Қожанасыр хикаялары
Қожанасыр
хикаялары
Балалар әдебиеті Алматы
2013
УДК 821.512.122-93
ББК 84 Қаз 7-4
Қ 56
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды
Р е д а к ц и я а л қ а с ы:
Мұзафар Әлімбаев, Сұлтан Қалиұлы, Сейфолла Оспан, Болат Үсенбаев
Қожанасыр хикаялары. —
Қ 56 Алматы: «Балалар әдебиеті», 2013.—160 б.
ISBN 978-601-252-067-5
Бұл жинақта елге әйгілі Қожанасыр туралы әңгімеленеді.Кейіп- кердің әрекеттерінде ойлы астар бар. Жұртты күлдіре отырып, ойға же- телейді.Әр әзілі юморға толы,танымды, күлкілі істері оқырман қауымды бейжай қалдырмайды.Тілі тартымды, оқиғасы қызық бұл кітап жас оқыр- ман ойынан шығатынына сенімдіміз.Жинақтың безендірілуі де өте тар- тымды.
УДК 821.512.122-93
ББК 84 Қаз 7-4
ISBN 978-601-252-067-5
© «Балалар әдебиеті», 2013
Бір күні Қожанасыр бір баймен жанжал- дасып, ханның алдына жүгініске бармақшы болады. Бай сыйлық беріп, хан байдың сөзін сөйлейтінін сезген Қожа, хан алдына қойны- на бір үлкен тас салып барады. Хан екі жағы- ның да арызын тыңдап болып, енді үкім ай- туға кірісерде, Қожа қақырынып қояды. Хан
5
бұрылып, Қожаның бетіне жалт қарайды.
Сонда Қожа ханға жұдырығымен қойнын көрсетеді. Ханның көзі Қожанасырдың қой- нына түседі, өйткені Қожанасырдың қойны бі- раз қомақты болып, томпайып тұр екен.
Хан Қожанасырдың қойнында көп алтын бар екен деп дәмеленеді. «Менің сөзімді сөйлесең, осы алтынды саған берем», - деп тұр екен деп,
6
ойлайды ол. Сондықтан хан сөзді салмақтай келіп, Қожанасырдың арызын дұрыстайды.
Үкімге риза болмаған бай ашуланып кетіп қалады. Бай кеткен соң, хан күлімдеп, Қожа- насырды жанына шақырып алып:
- Ал Қожеке, маған ризасың ғой. Байды саған жығып бердім. Енді қойныңдағы алты- ныңды бер! - дейді.
- Тақсыр, мен сізге алтын көрсеткенім жоқ қой. Менің қойнымдағы алтын емес, тас еді, - деп, Қожа қойныңдағы тасты алдына тастай береді.
- Сен маған билік айтарда, көзіңді қысып, койыныңды көрсеттің, ол не дегенің еді? - деп, сұрайды хан.
- Уа, тақсыр! Менің қойнымды көрсеткенім:
«Хан әділ билік айт, әйтпесе мына таспен ұрып жығам!» дегенім еді, - дейді Қожа.
7
Қожанасырдың тойға баруы
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті.
8
Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, та- мақ іш», - демепті.
Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді.
Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтей- ді, төрден орын береді, ет келгенде:
- Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошемет- тейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же! - деп, отыра береді. Үй иесі:
- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жей- тін бе еді? - дейді.
Сонда Қожа:
- Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма же- гізіп отырғаным, - деп, жауап береді.
9
Қожанасырдың өкпесі
Қожанасыр үйленіп, неке қидыратын күні ауыл адамдарын шақырып, алдына ас қояды. Қожа кісілер риза болсын деп, өзі аштығын білдірмейді. «Қалған асты жермін», - деп оты- ра береді. Бірақ ас аз болғандықтан келген меймандар палауды қалдырмай жеп қояды. Оны көрген Қожанасыр шыдай алмай, далаға шығып кетеді. Әлден уақытта жеңгелері қыз- ды шымылдыққа алып келсе, күйеу жоқ. Қо- жаны іздеп тауып алып: «Қалындығыңның қа- сына бармайсың ба?» - дейді жеңгелері.
– Қыздың қасына күрішті жеп, құлқыны тойғандар барсын, - дейді Қожанасыр.
10
11
«Өлген» қазан
Бір күні Қожанасырдың үйіне қонақ келіп қалады. Қожанасырдың үйінде кішкене ғана қазан бар екен. Бұл кішкене қазанға пісірген ас қонақтарына жетпейтін болады. Сондықтан Қожа көршілес отырған байдың үлкен қаза- нын сұрайды.
Бай қазанын бергісі келмей, қипақтайды. Қожа өлердегі сөзін айтып, қазанды зорға сұрап алады. Тамақтарын ішіп, қонағын жө- нелтіп болған соң, Қожа байдың қазанын алып барады.
12
Бай тұрып:
- Уа, Қожа, қазанымды сындырған жоқпы- сың? - деп, сұрайды.
- Жоқ, тақсыр, қазаныңыз сынған жоқ, қай- та балалады! - дейді Қожа.
- Не айтып тұрсың? Қазан балалай ма екен?
- дейді бай.
- Сенбесеңіз, келіп көріңіз! Міне,қазаныңы- здың баласы, - деп, Қожа байдың қазанының ішінен бір кішкене қазанды алып көрсетеді.
Бұл Қожанасырдың: «Бай не айтар екен?» -
13
деп, әдейі әкелген өз қазаны еді. Бірақ: «Кіш- кене қазанымды өзіме қайтарып берер», - деп ойлаған еді, ол. Қолына түскен олжадан бай те- гін айырылар ма!
– Уа, Қожа, рақмет, сау бол! Керек болса, қазанды тағы да алып тұруыңа болады, - дейді бай көңілденіп.
Бір қазаны екеу болған соң, көңілденбей қайтсін!
14
Қожа қазансыз қалады. Бірақ амал не? Әкел- ген өзі. Қазанын тастайды да, Қожа үйіне қай- тады. «Бұл бай итке бір нәрсе істейін!» - деп ой- лайды, Қожа үйден шығып бара жатып.
Біраз уақыт өткен соң Қожа әлгі байдың қа- занын тағы да сұрай келеді.
15
16
- Алыңыз, алыңыз, Қожеке! - дейді, қазаны қазан тауып, дәндеп қалған бай. «Бұл жолы да Қожа қазанымның ішіне бір нәрсе салып әке- лер», - деп ойлайды араны ашылған бай.
Қожа байдың қазанын қайтармай қояды. Бір күн өтеді, екі күн өтеді, үшінші күні бай қаза- нын өзі іздеп келеді.
- Уа, Қожа, қазаным қайда? - дейді бай, есік- тен кірген бойда.
- Байеке, айыпқа бұйыра көрмеңіз! Қаза- ныңыз екі күн ауырып, бүгін өлді. Қазір өзім барып сізге естіртіп, көңіл айтқалы отыр едім,
- дейді Қожа қынжылып.
Бай ашуланып, бұлқан-талқан болады.
- Ақымақ! Не айтып отырсың? Қазан өле ме екен? Тез тауып бер! - деп, ақырады.
17
– Байеке, сөкпеңіз! Туа білген қазан өле біледі. Мен ақымақ емес, сен өзің ақымақсың!
- дейді.
Бай сөзден жығылып, үйіне қайтып кетіпті.
18
Қожанасырдың май сатып алуы
Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарға барады. Әйелі оған бір кесе беріп:
- Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, - деп тапсырады. Қожа май сатушыға келеді. Қо- жекең майды ыдысының шамасынан көбірек алады. Ол майды кесесіне құйғызады. Бірақ май кесеге сыймай, асып кетеді.
19
Сол жерде сатушы:
-Май кесеңе сыймайды. Қалғанын қайда құямыз? - дейді.
Қожа жалма-жан кесесін төңкеріп жіберіп:
-Қалғанын мына жағына құй! - деп, кесесінің түбіне құйғызып, Қожекең сол бойында кесені ұстап үйіне келеді.
Алдынан әйелі шығып:
- - Майды мұнша неге
аз алдың? - деп сұрағанда, Қожа:
- - Жалғыз бұл емес,
мына жағында да бар,
- деп, кесені тағы да төңкеріп қалады. Сонымен, кесенің түбіндегі аз ғана май да төгіліп қалыпты.
Еріккен хан
Еріккен хан бір күні халықты жинап ап:
«Кімде-кім жалтыр мұздың
үстінде екі көрпемен түні бойы үсімей шықса, соған өмір бойы жетерлік
алтын беремін.
Ал бір жерін үсік шалса, ол өлім жазасына бұйырылады»,- деп жариялайды.
Бұл хабарға көп адам еліктеп, ханның айтқа- нын істейді.
Бірақ бірінің аяғын, екіншісінің қолын үсік шалып, ауруға ұшырайды.
22
Оның үстіне ханның жазасы да соққы болып тиеді.
Ханның аулына бір күні Қожанасыр келеді.
Ол ханның талабын орындамақ болады.
23
Хан берген екі көрпені мұз үстіне төсеп, үсті- не киім жамылмай жатады. Сөйтіп, сар аяз- дың өзінде жамбасынан сыз өтпеген Қожана- сыр үсіктен аман қалады. Хан оның жағдайын сұрай келіп, еш сылтау таппаған соң:
- Мүмкін, сен түнде алыстан от көрген шығарсың? - деп сұрайды. Сонда Қожанасыр
24
көз ұшынан бір оттың жылтырағанын айтады. Іштей ыза болып тұрған хан: «Сен сол оттан жылу алып, аман қалған екенсің?» - деп, Қо- жаға жөнсіз тиіседі.
Қожанасыр өзінің ол оттан ешқандай жылу алмағандығын дәлелдеуге тырысады. Бірақ хан көнбейді.
25
Ақыры Қожанасыр ханды үйіне қонаққа шақырады. Ұзын мосыға шәугімді іліп, асты- на жылтыратып от жағады. Шәугім биік, от әлсіз, шай қайнамайды.
Сонда іші пысқан хан:
- Ей, Қожанасыр, мынауың сенің не дал- баса, аспанда тұрған шәугімге жылтыраған от- тың жылуы жете ме? - депті.
- Ханеке, көз ұшында жылтыраған оттың мұз үстінде жатқан адамға жылуы келгенде, мосы басында тұрган шәугімге астында жыл- тыраған оттың жылуы неге бармасын. Бүгін болмаса, ертең шай қайнар, - депті.
Сөйтіп, сөзден жеңілген хан қатты ұялып, үйіне қайтады.
26
27
Есегіме ұқсайды екенсіз
Бір күні Қожанасыр жолаушылап жүріп, сол маңды билеп тұрған ханмен кездесе қалыпты. Хан отырып:
- Менің Алмашұбар деген атым бар, шапқан- да көз ілеспейді, - деп мақтанады.
- Менің асыл текті есегім бар. Ақырса даусы айшылық жерге жетеді, - дейді Қожанасыр.
- Мен ақырғанымда қызметші нөкерлерім:
28
«Құдіретті ханымыздың дауысы арыстанның ақырғанынан да күшті», - деуші еді, сенің есе- гің менен де қатты ақыра ма? - дейді хан.
- Тақсыр, сіздің ақырғаныңызды естіген жоқ едім. Айқайлаңызшы, көрейін, - дейді Қо- жанасыр.
Хан тамағын қырнап-қырнап алып, айқай- лап қоя беріпті. Сонда Қожанасыр:
- Тақсыр, шынында да, өзіңіз менің есегім- дей екенсіз,- дейді.
29
Құдаймен төбелес
Жаңбырдан құлайын деп тұрған үйінің ал- дында Қожанасыр құдайдан дәулет сұрап отыр екен. Үлкен бір кесек құлап түсіп, басы жа- рылып қалыпты.
Қожанасыр басынан аққан қанды алақа- нымен сүртіп, аспанға екі қолын жайыпты да:
- Е, құдай, мен сенен дәулет сұраған жоқ па едім, бас жаруды өзім де білемін ғой! - депті.
30
Тесік тиын
Қожанасырдың төбесі таз екен. Бір күні ол шашын алдырып болып, ақысына тесік тиын ұстата салыпты. Шаштараз бажылдап:
- Тесік тиынды кім алады? Бүтінін бер! - депті.
- Бүтін тиынды төбеме шаш шыққанда алар- сың, - деп Қожекең жүре беріпті.
31
Арман
Қожанасыр шомылып жатып, дарияға ау са- лып жүрген балықшыларды көреді. Ол сүңгіп барып, ауға түсіпті.
32
- Ауға үлкен балық түскен сияқты, сілкінуі зор, - деп, балықшылар ауды тартып қараса, Қожанасыр ыржиып шыға келіпті.
- Қожеке, бізді мұншама масқара етіп, ауда неғылып жүрсіз? - десе, Қожанасыр:
- Суда балықша жүзу ежелгі арманым еді, обалыма қалдыңдар, - деп, балықшылардың өздеріне байбалам салыпты.
33
Қожанасыр аттан құлағанда
Бір күні Қожанасырдың аттан жығылып жатқанын көріп, балалар сықылықтап күледі.
34
Сонда Қожанасыр үсті-басын қағып жатып:
- Несіне күлесіңдер? Мен өзім де түсейін деп жатыр едім, - депті.
35
Кім үлкен?
- Қожекең, ағаңыздың жасы үлкен бе, сіздің жасыңыз үлкен бе? - деп сұраған біреуге Қожа- насыр аз ойланып тұрып:
- Өткен жылы әкем: «Ағаң сенен бір жас үлкен», - деген еді, енді биыл құрдас болатын шығармыз, - депті.
36
Күлкі мен көз жасы
Бағдарлама тауып алған бірнеше адам оның не екенін біле алмай, Қожанасырға алып ке- леді. Қожекең әуелі сықылықтап күледі де, со- нан соң отырып алып жылайды.
Себебін сұрағандарға ол:
37
- Мұның не екенін бірнеше адамның біл- мегеніне күліп едім. Сөйтсем өзім де білмейді екенмін, соған жылап отырмын, - депті.
38
Балгер мен қасапшы туралы
Бір күні жұрт Қожанасырдан:
- Балгер мен қасапшының арасында қандай айырмашылық бар? - деп сұрапты. Сонда Қо- жанасыр:
- Қасапшы алдымен бауыздап, терісін со- дан кейін ірейді, балгер алдымен теріңді іреп, соңынан бауыздайды, - депті.
39
Қожанасырдың ораза ұстағаны
Қожанасыр бұрын ораза ұстамаған кісі екен.
«Пайғамбар жасына келіп қалдың, енді ораза мезгілі жетті», - деп, әйелі мазалай берген соң, Қожанасыр келісіп, ораза ұстапты.
Бірақ қарны ашқан соң, Қожа күннің көзінің
40
ауыл сыртындағы тауға жетіп жасырынуын шыдамсыздана күтетін болыпты. Шыдамы кеткен Қожекең бір күні «ақыл таптым» деп, үйін жығып есегіне арта бастапты. Әйелі аң- таң болып: «Бұның не?» - деп Қожакеңнің бір- демені бүлдіретінін сезіп, безек қағады. Қожа- насыр: «Үндеме, ақыл таптым, ораза біткенше күннің қысқа жеріне барып отырамыз», - деп, таудың нақ шығыс жағындағы бір шұңқырға апарып үйін тігіпті. Бұл жерден күннің көзі түс ауса-ақ тауға жасырынып, қара көлеңке тар- тып кетеді екен. Қожекең күннің қара көлеңке болуын аңдып тұрады да, күннің көзі таудан асысымен: «Қатын, күн батты, ас әкел!» - деп, аузын аша беретін болыпты.
41
Ақ көйлек
Қожанасыр бір күні түнде далаға шық- са, есіктің алдында ағарып тұрған бір затты көреді. Жалма-жан үйіне жүгіріп кіріп, мыл- тығын алып шығып, әлгі ағарғанды атып тастай- ды да: «Не де болса ертең көрермін», - деп үйіне кіріп жатып қалады. Ертеңінде тұрып түндегі атқан нәрсесін қараса, ол өзінің жуып, жайып қойған көйлегі екен, мылтықтың оғы шұрық- тесік қып кетіпті. Қожа көйлегін әрі-бері ай- налдырып көріп тұрып: «Қатын, қатын, апы- рай, көйлегімнің ішінде өзімнің болмағаныма шүкір, егерде өзім болсам не болар едім?» - депті.
42
«Айды аспанға бір шығардым»
Қожанасыр бір күні әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып, түнде құдыққа барады. Құдыққа қауға салып тартса,су шықпайды.
«Бұған не болды?» - деп, Қожанасыр үңіліп қа- раса, құдықтың түбінен ай көрінеді. «Ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой», - деп, Қожа жұлып тартып қалғанда, қауғасы шығып кетеді, өзі шалқасынан түседі. Жерге басын соғып, есең- гіреп қалған Қожанасыр әлден уақытта көзін ашса, ай аспанда тұр. Сонда Қожекең қуанып:
- Не болса, о болсын, айды аспанға бір шығар- дым- ау! - депті.
43
44
Намазда
Қожанасыр бір күні үстіне бір жас баланың шапанын жамыла салып, көпшілікпен бірге намазға тұрыпты. Енді елмен бірге еңкейе бер- генде, шолақ етектен жалаңаш етін көріп қа- лып, артындағы тұрған біреу Қожанасырды түртіп қалыпты. Қожанасыр имамның артын- да тұр екен, о да имамды түртіп қалыпты. Имам ыршып түсіп:«Қожа, не болды?»-депті. Сон- да Қожа: «Не болғанын артымдағы кісіден сұраңыз!» - депті.
45
Құдайберген
Бір күні көше бойлап келе жатқан Қожана- сырдың алдынан үш-төрт кісі шыға келіп:
- Әй, осы сенің атың кім? - деп ортаға ала ке- теді. Оған Қожекең саспастан:
- Құдай, - деп жауап береді.
Мына сөзді естісімен жаңағы кісілер сол ел- дің ханына Қожанасырды алып келеді. Сәлем- дескеннен кейін:
- Тақсыр, хан, мына бір күнаһар пендеңіз атың кім десе, «Құдай» деп жаратушы Алланы келемеж етіп жүр екен, соның жазасын өзіңіз берсін деп, алдыңызға әкеліп отырмыз, - дейді әлгілер.
46
Бұрын да талай рет алдына келіп, шық жуытпай кеткен Қожанасырды «енді тұзағы- ма түстің бе» дегендей қаһарлы хан, қалың қа- бағынан қар жауғандай сәл тұнжырап отыра- ды да, көзімен атып жіберердей Қожанасырға тесіле қарап:
- Ал сөйлеші, атың кім сенің? - деп асасын кезеп, мелшие қалды. Қожекең саспастан ханға қарап:
- Уа, ұлы мәртебелі, тақсыр хан, менің атым Құдайберген еді. Бірақ мына басбұзарлар
«Құдайын» айтқызып, «бергенін» айтуға мұр- шамды келтірмей бөріше бас салып, өзіңізге әкеліп отыр, - деп жауап беріпті.
47
Қожанасырдың өгізді ұруы
Бір күні Қожанасырдың бұзауы жамырап кетіпті. Артынан қуып ұстай алмай Қожа қай- тып келіп, үйдің көлеңкесінде жатқан өгізін ұра бастайды.
- Қожеке, мұныңыз қалай? - деген кісіге:
- Үлкен өгіз үйретпегенсін, кішкене бұзау кімнің тілін алсын! - депті сонда Қожанасыр.
48
Қожанасырдың бәйіті
Бір күні түн ішінде Қожа ұйықтап жатқан әйелін оятып:
- Көңіліме шабытпен екі бәйіт (өлең) келді,
- дейді. Әйелі көңілін қимай төсектен түсіп, шам жағып береді. Сонда қолына қағаз, қалам алып:
Ақ қағаз, қара сия,
Көк жапырақ, қызыл алма, -деп жазыпты да, қайта жатыпты.
49
Қожанасырдың күн санауы
Қожанасыр ораза айында: Жұртпен бірге ораза тұтып не керек, кейін, өзім жеке ұстай- ын», - деп ойлайды. Бірақ күннің есебінен жаңылып қалмау үшін, шөлмекке күнде бір тастан салып жүреді. Әкесінің күн сайын тас салып жүргенін көріп, шөлмекке бір күні қызы қос уыс ұсақ тас әкеп салады.
50
Бір күні жұрт Қожадан бүгін айдың нешесі болды деп сұраса, Қожа: «Тұра тұр, қазір біліп келейін», - деп, тысқа шығып кетеді. Үйіне келіп шөлмектегі тасты санаса, тас бір жүз қы- рық бес болады. «Тастың бұлай көбейіп кетуі бір хикмет екен, бірақ мұның бәрін айтсам, жұрт мені «ақымақ екен» деп күлер.
51
Сондықтан жүзін алып тастап, тасты азай- тыңқырап айтайын», - деп ойлайды. Сөйтіп қайтып келіп жұртқа:
- Бүгін айдың қырық бесі екен, - дейді. Жұрт аң-таң болып:
- Қожеке, айда отыз күн болмаушы ма еді?
- дейді. Сонда Қожанасыр жұртқа тас салған шөлмегін көрсетіп, ашуланып:
– Найсаптар, қайта мен нысаппен айтып тұр- мын, егер шөлмектегі тастың бәрін есепке ал- саң, бүгін айдың бір жүз қырық бесі, - деп жа- уап беріпті.
52
Қожанасыр мен бақша иесі
Қожанасыр бір бақшаға кіріп, бақша- дағы жемістерді жұлып, қабына салып алып жатқанда, бақша иесі үстінен шығып қалып:
- Әй, сен, мұнда неғып жүрсің? - дейді. Қо- жанасыр саспастан:
- Жаңа бір қатты құйын тұрып, осында ұшы- рып әкеп тастағаны. Өзімнің де басым әңкі- тәңкі болып тұр, ағайын, тым қатты айқайла- машы! - дейді.
- Ал сені мұнда жел көтеріп әкеп тастасын, мына жемістерді кім жұлып тастады? - дейді бақша иесі.
53
- Мен құйын домалатып жүргенде, қарма- нып қолыма түскенінен ұстап едім. Мүмкін сонда жұлынып кеткен болар, - дейді Қожа.
- О да солай болсын, ал мына қапқа жемісті толтырған да жел ме? - дейді бақша иесі.
- Апырмай, осыған мен таңғалып тұр едім, сен де дұрыс аңғардың-ау! Бірақ осында мені көтеріп әкеп тастаған құйынға бір қап жеміс бұйым ба? Сірә, жел көтеріп әкелген маңай- дағы бір пақырдың еңбектеп жинаған қауыны мен қабы болар, мен арқалап ала кетермін! - дейді Қожа.
54
Қожанасыр мен мырза
Қожанасыр жарлы адам болған екен. Бір күні жаяу кіре тасып, кәсіп қылып, тамақ асырамақ болады. Базарға келіп жаяу келушілердің жа- нында тұрса, бір мырза келіп, дүкеннен жаңа сатып алынған бір сандық кесе, шыны аяқ, тас-табақ сияқты ас ішетін ыдыстарды үйіне жеткізіп беруді сұрайды.
- Үйіңізге алып бару ақысына не бересіз? - дейді Қожанасыр.
- Алып бару ақыңа мен саған үш ауыз бек мағыналы, қасиетті сөз үйретемін, - дейді мы- рза.
«Ақша басқалардан да табылады ғой! Мұның бек қасиетті, зор мағыналы сөзін естіп қалай- ын», - деген оймен Қожанасыр: «Жарайды»,
- дейді. Қожа ауыр сандықты көтеріп, иесіне еріп келе жатып, біраз жер жүрген соң: «Қане,
55
мырза, қасиетті, мағыналы сөзіңізді айтсаңыз екен», - дейді Қожанасыр. Жалдаушы айтады:
- Бірінші сөз мынау: - Егерде біреу аштық тоқтықтан жақсы десе, еш уақытта нанбағай- сың! Жақсы, бұл бек мағыналы сөз екен, - дей- ді Қожанасыр.
Тағы біраз жүрген соң:
- Енді екінші сөз мынау: - Атқа мінгеннен жаяу жүру жанға тыныш десе, еш уақытта нанбағайсың, - дейді мырза.
- Бұ да зор мағыналы сөз екен, - дейді Қожа- насыр. Үйдің жанына келіп, қақпаға кірердің алдында тұрып:
- Мырза, енді үшінші сөзіңді айтсаң екен, - дейді Қожанасыр.
56
- Үшінші сөзім:- Егерде жаяу кірешінің се- нен ақылсызы бар деуші болса, оған да нан- бағайсың! - дейді мырза.
Сонда Қожанасыр төбесіндегі сандықты жер- ге тастап жіберіп:
- Егерде біреу бұ сандықтың ішінде сынбай қалған нәрсе бар десе, сен де еш уақытта нан- бағайсың! - деп, қайтып жүре берген екен.
57
Жұлдыз қалай жасалды
Қожанасырдан біреу:
- Қожеке, осы жаңа ай туғанда, ескі айды неғылады? - деп сұрайды.
Қожанасыр сонда:
- Жаңа ай туғанда, ескі айды майдалап жұл- дыз қылады да, шырағым, - депті.
58
59
60
Оған саспай ақ қой
Қарызға белшесінен батқан бір кісі Қожаға айтыпты:
- Мойнымдағы қарыздарды үзгенше әзіре- йіл жанымды алып қоймаса жарар еді.
Қожекең оған көңілін көтеріп:
- Сенің қарызың үзіліп біткенше, әзірейіл қартайып, жанынды алуға да күші жетпейтін болар, оған саспай– ақ қой, - депті.
61
62
Егерде үрдің қызын сүймекші болсақ...
Бір жолы имам намаз оқушыларға жаннат- тағы үрлердің сұлулығын мақтай бастапты.
- Жаннаттың үрлері адам тілімен айтқысыз сұлу, егер нұры жерге түссе, жерді жарық етіп жіберер еді, - дейді имам. Қожанасыр көзін жұмып отырып сұрақ қояды:
- Үрдің бойы да ұзын шығар?
- Әлбетте, - дейді имам.
- Ол дүниеде де қиыншылықтан шықпайды екенбіз, - дейді Қожа.
- О, неге? - дейді имам.
- Егерде үрді сүймекші болсақ, табанда са- тыны қайдан табамыз? - дейді Қожа.
63
Қожанасырдың қой сойып алуы
Қожекең көшеде адасып жүрген бір қойды үйіне әкеп сойып алады және оны сыр қып бір жолдасына айтады.
64
Жолдасы Қожекеңе «кияметке барғанда не деп жауап бересіз?» - дейді.
- Танамын, мен жегенім жоқ,- деймін.
- Жоқ, тана алмайсыз, қойдың өзі келіп куә болады ғой!
- Қойдың өзі келсе тіпті жақсы болар еді, ұстап алып иесіне берер едім, - депті Қожана- сыр.
65
Тоғыз теңге болса да берші!
Қожекең бір күні түс көреді. Түсінде тәжі қоразы бар екен дейді. Алдына бір кісі келіп:
–Қожа, қоразыңызды сатасыз ба? - деп сұрай- ды.
- Ақшаны көп берсең сатамын, - дейді.
- Кане, қаншаға бересіз? - дейді кісі.
- Он екі теңге бер.
- Жеті теңге берейін.
- Жоқ.
- Болмаса сегіз теңге берейін.
Осылай таласып, нарық тоғыз теңгеге шыққанда, Қожанасыр оянып кетіпті. Оянса қоразы да, алушы да, ақша да жоқ. Қожекең дереу көзін жұмып:
«Тоғыз теңге болса да берші!» - деп қолын созады.
66
67
«Есек үйде емес»
Қожадан бір кісі есегін сұрап келеді. Қоже- кең: «Есегім үйде емес», - деп жауап береді. Сол уақытта есек қорадан ақырып жібереді. Есек сұрап келген кісі Қожаның алдағанына ренжіп:
68
- Қожеке, аппақ сақалыңызбен өтірік айту сізге лайық емес қой, - дейді.
Сонда Қожа есегінің мезгілсіз ақырғанына ашуланып, әрі әлгі адамға былай дейді:
- Е, ақымақ, аппақ сақалыммен айтып тұрған менің сөзіме сенбей, ақылсыз есектің сөзіне еліккенің не? Бар, есек үйде емес, үйде болғанымен күйде емес, - деп шығарып жі- беріпті.
69
«Ол сөзіңді анау итке айт»
Қожа бір күні қасаптан үйіне ет алып келе жатса, бір ит қолындағы етін ала қашады. Қожа не қыларын білмей аң-таң болып алақтап тұр- са, бір ет алып келе жатқан кісіні көреді. Әлгі адам қасына келе бергенде Қожанасыр да оның етін ала қашады. Әлгі кісі артынан айқайлап:
«Қожеке, ойнамаңыз, етті тастап кетіңіз», - дейді. Сонда Қожа кейін қарап: «Ол сөзіңді анау итке айт, маған ет алып қашуды үйреткен сол», - депті.
70
Менің шапаным үшін келген шу екен
Бір күні түнде Қожаның құлағына дау- рыққан айқай- шу естіледі. Қожа әйелін оя- тып: «Ой, қатын, тұр, шырақты жақ, көшеде не шу болып жатқанын біліп келейін», - дейді. Шырт ұйқыда жатқан әйелі тұруға ерініп:
- «Тыныш жата берсеңізші, көшедегі шуда не жұмысыңыз бар?» - деп жата береді. Қо- жанасыр орнынан тұрып, шапанын жадағай иығына жамыла салып, көшеге шығады. Кө- шеге шыққан замат өзі қашып келе жатқан
71
ұрылардың біреуі Қожаның иығындағы ша- панын ала қашады. Қожекең дереу үйіне қай- тып кіріп, есігін жаба қояды. Ояу жатқан әйелі көрпеден басын шығарып:
- Не үшін шыққан шу екен? - дейді.
- Менің шапаным үшін келген шу екен. Шыққан заматта шапанды алып тына қалға- нын байқамайсың ба? - дейді Қожа.
72
Біткені жақсы болған екен
Қожекең қарны ашып келіп:
- Қатын, біраз ашыған айран мен нан алып келші! Ашымал адамның тәбетін шақырып, тамақты көп жегізуші еді, - дейді әйеліне.
- Ашыған айран кеше біткен, қалған жоқ, - дейді әйелі.
- Біткені жақсы болған екен, ашыған айран тіске, асқазанға зиянды болушы еді, - депті Қо- жекең.
- Бұл сөздердің қайсысына сенуге болады? - депті әйелі сонда.
- Ашыған айран болса алдыңғысына, болма- са соңғысына сеніңіз, - депті Қожанасыр.
73
Сізге сенемін, бірақ...
Қожанасырдан бір кісі қарыз ақша сұрайды.
Қожекең:
- Ақшам жоқ емес, бірақ бермеймін, - дейді.
- Неге бермейсіз? Әлде маған сенбейсіз бе? - дейді әлгі кісі.
- Сізге сенемін, бірақ сізден өндіріп алуыма сенбеймін, - дейді Қожанасыр.
74
«Неше жасымда үйленгенім есімде жоқ»
Үйленгелі жүрген бір жас жігіт Қожанасыр- дан:
- Қожеке, сіз неше жаста үйленген едіңіз? - деп сұрайды.
- Неше жаста үйленгенім есімде жоқ, бірақ үйленген уақытта ақымақ екенім есімде, - де- ген екен Қожекең.
75
Қазір досымның есебі жоқ
Қожекең қазы болып тұрған кезде:
- Қожеке, сіздің қанша досыңыз бар? - деп сұрайды біреу.
- Қазылықтан түскен соң айтпасам, қазір до- сымның есебі жоқ, - дейді Қожекең.
76
Бір пұт мақта ауыр ма, темір ауыр ма?
Қожанасыр бір күні шәкіртінен:
- Бір пұт мақта ауыр ма, немесе темір ауыр ма? - деп сұрапты. Шәкірті ұстазының мұндай сұрауына ойланып:
- Әрине, екеуінің салмағы бір болса керек,
- депті.
- Балам, сенің жауабың да дұрысқа ұқсай- ды, бірақ бұл туралы әйелімнен сұрағанымда, ол «темір ауыр» деп мені жеңген еді, - депті Қо- жекең.
77
Көлмін деп көпіре бересің
Қожанасыр шөлдеп келе жатып бір көлге кездеседі. Еңкейіп ұрттап көрсе, суы удай ащы екен. Қожекең ашуланып:
78
- Құдай атқан, көлмін деп құр көпіре бересің, суыңда құдық суы құрлы дәм жоқ. Су деген, міне мынадай болмай ма, дәмін татып көрші! - деп жан торсығындағы үнемдеген суын көлдің бетіне шашып жіберіп, жөніне жүріп кетіпті.
79
Тамақтан өлсе
- Балаңыз тойда тамақты көп жеп, күпті бо- лып өліпті, - депті біреу Қожаға.
- Егер менің балам бола тұрып, тамақтан өлсе, жаназасына бармаспын, шіркіннің, - депті Қожа.
80
Қожанасыр мен оқытушы
Қожанасыр мектепте оқып жүрген кезінде оқытушысы:
- Қожанасыр, тәулік неше сағат? - деп сұрап- ты.
- Бүгін тәулік жиырма бес сағат болса керек,
- депті Қожа.
- Жиырма төрт сағат емес пе? - деп жекіріпті оқытушы сонда.
- Кеше «күн енді бір сағат ұзарды?» - де- геніңіз қайда, тақсыр! - депті оған Қожа.
81
Бетпе-бет келген өзінен көрсін
Қожанасырды көшеде келе жатқанда бір ит қауып алады. Қожекең қолындағы балтамен басына салып қалса, ит өліп қалады.
Иттің иесі жанжалдасып, Қожаны қазыға алып барады.
– Балтаңыздың сабымен ұрсаңыз да болмас па еді? - дейді қазы.
- Ит мені аузымен қапты. Сондықтан мен де оған балтаның жүзін жұмсадым. Егер ит мені аяғымен тепкенде, мен де оны балтаның сабымен ұрар едім.
Бетпе-бет келген өзінен көрсін, қазеке! - депті Қожа.
82
83
Ағамның көңілін аулап...
Қожанасыр бір күні сабаққа келмей қалады. Ертеңіне оқытушысы Қожекеңді сұраққа ала- ды.
- Кеше мектепке неге келмедің?
- Іс болып қалды.
- Қандай іс?
- Ағам тісін суыртқалы дәрігерге барған еді, соған бірге барған едім.
- Тіс суыртатын ағаң екен, сен неге бардың?
- Тісін суырып ауыртып жатқанда, есік ал- дында бақырып, ағамның көңілін аулап тұр- дым, - депті Қожа.
84
Ажардың күші аспен ғой!
Қожекең әйелімен сөйлесіп отырып.
- Қатын, қарным ашты, асың бар ма? - депті.
- Менің бетіме қарап отырып қалай қарның ашады? - дейді сұлу әйелі.
- Бұл сөзің де тура. Дегенмен ажардың күші аспен ғой, қатын, - депті Қожа.
85
Төрттен төртті алса, не қалады?
Қожанасырдан:
- Төрттен төртті алса не қалады? - деп сұрап- ты. Қожа жауап бере алмайды.
- Мысалы, қалтаңда төрт теңгең бар еді, сол теңгелер қалтаңнан түсіп қалды, сонда не қа- лады? - депті оқытушы пысықтап.
- Не қалсын, теңге түсіп тесік қалады да, - депті Қожа.
86
Мен сараң адам емеспін
Қожекең бір күні аспаздан тамаққа тойып, ақшасын төлемей, кесесін қасығымен қойны- на тығып ала кетіпті. Ертеңіне жанынан өтіп бара жатқанда аспаз ұстап алып:
- Қожеке, кеше тамақтанып ақшасын төле- мепсіз, - дейді. Қожекең сонда жауап беріп:
- Рас, тамақтандым, қарасам ақшам жоқ екен. «Осы бейшараның ақысы мойнымда қал- масын, - деп, кесе мен қасығыңды базарға ала кетіп едім. Сатып ақшаңды алып келдім, міне ақшаң», - депті. Және ақшаны қалтасынан шығарып беріп жатып:
- Мен сараң адам емеспін, аспаз, біліп қой! - депті Қожекең.
87
Қожанасыр мен жалқау
Қожекең бір жалқаудан: «Жағдайың қа- лай?» - деп сұрапты.
- Тапсам жеймін, таппасам қанағат етемін! - деп жауап беріпті.
- Қанағатың біздің қаланың иттеріне ұқсай- ды екен, - депті Қожа.
88
Қожанасырдың қарыз беріп, қарыз алуы
Қожанасырдың бір кісіде алашақ бес теңгесі бар екен. Екі жылға толғанда әлгі кісіден ала- шағын һәм алыпты да, қарызға бес теңге қосып алыпты. Бірақ ол кісі бес теңгені қарызға бере- рінде: «Ертең тауып бер ақшамды, бермесең бір теңге өсіп отырады», - депті. Қожанасыр: «Құп»,
- деп ертеңінде есінен шығып, айлар бойы қары- зын бермей жүре беріпті. Ал ана кісі, бір күн өтсе - бір теңге деп, он күн өтсе - он теңге деп, қарызының өсіп келе жатқанына қуанып, жүз теңгеге толғасын алайын, - деп, жүре беріпті. Ақыры бір күні ол Қожанасырға келіп: «Қоже- ке, қарыз алғаныңа бүгін жүз күн, келісім бой- ынша бес теңгеме жүз теңге қосып бересің»,
- депті. Қожекеңнің есіне қарызы жаңа ғана түсіп: «Құп, тілегің болсын, бірақ қарызың мен өсіміңді бидің алдына барып беремін», - депті. Бұл сөзді естіген ана кісі қуанып, Қожанасы- рды жер-көкке сыйғызбай мақтай беріпті. Со- нымен Қожанасыр әлгі кісіні ертіп барып, биге жүгініпті де, жүз бес теңге ұсынып: «Мына кісі- ге беріңіз», - депті. Би тілегін орындап: «Тағы қандай арыздарың бар?» - дегенде, Қожана- сыр: «Тақсыр, енді менің алашағым бар, бұл кісіде. Бұдан екі жыл бұрын бес теңге қарыз алып, бұдан жүз күн бұрын берді. Күніне бір теңгеден өсіп отырғанда, мен қанша аламын, соны төрелеп алып беріңіз», - депті. Ана кісі:
89
«Ойбай, біз олай келіскеміз жоқ», - деп безек- теп қоя беріпті. Төреші: «Жоқ, өсім дегенді шығарып жүрген өзің. Сондықтан Қожекеңнің өсімін сен де бересің. Бір жылда үш жүз алпыс бес күн, екі жылда жеті жүз отыз. Одан жүз күнді шығарғанда алты жүз отыз күн қалады. Қожекеңе алты жүз отыз теңге бер. Бермесең зынданға алты жүз отыз күнге салдырып қоя- мын», - деп үкім беріпті. «Зындан» десе зәресі кететін кісі: «Құп», - деп Қожанасырға тиісті теңгесін санап беріпті.
90
Қожанасырдың өліп-тірілуі
Қожанасыр есегін жегіп алып тоғайға келіп, отын жия бастапты. Бір жуан бәйтерекке біт- кен ылғи қу бұтақтарды көріп: «Тоғайды ара- лап қу ағаш іздегенше, бір жерден арбамды толтырып алайын», - деген оймен, бәйтеректің басына шығып алыпты да, сатылап шабумен бір бұтақтан бұтаққа сырғып түсе беріпті.
91
Ақырында аяқ салатын бұтақ қалмай, енді аяғын тіреп тұрған бұтағына атша мініп алып, түп жағын шаба бастапты.
Сол арадан өтіп бара жатқан жолаушы Қожа-
92
насырдың бұл ісін көріп: «Әй, отыншы, қазір құлайсың ғой», - депті. Қожанасыр бұл сөзді елең қылмай бұтағын шауып отыра беріпті. Бір кезде бұтағы қиылып, бұтағымен бірге жерге өзі де топ ете түсіпті.
Денесінің ауырғанына да қарамай, жал- ма-жан атып тұрып: «Апырмай, жаңағы айтқан періште екен, құлайтынымды біл- генде, өлетінімді де білуге тиіс», - деп ой- лапты да, жүгіріп отырып қуып жетіп: - Сен періште екенсің, менің құлайтынымды білдің, енді өлетін күнімді айт, - депті. Жолаушы:
«Періште емеспін, жай адаммын, есің ауысқан ба, өзіңнің?» - деп маңайына жолатпаса да, Қо- жанасыр: «Өлетін күнімді айт», - деп соңынан қалмапты. Мазасы кеткен жолаушы: «Есе- гің үш рет ақырғанда өлесің», - деп құтылып кетіпті.
Қожанасыр бұл сөзді естіген соң: «Тірі кезім- де үйге жетіп алайын», - деп ойлапты да, жиған ағашын тастай сала үйіне тартып отырыпты. Жолда келе жатқанда есегі бір ақырыпты. Қо- жанасыр: «Жақындады», - деп есегіне қамшы басыпты. Есегі екі рет ақырып қалыпты.
«Келіп қалдық, үйге жеткізбей ала ма, құдай- ым», - деп есегіне қамшы басыпты. Қиналған есек үш рет ақырып жібергенде, Қожекең:
«Өлдім», - деп арбадан құлап, екі көзін тас жұ- мып, ішінен иман айтып, жерде сұлап жатып қалыпты.
93
Сол кезде артынан тағы бір жолаушы келе жатып, «ессіз» жатқан кісіні көріп: «Тұр, тұр,
94
бір жерің мертікті ме?» - деп көтере бастапты. Қожанасыр: «Қозғама, мен өлдім», - деп көзін де ашпапты. Жолаушы әрі- бері тұрғыза ал- маған соң: «Бұның есі дұрыс емес шығар», - деп қолындағы таяғымен сабай бастапты. Қожана- сыр: «Е, бұл мүңкір-нәңкүр дейтін тергеуші періштелер екен ғой!» - деп ойлап жата беріпті. Таяқ әбден етінен өте бастаған соң шыдамы кетіп, көзін ашып тұре келіпті. Қараса, анадай жерде есегі түр, кәдімгі жарық дүние.
«Бұл қалай?» - деп аз танданыпты да: «Е... бұл баяғы періште екен ғой, қолындағы таяғы жан бергіш таяқ екен ғой», - деп ойлапты. «Періште, таяғыңды маған бер, орнына азырақ қызмет жасайын, сен оған дейін жұмаққа барып дем ал», - деп, жармаса кетіпті. Жолаушы: «Жын- данған ба?» - деп таяғын тастай сала тұра қашыпты. Қожанасыр таяқты ала сала аулына келіпті. Ауылдың адамдарының бәрі жаңадан өлген бір кісінің үйінде екен. Бұл үйге Қожа- насыр жетіп келіп: - «Мен тірілтемін», - деп өлікті сабай бастапты. Жұрт таяғын тартып алып, өзін үйден қуып шығады. Қожанасыр сонда: «Қап, таяқтан айрылдым, періштеге не айтармын енді?» - деп өкініпті.
95
96
Қожанасырдың шаш алғаны
Қожанасырдың үйіне бір күні көршісі келіп:
«Қожеке, шашымды алып бере қойшы», - депті. Қожанасыр «құп» деп, шаш алатын ұстарасын ала сала, шашын сыпыра бастапты. Ұстарасы өтіңкіремей, көршісінің басын ауырта бастап- ты. Басының ауырғанына шыдай-шыдай, ақы- ры шыдамы кеткен көршісі: «Қожеке, ұста- раңды қайрап ал, өтіңкіремейтін көрінеді»,
- депті. Қожанасыр: «Құп», - деп, жалма-жан қайрап алып, ісіне қайта кіріскенде, ұстарасы- ның өткірлігі сондай болыпты, тіпті қолы би- лей алмай, басының әр жерін тіліп ала беріпті. Басы мең-зең болып ауырған бишара көр- шісі: «Бұл мәжнүнге қайдан келдім», - деп ойлапты да, «Қожеке, басымның сау жерін қалдырмай кескіледің, енді құлағымды бай- қай көр», - депті, құлақ-шекесінің шашын ала бастаған кезде. Қожанасыр: «Е, құлақ деген оңай ғой, бастай емес», - деп құлағының бір- екі жерін тіліп жіберіпті. Бишара көршісі:
«Ойбай, Қожеке, бұның не?» - деп шыр ете түсіпті. Қожанасыр: «Е, өзің айтқан жоқсың ба, «басымды кескіледің, енді құлағымды» деп», - депті саспастан. Көршісі: «Ойбай-ау, ол сөзім құлағымды кесіп алып жүрме, басы- ма ұқсатып дегенім ғой», - депті. Қожанасыр:
«Е... енді түсіндім, манадан солай демейсің бе, онда мына сау құлағынды да кесіп алып жүрер-
97
мін, одан да қолыңа ұстап отыр», - деп құлағын кесіп алып, қолына «мә» деп ұстата қойыпты.
Сөйтіп, бишара көршісі, «шаш алдырам» деп құлағынан айырылып, шұнтиып үйіне қайтыпты.
98
99
Тауықтар
Бір күні Қожа тауықтарын базарға апарып сатпақ болады. Жолда келе жатып, тауықтарға жаны ашып, оларды байлаудан босатады да, базарға қарай айдайды. Олар бет-бетімен қа- шады. Қожа ашуланып:
– Қараңғыда таңның атып келе жатқанын біліп, айқай саласыңдар. Ал күндіз базарға ба- ратын жолды неге білмейсіңдер? - деп ұрсады.
100
Құдайдан ақша сұрау
Қожанасыр бір күні үйінде отырып құдай- дан ақша тілейді:
- Е, құдай, жүз сом ақша бер! - деп жалына- ды. - Бір сом кем болса, алмаймын!
Мұны есітіп тұрған бір қу, Қожаны сынап көрейін деп, шаңырақтан оның алдына дор- баға салып тоқсан тоғыз сом тастайды. Қожа санап көріп:
- Құдай тілегімді қабыл еткен екен! Тоқсан тоғыз сом бергені дорбасымен жүз сом ғой, - деп, ақшаны қалтасына салып алады. Қожаны алдаймын деген қу ақшасынан айрылып қала- ды.
101
Қыздың мақтауы
Қожанасыр бір күні базарда біреудің сиы- рын мақтап сатып тұрғанын көреді. Күндерде бір күн біреу Қожаның қызына құда түсуге ке- леді. Қожа базарда естіп- білген сөздерін есіне түсіріп, қызын мақтай жөнеледі:
- Қызым әрі жүкті, әрі сүтті!..
102
Құдайдың өзінен сұра
Қожанасырмен аңға шыққан билердің бірі:
- Мына құдайдың күні шыжып кетті-ау, не істейміз, Қожеке? - деп сұрайды. Қожекең мүдірмей:
- Оны құдайдың өзінен сұра, - деп жауап бе- реді.
103
Домаланған шапан
Қожанасырдың әйелі өте долы, ұрысқақ екен. Бір күні қатты ашуланыпты да, баспал- дақта тұрған Қожанасырды салып қалады. Қо- жекең құлап, тасырлатып домалай жөнеліпті. Дүбірді естіген соң көршісі келіпті де:
- Жаңағы тарсылдап домалаған немене? - деп сұрапты.
- Менің шапаным ғой, - депті Қожа ештеңе сездіргісі келмей.
- Шапан да домалай ма екен?
- Е, шырағым-ай, шапанның ішінде мен бар- мын ғой, - депті.
104
Байдың құны
Бір бай «Ұйықтап» Қожанасырға кездесіп қалып, оны сынамақ болып: «Тұр, тұр, бір жерің мертікті ме?» - деп көтере бастапты.
Қожанасыр: «Қозғама, мен өлдім», - деп көзін де ашпапты.
105
106
Бай бұған тас-талқан болады.
- Не деп тұрсың, мына менің шапанымның өзі елу сом тұрады!
- Байеке, менің де айтып тұрғаным сол ғой, - депті Қожекең.
107
Ақырзаман
Қожанасырдың жалғыз қойы бар екен. Бір қулар Қожаны алдап, сол қойды сойғызып жемек болады. Қожаға келіп:
- Қожа, Алладан ертең ақырзаман болады деген хабар келді. Мал, дүниенің керегі жоқ.
Бүгін ішкенін ішіп, жегенін жеп бәрін бітіру керек.
Сен қойыңды сой, бүгін жеп кенелейік, - депті.
Қожа бұған нанады:
- Жарайды.
Тек қойды далаға, көлдің жағасына апарып сойып, барлық етін сол жерде асып жейік, - дейді.
Қулар мұны мақұл көреді. Бәрі көл жағасына келеді, қойды сойып, етті жіліктеп, қазанға салады.
- Мен етті пісіре
тұрайын, сендер көлге барып, шомылып келіңдер, - дейді Қожа.
Қулар мұны қостайды. Бәрі киімдерін Қо-
108
109
жаның қасына тастап көлге шомылуға кетеді. Қожа олардың киім-кешектерін отқа жағып жібереді. Қулар келіп:
- Қожа-ау, киіміміз қайда? - деп сұрайды.
Қожа оларға:
- Отқа жағып ет пісірдім. Бәрібір ертең ақыр- заман болса, керегі қанша, - депті.
110
Ұрылар
Бір күні түнде Қожаның үйіне ұры түседі. Ұры бірнеше кісі болып ат-арбамен келген екен. Ұрылар Қожаның үй жиһаздарын біртін- деп далаға шығарып, арбаға тией бастайды.
Осы кезде Қожа оянып кетеді. Сөйтеді де, үн- түн жоқ, ол да ұрылармен бірге үйдегі заттарды далаға шығара береді. Ұрылар аң-таң болып:
- Е, Қожа, мұның не? - деп сұрайды. Сонда Қожа:
- Е,біздің үй көшіп жатқан жоқ па? Жиһаз- дарымды тек сендерге ғана тасытқаным ұят емес пе? Өзім де қолғабыс тигізейін, - депті.
111
Өзім екен деп қалдым
Бір күні Қожанасырға бір кісі келеді. Қожа оны қуанып қарсы алады. Күні бойы қонақ етеді, екеуі әңгімелесіп отырады. Кетерде Қожа қонағынан:
- Осы сенің атың кім еді? - деп сұрайды.
- Ау, сен мені танымадың ба?
- Жоқ, танымадым.
- Онда қалай қуанып қарсы алдың?
- Сәлдең мен шапаныңды көріп, өзім екен- мін деп қалдым, - дейді Қожа.
112
Бір теңге кем
Кісі басына бір теңгеден алып,Қожа он жо- лаушыны өзеннен қайықпен өткізіп салмақ болады. Өзен ортасына келгенде бір жолаушы құлап, суға кетіп қалады. Жолдастары қайғы- рады, жылайды. Қожа оларды:
- Жыламаңдар, бір теңгені кем төлейтін бол- дыңдар! - деп жұбатады.
113
Бұл палау болады
Қожанасырдың үйіне қонақ келеді. Қожа оның алдына үлкен табақпен су әкеліп қояды.
- Қожа, мұның не? - дейді қонақ.
- Бұл - су. Күріш, сәбіз, ет салып қайнатса, бұл палау болады, - депті.
114
Әңгіме сәлдеде тұрса...
Қожанасыр басына сәлдесін орап, көшеде келе жатады. Біреу қарсы кездесіп:
- Тақсыр, мына хатты оқып беріңізші! - деп жалынады. Қожа:
- Хат білмеуші едім. Оқи алмаймын - дейді.
Анау таң қалады.
- Басыңызда сәлдеңіз бола тұрып, хат біл- меуіңіз қалай?- дейді. Қожа өз сәлдесін оның басына кигізе қойып:- Әңгіме сәлдеде болса, ал өзің оқи ғой! - дейді.
115
Дауасы жеңіл
Біреу келіп, Қожаға өзінің бірдеңеге налып жүргенін баяндайды:
- Осыдан жүрегім нақ тышқан кеміріп жатқан тәрізді болып жүр. Не дауа істерімді білмеймін! - деп зарлайды.
- Мұның дауасы жеңіл. Бір мысық тауып ал да, соны жұтып жібер, - дейді Қожанасыр.
116
Өсиет
Қожанасыр ауырып жатып, көңіл сұрай кел- ген дос- тарына:
- Өлген соң мені алып барып ескі молаға қой- ыңдар,– деп өсиет етеді. Бір досы:
- Ол қалай? - деп сұрайды.
- Баяғыда өлген адам екен деп, мүңкір- нәңкір келмейді, тексеріп мазамды алмайды,
- дейді Қожа.
117
Жүз көрісіп жүрейік
Қожанасыр шәкірттерімен мешітке баратын болады. Өзі есекке мінеді, шәкірттері жаяу соңынан ереді. Біраз жүрген соң Қожа оны ыңғайсыз көреді. Шәкірттерін алдына түсіріп, өзі соңынан жүреді. Біраздан кейін өзі шәкірт- терінің алдына түсіп, есегіне теріс мініп отыра- ды. Шәкірттері:
- Ау, Қожеке, мұныңыз қалай? - деп шулай- ды. Сонда Қожа:
- Біраз жүрсек те, жүз көрісіп жүрейік, - дейді.
118
Жарты жөтел
Хан Қожанасырды сөзден жеңбек болып, та- лай қулық жасайды, ұта алмайды. Ақырын- да, ол: «Қожаны сөзден жеңетін бір амал та- быңдар», - деп уәзірлеріне тапсырады.
Уәзірлер ұзақ кеңесіп, «амал таптық»- деп ханға келеді. Хан Қожаны шақыртады:
- Қожа, бізге жарты жөтел зәру болып тұр.
Соны тауып беріңізші! - дейді.
Сонда Қожа ханның алдында жатқан пы- шақты алып, оның жүзін аузына көлденең ұстап жөтеледі:
- Ал, тақсыр, осы жөтелдің қай жағын қала- саң, сол жағы жарты! - дейді.
119
Мергендік
Қожа ханға: «Мен асқан мергенмін», - деп мақтанады екен. Күндерде бір күн хан Қожа- ны, уәзірлерін ертіп аңға шығады. Бір мезгіл- де аңшыларға бір топ киік кездеседі. Әй-шайға қарамай Қожа мылтықты басып қалады. Ол далаға кетеді. Қожа ханға:
120
- Міне, сіз осылай атасыз! - дейді.
Қожа мылтықты екінші рет басып қалады.
Ол оқ та тимейді. Қожа ханға:
- Міне, сіздің уәзірлеріңіз осылай атады! - дей- ді. Қожа үшінші рет атқанда киік ұшып түседі.
- Міне, Қожа мылтықты осылай атады! - дей- ді.
121
Бесін намазы
Қожанасыр бұрын намаз оқымайды екен. Ханнан жарлық болған соң, лажсыз оқымақ болып дәрет алып жатқанда, ханның шабар- мандары келіп:
- Қожа, бесін намазы неше рекет*? - деп сұрайды. Қожа:
- Отыз рекет-, деп айта салады.
- Білмедің! - деп, шабармандар оған дүре соға бастайды. Қожаның кемпірі келіп:
- Қожа-ау, төрт рекет десейші! - деп айқай- лайды.
- Түу, кемпір-ай! Отызға көнбей жатқан тен- тектер, төртеу дегенді тыңдай ма! - депті Қожа.
* Намаз оқудың тәртібі
122
Білгендерің білмегендеріңе үйретіңдер
Бір күні Қожанасыр халықты жинап алады.
Өзі мінбеге шығып:
- Жараңдар, менің не айтқалы тұрғанымды білесіздер ме? - деп сұрайды.
123
- Жоқ білмейміз, - деседі.
- Білмесеңдер айтудың да қажеті жоқ. Бәрібір білмейсіңдер, - деп мінбеден түсіп ке- теді.
- Әттеген-ай, білеміз деп, әңгімесін естіп алуымыз керек екен-ау, - деседі біреулер.
Бір кезде Қожа мінбеге тағы шығып:
- Жараңдар, менің не айтқалы тұрғанымды білесіздер ме? - деп сұрайды. Халық:
- Білеміз, - дейді. Қожа:
- Білсеңдер мен несіне айтып әуре болайын,
- деп мінбеден тағы да түсіп кетеді.
- Қап, бекер болды-ау! Білетініміз де, біл- мейтіндеріміз де бар деп, әңгімесін естіп алуы- мыз керек екен- ау, - деседі жұрт. Әлден уақыт- та Қожа мінбеге үшінші рет шығып:
- Жараңдар, менің не айтқалы түрғанымды білесіздер ме? - деп сұрайды. Отырғандар:
- Білетініміз де, білмейтініміз де бар, - дейді.
- Ендеше, білетіндеріңіз білмейтіндеріңізге үйретіңіздер, - деп Қожа мінбеден түсіп, кетіп қалады.
124
Теңіз суы
Біреу Қожанасырдан:
- Теңіздің суы неге ащы? - деп сұрапты. Сон- да Қожа:
- Теңіздегі балықтар сасып кетпесін деп, теңіз суын әдейі тұздап қойған, - деп жауап беріпті.
125
Байдың сұрауы
Бір бай Қожанасырдан:
- Мен саған жүз сом берсем, сен маған не ай- тар едің? - деп сұрайды. Қожа:
- Берсең саған жақсы: «Қожада аласым бар деп өмір бойы мақтанып жүресің. Бермесең маған жақсы: ешкімге бересім жоқ деп мен жүрем», - дейді.
126
Шаштараз
Қожанасыр шаштаразға барып шашын алғы- зады. Шаштараз олақ екен, басының әр жерін қанатып, оғаң мақта жапсыра беріпті.
Қожа шашын түгел алғызбай:
- Жетеді. Қалған жеріне өзім бидай егем! - деп, орнынан тұрып кетіпті.
127
Қиямет-қайым
Бір молда Қожанасырдан:
- Қожеке, қиямет-қайым қашан болады? - деп сұрайды. Оған Қожа:
- Сен қай күні өлсең, сол күні қиямет-қайым болады, - деп жауап береді.
128
Хан жазасы
Бір күні Қожа ханның үстіне кіріп барады. Хан біреуді тергеп, кінәлап, жазалағалы отыр екен. Қожа әңгімені тыңдап біраз отырады. Хан жендетіне:
129
- Мынаның басын ал! - деп бұйырады. Жен- дет отырған адамды сүйрей жөнеледі.
Қожаның дәті шыдамай ханнан:
- Тақсыр, бұл адамның жазығы не? - деп сұрайды.
- Айыбы үлкен, кешірілмейтін айып!
- Сонда қандай?
- Мен бұған бір жасырын сыр айтқан едім.
Соны бұл басқаға айтып, жариялап жіберді.
- Сыр шашқан адамның жазасы өлім бе?
- Иә, өлім!
- Олай болса, хан ием, алдымен сізді өлтіру керек.
- Неге?
- Сырды алдымен сіз оған өзіңіз шаштыңыз ғой...
130
Жердің кіндігі қайда?
- Қожеке, сіз айтыңызшы, жердің кіндігі қайда? - деп сұрайды біреу Қожанасырдан.
- Жердіңкіндігіменіңесегімніңмінер
131
жақтағы алдыңғы аяғының астында, - деп жа- уап береді оған Қожа.
- Оны қалай білдіңіз?
- Өлшеп білдім. Маған сенбесең, өзің өлшеп көр.
132
Жұлдыз нешеу?
- Қожеке, айтыңызшы, аспанда жұлдыз не- шеу? - деп сұрайды біреу.
- Менің есегімнің жалының қылы қанша болса, аспанда жұлдыз сонша. Сенбесең санап көр, - дейді Қожа.
133
Екінің бірі
Босанар мезгіл жақындаған бір келіншек:
«Қожанасыр бал ашады екен», - деген сыбысты естіп:
- Қайнаға, мен не туамын? - деп сұрайды. Келінінің мына сұрағын ерсілеу көрсе де Қо- жекең қалжыңдап:
- Сен бе шырағым... сен ұл, не қыз туасың.
Екеуінің біреуі, - депті.
134
Қожа мен айна
Қожанасыр бір күні жолда келе жатып, бір айна тауып алады. Айнаны қолына алып қа- рап, ішінен өзін көреді де оған:
- Бұл айна сіздікі екен ғой, - деп, айнаны тастап жүре береді.
135
Білгілерің келсе...
Үйдің төбесінен құлап, тұра алмай жатқан Қожанасырдан көршілері:
- Қалің қалай? - деп көңіл сұраса Қожана- сыр:
- Меніңхалімдібілгілеріңкелсе,үйден құлап көріңдер, - деп жауап беріпті.
136
Құдайдан хабар болмады
Қожанасырдың жесір апасына Сопы қырын- дапты. Қожанасыр сопының үстінен имамға арыз берсе:
- Сопыға құдайдың өзі көрсетеді... асықпа, - депті имам.
Бір күні Қожанасыр Сопыны көріп, қамшымен бастан тартып-тартып жіберіпті. Енді имамға Сопы шағыныпты. Имам Қожаға:
- Мұның не? - деп ақырғанда, Қожанасыр:
- Құдайдан хабар болмай қойды... Енді қай- тейін, - депті.
137
Жанжал неден шығады?
Бір күні хан мен Қожа әңгімелесіп отырған- да хан:
- Мен осы жұртқа қайран болам. Қашан көр- сең бірімен- бірі ұрысып, жанжалдасып, төбе- лесіп жатады. Сіз айтыңызшы,– осы жанжал қайдан, неден шығады? - деп сұрады.
- Адам байқамай біріне-бірі «ақымақ» деп айтып қалады. Жанжал осыдан шығады, - деді Қожа.
138
- Не болса соны айтады екенсіз, содан да жанжал шыға ма? - дейді хан.
- Ақымақсың! - дейді Қожа. Хан ашуланып қаһарына мінеді.
- Сен ақымақ!
- Міне, тақсыр, айтқаным келді, - дейді Қожа.
139
Есек жүгі
Ақсақ Темір, оның уәзірі, Қожанасыр үшеуі аңға шығады. Шаршаған кезде Темір шекпенін шешіп, Қожаға береді. Кейін оның уәзірі де со- лай етеді.
140
Темір әзілдеп:– Қожеке, үстіңізге бір есектің жүгін артып қойдық- ау! - дейді. Сонда Қожа:
- Бір есектің жүгі болса, ештеңе емес қой. Менің үстімде қазір екі есектің жүгі бар, - дей- ді.
141
Шықпаған жан
Ақсақ Темір айнаға қарап, өзінің жүдегенін көріп, қатты ренжіпті:
- Қарашы, тіпті жүдеп кетіппін, - дейді. Қасында отырған Қожанасыр:
- Тақсыр, айнаға бір қарап, осынша рен- жідіңіз. Сізді күніне он рет көрсек те, шыдап жүре береміз. Біздің шықпаған жанымыз-ай! - депті.
142
Қай күні келейін?
Біреу Қожанасырға көйлегін боятуға әкеп береді де:
- Осыны өмірде жоқ түске бояп беріңіз, - дейді.
- Онда сен дүйсенбі, бейсенбі, сәрсенбі, жұма, сейсенбі, сенбі мен жексенбіден басқа күндері кел, бояп қояйын! - депті оған Қожа.
143
Қарғаның жасы
Қожанасыр бір аңшыдан қарға сатып алады.
Жора- жолдастары онан:
- Неге алдың? Қарғаның қажеті не? - деп сұрайды. Қожа:
- Халық қарға мың жыл жасайды дейді. Со- ның рас- өтірігін білейін деп алдым! - дейді.
144
Жаннат кең бе, тозақ кең бе?
Хан бір күні Қожанасырдан:
- Айтыңызшы, жаннат кең бе, тозақ кең бе?
- деп сұрайды.
- Жаннат кең, - деп жауап берді Қожа.
- Оны қайдан білдіңіз?
- Білгенім, жер жүзінде байдан кедей көп.
145
146
Теңізге жаяу бар
Ертеде бір ауру адам Қожанасырға келіп:
- Өзімді екі емшіге көрсетіп едім, екеуі екі түрлі насихат берді: «Бірі теңізге бар дейді, екіншісі жаяу жүр дейді», - деп мұңын шағып- ты.
- Онда теңізге жаяу барыңыз, - депті Қожа- насыр.
147
148
Бөліп киейік
Базарда қауын алуға барған жолаушы ақ- шасы жетпей қалып, басындағы су жаңа қал- пағын Қожанасырға сатады.
Сатып алған қауынды Қожанасыр екеуі бөліп жейді. Қожанасыр басындағы қалпағын алып, оны да екі бөледі де жартысын әлгі кісіге береді. Бұған аң-таң болған ол:
- Ау, мұның не? - деп сұраса, Қожанасыр оған:
- Сіз алған қауынды бөліп жедік, енді мен алған қалпақты да бөліп киейік, - депті.
149
150
Көрегендік
Бір күні Қожанасыр маңындағыларға:
- Мен көрегенмін! - деп мақтанады.
- Сонда не істейсің?
- Адамның ойындағысын табамын.
- Е, қойшы?
- Рас айтамын.
- Ендеше, айта қойшы: біз қазір не ойлап отырмыз?
- Сендер қазір осы шын айта ма, әлде өтірік айта ма деп ойлап отырсыңдар.
- Дұрыс!
151
Ерсілі-қарсылы жүріс
Қожанасырдан біреу:
- Көшеде адамдар неге ерсілі-қарсылы жүреді? – деп сұрапты. Адам біткен бір жаққа қарай жүрсе, жер бір жағына ауып ке- теді, - деп жауап беріпті Қожа.
152
Бір сөзді болу керек
Бір қу Қожанасырдан:
- Қожеке, сіз осы нешедесіз? - деп сұрайды. Қожа:
- Қырық жастамын, - дейді.
Он жыл өткен соң әлгі қу Қожадан:
- Қожеке, сіз неше жастасыз? - деп тағы сұрайды. Қожа тағы да:
- Қырық жастамын! - дейді. Сонда қу:
- Бұл қалай? Он жыл бұрын сұрағанымда қырық жастамын деген едіңіз ғой? - дейді.
- Адам бір сөзді болу керек, - дейді Қожа.
153
Әмірдің өлеңі
Бір күні Әмір өзінің өлеңдерін Қожанасырға оқып береді. Ол:
- Өлең емес! - деп жамандайды. Әмір ашула- нады. Қожаны зынданға салдырады.
154
Тағы бір күні Әмір Қожаны шақырып алып, оған өзінің жаңа өлеңдерін оқиды.
155
- Қандай? - деп сұрайды. Қожа үндемей ор- нынан тұрып жүре береді. Әмір:
- Қайда барасың? - дейді. Қожа:
- Қайда болсын, зынданға барам, - дейді.
156
157
Қараңғыда
Бір күні түнде хан мен Қожа кездесіп қала- ды. Қожаны мұқатпақ болып хан:
- Ау, Қожа, екенсіз ғой! Қараңғыда байқа- май, мен сізді ит екен деп қалдым, - дейді.
Қожа бұрылып тәжім етіп:
- Хан ием, кешіріңіз. Ие, сіз екенсіз ғой. Қараңғыда мен сізді адам екен деп қалдым, - депті.
158
159
Қиял ғажайыбы аралас ұлттық сипаттағы ертегі
Қожанасыр хикаялары
Құрастырған Құлбаев Абай Көркемдiк жобаның авторы Ш. Байкенова
Редактор Ш. Күмiсбайұлы Көркемдеушi редактор В. Логинов Компьютерде беттеген Я.Логинов
Суретін салған: В. Логинов,Я.Логинов,Ш.Байкенова
ИБ № 3(167)
Теруге 24.04.2013 ж. жiберiлдi. Басуға 20.07.2013 ж. қол қойылды.
Пiшiмi 60х90 1/16 . Қағаз офсеттiк. Басылымы офсеттiк.
Көлемі 10 ш.б.т. Таралымы 2000 дана.+100 дана Тапсырыс №
050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143,
тел/факс: 8 (727) 395-51-80
Отпечатано с фаилов заказчика в ТОО «Полиграфкомбинат» Республика Казахстан,
050002, г. Алматы, ул. Макатаева,41
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?