Қазақша реферат: Сүйінбай Аронұлы (1815–1898) » ZHARAR © 2017 | сүйінбай аронұлы туралы қазақша реферат, суюнбай аронулы туралы казакша реферат, суюнбай аронулы туралы казакша омирбаяны, сүйінбай аронұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке суюнбай аронулы




  • »

Қазақша реферат: Сүйінбай Аронұлы (1815–1898)

Қазақша реферат: Сүйінбай Аронұлы (1815–1898) казакша Қазақша реферат: Сүйінбай Аронұлы (1815–1898) на казахском языке

Сүйінбай Аронұлы (1815–1898) – 19-шы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыс ақыны. Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Сүйінбай жастайынан жыраулығымен елге танылды. Жамбыл ақын «Менің пірім — Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп оны ұстаз тұтты. Ақынның арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болса, оның үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі, ал кенже баласы Арон жастайынан өткірлігімен, мәмлегер шешендігімен ел ауызына ілікті. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға да дарыды. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшыл, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танымал болды. Бұл жөнінде Жаманшыл Сүйінбайға: «Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің» дейді екен. Тарихи деректерде Қоқан шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды.

Ол «Өтеген батыр», «Қарасай батыр», «Саурық батыр», «Сұраншы батыр», «Жабай батыр» сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласты. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырды. Әсіресе ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ «Датқаларға», «Үмбетәліге», «Төрт биге», «Момын малын зұлымға алып беріп», тағы басқа өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алды. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері («Мақсұтқа», «Қасымға», «Болыстарға баға») сақталған.

Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген. Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленеді. М. Әуезов Сүйінбайды «айтыс өнерінің алтын діңгегі» деп атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, «Сүйінбай осылай деген» деп әрдайым зерделерінде тұтты. Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі ХХ ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР-і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылыми комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә. Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алды. 1929 жылы алғаш рет «Жаңа әдебиет» журналында (№6) ақынның «Апырмау, мынау жатқан Сарыбай ма» деген өлеңі басылды. Ақын шығармалары әр кезеңде жарық көрген хрестоматиялық оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде насихатталды.

С. Сейфуллин құрастырған «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» атты жинаққа «Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайған шағында айтқаны» деген өлеңі енді. 1935 жылы І. Жансүгіров пен Ф. Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы «Сүйінбай ақын» деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. Қазақстан Ғылым академиясы құрылғаннан кейін ақын мұрасын жинап, жариялаумен айналысқан ғалымдар Ә. Диваев, С. Бегалин, Б. Жақыпбаев, қырғыз фольклористері Ш. Үмбетәлиев пен Э. Мұқанбетовтардың еңбектерін айрықша атауға болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының біршамасы Ж. Жабаевтың мемориалдық мұражайының әдеби қорында сақтаулы.

Сүйінбай ақынның «Ақиық» атты жинағына таңдаулы шығармаларымен қатар, тыңнан қосылған көптеген өлең-толғаулары, айтыстары енген, шығармалары жүйеге келтіріліп, тақырыптарға бөлінген. Кітапқа көлемді ғылыми алғысөз жазылып, сонынан түсіндірме сөздік берілген. Мәскеуде «Әлем әдебиетінің кітапханасы» сериясымен жарыққа шыққан 200 томдық жинақтың 102-ші томында ақынның «Кәрілік» атты өлеңі жарияланған. Бұл оның шығармашылығының дүниежүзі сөз өнеріне қосылған асыл мұра, аса құнды әдеби ескерткіш екендігін танытады. Алматы облыстық филармониясы, сондай-ақ Алматы қаласында үлкен даңғыл, туған ауылы, ондағы мектеп Сүйінбай есімімен аталады. Туған жерінде мемориалдық мұражайы жұмыс істейді.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 264
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы, сүйінбай аронұлы туралы қазақша реферат, суюнбай аронулы туралы казакша реферат, суюнбай аронулы туралы казакша омирбаяны, сүйінбай аронұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке суюнбай аронулы, биография на казахском языке суюнбай аронулы, биография на казахском языке, суюнбай аронулы, реферат на казахском языке, сүйінбай аронұлы туралы, қазақша реферат, сүйінбай аронұлы, суюнбай аронулы биография на казахском языке, суюнбай аронулы казакша биография, суюнбай аронулы на казахском языке википедия, суюнбай аронулы на казахском языке реферат, сүйінбай аронұлы өмірбаяны, сүйінбай аронұлы қысқаша өмірбаяны, сүйінбай аронұлы туралы қазақша реферат, суюнбай аронулы туралы казакша реферат, суюнбай аронулы туралы казакша омирбаяны, сүйінбай аронұлы туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке суюнбай аронулы, Қазақша реферат: Сүйінбай Аронұлы (1815–1898) реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .