Тәңірі алқаған Тәуелсіздікке – 30 жыл!


Биыл – Алаш баласын шексіз қуанышқа бөлеген, арманымызды ақиқат еткен, іргелі ел, дербес мемлекет екенімізді əлемге жария қылған Тəуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы.
Еліміз осы ширек ғасырдан сəл асатын қысқа мерзімде Ұлы даланың зеңгір көгіндей көк Туымызды көкке көтеріп, елдіктің көшін түзеп, жүзжылдықтардың еншісіндегі тарихи үдерістерді абыроймен өткерді. Тəуелсіздіктің əрбір таңын қуана қарсы алып, əр күнін қажырлы еңбекпен, еңселі ерлікпен өрнектеген Қазақстан жаһан жұртшылығына алуан ұлысты бір шаңырақта ұйытқан жерұйық мекен ретінде танылды.
Бүгін міне ынтымақ, бірлік, татулық салтанат құрған елдің мəртебелі биігінде, мерейлі белесінде тұрмыз. Осы жылдар бедерінде тағылымы мол, тамыры терең дəстүріміз жаңғырып, күллі əлемді аузына қаратқан, күн түбіне жортқан бабалардың ұрпағы ретінде Қазақ хандығынан Алтын Ордаға, Көк Түркке ұласатын ұлы тарихымыз ұлықталды. Барша түркі жұртының киесі – Күлтегін алтын айдарлы астана төріне қонды. Əралуан мəдениетін байлығына балаған, татулығымен ту алған жасампаз қоғам қалыптасты. Дəуір дағдарыстарын еңсере жүріп, елдігіміз шыңдалды, мемлекетіміз нығайды. Сан түрлі сынақтан білекке білек қосып өт кен халқымыз тонның ішкі бауындай тұта са түсті. Сырт елде қалған қаракөз қандастарын атамекенге жинап, бауырына тартты. Əлеуетті елдермен ынтымақтастық орнатып, барша əлемге бейбіт бастамалармен танылды. Ұлы Дала елінің төрінде төрткүл дүниеге төрелік айтқан, тамам елді татулыққа шақырған алқалы жиындар, келелі келіссөздер өтті. Қоңсы қонған бауыр жұрттың бірлігі ыдырап, берекесі кеткенде абдыраған ағайынға да пана болды. Аумалы-төкпелі заман сынағына ұшырап, тоқырауға түскен елдерге де қол ұшын созды. Бірлігін берік ұстаған Қазақ елі билік тің бейбіт ауысуының да ерек үлгісін көр сетті. Елдіктің еңсесін тіктеген Елбасы жү зеге асырған сарабдал саясаттың сабақ тастығын халық сайлаған Президент ҚасымЖомарт Тоқаев тың серпінмен жалғастырып, соңғы жылдардың үлесіне тиген сынақтарды да абыроймен еңсере білдік. Мемлекет басшысы жаһандық жаңа ахуал жағдайындағы жүрер жолымызды, барар бағдарымызды белгіледі. Халықтық реформалар арқылы жаңа деңгейдегі мемлекетке айналуды көздейтін ілкімді бастамалар іске асырыла бастады.
Төтеннен келген тосын індетке қарсы күрес те жүйелі жүрісіне түсті. Бұл тұста да халқымыздың өзгенің қайғысы деп бөл мейтін ізгілігі, қайырымдылығы сынды ежелден қанында бар қасиеттері айрық ша айшықталып, білекке білек қосқан да ең серілмейтін қиындық жоқ екенін көрсетті. Өкінішке қарай, əлемді жайлаған пандемия əлі жалғасуда. Бірақ əлеуеті бүгінгіден əлдеқайда аз болған заманда да егемендік туын еңкейтпеген қабырғалы халқымыз бұл кезеңнен де абыроймен өтеріне бек сенеміз.
Басқа қонған бағын бағалайтын ел байлығын еселей отырып, тек алға ұмтылады. Біздің басты байлығымыз – пейілі даладай дархан, бірлігі болаттай берік, Алатаудай алып халқымыз! Тамыры терең, қазығы берік осын дай елі бар мемлекеттің Тəуелсіздігі де баян ды болады. Мемлекетіміз мəңгілік жасай берсін! Жаңа жылда – Тəуелсіздіктің 30 жыл дығында алар асуларымыз көп болғай!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу