Шерхан Мұртаза «Тәуекел той». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, таратпа материал.


«Дастарқан» әдісі

1. Шығармада қандай мәселе көтерілген?

2. Дәстүрлі той мен заманауи тойдың айырмашылығы неде?

Әр топ өздеріне келген сұрақтардың біріне «Дастарқан» әдісі бойынша конферттің бұрыштарына жауап жазып, өз ойларын жеткізеді. Тапсырманы топта өзара бөлісіп алады. Әр топтың спикерлері сөйлейді.

Оқушыларға дескриптор ұсынылады. Соңынан әр топ бірін-бірі бағалайды.

Дескриптор:

- әңгімедегі көтерілген мәселені анықтайды;

- дәстүрлі той мен заманауи тойдың айырмашылын біледі;

- мәселелерді шешуде дәлелдер айтады.

Жазылым

Тапсырма: Бүгінгі күннің шындығын жазылымға арқау етіп, 200-250 сөзден тұратын эссе жазыңыздар.

Ш.Мұртазаның «Тәуекел тойы» әңгімесінде қазіргі замандағы бәсеке тойы арқау болған. Бақталастық пен күндестіктің шегінен асқынғандығы сонша той десе жанын салатын қазақ бүгінде дәстүрлі тойларды жоғалтып, тойдың өзін бәсекеге айналдыра бастады.

Сауал: Даңқ пен дақпыртқа мастанған жандардың өзгеден асып түсу мақсатында тойдан кейін қарызға белшесінен батып жатуы қаншалықты дұрыс?

Дискриптор:

- эссенің кіріспе бөлімінде дәстүрлі тойдың ұмыт болып бара жатқанын жазады;

- эссенің негізгі бөлімінде бүгінгі өмірмен байланыстырып, тойдың бәсекеге айналып бара жатқанын жазады;

- қарызға той тойлаудың дұрыс немесе бқрыс екендігін жазады;

- эссенің қорытынды бөлімінде тақырыпқа қатысты ұсыныс білдіреді;

- эссе құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу