» » » Реферат: Экономика | Бәсеке және монополия

Реферат: Экономика | Бәсеке және монополия

Реферат: Экономика | Бәсеке және монополия казакша Реферат: Экономика | Бәсеке және монополия на казахском языке
1.1 Бәсеке және монополия
Бәсеке — нарықтық шаруашылық субъектiлерi арасындағы қосымша табыс алу үшiн жақсы өндiрiс факторларын иелену және тауарларды өткiзу мүдделерiне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.
Кәмiл бәсекеге көпшiлiк фирмалар бiр тектi өнiм өндiрiп сататын нарықтық құрылым тән. Салаға ену жене шығу шектелмеген.Әр фирма саланың жалпы өнiм көлемiнiң азғантай бөлiгiн шығарады. Мұндай жағдайда бiрде-бiр фирма өнiм бағасына әсер ететiндей нарытың бөлiгiне ие емес.
Жетiлдiрiлмеген бәсеке белгiлi бiр монополиялық билiгiмен ерекшеленедi. Оның пайда болуына салаға ену кезiнде заңды және табиғи тосқауылдар әсер етеді.
Бәсекенің түрлері: 1. Салааралық—түрлi салалық кәсiпорындар арасындағы капитал салудың ең пайдалы жағдайы үшiн күрес.
2.Iшкi салалық — бiр салалық кесiпорындар арасындағы ең үлкен табыс үшiн күрес.
Бәсекелік күрестің әдістемелерін үшке жіктейміз.
1. Баға бәсекесi. Өндiрiс шығындарын азайтып, ассортиментi мен сапасын өзгертпей тауар бағасын төмендету негізінде қосымша табыс алу үшін күрес.
2. Күрестің нарықтан тыс нысандарын пайдалану. Қаржылық қулық-сұмдықтар, құнды қағаздармен алып-сатарлық жасау, өнеркәсіптік тыңшылық, мемлекеттік органдар арқылы қысым жасау, бәсекелестің көзін жою.
3. Бағадан тыс бәсеке. Тауар қасиетінің өзгеруі және оған сапалы жаңа ерекшеліктердің берілуі, субститут-тауарлардың құрылуы, сатудан кейінгі техникалық қызмет, жарнама.
Бәсекелесу деген сөздiң өзі эканомикалық пайданы бөлу және тұтанушының таңдауының бар екендігін көрсетедi. Дәл осы себептен де өндiрушiлер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiруші тұрады. Тұтынушыны қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін айдалаып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен биктiкке ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерiн тигiзедi.Бұл төмендегі суретте бейнеленген.
Өнімнің ерекше Ірі жалғыз
болуы фирма
Монополия
Тосқауылдың Толық
көп болуы деректер
Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар деп ұйғарсак, онда мұндай нарық — монополия, ал фирма — монополист деп аталады. Монополист
берiлген тауарды өндіретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде нарықтық сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан
әлдеқайда жоғары деңгейде белгiлейдi және бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз.

1.2 Бәсеке - нарықтық механизмің басты элементі

Нарықтық қатынастардың мән- мағынасын байқататын ұғымдардың бірі – бәсеке (латын сөзі конкурро – түйістіру) болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені - өндірушілердің бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайында өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Ал тұтынушылар арасындағы бәсекені – нарықтық бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механзмін қалыптастыру ретінде белгілі.
Бәсеке нарық субьектісінің тепе-теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарасын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын нарықта өктем жүргізеді. Нарық субьектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар. Батыс сарапшыларының бағалаулары бойынша, бір тауар түрін тұтынушылар 4-5тен аз болмағаны жөн, ал 8-15тен болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда-саттықты бақыласа, онда нарық монополияландырылған болып табылады.
Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға белгілі. Мұнда баға құрылымының еркін межанизмі экономиканы жүргіудің өте тиімдітәсілі ретінде бағаланады. А.Смит бәсекенің еркін теориясының негізін қалаған. Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар елдерде XVIII –ші ғасырда, XIX-шы ғасырдың соңғы ширегіне дейін байқалды. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің тууына дейін болған.
Классикалық бәсекенiң орнына еркiн емес, жетiлмеген бағалық емес монополиялық бәсеке келдi. Бәсекелестiк күрестiң нақты өзгеруi монополиялық бәсеке теориясында айқын көрiндi. Оның негізiн қалаушы американ экономисi Чемберлин Эдвард Гастингс болды.
Ол монополиялық бәсекенiң негiзгi ережесін жасады және бәсеке күресiнің бiр түрiн ерекше байқады: “Өнiмдi дифференциялау” үшiн ол былай деп жазған: « Жiктелумен бiрге монополия пайда болады және жiктелудiң ұлғаюына қарай монополия элементтерi көбiрек бола бастайды» барлығында, қайда болса белгiлi дәрежеде жiктелу кездеседi. Әрбiр сатушы өз меншiгiндегi өнiмге абсолюттiк монополияға ие, бiрақ оған қарамай кейбiр кезде жетiлмеген ауыстырушылар тарапынан бәсекеге ұшырайды. Сондықтан өз-өзімен бәсекелестiк күрес тәсiлi ретiнде монополиялар өнiмдi жiктеуге ұмтылады.
Екiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiн, батыстың экономикалық ойы, қазiргi жағдайда iрi компаниялар барын айта отырып, олардың тауар өткiзу нарығына өзара бөлісуiн көрсеттi. «Көптеген iрi корпорациялар олигополиялық нарық құрылымында әрекет етедi,»- деп 1975 жылы американ экономистерi Роберт Хейлбронер мен Лестер Туроу жазды.
«Олар рынокты бөледi және бiр-бiрiмен жарнама, өнiм жiктеуді, қызмет жасауды ұсыну т.б арқылы бәсекелестiкке түседi». Американ экономисi Пол Самуэльсон былай деген: «Басты қауiп монополияда жатыр немесе жетiлмеген бәсекеде. Жетiлген бәсеке көптеген өндiрушiлердi iске тартып, бiрде- бiр фирманы тауар бағасына әсер етуi болмауын қадағалайды» . Жетiлмеген бәсеке бағаға қайдағы бiр бәсекелес әсер еткенде пайда болады. Шындығына келгенде барлық иегерлер «еркін емес бәсекеге тартылған».
Бәсекенi оның тәсілiне қарай былай бөлемiз: бағалылық және бағалылық емес өнiмнiң сапалық негiзiндегi бәсеке. Бiртектi өнімдер түрiнiң раноктың өзiнде әртүрлi бағаларды көрсетуi бағалық бәсекелстiктің мән-жайын түсiндiредi. Сатушы өзiнің өнiмiне бағаны түсiре отырып, тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде рынокта нәтижеге қол жеткiзедi. Бағалық бәсекенiң негiзгi тәсiлi өндiрiс шығындарын және өткерiлетiн тауарлар бағасын темендету болып табылады. Баға еместiк бесеке ең алдымен өнiм сапасын жақсартуды көздейдi. Баға еместiк бәсекенiң басты қаруы — жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ. Қазiргi рыноктар өнiм түрлерiмен ғана бөлінiп қоймайды және бәсеке сипатымен де бөлiнедi: жетiлген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке рыногы, таза монополия рыногы. Ендi осыларға толығырақ тоқталайық.
1. Жетiлген бәсеке рыногы — кез-келген ұксас тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бiрде бiр сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, рынокқа тауардың тусуiн немесе бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрменi жетпейдi, себебi сатып алушы өзiне қажеттi мөлшерде тауарды рыноктық бағамен еркiн ала алады. Әрбiр сатушы бiр ғана тауар өнiмін сатады. Бұл нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай рыноктың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнiмдер нарығы өте жақын — бидай, көкенiс, жемiс-жидек, ж.т.б.
2. Монополиялық бәсеке нарығы – көптеген
сатушылардың ұқсас, бiрақ әртектi өнiмді сатуынан құралады. Өнімдері бiр-бiрiнен сапасы, қасиетi, сырты әрлеуi бойынша ажыратуға болады, сондай-ақ ассортиментi, қызмет керсетуi бойынша да бөлуге болады. Сатып алушылар осындай ерекшелiгін көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы, аяқ киiм, тағам өнiмдерi, жағармай және бөлшек сауда жасау ете жақын.
З. Олигополия — бiрнеше деген сатып алушылар рыногын керсетедi, байқалатыны тiптi осылардың кейбiреулерi рыноктың көп бөлiгiн бақылайды. Өнiм бұл жағдайда бiр тектi жене әртектi болуы мүмкiн олигополиялық бәсекенің бірдей бiр белгiсi сол оған қатысушылардың бағаның толыққанды көтерiлгендiгiнiң оң нәтижесіне есеп құра алмайды.
Себебі бәсекелестер оны темендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық нарық жағдайында өнiмдер бiр үлгiде жасалған немесе жiктелген.
4. Таза монополия рыноктың сондай түрi, онда бiр ғана өндiрушi бiр текті өнiмдi 100% —ға сатуды жүзеге асырады және ол өнмдi соған жақын ауыстырушылар жоқ. Таза монополияға мысал ретiнде жергiліктi қоғамдық қолдану кәсiпорындары қызмет жасауы мүмкiн: жергiлiктi телефон байланысы, электр жүйесiн және басқада қоғамдық қызмет жасау жүйелерi.
Бәсеке құрылымдық ұғым, ал бақталастық мiнез-құлықтық ұғым. Жетiлген бәсеке кезiнде, бақталастық болмайды, ал жетiлмеген бәсекеде бақталастың мiнез-құлық рынокта байқалып қалады. Монополия кезiнде бақталастьщ жоқ. Жеке өндiруші артықтау жағдайға ие болып, ол өнiмнің рыногын бақыласа, онда өндiрiстің монополиялық құрылымы пайда болады. Тiптi шағын кәсiпорынның өзiде монополист болуы мүмкiн, егер оның тауар өндiрiсiндегi үлесi жоғары болса. Монополизмге мынадай экономикалық типiнде жатқызамыз: жекелеген шаруашылық субъектiлер өзiнің- мүдделерiн контрагенттеріне, жалпы қоғамға жiктеуi мүмкiн және олардың өзiне керектi тұтынысын жоққа шығарады.
Рынок жағдайын бақылай отырып, бәсекеге жағдай жасау мен қолдау мемлекеттік антимонополиялық органдардың iсi болып табылады. Бәсекелестiк ортаның қалыптасуына шағын және орта кәсіпорындар қызметiнiң еркiндігi ерекше роль атқарады.
Монополиялық бәсеке нарығының ерекшелiктерi жетiлген бәсеке мен монополияға тән кейбiр қасиеттерге сәйкес келеді. Жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, жиһаз жасау, кітап басып шығару, қызмет көрсетудiң басқа да көп түрлерi монополиялық бәсеке нарығының iс-әрекеті.

1.3 Монополиялық бәсеке нарығының ерекшелiктерi
Монополиялық бәсеке нарығы төмендегiдей ерекшелiктермен сипатталады:
1. Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндiруде, сатуда, көбiнесе ұсақ фирмалар жұмыс iстейдi, тiптi iрi фирмалар жоқ деп айтуға болады. Болған күнде де ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтiрмейдi:
а) монополиялық бәсеке саласына кiруге жаңа фирмаларға
тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы, шаштараз немесе жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға өте көп қаражат қажет емес, сондықтан бұндай кәсiпкерлiкпен кез келген ірi айналысуы мүмкiн, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл iстi жалғастырушылар әр уақытта табылады.
б) нарықтағы өнім көлемi, баға және басқада жағдайлар туралы деректер ашық белгiлi болады:
в) Өндірілетiн тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының ерекшелiктерi болады. Бұл тауарлар бiрiн-бiрi ауыстыра алады. Бiрақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелiк беруге тырысады, мысалы тіс жуғыш пасталардың дәмiнiң, химиялық құрамының өзгешелiктерi және т.б.
Сонымен қатар кiтап фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнектi орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына өзгешелiк қасиет береді. ....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: nurgul95 | 126 | 13.03.2019


Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Экономика | Монополияның экономикалық табиғаты мен түрлерi. Қазақстандағы монополиялар
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Монополияның экономикалық табиғаты мен түрлерi. Қазақстандағы монополиялар
Курстық жұмыс: Экономика | Монополия; пайда болу себебi, мәнi және ұйымдастырушыылқ-экономикалық формалары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Монополия; пайда болу себебi, мәнi және ұйымдастырушыылқ-экономикалық формалары
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай
Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай
Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕЛIК ОРТА
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕЛIК ОРТА
Курстық жұмыс: Экономика |  БӘСЕКЕ – РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГIЗГI ЭЛЕМЕНТI РЕТIНДЕ
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | БӘСЕКЕ – РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГIЗГI ЭЛЕМЕНТI РЕТIНДЕ
Қазақша сериал: Бәсеке телехикаясы (16 бөлім)
Қазақша Фильмдер & Сериалдар жинағы
Қазақша сериал: Бәсеке телехикаясы (16 бөлім)
Қазақша сериал: Бәсеке телехикаясы (12 бөлім)
Қазақша Фильмдер & Сериалдар жинағы
Қазақша сериал: Бәсеке телехикаясы (12 бөлім)

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Бәсеке және монополия туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Бәсеке және монополия на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Бәсеке және монополия, реферат Бәсеке және монополия туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат Бәсеке және монополия на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Экономика жоспарымен казакша реферат жоспар Бәсеке және монополия, Реферат: Экономика | Бәсеке және монополия реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы