Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


Менің есімде...

1. Жүсіпбек Аймауытов кім?

2. Мағжан, Ахмет, Сәкен, Міржақыптар кім?

3. Олардың қызметінің қай жағы басым?

4. «Ақбілек» романының жазылу тарихы, жариялымы?

5. «Ақбілек» романы қандай үлгіде жазылған?

6. Натурализм деген не?

7. Ол адам өмірін неден өткізеді?

Сабақтың тақырыбы

Сабақтың мақсаты

Әдеби сын

Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас

туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

Зерделе

Жұпта «Ақбілек» романы бойынша үзінділермен жұмыс жасап, сұрақтарды талқылаңыз.

1-жұп.

Ақбілек ақтардың қолында. Ақбілекке таласып, қатардағы солдат пен қарамұрт офицер дуэлге шығып, жас жігіт мерт болады. Ақбілектің денесі түршігіп кетті. Романда бірінші өлімнің денесі суымай жатып, екінші өлімге кездестік. Қарамұрт офицер 14 жастағы Ақбілектің өміріне дақ түсірді. Ақбілектің өміріне кінәлі заман ба әлде адам ба?

2-жұп.

Ақбілек тауда жалғыз. Қою қараңғылық, түн, су арқырап ағып жатыр, жел гуілдеп тұр. Бір кезде ұлыған қасқырлар даусы естіледі. Олар бірте – бірте жақындап, Ақбілекті қоршап алды. Жазушының оқиғаның қасқырмен байланыстыруының себебі неде?

3-жұп.

Ақбілекті озбырлардың, қатыгездердің тобы қоршап алды. Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуде. Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін. Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқты көрді. Жазушы жылт еткен шоқты ненің символы ретінде ретінде қолданған? Ол Ақбілектің өмірін өзгертуге қалай әсер етті?

4-жұп.

Ақбілекті ағасы ауылға алып бара жатыр. Ақбілек мұңайып келеді. Ақбілектің басындағы бұлт енді қоюлана түсті.

Бұрынғы кіршіксіз аппақ кеудесіне қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді. Осы арам денеммен, арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындаймын? Ол неге өлім тілеп, өлім шақырып келе жатыр? Қуану керек емес пе? Жазушы қазақ қыздарының ар – ұжданы туралы не айтқысы келді? Өмірмен байланыстыра жауап беріңіз.

 

Салыстыру

С.Көбеевтің «Қалың мал» романынан үзінділерді Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романымен салыстыра талдау үшін оқыңыз.

Суреттерге қарап, екі шығармадағы оқиғаның дамуына жетелеген қайшылықтарды табыңыз.

Салыстыру

2. Екі шығарманы салыстыра отырып, талдайды.

3. Ж.Аймауытов пен С.Көбеев шығармаларындағы кейіпкерлердің қабылдаған шешімі мен жазушының көзқарастарын салыстырып, әдеби сын жазыңыз.

Өздік бағалау

Рефлексия

Үй тапсырмасы

Ж.Аймауытов «Ақбілек» романын оқу;

Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы мен шығармашылығының зерттелуіне қатысты жұмыстармен танысу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу