Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация.


«Бес қадам» әдісі

Әр топтан шеңберде тұрған әрбір 4 -оқушы шығады, бес қадам аттап жылдам жауап беруі керек

1. Абайға 5 сөзбен мінездеме бер.

2.Құнанбайға 5 сөзбен мінездеме бер.

3. Бөжейге 5 сөзбен мінездеме бер.

4. Шөжеге 5 сөзбен мінездеме бер.

5. Ұлжанға 5 сөзбен мінездеме бер.

«Ғасырлық туынды»

Мұхтар Әуезовтің

«Абай жолы»

роман-эпопеясы

Оқу мақсаты: 11.2.1.1 Әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау

Cабақ мақсаты: роман-эпопеяның жанрына қарай кейіпкерлердің сомдалуы мен оқиғалардың дәуір шындығын бейнелеу сипатын талдау арқылы композициялық ерекшеліктерін айқындау.

Бағалау критерийлері:

«Қайтқанда» тарауы бойынша басты оқиғалар

Сұрақ: ЖЖ /Т

Көркем әдебиеттегі типтік бейне және даралау дегенді қалай түсінесіздер?

Эпикалық образ дегеніміз не?

Қосымша дерек:

Типтендіру (грек. typus – үлгі) – әдеби туындыда кейіпкердің мінез ерекшелігін белгілі бір қоғамдық топқа тән белгі, нышандар арқылы көрсету. Көркем шығармадағы типтік бейнелер белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі, тарихи дәуірдегі қоғамдық дамудың негізгі, шешуші сипаттарын көркем жинақтау тәсілі негізінде танылады. Әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтау (обобщение) тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады.

Эпикалық образкескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілі әсіресе эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр-түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге, терең әрі жан-жақты танытуға мүмкіндік бар, кәдімгі тірі кісідей өзін көзбен көруге, қимылын бақылауға болатын, өскен ортасын күллі ой-қырымен байыптауға болатын күрделі, кесек қаһарман. Эпикалық образ – бедерлі бейне, әрі нақты, әрі мықты тұлға.

«А» үстелінің тапсырмалары

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы «Қайтқанда» бөліміндегі Абай бейнесіне қатысты маңызды оқиғаларды іріктеп алып, оның заман шындығын бейнелеуін, кейіпкерді типтендіру мен даралаудағы жазушы қолданған тәсілді анықтап, маңыздылығын талдап, кейіпкер шешімінің шығарманың жанрлық ерекшелігі мен композициялық құрылымында алатын орнына баға беріңіз.

Кері байланыс:

Қай тапсырма түрін талапқа сай орындай алдыңыздар?

Қайсысы қиындық туғызды?

Бағалау. Оқушылар бағалау парағы арқылы өзін-өзі және өзара бағалайды.

Рефлексия

3-2-1

Сабақта алған

3 маңызды ақпарат

Қиындық келтірген 2 мәселе

Сабақта ұнаған 1 аспект

Үйге тапсырма:

Роман-эпопеяның «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде» бөлімдерін оқыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу