Өлең - сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Лай суға май бітпес қой өткенге». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 2-сабақ.


“Абайды оқы, таңырқа”

Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ. 

Ахмет Байтұрсынов

Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Мен одан шөмішпен ғана қалқып алдым.

Мұхтар Әуезов 

Абай – қазақ әдебиетінің классигі.

Құдайберген Жұбанов

Қараңғы заманда шырақ жаққан шамшырақ. 

Міржақып Дулатов

Шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес...

Мағжан Жұмабаев

.

БӨЛІМ: ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ

“ЛАЙ СУҒА МАЙ БІТПЕС ҚОЙ ӨТКЕНГЕ”

Тапсырма 1.

Әдеби эссе түрлері

Әдеби-талдау эссені туындыға талдау жасай отырып жазады. Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады. Әдеби-дәлелдеме эсседе ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Әдеби-салыстырмалы эсседе туындыны басқа туындымен және сол туындыдағы кейіпкерлерді, оқиға жайларын салыстыра отырып, талдап жазады.

Тапсырма 2.ЖЖ/ТЖ/Ж

Үш қадамды сұхбат”

Анықтау.

Шығарма идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан анықтау.

Салыстыру.

Шығарма идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан бағалап, әлем әдебиетіндегі өздері оқыған шығармалармен салыстыру.

Бағалау.

Шығармадағы жалпыадамзаттық құндылықтарды өз көзқарасы тұрғысынан қорытып, әдеби эссе жазу.

Тапсырма 3. Ж.

Абай өлеңіндегі идеяны жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңыз.

 

К Е Р І Б А Й Л А Н Ы С

Тапсырманы орындауда қиындықтар болды ма?

Неліктен?

Неге назар аудару керек деп ойлайсыз?

Р Е Ф Л Е К С И Я



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу