілеуұлы; сурет. О.Грачева.- Алматы:Аруна,Б. -8бет.-(Әй-әй).
    • Өтетілеуұлы Е. Ең күшті адам: өлеңдер, ойындар, санамаұтар, жұмбақтар, ертегілер, аңыздар/ Е.Өтетілеуұлы.- Алматы:Раритет,2008.-224бет.-(Балалар әдебиеті).
    • Өтетілеуұлы Е. Өсіп келе жатырмыз/ Е.Өтетілеуұлы.- Алматы:Балалар әдебиеті,2006.-168бет.
    • Өтетілеуұлы Е. Балақай/ Е.Өтетілеуұлы.- Алматы: Жалын,1986.-255бет.
    • Өтетілеуұлы Е. Қазақстан-Отаным/ Е.Өтетілеуұлы; сурет. Н.Бубэ.- Алматы:Алматыкітап,2002.-31бет.-(Мектепалды).
    • Өтетілеуұлы Е. Бәрінен де қымбатты/ Е.Өтетілеуұлы; сурет. В.Логинов.- Алматы:Алматыкітап,2006.-33бет.- (Мектепалды).
    • Өтетілеуұлы Е. Ойыншықтар/ Е.Өтетілеуұлы; сурет. Б.Оспан.- Алматы: Алматыкітап,2009.-31бет.- (Мектепалды).

Ауызша журнал 3 беттен тұрады:

1 бет: Ермек Өтетілеуұлының өмірбаяны

Слайд(3-4)

 Кітапханашы: Ермек Өтетілеуов 1938 жылы 1 қаңтарда Ақмола қаласында туған.

 Жеті жасында ол ойына келгенін қабырғаға түсіретін. Ал ойына көп нәрсе келетін. Бала Ермекті көптеген жұмбақ жайттар ойландыратын: айнала толы шал - кемпірлер мен балалар қайдан келді? Тамақ неге жетіспейді? Үлкендердің бәрі неліктен көңілсіз жүр? Соғыс деген немене өзі? Гитлері кім? Осы сияқты немесе осыған ұқсас тағы басқа тірлік сауалдары баланың басына жиі келетін де, ол ойға шомылатын. Ойға қалып отыратын, отыратын да, қайтадан қабырғаға сурет салатын. Үлкендер алғашқыда баланы ауырып қалды ма деп қауіптенген де еді. Бірте - бірте оның бұл әдетіне үйреніп кетті де, әлгі "өнеріне" көңіл аударуды да қойды. Ал бала Ермек болса, өз сұрақтарына өзінше ойша жауап берген болып, соларды қабырғаға қарындаштың құйтырқысыз сызықтары арқылы түсіре берді, түсіре берді.

 Одан әрі мектептегі жылдар әуелі Ақмолада, кейін шексіз тың даланың төрі Қорғалжыңда жалғасты. Ол сурет салуға бұрынғыдан бетер беріле түсті, сыныптың қабырға газетін жасап, оқушылар кеші өтетін зал мен Жаңа жылдық ертегілер бөлмесін көркемдеп, безендіруге белсене ат салысатын. Әлденеше рет сыйлық алып, жүлдегер атанып жүрді. Оның мектептес құрбыларының ішінде бір де біреу сол кезде мұны түбі суретші болмайды деп ойламаған еді.

 Алайда, өкінішке орай, әр уақытта ойлағаның бола бермейді. 1956 жылы Ермек Өтетілеуов Москва полиграфия институтының көркемсурет бөліміне сынақ тапсырды, бірақ түспеді.

 Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты филология факультетінің орыс тілі мен әдебиеті бөлімін бітірді.

 Ермек Өтетілеуов студент шағынан «Балдырған» журналына өлеңдер жаза бастады. Одан соң өзі мұғалім бола жүре, жазудан қол үзген жоқ. Журнал өзінің белсенді авторын редакцияға

қызметке шақырды.

 1964-1974 жылдары республикалық «Балдырған» журналында, 1974-1976 жж. «Жазушы» баспасында редактор, ал 1976 жылдан бастап «Жалын» баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі болып істеді.

 Ақынның алғашқы өлеңдері алпысыншы жылдары жарық көре бастады. Жекелеген әңгіме, өлеңдері орыс, болгар, украин, грузин, армян, азербайжан, татар тілдеріне аударылған. Біраз өлеңдері балаларға арналған басылымдарға, қазақ мектебінің оқулықтарына енген.

 Қазақ тілінде оның аудармасында Л.Толстойдың, Д.Ушинскийдің балаларға арналған әңгімелері, С.Михалков, О.Дриз, Я.Аким, Б.Заходер, П.Реброның өлеңдері жарық көрді.

 Ермек ақын балаларды қызықтыратын жәйттерді, жаңа тақырыптарды дер кезінде анғарып, жас ұрпаққа поэзия тілімен жеткізе білді.

 Е.Өтетілеуұлы қазақ балалар поэзиясының көркемдік әлеміне «Алыптың алыбы»(1965), «Жұлдызша»(1972),

«Жалауша»(1975), «Әдептілік-әдемілік»(1975), «Алақай»(1981),

«Тілашар»(1982), «Балақай»(1986), «Өсіп келе жатырмыз»(1991),

«Қазақстан - Отаным»(2002) , «Ойыншықтар әліппесі» (2007),

«Әйбат әліппе» (2007) жинақтарымен жас ұрпақты қуантты.

 2 бет: Ермек Өтетілеуовтың «Әдептілік - әдемілік» атты кітабы бойынша әдептілік әлеміне таңғажайып саяхат.

Слайд (1-2)

Кітапханашы: Балалар, бүгін біз ақын Ермек Өтетілеуовтың

«Әдептілік -әдемілік» кітабы бойынша сеңдерді әдептілік атты таңғажайып әлемге қызықты саяхат жасауға шақырамыз.

 Тәрбиелік мәні зор, әдемі безендірілген бұл басылым сендерге үйде, қонақта, мектепте, көшеде өздерінді қалай ұстауды үйретіп, уақытында айтылған жылы сөздің қасиетін түсіндіреді.

  • Олай болса, әдептілік деген не?
  • Әдептілік неден басталады?

Кітапханашы: Осымен балалар Ермек атаның өмірі мен шығармашылығымен таныстындар. Қарап отырсақ, ақын жазбаған тақырып жоқ сияқты. Оның кітаптарынан өлең де, ертегі - аңызда оқуға, жаңылмай жаңылтпаштар айтуға және жұмбақтар шешуге болады.

Ермек Өтетілеуовтың өмірбаяны бойынша сөзжұмбақ

  • Ермек Өтетілеуов туған қаласы? (Ақмола)
  • Бала Ермекті сыныптастары қандай мамандықтың иесі болады деп ойлады? (Суретші)
  • Қандай балалар журналында жұмыс жасады? (Балдырған)
  • Қандай баспанының аға редакторы болды? (Жалын)
  • «Әдептілік - әдемілік» кітабы не жайында? (Әдептілік)

2

С

4

Ж

3

Б

у

1 А

қ

м

о

л

а

р

л

л

е

ы

5 Ә

д

е

п

т

і

л

і

к

н

ы

ш

р

і

ғ

а

н

12

Кітапханашы: Ермек Өтетілеуұлы өз өлеңдері арқылы балаларды достыққа тәрбиелейді. Достық жайлы келесі өлеңдіден үзіңді тындап көрейік.

    • оқушы:Ұқсамайтын басқаға,

Бар бізде екі дос бала, Екеуі де бір жаста, Құралпы да, құрдас та. Екеуінің бір ойы,

Екеуінің тең бойы. Екеуі де әдепті,

 Еңбек сүйгіш әрі епті. Екеуі де талапты, Жақсы оқиды сабақты.

(«Екі дос»)

    • оқушы: До. Ре. Ми. Фа. Соль. Ля. Си.

Достық әңі-досқа сый. Баста, грузин дос, Додо! ДО-ДО.

Қосыл Костя күлдіре! РЕ-РЕ.

Биле, өзбек дус Жәми! МИ-МИ.

Шырқа түркмен Ақгөзель! СОЛЬ-СОЛЬ.

Қосыл, қырғыз Жәмила! ЛЯ-ЛЯ.

Биле, башқұрт Мәмпәси! СИ-СИ.

Достық әні – досқа сый!

До. Ре. Ми. Фа. Соль. Ля. Си.

(«Достық әні»)

Балалар: Сәлемдесуден.

Кітапханашы: Білер қазақ баласы: Сәлем-сөздің анасы»

  • оқушы: Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз. Сәлеметсіз бе, ағай! – деп Сәлеметсіз бе, апай!- деп Есенсіз бе, әжей! – деп Амансыз ба, атай!- деп Ұл-қыз сәлем береміз

  • оқушы: Өнегелі өренбіз.

Отырса егер қарсы алда Жасы келген қарт адам:

-Ассалаумағалейкум! – Деп, ұсынып қос қолын, Ұлдар жасар өз жолын.

Кітапханашы: Әдепті адам - әдемі адам. Сендер қандай әдемі сөздерді білесіңдер?

Слайд (3-4)

 Балалар: Рахмет, мархабат, ризамын, бірге болсын, көп жасаңыз!

 Сау болыңыз, көріскенше күн жақсы болсын, жолыңыз болсын!

Келіңіз, жоғары шығыңыз, төрлетіңіз, дәм татыңыз.

 Кітапханашы:Бәрекелді, балалар! Аленді Ермек ағаның мына өленің тыңдаңдаршы.

1 оқушы: Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақ пейілмен:

«Қайырлы таң!» - деймін мен. Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн !» тілеймін. Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!» -деп кіремін

Кітапханашы:Балалар сеңдерге біреулер әлдебір істе қол үшін беріп дәмді мен тәттісін ұсынып, сыйлап жатса, тілектеріңді орындай қалса, оларға алғыс айтып, «Рақмет» деуді ұмытпандар

2 оқушы: Қыс қызығын бастадық,

Қардан қоян жасадық. Сәбіз әкеп көбіміз, Қамқорға алдық оны біз,

«Ас болсын!» - деп, ұсындық.

«Рақмет» деп тұрғанын Айтпаса да, түсіндік.

Кітапханашы: Балалар, біз әдептілік, сыпайылық жайлы Ермек ағаның өлеңдерің оқыдық. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, рақмет айтуды ұмытпайық.

Слайд (1-2)

 Ал енді, балалар ас үстінде, яғни дастарқан басында қалай өздерінді ұстау керек жайлы Ермек ағаның өлеңдерің оқиық:

  • оқушы:Дастарқанның басында

Әдептен біз озбаймыз, Үлкендердің қасында Қолды бұрын созбаймыз

  • оқушы: Тамақ ішіер кезде енді

Сөйлемейміз, күлмейміз,

Кітапханашы: Табиғат біздің анамыз, Ермек ақын жылдың әр мезгілің өзіндік қайталанбас ерекшілігін, ғажайып сұлулығын көрсете біледі,

Слайд (1-2)

    • оқушы:Қар еріді, су ақты,

Күндер туды шуақты. Байтақ дала келбеті Түкті кілем сияқты. Көкке бояп өңірді, Көктем келді көнілді.

Бау-бақшадағ орманда Құстар әні төгілді

(«Көктем өрнегі»)

    • оқушы:Тауларға да, далаға

Келді нөрлы жаз жайран, Ауылда да қалада

Үлкен – кіші мәз – мейрам,. Орман көлге, жайлауға

Шақырады жаз жайран, Шаршамайды шарлауға Барлық бала мәз-мейрам

(«Жайраң жаз»)

    • оқушы:Аппақ көше, бар дала,

Аппақ ой мен өыраттар. Ақ шатырлы қар қала, Ақ жамылып тұр бақтар. Шаңғы, шана сайла, Колнькиәңді байла, Думандатып ойна,

Қыс қызығын тойла

(«Қыс қызығы»)

Көк жиекке шашылды. Алып доға, шұғыла – Кемпірқосақ асылды. Қыр гүліндей қызыл түс,

Қоңыр-қызғылт лағыл түс. Алтын сары асыл түс, Жапырақтай жасыл түс.

Көл түсі бар – көгілдір, Аспан түсі – көк мөлдір, Бозғылт тартқан күлгін түс. Осы жеті, білгін түс,

Сәнді сұлба салады, Көздің жауын алады!

(«Жеті түс»)

3 бет: Ермек Өтетілеуовтың өлеңдері

Кітапханашы: Ермек атаның сендерге арнап жазған өлеңдері қызық және өте әсерлі. Отанымыздың көркі мен байлығын, қарапайым тілмен жырлайды.

Слайд(1-2)

1 оқушы:Отан деген - атамекен Отан деген – туған жер Отан – ана

Отан – үлкен Қазақстан – туған ел!

(«Отан»)

2 оқушы:Алтай,

Арқа, Атырау,

Жетісудай өңірді. Жайлап жатқан осынау Қазақ елі көнілді

(«Қазақ елі»)

Астан басқа өзгені

Елемейміз, білмейміз

3 оқушы: Жанат жегіш болғанмен,

Ережені сақтайды:

Қолға жеміс толғанмен; Жумай, бірін татпайды

Кітапханашы: Отбасын қадір тұтып сыйлауға арналған ақынның өлеңдерін тындайық :

Слайд (1-2)

1 оқушы: Атамнан басталар,

 әжемнен қосталар Отбасым мыналар: Ең жақын адамдар – Әкем мен анам бар, Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар...

Бәрін жаұсы көремін, Еркелеймін, еремін!

  • оқушы: Жаз келісімен, күн қызып,

Машинасын жүргізіп, Барлық көрші баланы Маған қоса мінгізіп, Аралайтын даланы, Қыдыртатын қаланы – Әкем мені қандай-ды»

  • оқушы: Кішкентайы – мен үшін

Тағат, байыз таппайтын, Не жемесін, не ішсін,

Менсіз тағам татпайтын. Шомылдырып кешкісін,

Мен жатпасам жатпайтын – Анам менің қандай – ды!

Кітапханашы: Балалар кейде біз көшеде жүру тәртібін бұзып, өкінішті жағдайларға тап боламыз. Сендер өздеріне ғана қауіп келтіріп қоймайсындар, сонымен бірге басқаларға да кедергі келтіресіндер. Көшені кесіп өтер әрбір тұста светофор –

бағдаршам тұр. Енді сонымен танысайық:

Слайд (1-2)

1 оқушы: Машинаның бәрі

Жаяуларда әрі:

Жасы, мейлі, кәрі -

Қызыл , жасыл, сары – Үш көзі бар шамды – Жанып, сөніп тұрар Бағдаршамды аңдып Бұйрығын тез ұғар

2 оқушы: Сақта көше тәртібін,

Светофордың ал тілін. Біліп алдым мен де:

Жасыл жанса, Демде

Алға кетем ілезде. Сары жанса сабыр Сақтай тұрам әзір. Жанса қызыл шоқтай, Қаламын кілт тоқтай

Кітапханашы: Міне, балалар біз Ермек атаның «Әдептілік - әдемілік» атты кітабының кейбір беттеріне тоқтала кеттік, әлі де біз оқымаған өлеңдері көп - үйде, қонақта, мектепте өздерінді

қалай ұстаудың, тазалық сақтаудың қажеттілігін түсіндіретін.

 Осы арада сергіту сәтін пайдаланып, біз ақын Ермек Өтетілеуұлының жеті ұғымына арналған “Жеті, жеті” өлеңдер топтамасынан үзінді тыңдайық.

  • оқушы: Бір жасымда қаздаң бастым, “Тұсау” деген таудан астым. Екі жаста еркін сөйлеп,

Еркеледім менмін деп. Үш жасымда үлкендердің, Сөзін ұғып, соңына ердім.

Төрт жасымда талаптанып, Тақпақ айттым, жаттап алып.

 Бес жасымда “Сүндеттелдім”-

“Мұсылмандық міндет”, - дедім. Алты жаста атқа міндім,

Шауып желіп, тоқтай білдім. Жеті жаста мектеп бардым, Ұқтым білім, еңбек барын.

(«Жеті жас»)

  • оқушы: Дүйсенбіден – алғаш күні аптаның, Сейсенбіге дейін тақпақ жаттадым. Сәрсінбіде сурет салдым, боядым, Бейсенбіде екі «бестік»баға алдым. Жғма күні жаңа кңтап оөыдым, Сенбі күні талдан себет тоқыдым, Жексенбіде біраз ойнап, дем алдым.

(«Жеті күн»)

  • оқушы: Жаңбыр жауып басылды, Күн де шықты жарқырап. Аспан шайдай ашылды, Құлпырды бар атырап.

Түрлі түстер құбыла,



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
Пікір жазу