Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесіне әдеби сын жазу. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 21 сабақ.


Ш.Мұртаза

«Тәуекел той» әңгімесі

“Нағашылар” әнін тыңдату

https://www.youtube.com/watch?v=ntjm1LbPfEk

Бейнебаяннан той өткізу туралы мәліметтерді табу.

«Айтарым бар» әдісі.

Оқушылар бейнебаяннан көрген мәліметтерін пайдалана отырып, мына сұраққа жауап береді:

- Қазіргі кездегі тойлар туралы не айтасыздар?

1-тапсырма.

Екі түрлі жанрдағы мәтінді оқып, “той” сөзінің мағынасын ашатын көркемдегіш тәсілдерді табу.

Дескриптор:

- Екі түрлі жанрдағы мәтінді оқиды.

- Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесімен салыстырады.

«Той» сөзінің мағынасын ашатын көркемдегіш тәсілдерді табады.

Қосымша мәлімет!

Әдеби сын –  өмірӨмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындықШындық арақатынасын саралап, көркем шығарманыКөркем шығарма әдеби тұрғыдан бағалайтын шығармашылық.  

Әдеби сынның басты ерекшелігі: қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отырады. Әдеби сында берілген баға – сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Әдеби сын көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді.

Қалыптастырушы бағалау

Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесін қазіргі қоғамдағы шынайы өмірмен салыстыра отырып, «Бір күндік тойдың мың күндік өкпесі бар» деген тақырыпта әдеби сын жазу.

Әдеби сынның көлемі – 100 сөз.

Дескриптор:

- Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесін қазіргі қоғамдағы шынайы өмірмен салыстырады.

- «Бір күндік тойдың мың күндік өкпесі бар» деген тақырыпта әдеби сын жазады.

Бағалау.

Оқушылар жазған әдеби эсселерін бір-бірімен алмасып оқиды.

«Ең үздік әдеби сын» деген номинация бойынша үздік жазылған үш жұмысты жариялайды.

Кері байланыс.

- Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесі мен «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген мәтел мағынасының ұқсастығы қандай?

Үйге тапсырма:

Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесіндегі тұрақты тіркестерді табу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу