Қазақ тілі мен әдебиеті_1 сынып_3-бөлім Менің отбасым және достарым_ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем»

Мектеп: ФМБ-дағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :Сагинова Г.Т.

Сынып: 1 В

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Серуенге шығамыз (таңдау бойынша)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтеме)

1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен)

1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)

1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:Серуендеу барысында айналадағы заттарды бақылайды, сұрақтар қояды.

Көпшілігі: Көргендерін әңгімелеп айтады, сұрақтарға жауап береді

Кейбір оқушылар: : Көргендерін әңгімелеп айтады, сұрақтарға жауап береді және жаза алады.

Жетістік критерилері

 

  • Көргендерін ретпен баяндап айта алады.
  • Көргендері бойынша әңгіме құрап жаза алады

 Сөздік қор

Жыл мезгілдері, қыс, жаз, күз, көктем, табиғат, табиғат құбылыстарын сипаттайтын сөздер,т.б. сөздерді пайдаланады.

Құндылықтарды

дарыту

 Еңбек және шығармашылық.

Пәнаралықбайланыстар

Дүниетану, математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар қоршаған орта не екенін біледі, табиғат жайлы шығармаларды жанры бойынша ажырата алады.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

)Психологиялық ахуал

Қоңырау үні естілді,

Сабағымыз басталды.

Оқушылар тынышталып,

Қатар, қатар тік тұрды.

(МК)Жұмбақтар шешу

Оқушыларға табиғат құбылыстары жайлы жұмбақтар беріледі:

1/ Қоймасын қыс ақтарып,

Жердi жапты ақ мамық.  (Қар)

2/ Ағаштарды шайқайды,

Көзге көрiнбейдi.

Шарлағанда сай-сайды,

Бiр сәт ерiнбейдi. (Жел)

3/ Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгiлдi.

Бусанып жон-алап,

Терледi, керiлдi.  (Жаңбыр)

4/ Жаңбыр жуды жерiмдi,

Көкте өрмек керiлдi.  (Кемпiрқосақ)

5/ Аспанды от қамшы осады,

Ащы үнiн ышқынып қосады. (Найзағай)

-Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын, осы жұмбақтардың шешуін тапқан соңбілеміз.Жұмбақтарды оқып, шешуін топта отырып талқылаңдар.Шешуін табыңдар.

-Қар, жаңбыр, кемпірқосақ, найзағай,бұршақ- осының бәрін бір сөзбен қалай айтуға болады?

ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ

-Қалай ойлайсыңдар бүгін сабақта не істейміз, нені үйреніп-білеміз?Қандай мақсаттарға қол жеткізуіміз керек?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Интерактивті тақта

Жазылған жұмбақтар

Сабақ ортасы

 

(МК)Табиғат дыбыстарын тыңдату

-Балалар, мен сендерге табиғат дыбыстарын естіртемін. Әр дыбысқа назар аударуларыңды сұраймын.Қай табиғат құбылысы екенін анықтаңдар.

(Ұ) «Ойлан, тап!» ойыны

Оқушылардың іс-әрекеттері:Оқушылар қима кағаздардағы табиғат құбылысы жазылған сөйлемді оқиды.Бұл құбылыс жылдың қай мезгілінде болатынын айтады да сәйкес суретке іледі.

Боран соғады.

Нөсер жаңбыр жауады.

Көлдер мұз болып қатады.

Жапырақтар сарғаяды.

Қар жауады.

Бұршақ жауады.

Найзағай жарқылдайды.

Кемпірқосақ шығады.

Құйын ұйытқиды.

Жаңбыр жауады.

Сергіту сәті:

Жел улейді: У - у - у – уҚатты жел соқты: Гу - гу - гу – гуҚұйын келіп биледі: Зу - зу - зу – зуЖапырақтар қол соқты: Ду - ду - ду - ду

(Ө)Суретпен жұмыс

Оқушылардың іс-әрекеттері: Оқушыларға суреттер беріледі. Суреттерде бейнеленген табиғат құбылытары жайлы сөйлем құрастырып жазады.

Тапсырма:Сурет бойынша сөйлем құрастыр.

(Қ)Оқушылардың:

  • суреттің мазмұнын түсіну;
  • мазмұнына сүйене отырып, сөйлем жаза білуқабілетін бағалаймын.

«Табиғат дыбыстары» аудиоматериал

https://www.youtube.com/watch?v=8pMV89OZxFY

Қима сөйлемдер мен жыл мезгілдерінің суреттері

Суреттер, карточкалар

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:Сабақ соңында оқушылар басбармақты таңдау бойынша түсініктері қандай деңгейде екенін көрсетеді, ой бөліседі.

Басбармақ суреттері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Оқушылардың суреттің мазмұны бойынша сөйлем құрып, жаза алуын бағалаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті балалареркін сөйлейді. Табиғат құбылысын анықтай алады.

Қалыптастырушы бағалау арқылы

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу