Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесіне әдеби сын жазу. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 21 сабақ.


1-мәтін

«Тойын жасап бір әулет жатыр бүгін» Ғабиден Қожахмет

Бөлеп нұрға әнімен айлы аспанды,Шырқатып жұртқа бүгін тойбастарды.Қуанышқа кенелген бір әулеттеТағы да, міне, үлкен той басталды.Той деген баба арманы, жұрт біледі,Ұрпақ қой - қашанда анық ұлт тірегі.Бір әулеттің жанды да ізгі арманы,Қабыл болды тағы бір жұп тілегі.Бабасы кеткен кеше бір ел қылып,Айтады ұрпағына ақ тілеуді жұрт.Сол әулеттің ендігі жалғастығыСалмақты боп көрінер күйеу жігіт.Тұрған дәмін шаттықтың татып бүгін.Олар үшін алмасын уақыт тыным.Көреді ел де бұл тойда қалыңдықтыңКүлімдеген жүзінен бақыт нұрын.Алғаннан соң рұқсатын сенен ұлың,Үлкендік дейтін алдан келеді ұғым.Ата-ананың бірі енді ата болып,

Ал біреуі атанды ене бүгін.

Заманынан сіңірген нақылды мың,Жарасады жасқа анық ақыл, білім.Міне сондай қос перзент қол ұстасып,Тойын жасап бір әулет жатыр бүгін.Той деп ұлы мақсатты қойғанда нық.Өнерліден асаба сайланды анық.Айтылады әзіл де, ән де бүгін,Тек осынау шаттықты тойға арналып.Ашсыншы деп тағдырдан құрбы бағын,Білеміз жігіт қызды жыр қыларын.Тыңдалып жүр ғой бұрын жыр-термесі,Салшы бүгін, өнерпаз, Сырдың әнін.Бұл тойдың биге, жігіт, шақыр гүлін,Сынап тұрған ердің де батылдығын.Қос ғашықтың арманы жүзеге асып,Тойын жасап бір әулет жатыр бүгін.

Бойдақ күннің ұласып жар-жарға әні,Бүгін тағы бір жұптың жанған бағы.Болсын тойың, тойларың тойға ұласып,Орындалсын ғашықтар армандары!

 2-мәтін

 Үйлену тойы — жігіттің некелесуіне байланысты өз үйінде ұйымдастыратын той-думаны. Мұны кейде келін түсіру тойы деп те атайды. “Үйлену” деген атау еркектің әйел алып үйлі болуына, жеке түтін түтетіп, отау тігуіне байланысты қалыптасқан. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұзатылатын қызға міндетті түрде отау (киіз үй) тігіп беретін, яғни жігіт әйел алып, неке құрумен бірге үйлі болып бөлінетін. Оның барысында түрлі тойшылар рухын, көңіл-күйін көтеретін бәсеке, сайыстар, сауық думандар өткізілген. Ата-ана екі жасты үйлендірмес бұрын жігіт қалыңдықты туыстық араға жеті ата салып іздестіруін, жастарының ерекшелігін ескеріп отырған. Үйлену тойы алдында құда түсіп, сырға салып, жаушы жіберген.  Құдалар бір-біріне есік көрсеткен. Қалың малын алып, жасауын берген. Қыз ұзату тойынан кейін Үйлену тойы, яғни келін түсіру тойы өткізілген. Ауыл әйелдері жасаулы көштің алдынан шашу шашып қарсы алған. Кімде-кім көш бастар түйенің бұйдасын қабылдап алып ауылға жетектеп енсе, “мұрындық апа” атанып, тиісті сыйлығын алған. Ауыл адамдары жүкті түсіріп, ақ отауды әке үйінің оң жағына тігеді. Мұнда жас отау шаңырағын көтеруге балалы-шағалы, төңірекке жақсы атағы жайылған салиқалы ана таңдалады. Отау дайын болған соң, ауыл шетінде хабар күтіп тұрған келінді шымылдықпен бүркемелеп, ана-енесінің үйіне түсіреді. Жас келінді босағадан оң аяқпен аттатқызып, үш рет сәлем бергізеді. Ошақтағы отқа май құю рәсімі жүргізіледі. Келінді қарсы алған қыз-келіншектерге түрлі сыйлықтар (жүзікбілезік, т.б.) үлестіріледі. Қонақтарға табақ тартылып, ақсақалдар бата бергенде ақ отауға сыбаға жіберіледі. Жас келін оны сәлем етіп қабылдайды. Беташардан соң сауық-сайран басталады. Тойдан соң құдаларға киіт кигізіп, ат мінгізіп құрметпен шығарып салады.

Қосымша мәлімет!

Әдеби сын –  өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын шығармашылық  Әдеби сынның басты ерекшелігі: қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отырады. Әдеби сында берілген баға – сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Әдеби сын көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу