Өсімдікті тұқымнан өсіру. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4A бөлім: Тірі табиғат әлемі

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 4 – тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:17

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Өсімдікті тұқымнан өсіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

2.2.2.3 Өсімдіктердің түрлі бөліктері арқылы көбейе алатынын зерттеу

2.2.3.2.Өсімдіктердің күн энергиясын жұтатынын түсіну

2.1.1.1 Сұрақтар қойып, сол сұрақтарға бақылауарқылы жауап іздеп таба білу (мысалы, өсімдіктің өсуін бақылау)

2.1.3.4 Бақылаулар нәтижелерін ауызша немесе шындыққа негізделген сурет, жазба немесе қарапайым кесте түрiнде ұсыну

 Сабақтың мақсаттары

Өсімдіктер көбеюі үшін тұқымдарын, мүшелерін пайдалан алатынын біледі. Ол үшін гүл,жеміс, тұқымдардың пайда болу үдерісін сипаттайды.Тұқым неден тұратынын біледі.Олар тұқымдардың құрылысын зерттеу арқылы жұмыс істейді.

 Бағалау критерийлері

жергілікті ауылшаруашылық өсімдіктерін біледі және атай алады;өсімдіктің тұқымнан қалай көбейетінін түсінеді.

 Сөздік қор

 

  • біржылдық/көпжылдық
  • гүлді/қылқанжапырақты
  • тамыр/жапырақ/сабақ/гүл/жеміс

көбею,ұрық, жарнақ, өну.

 бақылаулар Құндылықтарды дарыту

Қоршаған әлемге,табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау, қорғау, өсімдіктері жұлмау, ағаштарды кеспеу. Көктем мезгілінде ағаш отырғызуды үйрену, өсімдіктің тұқымнан көбейетінін білу.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнімен байланыс, АКТ пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар өткен сабақта жануарларды топтарға жіктеп танысқан.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында берілген тақырыпқа байланысты таныстырылым, жануарлардың тіршілігі және қорегі жайлы бейнефильмдер көру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Ата – аналары бақшада, бақта өсімдіктерді отырғызатынын сұрау. Өсімдіктің гүлі, жемісі, тұқымының суреттерін тарату. Олардан осы бөліктердің қызметі туралы айтуларын сұраңыз.

- Кім көктемде алма бағында болды?

- Не себептен жылдың осы мезгілінде хош иіс аңқып тұрады?

- Ол ненің иісі?

(Жауабы: Көктемде алма ағаштары бүршіктерінің орнына гүл пайда болады да , ол бунақденелілерді еліктіру үшін хош иіс шығарып тұрады)

Таныстырылым

Өсімдіктің тұқымнан өсуі туралы бейнефильм көрсету.

http://www.youtube.com/watch?v=W-FO8tZQGfk

http://www.youtube.com/watch?v=iFCdAgeMGOA

http://www.youtube.com/watch?v=fYY9X5Lw1V4

Сабақ ортасы

(Ж, Т, Ұ) Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады.

  • Сендер шие жеп көрдіңдер ме?
  • Ол қандай түсті?
  • Шиенің дәмі қандай?
  • Ішінде неше тұқым бар?
  • Қандай?

Әр оқушыға бір шиеден беруге болады.

( жемістерді жуу, тамақтанар алдына қол жуу тазалық ережесін айтып кетуге болады)

Жұптаса отырып шиені сипаттау, жемісін, қалай гүлдеп жеміс беретінін түсіндіріп айтуларын сұраңыз.

) Топпен жұмыс. «Зерттейік» рубрикасы бойынша тапсырма орындау.

Оқушылар сыныпта бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа үрмебұршақ тұқымдарын, ұлғайтқыш, түрлі көкөністер мен жемістер беріңіз.

Тапсырма:

  • Алдын ала дайындалған көкөністер мен жемістерді ортасына қақ бөлу. (алма, қызанақ, алмұрт.қияр, бұрыш)
  • Жемістерден тұқымдарды алып, оларды дұрыстап қарауларын сұрау. Қандай тұқым, пішіні, түсі, көлемі қандай болтынан мән беру.
  • Жемістерден тұқымды алу, қағазға жапсыру, атауларын жазу.
  • Зерттеуден бұрын үрмебұршақ тұқымын суға салып қойылған, енді суға салынған тұқым мен суға салынбаған тұқымды салыстыру.
  • Оларды салыстыру. Ұлғайтқыштың көмегімен

) Жұппен жұмыс. Қолдарына суда болған тұқымды алып жарнақтарын абайлап ажыратып ұлғайтқыштың көмегімен тұқымның құрылысын қарауды тапсыру. Ұрықты табу. Ұрық – өте кішкентай өсінді. Көргендерін оқулықтағы суретпен салыстыру. Жұмыстың барлық кезеңдерін оқушылар өздері орындаулары қажет.

(Ж,ОТ) Бақылау жүргізу.

  • Құтының түбіне мақта салу керек.
  • Аздап су құю керек.

Үрмебұршақ тұқымын мақтаның астына орналастыру қажет. Бақылауды күнделікті жүргізу қажет, мүмкіндігінше фотоға түсіру немесе суретін салып отыру керек. Мақта кеуіп кетпеу керек. Оқушылар тұқым құрылысын меңгеріп, түрлі өсімдік жемістері мен тұқымдарының көптүрлілігіне қарамастан барлық гүлді өсімдіктердің осы мүшесінің негізгі қызметі – көбею деген қортыныдыға оқушы өзі келуі қажет.

Тұқымдар. Тұқымның әр бөлігі не үшін қажет екені туралы ойлан. Егер жарнақ болмаса, не болар еді? ( ұрық өне алмайды, себебі оған қоректік заттар жетіспейді. ) Қабық болмаса ше? (кез келген кішкентай зиянды әсерден ұрық өлер еді)

Ойлан! Орындалған зерттеу жұмысының көмегімен оқушылар тұқым топырақта да, мақта мен суы бар құтыда да көбейе алады деген қорытынды жасаулары қажет. Сондай –ақ оған жылу мен су қажет.

(Ұ,ОТ) 108 – жұмыс парағы.

Тұқым, гүл, жеміс.

Шие. Тұқымның пайда болу үдерісін көрсететін суреттерді дұрыс ретпен нөмерленуі тиіс.

Әртүрлі өсімдіктердің тұқымдары. Оқушылар өсімдіктердің жемісі мен тұқымдарының суреттерін аяқтап, бояулары тиіс.

Үрмебұршақ тұқымдары, пышақ, ұлғайтқыш, мақта, түрлі көкөністер мен жемістер

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

Не жайлы білдік?

Сабақ барысында не қиын болды?

Не оңайға түсті?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар дидактикалық материалдағы жануарлардың атын атап,олар қайда мекендейді және немен қоректенеді,олар өздерін қалай қорғайтыны туралы әңгімелейді.

Жұптық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын және бағалау критерийлері арқылы бағалау

Сергіту сәтін орындау арқылы оқушылардың денсаулығына, сабақ барысында партада дұрыс отыру дағдыларына көңіл бөлу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу