М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Ұ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Өскемен қ. ХББ НЗМ

Пән: қазақ тілі мен әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Мергазина Д.Т.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Келмегендер:

Сабақ тақырыбы

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Түсіну және жауап беру

Сабақ мақсаты:

11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Шығармада көтерілген мәселені қазіргі өмірмен байланыстырады.

Ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

  • Проблемалық тартыстарды таба алады
  • Шығармадан дәлел келтіріп айта алады
  • Қазіргі өмірмен салыстыра айтады

Тілдік міндеттер

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін...Оның себебін... деп түсіндіремін.Біздің пікірімізше....Олай ойлауға ..... себептер бар. Бұл сабақта оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікірін білдіреді және дәлелдемелер келтіреді.

Мен осы көзқараспен келісемін/келіспеймін. Өйткені ...

Құндылықтарды дарыту

 

  • өмір бойы оқу-білімін тереңдету, қажетті материалдарға талдама жасау
  • азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рух – романда көтерілген мәселелерге сыни ойларын арттыру
  • ынтымақтастық: бір-бірін қолдау, өзгенің пікірін сыйлау
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Пәнаралық байланыс

Сабақ әдебиет, тарих пәндерімен байланыста өтеді.

АКТ –ны қолдану дағдылары

Интерактивті тақтадан презентация көрсетіледі.

Алдыңғы білім

Оқушылар алдыңғы бөлімдер бойынша білгендерін бір-бірімен сөйлескенде пайдаланады.

Сабақ барысы

Жоспарлан

ған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурс

тар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру

Топқа бөлу(суреттер арқылы) «Пазл» әдісі. Алдарына берілген пазл суретті құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

Миға шабуыл.

Суреттері бейнеленген пазлдарды байланыстырып суреті «Абай жолы» роман-эпопеясымен байланыстырып өз ойларын айтады..

Сұрақтар:

-Абай Құнанбаев туралы не білесің?

-Абайдың тәрбиесіне кімдер көбірек көңіл бөлді?

-Отбасында әкенің орны қандай?

-Абай жолы роман эпопеясы жайлы не білесіңдер?

-М.Әуезов кім?

-Қандай шығармаларын білесіңдер?

-Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ?

Бүгінгі тақырып: М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы.

Сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Топтық талқылау

Суретті пазлдар:

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

10 минут

5минут

1- тапсырма. Т.Ж.

«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы мәліметтер жинақтай отырып, тақырып бойынша сызба-кесте толтырады.

1.Пікір

Берілген тарау бойынша өз пікірлерін білдіреді.

2.Дәлел

Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3.Мысал

Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4.Қорытынды

Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Бағалау критерийлері:

  • Тарау бойынша пікір айтады;
  • Пікірке шығармадан дәлел келтіре алады;
  • Өмірмен байланыстырып,мысал келтіре алады;
  • Тақырып бойынша қорытынды жасай алады;

Топтар бірін-бірі бағалайды.

2-тапсырма

«Абай жолы» роман-эпопеясын оқи отырып, баса назар аударатын проблемалық тартыстарды табады:

1-топ күндестік;

 2-топ Даланың бар билігі қолында, бар қасиеті малындағы билеп-төстеушісі, қожалар мен қарапайым еңбеккерлері,халық бұқарасы арасындағы тартыс Эпопеядағы рулық тартыс

3-топ Эпопеядағы әкелер мен балалар проблемасының көрінісі

Құнанбай – Абай, Құнанбай – Тәкежан, Тәкежан – Әзімбай, Абай – Әбіш

4-топ Екі ұрпақ, олардың арасындағы яғни, көктей орылып келе жатқан ескі мен көктей өсіп келе жатқан жаңаның тартысы.

Бағалау: Топ бірін-бірі бағалайды.

Бағалау критерийлері

  • Проблемалық тартыстарды таба алады;
  • Шығармадан дәлел келтіріп айта алады;
  • Қазіргі өмірмен салыстыра айтады;

А4 әр топқа

Сабақтың соңы

5мин

Дифференциация – қалай жүзеге асырылды.

Көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Селқостық танытатын оқушыларға көшбасшылық қызмет жүктеу.Топ басшылық қызыметін жүктеу.

Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

Қабілетті оқушыларға зерттеу, жинақтау тапсырмаларын беруге баса назар аудару

Бағалау.

Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша

топ топты бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау;

Жайлы атмосфера қалыптастыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жетті ме? Егероқу мақсаттарына жетпесе, неге?

Сабақта дифференциация дұрысжүзегеастыма?

Сабақкезеңдеріуақытқасәйкескелдіме?

Мен жоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?

Жалпы бағалау

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуғажәнеүйренугеқатысты

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқыту мен оқуға қатысты ойланыңыз)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу