Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: Прозадағы көркем ой

Мектеп:

Мерзім:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 ҚГБ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі

Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1 Тарихи және көркемдік құндылығы

 Сабақ мақсаты

10.3.1.1 - шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

 Бағалау критерийі

Шығарманы осы тектес шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

 Тілдік мақсаттар

 

Сөздер мен сөз тіркестер:

Пән лексикасы және терминология: аңыз, көркемдік, құндылық

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

менің ойымша....,

мен оны былай түсіндіремін.....,

себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын....,

мәселенің шешу жолдарын ұсынар болсам,....,

қорыта келе,.......

 Құндылықтар

адамгершілік

 Пәнаралық байланыс

тарих, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» повесі

Сабақ барысы

Жоспарлан ған сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

8 - 9

Қызығушылықты ояту

Байланыстарды табу

Оқушылардан Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы бөлімдер арасындағы байланыстарды табу сұралады. Көтерілген мәселе ерекшелігін түсініп, талдау жасайды.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды.

Сабақтың ортасы

10-19

20 - 28

29 – 32

33 - 36

1-тапсырма. Салыстыру

Оқушылар Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романының 1-бөлімінен және А.Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасынан үзінділерді жұпта оқиды, кестені толтыра отырып, шығармаларды салыстырып бағалайды.

Шығармалар

Автор позициясы

Сюжет ұқсастығы

Тақырып ұқсастығы

Аңыздың ақыры

Ескендір

2-тапсырма. Т. «Талдап білу» әдісі

Оқушылар Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романынан және А.Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасынан берілген үзінділерді салыстыра талдап, шығармалардың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Талқылаушы - шығармалардың көркемдік құндылығын салыстырып талқылайды.

Белгілеуші – шығармалардың тарихи құндылығы бойынша сұрақ дайындайды.

Байланыстырушы - шығармалардан алынған үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырады.

Топ шешені - шығармалар мазмұнына сәйкес елдік,ерлік туралы мақал-мәтел айтады.

Қорытындылаушы - Ә.Кекілбаев пен А.Құнанбаев шығармаларының тарихи және көркем құндылығын айтып, баға береді.

3-тапсырма. ПОПС формуласы

Оқушылар «Ә.Кекілбаев образ сомдауда қаһарманның жан сарайындағы иірімдерге жол таба отырып, психологизмнің негізгі өзегін ой-сезім тартысынан шығарады да, басты бейнелеу құрал ретінде ішкі диалогты пайдаланған. Адам санасындағы өзгеріс, күрес процестері шынайы бейнеленеді»,- деген тұжырымға «ПОПС формуласы» бойынша қорытынды жасайды .

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ... »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен,

мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен ... қорытынды шешімге келдім.

Топтық бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарманы осы тектес шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды

Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен А.Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасын салыстырады

шығармалардың көркемдік құндылығын салыстырып талқылайды

тарихи құндылық бойынша сұрақ дайындайды

үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырады

шығармалардың тарихи және көркем құндылығын айтып, баға береді

таңдаған тұжырымға қорытынды жасайды

презентация

Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романының 4- бөлімі, А.Құнабаевтың «Ескендір» поэмасы

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия

Үй тапсырмасы

Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романына қатысты қосымша ақапараттармен жұмыс жасау.

Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз?

Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?

Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу