Шығармалар


Оқу бағдарламасына, білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер турасындағы менің пікірім

Биыл мен 10 сынып оқушысымын. Дамыған ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқандықтан, әр адам жеке тұлға болып қалыптасуы үшін жан-жақты дамыған, бірнеше тілде еркін сөйлейтін, технологияны жетік меңгерген болуы тиіс.Осыған орай, заманға сай ұрпақ тәрбиелеу мақсатында біздің Елімізде, нақтырақ айтсақ білім жүйемізге көптеген өзгерістер енгізіліп, жаңа серпіліс толқыны бой көтерді. Бұрын соңды естімеген нәрселер оқу бағдарламасына енгізілді. Мен осы жаңа жүйемен оқып жүрген оқушы болғандықтан оның кейбір кемшіліктерін және пайдасыз тұстарын көріп жүрмін. Бұлай деуіме мысалдар келтіре аламын. Бұның барлығын ұлтымның болашағын ойлағандықтан айтып отырмын. Әйтпесе, көп оқушыларға керісінше сабақ өтпей алаңсыз жүрген ұнайды ғой...Бірақ мен бұған төзе алмаймын. Менің ойым алысқа, тереңге қарай тартады. Кейде өткенге, кейде болашаққа. Өзімнің емес, ұлтымның болашағына деген көбірек уайым мені мазалайды. Себебі, халқым жоғалса, елім жүдесе мен кіммін? Мен қазақ елінсіз ешкім де емеспін. Сол үшін, өзім еленуім үшін алдымен халқым асқақ болуы тиіс. Ал халықтың асқақтығы үшін мен де күресуім қажет.

Сонымен, мені толғандыратын ең бірінші мәселе-тіл мәселесі. Иә, ағылшын, орыс тілдерін білу заман талабы екені рас. Бірақ, таяқты әліп деп білмейтін 1 сынып оқушыларына ағылшын мен орыс тілдерін енгізу тым өрескел нәрсе. Ана тілімізді құрметтеу жайлы сөз қозғағанда ауыздан небір әсем сөздер төгіледі емес пе?! Ең алдымен өз тілімізді ардақтайық деп барлық жерде барлық жұрт айтады емес пе?! Енді ойлаңыз, әлі бойына патриоттық сезім дарымаған, ұлтын толық танымаған, ұлттық құндылықтарды меңгеріп үлгермеген, санасы толық жетілмеген мектеп табалдырығын тұңғыш аттап тұрған балаға ағылшын мен орыс тілін үйрете отырып, алғаш сауатын өзге мәдениеттің білімімен сусындатсаңыз ол баладан болашақта қандай ұлтжанды азамат күтесіз?! .....
Шығармалар
Толық

Ғажайып өлке

Елбасымыздың Болашаққа бағдар атты мақаласынан ой түйе келе өзімізді рухани жағынан жаңғыртуымыз керек екен. Себебі Қазақстан саяси және экономикалық жағынан дамып келе жатқанымен рухани жағынан дамуы қолға алынбай келе жатқан маңызды істердің бірі болып табылады. Басқа елдердің көз алдымызда дамып келе жатқаны бәріне беймәлім. Біздің еліміз де жоғары деңгейде көрінуге тиісті. Бұл мақсат бойынша:Н.Ә. Назарбаев бізге мақала ұсынып, дамушы елдің тарихын насихаттайтын жобаны жастардың санасына елдің басты негізі ретінде жеткізу. Біз қазақ халқы, ұлттық-рухани тамырдан нәр ала алмасақ, ол - өмірден өз орнын таппаушыллыққа, адасуға апарады. Жастар мен бүкіл Қазақстандықтар бұл мақаланы оқып және оны түсініп қана қоймай, бұл айтылған игі істерді жүзеге асыра білуі қажет. Ол үшін қазіргі білім мәселесіне көп көңіл бөлуге міндеттіміз. Яғни, өсіп келе жатқан жас өскіндерімізді қазақ тілінде ғана емес өзге тілдерді: ағылшын, орыс, латын тілдерін меңгеріп, осы тілдермен еркін сөйлесіп үйренсе, өте білімділік елден орын алса, барлық жастарымыз көкірегі ояу,көзі ашық болып өсер еді. Бұл мәселеден кейінгі талқыланатын - техниканың дамуы. Жапония, Америка, Қытай сияқты елдердей экономикалық, экологиялық жағынан, әсіресе техника жағынан дамып, алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып келе жатырмыз. Қазіргі таңда басын жерге қаратып, үндемей отырған адамдар жоқтың қасы. Барлығы дерлік бәсекелестікке түсіп, бір-бірінен қалмауды алға мақсат қойған. Бәсекелік қабілет елдің дамуына ықпалын тигізеді. Қазір, 21 ғасыр, заман талабына сай компьютерді жетік меңгеруіміз қажет. Техникамен қатар, ой-санамыз өсіп отырса, «Қазақ елі» қараңғылықтан жарып өте жарыққа шығар еді. Біз шет елдің тарихын біліп, оған тамсана қарап, өзімізге жақсы қабылдаймыз. Сол секілді біздің елді тану үшін: басқа елдің есінде қалатындай етіп, қазақша әріптерден қаланған есімді: қала аттары, ескерткіш аттары қойылуы қажет деп ойлаймын......
Шығармалар
Толық

Кітап оқып жүрміз бе?!

Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Абай Құнанбаев

«Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы»,- дегендей кітапта тұнған білім, ал білім сенің өмірің. Сен бұл дүниеде білімсіз жүре алмайсың. «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп» дегендей, надан, білімсіз көр соқыр болсаң көрер күнің қараң. Ал,сенде білім болуы үшін,саған кітап көмектеседі. Кітап - дүниенің есігі. Кітап - асыл қазына, баға жетпес көркемсөз өнері. Кітап ішінде мол дүниесі бар, әдеби берер тәрбиесі, өнегесі мол зат. Кітап бізге ауадай қажет. Себебі, бұл дүниеде болып жатқан жағдайдың бәрі кітапта бар. Кітап - білімнің қайнар көзі, ал білім өміріңнің мәні деп тұжырымдағып келіп тұр.

Кітаппен ел жанданар,
Біліммен ой толғанар.
Кітапты сүйіп оқыса,
Білім нәріне оранар! - дегендей, білімді болу үшін кітап керек болғанымен, сен кітапты оқи білуің керек және түсіне білуің ,оның мәнін терең ұғынуың өте маңызды. Кітап дегенде есімізге не елестейді?.......
Шығармалар
Толық

Біздің өміріміз, айналамыз болашақта қандай болады екен?

Адамдар әрдайым болашаққа көз жүгіртіп, қиялға ерік беріп отырған. Жазушылар армандарын қиял-ғажайып әңгімелер жазып, композиторлар ән тудырып, суретшілер суреттер салу арқылы көрсеткен.

Ең қызығы, адам сенгісіз дүниелер болашақта жүзеге асып отырған. Мысалы, бұрынғы замандағы адамдар бір орыннан екінші орынға жылдам жеткізетін ертегідегідей ұшатын кілемді армандаған. Қазір адамдар ұшаққа отырып, көзді ашып-жұмғанша алыс елге тез-ақ жетеді. Грек мифологиясындағы Икар Күнге ұшуға армандаған. Қазір адамдар ғарышқа ұшып, Айға жетіп, Марс т.б планеталарға баруын жоспарлап отыр.

Келешекте өмір қандай болады? -деген сұрақтар әрқашанда туындаған. 1911 жылы Францияда аса танымал емес суретші «2000 жылы өмір қандай болады?» тақырыбында ашықхаттар сериясын әзірлейді. Қарап шықсақ, үлкен ғимараттар, адам өмірін жеңілдету үшін жасалған сансыз сымдармен жалғанған механизмдер. Бір суретінде ауылдың көрінісі. Жайқалып тұрған егінді машина шауып жұр, адам оны сырттай бақылап отыр. Қазір бұл көрініс бізді ешқандай таңқалдырмайды. Ол біздің күнделікті тұрмысымыз. Электр жүйесі, байланыс құрылғылары, соңғы жылдары сымсыз байланыс, машиналар, механизмдер біздің тіршілігіміздің көрсеткіштері......
Шығармалар
Толық

Тіл - ар өлшемі, ұлттың өміршеңдігі

Шіркін, төбе құйқаңды шымырлатып, жылы сөйлеп жыланды інінен еріксіз шығаратын, тас жар алмаса да бас жаратын, сүйексіз болғанмен сүйектен өтетін қасиетіңнен айналдым, тілім! Ұлттың сүйенетін тамыры да, асыл ойдың қайнар бұлағы да өзіңсің, тілім! Сол тамырыңның тереңге жайылуын қалап, қайнар бұлағыңның иненің жасуындай болсын ластануын қаламаған, қайран қазағым-ай! Соншама жыл тар жол тайғақ кешуде де аяғыңды шалыс баспай, туған елінің күйі үшін, тілі үшін, діні, ділі үшін боз інгендей боздаған қайран қазағымның ерен еңбегін тайға таңба басқандай білсем нұр үстіне нұр. Ата-бабадан қалған аманатқа қиянат жасау кешірілмес қылмыс.

Қазағымның сөнбейтін алтын күні – ана тілім. Елдігіміз бен бірлігіміздің туы болып саналатын қасиетіңнен айналдым, құдіреттім! Ұшса құстың қанаты талатын сары даланы сақтап қалуда жан-жігерін аямаған ата-баба рухымен дарыған сендік құдірет алпыс екі тамырымда соғып тұрғаны баға жетпес бақыт. Құндағымнан ананың әлдилеген үнінен сәби денеме сіңгенің өмірлік азық, рухымның ұшар биігі, ұлтымның өміршеңдігі.

Сенің өн бойыңа жан бітіріп, оны ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келуі, қашанда көзінің қарашағындай қастерлеп біздерге аманаттаған ата-баба рухына сан мыңдаған алғысымызды білдіреміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры болып саналатын тілімнің тілінгенін көру жүрекке үскідей қадалады.

Шіркін, «Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?», - дейді қариялар. Айдың, күнің аманында, егемендігін алған, ұшса құстың қанаты таларлықтай ұлан-ғайыр жері бар, тәуелсіз ел жұртының өз ана тіліне жаны ашымауы мүмкін емес. Дей тұрғанмен, қызыл тілді қызыққа айналдырған қуыс кеуде жандардың сиқын көріп олай айта алмайсың. .....
Шығармалар
Толық

Менің болашақ мамандығым

Бұл өмірде адам үшін өміріңдегі ең маңызды құбылыс,ол - оның болашақ мамандығы. Өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жағылмауы қажет. Мамандық таңдау - сені үлкен өмірге жетелейтін баспалдақтардың алғашқысы. Дұрыс таңдалған мамандық - болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі.

Мамндық - жай күнелту ,ақша табу емес. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып,еңбектің рахатын көреді. "Ұялмаған әнші болады, ерінбеген етікші болады",- деген халқымыздың дана сөзі бар. Тіпті етікші болсаңда өз ісіңнің шебері бол. Мамандық таңдаған сәтте сол кәсіпті сүйіп таңдау қажет. Болашақта бізді үлкен асулар мен биік белестер күтіп тұр. Білімді аға-апаларымыз тәрізді еліміздің дамуына зор үлес қосуымыз қажет. Ол үшін өзімізге ұнайтын мамандықты адаспай тауып алу керекпіз. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өміріңде өкінбейтіндей, өз қабіліті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. . . Бұл өте жауапкершілігі мол маңызды іс. Мамандық таңдаған кезде адам ең алдымен өзін,өзінің бейімділігін біліп алған дұрыс. Өз-өзіне "Мен кіммін?","Өмірдегі орным қандай?" деген сұрақтарға жауап бере алуы тиіс. Бүгінде мамандықтың түр-түрі бар. Оларды іріктеп,өз икеміме сай келетін мамандықты таңдап оырмын. Мен таңдаған мамандық - журналист мамандығы. Бала кезден қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін сүйіп оқыдым. Поэзияға жақын болып өстім,кештерді жүргізгенді,сценарий жазғанды қатты ұнататынмын. Сол себепті журналист боламын деген шешімге келдім.....

Шығармалар
Толық

Менің Отаным — Қазақстан

Менің Отаным — Қазақстан
Пай-пай!
Қазақ жері!
Неткен байтақ
Әдемі!
Тау мен тасы,
Күні, гүлі
Әдемі!
Ашық аспан,
Бейбіт елі
Әдемі!
Туған өлкем!
Кең жазира,
Байтақ жерім
Гүлдене бер,
Жасай бер, Қазақстаным!

Мен — қазақстандықпын! Менің Отаным -Қазақстан. Алтын күмбезді көгімде қыран құсты байрағы желбіреген, айбарлы әнұраны асқақтаған, даңқты туған жерімнің жас қазақстандық екенімді мақтан тұтамын.

Туған елім небір сұрапыл оқиғаларды бастан кешірді.Соған қарамастан, мойынұсынбай әлем картасынан ойып тұрып керегесі мықты «Қазақстан» деген мемлекет орын алды......
Шығармалар
Толық

Қызықты қысқы демалыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Абай

Иә, шіркін, Абай атам қалайша қыс мезгілін ерекше паш еткен! Менің сүйікті мезгілім қыс келді. Бұл мезгілді қалай ұнатпауға болады? Қыс- ең тамаша жыл мезгілі.Қыс мезгілі өзіндік аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен,үскірік аязымен ерекше. Бұл мезгілде жер бетін ақ қар басады. Қарша қыз үлпілдеген сәнді көйлегін киіп, айналаға сән бергендей.Қыс мезгілін әсіресе балалар асыға күтеді. Шаналарын арқалап,сырғанақ жасайды. Жүздерінде толған күлкі, қуаныш сәттері.Бұл мезгілді тағы да асыға күтуімнің бір себебі-қысқы демалыс.

Әне-міне дегенше екінші тоқсан да аяқталды. Барлық оқушылар қысқы демалысқа шықты.Мен де көптен күткен қызығы мен қуанышы мол қыстың ғажайып ұмытылмас күндеріне жеттім. Нұрын төккен шуақты күндер маған көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қыс аппақ қарымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Бұл кезде бәріміз Жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз.Адамдар жылы киімдерін киіп, далада серуендейді. Балалар далаға шанамен сырғанауға, аққала жасауға шығады. Мен сыртқа шығып, достарыммен қар атысып ойнадым. Содан кейін қардан аққала, қорғандар жасадық.Қысқы ойындар, әдемі жерлердегі серуендер өте керемет болды......
Шығармалар
Толық

Мен - тәуелсіз елдің жас ұланымын

Тәуелсіздік қасиетті сөз. Осынау қасиетті ұғымды аңсап күткен қазақ баласы екі жарым ғасыр бойы дұғадай жаттап, ұрпақтан-ұрпаққа найзаның ұшы, қылыштың жүзімен, ата-баба қанымен аманат етті, намыс жігерін болат кездіктей жаныған батыр бабаларымыздың азаттық жолындағы күрестері – осының жемісі.

Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Бұгінгі ұрпақ егемендіктің ғасырлар бойғы күрестің, «Елім, жерім» деп қасық қандарын қиып, елі үшін жанын пида еткен аға-апаларымыздың қанымен келгендігін есте сақтағанымыз жөн.

«Ерлік-ұрпаққа ұран, елге мұра» деген бабалар өсиетін бойына дарытқан халқымыз бүгінде жас ұрпақтың бойындағы патриотизмді дамыту үшін зор көңіл бөлуде. Соның бірі жалпылай бірдей мектептерімізде өзін-өзі тану пәні енгізеді. Бұл пәнде біз шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндік береді. Пәннің ерекшелігі, біз еркіндікті сезіне отырып, жан жақты білім аламыз. Елбасының бастауымен ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Ұлан» ұйымы-соның айқын көрінісі. Біз, жастар, «Бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып», бір қозғалысқа бірігіп, биік асуларды бағындыруымыз қажет, «Жас Ұлан» ұйымы осы игі істердің бастауы деп ойлаймын. Осы орайда жас ұрпақтың болашағына алаңдаулы Қ.Ж. Тоқаев ағамыз бен еліміздегі белсенді жастардың ойы ұштасып жатқандай. .....
Шығармалар
Толық

Ұстаз берген бағыт

Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
Әр сәтің тұрған бір ерлік!

Фариза Оңғарсынова

Ұлықбек атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндегі еңбекке баулу пәнінің мұғалімі, менің сүйікті ұстазым Бабаханова Гүлнар Қорғанбайқызына арнаймын.

Ұстаз-таудан аққан өзен секілді, жер бетін нұрландыратын, шәкірттеріне шуақ сыйлайтын Күн-Ана.Мен үшін ұстаз –екінші ата-анам, болашаққа айқын жол сілтер ақылшы. Оның жүрегі мейірімге толы.Біздің ағаттықтарымызды кешіре біледі.. Сондықтан үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімімді ұстазым деп атаймын.

Ұстазым менің, ұстазым! Өзіңмен өткен қыс- жазым. Менің ұстазым-Гүлнар апайымның үні әсерлі, асықпай мәнерлеп сөйлейтін жан. Оның бойынан бізге деген қамқорлығы,аналық сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрады.Иә, апайым менің жанымды түсінеді, ренжітпей, қателігімді сездіреді. Бұл тек қана дүниетанымы терең және кең жүректі адамның қолынан келеді.Ол -нағыз ұстаз. Өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін шексіз сүйеді......
Шығармалар
Толық