» » » Шығарма: Ерлерін еске алғанда кім егілмес

Шығарма: Ерлерін еске алғанда кім егілмес

Шығарма: Ерлерін еске алғанда кім егілмес казакша Шығарма: Ерлерін еске алғанда кім егілмес на казахском языке
Нұрлыбаева Ақбота
10 сынып, № 10 жалпы орта білім беретін мектебі
Жезқазған қаласы Қарағанды облысы
Жетекші: Қазангапова Венера Орынбековна

Иә, адам соңына қалдырған тарихына үңілмей, алдындағы өмірін болжай да алмас.Сондай үлкен, маңызы бар тарихи оқиға-Ұлы Отан соғысы. 1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия КСРО-ға опасыздықпен шабуыл жасады.Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды.Үкіметтің елге арналған үндеуі «Біздің ісіміз әділ. Жау талқандалады.Біз жеңіп шығамыз!» деген сөздермен аяқталды.Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін қанқұйлы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтармен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Адамзат жаралғалы атам қазақ аттан түскен емес.Біздің елде аттан түсіп қалу азамат ерге - сын, намысына - нұқсан. «Аттан» дегенде, ат жалын тартуға жараған алты жасар балаға шейін жауға тұра шапқан.Ордалы елдің Отан қорғаушы ерлері осындай болған қазақта. Қазақ деген - батыр халық.Ол еңкейгенге еңкейеді, шалқайғанға шалқаяды.Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкейе қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді.Осындай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттерімен сынға түсті.Осы жолда қанша ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңізші.Осылайша, біздің халқымыз соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлылығымен көрінді. Осындай ұлы халықтың ұлдары мен қыздары Брест қамалынан бастап, Берлинге дейін барды.Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батырлық жасап, ерліктер көрсетті.Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарынан жеңіс туын көтеріп өтті.Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірдебір үлкен шайқас болмады.Сол сұрапыл соғыс жылдары бүкіл әлем 50-млннан астам адамынан айырылды.Оның ішінде Қазақстаннан 1млн.800 мың адам майданға аттанып, соның жартысы елге, өз отбасына қайтып оралған жоқ.Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді.Соғыста қазақстандықтардан жасақталған әскери бөлімдер ата-бабаның ежелгі қаһармандық дәстүріне адал бола алды.
500-ден аса жерлесіміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының батыры атағын алды.Сонымен қатар, жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарды ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты.Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына мейіріммен тартушы, эвакуацияланған заводтар мен фабрикаларға, майданға керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.Сол бір сұрапыл отты жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек еткен тыл қаһармандарының да ерлік істері ешқашан ұмытылмақ емес.Ұлы Отан соғысының қырғынында да қазақ халқы өздерінің жауынгер халық екендіктерін мойындатты.Өз ерліктерімен көзге түсіп, қазақ халқының қайсарлығын паш етуші жауынгерлерімізді атап өтер болсақ.Соғыс кезінде аты аңызға айналған шоқтығы биік тұлға-Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлы қол бастап, мыңдаған жауынгерлерді соңынан ертіп, Мәскеуді жаудан қорғағаны.Ол-шені жоғарылар алдында жалтақтап, төменшіктемеген, ары мен намысын таптатпаған біртуар тұлға. Бауыржан Момышұлының 30-дан астам ұлт өкілін ұрысқа 207 рет өзі бастап, қан майданға араласқаны, 5 рет саны басым жаудың қоршауында қалып, оны асқан жігерлікпен бұзып шыққаны-әлемді таңдай қақтырған, баламасы жоқ оқиға.
Тәуелсіз еліміздің ертеңі-бүгінгі ұрпақ Бауыржан Момышұлының бітіміндегі асқар шың басындай тәкаппар рухынан қанаттанып, батырлық, отансүйгіштік қасиеттерді бойымызға сіңіріп, атамыздың ерлігін ұмытпауымыз керек.Сонымен қатар, екі қазақ қызын ерекше атағанымыз жөн.Мәншүк Мәметова-пулеметші, Әлия Молдағұлова-мерген.Мақтанарлығы сол, Ұлы Отан соғысында ерлермен иық теңестіре соғыса білген аз ғана әйел адамдардың арасында шығыстан шыққан қос жұлдыз айрықша жарқырап еді. Қазақ қашан да жауынгер халық, батыр халық.Оның осы қасиеті ұрпақтанұрпаққа үлгі, ата дәстүр болып табылады.Бұл дәстүрлер айтып, қайталағанда ғана өміршең болмақ.Мәншүк пен Әлия да осындай рухтың жалғасы...Атағына бүкіл Шығыс халқы ортақтасқан, қазақтың атын әлемге шығарған аяулы қос батыр қызымыздың даңқы арта бермек.Елі үшін, жері үшін соңғы деміне дейін айқасып,аққан жұлдыздай ғұмыр кешсе де, алмас қылыштай жарқ етіп, елі үшін қасқайып кеткен қос қызғалдақты қадірлеу бүгінгі ұрпаққа аманат. Ел үшін, туған жері үшін жанын шүберектің ұшына түйген ардагерлер жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс.Ұлы Жеңіс адамдардың өмірімен, қанымен, маңдай терімен келді. Ұлы Отан соғысындағы аға ұрпақтың жаңқиярлық ерлігі-кейінгі жас ұрпаққа өшпес өнеге.Соғыстың қайғы қасіреті мен зардабын ешқашан ұмытуға болмайды. Олардың көбі соғыстан оралмады.Олардың есімі біз үшін әрқашан қадірлі.
Ұлағатты ұрпағына аманат етіп қалдырған ұлан-ғайыр жеріміздің және еліміздің тыныштығынсақтау-әрбір азаматқа үлкен жауапкершлік пен зор міндет жүктейді.
Сүйікті Отанымыздың іргесі берік болып, Азат еліміздің аспанын бұлт шалмасын! «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс,-деп қайсар ақын Қасым айтқандай, адамзат баласының басына нәубет болып келген сұм соғысқа соңғы нүкте қойған 9 мамыр-Ұлы Жеңіс күніне биыл 71 жыл толады. Шын мәнінде, біз, келер жас ұрпақ , осы 71 жыл тыныш, бақыты күндеріміз үшін жан пида еткен , қырғын шайқаста тайсалмай жау шебін бұзған ата-апаларымыздың атын ғана біліп емес, олардың ерлігін үлгі тұтып, өзімізден кейінгі ұрпаққа да мақтанышпен жеткізейік. « Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген халқымыздың көрегендігін ескеріп, халықпен қоса жасайтын адал перзенттері бар ұлт екендігімізді ұмытпай, Отан тағдырының аласапыран кезеңдерінде жан аямай адал еңбек, қыршын өмірлерін ардақты ұлдар мен аяулы да асыл қыздардың заңды жалғасы болып қала берейік. Алтынның қадірін қолда бар кезде бағалаған абзал.Сондықтан да бізге бейбітшілік пен тыныштық сыйлаған батыр бабаларымызға барынша құрмет көрсету-елдік парызымыз...
Жастарымыз отаншыл болсын.Отаншылдық-әр адамға керек ең ұлы қасиет. Адам жер бетінде ізін қалдырады.Бүгінгі ұрпақтардың жарқын өмірі үшін, жан аямай, кеуделерін оққа төсеген, сұрапыл соғыстың жауынгерлері көрсеткен ерлік ешқашан ұмытылмай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жаңғырып, жасай берері сөзсіз.Өйткені, ерлік-елге мұра, ұрпаққа-ұран. Жан алысып, жан беріскен кездегі аталарымыздың ерен ерліктері қашанда кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болмақ. Соғыс салған жарадан арылған жоқпыз.Арыла алмаспыз да.Өйткені, мезгілсіз құлаған шаңырақтардың, есепсіз төгілген қан мен көз жасының орнын толтырар, бомбалармен ойрандалып, боздақтардың қанымен суарылған Жер-Ананың жазасын жазар күш жоқ шығар.Тек, жеңімпаз рухты қастерлеп, аға буын ерлігін лайықты дәріптеу арқылы соғысқұмар пиғылдың мысын басып, бейбітшіл ұрпақтың тірілігн берекелі , бірлігін бекем етеріміз анық.
Ұлы Отан соғысындағы аға ұрпақтың жаңқиярлық ерлігі-кейінгі жас ұрпаққа өшпес өнеге.Соғыстың қайғы қасіреті мен зардабын ешқашан ұмытуға болмайды. Ұлағатты ұрпағына аманат етіп қалдырған ұлан-ғайыр жеріміздің және еліміздің тыныштығын сақтау-әрбір азаматқа үлкен жауапкершлік пен зор міндет жүктейді. Сүйікті Отанымыздың іргесі берік болып, Азат еліміздің аспанын бұлт шалмасын!
Ұрпақтар сабақтастығын ұран еткен игі істер өз жемісін беріп жатса, ұл-қызымыздың бойынан ұшқын атқан отансүйгіштік рух егемен еліміздің еңсесін биіктете түсері даусыз.Тек, ендігі ұрпақтың ұшқын атқан өр рухы сұрапыл майдан шебінде, соғыс өртінде емес, өркениет бәсекесінде шыңдалсын!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 52 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Ерлерін еске алғанда кім егілмес туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Ерлерин еске алганда ким егилмес на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ерлерін еске алғанда кім егілмес, шығарма Ерлерін еске алғанда кім егілмес туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Ерлерин еске алганда ким егилмес на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мам, Шығарма: Ерлерін еске алғанда кім егілмес шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы