Биология | Ісік ауруы

Биология | Ісік ауруы

1.Ісік клеткасының биологиясы.
Көп клеткалы организмдердің клеткалары екі жағдайда тіршілік етеді. Олар не қалыпты күйінде, не ісік клеткасына айналған күйінде болады. Организмнің, мүшенің, ұлпаларды немесе клеткаларды жан-жақты зерттеу үшін ісік клеткалары өте қолайлы объект болып табылады.
Ісік клеткалары көптеген биохимиялық сипаттамасы бойынша қалыпты клеткалардан біршама ажыратылады. Негізгі айырмашылығы, ісік клеткаларының ретсіз, үздіксіз бөлінуі болып табылады. Және бөліну организмнің реттегіш сигналдарына бағынбайды. Нәтижесәнде бір ісік клеткасына бірнеше клетка түзіледі. Пайда болған клеткалар да ретсіз бөлінеді, яғни ретсіз және үздіксіз көбею қасиеті тұқым қуалайды. Ісіктің көлемі жаңа қалыпты клткалардың ісік клеткаларына айналуынан ұлғаймайды. Ісіктің көлемі алғашқы ісік клеткасының ретсіз, тез бөлінуіне (көбеюіне) тәуелді .Мұндай организмде бір ғана ісік клеткасынан қатерлі ісік түйіні пайда болу мүмкіндігін-моноклондық деп атайды.
Ретсіз бөліну қасиетінен басқа, организм өіріне қауіпті тағы екі қасиетке ие. Олар: инвазияға (ену) қабілеттілігі және метастаздаушы қасиеттері.
Инвазия- қалыпты ұлпада ісктің пайда болып, ұлпаның зат алмасуына , қызметіне кедергі кетір құбылысы. Бұл кезде қалыпты үлпадағы клеткалар өз тіршіліктерін жояды.
Метастаздаушы- бұл қатерлі ісіктің бастапқы пайда балғн жерінен қашық мүшелерде де ісік түйінінің пайда болуына әсурі блоып табылады. Ісік клеткалары, қалыпты клеткаларға қатағанда, бір-бірімен нашар байланысқандықтен ісік түйінінен үзіліп, қанмен немесе қан сары суымен бүкіл организмге тарала алады. Кейбәр органдарда тоқтап, көбейе бастауы мүмкін. Соның салдарынан жаңа инвазияға қабілетті ісік түиіні пайда болады. Сол себепті, ісік түйіні аса қауіпті емес мүшені зақымдаса да метастазиялық қасиетті бүкіл организмге қатер төндіреді.
1. Ісік клткаларын in vitro өсіру.
in vitro өсіретін ісік клеткаларын әдетте, тышқандардың аталық безінің ісік клеткаларын- тератомаларды немесе тышқандардың құрсақ ісік клеткалары-миолемаларды алады. Бөліп алу продцесі хирургиялық жолмен жүзеге асады. Ісік клеткалары борпылдақ ұлпа сияқты бір-бірімен әлсіз байланысқан соң бөліп алу айтарлықтай қиыншылықтар туғызбайды
Бөлініп алынға клеткаларды арнайы құралдарда (петри табақшасы т.с.с) өсіруге болады. Ісік клеткалары үшін қолайлы температура +20 -+37 С. Олар температуралық ауытқуларға біршама төзімді болып келеді. Қоріктік орта ретінде қан сарысуының құрамынан полиэтиленгликольдің (ПЭК) көмегімен γ-глобилинді алып тастап пайдаланады. Себебі сарысудың құрамында α және β-глобулиндері қалған соң сарысу активті, қолайлы орта болад. Клетканың өсуініе және көбеюіне қажетті амин қышқылдары кездеседі in vitro жағдаиында өсіруге тиімді миеломаларды Р1 және Р3 түрлері бар. Р3-миелома азагуанинге төзімді түрі, ал Р1-миелома гибридизацияга қсылуға қолайлы түрі болып табылады.
Бұл миелома клеткасының екі түрін 1973-74 жылдары Мистеит және оның шәкірті Келер ашқан болатын. Милстеин Р3 – миелома клеткаларын in vitro өсіру нәтижусәнде, олардың мутантын алды. Бұл алын ған Р3 – миелома мутант клеткасын Келер Р1 – миелома клеткасымен қосылыстырды. Сөитіп Келер клон клеткалар алу ой келді.
2.Гибридомалар.
Клетка инженериясының ең преспиквалық бағыты гибридомалар алу. Гибридома дегеніміз лимфоцит және миелома (рак) клеткаларының қосылуы нәтижесәнде түзілген гибридтік клетка. Организмнің иммундық жүесінің негізін құрайтын Т және Б – лифоциттер арнайы қоректік орталарда көбейіп өздері организмде синтездейтін иммуноглабулиндерді түзе алады. Алайда, олардың өсү уақыты жеткілікті мөлшерде қажетті анти заттарды синтездеп алуға жеткіліксіз. Бұл аса қажетті иммуно глабулиндерді синтездеитін лимфоциттердің «өмірін» ұзарту мәселесін Д.Келерді және С. Милстеинді толғандырды 1975 жалы аталған ғалымбар шешім табты. Бұл шешім гибридома клеткасын алу әдісі еді. Келер мен Милстеин Р3 – миелома клеткасын тышқанның бауырынан алынған лимфоцитпен қосылыстарды. Лимфоцитті қосар алдында қойдың эритроциттерімен иммунозировать етеді. Гибридизацияны полиэтиленглюкольдің көмегімен жүзеге алырған.
Алынға гибриттік клетканы in vitro жағдайында селективті ортада дақылдағанда, олардың ата-аналық клеткалардың екеуіне де тән иммуноглобулиндердің синтездеитіні байқалған. Кеибір гибриттер эритроциттерге қарсы антиденелерді түзу қабілеттіне еи болған. Сонымен, Келер мен Милстейн жасанды қоректік ортада өсетін, анти денені бір ғана түрін синтездеитін клетка клонын ала алды бұл гибридомалар милома клеткасынан ретсіз бөлініп in vitro ұзақ, жақсы өсу қасиеттерін және белгілі бір антидене түзетін қасиетін лимфоциттен тұқым қуалаушылықпен сақтап қалды.
Милстейн зертеулер нәтижесін баспаға жіберер алдында басшыларға ғылыми жетістік ретінде запотентовать етулерін сұрайды. Өкінішке орай, еш нәтижесіз. Сөитіп Милстейн Келермен өз зертеулірінің нәтижесін “Nature” (1975жыл 19 мамыр) журналына баспаға беруді ұйғарды. Ал британдық үкімет 1970 -80 жылдардың маңызды жаңалығы болып саналған жаңалықтан айырылды.
Қазіргі кезде, сома клеткаларын гибридизациялау әдісі арқылы моноклонды антизаттар алу мынадай кезеңдерден тұрады: малды имунизациялау, клеткаларды біріктіруге дайындау және оларды біріктіру, қажет антизатты синтездейтін клондарды сұрыптау, гибридомалық клеткалардың жеткілікті мөлшерін көбейту, антизаттар бар культура сүйықтығын алу және антизаттарды болу.
Организмнің иммундық жүиесі Т-лимфоциттерге де байланысты. Мысалы олардың цитотоксиндік популяциясы вирус және рак клеткалардың жойып жіберуге қабілетті. Осындай лимфоцитті миолема клеткасын біріктіру арқылы алған гибридомаларды рак ауруларына қарсы қолданудың маңызы зор.
Бұл бағыттағы ғылыми жұмыстар медицина және ветеринария үшін маңызды жаңа клеткалық иммуно биотехнологияның пайда болуына әкелді.
Қорытынды
1. Ісік клеткаларының медицинадағы маңызы.
Гибридомаларды мұздатылған күйде сақтауға болатындықтан шетел мемлекеттерінің кейбір институттары мен лабороторияларында зертеу жұмыстары үшін гибридомалар банктары құрылған. 1981 жылдың өзінде 1мг. моноклонды антидене препаратының бағасы 200-400 АҚШ долларын құраған еді. Сол жылдеры аса зор сұранысқа ие болу салдарынан фармацевтикалық фрмалар антиденелердің көптеп өндірілуінде мүдделі болды. Аталған жылдың майында АҚШ тамақ өнеркәсібінің, медикаменттердің, косметологияның сапасын, өнімін бағалау ұйымы алғаш рет гибридомалардың негізінде жасалған, аллергенді анықтауға арналған диагностикалық препараттарды сатуға рұқсат етті. Бұндай диагностикалық препараттардың гармонды тестілейтін, вирус ауруларын анықтайтын, ісік ауру ларын анықтайтын т.б. түрлері сатыла бастады.
Кейінірек Фаррандс оның жұмысшыларына Ноттингэм (Великобритания) университетінде гибридомалардан тоқ ішек пен тік ішектерінің аса қатерлі ісіктерді танитын, анықтайтын антидене синтезделініп алынды. Қатерлі ісік ауруына шалдықты деген күдік бар ауруларды клиникаларда моноклонды антиденемен инъекциялаған. Антиданелерді алдын ала радиоактивті иодпен таңбалаған. Нәтижесінде компьютардегі рентгенограммада аса дәлдікпен ісіктің бастапқы көлемі және басқа мүшелерге таралу орындары айқын көрінеді.
Сондай-ақ моноклонды антидененің көмегімен күрделі қоспалардан биологиялық активті (белок, гармон, фермент) заттарды бөліп алуға болады.
Қорыта келгенде, моноклонды антизаттарды әр түрлі ауру ларды диагностикалау үшін қолданады. Әр түрлі рак, ҚИЖС, гепатит, оба т.б. көптеген ауруларға диагноз қоюға моноклонды антизаттар кең практикалық қолдау алуда. Гидридомалар техналогиясының ветеринария үшін маңызы ұлғая түсуде. Мысалы: ірі қара малдың р24 лейкемия вирусы белогына қарсы моноклонды антизаттар синтездеитін клеткалар культурасы алынды.
Қазіргі кезде моноклонды антизаттар алу техналогиясымен 500-ден астам компаниялар айналысады. Олар құны 5 млрд. долларға жуық биотехнологиялық өнім-моноклонды антизаттарды өндіреді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?