Физика | Астрономиялық бақылаулар және халық даналығы

 Физика | Астрономиялық бақылаулар және халық даналығы

Жоспар:
1. Кіріспе
2. Ең қарапайым астрономиялық бақылау құралдары:
 Телескоп
 Бұрыш өлшеуіш құрал
 Жұлдыз сағаты
3. Ай құпиясы
4. Үркер жұлдыздар шоғыры
5. Бес саусақ есебі халық астрономиясында
6. Қорытынды
7. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе.
Астрономия – табиғат жөніндегі ең бір қызықты және тамаша ғылым, ол тек осы күнгіні ғана зерттеп қоймайды, бізді қоршаған мега дүниенің алыс өткенін де зерттейді, сондай - ақ болашақ Ғаламның ғылыми суреттемесін жасауға мүмкіндік береді. Аспан денелерінің температурасы, химиялық құрамы, магниттік өрісі, сондай - ақ олардың қозғалыстары жөніндегі мәліметтер спектрлік бақылаулар арқылы алынады.

Астрономия ежелгі ғылымдардың бірі. Ол адам баласының өмірлік қажеттіліктеріне қарай, басқа ғылымдардың бәрінен бұрын пайда болған.
Ерте кездің өзінде - ақ алыс сапарға саяхатқа шыққан адамдар түнде жұлдыздарға, күндіз Күнге қарап жол таба білген. Астрономиялық бақылаулар бүгінде халық шаруашылығының қатарына: уақытты өлшеу, дәл географиялық карталарды жасау, теңізде, әуеде, ғарыш кеңістігінде аспан шырақтары бойынша бағдар алу жатады. Дегенмен де бүгінде астрономияның мәні бұлармен шектеліп қала алмайды. Ай мен Күн жүйесінің ғаламшарларын зерттеу өзіміздің Жерімізді жақсырақ білуге тудырады. Жер айналасындағы ғарыш кеңістігі мен Жерге жақын маңдағы аспан денелері қазірдің өзінде - ақ адам қызметінің шеңберіне еніп отыр. Болашақта ғарышты игеру адам баласының өмір сүру ортасын кеңейтеді, экологиялық көкейтесті мәселелерді шешуді жеңілдетеді.

Аспан денелерінің көрінбейтін сәулелерінің негізгі бөлігі Жер атмосферасына жұтылады және Жердің бетіне жетпейді. Сондықтан да Жерден жүргізетін бақылауды атмосферадан тыс кеңістіктен жүргізумен толықтыруға болады. Ол бүгінде Жердің жасанды серіктері ( ЖЖС ), ғаламшараралық автоматты бекеттер ( ҒАБ ) және орбиталық ғылыми бекеттер арқылы жүзеге асырылуда.

Борттарындағы астрономиялық құралдар толқын ұзындығының барлық диапазонында аспан денелерін зерттеуге қабілетті. Бүгінгі астрономияның дамуы ғылыми – техникалық прогреспен тығыз байланысты іргелі физика - математикалық ғылым. Қазір Жер бетінде және атмосферадан тыс кеңістікте жүргізілетін бақылаулар Жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігінде жасалатын тәжірибелермен, Айдағы, Шолпан мен Марстағы зерттеулермен толтырылып, алынған мәліметтер электрондық есептеуіш машиналарында өңделіп, физика, математика және басқа ғылымдар жетістіктері ескеріліп, астрофизика аса қарқынды түрде дамып отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Халық астрономиясы туралы ұғымды, оның қолданылуын, аспан денелері туралы аңыздарды, аспан денелеріне қарап жыл мезгілдерін, аспан құбылыстарын анықтауды, ұрпақтан - ұрпаққа тарап келе жатқан аңыз, ертегі, жұмбақ, халықтық ұғымдар, ырым, наным т. б. материалдарды жинақтау. Ең қарапайым бақылау құралдарын қолдан жасап, аспан денелерін бақылау.

Астрономиялық бақылау құралдары
Астрономиялық бақылау әрі қызықты әрі ғажайып жұмбақтарға толы аспан денелерінің сырын танудың тамаша тәсілі болып табылады.
Бақылауды арнайы құралсыз жай көзбен – ақ жүргізуге болады. Сол сияқты телескоп немесе дүрбі арқылы да жүргізуге болады. Бақылаушының негізгі құралы болып табылатын телескоп көзбен көріп, тамашалауға болатын ғарыш кеңістігін ұлғайтып көрсетеді. Телескоп арқылы көзге көрінетін тек Күн жүйесінің ғана емес, сонымен қатар, Ғалам денелері – тұмандықтар мен жұлдыз шоғырлары, тіпті одан да тыс жатқан басқа жұлдыздар ғаламы және олардың жүйелері. Телескоптың негізгі міндеті – зерттелетін объектіден мүмкіндігінше көп жарық жинау және оның көрінетін бұрыштық мөлшерін үлкейту.
Телескоп арнайы шыны өңдеп, көзілдірік жасайтын дат шеберлері алыстағыны жақындап көрсететін дүрбі ойлап тапқаннан кейін барып шықты. Бұл 17 - ғасырдың бас кезі еді.

Мұндай ғажап дүрбі жайлы хабар Италияның Падуи деп аталатын қаласына да тез жетті. Падуиде жұртқа мәлім ірі университет бар еді. Ал бұл университетте әйгілі физик, математик әрі астроном Галилео Галилей жұмыс істейтін. Галилей мұндай дүрбінің астрономдарға өте қажет екенін бірден байқап, ондай аспапты өзі жасап шығарды. Бұл 1609 жыл болатын. Мұндай құрылғы онша күрделі болмай шықты. Галилей құрастырған тұңғыш телескоп кескінді небары 3 есе ғана ұлғайтатын. Соның өзінде ғалымның көз алдында көк аспанның пердесі түріліп жүре бергендей болды. Ақыр соңында Галилей кескінді 32 есе ұлғайтатын телескоп құрастырды. Ғалым оның көмегімен Айдан, Күннен және планеталардан тамаша жаңалықтар ашты.

Кеплер, Ньютон, Ломоносов сияқты әр елдің әйгілі оқымыстылары және олардан кейін де көптеген адамдар телескопты жетілдірумен айналысты. Көп уақыт өтпей - ақ линзалы телескоп – рефрактордың орнына оның бәсекелесі және серігі телескоп – рефлектор пайда болды. Мұнда объектив линзасы ойыс айнамен алмастырылған. Телескоп – рефлекторды ағылшын ғалымы Ньютон ойлап тапты.
Қазіргі кезде ең үлкен американ телескоп – рефракторы трубасының ұзындығы 21м, объективінің диаметрі 102 см. Ол кескінді 330 мың есе ұлғайтады. Ал ең үлкен телескоп – рефлектордың айнасының көлденеңі 6м. Бұл телескоп Кавказ тауында 2100м биіктікте орналасқан.

Қолдан жасап алуға болатын қарапайым астрономиялық бақылау құралдарына тоқтала кетейік
Ең қарапайым телескоп.
Қажетті нәрселер
• Екі үлкейтетін шыны
• Диаметрлерінің сәл ғана айырмашылығы бар екі картон түтік
• Скотч
Тәжірибе кешке Ай жақсы көрінген кезде жүргізілді
Тәжірибе барысы
1. Екі картон түтік жасап, бірінің ішіне бірін кіргіздік те скотчтың көмегімен бір ұшына үлкейтетін шыныны бекіттік
2. Айға үлкейтетін шыны жағынан қарап, ал басқа шыныны қарама - қарсы ұшының алдына ұстадық. Түтікті әрі, бері жылжыта отырып сонымен бірге екінші үлкейтетін шыныны жақындатып және алыстатып айқын кескін алғанша телескопты икемдеп ұстадық
Нәтижесі
Айдың кері және үлкейтілген кескінін алдық
Өйткені
Алдыңғы шыны Айдан шығатын сәулелерді жинап, түтіктің ішінде оның кескінін береді. Көзге жақын орналасқан линза бұл кескінді үлкейтеді және Айды жақындатады. Линзалы телескоптар осылайша жұмыс істейді, бірақта шын аспаптар кері емес, дұрыс кескін көрсетеді.
Бұрыш өлшеуіш құрал.

Аспан сферасында орналасқан жұлдыздардың, сондай - ақ басқа шырақтардың арақашықтықтары тек бұрыштық өлшемдермен ғана анықталады. Қарапайым бұрыш өлшеуіш құралды қолдан да жасап алуға болады. Жұлдызтаяқ градуирленген АВ сызғыштан және оның бойымен қозғалатын жылжымалы СД таяқшадан тұрады. Таяқшаның ұшына қысқа таяқша - қарауыл орнатылады. Өлшенетін бұрыш мәнін анықтау үшін ұзын тақтай бойына бұрыш белгілері салынуы тиіс. Бұл белгілер тронспортир қолданылып анықталады. Жұлдызтаяқ көмегімен өлшеу үшін бақылаушы А нысананы көзге тақап, тақтайды жылжыта отырып, онда орнатылған қарауылдарды бұрыштық бұрыштық арақашықтығы өлшенетін екі жұлдызға немесе аспан шырақтарына дәл келтіреді. Өлшенген бұрыштың мәні - жылжымалы тақтайшаның ұзын таяқ бойында көрсетілген бұрыштық белгімен анықталады.

Жұлдыз сағаты
Жұлдыз сағаты үш бөліктен құралған:
1. Жиегіне айлар мен күндер жазылған жылжымайтын негізгі дөңгелек, онда көкжиек белгісі салынған
2. Сағат белгілері бар жылжымалы дөңгелек сақина, оның жиегіне 5сағ20мин - ты көрсететін бағыттауыш салынған
3. Темірқазық және Жетіқарақшының екі жұлдызы арқылы өтетін жұлдыздық сағат тілі бар дөңгелек. Сағат дөңгелегін негізгі дөңгелекке, оған сағат тілі бар дөңгелекті беттестіріп, орталық нүктеге шегеден істелген оське қондыру қажет.
Өте қарапайым астрономиялық құралдармен жасалған бақылаулар әлемнің шексіз екендігіне табиғат танудағы қазіргі ғылыми әдістердің құдіреттігіне көз жеткізеді......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!