Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Бөлім: Іс жүргізу құқығының негіздері

Азаматтық іс жүргізу құқығының институттары

Мектеп: Алматы қ. ФМБ НЗМ

Уақыты: 2 сағат

Мұғалімнің аты - жөні: Кульбаев А.К.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

11.4.2.3 - Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктері бойынша білімдерін шығармашылық түрде көрсету

 Сабақтың мақсаты

  • Оқушылар Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктерін біледі және түсінеді;
  • Оқушылар азаматтық ісін жүргізудің соттық талқылаудың қағидаттарын қарастыру негізінде сот ісін жүргізудің негіздері мен ерекшеліктеріне талдау жасай алады;
  • Құқықтық жағдайларды талдау негізінде оқушылар соттық талқылаудың жүзеге асыруын қарастырып, әрбір нақты азаматтық іс бойынша заңды шешімдер қабылдай алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот ісін жүргізудің рөлі мен маңызын көрсете алады

 Бағалау критерийлері

Барлығы: Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктерін біледі және түсінеді.

Көпшілігі: соттық талқылау процесінің қағидаттарын қарастыру негізінде Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот ісін жүргізудің негіздері мен ерекшеліктерін талдайды

Кейбіреулер: ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы жүйесіндегі азаматтық соттық талқылаудың рөлі мен орнын анықтайды және бағалайды, сот ісін жүргізу институтын іске асыру кезінде туындайтын түрлі құқықтық қайшылықтарды талдау дағдыларын иеленеді

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Сотта іс қарау – судебное разбирательство, Сотта өкіл етуші – представитель в суде, Сот қаулысы – постановление суда, Сот құрамы, Сот приставы, Сот отырысын ашу, Сот ісін жүргізу тілі принципі, Сот ұйғарымы, Сот шешімі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот ісін жүргізу келесі мақсатта жүзеге асырылады...

Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеті...

Заңдылық принципі...

Азаматтық сот ісін жүргізуде жоғары да аталған барлық заң қағидаттарын...

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша....

 Құндылықтарды

  дарыту

-тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- Құндылықтар:

-патриотизм,-ұлттық сана-сезім,-төзімділік,-бостандық,

-ынтымақтастық,-мақсаттылық,-жауапкершілік,-өмір бойы оқу

 Пәнаралық

  байланыстар

Қазақ және орыс тілі, тарих, философия

 АКТ қолдану

  дағдылары

Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізілді

https://www.youtube.com/watch?v=Ofm3eKOu51w

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар талап қою іс жүргізу негіздерін біледі,, күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін және БАҚ көздерінен берілетін іс жүргізу құқығы туралы ақпараттарды қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақ басы

7 мин

Ұйымдастырушы кезең. Мұғалімнің сәлемі

Оқушыларға «Миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы бейнесюжет көрсетілу алдында нұсқаумен мен бірге келесі сұрақтар қойылады:

Бейнесюжетті мұқият тыңдап келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Қалай ойлайсыздар, неге жаңа Заңда істі сотқа жеткізбей қарауға басымдық берілді?

2. Неге жаңа Заңда соттасушы тараптардың мүддесін кез-келген адвокат қорғай алмайды деп жаылды?

3. Бейнесюжеттің мазмұнына қарап жаңа сабақтың тақырыбын атай аласыздар ма?

Мақсат галереясы арқылы оқушылар сабаққа мақсат қойып, тақтаға орналастырады.

Тақырыпқа сай мозайка жинау арқылы 4 топқа бөлеміз.

5.Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізілді

https://www.youtube.com/watch?v=Ofm3eKOu51w Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамыhttps://www.inform.kz/kz/ult-zhospary-n-nazarbaevtyn-bes-institucionaldyk-reformasyn-zhuzege-asyrudyn-100-kadamy_a2777949

ҚР Конституциясы. А.,2017

Сабақ ортасы

33 мин

Зерттеу жұмысын ұйымдастыру

Топтық жұмыс

1 топ – Азаматтық іс жүргізу құқығындағы «сот ісін жүргізу» ұғымы және оның міндеттері. Соттық талқылаудағы заңдылық қағидаты

Дескриптор: оқушылар «сот ісін жүргізу» терминін және азаматтық сот талқылаудың міндеттерін зерттейді, сондай-ақ құқықтағы заңдылық қағидатының мазмұнын ашады

2 топ – Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы. Соттық талқылаудың диспозитивтілік қағидаты

Дескриптор: студенттер сот ісін жүргізудегі диспозитивтілік қағидасының мәні мен мазмұнын зерттейді.

3 топ – Соттық талқылаудағы тараптардың бәсекелестігімен тең құқықтылығы қағидаты

Дескриптор: студенттер сот ісін жүргізудегі тараптардың бәсекелестігі мен теңдігі принципінің мәні мен мазмұнын зерттейді.

4 Сот талқылауының тікелейлігі қағидасы. Азаматтық сот ісін жүргізудің құқық жүйесіндегі рөлі мен орны

Дескриптор: студенттер сот ісін жүргізудегі тікелейлігі қағидасының мәні мен мазмұнын зерттейді, сонымен қатар азаматтық сот ісін жүргізудің заң жүйесіндегі рөлі мен орнын көрсетеді.

Топтық/ жұптық жұмыс

Сабақ барысында алынған білімге негізделе келе Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктеріне қатысты түрлі құқықтық жағдаяттарды талдап, бұған өз бағаларыңызды беріңіздер

Есептер шығару:

1. Ханс Кельц Қарағанды облысының Михнево аулында құрылыс компаниясында жұмыс істеген. Кельц ЖШС «Краснов и К» жүргізушісінің кінәсінен болған жол апатынан ауыр дене жарақатын алды, бұл сот үкімімен айқындалған. Кельц ЖШС-ға зардапты өтеу туралы талап арызын көрсеткен. Сот белгілеуімен өтініш қабылданбады, себебі арызданушы Германия мемлекетінің азаматы болып табылады, ал ҚР мен Германия арасында қылмыстық азаматтық істер бойынша көмек көрсету туралы келісім жоқ.

Судьяның әрекеті заңды ма?

2. Азамат, Ибраев Серік Сапарұлы әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімін құраңыздар.

3. Б. Трушина өз міндеттерін белгісіз себептермен орындамағаны үшін №58 мектеп әкімшілігімен жұмыстан шығарылды.

Жұмыстан шығарылуын заңсыз деп санаған ол сотқа талап арызбен жүгінеді.

Қай тарап жұмыстан шығарылғандығының заңдылығын (заңсыздығын) дәлелдеуі керек?

Бұл тарап сотқа қандай дәлелдемелерді көрсетуі қажет (нақты құжаттарды көрсету)?

Дескриптор: топ оқушылары ҚР азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктеріне қатысты құқықтық жағдаяттарды талдап, бұған өз бағаларыңызды береді

Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК. Учебник. Том 1-2. - Алматы, 2001;

Алтаева М.О., Сардаров Ч.С. «Гражданское процессуальное право Республики Казахстан»

Учебное пособие. Шымкент: Университет «Мирас», 2018, 304 стр.

Баймолдина З.Х. К вопросу об упрощении гражданского судопроизводства. - Фемида, 2012. - № 5

Жаналинова Г.А. Азаматық іс жүргізу құқығы. Әдістемелік оқу құралы - Қарағанды, 2012

ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы пәнінен глоссарий

Ақтөбе 2012

Соңы

5 мин

Кері байланыс

  • Бүгіңгі сабақтан нені біліп түсіндім/ әлі түсінбедім
  • Сабақты толық игеру үшін нені мен жасауым керек?
  • Қаншалықты бұл сабақ маған қызықты/ қызықты емес болды? Неліктен?
  • Сабақ маған қызықты әрі пайдалы болу үшін нені жасауым керек?

Үй тапсырмасы.

«Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың ерекшеліктері қандай?» атты тақырыбында мини-эссе жазу (80-100 сөз)

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар тілді меңгеру қабілеті төмен оқушыларды тілді меңгеру қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.

Талқылау барысында оқушылар берілген жағдаяттарды қалай шешкендігін, топтағы зерттеу жұмысын бағалау.

Талап өндірісі қызметін қарастыру негізінде өзара түсінушілік, адамгершілік қасиеттері қалыптастырылады. Талап өндірісінің қоғамдағы алатын орны мен рөлін сезінеді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?