«ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚТАР 11 СЫНЫП
«ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚТАР 11 СЫНЫП
№ 1 - САБАҚ: «ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ»
Сабақтың мақсаты: Жоғары сынып оқушыларына қажет болған жағдайда жедел жәрдем нөмірлерін есте сақтауға және дұрыс пайдалануға үйрету.
Негізгі міндеттері:
- Шұғыл жағдайдағы әрекетке қажетті телефон нөмірлерімен таныстыру;
- Қандай жағдайларда жедел жәрдем шақыру керектігін түсіндіру;
- Балаларды төтенше жағдай операторына ақпаратты дұрыс және анық жеткізуге үйрету.
Сабақтың барысы.
- Кіріспе (2 мин):
Шұғыл жағдайдағы әрекетке қажетті телефон нөмірлерімен кеңінен таныстыру.
- Қажетті нөмірді тер.
- Анық және байсалды сөйле.
-Аты-жөніңді, қайдасың, не болғанын айт.
«Есте сақта!»
Өрт күзеті | 101 |
Полиция | 102 |
Жедел жәрдем | 103 |
Төтенше газ қызметі | 104,112 |
Бірыңғай құтқару қызметі | 112 |
«111 Жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу. «111» нөмірі - 24/7 жұмыс істейді. | 111 |
- Негізгі бөлім (6 мин):
Рөлдік ойын:
- Балаларды жұпқа бөліңіз. Бір оқушы қоңырау шалушы рөлін ойнайды, екіншісі - төтенше жағдай операторы;
- Әр түрлі жағдайлары бар (өрт, адам құлап қалды, көшеде біреу айғайлап жатыр және т.б.) карточкаларды таратыңыз.
- Жедел қызмет нөмірлерін жаттау: бала қалаған нөмірді теріп, операторға ақпарат беруі керек.
Жедел нөмірлерді қайталаңыз.
Сандарды есте сақтау үшін балалар 3-4 оқушыдан бірігіп сценарий құрастырып, орындап көрсін.
- Қорытынды (2 мин): қорытындылау, балаларға жедел телефондар жазылған карталарды немесе стикерлерді тарату.
Пайдалы сілтемелер:
https://orken-instituty.kz/kz/telefony-goryachih-linij https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLL
№ 2 - САБАҚ: «ІС-ШАРАДЛАРДА ҚАУІПСІЗ ОРТАНЫ САҚТАУ. СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚАЛАЙ ҚАБЫЛДАУҒА БОЛАДЫ?
Сабақтың мақсаты: Білім беру мекемесінде қауіпсіз орта қалыптастыра отырып, білім алушылардың жан-жақты дамуына жағдай туғызу. Әр іске жауапкершілікпен қарауға дағдыларндыру.
Негізгі міндеттері:
- жоғары сынып оқушыларымен бірлесе отырып бастауыш сынып, орта буын білім алушылардың қауіпсіз ортасын қалыптастырудың алғышартын құру;
- жеке бас қауіпсіздігін сақтай алатындай азамат болуға тәрбилеу;
- әр іске жауапкершілікпен қарайтын ұқыпты, жауапты тұлға қалыптастыру.
Сабақтың барысы.
1.Кіріспе (2 мин):
Қауіпсіздік – адам баласы үшін әрқашанда керек. Қауіпсіздік аясындағы мектептің қызметі – оқу және еңбек қызметі кезіндегі күтпеген жерден туындайтын ықтимал жайттардан (өрттен, апаттан) оқушылар мен қызметкерлердің өмірін сақтау мен денсаулығын қорғауға бағытталған заманауи технологияларды қолдана отырып, оқушыларды сабақ қызметі кезінде қорғау болып табылады.
2.Негізгі бөлім (6 мин):
Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған заттар:
- Атыс қаруы, оның ішінде травматикалық, газды, сигналдық, электрлік және құрылымдық жағынан қаруға ұқсас бұйымдар мен зақымдаушы әсері радиоактивті сәулелену мен биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару мен заттар.
- Шанышқылы, кескіш, шапқыш, ұрғылау-ұсақтау, өнеркәсіптік құралдар және өзге де заттар, оның ішінде пышақтар, қырынуға арналған станоктар немесе жүздер, садақтар.
- Оқ-дәрілер, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, химиялық және улы заттар, оның ішінде жарылғыш заттардың немесе құрылғылардың көшірмелері немесе имитаторлары, аэрозольдық бояулар, скипидар.
«Мұнара» жаттығу.
Алдарыңызда А4 қағаздары мен маркер, клей берілді. Сіздерге тапсырма «Мектепте білім алушылардың қауіпсіз ортасын қалай қалыптастырамыз?».
Сұрақты жан-жақты зерттеп, әр қабырғасына мектептегі қауіпсіздік шарасын күшейтуге қажет ресурстар мен қажет дағдылар туралы жазып шығыңыздар.
3.Қорытынды.
Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/NHWYVHBHch4?si=zdCOob9ZZJzKBg_p https://youtu.be/DycscArvAYw?si=uBpUSdWzZB9_-fYc https://youtu.be/eAuWMVuaBbU?si=f7Bu5Hev8Xii7u9j
№ 3 - САБАҚ: «ҚАУІПСІЗ ҚАРЖЫЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ. ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРДЫҢ ҚАУПІ»
Сабақтың мақсаты: Қаржылық пирамида белгісін анықтай отыра, қаржылық пирамиданың қаупін алдын алу. Қауіпсіз қаржылық оперцияларды жүзеге асырудың қадидаларымен таныстыру.
Негізгі міндеттері:
қаржылық пирамиданың анықтамасына тоқталу; қаржылық пирамиданың белгілерімен таныстыру; қаржылық пирамиданың түрлерін ажырата білу.
Сабақтың барысы.
1.Кіріспе.
Қаржы – бұл әр түрлі қаржылық экономикалық саладағы есептеу бірлігі. Экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар тауар айналымын ұлғайту, қызмет көрсету саласын кеңейту, жаңа өнімдерді игеру, өндіріске заманауи технологияларды енгізу үшін коммерциялық негізде қаражат тартумен айналысады.
Қаржылық пирамида дегеніміз (кейде оны инвестициялық пирамида деп те атайды) – жаңа адамдарды тарту арқылы, солардың қаражаты есебінен өзге қатысушылардың табысын қамтамасыз ету әдісі. Яғни, пирамиданың бірінші қатысушыларына табыс, кейінгі қатысушылардың салымы есебінен төленеді. Көп жағдайда соңғы қатысушының қаражаты қайтарылмайды.
2.Негізгі бөлім (6 мин):
Қаржылық пирамиданың белгілеріне кеңінен тоқталу.
«Менталды карта» құру.
Қаржылық пирамиданың қандай түрлері бар?
Қаржылық сауатты адамның ерекшелігі неде?
Сіз жағдайыңызды жақсарту үшін қандай қаржы құралдары мен қызметтерді пайдалана аласыз?
3.Қорытынды.
Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/FKicYDjYTW4?si=ZA-S-auI5fEgrTM-
№ 4 - САБАҚ: «ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕРЕК?»
Сабақтың мақсаты: Қауіпсіз еңбек туралы ақпарат беру, оны қамтамасыз ету жолдарымен таныстыру.
Негізгі міндеттері:
Жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек шартын талқылау;
Жұмыскердің құқы мен міндеттері туралы Еңбек кодексіне тоқталу;
Еңбек қауіпсіздігі тұрғысында жұмыскерге жүктелген талаппен таныстыру.
Сабақтың барысы.
1. Кіріспе (2 мин): Қауіпсіз еңбек жағдайлары – адамның негізгі құқықтарының бірі және «Қауіпсіз еңбек» ұғымының ажырамас бөлігі. Халықаралық еңбек ұйымы еңбекті қорғауды, еңбек стандарттарын, әлеуметтік диалогты, қызметкерлердің осал санаттарын әлеуметтік қорғауды дамыта отырып, лайықты еңбек қағидаттарын қалыптастырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындамау кәсіпорындардың экономикалық әл-ауқатына нұқсан келтіреді, оның тұрақты даму стратегиясына және жалпы алғанда ел экономикасына кері әсер етеді.
2.Негізгі бөлім (6 мин):
Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі. Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚжЕҚ) жағдайлары ҚР Еңбек Кодексімен реттеледі.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері:
- қауіп көздерін жою немесе шектеу, жабдықты жаңарту;
- технологиялық процестерді, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жетілдіру.
Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
Еңбек шартын жасасқан кезде жұмыскер өз еңбек функциясын қандай еңбек жағдайында атқаратыны және бұл жұмыс оның денсаулығына, өміріне қандай зиян тигізетіні туралы толық мәлімет алып, жұмыс орнында қауіпсіздік талаптарына қатысты жүргізілген аттестация қорытындысымен толық танысуға құқылы.
Жұмыскер мен жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан кезде екі тарап та өзара келісу негізіндегі әдісті қолдана алады. Жұмыс беруші нақты өз талаптарына сәйкес келетін жұмыскерді қабылдауға құқылы, ал жұмыскер көрсеткен қызметі үшін өзіне тиімді еңбекақы төлеуді талап етуге құқылы. Жұмыскердің құқықтары мен міндеттері Еңбек кодесінің 22 бабында ескерілген. Еңбек қатынастарына түскен әр адам осы заңды мұқият оқып шықса, өзіне жақсы.
3.Қорытынды. Сабақты қорытындылау, еңбек тақырыбына мақал- мәтелдер айту:
Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/DpMSqGKZBno?si=OhIfjkuMghn-2-vr
https://youtu.be/DpMSqGKZBno?si=H4966mKInWa91l_R
№ 5 - САБАҚ: «ӘРЕКЕТСІЗДІК ПЕН СЕРІКТЕСТІК ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК»
Сабақтың мақсаты: Қылмысқа қатысушылық ұғымын енгізу; топтық қылмыстық әрекетке қатысушылардың негізгі рөлдерін зерттеу; топтық қылмысқа қатысушылардың жауапкершілік дәрежесін анықтау; білім алушылардың теориялық білімдерін заңды фактілерді талдауға қолдану дағдыларын дамыту.
Негізгі міндеттері:
- жасөспірімдерде өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
- азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, заңды құрметтеуге үйрету.
Сабақтың барысы.
1.Кіріспе (2 мин):
Кәмелетке толған балалар қатысатын әрекеттер қылмыс сипатында болуы мүмкін немесе теріс қылық ретінде қарастырылуы мүмкін. Қылмыс та, теріс қылық та заң бұзушылық болып табылады. Екі жағдайда да оларды жасаған адам қылмыскер болып табылады. Бүкіл қоғамға қауіпті әрекеттер қылмыс болып саналады; қылмыстардың нақты тізімі Қылмыстық кодексте көрсетілген.
Балаға қай уақытта ойын-сауық мекемелері мен үйден тыс жерлерге баруға тыйым салынады?
Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады.
Ойын-сауық мекемелеріне:
- ойын мекемелері;
- түнгі клубтар;
- кафе-барлар;
- мейрамханалар;
- интернет кафе;
- компьютер;
- бильярд бөлмелері;
- боулинг клубтары мен кинотеатрлар.
Сағат 23.00-ден таңертеңгі 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз көшеде болуына тыйым салынады.
Егер бұл уақытта балалар үйдің ауласындағы орындықта отырса, қоқыстарды кешкі уақытта шығарса, өзі тұрған үйден 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция оны табудың себебін анықтауға, заңды өкілдерін құруға, оларды уақтылы анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған адамды оның заңды өкілдерін құру жөніндегі келесі шаралар үшін полиция органына жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Заңды өкілдер, мекеме иелері қандай жауапкершілікке тартылады.
Ата-аналарға, заңды өкілдерге кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінсіз түнде ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүргені үшін:
- кешкі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болса - 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;
- түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін үйден тыс жүретін болса – ескерту жасалынады.
Егер ұқсас факт жыл ішінде қайталанса, 7 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
Баланы тиісті емес уақытта болғаны үшін ойын-сауық мекемесінің иелеріне де айыппұл салынады.
Айыппұлдың мөлшері құқық бұзушының мәртебесіне, сондай-ақ құқық бұзушының жыл ішінде осындай бұзушылық үшін бұрын жауапқа тартылған-тартылмағанына байланысты. Айыппұл іс-әрекетті тоқтатумен немесе белгілі бір қызмет түрімен бірге қолданылуы мүмкін.
2. Негізгі бөлім (6 мин):
Рөлдік ойын: «Адал болу!».
Қатысушылар серіктес болып бірге атқарады.
Сұрақ-жауап:
«Қылмысқа қатысу» деген сөзді қалай түсінесіз?
Қылмысқа сыбайластар қандай жауапкершілікке тартылады?
«Жазалау» дегенді қалай түсінесіңдер?
Өзіңізге белгілі жаза түрлерін атаңыз.
Жазаның бір түрін толығырақ түсіндіріңіз.
3.Қорытынды.
Пайдалы сілтеме:
https://youtu.be/NHWYVHBHch4?si=eO08802OqPxTp3wt
№ 6- САБАҚ: «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ӘРЕКЕТ ЕТЕ БІЛУ»
Сабақтың мақсаты: Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Негізгі міндеттері:
Төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру;
«Жеті жұт» деген ұғыммен танысу;
Төтенше жағдайларда әрекет ете білу ережелерімен таныстыру.
Сабақтың барысы.
1. Кіріспе (2 мин):
Адам – табиғат перзенті. Тіршілікте төрт құдірет – Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп танданар» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарт болып саналады.
Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын мейірімге бөлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады екен.
Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай. Бұл - оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз жеті санын киелі сан деп біледі. Осыған байланысты айтылған «Жеті жұт» дегеніміз не? Құрғақшылық (қуаңшылық), Жұт (мал қырылу), Өрт, Оба (ауру), Соғыс, Топан су, Зілзала (жер сілкінісі).
2.Негізгі бөлім (6 мин): Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады да жергілікті экожүйелер, елді мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Сендер бұндай жағдаймен кездескенде сабырлық сақтап, өміріңді сақтап қалуыңа мүмкіндік жасау керек. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз. (Интерактивті тақтадан «Төтенше жағдай» атты презентация көрсету)
Топтық жұмыс: «Біздің түсінігімізде». Постер қорғайды. Әр топ қауіпті жағдайлар туралы ойларын жеткізеді.
Төтенше жағдай дегеніміз не?
Төтенше жағдайдың түрлері және сипаттамалары?
Төтенше жағдайларда ең әуелі не істеу керек?
3.Қорытынды.
Пайдалы сілтемелер: https://youtu.be/tAhDCJC0Ttc?si=IBfvcpWxZl_t9moS https://youtu.be/LF-svPIBQVw?si=OECgGeLiP_frsUj0 https://youtu.be/VjbLbO0uHIA?si=7viGekCfmv36Q5jV https://youtu.be/tApoEyYn2FE?si=DHdS5Xidrv5A8rJ1 https://youtu.be/DY3DRxWokn8?si=W3rUjZA2AHnxn6Dp
№ 7 - САБАҚ: «СЕКТАЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫНА ҚАЛАЙ ТҮСПЕУГЕ БОЛАДЫ? »
Сабақтың мақсаты:Секта туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.
Негізгі міндеттері:
- Діни сектаралардың бала өміріне қауіптілігін түсіндіру;
- деструктивті бағыттағы секталардың ұстанымдарын ажыратуға үйрету;
- Елін, жерін сүйетін, Отанын, тілін, ата-бабасының дінін қастерлей білуге баулу.
Сабақтың барысы.
- Кіріспе (2 мин)
- Негізгі бөлім (6 мин):
Деструктивті діни ағым немесе ұйым – бұл адамның санасы мен еркіне толық бақылау орнатуға ұмтылатын деструктивті діни немесе жалған діни ұйым.
Деструктивті культтерге тарту тәсілдері мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
- Әлеуметтік желілер ең тиімді және кең тарту жолы болып табылады.
- Спортпен айналысатын жас жігіттер мен қыздарды тартады. Спорт түрлерімен айнылысатын (күрес, бокс және басқа түрлері).
- Балалар үйлері, дағдарыс орталықтары, қарттар үйлері және мүгедектерге көмек көрсету орталықтары да қол жетімді.
Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, отбасыға, адам денсаулығына қатер төндіреді.
- Діни секталардың белгілері: ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «Бет ашар», «Сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға құран бағыштауды және т.б.) жоққа шығарады;
- Мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді;
- дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды кәпірлік жасайды деп айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға төзімсіздік танытады;
- Заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділік танытады;
- Заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алу және т.б.) орындаудан бас тартады;
- Медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады;
- Білім мекемелеріндегі жекеленген пәндерге (биология, дене шынықтыру, ән-күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.
Постер қорғау: «Қандай діни атты ұйымдарға тыйым салынған және оларға енуге болмайды?».
3.Қорытынды.
Пайдалы сілтеме:
https://youtu.be/mVKWd4Xkd7Q?si=spEFbKTVgePjbtQf
№ 8 - САБАҚ: «ШЫНАЙЫ ДОСТЫҚ ПЕН ЖАЛҒАН ДОСТЫҚТЫ АЖЫРАТУ»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру.
Негізгі міндеттері:
- Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сезіп қалыптастыру;
- Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына, өз ойын, пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;
- Оқушыларды достыққа адал болуға, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы.
1.Кіріспе (2 мин): «Ой қозғау» әдісі:
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде замандастары шешеннен:
Достық нешеу?- деп сұрапты.
Әйтімбет:
Достықтың 2 түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі - амал достық,- дейді.
Дұрыс-ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен: Адал достық - өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа - деп жауап беріпті. Осыны қалай түсінесіңдер?
2.Негізгі бөлім (6 мин):
Рөлдік ойын.
Екі дос арасындағы сүйіспеншілікті бейнелеу.
Жағдаяттан шығу:
- Саған досың өкпелі. Неге екенін білмейсің. 2 күн болды сені көрсе қашқақтайды. Сен не істейсің?
- Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды. Қандай шешім қабылдар едің?
- Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді. Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?
- Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувениріңді ұнатып қалды. Қайта - қайта оны қызықтаумен болды. Қимас досың сұраса берер ме едің?
3.Қорытынды (2 мин): сабақты қорытындылау, кеңес беру.
Достықты қадірлей біліңдер. Досыңның кемшілігін кешіре біл. Достық сезім нұр құяды сезімге, досым үшін тойым дағы, төрім де. Қуаныштың кептері боп самғаған, дос көңілдер шырқай берсін өмірде! Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер, адамгершілік нормалары, әлемнің татулығы - бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сендердің бойларыңда қаланды деп сенемін!
Пайдалы сілтеме:
https://youtu.be/gH3zqZPR4EQ?si=BqIN4gX0HtWlpK6T
№ 9 - САБАҚ: «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАНУ: ҚОРҒАУ ӘДІСТЕРІН ЖӘНЕ КӨМЕККЕ ЖҮГІНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БІЛУ»
Сабақтың мақсаты: Балалар қоғамда кездесіп отырған балаларға қатысты зорлық - зомбылық пен қатыгездіктің зияны мен салдары туралы түсінік беру, талқылау.
Негізгі міндеттері:
- бір-біріне мейірімді қарым-қатынасты, мейірімділікті, жанашырлықты, қайырымдылықты тәрбиелеу;
- оқушыларға өзін тұлға ретінде құрметтеуге және айналасындағы адамдарды құрметтеуге негізделген белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға көмектесу.
Сабақтың барысы.
1.Кіріспе (2 мин): Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің, балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы. Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отырады. Зорлық – зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу немесе ондай әрекеттерден сақтандыру адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау барлығымыздың міндетіміз.
2.Негізгі бөлім (6 мин):
Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау керек?
- Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау.
- Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек.
- Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет.
- Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – Конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.
«Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» ойыны.
Оқушылар 4 топқа бөлінеді, «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» тақырыбында постермен жұмыс жасау.
3.Қорытынды.
Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/a3IOUb8aFvI?si=lBpdAquO4py1lS6D
№ 10 - САБАҚ: «АДАМНЫҢ ЖЕКЕ ШЕКАРАСЫН ҚОРҒАУДАҒЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР»
Сабақтың мақсаты: Жеке шекара туарыл түсінік беру, жеке шекараны қорғау ережелерімен таныстыру.
Негізгі міндеттері:
- Жеке шекараның бұзылуының кең таралған түрлеріне тоқталу;
- Адамның жеке шекарасы: психологиялық, физикалық, эмоциялық түрлерін зерттеу;
- Адам өзінің жеке шекарасын қалыптастыруда ұстану керек негізгі үш ережені анықтау.
Сабақтың барысы.
1.Кіріспе (2 мин):
2.Негізгі бөлім
Жеке шекара әр адамға өзін жайылы ұстау үшін керек. Егер адам өзін жайсыз сезінсе, бұл кейін күйзеліске әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы, бейтаныс адам сізге сүйкеніп тұрса, рұқсатсыз қолыңыздан ұстаса, жаныңызға келіп отырса, көз алмай қарап тұрса немесе телефоныңыздағы хабарламаға көз салып оқып отырса, бұл сізге жайсыздық тудырады. Мұндай қылықтар жеке шекараны бұзуға жатады. Сонымен қатар, эмоциялық шекара деген де болады. Егер бейтаныс адам немесе жақыныңыз сізге ашуланып, дауыс көтерсе, ол да сіздің шекараңызды бұзғанға жатады. Себебі, бұл сізге жайсыздық тудырып тұр.
Жеке шекараны құру басқалардың сіздің өміріңізге араласпауына, өзіңізге сенімді болуыңызға көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, біздің эмоциялық, физикалық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етеді. Кейбір адамның санасында «жеке шекара» деген ұғым жоқ. Мысалы, ол біреудің затын рұқсатсыз алады, сұрамайды. Ондай адамдарда жеке шекара бала күннен қалып-таспағандықтан, өзгелердің шекарасынан рұқсатсыз өте береді. Сондықтан, өзгелердің де шекарасына құрметпен қарау керек.
«Есте сақта!»
- Ең алдымен, адам өзінің қалауын, қажеттілігін нақты білуі керек.
- Екіншіден, өз шекараларыңа сенімді болу.
- Біреу сізге ұнамайтын қағиданы ұсынса, өз шекараңызды қорғап, бас тарта білуіңіз керек.
- Өз шекараңыздан ұялмауыңыз керек.
- Үшіншіден, көмек сұраудан қорықпау қажет.
3.Қорытынды.
Пайдалы сілтеме:
https://www.youtube.com/live/H8OH6O90c8o?si=Te-ipkM6n3o2_1jo
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?