Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 11 сабақ.
Ұйымдастыру.
Оқушыларды шығарма кейіпкерлерінің аттары бойынша топқа бөлу:
1-топ - Құнанбай, Қарабас, Бөжей, Сүйіндік, Тәкежан, Абай, Байтас, Жұмабай, Оспан, Майбасар, Қодар.
2-топ - Зере, Ұлжан, Айғыз, Күңке, Тоғжан, Ділдә, Әйгерім, Қамқа, Иіс, Қалиқа, Салтанат, Таңшолпан.
Ж/Ж
Оқушыларға «Шытырманда» тарауынан үзінді беріледі.(136-бет)
1-тапсырма. «Сандықшадағы сұрақтар»
•Оқушылар берілген үзіндіні жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс.
•Оқып болған соң әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады.
•Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады.
•Мәтінді тағы бір жылдам оқып шығуы керек.
•Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.
Дескриптор:
- Үзінді мазмұны бойынша қиын сұрақ құрастыра алады;
- Сұраққа толық жауап бере отырып, қиындық деңгейін анықтай алады.
2-тапсырма.
Берілген екі үзіндіден ұлттық мүдде тұрғысынан көтерілген мәселелерді анықтап, авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды, көркемдегіш тәсілдерді табады.
Дескриптор:
көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады;
авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды;
көркемдегіш тәсілдерді табады.
Топтық жұмысты қорғау.
Бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды.
Кері байланыс.
Әйелдер бейнесі арқылы өмір шындығын анықтауға бола ма?
Үйге тапсырма: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы. 1-кітабын оқып аяқтау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?