» » » Реферат: Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту

Реферат: Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту

Реферат: Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту казакша Реферат: Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту на казахском языке
Тыныс алу органдары ауруларының жалпы сипаттамасы

Ентікпе дегеніміз тыныс алудың қиындауы, ал дем алу қимылдарының ырғағы мен күшінің бұзылуымен сипатталады.Бұл жағдайда сырқат дем жетпегендей ауыр сезініп, осыған байланысты терең де жиі дем алады. Ентікпе - қорғаныш- физиологиялық икемделу,оның көмегімен организм жетіспейтін оттегінің орнын толтырып, жиналған көмір қышқылының артығын шығарады.Ентікпе кезінде тыныс реттілігі бұзылады, ал тыныс алу жилігімен және тереңдігімен білінеді. Жиі және сирек, сондай –ақ үстірт және терең дем алулар түрін ажыратуға болады
Ентікпенің екі түрі бар – инспираторлық және экспираторлық.
Инспираторлық ентікпе узақ дем алумен сипатталады және ол дауыс саңылауының рефлекторлық қысылуы кезінде пайда болады. Бұл кезде сырылдап дем алады. Экспираторлық ентікпе (қиналып дем алу) ұсақ бронхтардың және бронх бұлшық еттерінің жиырылуы салдарынан майда бронхтардың саңлауы тарылған кезде, әдетте бронх демікпесі кезінде пайда болады.
Сырқат ентігі бастаған кезде мейіркеш ол жөнінде дереу дәрігерге хабарлауы және оның тыныс алуын жеңілдету үшін шұғыл шаралар қолдануы қажет: оның басын көтеріпнемесе жауырынынабірнеше жастық қойып, әйтпесе арнайы кереуеттің жоғарғы жағын көтеріп тастап қысып тұрған киімдерін ағытып шешуі, терезені немесе әйнекті ашыпкөбірек таза ауа келуінқамтамасыз етіп, сондай –ақ сырқаттқа оттегі жастығын жіберу тиіс.

Жөтел - бронхтардан және жоғарғы тыныс жолдарынан бөгде заттар, шараналар, жоғарғы тыныс жолдарының, бронхтардың және өкпенің түрлі аурулары кезінде қақырықтар шығаратын қорғаныш-рефлекторлық акт болып табылады. Жөтел рефлексі қақырынуға көмектеседі. Дауыс саңылауы жабылу кезінде кенеттен әрі шұғыл дем алу жөтелуге түріткі болады. Жөтел деген былайша шығады: адам терең дем алады,содан кейін дауыс саңылауы, барлық тыныс алу бұлшық етттері,диафрагма мен төс етегі жабылады, өкпедегі ауа қысымы көтеріледі. Дауыс саңлауын шұғыл ашқан кезде тыныс жолында жиналған ауа қақырықпен немесе басқа бөгде заттармен бірге күшпен ауыз арқылы ашылып шығады. Тыныс жолдарындағыныңбәрі мұрын арқылы шықпайды,себебі жөтел кезінде мұрын қуысы жұмсақ таңдаймен жабулы тұрады.
Сипатына қарай жөтел қақырықсыз құрғақ және қақырық түсетін дымқыл болады. Құрғақ жөтел жоғарғы тембірмен сипатталады, тамақты қышытады, қақырық түспейді. Дымқыл жөтелде қақырық түседі,оның үстіне неғұрлым сұйықтау болса, оңай қақырынады.

Қақырық - жөтел кезінде тыныс жолдарынан шығатын патологиялық бөліністер. Қақырықтың түсуі әрдайым өкпеде немесе бронхтарда патологиялық процестің бар екенін дәлелдейді. Қақырықты тыныс органдары ауруының белгісі ретінде санау үшін алдымен оның мөлшерін,сұйықтығын, түсін, иісін және қоспаларын ескеру қажет. Қақырық кілегейлі, ұйыма, іріңді, аралас және қанды болады. Қанды немесе қан жолдары бар қақырықтың болуы мейіркештерді ойландыруы тиіс. Бұл жөнінде дәрігерге дереу хабарлауы тиіс. Сырқат өкпесінде қуыс болған жағдайда қақырық көп бөлінеді
Қақырық жақсы түсу үшін сырқаттың неғұрлым ыңғайлы қалпын табу қажет, яғнидренаж қалыппен жатқызу. Біржақты процесс кезінде оны ауырмайтын бүйіріне келтіру. Дренаж қалыпты жатқызу 20-30 минут бойы күніне 2-3 рет қайталанады. Мейіркеш сырқаттың жүйелі түрде осының бәрін орындап отыруын қадағалауы тиіс. Сырқат күңгірт шыныдан жасалған, бұралмалы қақпағы бар түкіргішке түкіруі тиіс. Тәулік бойындағы қақырықты өлшеу үшін қалта түкіргішінен мөлдір ашық түсті шыныдан жасалған,қақпағы бар, бөлімдерге бөлінген ыдысқақұяды да, қараңғы салқын жерде ұстайды.
Лабораторияда зерттеу үшін ұйқыдан кейінгі, таңертеңгілік немесе барлық тәуліктегі қақырықты жібереді. Қақырықты таң ертең тамақ ішпестен бұрын жинаған дұрыс. Сырқат тістерін жақсылап тазалауы және аузын шаюы қажет. Терең дем алу мен жөтелу қақырықтың түсуіне септігін тигізеді. Әдеттегі анализге арналған қақырық мөлшері 3-5 мл-ден аспауы тиіс. Қажет болған жағдайда қақырық арнайы зерттеуге жіберіледі.
Ісік клеткаларынан (атиптік) қақырық алу. Жаңа түкірілген қақырықты түкіргішке жинап, лабораторияға жіберіледі, себебі атиптік клеткалар тез бұзылады.
Туберкулез ( құрт ауруы) микробактериясына қақырық алу. Флотация әдісімен тәулік бойына зарарсызданған түкіргішке қақырықты жинау әдісімен туберкулезінің бар жоғын анықтайды. Егер қақырық аз болса, онда 3 тәулік бойы жинауға болады.
Антибиотиктер сезімталдығына қақырық алу. Сырқат таң ертең Петри зарарсызданған ыдысқа бірнеше рет түкіру тиіс.
Зерттеуге жіберілген қақырығы бар ыдысты сырқаттың аты -жөнімен зерттеу мақсаты көтерілгензаттаңбасы болуы тиіс.
Мейіркеш сырқаттың қақырыққа арналған қалтасындағы түкіргіші немесе банкасы әрдайым таза болуын қадағалауы тиіс. Ол үшін оларды күнделікті жылы сумен жуып, 2% натрий гидрокарбонатының ерітіндісіне 30 минут қайнатылуы тиіс. Түкіргіштің түбіне 5% карбол қышқылының ерітіндісін, 3% хлорамин ерітіндісін, құяды. Ортақ түкіргіштерді зарарсыздандырғанда қақырыққа хлорамин дезинфекциялайтын ерітіндісін, хлорлы ізбестің сұйық ерітіндісін құяды, содан кейін ішіндегісін канализацияға ағызып жібереді.
Туберкулезге қарсы дәрігерлік мекемелерде түкіргіштегіқақырықты жоңқамен немесе шымтезекпен араластырып, арнайы пештерге салып жағады. Қақырықты қан талшықтарының немесе көп мөлшерде алқызыл қан болуы өкпеден қан аққанын байқатады.

Қан қақыру тіпті өте аз болса да қауіпті, себебі ол аурудың өмеріне қауіп төндіретін өкпеден қан ағуына айналуы мүмкін, ол шұғыл шараларды талап етеді. Кейде қан ағуының сипатын анықтау да қиын ( өкпеден немесе асқазаннан қан ағуын), ал сырқатқа жедел жәрдем беруі үшін бұл мәселені бірден шешу талап етіледі.
Өкпеден қан ағу кезінде жөтелгендеқан шығады, оның түсі алқызыл, көбікті, сілтілі, ал асқазаннан қан ағу кезінде құсқысы келеді, лоқсиды, қан тамақ қалдықтарымен араласқан, қошқыл, ашыған, кейде іріген тәрізді. Қызыл иек пен мұрын -жұтқыншақ қуысынан қан ағуды болдырмау үшін оны мұқият қарап шығу қажет. Қызыл иекпен, бадамша бездерден және мұрын-жұтқыншақ қуысынан ағатынқан аралас сұйықтың түсі қызғылт қоңыр, кілегейлі.
Кез-келген қан ағу жағдайында сырқатты жұбатып, оған толық тыныштық орнату қажет. Сөйлеуге және темекі тартуға болмайды. Төсекте сырқаттың жан –жағына жастық салып көтеріңкі жатқызу, отырғызу немесе жантайып отырғызу қажет. Салқын, қоймалжың, тез сіңіретін, витаминдері мол тамақ беру керек. Сусын тек салқын түрде беруге рұқсат етіледі. Егер өкпенің қай жағынан қан ағатыныбелгілі болса, сол жағына мұзы барторсық қояды. Қан қақырығы кезінде жөтел пайда болса, оны қолда бар барлық дәрі –дәрмектерді қолданып қойғызу қажет, себебі жөтел қан қақыруды үдетеді де, сырқаттың жай күйін нашарлатады.Өкпеден қан ағуда және қан түкіруде кеуде қуысына оңқа, қыша, басқы (грелка) қоюға қатаң тиым салынатынын есте сақтау қажет. Егер сырқат өздігінен аузын шая алмайтын болса, мейіркеш шпательге оралған зарарсызданған салфеткамен жайлап оның ауыз қуысын сүртіп, аузында қалған қанды қақырық қалдықтарын шығаруы тиіс.
Мейіркеш сырқат төсегінің жанында әбден қан қақырып болғанша күтпей тұруы, оның жүрек- қан тамыры жүйесінің күиін бақылау, тамыр соғуын санап, қан тамыры қысымдарын өлшеуі және әрдайым қажетті дәрі дәрмек енгізуге арналған зарарсызданған инелері бар шприцті дайындап ұстап тұру қажет.

Кеуде қуысының ауруы- жиі тыныс алу органдары ауруының белгілерінің бірі. Әдетте мұндай аурулар плеврада қабыну процестері болуымен байланысты және өкпе мен плераның қабынуы кезінде пайда болады.

Плевра ауруы үшін терең дем алған кезде байқалуы тән. Кеуде қуысындағы ауырсынуды азайту үшін сырқатақырын демалып, жөтелмеуі қажет. Ауратын жағының қолайлы қалпын табу қажет, сырқаттың ауырсынуы азаяды. Сырқаттың кеуде құысында ауру пайда болған кезде мейіркеш оның көңіл –күйін жеңілдетуге тырысуы тиіс. Ол үшін сырқатты неғұрлым ынғайлы жатқызып, жақсылап жауып, дәрігердің белгілеуі бойынша қыша, оңқа қоюы немесе иод тұндырмасыменкеуде қуысын майлауы қажет.

Оксигенотерапия
Оксигенотерапия (оттегімен емдеу) – емдеу мақсатында оттегін қолдану. Ол организімде оттегі жетіспейтін жағдайда өте тиімді. 40-50% оттегі бар газ қоспасын жұту қан тамырындағы қанды біршама тез толтырып қалыпқа келтіреді. Оттегімен жүргізген емнен кейін сырқаттың көңіл күйі көтеріліп,көгеруін азайтады,тыныс алуы неғұрлым сирек әрі тереңдей түседі ентікпесі кетіп жақсарады. Атмосфералық ауамен белгілі бір қатынаста оттегі ылғалдануы тиіс. Оттегімен емдеу ұзак та үздіксіз болуы тиіс. Оттегін тиімді және үнемді пайдалану қажет. Оттегін көп беруден қашық болу керек, себебі жоғарғы концентрациядағы (70% жоғарғы ) оттегі жүрек –қан тамыры жүйесіне және дем алуға теріс әсер етеді.
Оттегін мұрын катерлері арқылы оттегі жастығынан, оттегі палаталарының көмегімен тікелей балоннан немесе орталық оттегі станциясынан беруге болады.

Оттегін ингаляциялық цдіспен енгізу. Оттегін қолданудың алдында тыныс жолдарының өткізгіштігіне, онда қақырықтың немесе құсық массасының жиналмағанына көз жеткізу қажет.
Оттегін ингалациялық жолмен енгізу үшін мынандай апаратуралар: редуктор мен қамтамасыз етілген оттегі бар балон оттегі жастығы шүмегі және мундуштікті резеңке түтік болуы крек. Оттегін жастыққа былайша толтырады: Мундуштігін шығарып, резеңке түтікті оттегі балонынын редукторына қосады, винтильді баяу ашады да жастыққа толтырады. Жастықты толтырған кезде редуктордың винтилі мен жастықтың шүмегін жабады, ауызды құрғатпау және оттегін ылғалдау үшін дымқыл дәке мен оралған мундуштік кигізеді. Мундуштукті сырқат ауызынан 4-5см қашықтықта ұстап, резеңке түтікке жіберетін клапонды біртіндеп ашу керек. Жоғары қысымның салдарынан оттегі шығады да, дем алған кезде тыныс алу жолына түседі. Оттегінің түсу жылдамдығын түтіктегі шүмекпен әрі оттегі түгел шыққанша жастықтың бүрыш бұрышын басу жолмен реттейді. Әдетте сықаттар минутына 4-5л берілетін оттегін жақсы қабылдайды. Жастықтағы оттегі 4-7минутқа жетеді, ал содан соң оны артық сақтауға жастықпен ауыстырады немесе оттегімен толтырады.
Берілген тәсілмен ендіру кезінде оттегін ылғалдау жеткіліксіз, ол ауыз қуысы мен мұрынның шырышты қабатын кептіреді, сондықтан оттегін мұрын кәтетірлері арқылы енгізу дұрыс.

Оттегін мұрын кәтетрі арқылы беру.
Бұл мақсат үшін №10 кәтетрлер немесе тиісті ұзындығы мен диаметрдегі пластмасса түтікшелер қолданылады, олар V тәрізді ұштықтың екі шетіне кигізіледі, ал үшіншісі кезкелген оттегі кезіне қосылады. Алдын ала кәтетрлерді қайнатады, вазелин майы мен майлайды да, төменгі мұрын жолы мен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін құсу рефлексін тудырмайтындай етіп кіргізеді. Оттегін ылғалдағыш арқылы минутына екі үш литр жылдамдық пен береді.
Беру жылдамдығын оттегі көпіршігінің ылғалдағыш арқылы өту тездігі бойынша бақылауға болады. Оттегін өте тез беру қолайсыз сезімдер туғызып, газды көп шығарады. ....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 232 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Рефераттар жинағы, реферат Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Медицина жоспарымен, казакша реферат жоспар, Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту, реферат Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту на казахском языке скачать бесплатно информация, Реферат: Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы