Биология | Бронхты демікпе

 Биология | Бронхты демікпе

Бронхты демікпе.



Созылмалы бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуымен байланысты экспираторлы тыныс алу жетіспеушілігімен сипатталады. Мезгіл-мезгіл аурудың қозуымен өтеді.



Этиологиясы. Аурудың негізінде көбінесе аллергиялық факторлар-тағамдық және дәрілік аллергендер, өсімдік тозаңдары, жануарлар жүні, вирустар, саңырауқұлақтар т.б.



Патогенезі: Демікпенің дамуы тыныс алу жолдарының ісініп тарылуымен, жоғары секрециясымен, обструкциялармен және бұлшықеттердің спазмымен байланысты.



Айқындалуы: 4 кезеңмен сипатталадаы:



Басталу кезеңі-науқаста бірнеше минут немесе күндер бұрын тынымсыздық, ашуланшақтық, психикалық депрессия, ұйқысының бұзылуы, түшкіру, көздің, терінің қышуы, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, басының ауыруы болады.



Тұншығу кезеңі-науқаста ауа жетіспеушілік сезімі, кеуденің қысылу сезімі, экспираторлы тұншығу, алыстан естілетін ысқсрсқ тәрізді сырыл болады. Жағдайы-тәуелді-шынтағымен тізесін тіреп еңкейіп отырады. Бет терісі боз, кейде көгілдір, дымқыл. Кеуде клеткасы демалу жағдайында-қабырғааралық бұлшықеттері тартылған, мойын тамырлары кеңейген. Жөтелгенде қою қақырық бөлінеді. Перкуторлы дыбысы қысқарған. Аускультацияда-қатқыл тыныс пен әр-түрлі құрғақ сырылда және крепитация. Жүрек тондары әлсіз, тахикардия.



Ұстамадан кейінгі кезеңде және



Ұстама аралық кезеңде науқастың жағдайы жақсы, бірнеше күнге дейін ашық түсті қақырықты жөтел сақталады. Сырылдар естілуі мүмкін.



Аурудың жеңіл түрінде ұстама жылына1-2 рет, тез қалпына келеді. Орташа түрінде айына 1 рет. Ауыр түрінде ұстама жиі, ұзақ, астматикалық жағдайға ауысады, 6-8 сағатқа созылады ЖҚА-де-эозинофилия.



Емі:



оттегі беру

В адреностимуляторлар /адреналин, сальбутамол, изофедрин/ аэрозоль түрінде, ауыр жағдайда тері астына 0,01 мл/кг 0,1% адреналин тағайындалады.

Эуфиллин

Инфузионды ем /Рингер ерітіндісі, физиологиялық ерітінді, ацесоль, дисоль, ККБ, СаСІ, вит С/

Гармондар, антигистаминді препараттар.

Жасанды тыныс алдыру

Таза ауада серуендеу

Қақырық түсіретін дәрілер.





Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?