Қазақша тәрбие сағат: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Тілге құрмет - елге құрмет) » ZHARAR © 2017 | тілдер күні тәрбие сағаты , 22 қыркүйек тілдер күні тәрбие сағаты , тілге құрмет елге құрмет тәрбие сағаты , тілге құрмет елге құрмет ашық тәрбие сағаты




  • »

Қазақша тәрбие сағат: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Тілге құрмет - елге құрмет)

Қазақша тәрбие сағат: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Тілге құрмет - елге құрмет) казакша Қазақша тәрбие сағат: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Тілге құрмет - елге құрмет) на казахском языке

«Тілге құрмет – елге құрмет» (әдеби - музыкалық кеш. Апталықтың ашылуы)
Мақсаты: Оқушыларды ана тілін сүюге, қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Барысы: «Адай» күйі орындалады. Бір оқушы «Сүйінші! Сүйінші! Той басталды!»
Би: Қазақ биі
Жүргізуші: (жай музыка қосылып тұрады)
Туған тілім – тірілігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өшсе тілім, менде бірге өшемін,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін.
1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды. Біздің ата мекеніміз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан – достықтың киелі мекені. Республикамызда 130- дан астам ұлт өкілдері мекендейді Бүгінгі мереке Қазақстанда тұратын барша халық тілдерінің мерекесі. Ендеше, ортақ мереке құтты болсын, ағайын.
Қойылым: (Сахнаға ата газет оқып отырады. Бірнеше бала атаға келеді)
Б - О (бәрі): Ассалаумағалейкум, ата!
Ата: Уағалейкумассалам! Шүкір, жақсымын. Өздерің неғып жүрсіңдер?
Б - 1 (Аман): - Ата, осыф 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесі емес пе?
Ата: Иә, иә балам.
Б - 2: (Ақниет) Соған байланысты біздің мектебімізде үлкен мерекелік шара өткелі жатыр. Мұғаліміміз бізге тілдердің шығу тарихы, оның дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы біліп келіңдер деп еді
Б - 3: Біз сізден көмек сұрай келдік.
Ата: Е - е, түсінікті. Олай болса, тыңдаңдар. Жалпы тілдің шығуы ертеден басталады. Тіл бірден қалыптасқан жоқ. Ол бірте - бірте дамыды. Ежелгі адамдар сурет салу арқылы сөйлесетін болған. Дами келе тіл осы күнгі дәрежеге жеткен. Жер бетінде қанша халық болса, сонша тіл бар: қазақ, орыс, ағылшын, түрік, т. б. Ол тілдердің өздерінің қалыптастырушы, дамытушылары болған. Қазақ тілін алатын болсақ: Ахмет Байтұрсынов, Қ. Жұбанов қазақ тілінің дамуына үлес қосқан.
Б - 4 Рахмет, ата.
Ата: Мен білгенімді сендерге түсіндірдім, ал сендер не білесіңдер? Осы уақытқа дейін мектептен нені білдіңдер?
Хор. «Родина»
Ал, мен Мұхтар Шахановтың өлеңін оқып берейін.
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем,
Ел бетіне қалай ғана қараймын
Ана тілім!
Егер сені білмесем.
Ана тілім!
Дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.

Би: «Орыс биі»
Біз тек қазақ ғалымдарының емес, өзге ұлт өкілдерінің де өлеңдерін айта аламыз.
Язык согласия
Пожмем покрепче мы друг другу руки,
И насладимся радостью бесед
На языке общаемся мы русском
Он, словно воздух, нужен людям всем
Многообразен, уникален, строен
Проблемам вечным мчась наперекор
Объединяет судьбы и народы
И создает уверенность, покой...
Ему навечно другом нашим быть
Он поиогает мчаться нам сквозь годы
Мечтать о счастье, верить и любить
В прекрасные мгновенья в день ненастный
В душе и сердце каждого живет
Надежность тыла, будущее наше
И гордость, и движение вперед.

1 - оқушы: Иә, өлеңде, ән де тыңдадық, биді де тамашаладық. Ендеше, біз өзіміз шығарған өлеңді оқып берейік:
Ана тілім – асылым да, ардағым
Өркендей бер, ұмытылып қалмағын
Қуанар ем, шаттанар ем сен үшін
Ана тілде сайрап тұрса әр қазағым
Қадіріңді ұғынса екен ұрпағың
Өзіңменен бірге атады әр таңым
Биіктесе өсіп сенің мәртебең
Сол ғой менің өмірдегі арманым.

2 - оқушы:
Тілім менің тірегім,
Қорғап оны жүремін
Тілім барда күлемін,
Сол үшін өмір сүремін.
Өз тілімді сүйемін,
Өзге тілді білемін
Тілім жоғалса өмірден,
Не боларын білемін.

3 - оқушы:
Ана тілім - асылым,
Ана тілім - ғасырым
Ана тілім - жаным
Аялаған - әнім.
Ана тілім - тірегім
Сен деп соғар жүрегім
Ана тілді өтейік қастерлеп,
Осы менің тілегім.
Би: «Ағылшын биі»

Мейлі шарлап теңіз өттім, тау бастым
Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым,
Сонда - дағы сен қалмассың көкейден,
Сонда - дағы сені ұмыта алмаспын.
Ана тілім, күшім менің қуатым
Жырым сендік көкейімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды
Тізелесіп қатар жазса мың ақын.
В нашей школе учаться представители более 10 национальности, приглашаем их на сцену.
1 - Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы.
2 - Қазақстан - достықтың киелі мекені.
3 - Біздің туымыз - тәуелсіздік.
4 - Тілегіміз - бейбітшілік, тыныштық.
5 - Мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі.

Бәрі: «Қазақ тілін қастерлейік, достар!»
Хор «Атамекен»
Сөз соңы: «Әрқашан тілімізді құрметтеп, ақын, дана ата - бабаларымыздың қалдырған аталы сөздерін көңілге түртіп, тіліміздің мерейін асқақтата берейік, ағайын!»



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы | | 4 469
Рейтинг:
(голосов: 1)

KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы, тілдер күні тәрбие сағаты, 22 қыркүйек тілдер күні тәрбие сағаты, тілге құрмет елге құрмет тәрбие сағаты, тілге құрмет елге құрмет ашық тәрбие сағаты, тілдер күні тәрбие сағаты, 22 қыркүйек тілдер күні тәрбие сағаты, тілге құрмет елге құрмет тәрбие сағаты, тілге құрмет елге құрмет ашық тәрбие сағаты, Қазақша тәрбие сағат: Қазақстан халықтарының тілдер күні (Тілге құрмет - елге құрмет) сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .