Қазақ тілі | Бейтарап қолданылатын фразеологизмдер

 Қазақ тілі | Бейтарап қолданылатын фразеологизмдер

Бейтарап сөзі жалпылама деген мағынаны білдіреді. Бейтарап фразеологизмдер дегеніміз — сөйлеу стилінде болсын, кітаби — жазба стильдерінде болсын жалпылама қолданылатын тұрақты сөз тіркестері. Өйткені, бұл топтағы сөз тіркестерінің, стильдік сипаты болмайды (сөзінде тұру, сенімді ақтау, қарсы алу, дауыс беру, шын жүректен т. б.).

Сондай-ақ бейтарап қолданылатын фразеологизмдердің эмо-ционалды-экспрессивті бояуы да болмайды, зат пен құбылысты тек атап қана қояды. Мысалы, ит арба, ит аяқ, ит көйлек сияқты сөз тіркестерін алатын болсақ, бұлар тек заттың аты болғандықтан, олардың экспрессивті бояуы да, бейнелегіштік қасиеті де жоқ.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейтарап фразеологизмдер то-бына тұрақты ұғым болып қалыптасқан жер-су аттары және кейбір терминдік сипаттағы сөз тіркестері де енеді. (Қара теңіз, Ақ теңіз, көз әйнек, ауыр өндіріс, ақ өлең т. б.)

Стильаралық сипаттағы тұрақты сөз тіркестерінің жалпы саны, бейтарап лексикамен салыстырғанда өте аз. Олай болатын себебі, Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің көпшілігі образды қызмет ат-қарып не жағымды, не жағымсыз ыңғайда жұмсалады. Газеттерде, кейде бейтарап фразеологизмдердің бұл қасиеті сақтала да бермейді. Мысалы, сенімді ақтау сөз тіркесінің қолданылуы төмендегідей: Өткен жылы әрбір жүз бастан 162-ден қозы алып, сенімнен шықты, “Бұл жұмыста Мұса абыройсыз болған жоқ, коллектив сенімінен шықты” немесе … ішкі мүмкіндіктер мен резервтерді тиімді пайдаланудың негізгі жолдарын атап көрсеткен ол коммунистер сенімінен шығып келеді т. б.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍