А. Сүлейменов «Бесатар» повесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.
Қызығушылықты ояту.
«Бесатар» роман-трагедиясы 1916 жылғы көтерiлiстiң бiр тәулiгiн – 7 июльдiң сәскесi мен 8 июльдiң бесiнi арасындағы қысқа мерзiмдi уақытта ғана өз кейiпкерлерiнiң көзiмен ала отырып, бүкiл көтерiлiстiң әрi бауыздау, әрi қылта, әрi шешушi сипаттарын әдемi бейнелейдi.
- А.Сүлейменовтың «Бесатар» шығармасының тарихи маңызы қандай?
- Шығармадағы автор бейнесі дегенді қалай түсінесіңдер?
- Автор бейнесі қалай көрінеді?
- Шығарма неліктен «Бесатар» деп аталады?
А.Сүлейменов, «Бесатар»
Тапсырмалар
Шығарма кейіпкерлері | Кейіпкерлердің шығармадағы басты рөлі | Қандай іс-әрекеттер арқылы көрінеді? |
Сәруәр | ||
Крейгель | ||
Иноземцев | ||
Голоножкин | ||
Төрехан | ||
Мұқағали |
1-топ.
Түркістанның босағасын келін болмай кесір боп, 16- жылдың шілдесі аттады. Автор оқырманға не айтқысы келеді?;
2-топ.
Автордың шығарманы үлкен трагедиямен аяқтауы нені көрсетеді? Талдаңыз;
3-топ.
Автор тарихи шындықты осы шығарма арқылы қаншалықты аша алды? Ойыңызды дәлелдеңіз;
4-топ.
Шығармада кездесетін көркемдегіш құралдар арқылы автор бейнесі қалай көрінеді?
Бағалау критерийі:
- Шығарма кейіпкерлерінің шығармадағы басты рөлін анықтау;
- Ойын кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы дәлелдеу;
- Кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы көрінетін автор бейнесін анықтау;
- Көркемдегіш құралдар арқылы көрінетін автор бейнесін анықтау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру