Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 - сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 6. Экология және тұрақты даму | Мектеп: | |||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептері_1-сабақ | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.6.3.1 өзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: өз аймағының экологиялық мәселелерінің себептерін тұжырымдау және жазбаша талдау жасау Пәнге тән лексика мен терминология: Экологиялық мәселелер, ғаламдық жылыну, орманның кесілуі, жердің шөлге айналуы, тұрмыс қалдықтары, атмосфераның ластануы, ауыз судың сапасы, тірі ағзалардың санының азаюы. (биоалуан түрлілік) Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы: Менің ойымша, экологиялық мәселенің себебі …. Бұл экологиялық мәселе мені ерекше толғандырады, себебі… Менің ойымша, менің аймағымның экологиялық мәселесі… болып табылады. Экологиялық мәселені шешуге қосатын менің үлесім… Бұл мәселенің нәтижесінде… болады деп ойлаймын. Сонымен, менің аймағымның экологиялық мәселесі:… | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Әртүрлі пікірлерді талқылау барысында оқушылар сыйластыққа үйренеді. Жұптық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастық танытуды үйренеді. Бір-біріне сұрақ қою, талқылаулар кезінде ашықтық қалыптасады. Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, академиялық шынайылық қалыптастырады. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тірі ағзаларға тән сипаттамаларды өлшеу математика пәнімен байланысты арттырады. Үрмебұршақ тұқымдарын өсірудегі су құрамын анықтау химия пәнімен байланыстырады. | |||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта экологиялық мәселелерді анықтап, аймақтың экологиялық мәселелерін зерттеді. Оқушылар экологиялық мәселелерді ажырата біледі. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 5-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар әр түрлі экологиялық мәселелердің суреттері арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ суреттегі мәселеніатау арқылы 5- сыныптағы 5.6.3.1 ҚР экологиялық мәселелерін атау, 5.6.3.2 өз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу оқу мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді. 2. Ой шақыру. Оқушылар өз аймағының экологиялық мәселелерін топтастырады.
3. Мақсатты тұжырымдау. Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды. | Қосымша 1 | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 -15 15 – 25 25-35 | 4. Мұғалімнің түсіндірмесі. Жергілікті экологиялық мәселелер — белгілі бір жергілікті шағын аумақтың табиғат байлықтарының жеке тобын немесе бір ғана түрін қорғаумен ерекшеленеді. Мұндай мәселелер жергілікті деңгейде (бір мемлекеттің өз ішінде) шешуді қажет етеді. Мысалы, Шарын шатқалындағы геологиялық замандардан сақталып келген шаған (ерен) тоғайын қорғау немесе Алакөлдегі реликті шағала (қара мойнақ шағала) түрін сақтап калу, Балқаш көлінің экологиялық жағдайы және т.б. атауға болады. 5. Топтық жұмыс. Топырақтың тұздылығының өсімдік өсуіне әсерін зерттеу үшін тәжірибе жасау ұсынылады. Эксперимент тұзды және ауыз сумен ылғалданған мақта жастықшаларда өсірілген үрмебұршақ тұқымдарын зерттейді. Тұқымдардың өсуіндегі өзгерістерді сипаттап жазады. Нәтижелерімен бөліседі. Қорытынды жасайды.
Әр топ өз жұмыстарымен бөліседі, мұғалім кері байланыс береді.
6. Cабақты бекіту. «Алып қадамдар» жаттығуын орындау. Ол үшін: 1. Оқушылар бір сызықпен қатарға тұрады. 2. Мұғалім тұжырымдарды оқиды. 3. Оқушылар тұжырымдамалармен келісетін болса бір қадам алға жылжиды. Егер тұжырымдармен келіспесе артқа бір қадам жасайды. Егер сенімсіз болса, орынынан қозғалмайды. 4. Оқушылар әр жасаған қадамына түсініктеме береді
| Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 | ||||||||||||
Сабақтың соңы: 35-40 | 8. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Кері байланыс «Кубизм» Экологиялық мәселені шешуге қосатын менің үлесім… Бұл мәселенің нәтижесінде… Менің аймағымның экологиялық мәселесі:… Экологиялық мәселенің басты себебі …. Мені ерекше толғандырады, себебі… Менің ойымша, эеологиялық мәселелер… «Мені ерекше толғандырады...» бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі. | Қосымша 4 | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады Оқушылардың сызба, кластер, модель сияқты әртүрлі жолмен өздерінің түсінгенін көрсетуі арқылы тапсырма түрлері сараланады. Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады. Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды. Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен жұмыс ұсынуға болады | Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы; Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы; Дескрипторлар арқылы. | Зертханалық жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. |
Қосымша № 1
Экологиялық өзекті мәселелері
- Су көздерінің ластануы
- Ауаның ластануы
- Ауызсу тапшылығы
- Тұрмыс қалдықтарының жиналып қалуы
- Жабайы ағзалардың жойылу қаупі
Адамның жер бетіндегі табиғатқа әсер ету ауқымдылығына байланысты адамзатты алаңдатып отырған экологиялық мәселелерді, негізінен, үш топқа бөледі:Ғаламдық экологиялық мәселелер — мұндай мәселелерді бүкіл адамзат біріге отырып шешуі тиіс. Оған атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ғаламдық деңгейде ластануын атауға болады. Әр түрлі отын түрлерін пайдалану кезінде жыл сайын атмосфераға орта есеппен 20 млрд т-дай көмірқышқыл газы бөлінеді. Бұл ауа құрамында көмірқышқыл газының жинақтала түсуіне тікелей әсер етеді. Бұл жағдайлар климаттың жаппай жылынуына ықпал етеді. Жер бетіне түскен күн сәулелерінің бәрі де жерді қыздырады да, инфрақызыл сәулелер жылу түрінде кері ғарыш кеңістігіне таралады.
Аймақтық экологиялық мәселелер — жер бетіндегі ауқымды аймақтарды, яғни бірнеше мемлекеттердің аумағын қамтиды. Ондай экологиялық мәселелерді бірнеше мемлекет бірігіп шешуі тиіс. Мұндай экологиялық мәселелерге жыл құстарын және трансшекаралық су қорларын және т.б. табиғат байлықтарын қорғау жатады. Мысалы, бұған Каспий теңізін, Дунай және Ертіс өзендерін және т.б. қорғау мысал бола алады.
Жергілікті экологиялық мәселелер — белгілі бір жергілікті шағын аумақтың табиғат байлықтарының жеке тобын немесе бір ғана түрін қорғаумен ерекшеленеді. Мұндай мәселелер жергілікті деңгейде (бір мемлекеттің өз ішінде) шешуді қажет етеді. Мысалы, Шарын шатқалындағы геологиялық замандардан сақталып келген шаған (ерен) тоғайын қорғау немесе Алакөлдегі реликті шағала (қара мойнақ шағала) түрін сақтап калу, Балқаш көлінің экологиялық жағдайы және т.б. атауға болады.
Қосымша №2
Топырақтың тұздылығының өсімдік өсуіне әсерін зерттеу үшін тәжірибе жасау ұсынылады. Эксперимент тұзды және ауыз сумен ылғалданған мақта жастықшаларда үрмебұршақты өсіруге негізделген. Өсімдік өсуіндегі өзгерістерді сипаттап, нәтижемен бөлісу қажет..
Тұзды су | |
Ауызсу |
Қосымша №3
«Алып қадамдар» жаттығуына арналған тұжырымдар
- Тұрмыс қалдықтары мәселелерін бірлесе шешуге болады.
- Қоршаған табиғат кіші болған сайын, қоршаған орта үлкен болады.
- Адам – табиғаттың әміршісі.
- Жаһандық ойланып – жергілікті әрекет ет.
- Жинастырған жер таза емес, ластамаған жер таза.
Қосымша №4
Кері байланыс «Кубизм»
Экологиялық мәселені шешуге қосатын менің үлесім…
Бұл мәселенің нәтижесінде…
Менің аймағымның экологиялық мәселесі:…
Экологиялық мәселенің басты себебі ….
Мені ерекше толғандырады, себебі…
Менің ойымша, экологиялық мәселелер…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?