Қазақ тілі_1cынып_5бөлім Cаяхат Тақырыбы _CАЯХАТҚА ДАЙЫНДАЛУ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат

Физика-Математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :Кудайбергенова С.Р

Сынып: 1 В

Қатысқандар:20

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Саяхатқа дайындалу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама

сы

на сілтемеу)

Ж8

Мәтінді түзету және редакциялау

Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді,үлгі бойынша түзетеді.

Сабақ мақсаттары

Мәтін бойынша әңгіме құрап жаза алады.

Жетістік критерилері

 

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса,

оқушы оқу мақсатына жетеді. Өз жазбаларындағы қателерді анықтай алады; жіберілген қатені өздігінен немесе мұғалімнің көмегімен түзете алады.

 Сөздік қор

Жаяу жүру, жеңіл көлікпен бару, автобуспен бару,жақын, алыс,саяхат,карта,ұшақпен ұшу,пойызбен бару,орман

Құндылық

тарды

дарыту

Еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

5-бөлім оқушылардың алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар әдеби және әдеби емес мәтін үлгілерімен таныс болады және сөздерді оқу үшін әр түрлі стратегиялармен танысады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың көңіл күйлерін сұрау.

Бір, екі, үш

Ал қанеки ұш

Төрт, бес, алты, жеті

Мынау ауыл шеті

Сегіз, тоғыз, он

Ал қанеки қон!

Асықпайық, саспайық

Саяхатымызды бастайық!

Жұмбақ жасыру.

1) Жылға қуып ағады

Ағып көлге барады.

Ішсең шөлің қонады

Шешуін кім табады ? Бұлақ

2) Құйрығы жерге тимейді

Жотасы күнге күймейді Балық

3) Күннің көзін жабады

Айдың бетін жабады.

Жаңбыр болып жауады

Шешуін кім табады? Бұлт

Балалар, біз бүгін кемемен саяхатқа шығамыз.

- Кемемен қайда жүруге болады?

- Суда, өзенде, мұқитта, теңізде.

- Дұрыс, балалар.

Бір сәтті мына жер шары яғни глобусқа көз салып көріңдерші.

Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр. Жер бетіндегі барлық адамдардың тіршілігі теңіздермен, мұхиттармен тығыз байланысты. Теңіздер мен мұхиттардың бетінен көтерілген бу жауын - шашын болып жерге түседі. Біздің тыныстайтын оттегіміздің бірталай бөлігін бізге солар беріп отырады.

Балық, краб, омар, теңіз ұлуы, теңіз капустасы сияқты дәмді де нәрлі тамақ өнімдері осы теңіз бен мұхиттан алынады. Сондықтан да балықшылар «Көк теңіздің өрісі - балықшының егісі» - деп тегіннен - тегін айтпаған. Теңіздер мен мұхиттардың түбінен мұнай өндіріледі, теңіз суынан ас тұзын аламыз, аз да болса күнделікті дастарқанымызда теңіздің бір бөлігі тұр

Ғажайыпстанға саяхат www.youtube.com/watch?v=gNVBcuC44vE

Жұмбақтар,

Теңіздің суреті

Сабақ ортасы

-балалар,қане қараңдаршы алыстан не жүзіп келеді?

-дельфин

-ол туралы не білесіңдер?

(Балалардың жауаптарын тыңдау)

-балалар,дельфин өзімен бірге бізге тапсырма әкеліпті

Тапсырманы оқушы орнынан тұрып оқиды.

(Мына сөздерді мұғалімнің көмегімен жаз)

(МК) Сөздік диктант

Саяхат,сапар,өлке,демалыс,көңілді,шөп,өсімдік,табиғат.

Берілген сөздермен сөйлем құрастырып дәптерге жазады.

Сөйлемдер өткен,келер шақта болулары керек.

Мысалы:Біз отбасымызбен теңізге саяхатқа шықтық.(өкен шақ)

Біз отбасымызбен теңізге саяхатқы шығып отырмыз. (осы шақ)

Мысалы:Біз отбасымен саяхатқа теңізге шықтық.

Өте керемет демалып келдік.

-Балалар,осы сөйлемдер туралы не айтуға болады?

-Ия ,бұл сөйлемдер болған оқиғаны көрсетіп тұрады,яғни өткенді еске түсіреді.

-Ал енді алдағы уақытта болатын саяхат туралы сөйлемдер құрастырып көрейік.

Сергіту сәті:

«Көңілді күн»

(Балалар қимыл жасайды)

-Балалар,дельфиннің келесі тапсырмасын әрі қарай орындап көрейік

Шығармашылық тапсырма «Бес жолды өлең»

(Оқушылар сөз таптарын еске түсіреді,ережелерін қайталайды) Зат есім,сын есім,етістік

Теңіз

Сын есім сын есім

Етістік етістік етістік

4 сөзден тұратын сөйлем

Синоним

-Балалар,дельфин суды өте жақсы көреді.Су- оның туған мекені.Ол сусыз өмір сүре алмайды.

Сол себепті мына мақалдарды біз оқып білсек,санамызға түйсек,онда судың тіршілік үшін маңыздылығын жете түсінеміз.

Мақал - мәтел.

1.Судың да сұрауы бар.

2.Бұлақ көрсең көзін аш.

3.Сусыз өмір жоқ.

4.Су ішкен құдығыңа түкірме.

Дельфин сендерге өте риза болды.Ол бізбен қоштаспақшы.

-Балалар,барлығымыз делфинге тілек айтып теңіздің түбіне шығарып салайық.

-Балалар, бүгінгі саяхатымыз аяқталды.

Таза ауамен терең дем алып, бәріміз бірге:

Тазалық бер бәріне,

Тазалық бер тәніме

Тазалық бер еліме,

Тазалық бер көркейген кең жеріме

Сабақтың соңы

  • Бекіту сұрақтары:
  • Саяхатқа қандай заттарды дайындау керек?
  • Теңізге саяхат жасауда қандай зат өте қажет?

Демалыста әсем жерлерге барғаны туралы постер дайындар келу

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Қалыптастырушы бағалау арқылы

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті балалар

Мәтін бойынша өз ойын әрі қарай жалғастырады

Денсаулық сақтау технологиялар

Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу