Ұлттық валюта теңге күні - 10 сынып


(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Күні:

11.11.2024

Сынып: 10 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Ұлттық валюта теңге күні

Құндылықты дарыту

Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.

ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.

Қауіпсіздік сабағы

«СІЗГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҒЫМСЫЗ СӨЗДЕРГЕ ЖАУАП БЕРУДІҢ ТИІМДІ СТРАТЕГИЯЛАРЫ»

Мақсаты

оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, эмоциясын бақылай білуге үйрету.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Кіріспе бөлім (5 мин)

  • Ұйымдастыру сәті. Оқушыларды сабаққа дайындау.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім (25 мин)

  • Теңгенің пайда болу тарихы

Теңге 1993 жылы 15 қарашада ресми түрде айналымға енгізілді. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін өз ұлттық валютасын енгізу қажеттілігі туындады. Ол елдің егемендігін нығайтып, экономикалық тәуелсіздігін күшейтуге жол ашты.

  • Теңгенің атауы мен символы

Теңге атауы көне түркі тіліндегі «денге» сөзінен шыққан, ол бірлікті білдіреді. Теңге символы "₸" белгісімен белгіленеді және оның мағынасы тұрақтылық пен сенімділікті көрсетеді.

  • Теңгенің дизайны мен ерекшеліктері

Қазақстанның алғашқы теңге купюралары Англияда басылды. Қазіргі таңда купюралар мен монеталардағы көркем суреттер елдің мәдениеті мен тарихын бейнелейді. Жаңа купюралардағы портреттер мен ұлттық рәміздер Қазақстанның өзіндік ерекшелігін айқындайды.

Миға шабуыл:

Оқушыларға "Ақша дегеніміз не?" деген сұрақ қойылады.

Әрбір оқушы өз ойларын ортаға салады.

Ақшаның пайда болуы мен тарихы:

Ақша адамзат тарихында сауданың пайда болуынан бастап маңызды орын ала бастағанын түсіндіру.

Алғашында тауарлар айырбас арқылы қолданылса, уақыт өте келе монеталар мен қағаз ақшалар пайда болғанын айту.

Оқушылар жауап береді. Ақша туралы өздері білетін мәліметтерін айтады

Валюта түрлері

Әртүрлі валюталармен танысу: теңге (KZT), доллар (USD), еуро (EUR), рубль (RUB), юань (CNY), т.б.

Әр елдің ұлттық валютасын атап өту және олардың белгілерін зерттеу.

Әр валютаның өз бағасы болатынын түсіндіру.

Тапсырма: Оқушыларға әртүрлі валюталар туралы ақпарат жинап, олардың қай елге тиесілі екенін жазу.

презентация

Сабақтың ортасы

Теңгенің экономикалық маңызы

Теңге Қазақстанның экономикалық дербестігін айқындайды. Өз ұлттық валютасы болғандықтан, елдің ақша-несие саясатын дербес жүргізуге мүмкіндігі бар. Бұл инфляция, айырбас бағамы секілді экономикалық көрсеткіштерді реттеуге көмектеседі.

Сұрақ-жауап

Оқушыларға теңге туралы сұрақтар қою: оның қай жылы шыққаны, алғашқы дизайны, валютаның маңыздылығы туралы.

Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге:

Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде өз валютасы – теңгені 1993 жылы қабылдағанын айтып беру.

Теңгенің алғашқы монеталары мен қағаз ақшалары, олардың сыртқы түрі мен ерекшеліктері жайлы түсіндіру.

Ұлттық валютаның дизайны мен қауіпсіздік белгілері туралы айту.

  • Қаржылық сауаттылық:

Ақшаны тиімді пайдалану және үнемдеудің маңыздылығын түсіндіру.

Қаржы үнемдеу жолдары: бюджет құру, керек заттарға ғана ақша жұмсау, артық шығындарды болдырмау.

  • Жаттығу:

Оқушыларға виртуалды бюджет құру тапсырмасы беріледі. Олар өздерінің күнделікті қажеттіліктеріне сәйкес шығындар жоспарын жасап көреді.

Сабақтың мақсатына қаншалықты қол жеткізгендерін талқылау.

Оқушылардан сабақ туралы ойларын тыңдау, олар не үйренгенін, қандай жаңа мәлімет алғанын бөлісу.

Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Теориялық ақпарат

Валютаның түрлері: ұлттық валюта, шетелдік валюта, айырбасталатын және айырбасталмайтын валюта.

Валюта бағамының қалыптасуы және оған әсер ететін факторлар (нарықтағы сұраныс пен ұсыныс, экономикалық жағдай, инфляция деңгейі).

Доллар, еуро, юань сияқты әлемдік негізгі валюталар туралы ақпарат.

Топтық тапсырма

Әр топқа әртүрлі елдің валютасын зерттеу тапсырмасы беріледі (мысалы, 1-топ: АҚШ доллары, 2-топ: еуро, 3-топ: Ресей рублі және т.б.). Олар валютаның тарихын, маңызын, қолдану салаларын таныстырады.

Тапсырма: Валютаның инфляциядан қалай өзгеретінін бақылау. Инфляцияның адамдардың сатып алу қабілетіне әсерін мысалдармен түсіндіру.

Тапсырма: Әлемдік экономикадағы маңызды валюталарды атау және олардың өзара қарым-қатынасын зерттеу.

презентация

Қауіпсіздік сабағы

  • Кіріспе

 Есте ұстаңыз, кез келген адамды басқару үшін алдымен оның эмоциясын басқаруды үйрен дейді психологтер. Олай болса сізді басқалар басқарып жүр. Сіздегі көңіл күйді неге өзгелер басқаруы керек? Ол сізге тиесілі ғой. Ендеше, өзіңізді өзіңіз басқарғыңыз келсе, эмоцияларыңызды бағындырып үйреніңіз. «Ит үреді, керуен көшеді», өмірде өзгенің жағымсыз сөзі мен ұнамсыз жайттар ешқашан таусылмайды, тек олардың кейбіріне көңіл аудармай өтіп кеткен жөн, елемей естімеуге тырысқан дұрыс-ақ, сонымен қатар барлық жайтты сабырмен және заң аясында шешуге болады.

  • Негізгі бөлім (6 минутқа дейін)

 «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», «Сөз сүйектен өтеді» деген өнегелі нақылдарын қалдырған ата-бабамыз сөздің құдіретін жете сезінген дана болған. Сөз арқылы адамның көңілін көтеруге де, мұңайтуға да, күлдіруге де, жылатуға да болады. Сондықтан да, жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер деген сөз бекерге айтылмаса керекті.

 Жақсы сөз жанды жадыратады. Позитивті мағынада айтылған әр сөз жағымды әсер қалдырады. Жалпы алғанда, айтылған сөздердің позитивті және негативті әсерлері бар екені бағзы заманнан бері белгілі. Медицина ғылымы жақсы дамымаған заманда халық дауаны дұғалар мен жақсы тілек сөздерден тапқан. Ал әдепсіз және балағат сөздерді айтудың өзін қарғыс деп есептеген. Тіпті, сол заманда адамдардың ойында балағат сөздерді айтудың дұрыс еместігі туралы болжамдар болса, бүгінде ол сөздердің зияндығы ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Сол себепті, не ойлап жүргеніңізге, қандай кітаптар оқып, қандай ақпараттар қабылдап жатқаныңызға, айналаңызға қандай сөздер айтып, қандай сөздер естіп жүргеніңізге аса мән беріңіз.

Өміріңізді жақсарту да, құлдырату да өз қолыңызда!

Дөрекілікке тиімді жауап берудің стратегияларымен бөлісу.

3. Қорытынды.

Пайдалы сілтеме:

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу