Әңгіме: Насыреддин Қожырбайұлы | Бақташы

Әңгіме:  Насыреддин Қожырбайұлы | Бақташы казакша Әңгіме:  Насыреддин Қожырбайұлы | Бақташы на казахском языке


Қуатты қол көк желкесінен ұстап тік көтеріп алғанда дем жетпей жаны көзіне көрінген болатын, әйтседе қанына біткен қайсарлықпа әлде, ауырғанның не екеннін сезетін кезге жетпеген бе, дымын шығармай іштен тынды. Мынауың нағыз төбет болада әй, - қарашы сесін шығармауын, -деп Болат күліп қойды. Енесінің бауырынан шығып осы үйге тұрақтағалы бір шама уақыт болған сияқты, тарамыстанып өзі өсіп келеді, бұрынғыдай емес, ызаланып тісін ақситқанын да қойған, таңеретеңнен қара кешке дейін Жантастың қасынан бір елі қалмай түйелерді бірге бағысып келетінді шығарды. Кейде күшік қиялы алысқа шарлап, көзін тырнап ашқаннан бастап бауырларымен бірге ала қаншықтың төсін сорғылап, қарынын тойғызып алып, алысып - жұлысып ойнағандарын, көрші үйдің қара -ала мысығы ысылдып айдаһарша айбат шегіп, тап-тап бергенін, ана қаншықтың әрі кетшей, - дегендей зілсіз ырылдағандарын еске алып отырғаны. Алыпсоқ деген атына сай нағыз қазақы төбет болып өсіп келеді, Күжірейген жон арқасы, сұсты қабағы, өзі құралпы күшіктер түгілі үлкен ауыл иттерінде қаймықтыратын сияқты.

Осы бір ұзын арық шал көзіне ып-ыстық, соның қас қабағына қарап жатқаны, енді қайтсін көзін ашқалы осы шалдың айналып, толғанып еркелетуінен басқа жамандығын көрмепті. Қоңырым, Алыпсоғым, -деп басынан, құлақ түбінен жұлмаласа, елжіреп тәтті сезімге елітіп, есінеп көзін жұматын. Алып соқ бар ана қаран су алғырды қайтаршы десе, ұшып тұрады да жүгіріп ала жөнеледі, құтақандай күшіктің, шәуілдеп үргенінен қыңатын түйе ме, бетімен кете барады. Қап бәлем өсіп алайын әуселеңді көрсетермін әлі, -дегендей қоңыр күшік ырылдап үріп қояды. Екі түйені тұсап қойып, біршама уақыт шөп шабады да, күн ысып кетсе, қап, қанарлардан күрке жасап, қоңыр күшік екеуі, бір сәт көлеңкелеп отырғаны. Бүгін, қапылып жүріп суды құйып қойған ыдысын да ұмытып кетіпті, енді өзі ішетін айраннан басқа ештеме жоқ. Қоңыр күшікке күнде кесеге су қойып беруші еді, енді оның орнына амалсыздан айран құйып берді. Шөлден әбден діңкесі құрыған күшік айранды жалап жұқтап қойды. Мынадайда тәтті сұйықтық болады екен ғой, баяғы ұмыт бола бастаған ана сүтін көз алдына елестетті.

Тағы да күшік қиялға шомды, бұл жолы екі аяқтылар жайында ойға батты. Осылардың былдырлаған тілдерін түсінбеседе, қас қабақтарына қарап, көңіл күйлерін, өзіне деген қарым қатынастарын дөп басып түсінетін халге жеткен. Жантас шалмен бірге өрістен тілі салақтап келгенде, алдарынан бәйбіше жадыраңқы қарсы алатын еді. Жәкем ау бүгінгі шапқан шөбің тым аз ғой жақсы жер таба алмадыңдар ма десе, оған, мына Қоңырдың суын ұмытып кетіппін, содан көп қыдыруға күшікті шөлдетіп алам ба деп, алысқа ұзамадым, деп жауап қатқаны. Осы бір бәкене кемпірдіңде өзіне деген ыстық ықыласын сезетін сияқты. Күшігім, -десе іші жылып қоя береді, күнде алдарынан шығып қарсы алмаса алағызып іздейтінді шығарды, Кемпірің көрінбейді ғой, - дегендей Жакеңе қарап шәңкілдеп үріп қояды.

Бүгін сәскеге дейін қораға қарап жан баласы аяқ баспады, қоңыр күшік, бұларға не болды, мына түйелерді шығармай ма екен дегендей үй жаққа қарап үріп қояды. Жакеңнің ауырып жатып қалғанын қайдан білсін, түйелерді бәкене кемпір өзі шығарып, аяқтарын тұсап өріске қоя берді де кейін қайтты. Бірге еріп барған қоңыр күшік кері қайтар емес, түйелердің соңынан кетіп барады. Қасқа, шөлдеп өлдесің ғой, кері қайт, кешке Болат алдарынан шығып тауып алар дегеніне де түсінбеді әрине, немесе көнгісі жоқ. Қайткенде де түйелерден бір елі қалмай еріп келеді. Түйелер де бұрынғыдай емес, сен ақ шәуілдеп қоймадың ғой, жарайды сенің ақ айтқаның болсын дегендей, ырыққа көнетін сияқты ма қалай. Бүгін күндегідей емес уақыт өтіп болсашы, күрке жасап, су беретін Жәкеңде жоқ, күшік көңіл бос қиялдап жатыр, тек үйге аман сау түйелерді айдап апарса болғаны, іштен тас түйін боп соған бекіп алған.

Түйелердің ізіне еріп шаршаған бала күшік бір сәт дамылдап жатып еді көзі ілініп барады екен, шошып оянды, бағына түйелер онша алысқа кете қоймапты сонадайдан қарайып зорға көрінеді. Сүйретіліп орынан тұрды, кешкі мезгіл жақындап, күннің райы қайтқан сияқты ма, салқындау жел соғып тұр. Тырылдаған дауыс естіліп көк жүйектен шаң көрінді, өзін жәшігіне салып алып талай қыдыртқан Болаттың темірден жасалған бәлесі екен, демде көрмей үстінен өтіп кетті. Түйелерді кері айдап келе жатқан Болат, өзін тастап кететіндей болып көрінген, алдарынан шәуілдеп үріп жүгіре жөнелді. Анадайдан көрінген қоңыр күшікті әкесін көргендей қуанып қарсы алған Болат, көтеріп алып жас балаша еркелетіп, құлағын жұлмалап әлек. Қоңырым ау шөлдеп қалыпсың ғой, бақташым ау, -деп әкелеген суын алдына тосуда. Мақтағанға масайраған бала көңіл қоңыржай әуенмен үріп қояды.

Бұл күнде қоңыр күшік тарамыстанып өсіп көк жал төбет болған, шын мәнінде нағыз бақташының өзі. Екі түйені айдап алып кетіп кешке қызыл іңірде қайта айдап кері әкеледі. Түйелерде әбден Алыпсоққа үйреніп алған, айдағанына көніп бір елі шашау шығатын емес. Жәкеңде алда қашан жазылып кетседе, ендігі жерде, көп далаға шыға бермейді, немересін ермек етіп үйде отырғаны, анада Болат қысқа жететіндей қылып дем алысында шөп шауып әкеліп берген. Жәкең кемпірімен екеуі Алыпсоққа деген көңілдері мүлдем ерекше, жеті қазынаның бірі ғой, бір адамның жұымысын атқарып келеді, құтым ғой менің - деп қоңыр төбеттің алдыннан шығып асын құйып, ыстық ықыласын білдіріп әлек. Десе дегендей осы қоңыр төбет бұл үйге құт болып келгендей, соңғы екі жылдың ішінде Болаты үйленіп, немере де сүйіп отыр, аманшылық болса екіншісін күтуде. Қоңыр төбет осы өмірге тек қана түйе бағу үшін келгендей, өзге ауылдың иттері құсап, бейсеубет қыдырып, немесе күл қоқыс аралап, босқа қаңғу дегеді білмей келеді. Алты ай жазыңмен екі түйенің құйрығынан ұстап, бір елі қалатын емес., құдды адам сияқты айыбы тілі жоқ.

Соңғы кезде қара маяның ботасы тайлақ болып, бірге жайылатынды шығарды, ботасын қасына ерткен түйенің үйге қайтқысы келмейтіні айдан анық, қоңыр нар, болса да бойдақ, оған бәрі бір, үйір көріп қара маядан бір елі қалмай жүр. Ендігі жерде Алыпсоқтыңда жүгі ауырлай бастады, кешке таман үйге қайтқысы келмейтін түйелерді кері қуып әлек. Қара мая аяғын тарпып Алыпсоққа айбат шегетінді шығарды, қарынға жабысқан талақ құсамай кетші әрі, саған не жоқ, - дегендей аузынан көбік шашып боздап қояды. Десе де күшік кезінен әбден сіңісіп кеткен Алыпсоқтан шынтуайтқа келгенде қаймығатын сияқты, алға басқан аяқтары кері кетіп амалсыздан үйге қарай жүре баcтайды.

Қоңыр төбеттің екі – үш күннен бері, денесі ауырлап, түсініксіз бір күй кешіп жүр, түнге қарай ішін тартып ұлыйтынды шығарды, мына Алыпсоққа не болған, қара басыңа көрінгір, ұлығаны несі, -деп Жәкең күңкілдеп қояды. Бүгін күн ыссы болатын түрі бар, түйелерді ертерек шығару керек, салқынменен жайылып алсын, Алыпсоқта болмай жүр соңғы кезде, -деп бәкене кемпір Жакеңді ерте тұрғызды. Салы суға кеткен қоңыр төбет әлдене бір жамандықты сезгендей, алға басқан аяғы кері кетіп, түйелерге әрең ілесіп барады.

Екі күнен бері ит атуға шыққан жалдамалылар ауыл арсындағы қаңғыған иттерді тауысып, ауыл маңына шыққан сияқты, алыстан тарсылдаған мылтық даусы естіліп келеді. Бүгінгі қатты ыстықтан шөлдеген түйелерде Алыпсоқты көп қиналтпай ауылға қарай аяңдай бастады.

Атпай ақ қойшы мынау қаңғыбас итке ұқсамайды ғой, -деген жолдасының айтқанын елең қылмаған қанды қол шүріппені басып қалды. Осы кезге дейін екі аяқтылардан еркелетіп басынан сипағаннан басқа ештеңе көрмей өскен қоңыр төбет, өзіне қарай бірдеңені шошайтқан адамға қарап қалыпты, көзінде, айдалада неғып жүрсіңдер, түйелерді үркітесіңдер деген сұрақ тұр. Шаңқ еткен ащы дауыспен қоса қаңқ еткен өзінің даусы бірге шықты, жер шыр көбелек айналып құлап бара жатты. Итте болса бес күндік мағыналы өмірі,көз алдынан тізбектеп өте бастады. Қап түйелер үйге бармай қаңғып кететін болдау, -деген көмескі ой мен бірге көзінен ыршып шыққан бір тамшы жас бейкүнә өмірін қиған тағдырына лағнет айтып домалап бара жатты.




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Насыреддин Қожырбайұлы Бақташы туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Насыреддин Қожырбайұлы Бақташы на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Насыреддин Қожырбайұлы Бақташы туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Насыреддин Қожырбайұлы Бақташы на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган интере, Әңгіме: Насыреддин Қожырбайұлы | Бақташы ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер