Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Пән

Қазақ әдебиеті

Сабақ

4-сабақ

Күні:

Сынып: 9Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Заман, дәуір тұлғасы

Сабақтың тақырыбы

Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы

Сабақ түрі

талдау сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау

Сабақ мақсаты

Оқушылардың бәрі

  • Шығармадағы авторлық идеяны айқындайды

Оқушылардың көбі

  • Авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды

Оқушылардың кейбірі

  • Авторлық идеяны түсінеді

Бағалау критерийлері

  • Шығармадағы авторлық идеяны айқындайды;
  • Авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды

Тілдік мақсаттар

Ғұн, көшпенділер, Шәуешек, Дәмежан, Диқанбай, Бибі, Жоңғария, Ақ патша, Ши- амбы сөздер мағынасын білу.

Мектеп құндылықтары

Жауапты азаматтық позиция: өзіне патриоттықты қамтиды. Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде сөйлейді.

Осыған дейін меңгерілген білім

10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың

басы

2- минут

5 минут

3-минут

20-минут

Сабақтың

ортасы

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады

Өткен сабақты еске түсіру үшін, ұсынылған әріптерге байланысты оқушылар есте қалған сөздерін жазуы тиіс.

Д -Б -Ш -Л -Т -Ғ –

Ғұн, көшпенділер, Шәуешек, Дәмежан, Диқанбай, Бибі, Жоңғария, Ақ патша, Ши- амбы сөздерін суырып, ойларын айтады.

Оқушылар сандар суыру арқылы 4 топқа бөлінеді.Тапсырма

1-топ:

Оқушыларға оқулықтан аннотация ұсынылады. Ойлары тыңдалады. Қазіргі таңда осы оқиғадағы проблема бар ма? Мысал келтіріңдер. Бүгінгі күні шекара сыртында қалып қойып, еліне орала алмай жүрген қара көз бауырларымыздың мәселесін қалай шешуге болады?

Әр түрлі тарихи жағдайларға байланысты патшалық Россия мен көршілес Цин империясы Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы иеліктерін айқындап өзара енші бөлісуге тек өткен ғасырдың 80 жылдары ғана мүмкіндік алғаны белгілі. Екі ел арасында тартылған шекара сызығы кең жазира даланы, асқар биік тауларды ғана көктей етіп қойған жоқ, осы өлкені мекен еткен адамдардың, халықтардың тағдыырн қақ жарып өтті десе де болғандай. Белгілі жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» атты тарихи романы, міне, осы оқиғаларды арқау еткен. Романның бас қаһарманы Дәмежан тарихта болған адам. Жазушы өз кейіпкерлерінің басындағы шытырман жағдайларды суреттей отырып, шекара сыртында қалған қазақтардың ауыр да, оқшау тағдырын көрсетуді мақсұт еткен.

2- топ: Ұсынылған үзінді бойынша менталды карта құрастырыңыздар (1-121 беттер). Мәтіндегі ақпараттарды толық және жүйелі қолдануға тырысыңыз.

3-топ: Мәтін мазмұны бойынша сызба, кесте дайындаңыз.

Мысалы,

Мәтін атауы

Негізгі тұлғалар

Географиялық атаулар

Сандық деректер

Күрделі сөздер

Тілдік ерекшелік, т.б.

4-топ:

Мәтін атауы неге «Тағдыр» деп аталған?

Мәтіндегі тарихи тұлғалар, нақыл сөз, мақал-мәтелдерге тоқталып, автор ойын саралаңыздар.

https://kitap.kz/audio-book/tagdyr_qabdesh

Қ.Жұмаділов

тің «Тағдыр» романы

Сабақтың

соңы

10 минут

Рефлексия

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – ерекше күш жұмсалған тапсырма

Сұқ саусақ – кіммен ынтымақтастықта жұмыс жасажым.

Ортан терек – мен үшін қызықты болды

Шылдыр шүмек – мен үшін қиын болды

Кішкене бөбек – мен үшін жаңа ақпарат



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу