Қазақ тілі пәнінен қазақша реферат: Қайталама сөздөр мен бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі » ZHARAR © 2016 | Қазақ тілі пәнінен қазақша реферат: Қайталама сөздөр мен бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі, Қазақ тілі пәнінен қазақша реферат, Қайталама сөздөр мен бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі казакша реферат Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Қайталама сөздөр мен бірыңғай мүшелердің стильдік ңызметі Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы, Қазақша рефераттар жинағы, Қазақша Реферат, Қазақ тілі пәнінен қазақша реферат




  • »

Қазақ тілі пәнінен қазақша реферат: Қайталама сөздөр мен бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі

Сөйлемдердің, стильдік кескінін сөз еткенде, олардың құрамын-дағы мүшелердің тек санына қарамаймыз,— сапасына қараймыз. Әдетте сөйлемдердің сөздері барынша сығымдалған, аз сөзбен көп мағына беретіндей болмай, шұбалаңқы болса, не бір сөзді бір және іргелес сөйлемдерде қайта-қайта айтыла берсе, ондайды стильдік қате, тіл жарлылыгы деп білеміз. Жазушы Ғ. ‘Мүсірепов “Әдебиет тілі.жайында” деген бір мақаласында мына бір сөйлемдерде сондай басы артық орынсыз қайталауы бар екенін сынга алған болатын:



“Сонымен Сұлтанмахмұттың лирикасы поэма сияқты ұзақ бо-лып, позмасы»‘ лирикалық болып, лирикасы мен поэмасының арясы жақын жатады. Яғни, Султанмахмуттың өлеңдері әлеуметтік лирика больш, сочдықтан да көлемді, ұзақ болып келсе, поэмалары сюжетсіз болып, бірақ, лирикалы болып, элеуметтік лирика болып келеді”.



Осы бір іргелесіп, қатар айтылған екі сөйлемде лирика, поэма, әсіресе болып сөздері жөн-жосығы жоқ бірнеше рет қайталанып айтылған. (Мен сол сөйлемдерді оқығанда, есік алдында құрт езіп отырғаң бір әйел есіме түсті). Мұндайды өрескел стильдік қате деп білеміз. Әдетте қаламының ебі бар кісі бір сөзді қайта-қайта жазып окушыны ығыр қылмайды, бір сөзді мүмкін болғанынша екі рет айтпай, синонимдерді кең түрде пайдалануға тырысады, мысалы:



Ежелден табан аңдысқан

Ата дұшпан сен едің,

Ата жауың мен едім (Махамбет).

Жел жіберіп, бір желпіп, ’>-.

Ауық-ауық құшақтап,

Әлсін-әлсін нұр сеуіп

Есейген асқар Гималай

(I. Жансүгіров).



Сөйлемдегі бір сөзді, кейде сөз тіркесін сол сөйлемде не көрші сөйлемде қайталаудың ерекше стильдік қызмет атқаратын да орны бар. Мысалы, Б. Майлин …бала көп, барып жатыр, жайнап жатыр — бірі кіріп, бірі шығып жатыр, мәз-мейрам болып ойнап жа-тыр — өздерінше қуанышты, шаттық тойын тойлап жатыр деген-де, әдейі күрделі етістік баяндауыштар құрамында жатыр көмек-шісін бес рет қайталаған. Сол арқылы жазушы мәз-мәйрам көп баланық жалынды жастық күйін өте әсерлі суреттеген. Бір сәтте, біріне-бірі ұласа көзден өтіп жатқан ауыл көрінісін әсерлі етіп, жандандыра суреттеу үшін жатқан есімшесіне біткен кұрделі анықтауыштар көршілес сөйлем сайын әдейі қайталап отырған мына үзіндіге назар аударайық:



Қабаққа келіп қарасаң, көз ұшындағы жердің бәрі көрінеді: еріп жатқан қар, … көлкіп жатқан су, қардан-қарды сағалап итініп бара жатқан жүргінші, андайлап жайылып жатқан мал, асыр салып асық ойнап жатқан жас балалар, суат басына алқа-қотан тұра қалып эңгіме соғып жатқан қыз-келіншек_.. (Б. Майлин). Бұл атаулы сөйлемдерді үндестіріп дала көрінісін осылай суреттеген жазушының сөздік бояуынан бір мезгілде өз ара ұласкан қимыл, күй, экспрессивті әрекет, дала, ауыл өмірінің динамижасын көз алдыңа елестетеді.



Сөйлемге эмоциялық әр берудің көп тәсілінің бірі — бір сөзді әдейілеп бірнеше рет айту болса, кейде бір сөйлем мүшесін түрлі-түрлі сөздермен бірыңғай етіп жұмсай білу. Мысалы: Қазір менің ойым Ақбота мен Нинаны бір машинаға мінгізіп, осы үлкен жолмен осы үлкен көпірге қарай ағызып алып келе жатыр (Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлем — әрі экспрессивті, әрі эмоциялы. Біріншіге негіз бо-лып тұрған — ағызып алып келе жатыр деген баяндауыш та, екін-шіге негіз болған — осы үлкен деген анықтауыш. Ол бір сөйлемде екі рет айтылып, екі заттың анықтауышы болған. Солай ету арқылы жазушы кісі арманыныд ойнақы, көтеріңкі қиял екенін анғартады.



“Ақ Жайық” романында Мәмбет казармаға кіріп келіп, қарауыл жасақшыға: Әжіғали мен Жапалақты оят!.. Тез!—деп зекіп асықтырады. Жасақшы оның әмірін екі қылмай:— Қазір Мэмбет аға. Қазір оятам…— дейді. Осындағы қазір сөзінің екі рет айты-луында үлкен мән бар. Жазушы сол арқылы жасақшы сөзінің ек-пінді, өзінің тіл алғыш екенін сездіреді. ‘ Мына сөйлемде сол сөзі үш рет қайталанады:



Сол ақ жібек шымылдық, сол биік сүйек төсек, сол жасау тегіс орнында. (М. Әуезов).

Бұл мысалда сол сөзін қайта-қайта айту арқылы бір сөйлемдегі әрбір бірыңғай мүшеге ерекше назар аударылған. •



“Қазақ солдатында” бір жауынгердің туып-өскен қаласын көруге ынтықтығын сездіру үшін жазушы: Туып өскен қаланың таныс заводтары мен таныс үйлері,таныс адамдары көз алдыңа келер еді,— дейді. Мұнда таныс сөзі үш рет айтылған. Сол арқылы анық-тауыш қызметіндегі таныс сөзіне ерекше ой екпіні түсірілген, сөй-лем әсерлі болып шыққан. Сондай-ақ Бұл да әлі тым жұқа, тым нәзік, тым қалтырауық (С. Мұқанов) деген сөйлемде де сөз қайта-лау арқылы айтылган ой тайға таңға басқандай айқын да әсерлі шыққан.



Сөйлемнің бір мүшесін қайталау әсіресе шешендік өнердің, көркем әдебиеттің өте ұтымды, әрі әсерлі тәсілінін, бірі болады. Оларда қайталаулар екі түрлі орайда эмоциялы-экспрессивті қызмет атқарады:



1. Анафора (басталуы бірдей). Мұнда қатар айтылған бірнеше сөйлем, кейде өлең шумағының бірнеше жолы бір сөзден басталады. Сөзді солай қат-қабаттап жұмсау арқылы ойды күшейтуге, әсерлі етуге бдлады. Анафора Қазақ ‘тілінде өлеңді сөйлемдерде көбірек кездеседі:



Мен — мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде,

Еңіреп жүрген ер едім (Махамбет).

Жау, жау, жаңбыр! Жау, жаңбыр!

Жау! Егіннің көгі өссін!

Сұлудай бұрақ құрақты

Айдын шалқар көгі өссін! (Б. Майлин).

Әлде жеке кетсін бе?

Әлде жаппай сепсін бе?

Болмас па екен қиындық. (\. Жансүгіров).

Соқ, жігіт! Соқ, соқ, жігіт! Күйіңді тарт!

Лапылдат! Жандыр! Күйдір! Құмарт! Құмарт!

(I. Жансүгіров).



2. Эпифора (аяқталуы бірдей). Мұнда қатар айтылған сөйлемдердің, өлең жолдарының аяқталуы бірдей болады.

Қазақ тілінде сөйлемнің соңында көбінесе баяндауыш тұра-тындықтан, іргелес сөйлемдердің баяндауыштары қайталанады. Сол арқылы кісінің ойы ерекше тәптіштеліп айтылған болады:



Шыныңды айт, неге бөгелдің,

Жүрекке жара салған кім?

Махаббат, талап, жібердің

Тамырын қиып алған кім? (I. Жансүгіров). ‘

Ер қайда? Аруақ. қайда? Намыс қайда?

Жау шапты аулыңды Алатауда

(I. Жансүгіров).

Мұнар да мұнар, мұнар күн

Бұлттан шыққан шұбар күн…

(Махамбет).



Сөздерді осылай, белгілі мақсатпен лайық қайталау бар да, мақсатсыз қайталау бар. Мақсатсыз айтылған басы артық сөз көзге шыққан сүйелдей жазу стилін ауырлатып тұрады. Ондайдан безу үшін сөз бен сөзді, жалғау мен сөзді, жалғау мен жалғауды топтастырып, ықшамдау керек. Сонда сөзге орын тар болсын, айтқан ойың кең болсын деген мақсат қойылады.



Сөйтіп, бір сөзді бір сөйлем ішінде бірнеше рет қайталаудың да



Ерекше стильдік қызметі лоады екен. Сол сияқты стильдік қызметі бірьщғай мүшелерге де жүктеледі. Бірыңғай мүшелердің ол қызметін түсіну үшін бір-екі сөйлемге талдау жасайық:



1. Қорықпаймын енді мен,

Аңыздан, желден, бораннан (Т. Жароков).



Бұл сөйлемде шығыс жалғаулы үш жанама толықтауыш бар. Олар біріне-бірі бағынбай, әрқайсысы өз бетімен, бірақ өз ара байланысты тізбек ретінде бір сөзге бағынған: аңыздан қорықпай-мын, желден қорықпаймын, бораннан қорықпаймын. Осылай бөл-шектеп айтсақ, ойымыз ықшамдалмаған болар еді. Мұндай сөй-лемді жинақты етіп құрау үшін біріне-бірі қарайлас, синтаксистік қызметі бірдей бірыңғай мүшелерді бір сөзге бағындырып, бір сөй-лем құрамында айтамыз.



Осылай ету, бір жағынан, бірнеше сөйлемді бір сөйлем ішіне сыйыстыру амалы болса, екінші жағынан, көп сөздерді бір сөйлем ішіне тізбектеу арқылы оның іргесін кенейтіп, жайылма ету амалы болады. Мұндайда бірнеше бірыңғай бастауыштын, бір баян-дауышы, бірнеше бірыңғай баяндауыштың бір бастауышы, бір толықтауыштың бірнеше анықтауышы т. б. болуы мүмкін. Сөйтіп, бірыңғай мүшелі сөйлемдердін, мағыналары кеңіп, ой айқындала, саралана түседі.



2. Айшаның майысыңқыраған, сымбатты ұзын бойы, ашық жүзі, қоп-қою, қап-қара қасы, мұңайған кер көзі оның қальң ойда, ауыр қайғыда екент білдіретін еді. (С. Сейфуллин).



Бұл — жайылма сөйлем. Оның бірнеше бастауыштары бар: бойы, жүзі, қасы, көзі. Бүлардың тұлғасы бірдей, баяндауыштары бәріне ортақ — білдіретін еді.Әрбір бастауыштың анықтауыштары бар. Соның ішінде бойы — майысыңқыраған бойы, сымбатты бойы, ұзын бойы.



Бұл анықтауыштардың тұлғалары да, мағыналары да төрт түрлі: Айшаның — ілік жалғауындағы зат есімнен болған анықтауыш, майысыңқыраған — есімшеден, сымбатты — туынды сын есімнен, ұзын — сапалық сын есімиен болған анықтауыштар.



Мұндай түрлі тұлғадағы әр қилы анықтауыштар бірыңғай бол-май, әрқайсысы айырым әуенмен айтылмай, бәрі біріне-бірі ұласа айтылады. Соларды қоп-қою, қап-қара қасы дегенмен салысты-райық; мұнда екі анықтауыш бар: қоп-қою (қасы), қап-қара (қасы). Бұлар — біріне-бірі ұқсас, бірыңғай анықтауыштар, олардың айтылуы да басқаша: ол екеуін екі айырып, әрқайсысын ұластыру-шы интонациямен айтамыз.

Бірыңғай мүше болған сөздердіқ мағыналары әдетте біртектес, тұлғалары біркелкі.



3. Қыран көзді, цаһарлы қара мұртты, атақты қолбасшыны бірден таныдым (Ғ. Мүсірепов). Осында төрт бірьщғай анықтауыш бар: қыран көзді, қаһарлы, қара мұртты, атақты. Бәрі де — зат есімдерге -лы, -ді,- ты жұрнағы жалғану арқылы жасалған туынды сын есімдер. Бірыңғай мүшелерді осылай, мағыналық, түлғалық сыбайластығына қарап сөйлем құрай білуге де белгілі дағды керек.



Сонымен қатар, тұлғалас бірыңғай мүшелерді әрқайсысына бөлек-бөлек жалғау, жұрнақты жалғай бермей, оларға қатысты шылау сөздерді көп қоспай ықшамдап, ортақтастырып та жұмсауға болады. Мысалы: Туған жер, өскен ел, жақын жандарды сағынғанда, эр кезде жаксы жағдайда көргің келеді (Ғ. Мүсірепов). Бұл сөйлемдегі бірыңғай толықтауыштар: туған жер, өскен ел, жақын жандарды — бәрі де табыс септігінде, бірақ табыс жалғауы тек ең соңғы тура толықтауышқа жалғанған да, ол басқаларына да ортақ болған. Әбілда … ауылға атпен бір келіп, бір кетіп жүр (С. Сейфуллин). Мұнда көмекші жүрді етістігі бірыңғай екі баяндауышқа ортақ — бір келіп жүрді, бір кетіп жүрді.Осылай айтылса, сөйлем ықшамдалмаған, шұбалаңқы, жазушының стилі нашар болар еді. Ондай стильдік қателер жібермеу үшін мынадай мүмкіншілікті пайдалана білу керек:



1. Бірыңғай мүшелердін, мысалы, толықтауыштардың, ең соң-ғысы жинақтаушы болады да, тиісті септік жалғау тек соған жал-ғанады.

Құнанбай … Тоғалақ, “Әнет, Бекенді де шақыртты. Олар үлкен-үлкен теңдерді шешіп, қымбат кілем, әсем түс киіз, алаша, көрпе-лерді алды (М. Әуезов).Әркім күрек, сүймен, зембілдерін ала ба-рады (Ғ. Сланов).

2. Бірыңғай күрделі мүшелерге қатысты көмекші етістікті не бір көмекші есімді барлығына ортақ етіп, ең соңғысынан кейін бір-ақ рет айтуға болады:



Жайқалып келіп, жағаға тірелген көк майсалы майда жел акырын ғана тербетіп, теңселтіп қояды. (Ғ. Мүсірепов). Жұрт кешкі шаруаларын жайғап, малдарын қотандап жүр. Бай балалары … қызыл кілем барқыт көрпелердің үстінде жатады. (С. Сейфуллин). Қөк жүзінің шарбы бұлты элдеқайда тарап, сіңіп, жоқ болып жатты (Б. Майлин). Айшаныц … мұңайған кер көзі оныц қалың ойда, ауыр қайғыда екенін білдіретін (С. Сейфуллин). Бэкен щуанған да, ренжіген де жоқ. (Б. Майлин).



Бірыңғай мүшелерді саралап, әрхайсысына ерекше мән бере, екпін түсіре айту үшін мынадай амалдар қолданылады:



1. Бірыңғай мүшелердің әрқайсысынан кейін де жалғаулығы қойылады:

Сарғайып қураған шөптер де, бұталар да, бұталардың жапы-рақтары да жаңбыр суын жұтіп, жасарыңқыраған сиқты (С. Сей-фуллин). Жақсылық та,Баршагүл де, Қайырбек те, Мұхит та қуаң қағып, шапшаң бұрылып, төңірекке көздерін жіті жүгіртеді

(Ғ. Сланов). Сот та, милиция да — бэрі де комитет” (С. Сейфул-лин).— Көпей жұртқа өзінің ажарымен де, естілігімен де, тазалы-ғымен де ұнайтын еді”(Ғ. Мұстафин).



2. Бірыңғай мүшелер мен, пен, бен (менен) жалғаулығы арқылы екеу-екеуден қосақталады:

Олардың бұтақтарынан алма мен алмұрттың, өрік пен инжірдің, шие мен шабдалының неше сорттарын кездестіресің (С. Мұқанов). Ак, пен қара, қызылмен көк, күрең мен қына сары біріне-бірі еппен тоғысып, бэрі жымдасып тұр” (Ғ. Мүсірепов).



3. Бірыңғай мүшелердің алдына бір, я, әрі, не, кейін сөздерін қою арқылы да оларды тәптіштеп таңдап-талғап жұмсаймыз:



Оның көзі бір ашылып, бір жұмылады, (М. Әуезов). Әбілдэ … ауылға … бір келіп, бір кетіп жүрді (С. Сейфуллин). Қара жігіт саған бір, Айшаға бірқарады (С. Сейфуллин). Олар әрі қызғаншақ әрі жорымтал, аңдығыш (М. Әуезов).



Ол сенің я нағашың, я жиенің… (Абай). Оның сазарған түрінен не көнгендігі, не қарсылығы байқалмайды (Ғ. Мүсірепов). Кейде оңға бұрып, кейде солға бұрып темір жолдар кетіп жатыр (Ғ. Мү-сірепов).

4. Бірыңғай мүшелер (көбінесе бастауыштар) тізбектеліп ай-тылады да, олардың ең соңғысына көптік жалғауы жалғанады, кейде одан кейін да жалғаулығы да қойылады. Мұндайда көптік жалғаудағы соңғы сөз бірыңғай мүшелерді жинақтаушы да болады:



Ербол, Қөкпай, скрипкашы, әнші Мұқа, Баймағамбеттер бір топ болып кірді. Ұраққайда Қөкпай, Ерболдар да шайын ішіп болыпты. Мол жастық, қалың көрпелі жер төсек пен. айнала тұтқан қалың текемет, түс киіз, кілемдер бар (М. Әуезов).



5. Қатарынан айтылған бірнеше бірыңғай мүшелерді саралап көтеріңкі мағынада, әрі бәріне де ой екпінін түсіре айту үшін олардан кейін жинақтаушы-жалпылаушы сөз қойылады:



Плуг, тырма, трактор, комбайн — бәрі де жөндеуден өтіп сақадай сай тұр (газеттен). Жігітек, Бөкенші, Борсақ, Көтібақ — баршасы да Құнанбай үстінен шағым айта бастады. (М. Әуезов). Баланың да, жігіт-желеңнің де, егде-мосқал үлкеннің де — барлығының аузында бір жаңалық, бір хабар (М. Әуезов).



Мұндай сөйлемдер көбінесе көркем әдебиет тілі стилінде жиі қолданылады да, ғылыми және іс қағаздар стилінде жалпылауыш сөздер бірыңғай мүшелөрдің алдынан қойылады. Мысалы: Тауда өсетін ағаштар: қайың, қарағай, терек, емен.



Өлеңді сөйлемдерде ойды құйқылжытып, әсерлі етіп айту үшін дыбысталу ырғағы ерекше сөздерді бірыңғай мүше қызметінде үйіп-төгіп жұмсауға да болады. Мұндайға -ып тұлғалы көсемшелерден болған пысықтауыштары бар мына үзінділерді мысал етуге болады:

Ән салсаң, Әсеттей сал әсемдетіп,

Қоздырып делебені, әсерлетіп,

Шырқатып, шығындатып, шалықтатып

Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп,

Талдырып, орағытып баса өрлетіп

Самғатып, саңқылдатып, сар желгізіп,

Ұрынтып, өршелентіп, бәсеңдетіп.

Серпілтіп, сумаңдатып, сексен ырғап

Қырық қарпып, тоқсан толғап, бес өрлетіп

Жансүгіров).



Бірыңғай мүшелер жалғаулықтар арқылы байланысқанда, қай жалғаулықты қандай сөз арасында пайдалануды білу керек. Мысалы, мағыналық жақындығы күшті сөздер арасына мен жалғау-лығы, әркайсысының дербестігі бар бірыңғай мүшелер арасына және жалғаулығы қойылады. Мысалы: кемпір мен шал, қаз бен үйрек, тау мен тас, тіл және әдебиет, химия және биология, жолдас жэне бауыр.



Мен, және жалғаулықтарын бір сөйлемдегі бірыңғай мүшелер-дің арасында пайдалануда мынаны ескеру керек: және жалғаулығы бірыңғайлардың тұйықталып біткенін де көрсетеді. Сондықтан мен сөйлемнің бас жағындағы бірыңғайлар арасында, жэне ең соңғы-сынан бұрын қойылады. Мысалы, Базаралы менДәркенбай бірі үлкен, бірі жаё болғанмен, екеуі бірдей өр және көңілі жүйрік адамдар (М. Әуезов). Райком секретары да Байжанға ауданнық қазіргі жәнеболашақтағы шаруасын жақсы білетін адам болып көрінді (С. Мұқанов).



Жалғаулықтардың бәрі бірдей кез келген бірыңғай мүшелерді байланыстыра бермейді. Мысалы Жұмысшы совхоз директорына немесе бас инженерге келді.Мұнда немесе жалғаулығы мағыналық байланысы жоқсөздерді байланыстырып тұр. Жүмысшы совхоз директорына немесе бас инженерге барады болса, бір жөн. Өткен шақта, “келді” болып айтылған етістікпен немесе жалғаулығының әуендестігі жоқ. Оның орнына және жалғаулығын қойса, не “келді”-нің орнына “бармақшы” деп айтса, сөйлемдегі сөздер жымдаса қалады. ‘



Сөйлем мүшелерін бірыңғай етіп құрудың да қиындығы бар. Оларды қосып сөйлем құрауда қателеспеу үшін мыналарды ескеру керек.



1. Бірыңғай мүшелердің қатары бір тегіс болуға тиіс. Қейде олай болмай, бүтін мен бөлшекті, тұр мен тұрпатты араластырып айту кездеседі. Мысалы:Қиоскілер мен ларектерде өндіріс товарлары, ет, сүт, ыдыс-аяқ, киім-кешек, сыра сатылады. Ыдыс-аяқ, киім-кешек ұғымдары. “өндіріс товарлары” деген ұғымға енеді. Жауынды күні қолым, аяғым, саусақтарым сырқырайды (саусақтарым — “қолым, аяғым” деген ұғымға кіретіндіктен, бұл сөзді де айтпау керек еді). Заводтар мен фабрикалар жэне ауданымыздың өндіріс орындары үстіміздегі жылы ірі табыстарга жетті. Заводтар мен фабрикалар өндіріс орындары деген ұғымға енеді. Сондықтан “және ауданымдаздың өндіріс орындары” деген сөйлем артық айтылып тұр.



2. Бірінен-бірінің мағынасы алшақ сөздерді бірыңғай мүше қызметінде жұмсауға болмайды. Мысалы, қаз бен үйрек, кемпір мен шал, тау мен тас — мағына жағынан сыбайлас қосақтар. Олардың орнына қаз бен ағаш, кемпір мен көмір, тау мен өнер десек, мүлде алшақ мағыналы сөздер қосақтары екені бірден сезіледі. Сондай-ақ, Ұстазда кіші пейілділік, актерлік, дикторлық өнерден басқа, суретшілік, эншілік қасиеттер болуға тиіс дегенде, “кіші пейілділік”— өнер емес, сондықтан “актерлік, дикторлық” деген-дермен ыңғайлас мүше бола алмайды. Анадайда апыл-ғупыл қи-мыл, жан-жақтан тынбай шығып жатқан дыбыстар, ат айдаушының айқайы естіледі. Мұнда қимыл, дыбыстар, айқай саздері бірыңғай болып естіледі деген сөзбен тіркескен. Дыбыстар, айқай естіледі деуге болар, ал солардың қатарында “қимыл естіледі” деуге болмайды.



3. Басыңқы сөзбен тіркесу қабілеті жоқ сөзді бірыңғай мүшелер қатарына енгізуге болмайды. Мысалы, сэлем айтты, сэлем жолдады деген сөздер тіркесін өзгертіп, Почтальон шопанга ферма бастырының сәлемін жэне сәлемдемесін тапсырды деуге болмайды. Көппен бірге таза, мөлдір ауаны еркін жұтып Ақмолда келеді (таза ауа, мөлдір су, мөлдір аспан деуге болады, мөлдір ауа демейміз).



А. С. Пушкинніқ біліміне, талабына, талантына бас иеміз (біліміне, талантына бас июге болар, “талабына бас ию” болып тіркеспесе керек).



4. Мағынасы бірдей екі сөзді ептеген тұлғалық айырмашылы-ғына қарап бірыңғай етіп айтуға болмайды. Мысалы: Ақмолданың жұмыс күнінің эр сағатынан әр сағаты қызықты да қызғылықты. “Лениншіл жас” газетінен алынған бұл мысалда екі қате’бар: “жұ-мыс күнінің әр сағатынан әр сағаты” қазақша емес, дұрысы — бір сағатынан бір сағаты … екіншісі — “қызықты да қызғылықты”. Бұлай айтудың есітер құлаққа жайлы тиетіні бар, бірақ ондай ма-ғынасы бірдей екі сөзді тек сырт әуендестігіне қарап, бірыңғай сөйлем құрамында жұмсаудың қажеті жоқ.



ы кімге берейін?



— Рабиғаға бере гой.

Анықтауыш, пысықтауыштар көбінесе басқа сөздермен қатар тұру арқылы байланысатындықтан, оларды әрі-бері жылжытуға болмайды, болса да, ондай мысал көп кездеспейді. Ал ілік жалғауы жалғанған анықтауыштар мен барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларындағы пысықтауыштарра толықтауыштардай инверсия жасауға болады. Сондай-ақ инверсия жасай беруге көнгіш пысықтауыш — мезгіл үстеулері мен көсемшелерден жасалған пы-сықтауыштар:

1. Үлкен кісісің ғой, апа, көпті көрген (С. Мұканов).

Осындай да табан бола ма екен қырық тесік! (Ғ. Мүсірепов). Сақижан, жүр тезірек! (Ғ. Сланов).

Бүгін, міне, қарасам, бір көш кетіп барады (Жамбыл).

Тэңірі сұлулықтың, ақын Сара, үйректің сұңқарындай тудың дара (X. Жұмалиев). Ақырындап ат қозғалды (Б. Майлин). Кетерде Боржадай маған амандасқан жоқ, мен оған амандасқаным жоқ

(С Мұқанов).’Дұрысы—… менімен амандасқан жоқ, мен онымен амандасқаным жоқ.

Заттың түрін, түсін білдіретін бірыңғай анықтауыштардың орындарын өзгертіп айтуда мән болмайды. Сондықтан қайсысын бұрын» койсам екен? деп қиналмайсың. Мысалы: сары, көк, жасыл түс (жасыл, көк сары түс), күшті, қарулы, епті жігіт (қарулы, епті, күшті жігіт), түлкі тымақты, барқыт қамзолды, ақ сақалды кісі (ақ сақалды, түлкі тымақты, барқыт қамзолды кісі).

Егер бірыңғай анықтауыш біркелкі болмай, түрлі-түрлі сапа болса, және бір заттың маңында әр түрлі бірнеше анықтауышы болса, олардың ішіндегі заттың ең негізгі сыны болатыны басқа анықтауыштардан кейін, анықталатын сөздің қасында тұрады:

Дередей үлкен жұп-жұмыр ақ тай — қысырдың тайы. Сары қыз әдемі сары келіншек болыпты. Жасында ат жақтылау, қыр мұрын-дылау сияқты еді, қазіркөзді, май мұрындылау, ет-жеңді, толық әйел болуга бет алыпты (Ғ. Мұстафин).

175

Оң жақ бұрышта ешбір сэнсіз, ретсіз үйіле салған үлкен пеш тұр … Үстінде ыждаһатты қолмен жиылған сұрғылт түсті, көнетоз-дау екі-үш көрпе, жастық (М. Әуезов).

Сөзді дұрыс орналастырудың стильдік қызметі ерекше бола-тындықтан, соның жайын көбірек айттық. Бұдан сөйлем мүшеле-рінің сөйлемде орналасу, орын ауысу тәртібі қалай болатынын аңғаруға болар. Одан сөйлемді тек осылай құр деген ұғым тумау керек. Тілдің’ бұл жайында да мүмкіншілігі мол. Соларды таңдай, талғай білу — үлкен өнер. Сөздің қит етсе, қисық кететін, дөп түс-се, жымдаса кететін сырын сезгіш, білгіш болу керек.

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 4 333
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

. .