География | Алясканың экологиялық мәселелері

География | Алясканың экологиялық мәселелері

Аляска Америка Құрама Штатындағы ең үлкен штат, Солтүстік Америка континентінде орналасқан. Алясканың алып жатқан аумағы 1530,7 мың км². Беринг бұғазы Алясканы Азиядан 82 км-ге (51 шақырым) ғана бөліп тұр. Астанасы – Джуно қаласы. Халқы 626,932 мың адам. Дүние жүзі бойынша халқы жөнінен 48 орын алады. (2000 жылғы желтоқсан айындағы санақ бойынша). Аляскадағы ең ірі қалалар: Анкоридж, Фэрбанкс, Джуно, Ситка, Кетчикан, Кенай, Барроу, Уасилла.
Аляска табиғи контрасты жер: суық желдердің және күннің ыстығы, жаңбыр мен қар бұған себеп болады.
Аляска – ландшафтың тектоникалық өзгерісіне ұшыраған жер. Қазіргі кезге дейін бұл жерді минералы және отын ресрустарына бай деп есептейді. Бұл штат қазіргі кезде экономикасы жақсы дамыған штат. Аляска табиғи ресурстарға бай, мұнай мен газ да өндіріледі.
Аляска жотасы – Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауында, Аляска түбегінің оңтүстік бөлігін қамтып жатқан таулар сілемі, Солтүстік Америкадағы ең биік жер. Ұзындығы 1000 км, абсалют биіктігі 6194 м (Мак-кинли тауы). Жота жас тауларға жатады. Негізгі интрузивті тау жыныстар шөгінділерінен түзілген. Беткейлері тік, қатты тілімденген. Аляска жотасы түбектегі негізгі климаттық және суайрық жотасы жотасы болып саналады. Оңтүстіктегі өте ылғалды беткейлерін (800 м-ге дейін) шыршалы жапырақты орман, одан жоғарысын мәңгі қар мен мұздықтар басқан. Солтүстіктегі ылғалдылығы аздау болып келген беткейлерін (100-1100 м) таулы тундра алып жатыр. Ендік бағытта доғаша орналасқан тау жоталары өте биік болып келеді. Олардың орташа биіктігі 3500 м. Сондықтан Аляска жотасының солтүстік және оңтүстік беткейлерінің климатында үлкен айрымашылық бар. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік беткейлерінде –24 - 30°С болса, оңтүстік беткейлерінде –9 -10°С. Жазы қоңыр салқын. Шілде айының орташа температурасы –12 -14°С. Жотаның оңтүстік беткейлерін Алеут аралдарымен қоса «мәңгі күз» аймағы деп те атайды. Ондағы жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 1800-4800 мм. Жотаның Фэруэтэр сілемінде жылдың 312 күні жауын-шашынды (600 мм-ге дейін) болады. Аляска жотасының дүние жүзіндегі ең ұзын Хаббард (145 км) және Ауданы жағынан ең үлкен Маласпина (2,2 мың км) мұздықтары басқан. Жотаны ең ірі бұлан, бизон, қасқыр, қарибу бұғысы, гризли аюы, күдір қодас (овце-бык) мекендейді, ал суларында ең ірі форельдер тіршілік етеді. Қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, берилий, көмір, темір, платина, сынап, қорғасын және мұнай кендері көптеп кездеседі.
Аляска түбегі – Солтүстік Американың солтүстік батысындағы тар түбек. Ол Тынық мұхитының Беринг теңізі мен Бристоль шығанағы аралығында орналасқан. Ұзындығы 700 км, ені 10 км, енді жері 170 км. Түбекті толығымен дерлік Аляска жотасы (ең биік жері 6194 м) алып жатыр. Жотада сөнген және сөнбеген жанартаулар бар. Мұхиттың ауа массасының әсерінен түбектің климаты ылғалды-теңіздік болып келеді. Орташа температурасы қаңтарда -10°С. Жыл мезгілінің барлық кезеңінде жағалауларын тұман басып тұрады. 1500 м-ден жоғары жатқан тау беткейлерін таулы тундра құрайды.
Аляска ағысы – Тынық мұхиттың солтүстік шығыс бөлігіндегі жылы ағыс. Ол Аляска шығанағы арқылы оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып, шығанақтан өткен соң, шығыстан батысқа бұрылып, Алеут аралдарының бұғаздары арқылы Беринг теңізіне өтеді. Қыста суының беткі температурасы солтүстігінде 5°С, оңтүстігінде 10°С-қа (жазда солтүстігінде 15°С, оңтүстігінде 20°С), тұздылығы 32,5 % жетеді. Аляска ағысының орташа жылдамдығы 0,9 – 1,5 км/сағ. Ағыс Куросио жылы ағысы жүйесіне енеді. Ағыс әрекеті әсерінен қыста құрлық жағалаулары ылғалды және жылы болады.
Алясканың жер бедерінде көптеген пайдалы қазбалар кездеседі: алтын, күміс, мырыш және басқа да түсті металлдар кездеседі. Сонымен қатар Аляска түбегінде алғаш рет табылған «аляскит» кездеседі. Аляскит деп аталу себебі бұл интруриялық магмалық тау жынысы алғаш Аляска түбегінде табылуына байланысты аталған. Аляскит – граниттің қышқыл құрамды түрі, құрамы, негізінен, сілтілі дала сипаттарынан (65% шамасында) және кварцтан (35%) тұрады. Түсті минералдар өте аз болады (5%-тен аз). Көбінесе, ашық түсті болып келеді, сонымен қатар, қанқызыл, алқызыл және сұрғылт түрлері жиі кездеседі. Аляскит – құрылыс материалы. Ол қаптама тас ретінде ғимараттарды безендіруде қолданады.
Аляска мен Канаданың солтүстік-батыс бөлігінің жер қойнауында түрлі пайдалы қазба байлықтар көп: алтынның, күмістің, мыстың және басқа да түсті металдардың қоры мол. Мезозой дәуіріндегі тұнба қалдықтар қабатында көмір қоры бар. Кенай түбегінде мұнай өндіріледі. Солтүстікте Арктика үстіртінің соңғы кезде тұнбалардан пайда болған қабаттарында мұнайдың мол қоры табылды.
Өткен ғасырдың аяғында Юкон үстіртінде «Алтын лихорадка» деген арена Клондайк өзен бессейнін басып алды. Қазір мезозой қатпарлығындағы көмір кездеседі, Кенай түбегінде ХХ ғасырдың 50-жылдардың аяғында мұнай алған. Осының бәрі Аляска түбегіндегі айдынды ластап отыр. Алып қойған мұнайдың көбі солтүстік бөлігінде, Арктика үстіртінің жас түзілімдерінде табылды.
Оңтүстік бөлігіне қарай бүкіл Аляскамен тасмалдау үшін ұзындығы 1288 км мұнай құбыры жүргізілген. Қатаң шарт бойынша қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды сақтау Алясканың арнайы Федеральді заңы бойынша 1973 жылы құбырларды салу туралы Америка Құрама Штатының сенаттары бір ауыздан шешім қабылдады. Басынан бастап бұл қатардың орналасуы Алясканың табиғат қорғауымен байланысты.
Мұнай құбырының солтүстік бөлігі жер астында орналасқан. Ұңғымадан шығатын жеріндегі мұнайдың температурасы 80°С.
Оңтүстік бөлігіндегі мұнай құбырлары жер астындағы орналасқан. Бір топ бұғылардың көшіп қонуына кедергі жасамайды және де трасса аудандарының көпшілік бөлігінде орналасқан. Құбыр 800 өзеннің жән жылғалардың, сонымен қатар Юкон және Танану өзендерін бойлап өтеді. Бұл мұнайдың ағып кетуіне байланысты өзендердің ластануына септігін тигізіп отыр.
Алясканың климаты жағалаудан басталып материктің ішкі қойнауына енген сайын өзгеріп отырады. Тынық мұхитының жағалауы, Алует аралдарымен қосқанда және Аляска түбегі, мұхиттың ауа массасы мен ылғалдық теңіздік климат жағдайлары қалыптасқан. Шығыстан батысқа қарай Аляска шығанағын бойлай өтетін Аляскалық жылы ағыс та әсер етеді.
Материктің солтүстігіне таман Аляска жотасы көтеріледі, ол Тынық мұхит пен Беринг теңізі аралығындағы суайрығын жасайды. Мұндағы Мак-Кинли шыңының биіктігі 6193 м-ге жетеді, ол Солтүстік Америкадағы ең биік шың.
Еуропаның климатымен салыстырғанда солтүстік Американың климаты қатаңдау болып келеді. Қыстың орташа температурасы 0°С шамасында, оңтүстік бөлігінде одан жоғарырарқ болады, солтүстік бөлігінде төмендеу болып келеді. Шілде айының орташа температурасы оңтүстік бөлігінде 10 –12°С. Ал Алеут аралдарында және Аляска түбегінде 10°С-тан тқмен болып келеді.
Жағалуаларда және таулы бөліктерінде Тынық мұхит жағында жауын-шашын мөлшері 1000-3000 мм, ал кейбір аудандарда одан көбірек жауады. Шығанақтар түбінде жауын-шашын мөлшері азаяды. Температураның максимумы күз бен қыста байқалады. Жылдың бүкіл мезгілінде күн бұлтты болып тұрады.
Климаттың жұқалығы теңіз деңгейінің жоғарғы бөлігінде байқалады. Ал бірнеше метр биік жерлерде жағымсыз температура байқалады және жауын-шашын қарға айналады. Тынық мұхитындағы Кордильерде мұздықтар мөлшері қалың болып келеді және ол мұхит бетіне дейін жетіп қалады. Врангель тауы қармен және мұздықтармен қапталған.
Ішкі аудандарда климат жағалауға қарағанда қатаң және құрғақ болып келеді. Ішкі аудандардағы климатын Батыс және Шығыс Сібір континентальді климатымен салыстыруға болады. Ең басты климаттық ауданы Аляска жотасы, Тынық мұхитының ауа массалары материктің ішкі бөлігіне әсер етеді. Солтүстік бөлігіндегі беткей оңтүстік бөлігіне қарағанда жауын-шашын мөлшері көп түседі (жылына 500 м) және бұл жерде мұздықтар аз. Жотаның солтүстік бөлігінде жайпақ таулар мен жазықтарда, қысы суық және құрғақ болады. Минимальді температура шамамен –40 -50°С-қа дейін барады. Орташа айлық температурасы оңтүстік бөлігінде -16°С, солтүстік бөлігінде -30°С-қа дейін барады.
Жаздың орташа температурасы жоғары, шамамен +10°С-тан +16°С-қа дейін. Қазаншұңқырлар және жазықтарда жаз айларында күндіз температура +30°С және одан жоғары болады. Ішкі аудандарында жылы күндер жарты жылдан 3 айға дейін созылады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 350 мм-ден жоғарыламайды. Жауын-шашын әдетте жылы кезде жауады. Өзендердің суы аз және олардың суы мұздықтармен молығып отырады. Мәңгі тоң таралады.
Алясканың ең ірі өзені – Юкон. Сол сияқты Маккези өзені. Скалистый тауынан бастауын алады және жайпақ таулар арқылы ағады. Юконның ұзындығы – 3700 км, бессейннің алабы – 855 мың км. Өзен көбіне қардың еруімен молығады. Судың максимум таралуы шілде айында байқалады, содан соң су деңгейінің төмендеуі байқалады. Бұл жауын-шашын мөлшерінің өзен бассейінне молынан түспеуіне байланысты. Маккензи өзені сияқты, Юконды жарты жылға дейін мұз басады. Юкон өзені балыққа бай.
Солтүстік арктикалық ауа райы қатаң. Қыс 10 айға дейін поляр түнін қосып созылады. Теңіз беті қатады, қарлы борандар соғады. Заң тек тамыз айында байқалады, сонда да дауылдар мен бұрқасындар байқалады. Жағалаулардың борпылдақ жерлерінде мұздың қалыңдығы байқалады. Көптеген көлдер мен батпақтар жылдың көп бөлігінде мұз басады, жазда қар ериді.
Климаттың өзгеріп отыруына байланысты топырақ және өсімдік жамылғылары өзгеріп отырады. Тынық мұхит жағалауында және төменгі жағындағы тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар кездеседі. (Хемлока, Ситхин шыршалары және тағы басқа). Алеут аралы мен Кенай түбегінде шалғынды жерлер кездеседі. Бұл жерлерде ағаштардың өсуіне жел және температураның төмен, ылғалды болғаны әсер етеді.
Оңтүстік Аляскада баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан мұнай кен орындарына қоса таяуда Солтүстік Аляскада мұнай кен орындары ашылып, барлау жұмыстары жүргізілуде. Онда газдың да мол қоры бар деген болжам жасалып отыр.
Аляскадағы жазық тундра Скандинавия түбегіндегі сияқты тау беткейіне жете бере өсімдігі сирек алқапқа, тау тундрасына ауысады.
Алясканың халқына келетін болсақ эксимостар Американың Гренландиядан Аляскаға дейінгі солтүстік жағалауын түгелдей мекен етеді. Қазір олардың жалпы саны 90 мың адам шамасында. Дүние жүзіндегі ең қиыр солтүстікте тұратын бірден-бір халық ретінде эксимостар Арктика табиғатының қатал жағдайларына жақсы бейімделген. Бірақ солай бола тұрса да, тіршілік етудің аса ауыр жағдайлары мен өзге халықтардан қол үзіп алыста тұруы олардың экономикалық және мәдени дамуына күшті кедергі болды. Бұрын эксимостар күн көріс тіршілігі ретінде морпе, итбалық, ақ аю, карибу бұғысын, түлкі аулайтын және өзендердің сағасынан балық ұстайды. Ал қазір құрғақ жердегі және өзендегі жануарлар дүниеінің қырып-жоюдан қатты азайып кетуіне байланысты эксимостар үшін ендігі жердегі маңызды нәрсе теңізден балық аулуамен және соған байланысты кәсіпкшілікпен айналысу болып қалды. Көптеген эксимостар балық өңдейтін кәсіпорындарда жұмыс істейді.
Қазіргі кездегі үсіп қалған жануарлар мен өсімдіктердің топтарына келетін болсақ, қазбалардың көптеген түрлердің қазіргі кезде осы жерлерде табылған. Осы қазбалардың көбісі көптеген ірі жануарлардың қалдықтары, соның ішінде күнмен қапталған носорогтар, үлкен арыстандар, үлкен бобрлар, өлген үлкен бизондар, бұқалар мен жүнмен қапталған пілдер, немесе мамонттар кездеседі. Және де бұл жерде ағаштардың көптеген қалдықтары және жемсіті жапырақты түрлері кездеседі. Мұз қатудың алдында бұл жер жұмсақ климатпен ғана емес және де ол Арктиканың шегінде орналасу керек. Полярлы ортада өсімдіктердің өсуіне күн сәулесінің жетіспеуі әсер етеді.
Көптеген аңғарлардағы мұздықтар Аляска жотасының оңтүстік беткейінен де сырғып түседі. Аляска түбегінде және Алеут аралдарында таудың аласа болуы себепті мұздықтар да салыстырмалы түрде алғанда біршама аз болады.
Аляска түбегінде көптеген жанартаулық шыңдар кездеседі. Қазіргі кезде бұл жанартаулар әр түрлі күйде орналасқан. Осыған байланысты жанартаулар бір уақытта «бықсып жанбайды». Бұл жанартауларды дерлік қар басып жатыр. Қар жамылғысы басып жатқан жанартаулардың шыңы әдемі болып көрінеді. Осы жанартаулардың ішіндегі ең әйгілісі Антрактидадағы Эребус жанартауы.
Аляска түбегінде Катмай деген жанартау бар. Оның тарихы өте әйгілі. 1912 жылдың 2 маусысымна дейін Катмай жанартауы биіктігі жөнінен Аляска түбегінде үшінші орын алған. Қар жамылғысы басқан ең тынық тау болған. Бірақ Алеут аралының орталығынан бастап Алясканың орталығына дейін жерде жырақтар пайда болды. Осы жырақтардан кей уақыттарда булар, және күлдер шығып отырады. Катмай тауын қоршап жатқан территориясында жазда көптеген өсімдіктермен және ағаштармен қапталады. Мамыр айының аяғында кенеттен жер сілкіне бастады. Бұл жер сілкінісі төрт күнге созылды. Жер сілкінісі кезінде эксимостар заттарын жинап басқа жерге көше бастады. Осы кезде жерде жырықтар пайда болып, арасы бықсып жанып, ыстық газдар және қызған құмдар шығып 24 км жерді басып қалды. Биіктігі 30 м-ден жоғары болды. Қызған құмдар санақ бойынша 4 км-тан жоғары болды.
Егер Катмай жанартауының ұзындығымен бірдей жанартаулар бір уақытта жанса бізге жаңа мұз басудың кезеңі қауып қатер туғызады.
Аляска ағысы – Тынық мұхитының солтүстік-шығыс бөлігіндегі ағыс. Ол Аляска шығанағы арқылы оңтүстіктен солтүстікке қарай ағып, шығанақтан өткен соң, шығыстан батсқа өткен соң, шығыстан батсқа бұрлылып, Алеут аралдарының бұғаздары арқылы Беринг теңізіне өтеді. Қыста суының беткі температурасы солтүстігінде 5ºС, оңтүстігінде 10ºС-қа, тұздығы 32,5%-ге жетеді. Аляска ағысының жүйесіне енеді. Ағыс әрекеті әсерінен қыста құрлық жағалаулары ылғалды және жылы болады.
Аляска жотасы – Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауында, Аляска түбегінің оңтүстік бөлігін қамтып жатқан таулар сілемі, Солтүстік Америкадағы ең биік жер. Ұзындығы 1000 км, абсалюттік биіктігі 6194 м. жота жас тауларға жатады. Негізгі интрузивті тау жыныстары шөгінділерінен түзілген. Беткелері тік, қатты тілімделген. Аляска жотасы түбектегі негізгі климаттық және суайрық жотасы болып саналады. Оңтүстіктегі өте ылғалды беткейлерін шыршалы-жапырақты орман, одан жоғарысын мәңгі қар мен мұздықтар басқан. Солтүстігіндегі ылғалдылығы аздау болып келген беткейлерін таулы тундра алып жатыр. Ендік бағытта доғаша орналасқан тау жоталары өте биік болып келеді. Олардың орташа биіктігі 3500 м. сондықтан Алсяка жотасының солтүстік және беткейлерінің климатында үлкен айырмашылық бар. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік беткейлерде – 24-30ºС болса, оңтүстік беткейлерінде –9 –11ºС. жазы қоңыр салқын. Шілде айының орташа температурасы 12 – 14ºС. жотаның оңтүстік беткейлерін Алеут аралдарымен қоса «мәңгі күз» аймағы деп те атайды. Ондағы жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 1800-4800 мм. Жотаның Фэруэтэр сілемінде жылдың 312 күні жауын-шашынды болады. Аляска жотасының дүние жүзіндегі ең ұзын Хаббард және және ауданы жағынан ең үлкен Маласпина мұздықтары басқан. Жотаның ең ірі бұлан, бизон, қасқыр, карибу бұғазы, гризли аюы, күдірқодас мекендейді, ал суларында ең ірі форельдер тіршілік етеді. Қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, берилий, көмір, темір, платина, сынап, қорғасын және мұнай кендері көптеп кездеседі.
Аляска түбегі – Солтүстік Америнаың солтүстік-батысындағы тар түбек. Ол Тынық мұхитының Беринг түбегі мен Бристоль шығанағы аралығында орналасқан. Ұзындығы 700 км, ені 10 км, енді жері 170 км. Түбекті толығымен дерлік Аляска жотасы алып жатыр. Жотада сөнген және сөнбеген жанартаулар бар. Мұхиттық ауа массасының әсерінен түбектің климаты ылғалды-теңіздік болып келеді. Орташа температурасы қаңтарда –10ºС, шілдеде 12ºС. Жыл мезгілінің барлық кезеңінде жағалауларын тұман басып тұрады. 1500 м-ден жоғары жатқан тау беткейлерін таулы тундра құрайды.
Алскит (алғаш Аляска түбегінде табылуына байланысты аталған) – интрузиялық магмалық тау жынысы, граниттің қышқыл құрамды түрі. Құрамы, негізінен, сілтілі дала шпаттарынан және кварцтан тұрады, түсті минералдар өте аз болады. Көбінесе, ашық түсті болып келеді, сонымен қатар қан-қызыл, алқызыл және сұрғылт. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?