Қазақша - орысша шығарма: Айтыс

Қазақша - орысша шығарма: Айтыс

Айтыс - халық ауыз әдебиетінің осы түрі - XIX ғасырда, яғни Қазақ музыкасы дін мен дәстүр тұсауынан босатылған уақытта пайда болды және өздігінен халық шығармашылығы іспетті дами бастады. Бұл кезең халықтың негізгі музыкалық дәстүрі – инструменталдық, ән-күй, ақындық жанрының гүлденуіне мүмкіндік жасалған ұлттың шын мәнінде рухани қайта өрлеу дәуірі болды.

Айтыс – халық арасында ақын деп аталатын екі суырып салма жыршы арасындағы сайыс. «Сөзбен айқасу бәрінен де күшті» деп халық бекер айтпаса керек. Айтыс кезінде ақындар кез келген еркін тақырыпты өлеңмен өрнектейді. Фольклордың басқа нысандарынан ерекшелігі – Айтыс жиналған халықтың алдында өткізіледі. Айтыскер ақындар алдын ала дайындықсыз сайысқа қатысады, жауапты өлеңмен ойдан шығарып кезек-кезек қайтарып отырады. Бұл сайыс алғырлықты, терең ойды, жылдамдықты талап етеді. Домбырамен, қобызбен және ыммен өз жауабын сүйемелдей отырып, қарсыласына өлең түрінде бірден әрі дәл жауап ойлап тауып, оны қалжыңмен де үйлестіріп отырады.

Айтыс сайысатын ақындардың дарынын көпшіліктің тамашалауымен көрініс табады, өлеңмен Айтыс кезінде оның жоғары талантын әділқазы халық бағалап, орнықты орнын береді, содан кейін жеңімпаз ақын халық арасында танымал бола бастайды.

Айтыстың түп тамыры өте ертеде бастау алған. Ертеде той-думандарда, әдет-ғұрып салт-дәстүрлерде, үйлену тойларда көпшіліктің бірігіп айтуымен, қыз бен жігіттің сөз тіресуімен айтылған. Айтыс біртіндеп дамып, жетіле бастады. Үлкен және шағын поэтикалық Айтыстардың мәтіндері осы күнге ауыздан ауызға беріліп жетті. Мысалы, Орынбайдың, Шөженің, Түбектің, Жанақтың, Біржанның, Сараның, Әсеттің, Ырысжанның, Сүйімбайдың және халық арасында ауызша тарап кеткен және ХІХ-ғасырда Қазақ және орыс ғалымдары жазып алған басқа да ақындардың Айтысы, бұлар біртұтас шығарма болды.

Революцияға дейінгі Айтыстардың идеялық мазмұны көбінесе халықтың тұрмысына, қоғамдық тіршіліктің толғақты мәселелеріне арналды. Айтыскер ақындардың көзқарасына және ұстанымына қарай Айтыс әртүрлі деңгейлерде өрбіді. Айтыс батырлық, әлеуметтік теңсіздік, рулық күрес, отырықшы және көшпенді тіршілік, жеке бастың еркіндігі, әйелдер теңсіздігі, сауат ашу қажеттілігі тақырыптарына арналды.

Айтыстың бірнеше түрі болады, оның ең көп тараған түрі қайым Айтыс пен сүре Айтыс. Қайым Айтыс – бұл жаңадан шыққан жас ақындардың арасындағы қысқа қайтарылатын суырып салма Айтысы. Мұндай Айтыстар көбінесе ойын, той-томалақ, мереке кезінде жастар арасында көптеп айтылады. Бұл ең қол жетімді Айтыс түрі. Сүре Айтысы – бұл халық арасында танымал болған тәжірибелі ақындардың Айтысы. Мұндай Айтыстың өткізілетін жері және оның қатысушылары жайлы алдын ала хабарланады. Мұндай Айтыстарға көп халық жиналады, тіпті басқа ауылдардан да тыңдармандар келеді. Мұндай Айтыстардың өзіндік ережесі болған. Мысалы, өзін-өзі таныстыру, елін-руын мадақтау, содан кейін барып Айтыстың тақырыбы туындайды, тақырып ашыла түсіп, дамиды, бұл Айтыстың шырқау шегі деп аталады. Ең соңында жеңімпаз анықталып, даңққа ие болады.

Осылайша, Айтыс поэзия, музыка, драмалық қойылым, айту шеберлігі сынды бірқатар өнердің жиынтығын береді. Айтыс сөз байлығын, сонымен қатар қазақтардың музыкалық мәдениетін, халық даналығын көрсететін дәстүрлі Қазақ мәдениетінде үлкен орын алады.


Такой вид устной народной поэзии, как айтыс , появился в 19 веке, во времена, когда казахская музыка освобождается от сковывающих цепей религии и обряда и начинает развиваться как самостоятельное народное творчество. Этот период стал поистине духовным ренессансом нации, давшим расцвет основных музыкальных традиций народа - инструментальной, песенной, акынской.

Айтыс - это состязание между двумя импровизаторами- песенниками, называемых в народе акынами. «Сильнее всего схватка в словах»,— говорится в народе. Во время айтыса акыны вели как бы песенный диалог на любую произволую тему.В отличие от других форм фольклора айтыс проходит перед собравшимся народом, акыны-поэты вступают в состязание без предварительной подготовки, сочиняют стихи-ответы поочередно. Это состязание на находчивость, умение быстро, оригинально и метко, с юмором и остроумием ответить противнику, находу экспромтом придумывая ответ в песенной форме, сопровождая свой ответ игрой на домбре, кобызе и выразительными жестами.

Айтыс представляет как бы публичный смотр таланта состязающихся акынов, побеждает в поэтическом споре талантливый, с высоким интеллектом акын, жюри — народ — по достоинству оценивает победителя, после чего его имя приобретает популярность.

Корни айтыса — в древности, в обрядовых, свадебных песнях, в хоровых исполнениях, в словопрениях между жигитами и девушками, во всевозможных увеселениях. Айтыс постепенно совершенствовался, развивался. Тексты многих больших и малых поэтических состязаний передавались из уст в уста. Айтысы, например, Орынбая, Шоже, Тубека, Жанака, Биржана, Сары, Асета, Ырысжана, Суюмбая и других, получившие устное распространение в народе или записанные в XIX веке казахскими и русскими учеными, представляют собой целые произведения.

Идейное содержание, темы дореволюционных айтысов в большинстве своем связаны с бытом народа, со злободневными вопросами общественной жизни. В зависимости от таланта, мировоззрений и позиций состязающихся акынов они решались на разных уровнях. Айтысы были на разные темы: героизма, социального неравенства, родовой борьбы, оседлого и кочевого образа жизни, свободы личности, неравноправия женщин, необходимости образования и другие.

Существовало несколько видов айтыса, самыми распространенными из которых являются каим-айтыс и сере-айтыс. Каим-айтыс - этокороткие песенные импровизации, айтыс между молодыми начинающими акынами, такой айтыс часто затевался среди молодежи во время игр, праздников, это самый доступный вид айтыса. Суре-айтыс - это айтыс между опытными акынами, уже сыскавшими признание в народе, как мастера импровизации. О месте и участниках такого айтыса обычно извещается заранее, собирается много людей, могут приходить люди из других аулов. Такие айтысы имели свои правила: вначале — представление акынов-участников, каждый из которых восхваляет свою персону, род, затем определяется тема, в раскрытии и развитии которой состязаются, — это кульминация. И, наконец, окончание, финал — победитель в зените славы.

Таким образом, айтыс представляет собой сложный синтез ряда искусств - поэзии, музыки, драматического представления, исполнительского мастерства. Айтыс занимает значительную роль в традиционной казахской культуре, показывая богатство не только словесной, но и музыкальной культуры казахов, мудрость народа.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады