» » » Шығарма: Оққа төселген от кеуде

Шығарма: Оққа төселген от кеуде

Шығарма: Оққа төселген от кеуде казакша Шығарма: Оққа төселген от кеуде на казахском языке
Даулетқалиева Фариза
11 сынып Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп Атырау облысы, Индер ауданы
Жетекшісі: Зинулгаинова Эльмира Зинулгаиновна

Бастауын тым әріден, ата-бабаның арманынан, олардың қанмен тасқа қашап жазып кеткен тереңде жатқан тарихынан алатын Мәңгілік Ел идеясы бүгінгі ұрпағынан қажырлы еңбекті, ешқашан таусылмайтын жігерлі де жасампаз патриоттық сезімді қажет ететіндігін Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басты бағдар тұтар ұран етуі тегіннен тегін емес. Бұл біздің мемлекетіміздің , Отанды шексіз сүюдің суалмас тамыры, жалпыұлтты біріктіруші күші, қуатының қайнар көзі. Бұл жолда біз халқымыздың «Ескерген ескісін сақтайды, Ел болған естісін сақтайды», «Ердің баласы – елдің панасы» деген даналықтарының астарына үңіле түсіп, емеуріннен ерліктің қасиетін ұғынамыз.
Ежелден батырлар мен дауылпаз ақындардың , билердің мекені танылған көне Дендердің қасиетті топырағында дүниеге келіп, сонау бір дүниежүзілік соғыстың ортасында алапат ерлікпен қаза тапқан батыр – Боран Нысанбаев еді. Күні кешегідей ғана, жер дүниені дүркіретіп кеткен,біраз жылдармен жылжып өткен, өткен ғасырдың ең елеулі оқиғасына айналған Ұлы Отан соғысы бүгінгі ұрпақтың есінен кетуі тиіс емес. Қашанда Ұлы Отан соғысы болса, сол батырлармен қатар өз халқымыздың мақтанышы, жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағын алған Боран Нысанбаев ең алдымен еске түседі, оған деген құрмет сезімі жүрек иітеді, көңілді баурайды, ерлікке үндейді.
Боран Нысанбаев 1918 жылы Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай округіне қарасты Қаңбақты елді мекенінде кедей шаруаның жанұясында туған. 1930 жылы «Бает» бастауыш мектебіне келіп, 1934 жылы бастауыш мектепті бітіреді. Бала Боран жанұясының жағдайына байланысты оқуын жалғастыра алмайды да, бұрынғы «Красный Октябрь» колхозынан бір отар қой алып, шопан болады. 1942 жылы 6 қаңтарда бұрынғы Есбол ауданының әскери комиссариаты, неміс фашистерінен өз Отанын қорғауға аттанады. 137-атқыштар дивизиясының 770-полкінде минометші болған.
Боран майдандағы алғашқы күндерінен бастап, өзінің тарихта ізін қалдырған батырлығынан бұрын да бірнеше рет ерлік жасап, үкімет наградасына ие болған. Боран 1942 жылы 10 тамызда өзінің немере інісі Занешке жазған хатында: «Бір күні біздер биікте орналасқан «З» деревнясынан немістерді қуып шығуға бұйрық алдық. Немістер деревняны бекініс пунктіне айналдырып алған, жер жағдайы немістердің маневр жасауына өте ыңғайлы болды. Дзотқа орналасқан неміс пулеметін құрту қиынға түсті. Дзот бізден 200-300 метрдей жер. Мен енді гранатамен құртуды ойладым. Биікке қарай 30-40 метрдей қалғанша гранаталар алып, бауырымен жылжып келдім де, екі гранатпен жау пулеметін расчеттарымен құрттым».
Ол Орел облысы, Покровск ауданы, Лески деревнясы үшін болған ұрыста жаудың атыс ұясын жойып, сол жерде қаза тапқан. Кейін жолдастары шабуылға шығып, жаудың бетін қайтарып, Лески деревнясын жаудан азат еткен Боранның өлі денесінің қасында жаудың 28 офицері мен солдаттарының өлігі жатқан. Шындығында, ол мектептегі оқулықтан белгілі Александр Матросовтан 17 күн бұрын ерлік жасап, жау ұясын кеудесімен жауып, беліне байланған гранаталарын аз уақыт ішінде жарып үлгерген. Сөйтіп, қаза тапса да дұшпандарын жер жастандырып, Кеңес әскерінің жолын ашқан. Теңдесі жоқ ерлік көрсеткені үшін КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының 1943 жылғы 23 қыркүйектегі Жарлығы бойынша қатардағы жауынгер Боран Нысанбаевқа «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.
Ұлы Жеңіс мейрамының алдында Дендер топырағынан бірнеше зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тілшілер Ресейдің Орел жерінде болып, қаза болған жерлестердің бейіттеріне гүл шоқтарын қойып қайтты. Сондай-ақ олар Орел аймағында болған күндерінде соғыстың қайғы-қасіреттерін бастарынан кешірген ержүрек те батыл, қайсар адамдармен ауызба-ауыз әңгімелескен. Елге қайтар алдында ардақты ағамыз Батыр Боран Нысанбаевтың бейітіне соңғы рет барып қайтты. Жерлестеріміз Орел жерінен мәңгі естен кетпейтін әсермен оралды.
Тәрбиенің кең салаларының бірі патриоттық тәрбиені еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзекті мәселелердің қатарына қоюы тегін емес. Елбасының 2050 стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде «Еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын, яғни мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерінің міндетінің өз жастарымызды патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді» деген құнды пікірлер айтылған.
Жылма – жыл дәстүрлі түрде мектебімізде ерлікті насихаттау, дәріптеу мақсатында Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың ерлігіне орай түрлі шаралар өткізу үрдіске айналған. Биылғы жылы да 1-10 ақпан күндері аралығында онкүндік өз дәрежесінде өтті. Онкүндік ішінде бастауыш сынып оқушылары Боран мұражайына барып, батырлардың ерлігі жөнінде деректермен танысты. Барлық сыныптарда «Ерлік – ел мұраты», «Даңқың өшпес ер Боран», «Боран батыр», «Қаңбақтыдан шыққан ер» тақырыптарында танымдық шаралар, сынып сағаттары өткізілді. Онкүндік ішінде мектеп кітапханасында «Боран есімі мәңгі жадымызда» атты бұрыш ұйымдастырылды. «Жас Ұлан» ұйымының бастамасымен 8-10 сыныптар арасында «Ер өлмейді, ерлік ұмытылмайды» тақырыбында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы болды. Біздің бақытты өміріміз, жарқын болашағымыз үшін өмірін қиған Боран батыр жөнінде қанша айтсақ та артық емес, өзі өлсе де артына өлместей жарқылдаған ерлік даңқы елге аңыз болып қалды. Боран ерлігі ерекше ерлік, ешқашан да ұмытылмастай ерлік.
Батыр болдың да іштегі шерді қозғадың,
Жақсы ғой шіркін қатардан ер боп озғаның.
Не айтсам екен, не десем екен сен жайлы,
Боранда туып, боранда өлген боздағым, - деп есте қалдырады индерлік бард ақын Табылды Досымов.
Ерлердің ісі ешуақытта ұмытылмайды. Қасиетті Отаны үшін, өз халқының азаттығы мен бақыты үшін жанын пида етіп, мәңгі бақи сүйіспеншілікпен сақтайды. Дендер ауданының Зеленый елді-мекенінде Боран атындағы мектепте батырға арналған мұражай бар. Бөлмеде Боранға арналған жеке іс қағаз, 2 альбом және Боран ерлік жасаған жерінен әкелінген топырақ, снарядтың жарқыншағы бар және батырға арнап өткізілген тәрбие сағаттарының материалдары қойылған. «Боран ауылының бұрынғы көрінісі» стендісі батырдың алғаш шопан болған кезін бейнелейді. Сондай – ақ бірнеше альбомдар жасақталған. «Ер есімі - ел есінде» атты стендіде Боран ағаның ерлігін анықтаған Орел облысы, Покров ауданы , Верхно – Жерновтағы Боран атындағы 8 жылдық мектептің бұрынғы тарих-география пәнінің мұғалімі Александр Матвеевич Акулинин жинаған материалдар бар. Осы стендіде Орелге Индерден бірінші барған делегация бар. Олардың ішінде Боранның екінші апасы Құрманбике Дросковада салынған Боран ескерткішінің ашылуына шақырумен барған. Орел облысының Покров ауданы мен Боранның туып өскен селосы Зеленый селосы арасындағы қарым – қатынастың негізі – ерлікті қастерлеу. Батырдың ерлігі жас ұрпақты Отансүйгіштікке, патриотизмге, ұлы достық рухында тәрбиелеуге өшпес өнеге болды.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

nurgul95 | 92 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
Шығарма: Менің тұңғыш президентім
Шығарма: Менің тұңғыш президентім
Шығарма: Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті
Шығарма: Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті
Шығарма: Ана
Шығарма: Ана
Шығарма: Біздің сынып
Шығарма: Біздің сынып
Шығарма: Менің елім - мәңгілік ел
Шығарма: Менің елім - мәңгілік ел
Шығарма: Менің тұңғыш президентім
Шығарма: Менің тұңғыш президентім
Шығарма: Астана
Шығарма: Астана
Шығарма: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің Президентім!)
Шығарма: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің Президентім!)
Шығарма: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің президентім)
Шығарма: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Менің президентім)
Қазақша шығарма: Қазақстаным мен Елбасым
Қазақша шығарма: Қазақстаным мен Елбасым
Шығарма: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев)
Шығарма: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
Қазақша шығарма: Ер есімі ел есінде
Қазақша шығарма: Ер есімі ел есінде
Презентация (слайд): 1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні
Презентация (слайд): 1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні
Презентация (слайд): 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
Презентация (слайд): 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
Тәрбие сағат: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Видео)
Тәрбие сағат: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Видео)
Презентация (слайд): 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Нұрсұлтан Назарбаев)
Презентация (слайд): 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Нұрсұлтан Назарбаев)

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Оққа төселген от кеуде туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Окка тоселген от кеуде на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Оққа төселген от кеуде, шығарма Оққа төселген от кеуде туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Окка тоселген от кеуде на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен , Шығарма: Оққа төселген от кеуде шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы