Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

6. Экология және тұрақты даму

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері_1-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.6.3.1 өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау

 Сабақ мақсаттары

    • өз аймағының экологиялық мәселелерін анықтау;
    • өз аймағының экологиялық мәселелерінің пайда болу себептерін талдау;
    • өз аймағының экологиялық мәселелерді алдын алу жолдарын ұсыну.

 Бағалау критерийлері

  • өз аймағының экологиялық мәселелерін атайды;
  • аталған экологиялық мәселелердің себептерін анықтайды;
  • өз аймағының экологиялық мәселелерінің шешу жолдарын талдайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

өз аймағының экологиялық мәселелерінің себептерін тұжырымдау және жазбаша талдау жасау

Пәнге тән лексика мен терминология:

Экологиялық мәселелер, ғаламдық жылыну, орманның кесілуі, жердің шөлге айналуы, тұрмыс қалдықтары, атмосфераның ластануы, ауыз судың сапасы, тірі ағзалардың санының азаюы. (биоалуан түрлілік)

Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

Менің ойымша, экологиялық мәселенің себебі ….

Бұл экологиялық мәселе мені ерекше толғандырады, себебі…

Менің ойымша, менің аймағымның экологиялық мәселесі… болып табылады. Экологиялық мәселені шешуге қосатын менің үлесім…

Бұл мәселенің нәтижесінде… болады деп ойлаймын.

Сонымен, менің аймағымның экологиялық мәселесі:…

 Құндылықтарды дарыту

 

Әртүрлі пікірлерді талқылау барысында оқушылар сыйластыққа үйренеді.

Жұптық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастық танытуды үйренеді.

Бір-біріне сұрақ қою, талқылаулар кезінде ашықтық қалыптасады.

Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, академиялық шынайылық қалыптастырады.

 Пәнаралық байланыстар

Тірі ағзаларға тән сипаттамаларды өлшеу математика пәнімен байланысты арттырады.

Үрмебұршақ тұқымдарын өсірудегі су құрамын анықтау химия пәнімен байланыстырады.

Бастапқы білім

Оқушылар 5 – ші сыныпта экологиялық мәселелерді анықтап, аймақтың экологиялық мәселелерін зерттеді. Оқушылар экологиялық мәселелерді ажырата біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-10

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушыларға бір түрге жататын өсімдіктің әр түрлі күйін көрсетіп, себебін атауды сұраңыз. Оқушылар тұқымдардың өсуіндегі өзгерістерді сипаттап, нәтижелерімен бөліседі. Әр топ тізімделген эологиялық мәселелерді топтастыру арқылы 5- сыныптағы 5.6.3.1 ҚР экологиялық мәселелерін атау, 5.6.3.2 өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу оқу мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді.

2. Ой шақыру.

Оқушылар өз аймағының экологиялық мәселелерін топтастырады.

Дескрипторлар

 Оқушы

Тізімдегі экологиялық мәселелерді жіктейді.

3. Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

10 - 25

25-35

4. Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Оқушыларға өздері ұсынған өз аймақтарының үш мәселесін қарастыру ұсынылады. Әр топ кезеңмен жеке тақтада немесе флипчартта жұмыс жасайды.

  • Оқушылар «Бұл мәселе неге біздің аймақта пайда болды?» сұрағына жауап береді.
  • Топта ақылдасып, ұсыныстарын флипчартқа жазады.

Дескрипторлар

 Оқушы

Экологиялық мәселелердің себептерін анықтайды;

Экологиялық мәселелердің салдарын сипаттайды;

Мәселелердің алдын алу жолдарын ұсынады.

5. Cабақты бекіту. Оқушылар берген ұсыныстарға мұғалім «Неге?» немесе «Қалай?» сөздерінен басталатын сұрақтар қояды.

Дескрипторлар

Оқушы

Тұжырымдардан экологиялық мәселені анықтайды;

Тұжырымдарға қатысты дәлелдерін сипаттайды.

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы:

35-40

8. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Кері байланыс «Бинго»

 3x3 шаршысында сабақ тақырыбына қатысты əртүрлі түйінді сөздер орналасқан. Оқушылар тиісті түйінді сөздерді айрықшалауы керек. Барлық түйінді сөздерді анықтаған бірінші оқушы жеңімпаз атанады.

Ескерту: оқушыларда əртүрлі түйінді сөздер жинағы болу керек.

Қосымша 4

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады

Оқушылардың сызба, кластер, модель сияқты әртүрлі жолмен өздерінің түсінгенін көрсетуі арқылы тапсырма түрлері сараланады.

Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады.

Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды.

Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен жұмыс ұсынуға болады

Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы

Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы;

Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы;

Дескрипторлар арқылы.

Зертханалық жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Қосымша № 1

Қосымша №2

«Бұл мәселе неге біздің аймақта пайда болды?» сұрағы боынша флипчартты бағалау дескрипторы

Дескрипторлар

 Оқушы

Экологиялық мәселелердің себептерін анықтайды;

Экологиялық мәселелердің салдарын сипаттайды;

Мәселелердің алдын алу жолдарын ұсынады.

 

 

 

 

Қосымша 3

«Неге?» немесе «Қалай?»

  •  Қалай тұрмыс қалдықтары мәселелерін бірлесе шешуге болады?
  •  Қалай қоршаған табиғат кіші болған сайын, қоршаған орта үлкен болады.
  •  Неге адам – табиғаттың әміршісі?
  •  Қалай жаһандық ойланып – жергілікті әрекет етуге болады?
  •  Неге жинастырған жер таза емес, ластамаған жер таза?

Қосымша №4

Кері байланыс «Бинго»

 3x3 шаршысында сабақ тақырыбына қатысты əртүрлі түйінді сөздер орналасқан. Оқушылар тиісті түйінді сөздерді айрықшалауы керек. Барлық түйінді сөздерді анықтаған бірінші оқушы жеңімпаз атанады.

Ескерту: оқушыларда əртүрлі түйінді сөздер жинағы болу керек.

БИНГО



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу