Адам денсаулығына өрттің келтіретін зияны. өрт қауіпсіздігі
Адам денсаулығына өрттің келтіретін зияны
Мақсаты: Өрттен сақтану, өртті болыдырмау жөнінде түсініктер беру.
Ойын арқылы өрттен сақтану туралы дағды қалыптастыру.
Жауапкершілікке, ептілікке тәрбиелеу.
Коррекциялық мақсаты: сөздік қорларын дамыту, сөздерді анық айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: -Балалардың өрт туралы суреттері.
-Өрт сөндіру құралдарын салу.
-Суретті плакаттар.
-«Өртке қатысты»жаднамалар.
-Лозунгтер.
Жүру-барысы. І. Өтетін оынды безендіру, жасақтау.
І.2.Балалардың дайындығын пысықтап, киімдерін ретке келтіру.
І.3.Қажетті көрнекі құралдарды түгендеу, сайыс кезеңі бойынша рет-ретімен қою.
ІІ.Сайыстың басталуы.
Қайырлы күн ұстаздар, қонақтар, оқушылар!
Мектепішілік « Уақытты текке өткізбе, Тез хабар бер «101»-ге. » атты шарамызға қош келдіңіздер! От: досың әрі жауың. Оттың адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Егер, отты тым асыра дұрыс пайдалана алмасақ, біз үшін орын толмас зор қайғы-қасірет әкелері хақ. Сондықтан да осы отырған әрқайыссымыз отты пайдаланғанда аса сақ болуымыз керек. Тұрмыста отты үнемділікпен, жауапкершілікпен мұқият ережелерді сақтай отырып пайдалану керек.
Балалардың отпен ойнауы-өрт шығуының кең таралған себептерінің бірі болып табылады. Жалғыз қалған балалар көбіне сіріңкемен ойнап, оның арты қайғылы жағдайға әкеледі. «Өрт –тілсіз жау» деп бекер айтылмаған.
«101»-ге ХАБАРЛАСУДЫ ҰМЫТПАҢДАР!
Шарамызға қош келдіңіздер! Ортаға жеңіске деген жігермен алға ұмтылған топтарды ортаға шақырамыз.
( Екі топ ортаға келеді.)
Сайысқа қатысушы топтардың іс-әрекетіне баға беретін әділ-қазылар алқасын таныстырып өтейін.
Төрайымы.
Мүшелері:
ІІ.1. Сайысымыздың алғашқы кезеңі «Сәлемдесу.»
«Алау» тобы. Ұраны: «Тату болсаң, жеңіске жетесің!»
«Жалын » тобы. Ұраны: «Жеңіске жетуге талпынамыз!»
Төс белгілерін алмастырады.
2. «Кім тапқыр?» сұраққа жауап беру.
Жалын тобына:
-Өрт сөндіру қызметін шақыру үшін неге «101» нөмері таңдалынып алынған?
(себебі, ол-қарапайым, әрі оңай. Есте сақтауға жеңіл. Екіншіден, ол қысқа, қараңғы жерде де теруге ыңғайлы.)
-Өрт сөндіру қызметін шақыру кезінде 101-телефоны арқылы қандай ақпараттар беру қажет.
(өрт болған нысанның орналасқан мекен-жайын, өрттің шығу орны мен өзінің фамилиясын дереу хабарлау қажет)
-Өрт сөндірудің алғашқы құралдарына нелер жатады?
(2 көпіршікті өртсөндіргіштер, 2 шелек, күрек пен балта, багор, лом. Қалқан жанында құм салынған жәшік болуы керек.)
-Өрт болып жатқан үйдегі немесе пәтердегі терезені сындыруға бола ма?
( Болмайды. Себебі, сынған терезе арқылы үйге ауа келеді де, ол өрттің иодан әрі күшеюіне әкеледі).
Алау тобына:
-Егер үйде газ ашық қалып, үйге таралған жағдайда электр жарығын қосу керек пе?
( электр қосқышты, разетканы пайдаланған кезде жалын шарпуы мүмкін, осының нәтижесінде газдың жарылысы болады).
-Өрт сөндірушінің қызмет киімі қандай қызмет атқарады?
( өрт сөндірушіні судан, жоғарғы температурадан, өрт сөндіру кезіндегі түрлі травмалық жарақаттардан қорғайды).
-Пешке от жағу кезінде қандай өрт сөндіру ережелерін сақтау қажет?
(отынды бензинмен, керосинмен жағуға болмайды. Пешке жанармай материалдарын салуға және балалардың отты тұтатуына болмайды..)
-Төгілген бензинді қалай сөндіруге болады?
( құм төгіп тастау қажет немесе қалың матамен жауып өшіру керек).
3. «Тез әрі епті » ойыны.
Шарты: кедергілер арқылы жүгіріп өтіп, болып жатқан өртті өшіру керек. Жүгіріп келіп, келесі ойыншыға эстафетаны жалғастырады.
АЛҒАШ БОЛҒАН ТОП ЖЕҢІМПАЗ АТАНАДЫ.
4. ОТ ПЕН СУ ТІЛСІЗ ЖАУ-СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ.
Әр топтан 1-1 суретші шығып, сурет салады. Жұмыстарын таныстырып, қорғайды.
Топтың басқа мүшелеріне жұмбақ қойылады.
Жалын тобына:
-Жаурағанды күлдірер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. (от)
-Бір үйде тұрады екен 50 батыр,Үй сыртына сүйкенсе-ақ, өліп жатыр. (сіріңке)
-Көрмедім ешкім үйінде,
Қолданбас бұл бұйымды
Жазып қыртыс-қыртысын
Қонымды етер киімді.( үтік)
-Жалт-жалт етер,
Жалмап кетер. (от)
-Қалпағы бар, Жиегі жоқ
Аузы бар, иегі жоқ. ( шәйнек)
Алау тобына:
-Бар екен бір жалмауыз жалғанда артық
Жүреді, жүрген шақта өзі шалқып
Темір мен топырақ, тас суды жемес.
Басқаны жеп қояды қойсаң артып. (от)
-Кішкентай ғана мүсәтір,
Ол мүсәтір жоқ болса
Елдің бәрін мүсәпір. (сіріңке)
-Тұмсығы мықты,
Қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
-Желден желігеді,
Судан шегінеді. (от)
-Түймесін басқан,
Сәулесін шашқан. (электр шамы)
5. «Ептілер» ойыны.
-Ойын шарты: Ойынға қатысушы арқасында өрт сөндірудің алғашқы құралдары жапсырылады. Ойыншы артына қарамай тез табу керек.
Шарты: Ойынға қатысушының арқасына өрт сөндірудің алғашқы құралдары жапсырылады. Ойыншы артына жапсырылған құралды дәл таба білуі қажет.
( слайд арқылы сурет көрсетіледі)
6.«Алғашқы жәрдем» көрсету.
-сынған, қан кету, жарақат кездегі алғашқы жәрдемді айтып түсіндіру.
7. Жағдаяттар
Алау тобына:
-сендер түстен кейін сабаққа дайындалып отыр едіңдер, кенет асханадан өрт шықты. Өрттің жалыны күшті. Сен өз тобыңды 2қабаттан далаға қалай алып шығасың?( 2және 1 қабатты көрсету)
Жалын тобына:
-демалыс уақытында демалып жатырсыңдар. Сен кенеттен 2қабатта компьютер кабинетінен бастап өрт тұтанып жатқанын естідің. Өз тобыңды 3 қабаттан далаға қалай алып шығасың? (схема 3,2,1қабаттарды )
Алау тобына :-Ұйықтап жатыр едің, кенет бөлмеде үтіктен тұтанып жанып жатқан матаны немесе киімді көрдің. Сенің іс -әрекетің...
Жалын тобына:- Сенің көзің қарсы үйден өрттің басталып жатқанын байқап қалды. Сен нендей әрекетке көшесің , қандай мәлімет бересің?
8.Ойын
Шарты: Әр командаға берілген скакалкамен допқа дейін секіріп, скакалканы доптың орнына қойып, допты аяқтың ортасына қыстырып, командаға қайта жүгіреді де, эстафетаны береді.
Қорытындылау. Ұстаздар, оқушылар бүгінгі сайысымыз аяқталды.
Екі топтың мүшелеріне көп-көп рахмет. Әділ қазыларға сөз береміз.
Бүгінгі сайыста топтарға жанкүйер болған көрермендерімізде бар. Сөз кезегін жанкүйерлердің өрт туралы тақпақтарына береміз.
Мектептегі өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Мақсаты: оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру. Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: сюжетті суреттер, плакаттар, тірек –сызба, макет. Барысы. Оттың шығу тарихы. Мұғалім:Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «От – досымыз, от –жауымыз». Жалпы «от» деген сөзді қалай түсінесіздер? От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От –өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды.От қалай пайда болды? Ерте заманда алғашқы адамдар отты пайдалануды найзағайдан түскен оттан үйренді. Сол найзағайдан түскен отты сөндірмей пайдаланды. Барлығы аң аулауға кеткенде, бір адам от басында қалатын болған. Тамақты пісіріп жеуді де найзағай отының астында қалған еттен байқаған.От астында қалған ет шикі еттен дәмдірек екенін байқап, асты пісіріп жеуді үйренген. Сол заманнан –ақ оттың өте маңызды екенін аңғарамыз. От –өрісі кең түбір. Енді осы «от» түбіріне байланысты сөздерді терсек: отағасы, отау,отарба. Яғни мұннан шығатын нәрсе –«от» сөзі жылылықтың белгісі іспеттес. Оттың пайдасымен қатар зиянды жағы да жоқ емес. Қандай зияны бар, оқушылар? Оқушылар: Өртену, күю, жану, жарақат алу. «Отпен ойнама, күйесің» дегендей оттың зиянды жақтарына тоқталсақ: Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады. Өртенген дала. Күйген ас. « Өрт –тілсіз жау» атты бөлімімізде өрттің шығу себептері туралы айтамыз. Бұл тарауда сіріңке, темекі, үтік, газ суреттеріне не айта аласыңдар? (сурет көрсетіледі) Өрттің шығу себептері:1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса; 2.Шырпымен ойнаса; 3.Үтікті қосып кетіп қалса; 4.Газды ашық қалдырып кетсе; Өрт қауіпсіздігін білу- әр оқушының міндеті. «Сақтықта қорлық жоқ» деп аталатын бұл бетте оқушылар өрт қауіпсіздігін айтып береді және өрт қауіпсіздігіне керек құралдардың суреттерімен жұмыс жүргізеді. Жағдаяттық сұрақтар. Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз. 1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің? 2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады.Не істейсің? 3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің? 4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің? 5.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің.Мұндай жағдайда не істер едің? От туралы мақал –мәтелдер айтайық. 1.Отпен ойнама,күйерсің. 2.Ойын түбі –от. 3.Отын деген шөп болар, Жинай берсең көп болар. 4.От жақпа-пісерсің, Ор қазба –түсерсің. 5.Сумен ойнама –батарсың, Отпен ойнама –күйерсің. 6. От пен су –тілсіз жау. 7.Өзі саққа құдай жақ. 8.:Сақ жүрсең сау жүрерсің. 9.Сақтықты сұңқырдан үйрен. 10. Жау жоқ деме –жар астында. Бөрі жоқ деме –бөрік астында. Мін, балалар бүгін біз «От –досымыз, от -жауымыз» деген тақырта тәрбие сағатын өткіздік. Жоғарыда айтылғандарды естеріңде сақтап, әдепті оқушы болып жүріңдер.
Мектептегі өрт қауіпсіздігі
Әрбір адам өмірінің белгілі бір кезеңінде мектеп маңызды рөл атқарады. Оқушылар үшін бұл тек білім алатын орын ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас көзі. Мұғалімдер үшін бұл жұмыс, сондықтан бұл жер ыңғайлы және қауіпсіз болуы тиіс.
Мектеп жасында, белгілі болғандай, өмірлік маңызды танымның көпшілігі, соның ішінде өрт қауіпсіздігінің қарапайым дағдылары да, белсенділік көбірек байқалатын ойын іс-әрекетінің негізінде беріледі. Әрине, оқушылардың мектепте болатын кезіндегі іс-әрекетінің негізгі түрі – бұл оқу. Алайда, айтылып отырған жағдайдағы сөз оқу пәндерінің мазмұны туралы ғана емес, сонымен қатар мектепте өрт қауіпсіздігі дағдыларына үйрету қажеттілігі туралы болып отыр.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін оқыту жалпы білім беру процесімен тығыз байланыста, сабақта да, сабақтан тыс және мектептен тыс іс-шараларда да өткізіледі. Өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау бойынша берік дағдылар ұзақ және жүйелі түсіндіру жұмысы арқылы қалыптасады. Сабақ өткізген кезде мектепте немесе аудан, қалада аумағында болған (өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзуға тән жасырын темекі шегу, өрт қауіпті кезеңінде тыйым салынған жерлерде от жағу, өрттер және т.б.) оқиғаларды ескерген жөн.
Өрт тақырыбындағы сабақтар оқушылардың қоғамдық меншік қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін тудыруы, отты, электр аспаптарын, тұрмыстық химия және т.б. құралдарды пайдалану кезінде оларға мұқият болуын үйретуі тиіс. Өртке қарсы түсіндіру жұмысы оқушылармен сабақтарды, ата-аналарымен әңгімелесуді, тақырыптық кештер мен викториналар ұйымдастыруды, өртке қарсы тақырыпқа плакаттар мен ұрандар дайындауды, қабырға газетінің нөмірлерін шығаруды, өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен және ардагерлерімен кездесуді, өртке қарсы тақырып бойынша шығармалар мен сурет конкурсына қатысуды және өрт-техникалық орталықтарына баруды, мектептегі өртке қарсы үгіт-насихатты, өртке қарсы тақырыпқа плакаттар мен әдебиеттер көрмесін ұйымдастыруды, өрт бөліміне экскурсия жүргізуді және өрт сөндіру техникасы және өрт жарағымен танысуды, өртке қарсы тақырыптарға арналған кинофильм және бейнероликтер көрсетуді қамтиды. Ата-ана жиналыстарына, мектеп ішілік линейкаларға және сынып жиындарына өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерін әлсін-әлсін шақыру қажет. Өрт орындарының фотосуреттерін көру оқушыларға эмоционалдық әсер етеді. Мұнымен қоса оқушыларға бұл өрт пен басқа өрттердің себебін, әсіресе балалардың тентектігінен болған өрттерді міндетті түрде әңгімелеу керек.
Мектепте әлсін-әлсін көрнекі оқу эвакуациясы жүргізілуі тиіс. Оқушылардың өрт қауіпсіздігі ережелерін игеруі, олардың тиісті дағдыларды меңгеру жұмыстары, егер оқушылар оларды жүзеге асыру қажеттілігін саналы түрде қабылдаған жағдайда табысты болады. Мектеп жасы үш кезеңге бөлінеді: кіші, орта және жоғары сынып жасы. Оқушылардың әр жастағы кезеңі өзінің физикалық және психикалық ерекшеліктерімен, мектептегі және өмірдегі әлеуметтік дәрежесімен, сәйкесінше, өрт немесе өзге қауіп-қатерді білдіретін ойындарымен ерекшеленеді. Кіші мектеп жасындағы балалар мұғалімнің, ата-ананың және басқа да балалардың пікіріне көбірек бағдарланады. Орта мектеп жасында немесе жасөспірім шақта ересектік сезімі, жаңа талаптар пайда болады, өзін-өзі бағалау қалыптасады, физикалық даму және биологиялық жетілудің қалыптасуы жүреді. Жоғары сынып жасында кез келген белгісіз жағдай кейбір қауіптің болуын болжайды. Мұнымен қоса, бұл жаста қауіп - қауіптің «құны» секілді бағаланбағанындай артық бағалануы да мүмкін.
Өрт, авария және басқа шұғыл жағдай балалар үшін болжап болмайтын салдар (есеңгіреу, тұтығу және т.с.с.) әкелуі мүмкін эмоционалды шиеленіспен қатар жүретіні белгілі. Мұндай құбылыстарды болдырмау үшін балаларды мұндай «төтенше оқиғаларға» байсалды қарауға, яғни эмоционалдық шиеленістің алдын алуды үйрету қажет. Басқа оқу пәндерінен (мысалы, химиядан) білім алу арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретуге бағытталған арнайы сабақтарды оқу бағдарламасына енгізу осындай жаттығудың функциясын орындайды.
Мектеп оқушылары арасында өртке қарсы түсіндіру жұмысы жалпы оқу-тәрбие процесімен тығыз байланыста, сабақ кезінде де, сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларда да жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс екенін ескеру керек. Өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтаудың берік дағдылары адамда ұзақ және жүйелі түсіндіру жұмыстары кезінде ғана қалыптасатынын ұмытпауымыз керек.
Мектеп оқушылар мен мұғалімдерді біріктіре отырып, балаларға терең ықпал етеді, сондықтан мектеп оқушыларын өрт қауіпсіздігінің дағдыларына баулу мектеп өмірі үшін әдеттегі іс, ал өрт қауіпсіздігі идеологиясы жалпыға бірдей қабылданған норма болуы керек
Адам өмірін өрт қауіпсіздігінен сақтандыру шаралары

Мектеп оқушылар мен мұғалімдерді біріктіре отырып, балаларға терең ықпал етеді, сондықтан мектеп оқушыларын өрт қауіпсіздігінің дағдыларына баулу мектеп өмірі үшін әдеттегі іс, ал өрт қауіпсіздігі идеологиясы жалпыға бірдей қабылданған норма болуы керек.
Өртті сөндіру құралдары мен жолдары Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 % ) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді өрт сөндіруші заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады. Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді. Мұнай өнімдеріндегі болған өрттерді сөндіруде өртті галландірленген калиреудегі негізіндегі өртті басуға арналған құрам көп қолданылады. Өртті өшіруде екікөмірқышқыл және көмірқышқыл содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың арасын бөгейді. Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе бастасы мен көпірік пайда болып химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен қатар үлкен қысым пайда болады. Соның арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды. Ол өрт сөндiргiштiң көбiк атқылау мерзiмi 60 см. Көпiрiктiк өрт сөндiргiштердiң артықщылығы көптеген жанып жатқан заттарды өшiруге мүмкiншiлiгi бар сондай –ақ жанып жатқан сұйық заттарды(май, керосин, бензин, мұнай) заттарды қондырғылар мен құралдарды сөндiрушiн көмiр қышқылды өрт сөндiргiштi пайдаланады. Мұндай өрт сөндiргiш металл балоны түрiнде кездеседi. Оның iшiнде қысымы 170 кг\см -ден тұратын сұйық көмiрқышқыл болады. Баллон қорғағыш мембраномен қамтамасыз етiлген. Жанып жатқан затты сөндiру үшiн баллонның шашу түтiкшесiн артқа қарай бұрып жақындатсақ жеткiлiктi мұндай өрт сөндiргiштердiң өрт сөндiруге кететiн уақты 25 –60 секунд. Ал атқыламаның ұзындығы 1,5 –3,5 метр. Өрт сөндiрудi пайдалану ережесi бойынша өртсөндiргiш баллоны әр 3 айда зарядталуы тиiс. Барлық өндiрiс орындарында арнайы өрттi сөндiруге арналған құралдардан тұратын болады. Ол шиттер өрттi сөндiруге керек(шелек, балта, лом) қамтамасыз етiлу керек. Бұл құралдарды басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Өндiрiс орындарында арнайы өртке қарсы су құбырыда болуы тиiс. өртке қарсы су құбыры үлкен және кiшi қысымды болып келедi. Үлкен қысымды су құбырына станоктарды су құйғыш орнатылады. Ал кiшi қысымды су құбыры жылжымалы су құйғыштармен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру су құбырларының гидранттары жолдың бойында және бiр –бiрiнен 100 –150 м қашықтықтан сонымен қатар ғимарат қабырғасынан 5м қашықтықтан кем болмайтын жерде орналасады. Өрт сөндiру гидранттары ғимараттардың баспалдақ ауласында да орналасуы мүмкiн. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланатын перспективтi бағыттардың бiрi автоматты өрт сөндiргiш қондырғылары. Ондай қондырғыларға спринклерлiк және дренгерлiк қондырғылары жатады. Дренчерлiк өрт сөндiргiш қондырғысы өртте сумен автоматы және қашықтықты жүйеде сөндiредi. |
12 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?