Өлең - сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Лай суға май бітпес қой өткенге». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 1-сабақ.
“А Р А Ұ Я С Ы”
Жұпта Абай Құнанбайұлы жайлы не білетіндігіңіз туралы пікір
алмасыңыз және екі сұрақтан дайындаңыз.
Содан кейін кезектесіп өзге жұпқа сұрақ қойыңыздар, ол сұраққа
жауапты басқа оқушылар береді.
Соңынан бәріңіз білгендеріңізді ортаға салыңыздар.
БӨЛІМ: ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ
“ЛАЙ СУҒА МАЙ БІТПЕС ҚОЙ ӨТКЕНГЕ”
Тапсырма 1.
“ОҚЫРМАН ПІКІРІ”
Мәтін мағынасына байланысты қойылатын сұрақтар:
Өлеңдегі ең маңызды мәселе не?
Сізге әсер еткен не таңғалдырған жолдар болды ма?
Шығарма тақырыбына байланысты қойылатын сұрақтар:
Өлең тақырыбы мазмұнға сай ма?
Өлеңді толықтырғыңыз келсе, нені қосар едіңіз?
Автор стиліне байланысты қойылатын сұрақтар:
«Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?» деген жолдар арқылы автор оқырманға нені жеткізгісі келді?
Автордың тағы да өз ойын ұтымды жеткізген тұстарын табыңыз.
Тапсырма 2.
“ТЕННИСТІК СҰРАҚТАР”Оқушылар қарама-қарсы қарап, екі қатарға отырады. Бірінші оқушы «Өлеңдегі басты тұлға кім?», «Автор өз ойын нақты жеткізуде көркемдегіш құралдарды қалай қолданған?» ,«Автор нені толғана жырлады?» сұрақтарын қасында отырған оқушыға қояды, ол жауап бермесе, қарама-қарсы отырған оқушыға қояды. Осы ретпен бір-біріне сұрақ қою арқылы автордың өлең идеясын жеткізуде көркемдегіш құралдарды қалай қолданғанын анықтап, зерттейді.
Тапсырма 3.
“ПИРАМИДАЛЫҚ ТАЛҚЫЛАУ”Адамсыз таным жоқ, танымсыз өмір жоқ. Адам Хақты танымас бұрын ең алдымен өзін-өзін тануы шарт. Осы таным жолында адам баласы өмір атты сынақтан өтеді. Таным жолында адам сынақтан мүдірмей өтуі оның таңдауына байланысты. Тура жол адамның тек рухани дүниесімен танылады. Ал рухани дүниенің қоры жасалуына не қажет?
Жоғарыдағы пікірге жауап бере отырып, тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі сағат тілімен айналдырып,
өлең туралы өз ойын жазады, ішкі төртбұрышқа
төрт пікірге ортақ түйінді ой жазылады.
Оқушылар жазған жұмыстарын алмастырып, бірі-бірінің жұмысын комментарий жазу арқылы бағалайды.
К Е Р І Б А Й Л А Н Ы С
Р Е Ф Л Е К С И Я
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?