Тақпақтар


Тәуелсіздік - тұғырым

 Азат күн туды қырандай еркін самғаған,
Асыл арманы ақиғат күнмен жалғаған
Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы
Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған..... 

Тақпақтар
Толық

Достық пейіл

Дос дегенің серігің,
Дос дегенің адалдық.
Бірге жүріп бірге өскен,
Достық деген шын пейіл.

Доссыз өмір сүргенің
Көйлеңкеңмен жүргенің.
Досың бір сәт қиналса,
Түсін оның жүрегін.
Тақпақтар
Толық

Кітап

Кітап деген данышпан ой біліңдер,
Кітап ақыл сенімді дос сеніңдер.
Кітап ашқан - әрбір адам көздерін
Кітап оқы, боласың шын кемеңгер.....
Тақпақтар
Толық

Ана

Анашым күн нұрындай сәуле шашқан
Мейірімді жүрегімен баулап алғаш.
Кіп кішкене кезімде кірпік қақпай,
Түніменен әндетіп мені баққан.

Ана деген әлемнің күнімен тең
Күн болмаса әлемнің мәні неден?
Сол секілді анаңныңда орыны бөлек,
Ана асыл жүректің әнімен тең.
Тақпақтар
Толық

Белгісіз мезгіл

Бұл қай мезгіл?
Жаз ба, күз бе,
Қыс па, көктем бе?
Жоқ. Төрт мезгілдің орны аусып кеткен бе?
Кезек-кезек ауысады төртеуі
Біреуі кетеді, келесісі жеткенде.
Тақпақтар
Толық

Алақай, қыс келді

Алақай-ау, балақай!
Қыс келді ғой, балақай!
Шаңғы теуіп ойнайық,
Аққала да жасайық.

Қатты борнан соғады,
Қарда қалмай жауады.
Егер олай болмаса,
Жерді тұман басады.

Тақпақтар
Толық