Сауат ашу 3 бөлім Менің отбасым Репортер болсам ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Облыстық онлайн сабақ

Пәні: Сауат ашу

Мектеп: «Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

Ұзақ мерзімді сабақ жоспары бөлімі: Менің отбасым

Күні: 20.11. 2015

Мұғалімнің аты-жөні: Габдешова Жазира Набиқызы

Сынып: 1 «А»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Репортер болсам

Оқу мақсаттары:

1.2.5.1 Мәтін немесе сурет бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру

1.3.4.1 Тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қолданып жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

1.3.3.1.Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған (ат) тақырып қою

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар орындай алады: тірек сөздер арқылы жоспарға сай сұрақ қойып, жауап бере алады.

Көпшілік оқушылар орындай алады: сұхбат жүргізе алады

Кейбір оқушылар ғана орындай алады: бірнеше оқушыдан сұхбат алып, сұхбат беруші жауабын салыстыра алады.

Тірек сөздер

Сұхбат, сұхбат алу, сұхбат беру, алғыс білдіру

Құндылықтарды дарыту

Жұпта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру

Пәнаралық байланыстар

Орыс тілі

Бастапқы білім

Отбасы туралы білімі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дерек көздер

Басы

0-3 мин

4-6 мин

Қызығушылықты ояту.

«Бас бармақ» әдісі арқылы көңіл-күйді анықтау.

Бейнежазба көрсету ( Сұхбат туралы бейне жазба көрсету)

-Бейнежазбадан не көрдіңдер? Бір-бірімен сөйлескен екі адам.

Осылай сұрақ қоя отырып, пікірлесуді сұхбат дейді -Сұхбат алған репортерді көрдіңдер ме?

Репортер деп сұхбат алушыны айтады. Бұл- халықаралық термин. Осы бейнежазбада екі адамның қайсысы репортер деп ойлайсыңдар?

Өздерің репортер болғыларың келе ме? Олай болса ол туралы бүгінгі сабағымызда танысамыз, тақырыбымыз: Репортер болсам.

Мақсаты:

1.2.5.1 Мәтін немесе сурет бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру

1.3.4.1 Тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қолданып жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған (ат) тақырып қою.

Ортасы

7-14 мин

15-22 мин

23-30 мин

Оқулықпен жұмыс.

Суретке назарларын аударту. «Суретте кім бейнеленген?

(Суретте оқушының сұхбат алу туралы ойланып тұрған сәті берілгені айтылады)

- Ол не туралы ойланып тұр деп ойлайсыңдар? Сұхбат алуда бірінші нені ойлау керек? (Оқушылардың өз ойын еркін айтуына мүмкіндік жасау)

- Сұхбат алу үшін:

1. Кімнен сұхбат алу керектігін анықтау.

2. Қандай тақырыпта әңгіме қозғау керектігін нақтылау.

3. Қойылатын сұрақтарды дайындау. Міне, осындай жоспарлаудан кейін ғана сұхбат алушымен кездеседі.

-Егер досыңнан сұхбат алуға мүмкіндік берілсе, қандай сұрақтар қояр едіңдер, кімнен сұхбат алар едіңдер? Сұхбат алу үшін тақырып болуы керек дедік. Мен сендерге тақырып тастаймын. Ортақ тақырыбымыз отбасы туралы және өткен тарауымыз мектеп туралы сұрақтар ойланып көрейік.

(Өз беттерімен әр оқушы ойланып, сұрақтарын, сұхбат алу жоспары туралы өз ойын айтады)

-Сұхбат алуда да, сұхбат беруде де мәдениетті сақтау маңызды.

«Кел, сөйлесейік» айдары:

«Карусель әдісі»

Сұрағымызды ойланып болсақ, сұхбат беруші және репортер рөліне енейік.

Алдарыңда микрофон тұр, микрофон алған оқушылар сыртқы шеңберге, қалған оқушылар ішкі шеңберге тұрыңыздар. Ішкі шеңбердегі оқушылар сағат тілімен бағыттас қозғалып отырады. Сыртқы шеңбердегі оқушылар орында тұрады. Сыртқы шеңбердегі оқушылар репортерлар өз сұрақтарын қояды. Сұхбат берушілер жауап береді. Келесіде рөлдерін және орындарын ауыстырады. Репортерлар қолдарындағы жұлдызшаларын толық, мәдениетті жауап берген сұхбат берушіге тағады. Соңында жұлдызшаны көп жинаған оқушыларды анықтаймыз. Сұхбат алу үшін тақырып болуы керек. Сондықтан 1-репортерлар ортақ тақырыбымыз отбасы туралы, 2- репортерлар откен тарауымыз мектеп туралы сұрақ қояды. Сонымен қатар әр репортер сұхбат алмастан бұрын амандасып, рахмет айтуды ұмытпайсыңдар. Мен сырттарыңнан тыңдай отырып, ең мәдениетті репортерларды үлкен жұлдызшамен бағалаймын.

-Ал енді оқушылар репортер үшін ең маңыздысы сұрақ құра білу болды, олай болса алдарыңдағы тірек сөздер берілген сол арқылы сұрақ құрастырып көрейік.

Жазылым :

Үлгіге қарап , сұрақтар құрастырайық.

Сенің __________ бар ма?

_____________ неше жаста?

__________мектепке бара ма?

Көмекші сөздер: аға,апа ,іні, қарындас

(Әр оқушы бетшеге жазады, әр сөйлемді интерактивті тақтада орындату)

-Орындап болсақ осы сұрақты өздерің қалаған оқушыға барып қойып сұхбат алуларыңа болады. (1-2 оқушыны тұрғызып сұрау)

Қорытынды : Репортер деген кім ?

  • Сұхбат алу үшін қандай жоспар керек?

Плакат, қима суреттер.

Микрофон

Соңы

30-35 мин

Рефлексия. (бір оқушы репортер болып кері байланыс жасайды)

-Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз?

-Сабақ неліктен ұнады?

-Сабақта қиындықтар кездесті ме?

доп

Қосымша ақпарат

Дефференция – көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?

Сұхбат беруші жауаптарын салыстырып, талдату

Бағалау – Оқушылардың жетістігі мен тексеруді қалай білімін тексеруді жоспарлайсыз?

Қол қимыл ишарасы.

  • Мен түсіндім және оны түсіндіріп бере аламын (бас бармақты жоғары көтеру)
  • Әлі түсіне алмадым (бас бармақты төмен қарату)
  • Толықтай сенімді емеспін (қолын бұлғайды)
  • Бір- бірін бағалау

Пәнаралық байланыс: орыс тілі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу