Кітап - сарқылмас асыл қазына

 Кітап - сарқылмас асыл қазына

Кітап! Бұл сөз әр адам баласына таныс. Кейбір жандар үшін баға жетпес оқу құралы болса. кейбір жандарға жұмбақ әлем болсып қала бермек. Кітаптың құдіретін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сол құдіретті кітаптың бізге тигізер пайдасы өте мол. Себебі кітап оқырманның ойлау қабілетін жақсартып,оның сөздік қорын молайтып,жан дүниесін рухани байытады. Кітапты оқитын оқырман сол сәттен ақ жан дүниесі керемет сезім баурап. Сол кітаптағы болып жатқан оқиғаның ішіне еніп кеткендей болады. Кейіпкермен мұнайып,күліп,ойнап керемет сәттер қалдырса,ал сол кітаптағы әр түрлі ситуациядан автормен қоса өмірде де шығуға оны қайталамауға тырысады.

Кітап-таңғажайып әлем іспеттес. Бұл әлемде сен өзіңе керекті дүниелерді алып қана қоймай,сол әлемде болған қателіктерді шынайы өмірде жібермеуге күресесін.

«Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген екен дана халқымыз. Бүгінде бұл сөздердің мағынасы әлі де жойылған емес. Себебі кітап арқылы біз жастар білім алсақ, сол білім арқылы өміріміздің соңына дейін нәр аламыз.

Қазіргі заманның талабы өте өзгеше. Өткені біздің қазіргі мақсатымыз 30 озық елдің қатарына кіру. Ал осы алып мемлекеттердің арасында жырқырап тұру үшін аянбай еңбек етіп,білім жолында тер төгуіміз керек. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - кітапта» деген болатын. Бұл сөздер бекер айтылмаған. Себебі кітап-озық елдің қатарына кірудін басты кілті деп ойлаймын.

Менің ойымша кітаптың зиянына қарағанда пайдасы мол,себебі қателік кітапта емес,адамда. Бүгінгі таңда кітап оқитын адамдар саны сирек. Себебі біреулер уақыт аз десе,ал біреулері әлеуметтік желілердің құрбаны болды. Менің ойымша,баланы жас кезінен бастап кітап оқытып,сол кітапты бірге талдап,пайдасы мен зиянын айтқан дұрыс.

Кітапті әр бір жас келен ұрпақ оқуға міндетті! Себебі кітап ой өрісті дамыта қана қоймай бізді болашаққа жетелейтін құнды құрал.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі