Биология | Қазіргі заманғы медициналық иммунология

 Биология | Қазіргі заманғы медициналық иммунология

Қазіргі заманғы медициналық иммунология

Иммунология – медициналық-биологиялық ғылымдарының ең маңыздыларының бірі және осы ғылым қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен үлес қосты. Көптеген инфекция түрлерін алдын алу үшін вакцина қолдану емі адамдарда АВО-антигендер жүйесін ескере отырып қан қуюды қолдану инфекциялық емес иммунология жетістіктері ғана жер шарының миллиондаған адамның өмірін өткен уақыт аралығында сақтап қалу үшін жеткілікті болар еді.Қазіргі уақытта иммунология-медицина мен биологияның тез дамып жатқан перспективті бағыты.Қазіргі кездегі иммунология даму сатысының негізгі ерекшелігі – оның жетістіктерін клиникалық тәжірибе кең енгізу болып табылады.

Қазіргі заманның иммунологияның негізі – иммунды генетика болып табылады, ол өз құрамына патологияны, трансплантациялық иммунологияны, қатерлі ісік иммунологиясы мен жұқпалы иммунологияны қосады.Оның келесі ғылыми фактілер дәлелдейді:мүшелер алмастыру кезінде мүшенің кері қайту серпілісі – генетикалық, кері қайту механизмі – иммунды; қатерлі ісік жасушаларының пайда болу себептері – қатерлі, ісіктің өсуі – иммунды, генетикалық механизмдер;инфекциялық микроорганизмдерге сезімталдық деңгейінің себептері – генетикалық, ал инфекцияны жоятын және қабылдамаушылық тудыратын механизмдер – иммунды.

Иммунологияның ең маңызды бағыттарының ішінде бірнеше мәселелер жатыр – ол арнайы иммунитеттің теориялық негіздері мен механизмдерін ашу, иммундық үрдістердің генетикалық терминациясы, иммунды хабарлы жасушалардың, антиденелердің, басқа гуморалды факторларының және тағы басқа қосымша жүйелердің күрделі араласуына байланысты иммунитеттің реттелу, аутореттелу механизмдерін іздестіру.

Соңғы жылдары иммундық супрессия даму механизмдерін зерттеу қызығушылық танытуда. Қазіргі кезде иммунды супрессорлы белсенділігі индуцибелді екені анықталған және ол қызметті Т-лимфоциттер субпопуляцияларымен қатар, басқа да жасушалар атқарады. Бұл, нәтижесінде, қазіргі кезде табиғи иммунды супрессияның гуморалды және жасушалық механизмдерін және олардың әртүрлі аурулар патогенезінде рөлін анықтауға барлық зерттеушіліерге көп мүмкіншілік береді.

Иммуногенетикалық қазіргі жетістіктері, соның ішінде молекулалы-генетикалық іріктеу арқылы HLA жүйесінің жаңа гендерінің қызметтерін зерттеу, иммунды жауаптың қалыпты және патологиялы жағдайларында молекулалық бақылау негіздерін анықтауға мүмкіндік береді.

Иммунология тәжірибеде кең қолданысқа ие болған бағыт - әртүрлі рецепторларға моноклонды антиденелер және цитокиндер негізінде дайындалатын дәрілік препараттарды алу.Сонымен қатар, қазіргі кезде антицитокиндік белсенді препараттары да зерттеліп, дайындалып жатыр:цитокиндерге қарсы МКА, интерлейкиндерді кедергілеуші ерігіш рецепторлар, цитокиндермен алмасушы рецепторлық антагонисттер.

Иммунобиотехнология мен генді инженерия дамуы арқылы иммунды жауапты коррекциялау, сонымен қатар, фенотиптік және иммунитетті стимулдау мен модифиткациялауға қажетті табиғи алуан түрлі биологияық активті заттарды (БАВ) өндіру мен құрастыруға арналған құбылыстар пайда болды.

Қазіргі уақытта иммунология мен иммунопатологияда актуалды сұрақтарының шешілуі нақты, адекватты иммунологиялық әдістері (радиоизотоптық талдау, ИФТ,ПЦР-диагностикалау, т.б.)көмегімен байланысты.

Сонымен қатар, глобалды экологияның иммунологиялық заңдылығы мен адам экологиясы зерттеулер де ерекше орын алады.Бұл стресс, дистресс және адам мен жануар иммунитеті, аллергияның дамуы мен анықтауы, профессионалдық аллергендерден сақтау жолдары және гипосенсибилизация сұрақтары.

Басты назарды ісіктер мен иммунопролиферативті аурулардың иммунды диагностикасы, иммунды профилактикасы және иммунды емдеуіне арналған зерттеулер алып отыр.

Қазіргі кезде ісіктер емдеуінде кең жол антицитокинді емге берілген.Мысалы, қатерлі ісіктерді емдеуде анти-ИЛ-10-моноколонды антиденелерді, ИЛ-2-ге арналған рецепторға моноколонды антиденелерді, ИЛ-5 рецепторының антагонистін қолданады.

Қазіргі заманғы иммунологияда иммунопрофилактиканы жетілдіру проблемалары маңызды орын алады.Гендік инженерия мен молекулалы технология негізінде жаңа, рекомбинантты вакциналар дайындалуда, сонымен қатар ДНК-вакциналар, антиидиотиптік вакциналар, гистосәйкестік гендерінің өнімдері бар вакциналар, микрокапсулалы вакциналар қолданылып жатыр.Болашақ вакцинологияның проблемасы болып ісіктерге қарсы вакци

наларды өндіру табылады.

Сонымен, қазіргі заманғы иммунологияда теориялық және пркатикалық жетістіктер орын тапқан.Иммунологияның әртүрлі бағыттағы ғылымға әсіресе, физико-химиялық биология мен биотехнологияға енуі келешекте революциялық жетістіктерге әкелетіні күмәнсіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?