Шығармалар


Тәуелсіз ел – бабалар арманы

Елу жаста «елім бар» деп айта алмай,
Кетпес естен күйінгенің мұңлы Абай.
Қасым Аманжолов

Қазіргі қоғамда, әсіресе жастар арасында еліміздің тәуелсіздігіне салғырт, немқұрайлы қарау етек алып бара жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Бұл құбылыстың негізгі себептерінің ең бастысы – «Қазақстанға тәуелсіздік ХХ ғасырдың аяғына таман КСРО-ның ыдырауы барысында оның құрамындағы республикалар егемендігін алып жатқан тұста, 1991 жылдың желтоқсан айының он алтыншы жұлдызында ешқандай қантөгіссіз, өзінен-өзі келе қалды, бұл – қазаққа Құдайдың берген сыйы болды» деген солақай түсініктің қалыптасуы. Осының нәтижесінде жастар ел тәуелсіздігіне «мәңгілік сыйдай», еш алаңсыз қарайтын сияқты. Бұл эсседе тәуелсіздіктің ешқандай оңайлықпен келмегенін, оны арман еткен бабаларымыз бен аналарымыз, ағаларымыз бен апаларымыз ғасырлар бойы күресіп өткенін, сондықтан бүгінгі біз өмір сүріп отырған тәуелсіз, бейбіт елдің іргесі атажұртты аман сақтап қалу үшін төгілген есепсіз қан мен көз жасына суарылғанын ешқашан ұмытпай, ел тәуелсіздігін сақтауға әрқайсысымыз зор жауапкершілікпен қарап, бұл бақытты келесі ұрпаққа табыстау – біздің парымыз, ұлы міндетіміз екенін таратып айтамын......
Шығармалар
Толық

Менің өмірімдегі үштілділік

Мен қазіргі таңда мектеп қабырғасында, яғни 11 сыныпта оқып жүрмін. 7 сыныптан бастап, ағылшын тіліне деген қызығушылығым арта бастады. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым-қатынас тілі болса, ағылшын тілі –халықаралық тіл екендігі барша аян.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үштілділік туралы ең алғаш рет 2006 –жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтқан еді. Ол кезде Мемлекет басшысы кем дегенде үш тілді білу біздің балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды деген болатын. Одан кейін, 2007-жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында Мемлекет басшысы «Үштілділік» жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыра бастау керектігін ұсынған болатын. «Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұларалық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономика мен сәтті ықпалдасудың тілі» деген еді Елбасы.

Қазіргі таңда Елбасының басында айтып өткен үштілділікті дамыту барысында көптеген жұмыстар атқарылуда.

Ал менің өмірімдегі үштілділікке тоқталар болсам, үш тілде де еркін сөйлей аламын. Сонымен қатар ағылшын тілінде өтетін түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Осындай нәтижеге қол жеткізуіме ағылшын тілінен сабақ беретін ұстазым- Нурмагамбетова Айгуль Байжанқызының еңбегі де орасан зор. Жалпы он бірінші сыныпты аяқтаған соң таңдап отырған мамандығым- ағылшын тілінің аудармашы мамандығы болып табылады. .....
Шығармалар
Толық

Жел өпкен ғұмыр

ЖЕЛ ӨПКЕН ҒҰМЫР...

Естимісің? Біз жел өпкен ғұмыр кешудеміз. Капастағы қол, өзгенің қолына асығады, олардың ортасын жалғап тұрған жел жібін сұм өрт аймалайды. Сеземісің? Өзге өзгеге құштарлана самғайды. Тым жақынсың, алайда арада ащы түтін. Жабық терезелер болмағанмен, көзіміз байлаулы. Түсініксіз халде оянам, өзім мүлдем білмейтін және сүйетін адамыма шарасыз сыңғыр дыбыстарын жеткізе алмай азап шегем, ұмыту белгісі ретінде үздіксіз іздеумен, сенумен келем...(В.Лев)

Жерге түсіп жатқан алтындай сары жапырақтарға үңіліп, саябақтағы орындықта отырған едім, қарындас, бір жеріңіз ауырып тұр ма деп, біреу жақындап келді, - деп бастады өз әңгімесін Әнель. Шыны керек осы сөзді айта бастағанда жанарында шоқ болып, бір жалын көрінді. Сірә, қуанышты кезі жайлы айтып жатыр деп ойладым да, ары қарай жалғастыруын өтіндім.
Әнель, бұл алтын түстес жапырақтар сіз үшін өте қымбат секілді ме деп қалдым, толығырақ айтпас па екенсіз? Неліктен? – деп сұрағымды жаудырттым.
Ол жағын өзім де білмеймін, жаным?!)))).
Сол күні менің жағдайымды сұрауға келген адам – ұзын бойлы, ақ құба келген Елдос еді. Мен оған ештеңе болмағанын, әншейін көңілімнің түсіп кеткенін айттым......
Шығармалар
Толық

Қытай ойыншықтарының зияны

Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана жалықпайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда кейбір ата-ана осы ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенінен хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейді немесе білсе де немқұрайлық танытады. Соның салдарынан бала азап шегеді.

Ойын бала үшін — нағыз өмір.Ойын арқылы бала өмірге әзірленеді. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ал ойыншықтар баланы жан-жақты тәрбиелеу құралы. Бала ойыншықпен ойнай отырып, дүниетанымы қалыптасады. Қимылы дамиды. Қолдарымен, саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың миы да дамиды. Ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.

Ертеректе, заманның қысылтаяң кезеңінде аталарымыз ағаштан жасалған әр түрлі жануарлармен, ал әжелеріміз сабаннан жасалған ойыншықтармен ойнаған. Қазірде тәуелсіздігін алған Қазақстан ұрпақтары үшін ойыншық қол жетімді дүние. Қазіргі таңда, базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығын да кездестіруге болады. Дегенмен бүгінде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына шыдас бермей, әп-сәтте «істен» шығады. Сондай-ақ Қытайдан жеткізілген қауіпті ойыншықтардың қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына зиянды улы химиялық заттардың бар екенін айтып, бүкіл әлем дабыл қағуда. Дабыл қағып қана қойған жоқ, оған қарсы шаралар қолданылып жатыр......
Шығармалар
Толық

Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғырудың ең басты шарты

Ұлттық болмыс дегеніміз-қазақтың салт –дәстүрлерімен,ибалы, имандылық түрлері жатады. Ертеректе мал бағып жүрген ата- бабамыз балаларын атқа мінуге, төрге қамшы іліп, қасқыр терісін керегеге байлауы, қазақтың мәрттігін көрсеткен.Ен алдымен қазақы сүтпен біткен тіл, біздің тілдің байлығын, сөз ұлылығын көрсетіп, дәріптеледі. Қазақы ою-өрнекпен нақышталған киім киюі өзге ұлттан бөлек, киген шапандары қыста тоңғызбайтын қасиеті бар екендігін көрсетеді. Ағаштан ойып жасалған табақ, ас ішетін құрал- жабдықтар тамақ жеуге ыңғайлы , тез суыйтын, адам денсаулығына пайдалы болып табылады. Сонымен бірге ұлттық аспаптар тарихы да ертеден келе жатқан, өнер құдіреті деп білемін.Домбыра , жетіген, қобыздың түрлері қазақтың атын әлемге мойындатқан аспап екенін білеміз. Ұлттық ойындар қазақ халқының өзіне тән ағаштан жасалынатын алтыбақан тебуі , сүйек жасырып, ақсүйек ойындарын ойнауы, қазақтың ұлттық қадір- қасиетін ұғындырып тұрса керек.Ұлттық мейрамдарды тойлауда өзіндік ерекшелігімен айқындалады. Күн мен түннің теңесуі, көктің шығуы, көже асылуы, сақталған сүр еттер, наурыздың реңін ашуда.

Қазіргі таңда сән әлемімен елді таңғалдыратын тігіншілердің ательесінде де түрлі қазақтың ұлттық киімдері бүкіләлемдік аренадан көрінуде.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты Жолдауында қазақ ұлтының өзіндік айрықша болмысы атқа міну мәдениеті деп көрсетуі тегін емес.Атқа міну ежелгі ата- бабамыздың жылқышылық кәсібі, астына мінген атымен талай жауларға төтеп беріп, атағы шыққанын бүкіләлем біледі.Сан алуан атақты металл ордасы болғандықтан, алғашқы металлургияда мыс, алтын қорытпалары арқылы зергерлік бұйымдар соғылуы, металл қорытатын пештер болуымен бірге , ежелгі дәуірдегі тұрмыстық заттар пайда болды......
Шығармалар
Толық

«Мәңгілік ел» мұраты және тұлға сабақтастығы

Мәңгілік ел - бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, канша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшьшықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.

550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей құрған Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық этнонимі бекітілді. Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды. Осы үздіксіз күрестің тарихи тәжірибесі «Мәңгілік Ел» өзекті идеясының маңыздылығы - халық бірлігін дәлелдейді. Тарихи күн - Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өту - өткен, осы және келер шақтың мирасқорлығын және ұрпақтың бабалар алдындағы қазақи мемлекеттіліктің қайнар көзі мерейтойлы күндерден бұрын есептелетін негізі мен дәстүрін сақтаудағы ерекше жауапкершілігін айрықша көрсетеді. Тәуелсіз Қазакстанның Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың заманауи қазақстандық мемлекеттілік құрудағы сіңірген тарихи еңбегіне ешкімнің таласы жоқ. Күшті қайраты мен стратегиялык көріпкелдігінің арқасында Қазақстан заңды рәсімделген шекарасы бар, жемісті, тұрақты, беделді мемлекетке айналды. Қазақстандықтардың ұлттық идеясы мен тарихи санасын қалыптастыруда, және халықтың бірлігін нығайтуда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ерекше рөлін атап көрсету қажет. Қазақстан «Мәңгілік Ел» идеясына біріккен көпұлттың өкілдеріне Отан болып табылады. Қазақстандықтар бар қиыншылықтардан өтіп, ұлттық қауымдастыққа лайықты орын алды. .....
Шығармалар
Толық

Қазақтың Абайы

«...Жүрегімнің бойына терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.»

Бұл сөз ақын Абайдың сөзі, өзінің жүрек ақтарысы. Жанының айнасы. Абай болашаққа осылай хат жолдады. Бұл өткен ғасырлардан бүгінгі өмір сүріп жатқан біздерге арналған жолдауы. Сол кездегі қиыншылық торлаған заманда адамдарға өз жанының сәулесін төгіп, күн шығатын жақты көрсеткісі келді.

18 тіл білген әдебиетші, профессор Құдайберген Жұбанұлы «Абай қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласында былай деп жазды: «Абайдың ақындығын, басқа қасиеттерін былай қойып, тек әдеби тілімізді жасаудағы еңбегінің өзін ғана алсақ та, ақымыз кететін түрі жоқ.»

Оның үстіне Абайдың ірі болғаны, оның өлеңі болсын, қара сөзі болсын, бұрынғы халық ақындарынан да, шағатайшыл молда ақындарынан да озып шығып, соны жол салғанын ескерсек Абайдай бейнелі сол кезде қазақ ақындарынан ғана емес, көрші елдерде де болып жарымағанын көру қиын емес.».....
Шығармалар
Толық

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін

Туған жерін сүйе алмауы дегеніміз, меніңше адам баласы дүниеге шыр етіп түскен жерінен бастап, өсіп- өнген, жүрген ортасын ұмытып, туған елін, өзі жетіліп толғандай болған адами қасиеттен жұрдай адамдарды айтуымызға болады. Нақтырақ айтсақ, өз елін ұмытып қана қоймай, тілін, дінін, салт- дәстүрімен әдет- ғұрпын, халықтық дәстүрге сай ырым- жоралғыларын білмейді.Сондай адамдардан өз Отанына жаны ашымай, ұлтараздықты қоздырып , іріткі салатын ойларды айту –адамдық іс емес екенін айта аламыз. «Елінен безіп, елсізде өлгеннің, екі көзін қарға шұқиды» - демекші, белгісіз бір себептермен адасып, елін сатқан адамдар өзге елдерде де өмір сүре алмай ,өз қателіктерінен опық жеп жатқандар қаншама? Екі көзін қарға шұқуы , қарғаның қара ниеті құс екені, опасыз адамдарды бірден білетіні байқалады. Сонымен адамгершілік қасиеттен ада, яки өзінің ұлтын айтуға ұялатын, тіпті өзі туған ата- анасынан жеріп, тани алмауы, адамды есалаң, мәңгүрт етеді.

Әрбір адам баласы, туған жерін, туған ауылдың ауасын, туған өлке табиғатын, туған тілін сағынбайтын адам кемде- кем шығар. Мен туған жер, ақ төбенің баурайында орналасқан Ақтөбе қаласында тудым. Ақтөбе қаласы өзге өңірлерден өзгешелігі Елек өзенінің үстінде орналасқан. Қысы ақ түтек боран болса, күзі ақ жауынды нөсерелете жауатын, көктемі күн ылғалды, жазы қоңыр салқын болатын қала, мен үшін ең ыстық, ең қымбат атамекен болып келеді.Осы қалада мектеп қабырғасында болып, кейін өзім қалаған тілдің шебері болуы арманыммен оқу бітіріп, қазіргі балаларға жылылық мейірім төгетін ұстаздық қызметімді жалғастырудамын. Ең алдымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты тақырыптағы Жолдауында көрсетілген «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді» айтқандай, қазақ тілінің мәртебесін арттыруына кішкене болса да ықпал етіп, іскерлік кездесу тілі ретінде қолданылуына болашақ өскелең ұрпақты үйретуге атсалысудамын......
Шығармалар
Толық

Тəңірдің берген тартуы

Білесіз бе,жаратушы ием маған үлкен сыйлық сыйлады.Ол өте қымбат, бағалы əрі əдемі.Менің өміріндегі үлкен сыйлық сол болды.Жо-жоқ, көлік немесе зәулім сарайдың айтып тұрғаным жоқ.Менің өмірге келуімен себепші болған жанды айтып тұрмын.Дұрыс айтамыз ол менің-анам.Ең бірінші алғысым жылы саған айтамын.Себебі кіршіксіз, ақ көңілді ананың маған жолыққанына ризамыз. Тоғыз ай,тоғыз күн мені құрсағының көтеріп,мейірім төккеніңе алғысым шексіз.Түн ұйқысыз ды бөлгенім үшін,құрсағыңызда тыным таппай тебіреніс үшін,қиналғаныңыз үшін кешірім сұраймын.Тек сіз ғана,менің қырсық мінезіме шыдайсыз,егер ауырып қалсам жаныңызды беруге даярсыз.Бүгінде мен бойжеттім.Енді сізге менің көмегім қажет.Дəл мені кішкентай кезінде қалай асырап бақсаңыз,мен сізге оны еселеп мейірімімді төгіп,қамқор болуға тырысамын.Біраз жылдар бұрын еткен еңбегіңіздің бүгін жемісін көресіз.Қазір де,белден шыққан баласын жат санап,соқыр сезімге бөлінген аналар қаншама?!Анашым,сізді олармен салыстыру менің ойымда жоқ.Аналар балалары үшін жанын беруге даяр тұрғанда,көкек аналар көбеюде.Шіркін,сізді жақсы көретінімді сөзбен жеткізе алсам ғой.Талай аузы дуалы ақындарда,күйшілерымен, жыршылар да"Ана "сөзінің құдіретіне таңқалған.

Жеті жұлдыз бірігіп,күндей жарық бола алмас,

Жеті жеңге бірігіп,ана орны тола алмас,-иə ананың орны əрдəйім ерекше.Осы арада сізге бір естігенімді ортаға салайын:Түркия мемлекетінің президенті əлемдегі ең жақсы президент деп ойлаймын.Неге екенін білесіз бе, ол күнде түнде жатарда анасының аяғын сүйіп,кейін ұйқыға жатады екен.Көрдіңіз бе,Алла тағаланың құдіретін,сол президентке қанша қастандық жасал адам, əлі күнге дейін қорықпай,елді басқару жұмысын жүргізіп отыр.Менің бұл жағдайдан түйгенім,егер саған барлық əлем қарсы тұрса,бірақ оны Алла қаламаса ешкімнің тырнақтай зияны тимейді.Егер барлық əлем саған жақсылық жасаймын десе,егер оны Алла қаламаса тозаңдай жақсылық жаныңа жуымайды.Байқадыңыз ба,ана мейірімі өз баласына жаманшылықтан сақтап қалуда.Есіңізде болсын,ананың разылығын алмаған адам жəннəтқа кіруді ойына алмай-ақ қойсын.Серік Қалиевтің мынадай сөзі бар еді:.....
Шығармалар
Толық

Мәңгілі Ел

Тұғыры биік, Тәуелсіз елім - Қазақстан Қазақ тарихы – XIV-XV ғасырлардағы Керей мен Жәнібектің қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет құруынан бастау алады. Ата – бабаларымыздың төккен маңдай терінің, еткен еңбегінің арқасында бүгінге жетіп отырмыз. Бұрынғы зиялы қауым өкілдері қалың бұқараның санасын оятты, қиындыққа қарсы күрес тәжірибесін молайтты, саяси аренада қазақ елін танытты . 1986 жылы жалынды жастарымыз да тәуелсіздік жолында құрбан болып кеңестік билікке қарсы шықты. Әміршіл – әкімшіл жүйеге қарсы шыққан жастардың демократиялық қозғалысы жеңіліске ұшырағанымен, қазақ жастары нағыз жігерді, бостандықты, нағыз тәуелсіздік жолындағы күресті көрсете білді. Таусылмас күш–жігердің, сарқылмас ерліктің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәңір сыйлаған тіуелсіздігімізге қол жеткіздік. Тәуелсіздігімізге жету үшін көзсіз ерлік жасап, өз күшімізді сарп еттік. Жас мемлекет алдында үлкен жауапкершілік тұрды. Бірақ қазақ елі аз уақыт ішінде гүлденіп, тамырын тереңге жая білді. Өсіп-өркендеу үшін тың жобалар мен ауқымды идеялар жүзеге асырылды. Қазақ елі көзді ашып жұмғанша өз еңсесін тіктеп үлгерді. Жүз отыз ұлт пен ұлыстың басын бір шаңырақ астына біріктіріп, бірлік пен ауызбіршілікте өмір сүруде. «Шешен - сөз бастайды, көсем – қол бастайды» демекші, қазақ елінің көсемі бола білген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кемелді келешегімізді ауқымды идеялармен өрнектеп, бағыт-бағдарымызды анықтап берді. Елбасымыз әр кезеңде келешекке үлкен мақсат қойып, көптеген міндеттер жүктеді. Бұл ауыр жүкті көтеру жастарға да міндеттелді. Болашаққа қадам басар алдында жастардың рөлі зор еді. «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050», «Нұрлы жол, «Болашақ» бағдарламалары ел дамуына елеулі үлес қосып, бойыңа – қуат, ойыңа – қанат бітіргендей болады. Қазірде елеулі жұмыстың нәтижесінде бүкіл әлем Қазақстанды мойындап отыр. Жаһандану заманында алпауыт елдермен іргелес, тереземіз тең, бәсекелес болып отырған жайымыз бар. Осының бәрі – «Нұр аға» деп құрметтейтін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің кемеңгер саясаты мен кемелді идеяларының арқасы. Елбасын бүкіл қазақ елі, тіпті бүкіл әлем зиялылары мойындаған. ......
Шығармалар
Толық