Өлең - сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Лай суға май бітпес қой өткенге». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 1-сабақ.


http://www.elarna.net/kitap_kk.php?id=122&oku=843

Лай суға май бітпес қой өткенге

Лай суға май бітпес қой өткенге,

Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.

Сол қасқырша алақтап түк таппадым,

Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?

Берген бе тәңірім саған өзге туыс?

Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс.

Шарықтап шартараптан көңіл сорлы

Таппаған бір тиянақ не еткен қуыс?

Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,

Өзіне құмар қылған оның әмірі.

Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды,

Оймен білген нәрсенің бәрі — дәһрі.

Өзгені ақыл ойға қондырады,

Біле алмай бір тәңіріні болдырады.

Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен,

Талпынып тағы да ойлап зор қылады.

Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын,

Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.

Ақылдың жетпегені арман емес,

Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын.

Мекен берген, халық қылған ол ләмәкан

Түп иесін көксемей бола ма екен?

Және оған қайтпақсың, оны ойламай,

Өзге мақсат ақылға тола ма екен?

Өмір жолы — тар соқпақ, бір иген жақ,

Иілтіп екі басын ұстаған хақ.

Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ,

Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%

Абайдың 1895 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан турады, көлемі - 28 жол. Үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманның өліміне байланысты шығарылған. Қараңғылық шырмауына шатылған елдің надандығына ыза болған ақын жан наласына сырын қапысыз қабылдар, айтса түсінер, ақылдасса ой бөлісер сүйікті ұлынан айрылу қайғысы қосылып, «берген бе тәңірім саған өзге туыс» деп мұңданады, ақын көңіл жайлауынан ел көшкендей болып құлазиды. Мағынасыз «бос қуыстай» дүниеден уақап таппай, «бір-ақ уыс» болып отырған ақын дінге иек артады. Қошы жоқ құлазыған көңіл күйін ғажап шыншылдық суретпен бейнелеп, шарасыз халін «халық», «махлүқ», «дәһрі», «ләмәкан» сияқты діни лексикамен бедерлейді. «Содан ары созерцание ретіндегі ойларын тере келіп, ақын өзінің наным женін толғайды. Болып еткен ауыр қазаларға жоғарыда танылмаған кейбір түңілу сарындары қосылып келіп, ыза мен қазадан туған бір алуан діншілдік ойлар, күйлер шығады» (Әуезов М.).

 Абайдың діні - ақылдың, сыншыл ойдың діні. Тәңіріні тани алмай қор болатын шалалықты, мақсатсыз құр мүлгуді шенейді. Әрине, бұлай сынау - тәңіріне шек келтіру емес. «Түп иесін көксемей бола ма екен?» дей тұрып, тәңіріні іздеу, дінге сенудің өзі мейлінше ақылды, саналы болуы керектігін айтады. Өлең - осындай қарама-қайшы пікірге толы, драмалық қуаты күшті туынды. 11 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен, қарақалпақ тілдеріне аударылған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу