Қазақша шығарма: Мамандық

Қазақша шығарма: Мамандық казакша Қазақша шығарма: Мамандық на казахском языке


Мамандық – қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді.

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.

Болашақтың 10 мамандығы:

Болашақтың 10 мамандығы - бұл келешекте қажетті ең қажетті, ең табысты деп саналатын 10 мамандықтар. Төменде көрсетілген мамандықтар Ұлы Британияның атақты Fast Future компаниясының зерттелуімен жүргізілген.
Органның және дененің сыртқы бөліктерін өндірушілер

Органның және дененің сыртқы бөліктерін өндірушілер - бұл мамандық иегерлеріне өзінізге қажетті жаңа бүйрек, бауыр, т.б. тіпті ми да тапсырыс беріп ала аласыз. Әрине,бұның құны да аз болмайды.


Нано дәрігерлер - бұл мамандық иегерлері дәрігерлердің бөлігі. Бұл дәрігерлер адамды тек қана емдемей, оларға қажетті жаңа күштер қоса алады. Мысалы оларға жаңа күш не бұрыңғыдан ақылды ете алады. Бұған көбіне орыс халықтары болады деп есептелінеді. Себебі қазірден бастап Ресейде бұл зерттеле бастапты.

ГМО фермер - бұл мамандық иегерлері бұрынғыдай емес, жаңа генномодифицифті жаңа көкеністер мен жемістер өткізеді. Бұлар таңғажайып тәсілмен өсіріледі. Бұның мақсаты - қазіргі кездегі нашар өнімдерден құтылу.

Вертикальды фермерлер - бұл мамандық иегерлері өз өнімдерін вертикальды орналасқан үлкен жылыжайларда өсіреді. Олар шыңдарда орналасады деп көзделеді. Келешекте вертикальды фермерлер атауы өзгереді деп есептелінеді.

Виртуалды ұстаз - бұл мамандық иегерлері қазіргі уақытта да кездеседі. Келешекте біздің түсінігіміздегі университеттер, мектептер жоғалып, оның орнына виртуалды яғни, компьютермен жұмыс істеу.

Климат менеджері - бұл мамандық иегерлері аты айтып тұрғандай ауа-райымен жұмыс жасайды. Олар ауа-райын табиғи емес, жасанды түрде зерттейді.

Космос кемелерінің жүргізушілері - бұл мамандық иегерлері аты айтқандай космос кемелерің жүргізеді. Әрине, келешекте олар бізге кәдімгі жүргізушілер іспеттес саналады.

Космос экскурсаводтары - бұл мамандық иегерлері жақын маңда орналасқан космостарға космостық саяхат жүргізеді.

Метеорг-полицейлер - бұл мамандар келешектегі нашар ауа-райына байланысты түрлі қылмыс болады деп есептелінеді. Сол себепті олар климатпен қатар, тәртіпті де бақылайды.

Электрондық қоқыс мамандары - бұл мамандар жылдам әрі тез Интернет бетіндегі керексіз адамдарды өшіреді.

Мамандығым – мақтанышым

Кез­келген адам баласы ес білгелі өзінің тағдырын кай мамандықпен байланыстыруы жайлы ойланады. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл адам өміріндегі өте жауапкершілікті және маңызды іс.
Біреулер үшін – мамандық ойлаған арман мен қалаудың орындалуы сондай - ақ отбасы дәстүрін жалғастыру болса, ал, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, білім шыңындағы дербестікке талпыныс, ал енді үшінші біреулер үшін әйтеуір бір мамандық иесі атану үшін таңдалған бұрыс бағыттың нәтижесі болып жатады. Осындай қателіктерді жібермеу мақсатында өзіңнің мүмкіндіктеріңмен қызығушылықтарыңды есепке ала отырып таңдалуы қажет. Мамандық таңдау жайлы ұлы ғұлама ғалымдарымыз да ойларын дөп басып айтып кеткен. Жүсіпбек Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. Ал Абай атамыздың сөзімен айтар болсам: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
Мен өмірімде мамандық таңдаудан шатасқан жандардың қатарына жатамын. «Экономика» мамандығы меның еңбек тағдырым деп ойлап, 2 жылымды босқа кетірдім. Бірақ адамдар қателіктер арқылы өзін әрі дамытады демекші, мен де әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Философия және саясаттану факультеті, Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оның ішінде Әлеуметтік жұмыс мамандығының студенті болып, бұл жолы мамандық таңдауда қателеспегенімді түсіндім. Бұл қызмет түрі елдің негізгі тірегі ­ қарапайым халыққа альтруизмдік қызметті алға тартатын, қайырымдылық пен жанашырлықтың негізін қалайтын мамандық болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс - жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерін, ең алдымен әлеуметтік жәбір шеккен жеке тұлғалар мен коғамдық топтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, азаматтардың әлеуметтік кепілдігі бар құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызметін атқару қабілетін қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған кәсіптік іс - әрекеттің ерекше түрі. Әлеуметтік жұмыс – мүмкіндігі шектеулі жандарға түрлі көмек жиынтығын көрсететін қызмет түрі.
Қазақстан Республикасында «Әлеуметтік жұмыс» енді гүлденіп келе жатқан мамандық түрі болып табылатындықтан елге енгізер жаңалықтар өте көп. Шет елдерде әлеуметтік қызметкерлер өте жоғары статусқа ие, және мүмкіндіктері мен қызмет түрінің көптүрлілігімен ерекшеленеді.
«Әлеуметтік қызметкер қандай орталықтарда қызмет атқаруға болады?!» Бүгінгі күнде әлеуметтік қызметкерлер Халыққа Қызмет Көрсету Орталықтарында (ХҚКО); түрлі бағыттағы оңалту орталықтары мен дағдарыстық орталықтарда; Халықты жұмыспен қамту саласында; ауруханалар мен емдік - профилактикалық сауықтыру мекемелерінде; халықты зейнетақымен қамтамасыз ету орталықтарында және жастармен, егде жастағы азаматтармен, көпбалалы немесе көмекті қажет етуші отбасылармен тікелей жұмыс жасайтын, көмек беретін және т. б. мемлекеттік мекемелерде жұмыс атқаруға мүмкіншіліктері бар. Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедарасының ұжымы кәсіптік біліктілігімен, өз кәсібіне және университетіне жан - тәнімен берілген, әр студенттің білім сапасына мән беріп қана қоймай ақыл кеңесін әрқашан аямайтын, жауапкершілігімен ерекшеленетін, оқытушылар ұжымы халықаралық білім беру технологиясын жетік меңгерген. Бүгінде кафедра бітіруші түлектері үшін Ресей Федарациясы (Уральский Федеральный Университет имени первого Президента Росии Б. Н. Ельцина, Белгородский государственный национальный исследовательский университет) негізінде қосдипломдық бағдарлама жұмыс жасайды.
Түлектерге айтарым, әлеуметтік жұмыс мамандығын таңдау арқылы шет елдегі практикада қолданылып жүрген көптеген қызмет түрлерін өз елімізде қайта жаңғырту арқылы көптеген жаңалықтарға қол жеткізу арқылы мамандықтың профессионалды маманы болуға шақырамын!



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Қазақша Шығармалар жинағы, маман туралы мәлімет, маман туралы шыгарма, маман туралы шығарма, сочинения на казахском языке про профессию, сочинение на казахском языке про будущую профессию, сочинение на казахском языке на тему будущая профессия, сочинение на казахском языке моя будущая профессия, мамандық туралы шығарма қазақша, мамандық туралы шығарма, мамандык туралы шыгарма, маман, туралы, мәлімет, шыгарма, шығарма, сочинения, на, казахском, языке, про, профессию, сочинение, будущую, тему, будущая, профессия, моя, мамандық, қазақша, мамандык, маман туралы мәлімет, маман туралы шыгарма, маман туралы шығарма, сочинения на казахском языке про профессию, сочинение на казахском языке про будущую профессию, сочинение на казахском языке на тему будущая профессия, сочинение на казахском языке моя буду, Қазақша шығарма: Мамандық шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы