Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты. Құқық негіздері, 11 сынып, қосымша материал.
Тұрғын үй-жай жалдау (жалға беру) шарты (ағылш. rent agreement;) жалға беруші, жалға алушы мен оның отбасына тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлікті, келісім ақысы үшін тұрғын үй-жай мөлшеріне шектеу қоюсыз уақытша иеленуге және пайдалануға беретін, ал жалға алушы оны шартқа сәйкес жалдау ақысын уакытында төлеп тұруды міндетіне алатын шарт.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім)
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Кодексі (үзінділер)
30-тарау. Тұрғын үйді жалдау
601-бап. Тұрғын үйдi жалдау шарты
1. Тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша тұрғын үйдiң иесi немесе оның уәкiлеттi адамы (жалға берушi) азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасы мүшелерiне тұрғын үйдi ақы төлеп пайдалануға беруге мiндеттенедi.
2. Тұрғын үйдi жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.
602-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердi жалдау шарты жергiлiктi атқарушы органның, мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй беру туралы шешiмi негiзiнде жасалады.
2. Тұрғын үйдi беру талаптары, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шартын өзгерту мен бұзу негiздерi тұрғын үй заңдарында белгiленедi.
603-бап. Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау шарты
Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi жалдау талаптары, егер тұрғын үй заңдарында өзгеше көзделмесе, тараптардың келiсiмiмен белгiленедi
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?