Қазақша шығарма: Рахмет, анашым!

Қазақша шығарма: Рахмет, анашым! казакша Қазақша шығарма: Рахмет, анашым! на казахском языке

Рахмет, анашым!
Алғаш менің жаттағаным,
Жаттағаным тіс жарып
Дүниені уысында
Ұстап тұрған күш,алып-
«Ана» деген үш әріп …

Ана…. Осы бір сөзде қаншама мән-мағына бар десеңізші! Ана-қамқоршы,ана-сүйеуші,ана-отбасы ұйытқысы,ана-қоғам қызметкері.
Ия,дүниеде анаға теңесер жан болмас,сірә!
Әр адамға өз анасы қымбат.Ақынтілімен айтсақ,
Аналардың бәрі жақсы дегенмен,
Менің анам ең жақсысы дер ем мен…
Менің анам… Біреулер үшін қарапайым ғана ауыл әйелі… Ал мен үшін….
Әкеден ана құрсағында жатып айырылған мен үшін анамның орны бөлек-ақ. «Орнында бар оңалар» деген аталы сөзді жанына медет тұтқан анам мені «Орынбек» деп атапты. «Әкесінің орнын бассын,ошағының отын өшірмесін!»-деген ізгі ниетпен атаса керек.Қашанда жақсылықты алғы күннен күткен,барға шүкіршілік еткен анам менің…
Ата-анасының жалғыз перзенті болғандықтан нағашы атам мен нағашы әжемді де жер қойнына өз қолымен арулап тапсырған анамның қажыр-қайратына қайран қалам.Жар қазасы,туған әке мен ананы мәңгілік сапарға аттандыру… Осынша қайғыны көтере жүріп,бір сәт налығанын көрмеппін.Әлде бізді әлдилеп ұйықтатқан соң ошада көз жасын талай көлдетті ме екен?Сәби көңіл не білсін?Аязды күндерде үпір-шүпір үш перзентін құшағына қысып,ыңылдап ән салар еді.Ән демекші,ата-анасының үкілеген жалғыз перзенті бала күннен әнді жанына серік етіпті.Қаршадай кезінен ауыл сахнасының сәні болған анамның ән шырқауы бөлек-ақ.Күні бүгінге дейін әсем әнімен көпшілікті тәнті етіп келе жатқан анам,егер өнер жолын таңдағанда,республикаға танымал әнші болар ма еді? Бірақ анам ұстаздық ұлы жолды таңдапты.Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндердің қолына алғаш қалам ұстатып,олардың жетістігіне бірге марқайып,әлденеше толқынды үлкен өмір сапарына аттандырды.Еңбек,оқу демалыстарында амандаса келген шәкіртерінің біріне «оу,жаным»,біріне «ой,құлдық»,енді біріне «құлыным-ау» деп айналып-толғанып жатқан анамды,шыны керек,қызғанып та қаламын.Алайда тек менің анам ғана емес,ел анасыболған,аналық махаббаты балаларына ғана емес,көпке жеткен анамды мақтаныш ететінім де жасырын емес.

Иә,үш перзентті қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқыттырмай жеткізу анама оңай тиіп жатпағанын сәби жүрегіммен сеземін-ақ.Біреуі Ақтөбеде,біреуі Астанада оқитын студент екі апама еңбекақысын алған күні ақша аударып,көңілін демдеген анам мені де ұмытпай,тәтті-пәттісін әкеліп,күрең шайды рахаттана бастар еді. «Келесі жалақыдан саған…»,-деп қояды арасында.Сонан соң: «Құдайға тәубе,екі апаңда гранттық негізде оқиды,екеуі де жатақханада жатады,әйтпесе қайтер едік,шүкіршілік етейік»,-дейді. «Қанағат қарын тойғызар» демей ме,анамның сөзін мен де қостаймын.Кей-кезде: «Осы сен үйкүшік болып бара жатқан жоқсын ба?Туғандарыңа барып кел.Еркек кіндіктілермен алысып(әкемнің інісінің балаларын айтқаны),ағаларыңның ақылын тыңдап кел»,-деп,көрші ауылға,қалаға аттандырып жатады.Ер адамдармен араласып,сөйлесіп әкемнің беруіне бұйырмаған өнегені алсын дегені екенін түсінемін-ақ.Әр нәрсені тереңнен ойлайтын анашым менің!Мен өмірімдегі әрбір жетістігім үшін сізге шексіз ризамын!
Қанша қиын болғанымен,менің өнердегі жолыма бөгет болмай,домбырашылардың байқау-сайыстарына қатысуыма да демеуші болып келесің.Сенің арқаңда Алматы,Астана,Көкшетау,Түркістан төрінде күй тарту құрметіне ие болдым.
Дәл қазір мен Сәкен Майғазиевтің «анама арнау» бейнебаянын(клип) қарап, әнін тыңдап отырмын.Анаға деген шексіз құрмет пен сүйіспеншілікті паш ететін осынау өнер туындысы мені алыс жағалауларға жетеледі.Мен де азамат болармын.Бүгінгі көрген қиыншылығың бір күнгідей болмай өте шығар,анашым!Көңілімдегі көрікті ойды ақ қағазға көркемдеп түсіре алдым ба,білмеймін.бірақ… Менің шығармашылығымның бастауы саған арнаған туынды болар,бәлкім.Жүрегімді жарып шыққан ол күйді мен «Рахмет,анашым!» деп аяқтармын.

Аты-жөні: Нұрланұлы Орынбек
Мектебі: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы
Сыныбы: 9а сыныбы
Пән мұғалімі: Қайырғали Лиза



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?




KZ » Қазақша Шығармалар жинағы, анама хат шығарма, ана туралы шығарма, Асыл ана казакша шыгарма, ана туралы шыгарма, ана туралы шығарма 4 5 6 7 8 9 сынып, ана туралы шығарма 1 2 3 4 сынып, сочинение на казахском языке про маму, готовые сочинения на казахском языке про маму, скачать сочинения на казахском языке мама, Қазақша шығарма: Асыл ана, Қазақша шығарма, сочинения на казахском языке, Қазақша шығарма: Асыл ана сочинения на казахском, ана туралы шыгарма қазақша, ана туралы шығарма қазақша, ана туралы шығармалар қазақша, сочинение на казахском языке про мою маму, скачать сочинения на казахском языке маму, жан ана казакша шыгарма, Қазақша шығарма: Менің аяулым анам, Ардақты анашым, Қазақша шығарма: Ардақты анашым, ана туралы шыгарма казакша, ана туралы шыгарма жоспарымен, сочинение на казахском языке моя мама, ана туралы шыгарма, ана туралы шығарма, сочинение на казахском языке про маму, готовые сочинения на казахском языке про маму, скачать сочинения на казахском языке мама, ана туралы шыгарма казакша, ана туралы шыгарма жоспарымен, Қазақша шығарма: Рахмет, анашым!, Қазақша шығарма: Рахмет, анашым! шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы